Арал теңізінің экологиялық ахуалы


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
І. Арал теңізінің экологиялық ахуалы
ІІ. “Возрождение” аралы алапат апаттың араны
ІІІ. Қатерлі ауруларға шалдыққан аралдықтар
ҚОРЫТЫНДЫ
Арал проблемасы бүкіл дүние жүзі халықтарын алаңдатуда
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Қазіргі таңда табиғатқа түсіп отырған ауыртпашылықтың дәрежесі орасан екендігі соншалық, егер оны қорғауға тиісінше шұғыл көңіл бөленбесе, мұның ақыры апатқа әкелуі әбден мүмкін. Өйткені қоршаған ортаның ластануы ауқымы халықтың денсаулығы мен еңбек қабілетіне қатер төндіретіндей дәрежеге жеткендігі анық.
Арал - Қазақстан жеріндегі Қызылорда және Ақтөбе облыстары мен Өзбекстан жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогондік әрекеттерге дейін ( 1960 - 70 ж. ) дүние жүзілік теңіз деңгейінен 53, 0 м биіктікте жатқан. Осы деңгейдегі айдынының ауданы аралдарымен қосқанда 66, 1 мың км кв, орташа тереңдігі 16, 1 м, ұзындығы 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауданы 69 000 мың км кв. болған. Сол кездерде жылына 50 - 150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Алабындағы шаруашылық мақсаттарға үздіксіз су алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м - ге төмендеді. Аралдың ауыр ахуалын Кеңес үкіметі кезіндегі ең жоғарғы лауазымды мемлекет және партия қайраткерлері білді. Бірақ, біле тұра тақап келе жатқан апат туралы ащы шындықты халықтан жасырды. 1988 жылы Көкарал аралы Оңтүстік құлықпен қосылып кетті. Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға - Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды. Суы тайыз, тартылуы да қарқынды Кіші теңіз - Қазақстан жағында, ал Үлкен теңіз - Өзбекстан жағында қалды.
Арал теңізі көне замандардан белгілі. Ежелгі гректер мен римдіктер теңізді Каспийдің “сақ шығанағы” деп есептесе, А. Македонский кезінде Окс теңізі ( Окс - Сырдарияның грекше аты ) деп атаған. Кейін Птоломей оның географиялық орнын анықтаған. Арал теңізінің Хорезм, Жент, Кердері сияқты аттары да бар. Араб саяхатшылары Әбу Али Ахмед ибн Русте, Әбу Исхақ әл - Истахри, Әбу Абдаллаһ, Мұхаммед әл - Идриси, Әбу - л - Фида, сондай - ақ Әбілғазы жазбаларында Арал туралы деректер көптеп кездеседі. Теңіз табиғатын жан - жақты зерттеу Ресей империясының шығысты отарлау саясатын жүргізу кезінде іске асырыла бастады. 1848 - 49 ж. әскери теңізші, әрі зерттеуші А. И. Бутаковтың экспедициясы Арал теңізінің су айдынын алғаш рет толық зерттеді, нәтижесінде 1850 ж. Аралдың алғашқы толық картасы жасалды. Теңіздің морфометриялық сипаттамаларын тұңғыш рет И. А Стрельбицкий анықтаған. 1874 ж. геодезист А. А. Тилло теңіз деңгейін өлшеп, солтүстік - батыс жағына қада орнатты. Теңіз суының химиялық құрамы туралы зерттеулердің нәтижесі 1870 - 73 ж. жарық көрді. 1900 - 1903 ж. теңіздегі және оның маңайындағы кешенді географиялық және гидрологиялық зерттеулер Л. С. Бергтің басшылығымен жүргізілді. Одан кеіінгі жылдары теңізді зерттеумен көптеген ғылыми - зерттеулер және жобалау институттары шұғылданды.
Қазақстанның, сонымен бірге бірқатар шет елдік ғылыми -зерттеулер мекемелері Арал теңізін зерттеу мәселесімен айналысты. Бірнеше халықаралық қоғамдар, ұйымдар құрылған. Арал ойысы жоғарғы плиоценде жер қыртысының төменге майысуы нәтижесінде қалыптасқан. Табанының бедері жота - жоталы жазық болып келеді. Деңгейі күрт төмендегенге дейінгі тереңдігі 20 - 25 м, бұл теңізде жалпы ауданы шамамен 2235 км кв. болатын 1100 аралдар тобы болған, кейін олардың бірқатары түбектерге айналып, құрлыққа қосылған. Кезіндегі ең ірі аралдары: Көкарал, Барсакелмес, Возрождение, т. б. Солтүстігінде биік және жайпақ жағалаулар кезектесіп отырады. Олар терең шығанақтармен тілімделген, шығыс жағасы жазық және құмды, шағын шығанақтар мен жаға маңы аралдары көптеп кездеседі, оңтүстіктегі жағасы Әмударияның атырауынан тұрады, батыс жағасының тілімденуі шамалы, бұл тұстағы биіктік 250 метрге жететін Үстірттің жарлауыт қабықтарынан тұрады. Арал теңізінде орталық Азияның 2 аса ірі өзені Амудария мен Сырдария құяды. Климаты континеттік, құрғақ, ауаның орташа температурасы жазда 24 - 26 С, қыста - 7, 0 - 13, 5 С. Жылдық жауын -шашынның орташа мөлшері шамамен 100 - 150 мм. Табиғи жағдайдағы теңіздің су теңдестігінің құрамы: көл бетіне жауатын жауын - шашынның мөлшері 5, 9 км, өзен ағындысы 54, 8 км, көл бетініен буланған ылғал 60, 7 км. 1970 жылдан бастап көлге құятын өзен ағындысы жоққа тән болатындықтан, булануға кеткен шығынды толтыруға шамасы жетпейді, сондықтан теңіз суы жылдан - жылға тартылып келеді. Су деңгейінің маусымдық тербелісінің орташа мәні 25 см, көп жылдық ауытқуы 3 м - ге дейін жеткен. Соңғы кезде маусымдық құбылмалылық болмаса су деңгейінің көпжылдық ауытқуы көрсеткіші тек төменге бағытталған. Судың беткі қабатының теспературасы жазда 26 - 30 С, қыста 0 С - тан төмен. Қыс бойы теңіз айдынын толығымен мұз басады. Суының тұздылығы табиғи жағдайда 9 - 14 % болатын, соңғы он жыл ішінде 25 - 30 % - ке дейін өсті. Суы мөлдір, 25 м - ге дейінгі тереңдікті көруге болатын еді. Теңіздегі ағыстар сағат тілінің бағытымен айналым жасайды.
Арал теңізінің экологиялық ахуалы
Арал теңізінің жағалауында халық аз тұрады, жергілікті халық балық аулау, мал шаруашылығымен және көкөніс - бақша өсірумен айналысады. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік - экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріедегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты жұмыс істеген.
1960 жылдырдан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікістанда 1, 5, Түркменстанда 2, 4, Қазақсатнда 1, 7 есеге өсті. Ал Амудария мен Сырдария бойындағы халықтар саны 1960 - 1987 жылдар аралығында 2, 2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970 - 1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері - антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды көп қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды.
Орта Азияда су баратын жердің бәріне дерлік мақта егілді. Жердің әр гектарына жүздеген килограмм минералды тыңайтқыштар, ондаған килограмм улы химикаттар қосылды. Әр гектардан 23 центнер мақта алу үшін, мөлшердегіден екі есе артық су жұмсалды. Осындай құйтырқы әрекеттердің негізінде Аралдың табаны жалаңаштана бастады. Жағалау, теңіз порттарынан 40 - 50 шақырымға ұзап кетті. Ауа райы өзгеріп, жан - жануарлар дүниесі құрып, жоғала бастады, 178 түрлі жануарлардың арасынан қазіргі күні 38 - і қалыпты.
Орта ғасырда Сейхун деп аталған Сыр өзенінің Фархад тауын жарып өтетін бір тармағына 1948 жылы Фархад ГЭС - і ашылса, бертін келе, алпысыншы жылдары, Шардары ГЭС - і, мұнан басқа - Тоқтағұл, Әндіжан, Шарбақ су қоймалары пайдалануға берілді. Бұл іс - әрекеттер көптеген суару - суландыру жүйелерін іске қосуға мүмкіншілік жасады. Жол жөнекей Сырдың суын әркім әлі келгенше жарып ала берді. Ақыр аяғы бір кездері кемерінен асып, төгіле аққан лай суының жойқын күшіне қарай Сейхун аталған. Мол өзеннің жұрнағы ғана Арал теңізіне жетіп жатты. Дәл осындай күйді теңіздің сыңарындай Амудария өзені де көріп жатты. Арал теңізіне негізгі суды әкеліп жатқан екі өзен жабылып, 60 - шы жылдардың басында 60 текше шақырым су берсе, 1980 жылдан бастап, жылына орта есеппен, 4 текше шақырым ғана су беріп келеді. Ал теңізге қажетті ылғалды беру үшін, кемінде жылына 40 - 45 текше шақырым су керек. Аралдың бұрынғы 66 мың шаршы шақырым су айдыныннан, қазір небәрі, шамамен 25 шаршы шақырымға жуық су айдыны қалып отыр.
Орта Азияның егіс далаларында көптеген жылдар бойы мақтаның “ Солыма ” деген ауруына қарсы ДДТ химикаты пайдаланылған. Ол адам үшін өте қауіпті, өзі табиғат аясында ыдырау дегенді білмейді. Сол ДДТ және де басқа да улы химикаттар, көптеген жылдар бойы егіс алқаптарынан ақаба күйінде ағып шығып, теңізге келіп қосыла берген. Кейінгі жылдарда Арал өңірінде - малға, балыққа, құсқа қорек болып, адамдарды асырап келген жүздеген табиғи көлдер тартылып кетті.
Аралдың балық аулау ауданында Арал теңізіне құятын өзендердің атырау аумағы кіреді. Балық өңдеу зауыттары бұрын Әмударияның атырауынан, Аван кентіне, Бөген ауылында, бұрынғы Ұялы және Ұзынқайыр аралдарында орналасқан болатын. Алған Амударияның атырау тұсы Арал теңізі аталып ( аралдардың өте көп болуы себепті ), кейін теңіз түгелдей Арал атанған.
Арал теңізі - Қазақстанның інжу - маржаны, шөл белдеміндегі бірден - бір көгілдір су айдыны еді. Мойнақтан Аралға дейін кемелер ерсілі - қарсылы жүріп жататын. Енді міне, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30 - 200 км - ге дейін қусырылды. Табанының біраз аумағы қолдан жасалған шөлге айналып шыға келді, оған “ Аралқұм ” деген ат та беріліп үлгерді. Аралқұмда улы тұздардың миллиардтаған тоннасы шөгіп жатыр. Судың тұздылығы 40 пайызға артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10 - 15 есеге өскен. Осындай анропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зиянды өте жоғары 2 млн. тонна тұз шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастайды.
Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға:
- жергілікті жердің тарихи - табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
- ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
- суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;
- жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;
- табиғи ресурстарын пайдалануға жіберген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz