Ақ боз үй трилогиясындағы тарихи шындық


Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
АҚ БОЗ ҮЙ ТРИЛОГИЯСЫНДАҒЫ ТАРИХИ ШЫНДЫҚ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
050117-мамандығы - «Қазақ тілі мен әдебиеті» 4курс, күндізгі
Алматы, 2010
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
«Қорғауға жіберілді»
Хаттама № «___» 2010 ж.
Кафедра меңгерушісі,
ф. ғ. д., профессор Б. Б. Ыбырайым
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: АҚ БОЗ ҮЙ ТРИЛОГИЯСЫНДАҒЫ ТАРИХИ ШЫНДЫҚ
050117-мамандығы бойынша - «Қазақ тілі мен әдебиеті» 4 курс, 4 жылдық, күндізгі бөлім
Орындаған: Еркімбаева А.
Ғылыми жетекшісі:
ф. ғ. к., доцент Қ. Жанұзақова
Алматы, 2010
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3-7бет
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- «Ақ боз үй» трилогиясындағы тарихи шындық
(«Ақ боз үй», « Мінәжат» романдары бойынша) . . . 11-40
- «Ақ боз үй» трилогиясының философиялық астары
(«Жалған дүние» романы бойынша) . . . 41-67
- ҚОРЫТЫНДЫ . . . 68-69
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 70-71
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі . Қазақ халқы өз бостандығын алғанша басынан небір кезеңдерді өткізді. Олар осынау кең байтақ жерін сақтап қалу үшін қасықтай қаны қалғанша қақтығысып өткендері анық. Алдымен жоңғарлармен, одан қисық Гитлердің соқпағы, соңында Ресей бодандығын қабылдау болды. . Әр қилы кезеңдерді басынан кешіріп, 70 жылдан астам уақыт бойы Ресей қол астында булыққан қазақ халқы қараңғы қапастан әзер дегенде жарық күнге шықты. Сондай басынан кешірген ауыр да азапты кезеңдердің бірі - 1928-1933 жж аралығында болған, қазақты шыбынша қырған, қайғылы да қасіретті ашаршылық жылдар болды. Ата тарихымыздың қаралы беттерінің бірі-1930 жылы қазақ жеріне қырғидай тиген ашаршылық туралы сөз етсек, 1928 жылы және 1932-1933 жылдары қазақ жерінде орын алған тарихи оқиғалардың әрқайсысы саяси-әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан бір-бірімен тарихи тамырласып, сабақтасып жатыр. Өйткені қазақ даласында кәмпеске науқаны құйындай ұйтқып өтпесе, ұжымдастырыу мен отырықшыландыру зорлықпен жедел ұйымдастырылмаса, отызыншы жылдардың басындағы сұрапыл аштық та болмас еді. Философиялық заңдылық тұрғысынан алып қарағанда, ашаршылық-әрекеттің салдары да, кәмпеске, ұжымдастыру, асыра сілтеушілік-негізгі себебі болды. Демек, бұл ірі оқиғаларды бір-бірііне байланыстыра қарамаған жағдайда, тарихи-әлеуметтік шындық, тіпті осы кезеңдегі саясат философиясы ашылмай қалар еді. С. Елубайдың «Ақ боз үй» шығармасы халқымыздың наубат кезеңдерін демек, өмір шындығын өнер шындығына айналдырған шығармасы екенін мойындауымыз керек. «1932-1933 жылдардың алапат аштығынан қазақтар шыбындай қырылып, олардың сүйектері көмусіз қалады. Күн жылынысымен, өліктер бұзылып, бүкіл атырапқа өліктің мүңкіген ауыр иісі жайылады» [1, 3] .
Демек, қай жағынан алып қараған күнде де бұл еңбектің көтеріп отырған тақырыбы әдебиет тарихы үшін тың әрі өзекті болып табылатыны толассыз. «Айтуын айтқан Жақан Сыздықов сындылар құрыққа ілініп, жарымжан ауру болып дүниеден өтті. Сәкен Сейфуллин «Қызыл ат» поэмасында шет жағасын айтамын деп ол да кетті атылып. Ал орыс әдебиетіне келетін болсақ, мұнда да бұл тақырып мүлде түртілмеген, сол күйі жазылмаған. Біздегі ащарщылықты зерттеген тек қана жалғыз-ақ Роберт Конгвест деген ағылшын ғалымы болды. Бүгінгі таңда енді-енді айтылып, жазылып жатыр» - дейді, жазушы Смағұл Елубаев өзінің сұхбатында [2, 5] .
Осы орайда, ғұлама ғалым, саңлақ суреткеріміз Зейнолла Қабдолов қаламгер Смағұл Елубаевтың щығармашылығына арнап өзінің өте қысқа, бірақ, өте дәл төмендегідей пікірін түйіндепті: «Талантқа ең керегі екі нәрсе: еңбек және батылдық. Смағұл Елубаевта осының екеуі де түгел әрі тұтас. Өзге шығармаларын өз алдына қойғанда, Смағұл аз жылдар ішінде үш роман жазды. Бұлар - күн демей, түн демей, ұзақ сарылған үлкен еңбектің жемістері. Ал батылдыққа келсек, үш роман да («Ақ боз үй»», «Мінажат», «Жалған дүние») қаламгердің қайсар батылдығынан, керек десеңіз, тіпті батырлығынан туған. Алғашқы шығарма Кеңес кезіндегі қазақ атаулыны шыбынша қырып кеткен аштыққа, қуғын-сүргінге, ату-асуға арналған. Тоталитаризм тұсында бұл тақырыпқа бару біздің жазушылардың ішінде, жас та болса, тек Смағұлдың ғана қолынан келді». Ұстаздың пікірі қаламгердің бүкіл шығармашылығын қамтып, тоқ етерін бір-ақ айтқан. Сөйтіп, С. Елубаевтың тұтас жазушылық қасиетін, шығармашылық жетістігін бір-ақ ауыз сөзге сыйғызған. Бұл да ғалымның сөз саптау шеберлігінің зор екендігін көрсетіп тұр.
Тақырыптың мақсаты мен міндеті . Қазақстан жеріне келген қайта құру, жариялылықтың негізінде баспа бетін көре бастайды. Міне, осы кезеңнен бастап, «Ақ боз үй» романы баспа бетінде аздап жариялана бастайды. Бірақ, бәрін басып шығаруға әлі батыл жете бермейді. Себеі, халықтың зәресін ұшырған осынау қырғын оқиғадан кейін ел біршама есеңгіреп, ес жия алмап еді. Сондықтан бәрін басуға жүректері дауламайды. Бірақ соңғы кездері саяси ауқымды көтеріп тұрптын шығарма қалың көпшілік пен кәсіби мамандардың жоғары бағасын алып үлгерді. Сондықтан біздің мақсатымыз осы шығарманы өз халімізше талдап, баға беруге ащы шындықтың бетін ашып қазақ көркем прзасындағы жақсы нышанды, жаңа ізденісті көрсеткіміз келді. Сонымен, «Ақ боз үйдің» кішкентай тарауын «Жұлдыз» баспасы басып шығарады. Кейін 1990 жылы «Ақ боз үйдің» бірінші кітабы жарық көреді. Көп кешікпей екінші кітабы 1992 жылы «Мінәжат» деген атпен басылады. Ал үшінші кітабы «Жалған дүние» деген атпен 2000 жылы баспада жарық көріп, оқырман қауымға ұсынылады. Әрине, бұл шығарма өзі сүйіп оқитын оқырмандарын адаспай тапты десек те артық айтқан болмас. Жазушының сөз саптауы, шешендігі, сөз қорының байлығы осы кітапта анық көрсетілген. Бұл туралы көптеген пікірлер де баршылық. Әрине талай соқпақты көрген бұл кітап жарық көргенде әдебиетші өкілдеріміз де қарап қалған жоқ, әрқайсысы өзінің кітаптан алған әсерімен, оған деген сүйіспеншілігін көрсетіп жатты. Атап айтар болсақ, әдебиет саласында үлкен орны бар, белгілі жазушы Тахауи Ахтанов роман жайлы былай дейді: «Мені «Ақ боз үй» романының аудиториясының үлкендігі, құшағының кеңдігі қуантады. Роман «Сұрапыл Сұржекей» деген атпен экранға шықты. Орыс тіліне аударылды («Одинокая юрта») . Жолы ұзақ, ғұмыры ұзақ туынды. «Талантты жазушы Смағұл Елубаевтың бұл қадау туындысы 20-30 жылдардағы халық қасіретінің шежіресі. Жаңа көзқарас халықтық шындық тұрғысынан жазылған шығарма. Мемлекет ашаршылық құрбандарына арнап ескерткіш орнатуға шеші қабылдады. Ал, Смағұл Елубаевтың «Ақ боз үй» романын қазақ әдебиетіндегі аталмыш кезеңге орнатылған ескерткіш - кітап десек те артық емес».
Осы пікірді қостай отырып, жазушы Сайын Мұратбеков өз пікірін былай жалғастырады: «Халқымыздың басынан өткен ауыр қайғы ұрпақтан-ұрпаққа ұмтылмастай естелік боп қалуы тиіс. Енді қайтып қайталанбастай ұлы сабақ болуы керек. Өз басым сондай туындылардың бірі, әзірге бірегейі деп талантты жазушы Смағұл Елубаевтың «Ақ боз үй», «Мінәжат», «Жалған дүние» атты үш кітаптан тұратын үлкен шығармасын атап өтер едім. »[3, 6] .
Сонымен қатар, қазақ халқының белгілі жазушысы, әдебиет саласында үлкен үлесі бар қаламгеріміздің бірі Ә. Кекілбайұлы өзінің пікірін былай қорытады: «Ол оқырман қауыммен бөлісетін өз «одиссеяларын» өзі тумастан он бес жыл бұрынғы оқиғалардан бастайды. Алайда, сөз болып отырған үш шығарма да автордың өз көзімен көрмеген, өз тәнімен түсінбеген, өз жүрегімен сезінбеген, өз қолымен ұстап, өз басынан өткермеген бір де бір штрих жоқ десек, артық айтқан болмаспыз. Бұл, әрине, хас суреткердің қасиеті. Нағыз шеберлік. Алайда ондай шеберлік неден жаратылып, адам бойына қалай бітеді? Ол- өз алдына мәселе. Ондай шеберлікке ие болу үшін, әрине, бір ғұмыр аз. Ол үшін жүздеген, мыңдаған ғұмыр керек шығар. Бірақ, сонша көп ғұмыр, бір жұмыр басқа бұйыра қоя ма? Ол екі бастан мүмкін емес. Ендеше, суреткерлік дегеніміз- бүкіл тұқым-тұқиянымыз көзбен көріп, бастан кешкендерін бір бойына жиып, керек кезінде соның әрқайсысына тамыздық тұтатқызып, әрқайсысына тіл бітіріп, сұңқылдата сөйлетіп отыра алатын сұғыла көкірек, зергер зердеге ие бола алғандары ғана бұйыратын олжа шығар. Бұл, әрине жазушы С. Елубаевтың «Ақ боз үй» роман-трилогиясына арналған әдебиетші қауымның пікірлері еді [4, 4] .
Сонау ел басына жауар күндей түнеріп келген аштық кезең қазақ халқының сорына жазылған тағдыры еді. Қасіреттен қақсап қалған қазақ халқы талай қиындықты басынан санамалап өткізіп отырды. Соңында әрең дегенде етек жеңін жинап ел қатарына қосыла бастады. Бүгінде тәй-тәй басқан жас тәуелсіз мемлекетпіз. Осындай мерекеге жетіп отырғанда кейінге көз тастамай өту күнә десе де болады. Біз ата тарихымызды ақтарып қарамай алға қарай қадам басуымыз мүмкін болмас та еді. Сонау 1930 - жылдардың кесірлі кесапат аштығын күні бүгінге дейін жасырып келгені мәлім. Тарихтан тек бер жағынан ғана хабардар аламыз. Ал, қазбалай берсең, түбінде сақталған қазынаға әлі ешкімнің саусағы да ілікпеген секілді. Бірақ, сонда да бүгінгі таңда көптеген ғалымдарымыз, тарихшыларымыз шетелдік деректерге қарап ашаршылықтың қаншалықты дәрежеде соққы бергендігі туралы аз-маз хабардар етіп жүр.
Ал баспасөз, кітап, журнал беттерінде әлі де болса жасырын тұрған тың тақырып болып табылады. Яғни, бұл тақырып бүгінгі таңда енді-енді ғана зерттеле бастады.
Сонымен қатар әдебиет саласында, осы тақырыпқа бірнеше қаламгеріміз қалам тербегені анық. Олар: Ш. Мұртаза; А. Мекебаев, С. Жүнісов, С. Елубаев, Б. Қыдырбекұлы, С. Сейфуллин, З. Жәкенов, Т. Сәукетаевтардың еңбектерін ерекше атап көрсетуге болады. Аты аталған қаламгерлеріміз осы тақырып жайлы біршама сөз қозғап, сол кезеңдегі қиын-қыстау заманды өз шығармаларына арқау ете білген. Солардың ішінен алғашқысы С. Сейфуллиннің «Қызыл ат» поэмасына тоқталсақ.
Ауыл өміріне арналған шығармалар ішінде С. Сейфуллиннің «Қызыл ат» поэмасын ерекше атау орынды. Бұл 1931-1932 жылғы халықтың басынан кешкен аштық ауылдың жүдеушілігі туралы шығарма. Ақын ауылдың жүдеушілік көргенін, шаруашылықтың күйзелісін, қызыл аттың ақынмен сырласуы түрінде алып аттың аузынан айтқызады. Олар асыра сілтеушілікті жалған белсенділерден көреді. Белсенділердің зиянкестігін содан мал басының қырылуын күтімсіздікті ашады. Оған жол берген кәрі райком (Голощекин) бейнесі көрінеді. Өкімет саясатының қателігін ашық айту мүмкін емес кезде, олардың қылығын сол өкіметтің өкілдері белсенділер мен кәрі райком арқылы көрсетудің өзі де ерлік еді. Жалпы С. Сейфуллин жаңа заманды жақтаушы болған мен партия саясатына бас шұлғи бермей, сын көзімен қараған оның халық мүддесімен сәйкес келмеген тұсында оны ашық айтып жүрген ақын. Ол Голощекин тұсында оның қателігін ауызша да, жазбаша да айтып жүрген. Коммунист ақын «ұлтшыл» деген аттан да құтылмаған. Мұның аяғы 1937 жылы оны «халық жауы» ретінде тұтқындап, атып жіберумен тынды.
Жазушы С. Елубаев өзінің төл туындысының жазылу тарихы жайлы мынадай жәйттерді есіне алады. «Осы кітаптарымды көлденең жұмыссыз жүріп жазған екенмін. Бұл қиындықтың бір жағы ғана. «Ақ боз үй» романыма материал жинау тіпті ауырлау тиді. Әсіресе, сонау 32-ші жылдардың сұмдықтарын ойлауға да, жазуға да рұқсат етілмейтін, біліп болмайтын уақытта бұлайша бел шешіп кірісудің қияметін әркім сезетін шығар. Бұл аласапыранды оқиғаны менің ауылым да басынан кешкен. Ақтөбенің Байғанин ауданынан бастап Үстірт арқылы Қарақалпақстанға шейін, одан әрі Түркіменстан шөліне дейін үдере көшіп, шиырлаған шаңдақ жолда шежірелі де шерлі тарих жатыр. Сонау 20-шы жылдары кеңестік тәркілеу кезеңінде қалың отырған қазақ ауылдарының орны босап қап, айтақырға айналды, ата-баба мекені быт-шыт болды. Ауғанстан Иранға қарай жөңкілді . . . » [5, 5]
Дәл осы тұста қасіретті жылдар туралы жазылған шығармалады жан -жақты зерттеп, қарастырып жүрген Нұрдәулет Ақыш былай дейді: «Бұл шығармалар қасірет жылдарындағы халық трагедиясын ең биік шыңы, кульминациясы. Осылардың баршасын бір жүйеге келтіріп, жинақтап, топтастыра қараған кезде қазақ халқының сол дәуірдегі ортақ трагедиясы панорамалық деңгейде елестейді» [6, 7] Осы пікірді құпатап келе, шығармаларда қайғылы оқиғалар басымырақ көрсетілгендері « Қазына сыры» романы. Атап айтар болсақ, Қапыштың сәлем береген адамының өлік болып шығуы, өлеген сәбилерге жолығуы, бас кейіпкер Түктібайдың далада денесін ит жеп жатқан әйелдің үстінен шығып қалуы, азамат деп сеніп соңынан ерген жесір әйел мен оның балаларын Түктібайдың орта жолда өлім аузында қалдырып кетуі, Мәдинаның өз қызы Күләйімді көпе-көрнеу далаға тастап кетуі сияқты эпизодтар оқырманның жан дүниесін езіп-жаншып, сөйтіп еңсе басарлықтай ауыр әсерге бөлейтіні көркемдік орындау деңгейіне де байланысты. Қарапайым халық өкілдері Қабыш, Мәдина, Түктібай, сияқты трагедиялық бейнелер «Қазына сыры» романының басты кейіпкерлері. Ашаршылық қыспағына түсіп, бір түйір дән, бір жұтым су үшін күресіп жүрген бұлардың алдарында ел қамын, жер қамын ойлайтын ірі мақсат жоқ. Өйткені өмірлері қыл үстіне ілінген осынау қиын-қыстау сәттерде ондау жағдайды ойлау мүмкін емес пе еді. Тек Сатыбалды байдың тығулы қазынасына қатысты жағдайларға байланысты дүниауи мәселелерді шешудің әлсіздеу үміт оты тұтанғандай болады.
Бұл туындыда трагедиялық емес кейіпкер жоқ. Әйеілімен баласынан айырылып, енді қарақан басының қамын күйттеуден басқа әрекетке орын қалдырмаған Түктібай отбасын және өзін қалай аман-есен сақтаймын деп айдалада ала сұрса, таныс адамның қолынан қазаға ұшырайтын Қабыш бір кезде қара шаруаға қыры шамалы болғанымен, сын сағаттарды амалсыз қу тіршілік үшін арпалысқа түсіп кеткен күйеуінен, өлідей екі баласының біреуінен тірідей айырылған Мәдина шын мәнінде трагедиялық днңгейден көтерілген кейіпкерлер.
Бас кейіпкер Түктібайдың адами болмыс-бітіміне тоқаталатын болсақ, халық басына жаппай келген нәубеттің тырнағынан құтыла алмай, шыбындай қырылған адамдардың ортасында өз жарасын өзі қапқандай жан таласып жүрген Түктібай өткен өмірі күңгірт, жартылай қылмыстық элемент Түктібайды ашаршылық нәубеті туған заман да, адамгершілік пен имандылықтың жолына жарамастан қырдың қарапайым қазағына да жатқызуға болмайды. Шынтуайтына келгенде, сырт көзге мүләйімсіп көнсе де, пасық пиғылын тереңге жасыра білетін бұл кейіпкер ол зұлымдықты қатардағы нәрсе ретінде санайды. Бар мәселе оның ішкі әлемінде жатыр. «Бұл да біз секілді пенде ғой» деп өзімсінген біраз адамады жер қаптырады. Тіпті ол өмірде ар-ұят, адамгершілік деген ұғымдардың бар екендігінен бейхабар кеткен жүгенсіз адам. Сол рухани жүгенсіздік оның түсінігінше азаттық деген түсінікпен астасып жатқандай.
Осы шығарманы қорытындылай келе Н. Ақыш өзінің ойын былай қорытындылап көрсетеді: «Автор шығарманы философиялық-психологиялық жағынан қарастырып жазғаны анық. Негізгі автордың ұстанған мақсаты шығармада тек қазақ халқының басындағы қасіретті кезеңді суреттеп жеткізумен шектеліп қалмай, жалпы адам табиғатына тән сана сезім қалтарыстарын, әр адамның бойында бұғынып жатқан түйсік құпияларын ашып көрсету болғандығын айтады» [7, 3] .
Мұнда Сталиннің саясатынан аса алмай, жоғары орындағыларға жалбандап күн кешкен арсыз немелерді суреттейді. Қазақ халқының басына төнген зобалаңды жеделдеткен әлеуметтік-қоғамдық, тектік - шолақ белсенділер болғаны белгілі. Олардың іс-әрекеттерінің нәтижесі -асыра сілтеушілік.
«Ақ боз үй» романында қарапайым адамдар арқылы трагедиялық ахуал сюжеттік желінің соңында айқындала түседі.
Шығармада оқиғаны қызықты етіп құрудан гөрі тұрмыстық көріністерге көп орын берілген. Қарапайым жандар тіршіліктің күрмеуін шешу үстінде көрінеді. Кейіпкердің әлеуметтік пішіні жайлы Асқар Егеубаев «Халық тағдыры тарих тағлымы» атты мақаласында да өте өткір пікір білдіреді [8, 3 11] .
Жұмыстың құрылымы. Дмплом жұмысы үш тараудан тұрады. Кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан.
1. « АҚ БОЗ ҮЙ» ТРИЛОГИЯСЫНДАҒЫ ТАРИХИ ШЫНДЫҚ
(АҚ БОЗ ҮЙ, МНӘЖАТ РОМАНДАРЫ НЕГІЗІНДЕ
Қазақ халқының тағдыр-талайынан өткен небір зұлмат-зобалаң кезеңдердің жан түршігерлік ең сорақысы отызыншы жылдардағы аштық екені ащы да болса ақиқат. Қалың қазақты қойша қырып, үзілген жапырақтай жаншып өткен сол бір жылдардағы солақай саясаттың кесірінен болған қасірет кейіңгі ұрпаққа айтылмай, айтылса да әр жерде тиіп-қашып тарихи дерек ретінде шолақ қайтарылып, жабулы күйінде келді. Қазіргі ұрпақ колхоздастыру кезеңіндегі келеңсіздіктерді ашық айтылмағандықтан байыбына жетіп түсіне бермейді. Оны түсіндіретін, оны айтатын тарихтың да, көркем әдебиет пен өнердің де «тілі байлаулы» еді. Сол күрмек тек азаттықтың таңы атып, еліміз Тәуелсіздігін алғаннан кейін ғана шешілгендей болды. Осының дәлелі ретінде саяси деп келген кейбір «жабық» тақырыптарға қалам тартқан бірлі-жарым дүниелер көзге шалынып, қолға тие бастады.
Соның бірі жазушы Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй» романы еді. Жазушы бұл шығармасына көшпелі қазақ ауылының отызыншы жылдардағы жаңа өмірге алмасу кезеңіндегі оқиғаларды арқау еткен. Сөйтіп, жетпіс жыл бойы тоталитаризмнің «тұтқынында» тынысы тарылып келген «ақ таңдақ» іздерінің демі сезіліп, ұрпақтар санасына саңылаулай кірді. Талай жанның жүйкесін жегідей жеген «Алапат аштық қалай болды?», «Ел неге қырылды?» деген сауалдарға аздап та болса жауап тапқандай болдық. Онда жабулы жатқан ащы шындықтың беті ашылып, аталарымыз бен кейбіріміздің әке-шешелеріміздің көрген қорлық-зорлығы паш етіледі. Шығарманың құндылығы да осында болса керек.
Жазушы бір қуыста бүркеулі жатқан шалажансар шындықтың шаңын қағып, кеуіп қалған кенезесіне су тамызып тірілтіп, көз алдымызға қайта алып келеді. Сол кездегі бүкіл ұлт басына үйірілген қырғынды кейбір тарихи оқулықтарда жазылып жүргендей қателік емес, қылмыс деп біледі. Сөйтіп, көркем әдеби шығармада қылмыстың бетін ашып, оны жасағандар ар жазасына кесіледі.
Романның атына арқау болып тұрған ақ боз үй шығармадағы басты кейіпкер Пахраддиннің үйі. Пахраддин ата-бабасы жазы Оймауыттың баурайын бойлап, қысы Үстірттің етегіндегі Самның қалың құмын жайлап мекен еткен, сол өңірдің төл перзенті. Шылқыған бай болмағанымен сіңірі шыққан кедей де емес. Әкесі Мұсадан қалған мұраның арқасында ортақол дәулеті бар. Сол елге сыйлы, беделді, сөзі жүретін би. Ол шығармада: « . . . кең иықты, мол денелі, сақал-шашы көкбурыл тарта бастаған ат жақты, сұлу көзді, келбетті кісі» [5, 20] деп суреттеледі. Пахраддин көп сөздің адамы емес. Не істесе де ақылмен, оймен істейтін парасат-пайым иесі. Үлкен тұлға. Осы өзіндік орны бар, бүкіл ел аузына қараған ауыл азаматының, беделді, білімді азаматтың қуғын-сүргінге ұшырауы, азып-тозуы, кейбіреуі ақыр аяғы жоқ болып тынуы санаңды сансыратып, жан-дүниеңді жабырқатады. Сол бір жылдардағы ұлттың басына төнген қасіретті жазушы Пахраддин, Сырға, Бұлыш, Балқия образдары арқылы көз алдыға алып келіп, тарихи шындықты айна-қатесіз жайып салады.
Белгілі әдебиеттанушы, ғалым Жанғара Дәдебаев « . . . шығарманың материалдық болмысын, өзегін тарихи белгілі, ақиқат оқиғалар құрмайынша, белгілі тарихи дәуірдің шындығын шынайы суреттеу . . . қиын», [8. 160] деген пікір айтады. Осы тұрғыдан алғанда жазушының бұл еңбегі тарихта қиын емес. Себебі, 1932-33 жылдардағы аштық зардабынан қалың қазақтың тең жартысы қырылып қалғанын тарихтың өзі жоққа шығара алмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz