Тамыры терең бәйтерек


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жұртшылық арасында «КазГУ»

деген атпен мәшкүр болып,

даңқы алысқа кеткен біздің оқу

орнының кешегісі мен бүгінін

салыстырып айтсақ, ең алдымен

тарихтың көз сүйсінерлік

көш керуені көз алдымызға елестеп,

еліміздің қасиетті қара-

шаңырағына айналған білім

ордасының келешегіне деген сенім

одан әрі ұлғая түседі.

Т. Ә. Қожамқұлов.

Әл-Фараби атындагы ҚазҰУ-дың ректоры, Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, профессор Қожамқұлов Т. Ә.

ТАМЫРЫ ТЕРЕҢ БӘЙТЕРЕК

Еліміздің егемендік алғанына он шақты жылдан асты. Тәуелсіздік мерекесін мемлекет көлемінде егеменді еліміз болып атап өттік. Ендігі бізді ойландыратын, толгандыратын мәселелер - болашағымыз қандай болады, елдігімізді, егемендігімізді нығайта түсу үшін қай бағытта қалай жүмыс жүргізуіміз керек екенін анықтап алу. Бұл - шындығында қазіргі тандағы ең негізгі мәселелер. Осы түйіткілдер төңірегінде Елбасымыз Нүрсүлтан Әбішүлы Назарбаев ұлан-ғайыр жұмыстар жасап жатыр.

Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Президент басқарудың барлық деңгей-сатыларына білікті мамандар даярлау үшін жағдай туғызу қажеттігін айта келіп: «Әлемнің үздік университеттерінде оқыту, елімізде санаты биік уни-верситеттер қүру, сондай-ақ отандық Мемлекеттік қызмет академиясын нығайту - бүгінгі күннің міндеттері, міне, осындай», - деп атап көрсетеді. Бүл айтылған мәселе қазіргі қалыптасып келе жатқан демократиялық құрылыстың маңызды да басты тетігі болып табылады. Сондай-ақ ол бізге шәкірт оқыту, оны баулу-баптау ісінде зор жауапкершілік пен үлкен міндеттер жүктеп, сандық реттен сапалық реңге ауысуға басымдылық беруді мең-зейді.

Греспублика жоғары оқу орындарының қай-қайсысын алсақ та ғылым мен білім беру саласында өз орны, өз деңгейі бар деуге болады. Жүртшылық арасында «КазГУ» деген атпен мәшһүр болып, даңқы алысқа кеткен біздің

оқу орнының кешегісі мен бүгінін салыстырып айтсақ, ең алдымен тарихтың көз сүйсінерлік көш керуені көз алды-мызга елестеп, еліміздің қасиетті қара шаңырағына айналған білім ордасының келешегіне деген сенім одан әрі ұлғая түседі.

Біздің университет 1934 жылы қүрылғаннан бергі уақыт бедерінде классикалық үлгіде қалыптасып, дамығанын оның даңқты тарихнамасы айғақтақды. Алғаш физика-математика жөне биология факультеттерінің бар-жоғы елу шақты студенттері университет табалдырығын аттап, дәріс тыңдай бастады. Уақыт өте келе Қазақ университетінің іргесі нығая түсті. Жаңа кафедралар мен факультеттер ашы-лып, орта мектептің жоғары сынып оқушыларына, техникумдар мен жоғары оқу орындарына дәріс беретін үстаз мамандар, ғылыми қызметкерлер әзірлеу қолға алынды. Бүгінде университет егемен мемлекетіміздегі ғылым мен жоғары білімнің флагманы. Үжымның жылдар бойғы ізденістері қомақты, өркениет талабына сай.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі №648 Жарлығы бойынша университетке ұлттық жоғары оқу орны деген ерекше мәртебе берілді. Универ-ситет жоғары кәсіптік білім саласында қызмет ету қүқын беретін №1 мемлекеттік лицензияға ие. ҚазҮУ Халықаралық университеттер ассоциациясына Қазақстан бойынша бірінші болып қабылданды, әрі Еуразиялық университеттер ассоциациясы қүрылтайшыларының бірі. Университет - Еуразия аймағындағы ірі ғылыми-ағарту орталығының бірі.

Университеттің кеп жылдық ізгі дәстүрі, негізі берік ғылыми мектептері бар. Мүмкіншіліктері де мол. Университеттің қүрылым-жүйесінде 104 кафедра, 14 факультет, 7 ғылыми-зерттеу институты бар. Оқу процесі көп саты-лы жүйе арқылы жүзеге асырылып, 120 мамандық бо-йынша бакалавр, магистр дипломдарын иеленген мамандар дайындалады. 70-ке тарта мамандық бойынша докторлық және кандидаттық ғылыми дәреже беретін отызға жуық диссертациялық кеңес жұмыс істейді. Қасиетті қара шаңырақта маман даярлау ісіне ҰҒА академиктері, Халықаралық жоғары мектеп академиясының академиктері, 300-ге тарта ғылым докторы мен профессорлар, 800-ден астам ғылым кандидаты, доценттер жүмылдырылған. Бүл жай ғана арифметикалық жиынтық емес. Олар - университеттің өз ішінен түлеп үшқан ғалымдарының бірнеше буындары қалыптастырған ірі де іргелі үлттық ғылыми мектептердің жетекші мамандары, Қазақстан ғылымы мен жоғары мектебінің таңдаулы қайраткерлерінің тамаша легі.

Үлттық университетте профессор-оқытушылардың, ғалым-ұстаздардың жеке түлғасының да, қызметінің де орны ерекше. ҚР Президенті Нүрсүлтан Әбішұлы Назарбаев Әл-Фараби атындағы Қазақ үлттық университетінің «Құрметті профессоры». Кез келген саланың, кез келген ортаның мерейін үстем етіп тұратын тұлғалар болады. Елге үлгі боларлық, әрбір жүріс-түрысынан, іс-әрекетінің өзінен өнеге алатын зиялы азаматтар қара шаңырағымыздың әр факультетінен табылады. Айталық, филология факультеті үшін академик З. Қабдолов, математиктер үшін академик А. Лукьянов, экономика факультеті үшін академик Ж. Әубәкіров мақтаныш боларлық түлғалар. Бұл тұлғалардың ғалым ретінде ғана емес, елге беделді қоғам қайраткері ретінде де танымал болуының өзі біздің ұжым үшін үлкен мақтаныш.

Мен мұның бәрін мақтанышпен атай отырып, біздің университет атқарып жатқан көптеген жүмыстарды айтқым келеді. Олар: «бакалавриат-магистратура-аспирантура-докторантура» жүйесі бойынша оқыту; қазақ, орыс, ағылшын және өзге тілдерде дәріс беру; кітап қоры өте мол ғылыми кітапхана; заман талабына сай компьютерлендіру; интернет залы; қашықтықтан оқыту; технологиялық парк . . . Барлығын санамай-ақ қояйын, өзге жоғары оқу орындарымен салыстырғандағы тағы бір өте маңыз-ды жетістігіміз - ҚазҰУ-дың дипломы шет мемлекеттерде де жарамды, қолданысқа ие.

ҚазҰУ-де оқу - студент үшін үлкен абырой ғана емес, зор жауапкершілік. Бұл - белгілі академиктердің, профессорлардың, доценттердің, соның ішінде шет елдерден арнайы шақырылған маман-оқытушылардың дәрістерін тыңдау, семинарларға қатысу, сүйікті пәнің бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысу, студенттердің ғылыми конференцияларына қатысу, өлемдік Интернет жүйесімен байланысуға мүмқіндік алу, электронды пош-таны, электронды кітапханарсаталогын пайдалану, Студенттер сарайында өтетін түрлі мәдени іс-шараларға қатысу, студенттік шақты әсем де сөулетті ҚазҰУ қалашығьш-да өткізу. Ал үздік оқығандар Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» стипендиясына арналған байқауда жеңіске жетіп, Еуропа немесе АҚШ-тың ең әйгілі университеттерінде оқуларын жалғастыруға мүмкіндік алады. Университет үжымы әрбір ҚазҮУ түлегінің ғылым мен өнер, саясат пен экономика салаларын жан-жақты меңгерген, білімді, тәрбиелі азамат болып шығу үшін бар күшжігерін аямайды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ үлттық университетін тек қана маман дайындайтын ірі оқу ордасы емес, қуатты ғылымның орталығына айналдыру бағытына да ба-сымдылық беріп отырмыз. Бүгінде ҚазҮУ ғалымдары 23 бағдарлама бойынша іргелі зерттеулер жүргізуде. 14 іргелі және қолданбалы барлау бағдарламасы бойынша университет басты зерттеу орталығы болып отыр. Азия даму банкінің тәуелсіз сараптамаларының нәтижесі Қазақстан жоғары оқу орындарында жүргізілген ғылыми-зерттеу жүмыстарының 50 пайыздан астамы ҚазҰУ үлесіне тиесілі екендігін анықтап берді. Мүның ішінде оқытушылармен қатар ғылымға қабілетті студенттер, магистранттар мен аспиранттарірар. Ал олар жүргізген ғылыми-зерттеу жүмысының нөтижелері ғылымның түрлі саласына бағытталған «ҚазҰУ хабаршысы» ғылыми ба-сылымында университет баспасынаң жарық көреді. Жоғары ғылыми дәрежелі мамандар дайындау ісі аспиран-тура мен докторантурада жалғасады.

Уақыт талабына қарай іргелі ғылым, қолданбалы ғы-лым, өндіріс арасындағы байланыстың анықтығы, нәтижелілігі қоғамның дамуына тікелей әсер ететіндігі сөзсіз. Жоғары мектеп - өндірістің ерекше бір түрі. Үлттық университеттің оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие жүмыстарының нәтижелілігін қамтамасыз етуде іргелі зерттеулердің рөлі ерекше. Тек іргелі зерттеулердің 8 негізінде ғана адамзаттың дүниеге көзқарасы, дүниетанымы қалыптасады. Тек іргелі зерттеулердің негізінде ғана жоғары технология дамиды, жоғары білім мазмү-нының сапасы артады. Ол өнеркәсіптің өркендеуіне, өнім сапасының артуына, қоғамдық сананың кемелденуіне әкеледі. Бүдан кәсіпорындардан түсетін салықтың мөлшері артып, ол мемлекеттің көркеюіне, бюджетінің қомақталуына ықпалын тигізеді. Университет 54 халық-аралық грант бойьщша ғылымның іргелі мәселелерімен айналысады. Әлемнің 165 университетінің көрнекті ғалымдарымен, мамандарымен бірлесе отырып зерттеу жүмыстарын жүргізу, сондай-ақ олардың нәтижелерін оқу процесінде пайдалану жоғары деңгейлі маман даярлаү ісін уақыт талаптарына сай атқаруға мүмкіндік береді.

75 жылға жуық уақыт аралығында талай жақсы дәстүрлер де қалыптасты. Университетте студенттердің өзін-өзі басқаруына, өнерлі, талапты, талантты жастардың шығармашылығының шыңдалуына мүмкіндіктер жасалды.

Елбасы Н. Назарбаев: «Жастар мәселесі жастардың өзде-рінің араласуынсыз ойдағыдай шешілмек емес. Өзін-өзі таныту, өзінің үстанатын бағыт-бағдарын айқындау, өзінің ойындағысын өзі жүзеге асыру - мемлекеттік жастар сая-сатының негізгі мақсат-мүддесі осылар болуға тиіс» -деп нақтылап берді. Университет өміріне қатысты шараларды атқару барысында студенттердің өзін-өзі басқару мүмкіндігіне қол жеткізілген. деген өз ой-пікірлерін білдіріп, еркін көсіпкерлік негіздерімен танысады. Студенттердің өз қүқықтарын білуіне, психологиялық кеңес алуына «Сту-денттердің заң клиникасы» көмектеседі. ҚазҮУ - Қазақ-стан Республикасындағы демократиялық әдіспен білім беру аясында мүндай деңгейге ең алғаш қадам жасаған оқу орны.

Университетте студенттерге тек кәсіби білім беріп қана қоймай, сонымен қоса оларды Отанын, елін сүю, оның патриоты болу бағытында тәрбиелеуге аса зор мән беріледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Домбыра құрылымы
Қазақ ертегілерінің дамуы
Домбыраның физикалық қасиеті
Домбыра философиясы
Архетиптік ұғымдардың ХІХ ғасырлардағы ақын-жыраулар туындыларында көрініс
Архетиптік ұғымдардың ХІХ ғасырлардағы ақын-жыраулар туындыларында көрініс беруі
Махамбет өлеңдерінің жанрлық ерекшеліктері
Астана қаласының тарихы
Ізденістің әдіснамалық негізі
Асыл мұра сән үлгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz