Геосаясат сұрақ-жауап түрінде


- Геосаясат ұғымы.
Геосаясат д/з - географиялық, тарихи, саяси, т. б. фактор/ң жиынтығы өзара әрекеттесе отырып, мем/ң стратегиялық потенциалына үлкен ықпал етіп отыратын ғылым. Г/с мем/р, халық/р, мәдениет/р, өркениет/р, дін/ң даму заңдылығын зерттейді. География, кеңістік фактор/ы призмасы а/лы г/с география - ол халық/р тағдыры деп тұжырым жасайды. Г/с ол - географиялық позицияның саяси-стратегиялық құндылық/ы т/лы ілім. Геог/қ позицияны алу д/з - мем/ң әлемдегі геосаяси мүдде/р құрылымына енуі, мем/ң саяси орналасуы. Г/с - мем/ң саяси құрылымының оның географиялық ортасына тәуелділігі. Мем/ң г/с орналасуы тұрақты ж/е уақытша фактор р/де қарастырылады: Ливондық соғыстар Иван Грозный, Сол/к соғыс Петр I, финдық соғыс Сталин. Яғни кейде г/с тағдыр р/де де қарастырылады. XIX-XX ғғ. г/с пайда болуы жаңа саяси реалияны түйсінуден шығады. Бұл ғылым қарсыласушы күштер ара/да қақтығыс кезінде п. б. Осы күнге дейін әдебиетте г/с анықтамасы берілмеген. Швед ғалымы Рудольф Челлен (1864-1922) ғылымға «геосаясат» ұғымын енгізген болатын. Оның берген анықтамасы: «мем/ті географиялық организм н/е кеңістіктік феномен р/де қарастыратын доктрина», «г/с жер мен саяси процес/ң қарым қатынасы т/лы ғылым, Оның фундаменті - саяси география. Г/с - мем/ң географиялық ақылы (разум) . Г/с - практикалық саясатты басқаратын өнер». Г/с мем/ті статикада емес, динамикада - тірі организм р/де қарастырады. Оны неміс теоретигі Фридрих Ратцель (1844-1904) айтқан болатын. Оның пікірінше, саяси география/н айырмашылығы-ол мем/ң орналасуы, көлемі, шекаралары, экономикасы, саудасы сияқты мәселелері қызықтырмайды. Г/с мем/ті оның кеңістікпен қарым қатынасы нег/де зерттейді. «Г/с - кеңістікке орнататын бақылау т/лы білім жүйесі, ғылымы». Саясаткер Э. А. Поздняков пікірінше, «г/с мем/ң территориялық мәселе/н, шекарасын, ресурс/н, с. қ. адам ресурс/н да тиімді пайдалану мен реттеуге б/ты барлық мәселе/ді зерттейді». Г/с кеңістікті мем/ң саясаты позициясынан қарастырады. Г/с - ірі кеңістіктер, жаһандық саяси, экономикалық, басқа да фактор/р ж/е оларды басқару өнері жайлы ғылым. Екі бағыты бар: доктринально нормативная, бағалаушы концептуалды. Бірінші бағытқа Хаусхофер/ң неміс мектебі, ал екінші бағытқа ағылшын американдық мектеп (Маккиндер, Спайкмен, Коэн) жатады. Танассократия - теңіз қуаттылығына негізделген билік, ал телусократия - жер қуаттылығына негізделген билік. Қазіргі таңда г/с әр мем/ң өмірінде өте маңызды орын алып отыр. Ол мем/ң қолында инструментке айналып отыр (мүмкін керісінше ?) Г/с әр түрлі мем/ң, мем/а ұйым/ң коммуникациондық аумақта ықпал етуіне б/ты орналасу заңдылығы. Қазіргі х/а қат/да г/с өте маңызды орынға ие. Геосаяси болжамсыз мем/ң болашағын елестету қиын. Көпполярлы әлемде ашық ж/е жабық қоғаммен экономикалық жағдай\да мем/ң кез келген қайраткері г/с ойларға толы болуы қажет.
- Геосаяси ілімдер.
Геосаяси ілімдер өз негізін әр түрлі геосаясакерлердің жасаған концепцияларынан алады. Осылардың ішіндегі ең негізгілері болып геосаясат негізін қалаған ғалымдардың пікіріне тоқтап кету жөн . Ратцель дарвинизмнің шарықтауы кезеңінде өмір сүрген, оның еңбектерінде биологияға деген аса қызығушылық байқалады. 1882 ж Штутгарт қаласында «Антропогеография» кітабында ол өзінің негізгі ойларын: халықтар және демография эволюциясын географиялық жағдайлармен байланыстырып, жергілікті рельефтің халықтардың мәдени және саяси дамуына әсерін зерттеу жөнінде жазды. «Саяси география». Бұл жұмысында Ратцель жер халықтар мүдделері тоғысатын негізгі және өзгермейтін құрылым деп көрсетеді. «Тарихтың қозғалысы жер және аймақтық фактормен алдын ала анықталған. Мемлекет - тірі организм, ол жерден тамыр тартады. Мемлекет өзінің дамуының барлық стадияларында организм сияқты қарастырылады, ол қажеттілігіне байланысты жермен өз байланысын үзбейді және географиялық тұрғыдан зерттелуі тиіс. Мемлекеттер кеңістіктік құбылыстар және ол осы кеңістікпен басқарылады, сол себепті де оны география сипаттап, салыстырып, өлшеп отыруы тиіс. Мемлекет өмір экспансиясының қатарына кіріп, бұл құбылыстардың шарықтау шыңы болып табылады. » Мұндай Ратцельдің органистикалық жағынан қарастыруынан мемлекет экспасиясы тірі организмдердің өсуі секілді табиғи тірі прцесс ретінде қабылданып отырғаны байқалады. Ратцельдің органикалық жағынан қарастыруы кеңістікке де қатысты. Бұл кеңістік материалдық категориядан жаңа қасиеттерге ие бола отырып, өмір сферасына, өмірлік кеңістікке, геобиосфераға айналады. Осы жерде Ратцельдің екі маңызды жаңа терминдері шығады: кеңістіктік мағына және өмірлік энергия, «Геосаясат» терминін ол кеңістікте іске асқан географиялық организм - мемлекет жөнінде ғылым деп анықтады . Челленнің негізгі тезисі: мемлекет -тірі организм. Ол бұл тезисін өзнің негізгі еңбегі 1916ж шыққан «Мемлекет өмір құрылымы ретінде» атты кітабында дамытты. Челлен Ратцельдің жер ж\е мемлекет бір тұтас деген көз қарасына қосылады. Бірақ Челлен өзінің ұстазынан біршама алға жылжыды. Өзінің «Мемлекет өмір құрылымы ретінде» атты кітабында күштің анотомиясы мен оның географиялық негіздерін сараптайды. Оның ойы бойынша саясат элементтерінің арасындағы бес өзара қатыстыларын үйлестірі отыру қажет. Жүйе ретінде мемлекет келесідей маңызды өмірлік сфералардан тұрады:
- Мемлекет географиялық кеңістік ретінде;
- Мемлекет халық ретінде;
- Мемлекет шаруашылық ретінде;
- Мемлекет қоғам ретінде;
- Мемлекет басқару ретінде.
Челлен Ратцельдің мемлекеттің биологиялық ж\е органистикалық сипаты идеясын дамытты. Оның көз қарастарына капиталистік өндірістен мемлекеттік -монополистік капитализмге өту үлкен әсер етті. Сонымен қатар, әлемнің бөлісуі жүзеге асқан І ДС та өз әсерін қалдырды. Челлен әлем бөлінісі мен фашистік диктатураның орнатылуы жөніндегі нәтижелерді алдын ала болжай білді. Челлен парламентаризмді жоюдың жақтасы болды. Ол императорлық билікті қолдады. Егер Ратцельдің биологиялық жүйесінде мемлекет ең төменгі сатыдағы организм болса, Челлен бойынша сезе алатын ж\е ойлай алатын адаммен қатар тұрады. Бұл жерден ол әр организмнің өмір сүруінің негізгі принципі «өмір сүру үшін күрес» болып табылады. Мемлекет осы принцип бойынша дамып отыру қажет. Ратцельдің «өмір сүру үшін күресі» кеңістік үшін күрес болып табылады. Үлкен мемлекеттер өз кеңістігін кіші мемлекеттердің есебінен кеңейтіп отырады. Челлен автаркия заңын шығарды. Яғни, шеткіліктердің арасындағы тепе\теңдік заңы. Оның негізі мемлееттегі өндіріс таза аграрлық н\е таза индустриалды болмауы қажет. Макиндердің алғашқы ж\е жарқын баяндамасы 1904ж «Географиялық журналда» жарияланған «Тарихтың жағрапиялық білігі» болды. Бұл еңбегінде ол өзінің тарих ж\е география жөніндегі негізгі ойларын білдірді. Бұл еңбегін негізгі геосаяси еңбек деп атауға болады. Себебі, мұнда «Саяси географияның» даму бағыттарының барлығы біріктіріліп қана қоймай, сонымен қатар бұл ғылымның негізгі заңнамасы да болады. Макиндердің айтуы бойынша, мемлекеттің ең жақсы орналасуы ортаңғы орталық орналасу болып табылады. Ортаңғылық қатысты түсінік ж\е әртүрлі географиялық контексте ол өзгеріп отырады. Планеталық көз қараста әлем ортасында Еуразия континенті жатыр, ал оның орталығы «Әлем жүрегі» н\е «Heartland». Heartland Еуразияның континенталды массаларының жинақталған жері. Бұл бүкіл әлемге бақылау жүргізуге ең ыңғайлы географиялық плацдарм. Heartland Әлемдік Аралдың шегінде де негізгі аймақ болып табылады. Әлемдік Аралға Макиндер үш континетті, яғни Азия, Африка ж\е Еуропаны кіргізеді. Осылайша, Макиндер планеталық кеңістікті концентрациялық шеңбер жүйесі арқылы иерархиялайды. Оның нақ ортасында «тарихтың жағрапиялық білігі» н\е «біліктік ареал» (pivot area) . Бұл геосаяси түсінік география жағынан Ресей болып табылады. Бұдан ары, « ішкі н\е шеткі жарты ай (inner or marginal crescent ) ». Бұл белдеу Еуразия континентінің шеткі кеңістігіне сай келеді. Макиндердің пайымдауынша, «ішкі жарты ай» өркениеттің интенсивті түрде даму зонасы болып табылады. Бұл яғни, трихи гипотезаға сай, өркениет кезінде өзен н\е теңіздердің жағалауларында пайда болды деген тұжырымдамаға тура келеді. Атап өту қажет, соңғы теория барлық геосаяси конструкциялардың мағызды бөлігі болып табылады. Су ж\е құрлық кеңістіктерінің қиылысуы халықтар мен мемлекеттердің тарихының басты факторы болып табылады. Дәл осы тақырыпта Шмит ж\е Спикменнің еңбектерінде одан әрі дамыған болатын, бірақ мұндай геосаяси формуланы ең алғашқы рет Макиндер шығарған болатын. Келесі сыртқы шеңбер: «сыртқы н\е аралдық жарты ай (outer or insular crescent) ». Бұл зона түгелдей сыртқы география жағынан да мәдени жағынан да. Макиндер, бүкіл тарихтың алға жылжуы келесі процесстермен анықталған: heartland'тың орталығынан тұрақты түрде оның шеткі аймақтарына қысым көрсетіліп отырады. Бұл әсіресе монғол жаулап алушылығынан көрінеді. heartland'тың орталығынан негіз алған барлық өркениеттер «авторитарлы», «иерархиялық», «демократиялық емес» ж\е «саудалық сипатқа ие емес». Мэхеннің негізгі еңбектерінің қатарына: « Теңіз қуатының Француз революциясы мен империясына әсері», «Американың теңіз қуатына деген осы кездегі және болашақтағы қызығушылығы», « Теңіз қуаты және оның соғысқа қатынасы» жатады. Көріп отырғанымыздай, оның барлық дерлік еңбектері « Теңіз қуаты» тақырыбына арналды. Мэхеннің аты осы терминмен синонимдес болып кетті. Ол тек қана әскери стратег емес, с. қ. жақсы саясаткер болды. Генри Кэбот Лодж және Теодор Рузвельтке көп әсерін тигізді. ХХғ бүкіл АҚШ әскери стратегиясы Мэхен идеяларымен сабақтас болды. Теңіз өркениеті - сауда өркениеті. Мэхен үшін саясаттың негізгі құралы - сауда саттық. Әскери іс әрекеттер жаһандық сауда өркениетін дамыту үшін ыңғайлы жағдай жасап отыруы тиіс. Ол экономикалық циклды үш сатыда қарастырады:
- өндіріс ( су жолдары арқылы тауар және қызмет алмасу) ;
- навигация ( алмасуды реализовать ету) ;
- отарлар (сауда алмасуды әлемдік деңгейдегі айналымға түсіреді)
Хаусхофер
әскери\геосаяси «Құрлықтық қоршау» атты доктринаның авторы. Бұл доктрина негізінен «Берлин-Москва-Токио осін» құру туралы . Бұл оське Еуразия материгінің Ұлыбритания ж\е АҚШпен қарсыласа алатын мемлекеттері кіру қажет болатын. Хаусхофердің пайымдауы бойынша, Британ империясының құлдырауына аз ғана уақыт қалды, ж\е әлемдік басқару континенталды мемлекеттерге өту қажет, яғни Германияға өту қажет. Немістер үшін «әлемдік кеңістіктікті» кеңейту Германияны территориялық экспанциялауға, дәлірек айтқанда Шығысыты экспанциялауға итермелейді. Бірақ, сонымен бірге Хаусхофер Британ империясы қандай болғанда да герман сыртқы саясатының көз алдында отыруы қажет деп ескерткен болатын. Бірақ бұл жерде Шығысты оккупациялау «славян жерлерін оккупациялау» дегенді білдірген жоқ. . Бұл жерде славян халықтарының емес, азия кеңістігінің адам қоныстанбаған жерлерін игеріп, Батыс Еуропа жерлерін қайта жөндеу болды.
Бұл жерде екі континенталды держава Ресей мен германия бірігіп, «Жаңа Еуразиялық Тәртіп» орнатулары қажет деген мағынаны білдірген болатын. Осылардың ілімдері геосаясаттың фундаменті болып қаланды.
- Н. Я. Данилевский ілімі.
Николай Яковлевич Данилевский (1822-1885) - публицист, әлеуметтанушы, экономист, панславизм идеологы, орыс геосаясаткері. «Ресей ж/е Еуропа» еңбегінде (Шығармашылық өміріндегі ең жемісті, әрі әйгілі еңбегі «Ресей ж/е Еуропа» бастапқыда «Заря» журналында басылып жүрді. Бөлек еңбек р/де 1871ж. Біріншісі, 1888ж. Екіншісі, 1889ж. Үшіншісі жарық көрді (1869) ) мәдени- тарихи типтер(өркениеттер) туралы идеяны ұсынады. Олар тірі организмдер секілді үнемі бір-бірімен ж/е қоршаған ортамен күресте болады. Биологиялық организм секілді олар да туылады, гүлденеді ж/е өмірін тоқтатады. Кез келген мәдени-тарихи тип өзін төрт сферада танытады: діни, мәдени, саяси ж/е әлеуметтік- экономикалық. Осылардың гармониясы сол өркениеттің даму көрсеткіші болып табылады. Осы мәдени-тарихи тип/ң алма кезек алмасуы тарихты қалыптастырады. Осы тип/ң өмірі төрт периодтан құралады ж/е шамамен мың жарым жылға созылады - мың жыл дайындық кезең «этнографиялық период», төрт жүз жыл мем/ң орнығуы, елу-жүз жыл гүлдену кезеңі, Ал бұл цикл ыдыраумен, қираумен аяқталады. Данилевскиийдің пікірінше, мәдениет гүлденуі үшін міндетті түрде саяси тәуелсіздік болуы тиіс. Ол әлемде өзінің дамуының шырқау шегіне жеткен н/е соған таяп тұрған он мәдени-тарихи типті бөліп көрсетті (Египет, қытай, ассиро-вавилондық, үнді, Иран, т. б. ) . Ол Ресейді барлық славяндық халық/ң басшысы р/де Еуропамен қарсылықта көрді. Ол «Еуропа біз тек жат нәрсе ғана емес, ол бізге жау, мүдде/рі қарама қайшы». Негізгі ойлары: а) жалпы адамзат өркениетін сынға алу; б) мем/ті өмір, ар-ождан, еркіндікті қорғайтын қару р/де бағалау концепциясы. Еуразиялық концепция/ң қалыптасуына айтарлықтай зор ықпал еткен. «Еуразиялық» мәдени тарихи типті бөлуде оның концепциясы негізге алынды. Ол еуроцентристік концепцияларға жауап р/де осы концепцияны ұсынған болатын. Ондағы моноцентризмге полицентризмді, ал линейность/ң орнына көпнұсқалықты қойды. Д/й б/ша прогресс - әр түрлі мүмкіндіктерді іске асыру. 1885ж. Д/ң «Дарвинизм» атты екі томды еңбегі жарық көрді. Бұ кітапта автор Дарвин теориясын жан жақты зерттей отырып, ондағы пікірлерді мысал/р келтіре отырып жоққа шығарады. Сол кездегі ғалым/ң көпшілігі мұндай еңбекке үлкен наразылық/р көрсеткен болатын, дегенмен оны орынды бағалау тиіс. Жоғарыда аталған еңбек/н басқа Д/ң өз мамандығыы б/ша көптеген статья/ы басылып тұратын. Солардың кейбіреуін жинақтаған Н. Страхов 1890ж. «Н. Я. Данилевскийдің саяси ж/е экономикалық мақала/ң Жинағы» атты еңбек басып шығарады.
- Полибий. Аристотельдің геосаясат ілімі.
Полибий (шамамен б. з. д. 200 - 118жж. ) - грек тарихшысы, мемлекеттік қайраткер, әскербасшы. Аркадийдағы Мегалополь қаласында дүниеге келген. Ең атақты еңбегі - Тарих. Онда ол 53 жыл бойы (яғни б. з. д. 220ж дан 168ж. Дейін Персея/ң жеңіліс табуы) «бүкіл әлем/ң римляндық/ң қолында» қалайша түскендігіне жауап іздейді. Кейіннен бұл еңбегіне б. з. д. 146ж. Карфаген/ң құлауына дейінгі тарихи оқиға/ды да қосады. Мұнда Рим, Грекия, Македония, кіші Азия т/лы оқиға/р баяндалған. Өкінішке орай, «Тарих» (Жалпы тарих) ең/ң алғашқыдағы қырық кітабынан тек бесеуі ғана толық күйінде, ал кейбіреуі тек жартылай ғана бізге жетіп отыр. Ал қалған еңбек/і мүлдем сақталмаған. Көп елді, жерді көрген ол сол замандағы орын алып жатқан оқиға/ды жай ғана сипаттай қойғысы келмеді, ол олардың неліктен болып жатқанын түп тамырымен зерттей отырып, жауап беруге тырысты. Грекияға көмек беруге деген ұмтылыс, оның жеңілуіндегі ж/е Рим жеңісінің себептерін түсінуге тырысқан ол құжаттар мен фактілерден жауап іздеді. Шайқас алаңдарын ж/е құжат/ды терең зерттей отырып, Фукидид пен Тимей/ң еңбек/н сілтеме/р алып, ол Рим/ң жалпы тарихи жағдайын түсіндірмек болды. Римның жеңу себеп/н ол былай түсіндірді: мұнда мем/т формасының ең жақсысы орнатылған, яғни онда демократия, аристократизм ж/е монархизм элемент/і біріктірілген. Ол былай деген « Кітап үшін ең маңыздысы моральді жоғарылату, халық үшін бақыт ж/е әділеттілік жол/н іздеу, ал саясаткер/р мен әскер/ң басты мәселесі жеңіс/ге жету, қате шешім/н аулақ болу. «Тарих/ң» бірінші кітабында ол объективтілік пен шындыққа жанаспайтын тарихи баяндаманы көзі көрмейтін, түкке жарамайтын адаммен салыстыруға болатынын айтқан. Қалың бұқара халыққа түсінікті болу үшін ол өзінің еңбек/н қарапайым, ауыз екі тілмен жазатын болған. Полибий «циклдық теорияның» авторы болып есептелінеді. Ол өркениеттің тарихында үш кезеңді бөліп көрсетті: өсу, гүлдену ж/е құлау, әлсіреу. Полибий геосаясатқа анықтама берген. Барлық географиялық фактор/ң ішінен ауа райына көп назар аударды. Адамға ауа райының әсерін көрсету үшін ол жер шарын экватордан полюске дейін үшке бөлді: экватор ыстық бөлік, полярлы бөлік суықтан тонатын, қоңыржай аймақ. Содан соң ол ұлттарды осыған б/ты бөліп, ерекшелік/н әр түрлі ауа райы жағдай/на б/ты деп түсіндірді.
Арситотель шамамен б. з. д. 384ж. - 322ж. өмір сүрген ежелгі грекиялық философ ж/е ғалым, Платон/ң оқушысы, Александр Македонскийдің тәрбиешсі. Б. з. д. 335ж. Ликей н/е перипатетикалы мектептің негізін қалады. Аристотель философия/ң жан жақты жүйесін жасаған тұңғыш ғалым, Оның көзқарастары өзіне кейінгі жалпы адамзат ой санасының қалыптасуына үлкен ықпал жасады. Схоластика ілімінің негізін қалады. Аристотельдік корпусқа мыналар кіреді: Категория, Герменевтика, Аналитика, Топика (барлығы бірге Органон деп аталады) ; физика б/ша: Физика, Аспан туралы, Пайда болу мен өмір тоқтату туралы, Метеорологика; зоология б/ша: Жануарлар тарихы, Жануарлардың пайда болуы туралы, Жануарлардың дене мүшелері туралы; психология б/ша: Жан т/лы, Сезімдік қабылдау т/лы, Ес т/лы; Метафизика (Бірінші философия), этика мен саясат б/ша: Никомахова этикасы, Евдемова этикасы, Саясат, Афиндық полития, риторика мен поэтика б/ша; Әлем т/лы, Гүлдер т/лы, Жақсылық т/лы, Бөлінбейтін сызықтар т/лы. Этика жеке бір адамның жағдайын, қимылын қарастырады, ал саясат азаматтық қоғамдастықтың (мемлекеттің) жағдайын қарастырады. Саясатта мемлекет теориясын жасайды. Ол адамды «табиғаты жағынан саяси болып келеді» деп қарастырды, яғни адам әр түрлі деңгейде қатынасқа түсуге мүдделі. Мем/ң ең басты мәселесі жақсы адам ж/е азаматты тәрбиелеу. Осында этика мен саясат қиылысады. Аристотель мем/ң ең жақсы формасы деп политияны санады, онда мем/т билігі ауқатты адам/ң қолында шоғырланған. Ол ауқатты адам/р ең жақсы адам/р болуы тиіс. Азамат/ң әр жаста әр түрлі міндеттері болады: жастық шағында әскери қызмет, үлкейген шағында (зрелость) мем/ті басқару іс/і; ал жер өңдеу, қолөнер, т. б. жұмыс/ды құл/р, этникалық варавар/р, грек/р емес атқару тиіс. Құл болып туылады, құл болып өледі. Ол табиғатынан беріледі, ол адам жаны, есі жағына дамымаған.
- Жан Боден. Ш. Монтеське. А. Гумбольдтің тұжырымдары.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz