Азаматтық құқық бойынша өкілдік беру


Реферат

Азаматтық құқықтағы өкілдік Қазақстан Республикасының азаматтық құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен оның әкімшілік-аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.

Тақырыптың актуальдылығы қазіргі қолданыстағы заң бойынша өкілдердің өкілеттігі мен іске қатысу мәселелері практика жүзінде азаматтық құқықта қалай қолданылатынын өкілдік ұғымына түсінік бере отырып салыстыра қарау болып табылады.

Дипломдық жұмыс 4 тарау, әр тарау бірнеше тармақшадан тұрады. Кіріспе бөлімде өкілдік беру қандай жағдайда беріледі және оның қандай түрлері бар, осыларға жалпылай шолу жасай келіп, қорытынды бөлімде өкілдік пен сенімхаттың бірімен бірінің байланысын, олардың қазіргі кезеңдегі нарықтық жағдайдағы маңызын, рөлін және жалпы жағдайы көрсетеді.

Диплом жұмысы бойынша негiзгi түсiнiктер тiзбесi: " өкілдік", "заңды өкіл", "шартты өкіл", "комерциялық өкіл", "сенімхат", "сенім білдіруші", "құқықтық қабiлеттiлiгi", "әрекет қабiлеттiлiгi", "үшiншi жақтар", "дербес талап қоятын үшiншi жақтар", "дербес талап қоймайтын үшiншi жақтар", "тиiстi тараптар", "тиiстi емес тараптар", "тиiстi емес талапкер", "тиiстi емес жауапкер".

Диплом жұмысын орындау барысында ғылыми iзденiстер арқылы өкілдің істі мәні бойынша қарауға қатысуы, өкілдің сот жарыссөзіне қатысуы, апелляциялық сотыдағы өкілдің қызметы, заңды күшіне енген сот шешімдерін қайта қарауға қатысуы, атқару өндірісіндегі өкілдің қызметі және баска да сұрақтар қаралды.

Дипломдық жұмыстың жалпы көлемі 60 бет,

Глоссарий

Өкілдік - Азаматтық құқықта бір адамның екінші адамның атынан жасаған мәмілелері немесе басқа да заңдық маңызы бар әрекеттері (мысалы, сотқа талап-арыз беру немесе сот отырысына қатысу) тікелей екінші адам үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызатын, өзгертетін немесе тоқтататын құқықтық қатынастары

Өкіл - Басқа адамның мүдделері үшін мәміле жасайтын адам

Сенім білдіруші немесе өкілдік беруші - оның мүддесіне мәміле жасалатын адам

Үшінші жақ - Сенім білдірушінің (өкілдік берушінің) мүдделері үшін өкіл мәміле жасайтын адамдар

Коммерциялық өкіл - кәсіпкерлер өкілдік беруші адаммен еңбек қатынастары жоқ, өкілдік беруші адаммен жазбаша түрде жасасқан шарттың негізінде жұмыс жүргізетін, өзінің қызметі үшін сыйақы алатын және өзіне берілген тапсырманы орындауда әдеттегі кәсіпкердің қамқорлығындай әрекет етуге міндетті кәсіпкерлік қызмет саласында шарт жасасуда кәсіпкерлердің атынан ұдайы және өз бетінше әрекет ететін адам

Заңды өкілдік белгілі бір адам кемістіктерінің немесе әрекетке қабілетсіздігінің орнын толтыру қажет болатын жағдайларда пайда болатын өкілдік қатынастардың басталуына себепші болатын оқиғалар, мысалы, заң баланың туылуына байланысты ата-аналарға берілетін өкілдік

Сенімхат - бір адамның (сенім білдірушінің) өз атынан өкілдік ету үшін екінші (сенім білдірілген) адамға берген жазбаша уәкілдігі.

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І. Азаматтық құқық бойынша өкілдік беру ұғымы

1. 1. Өкілдік беру түсінігі мен элементтері . . . 5

1. 2. Өкілдік қатынастардың субъектілері . . . 7

1. 3. Өкілдік өкілеттіктері . . . 10

ІІ. Өкілдің өкілдік беруші адамның мүддесіне заңдық мәмілелер жасауы

2. 1. Өкілдікті беру келісім шартының ерекшеліктері . . . 12

2. 2. Өкілдікті беру келісім шартының кезеңдері . . . 16

2. 3. Сенімхатты құқықтық реттеу . . . 19

ІІІ. Өкілдік беру келісім шартының түсінігі.

3. 1. Өкілдік беру келісім шартының мазмұны . . . 27

3. 2. Өкілдік берушінің міндеттері . . . 29

3. 3. . Өкілдіктің пайда болу негіздері және түрлері . . . 32

3. 4. Коммерциялық өкілдік - өкілдіктің ерекше түрі . . . 35

ІV. Азаматтық құқықтағы өкілдік институты мен соттағы өкілдіктің айырмашылықтары мен ұқсастықтары . . . 38

Қорытынды . . . 52

Қолданылған әдебиеттер . . . 58

Кіріспе

Жалпы ереже бойынша, азаматтық құқық субъектілерінің басқа тұлғалардың - өкілдіктің жәрдеміне жүгінбей-ақ мүліктік айналымға өз бетінше қатысу мүмкіндігі болады. Солай болса да, азаматтық айналымда өкілдік институты кеңінен қолданылады. Атап айтқанда, мысалы, заңға байланысты, тікелей қатысуына әрекет қабілеттілігінің жоқтығы немесе өзге де өмірлік нақты мән-жайларға байланысты өкілдік беруші адам өзінің құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыра алмайтын, науқастығына, жұмысбастылығына және т. с. с. байланысты өзі қатыса алмайтын жағдайларда өкілдіктің қажеттігі туады. өкілдің арнайы білімін, біліктілігін немесе тәжірибесін пайдалану үшін өкілдер қызметіне жүгінетін бірқатар жағдайлар бар (мысалы, бағалы қағаздар рыногында мәмілелер жасауда өкілдік ету және т. с. с. ) . Азаматтық құқықта бір адамның екінші адамның атынан жасаған мәмілелері немесе басқа да заңдық маңызы бар әрекеттері (мысалы, сотқа талап-арыз беру немесе сот отырысына қатысу) тікелей екінші адам үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызатын, өзгертетін немесе тоқтататын құқықтық қатынастар өкілдік деп аталады. Басқа адамның мүдделері үшін мәміле жасайтын адам өкіл деп, оның мүддесіне мәміле жасалатын адам - сенім білдіруші немесе өкілдік беруші деп, ал сенім білдірушінің (өкілдік берушінің) мүдделері үшін өкіл мәміле жасайтын адамдар - үшінші жақ деп аталады.

Өкілдікті құқықтық реттеу азаматтық құқыққа тән және көптеген ережелері бойынша көптеген елдердегі реттеулерге ұқсайды. Мүліктік айналымда өкілдік айтарлықтай кең қолданылады, бірақ оның қолдануында кездесетін ерекшеліктерді атап көрсету қажет. өкілдің өзі ғана жасай алатын мәмілелерде, сондай-ақ заң актілері бойынша өкілдің жеке қатысуы көзделген мәмілелерді жасаудың не олардың өкіл арқылы жасалуына тыйым салынатын мәмілелерде өкілдік қолданылмайды. өсиет қағазды толтыру өкіл арқылы жасауға тыйым салынға мәміоеге мысал бола алады. Егер өсиет қалдырушы қандай да бір себеппен өсиетке қол қоя алмаса, онда оған нотариустың немесе өсиетті куәландырушы адамның қатысуымен өсиет қалдырушының қол қоя алмауының себептерін көрсете отырып, басқа азамат қол қояды. Қол қойған адам өсиет қалдырушының өкілі емес, оның еркін қағаз бетінде белгілі бір құралмен бейнелеуші болады.

Дамудың демократиялық принциптерін қамтамасыз етуде азаматтық құқықта өкілдіктің, өкілдердің, оның ішінде заңды, шартты, комерциялық -өкілдердің алатын орны ерекше. Ол ең алдымен қоғамның әртүрлі салаларында жиі-жиі кездесіп тұратын заңсыздықтарды болдырмау үшін күреседі. Ал қазіргідей өтпелі кезеңде, орын алып отырған келеңсіздіктермен қатар күні кеше ауылшаруашылығында жүргізілген жекешелендіру барысында туындаған проблемалар және әртүрлі жеке фирмалар мен ЖШС-тер өмір сүріп жатқан қазіргі кезеңде орын алып жатқан заңсыздықтардан аяқ алып жүре алмайсың. Сонымен қоса тергеу, тексеру, жауап алу барысында құқық қорғау орындары тарапынан жіберіліп жатқан заңсыздықтар да аз емес.

Соңғы кездері әлеуметтік көмек мәселесі көп проблемаларды туындатып отыр. Көп жағдайларда әлеуметтік көмекті мүшелерінің заң талаптарын жете білмеуі салдарынан кейбір азаматтарға тиесілі әлеуметтік көмек көрсетілмей келеді. Немесе керісінше, алуға тиісті емес азаматтар көмек алып жатады. Әрине, соңғыларына көп жағдайларда қылмыстық іс қозғалатыны да заңды құбылыс. Бірақ, соған тек әлеуметтік көмек алып жүрген адам ғана кінәлі ме? Міне, осындай кездері адвокат -өкілдердің атқаратын рөлі зор.

Азаматтардың өздерінің істерін өздері жеке жүргізуге көптеген жағдайларда мүмкіндіктері бола бермейді. Олар басқа қалада өтетін сот отырысына өздерінің күнделікті шаруасынан қол үзіп барулары керек болады, сондай-ақ ертедегі римдіктердің айтуы бойынша, «өз істерін жеке жүргізу ауруда, жасының келуі де, аяқ астынан жолсапарларда және көптеген басқа себептерде кедергі келтіреді демекші, шын мәнісінде барлық уақытта ойлағанындай, барам деген жеріңе бара алмайсың, айтсам ба деген ойыңды айта алмайсың. Сондықтан кейбір нақты іс-әрекеттерді атқару үшін басқа адамдарға өз атыңнан өкілдік беріп, өз істеріңді атқаруды тапсыру қажеттілігі туындайды яғни соттағы іс-әрекетіңді атқару соттағы өкілдік дегеніміз - бір тараптың яғни өкілдің екінші тараптың, яғни екінші өкілдік берушінің мүддесін қорғап соның атынан іске қатысуы.

Күнделікті өмірде өз істерін табысты жүргізу үшін заңдарды жақсы біліп және сот өндірісінің формальдылығын жете сезініп түсінумен қатар, өз ойын анық бір-бірімен байланыстыра жеткізе білуі керек. Бірақ кез-келген азамат мұндай білімдер мен қасиеттерге ие емес. Осылардың негізінде қажетті заң көмегін алуда сот істерінде тек қана кеңестер беріп қоймай, сот ісін де өзінің сөзімен, сөйлеу өнерімен алып шығатын адамның қажеттігі туады. Сот ісіне қатысып отырған заң көмегін беруші тараптың әрекетіне қосымша оның атынан іс жүргізу құжаттарын толтырып, сот жарыссөзінде азаматтың құқығымен мүддесін қорғап сөйлеуін құқық қорғау деп атайды.

Шынында, құқық қорғау соттағы өкілдіктің жеке оқиғасы іспеттес. Бірақ, егер өкіл негізінен өкілдік берушіні толық ауыстырады, ол юрист-консульт, яғни заң кеңесшісі құқық қорғаушы өкіл берушіні ауыстырмай-ақ бірақ оған іс жүргізуде көмектесе отырып, сот өндірісінде жеке маңызды рөлге ие болады.

І. Азаматтық құқық бойынша өкілдік ұғымы.

1. 1. Өкілдік беру түсінігі мен элементтері.

Азаматтық құқық және міндеттерді жүзеге асыру үшін жеке және заңды тұлғалар, азаматтық құқық қатынастарын тоқтату немесе өзгерту олардың пайда болуына тап болатын қызметтерді атқарып беретін тұлғаларға әрқашанда оралуға міндетті. Мұндай қатынастардың түрін өкілеттілік деп атайды. Өкілеттілік қатынастары түрлі негіздер бойынша пайда болуы мүмкін, соның ішінде келісім шарт бойынша өкілеттілік қатынастарын тудыратын келісім шарттың ең көп тарағаны өкілеттілікті беру келісім шарты болып табылады.

Басқа адамның (өкілдік берушінің) атынан бір адамның (өкілдің) сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне, не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттілі күшімен жасаған мәмілесі өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді, және тоқтатады.

Өкілеттік өкілдің (бөлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир және т. б. ) әрекет жасаған жағдайынан да көрінуі мүмкін.

Өкіл жасаған мәміле бойынша тікелей өкілдік берушіде құқықтар мен міндеттер пайда болады.

Өкіл жеке өзіне қатысты да, сонымен бірге өзі өкілі болып табылатын басқа адамға қатысты да өкілдік берушінің атынан мәмілелер жасай алмайды.

Басқалардың мүдделері үшін болса да өз атынан әрекет ететін адамдар (коммерциялық делдалдар, мұрагерлік кезінде өсиетті орындау тапсырылған адамдар және т. б. ) сондай-ақ болашақта жасалуы мүмкін. Мәмілелерге қатысты келіссөз жүргізуге уәкілдік берілген адамдар өкілдер болмайды.

Сипаты жөнінен тек жеке өзі ғана жасауға болатын мәмілені сондай-ақ заң құжаттарында көзделген реттердегі басқа да мәмілелерді өкіл арқылы жасауға жол берілмейді. 1

Өкілдің өкілдік беруші адамның мүддесіне заңдық мәмілелер жасауы өкілдіктің елеулі қызметі болып табылады. Заңдық маңызы бар әрекеттерді жасау белгісі жөнінен өкілдіктің барлық өзге қатынастардан айырмашылығы бар, өйткені оларда бір тұлға екінші тұлғаны алмастырады (мысалы, заңды тұлғаның құқық қабілеттілігін оның органы - директор, басқарма арқылы жүзеге асыру) немесе оған іс жүзінде көмектеседі (мысалы, ақылы көмек көрсетеді, мердігерлік жұмыстарды жүзеге асырады, тауарларды өткізеді немесе делдалдық қызмет көрсетеді) .

Заңды әрекеттерді жасау өкілдік берушінің еркін қайталауды ғана емес, өзінің дербес еркін көрсетуді де талап етеді. Сондықтан өкілдік ұғымына тек өзін жіберген тұлғаның еркін жеткізетін және өз бетінше өзінің екін білдірметін, заңдық әрекеттер жасамайтын құрал ғана болып саналатын уәкілдің, шабарманның қызметі кірмейді. 2

Өкілдік өкілдің сенім білдіруші адамның атынан мәміле жасалуын көздейді. Мәмілені сенім білдірушінің мүддесі үшін, оның есебінен, бірақ өз атына комиссионер жасайды, ал шарттың тиісті талаптары болғанда - сенімгер басқарушы да жасайды. Көп ретте комиссия жөніндегі қатынастарды, АК-ның 163-бабындағы тікелей өкілдік мағынасынан өзгеше, жасырын өкілдікке жатқызады. Бірақ комиссияның шарты бойынша қатынастарда өкілдіктің мәнді белгілері жоқ. Комиссияның өкілдікпен экономикалық белгілері бойынша ғана ұқсас белгілері бар - басқаның есебінен әрекет жасау, бірақ заңдық белгісі бойынша емес, өйткені оның мәні өкілдік білдірушінің атынан әрекет ету болып табылады. Сондықтан комиссия және өкілдік бойынша қатынастардың салдары бір-бірінен айтарлықтай өзгеше болады, бұл комиссияны өкілдікке жатқызуға мүмкіндік бермейді. Басқалардың мүддесі үшін болса да, өз атынан әрекет ететін адамдар өкілдер бола алмайды. Сондықтан, мысалы, сенімгер басқарушының, уәкілетті адамның өз атынан әрекет ету қызметі өкілдік болмайды.

Өзге адамның мүдделері үшін жүзеге асырылатын, бірақ сол үшін азаматтық-құқықтық салдары болмайтын қызмет те өкілдік бола алмайды, өйткені өкілдіктің мәнді белгісі өкілдің заңдық мәмілелер жасауы болып табылады. Мысалы, оларға өзге адамның атынан мәміле жасауы болып табылады. Мысалы, оларға өзге адамның атынан мәміле жасау емес, мәмілелер жасауға көмектесу тапсырылатын коммерциялық делдалдардың қызметі немесе болашақта жасалатын мәмілелерге, азаматтық-құқықтық шарт болып есептелмейтін ниет хаттамасына қол қоюға байланысты келіссөздерге қатысу тапсырылатын адамдардың (атап айтқанда, лауазымдық міндетіне осындай жұмыстарды жүргізу кіретін заңды тұлға қызметкерлерінің) қызметі өкілдік бола алмайды.

1. 2. Өкілдік қатынастардың субъектілері.

Өкілдікте өкіл, өкілдік беруші (сенім білдіруші) және үшінші тұлға арасында қатынастар туындайды. Өкілдікте және өкілдіктің көмегімен жасалған мәміле бойынша қатынастардың тууы үшін үш тұлғаның бірлескен және үйлесімді еркі болуы қажет: өкілдік беруші адам арқылы құқықтар мен міндеттерді белгілеу үшін - өкілдің; өкілдік беруші адаммен қатынас орнату үшін - үшінші адамның; өкіл арқылы мәміле жасауға өз келісімін ертерек немесе кешірек беру үшін - өкілдік берушінің еркі болуы керек.

Өкіл мен өкілдік беруші адам арасындағы құқықтық қатынас өкілдіктің өзі болады, оны ішкі қатынас деп атайды. өкіл мен үшінші адам арасындағы қатынас сыртқы қатынас болады, ол өкілдік бойынша өкілеттікті жүзеге асыру болып табылады, оның дербес сипаты жоқ, өйткені өкілдіктің мәні - өкіл жасаған мәміле бойынша тікелей өкілдік берушіде құқықтар мен міндеттер пайда болады. Бір тарабы өкіл болатын мәміледе өкілдік беруші адам құқықтар мен міндеттер субъектісіне айналады, ал үшінші жақ үшін өкіл фигурасының айтарлықтай мәні болмайды, өйткені үшінші жақ өкіл арқылы тікелей өкілдік берушімен құқықтық қатынас онатады. өкілдің мәмілесі - бұл заңдық факт, ол өкілдік беруші мен үшінші адам активті және пассивті субъектілері болып табылатын қатынастарды туғызады. өкіл өкілдіктің жәрдемімен орнатылатын қатынастардан тыс қалады және онда ешқандай құқықтарды немесе міндеттерді иеленбейді. 3

Құқықтар мен міндеттер субъектісі өкіл емес, өкілдік беруші адам болатындықтан, онда жалпы азаматтық құқық қабілеттіліктің болуы талап етіледі. Жалпы ереже бойынша, азаматтық айналымның кез келген субъектісі - заңды тұлға немесе әрекет қабілеттілігінің күйіне қарамастан, азамат өкілдік беруші адам қызметін атқара алады. Сонымен бірге, бұл жалпы ережеден бірқатар ерекшеліктер бар. атап айтқанда, бірқатар жағдайларда заң мәмілелердің жекелеген түрлері бойынша тараптарға белгілі бір тараптар қояды, мысалы, банк, қамсыздандыру және өзге де лицензияланатын қызметті жүзеге асырудан туындайтын мәмілелерді жасауға арнайы лицензия болудың қажеттігі және осы жағдайда өкілдік беруші адам жеке өзі немесе өкіл арқылы мәміле жасау үшін лицензия алуға тиіс. өкіл арқылы мәміле жасауға қажетті келесі ерекшелік айналым қабілеті шектеулі мүлікпенмәміле жасауға қатысты шектеулерден туындайды, мысалы, ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді шетелдіктердің меншігіне сатып алуына тыйым салу, аңшылық жасау қаруларын сатып алу үшін арнайы рұқсаттың болуы және т. с. с. Бұл жағдайда да өкілдік беруші адам заңның осындай мәміленің тараптарына қоятын талаптарына сай болуы тиіс.

Сонымен бірге мынаны атап көрсету қажет: әрекетке қабілетсіз азаматтар өз беттерінше мәмілелер жасауға құқысыз болатындықтан, жалпы азаматтық құқық қабілеттілігін иелене тұра, өкіл арқылы өз беттерінше мәмілелер жасай алмайтын себепті олардың өкілдік етуіне жол бермейді. Құқық қабілеттілігіне заң немесе жарғы арқылы белгілі бір шектеулер қойылуына байланысты заңды тұлға өз бетінше жасай алмайтын мәмілені өкілдік арқылы жасауға жол берілмейді, мысалы, мемлекеттік кәсіпорындардың өз беттерінше және өкіл арқылы кәсіпорынның негізгі қрларына жатқызылатын мүлікке қатысты мәмілелер жасауға құқығы жоқ, не заңды тұлға мәміле жасау үшін өз жарғысының ережелеріне сәйкес белгілі бір органның (мысалы, байқау кеңесінің) рұқсатын алуға міндетті. 4

Егер өкілдік беруші адамда заңның белгілі бір мәмілелерге немесе азаматтық айналымның белгілі бір субъектілеріне қоятын құқық қабілеттіліктің болуы қажеттігі туралы ережесі бұзылатын болса, онда өкілдің жасаған мәмілесі жарамсыз деп танылады және өкілдік беруші мен үшінші жақ үшін заңдық құқық қатынастар тумайды. сондықтан, мысалы, егер өкілдік беруші адам шетелдік болса, ауылшаруашылық мақсатындағы жер учаскесін меншікке сатып алуды көздейтін мәміле жарамсыз болады, өкілдің азаматтығының бұл жағдай үшін ешқандай маңызы болмайды. Егер бұл ұйымдардың осындай мәмілелерді жүзеге асыруына тыйым салынған болса, мысалы, банктердің немесе қамсыздандыру ұйымдарының өкіл арқылы жасаған және материалдық құндылықтармен сауда жасауды жүзеге асыруға бағытталған мәмілелері жарамсыз болады.

Өкілдіктегі сыртқы қатынастың өкілдік үшін, атап айтқанда, өкілдік беруші мен үшінші жақ арасындағы өзара қарым-қатынас мәселелерінде айтарлықтай мәні болатыны даусыз. өкіл мәміле жасау арқылы өкілдік берушінің атынан және өзіне берілген өкілеттік шегінде өзінің еркін білдіретіндіктен, ол шарттарда тікелей контрагент болып саналады. Сондықтан өкіл арқылы жасалған мәміленің салдарын зерттеуде, мысалы, сенім білдіруші мен үшінші жақ арасында туған дауларбойынша салдарды зерттеуде (атап айтқанда, алдау, зорлық-зомбылық көрсету, қорқыту арқылы жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тануда) сенім білдірушінің емес, өкілдің еркінің себептері назарға алынуы тиіс. мәселен, сатып алу-сату шартын жасау кезінде сатушы сатып алу-сату объектісінің кемістіктері жөнінде өкілге ескертпегендіктен, бұл мән-жай жасалған мәміленің салдарына ықпал ететін болады, өкілге сатып алу бағасын тиісінше кемітуді, залалдың орнын толтыруды және т. с. с. талап етуге құқық береді. 5

Өкілдің өз еркін білдіруі талап етілгендіктен, жалпы азаматтық әрекет қабілеттілігі бар адам өкіл ретінде әрекет ете алады, яғни заң бойынша шартқа қатысуға тыйым салынбаған адам ғана өкіл бола алады. Сондықтан сот арқылы әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтар өкіл бола алмайды. Кәмелетке толмағандар, әрекетке қабілетсіз және қабілеттілігі шектеулі азаматтар өздері дербес жасай алатын мәмілелер бойынша ғана өкіл болуға құқылы. Ал мәміле бойынша, өкілдік беруші адамда құқықтар мен міндеттердің пайда болуы өкілде белгілі бір мәмілелерді жасау үшін қажетті лицензияның болуын талап етпейді. өкілдің - заңды тұлғаның арнайы құқық қабілеттілігі де олардың құқық қабілеттілігінің көлеміне кірмейтін мәмілелерді жасауына кедергі бола алмайды, өйткені олар жасаған мәміле бойынша өкілдік берушіде құқықтар мен міндеттер пайда болады.

1. 3. Өкілдік өкілеттіктері.

Өкілдің жасауына рұқсат етілген мәмілелер ауқымын өкілеттік деп атайды. өкілеттік өкіл үшін ғана емес, сондай-ақ оның өкілдік берушінің атынан құқықтық қатынас орнататын адамдары үшін де міндетті, өйткені кейін оларды өкілдік беруші мақұлдайтын жағдайлардан басқа реттерде өкілеттігі жоқ немесе өкілеттігі көп өкілдік заңдық салдар туғыза алмайды. Сондықтан, жалпы ереже бойынша, өкілдің өкілеттігі оларды үшінші жақтың танысуына және тексеруіне болатын әдістермен бекітіледі. 6

Өкілдің өкілеттігі, әдетте, өкілдікке негіз болған заңдық фактінің мазмұнынан туындайды.

Филиалдың басшысын немесе заңды тұлғаның өкілдігін тағайындауға негізделген өкілдікте заңның талаптарына қарай өкілдік функцияларын жүзеге асыру үшін басшыға сенімхат берілуі қажет. Бұл жағдайда өкілдің өкілеттіліктері сенімхатта көрсетіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сотта өкілдік ету тәртіптері
Азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда болуының негіздері
Өкілдің өкілеттілігі және оның туындау негіздері
азаматтық құқықтағы өкілдік түсінігін ашу және оны сипаттау
Азаматтық құқық туралы ұғым
СЕНІМХАТ ЖӘНЕ ӨКІЛДІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Азаматтық құқық туралы ақпарат
Өкілдіктің түсінігі мен маңызы. Сенімхат
Сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар
Азаматтық құқықтағы өкілдік жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz