Аралды апаттан қорғау шаралары
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. Арал теңізінің тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2. ХХ ғасырдағы зерттеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3. Мелиорацияның экологиялық
және экономикалық проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4. Теңіздің экологиялық апаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5. Аралды апаттан қорғау шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Қазіргі кезде табиғаттағы тиімді пайдалану және оны қорғау дүние жүзілік маңызы зор проблемалардың қатарына көтеріліп отыр. Арал теңізінің экологиялық ландшафталық проблемалары осы жүйедегі бүгінгі таңда әлі шешімі табылмаған күрделі мәселелердің бірі болып саналады. Арал теңізі жайлы соңғы толық зерттеулер 1946-1950 жылдарға жатады. Ол мәліметтер бойынша теңіз көлемі 66 мың км, ең ұзын бөлігі 424 км, ал ең енді бөлігі 292 километр орташа тереңдігі 16,1 м. Теңіздің шығыс бөлігі тайыз деп саналған. Тек жағадан 60 км ұзағанда барып, оның тереңдігі 10 метрге жеткен. Судың тұздылығы 10-11 процент. Теңіздің су балансының кірісінде өзен суларының үлесі 52 км, атмосфералық жауын-шашын 5,3 км, ал шығынның басым бөлігі булануға кетеді (57,7 км). Маусымдық су деңгейінің орташа ауытқуы 25 см деп есептелген , ал оның көп жылдығы (ғасырлық) 3 метрдей. 1960 жылы Арал теңізінің абсолют биіктігі 53,4 м болса, ол 1967 жылы 51,66 метрге дейін төмендеді. Өзен суының 90 процентін суландыруға пайдаланғанда, теңіз деңгейі 12 метрге төмендегені байқалды. Бұдан теңіздің деңгейі оған құятын Амудария мен Сырдария өзендерінің келетін су мөлшеріне байланысты екені көрінеді. Елімізде шөлді аудандарды суландыру нәтижесінде күріш, мақта өсіру, олардың егіс көлемдерін ұлғайту шаралары Арал теңізінің негізгі су қоры боп саналатын Амудария мен Сырдария өзендерінің суларын пайдалануды қажет етті. Бұл екі өзен сол өлкедегі суармалы жерлердің 50 процентін сумен қамтамасыз етеді. Бүкіл еліміздегі мақтаның 90 проценті, күріштің үштен бірі осы алқапта өсіріледі. Сондықтан да соңғы 30 жыл ішінде екі өзеннің суы түгелдей ауыл шаруашылық мақсатында жұмсалды. Суғару жүйесінің дұрыс пайдаланылмағандығынан судың құмға сіңіп, ысырап болуы да кездеседі. Сонымен қатар бұл өзендердің бойында гидротехникалық құрылыстардың салынуы да Арал теңізіне және оған көршілес территорияларға кері әсерін аз тигізген жоқ. Осыған сәйкес Арал теңізі жайлы қазіргі уақытта газет-журнал беттерінде мәселелер көтеріліп, оны қалпына келтіру ісіне бүкіл ел болып үн қосудың үлкен бір сыры осында.

Пайдаланған әдебиеттер
1. Арал тағдыры. – Алматы: Қазақстан, 1989.
2. Аралым–арым,Балқашым–бағым./ Алматы:Қайнар, 1988 жыл.
3. Арал тағдыры – адамзат тағдыры: Ашхабаттағы басқосуда Арал мәселесіне айрықша назар аударылды// Егемен Қазақстан. – 1999. – 10 сәуір.
4. Әбдіхалықова Б. Арал зардабы ана мен балада: көкейкесті мәселе // Денсаулық . – 1999. -№3. -2-3 бет.
5. Бектібаев Р. Арал теңізінің болашағы қандай болмақ? // Егемен Қазақстан. – 1999. – 16 сәуір.
6. Ережепова Ғ. Экология – ел тағдыры// Атамекен. – 2002. – 10 шілде.
7. Нұрышев А. Арал мен халық тағдыры біртұтас: Халықаралық Аралды құтқару қорына 10 жыл// Атамекен . – 2003, - 12 қараша.

Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. Арал теңізінің
тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...
2. ХХ ғасырдағы
зерттеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...
3. Мелиорацияның экологиялық
және экономикалық
проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4. Теңіздің экологиялық
апаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5. Аралды апаттан қорғау
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .
Кіріспе
Қазіргі кезде табиғаттағы тиімді пайдалану және оны қорғау
дүние жүзілік маңызы зор проблемалардың қатарына көтеріліп отыр.
Арал теңізінің экологиялық ландшафталық проблемалары осы жүйедегі
бүгінгі таңда әлі шешімі табылмаған күрделі мәселелердің бірі
болып саналады. Арал теңізі жайлы соңғы толық зерттеулер
1946-1950 жылдарға жатады. Ол мәліметтер бойынша теңіз көлемі 66
мың км, ең ұзын бөлігі 424 км, ал ең енді бөлігі 292
километр орташа тереңдігі 16,1 м. Теңіздің шығыс бөлігі тайыз
деп саналған. Тек жағадан 60 км ұзағанда барып, оның тереңдігі
10 метрге жеткен. Судың тұздылығы 10-11 процент. Теңіздің су
балансының кірісінде өзен суларының үлесі 52 км, атмосфералық
жауын-шашын 5,3 км, ал шығынның басым бөлігі булануға кетеді
(57,7 км). Маусымдық су деңгейінің орташа ауытқуы 25 см деп
есептелген , ал оның көп жылдығы (ғасырлық) 3 метрдей. 1960 жылы
Арал теңізінің абсолют биіктігі 53,4 м болса, ол 1967 жылы 51,66
метрге дейін төмендеді. Өзен суының 90 процентін суландыруға
пайдаланғанда, теңіз деңгейі 12 метрге төмендегені байқалды. Бұдан
теңіздің деңгейі оған құятын Амудария мен Сырдария өзендерінің
келетін су мөлшеріне байланысты екені көрінеді. Елімізде шөлді
аудандарды суландыру нәтижесінде күріш, мақта өсіру, олардың егіс
көлемдерін ұлғайту шаралары Арал теңізінің негізгі су қоры
боп саналатын Амудария мен Сырдария өзендерінің суларын
пайдалануды қажет етті. Бұл екі өзен сол өлкедегі суармалы
жерлердің 50 процентін сумен қамтамасыз етеді. Бүкіл еліміздегі
мақтаның 90 проценті, күріштің үштен бірі осы алқапта
өсіріледі. Сондықтан да соңғы 30 жыл ішінде екі өзеннің суы
түгелдей ауыл шаруашылық мақсатында жұмсалды. Суғару жүйесінің
дұрыс пайдаланылмағандығынан судың құмға сіңіп, ысырап болуы
да кездеседі. Сонымен қатар бұл өзендердің бойында гидротехникалық
құрылыстардың салынуы да Арал теңізіне және оған көршілес
территорияларға кері әсерін аз тигізген жоқ. Осыған сәйкес Арал
теңізі жайлы қазіргі уақытта газет-журнал беттерінде мәселелер
көтеріліп, оны қалпына келтіру ісіне бүкіл ел болып үн
қосудың үлкен бір сыры осында.
Арал теңізі қайталанбас географиялық обьект болып табылады
және айналасындағы территорияны қоса алғанда бір тұтас күрделі
экологиялық жүйені құрайды. Бұл жүйедегі өзгерістерді болжау
географиялық комплексті зерттеулерді қажет етеді. Арал маңы мен
құрғаған теңіз табанының табиғи комплекстерінің қалыптасуы
мен дамуына қазіргі кезде экзогенді процестер күшті әсер етуде.
Олардың ішінен эолдық тасымалдануы, диффляция, галогеохимиялық
процестер ерекше атауға болады. Арал теңізінің деңгейінің
төмендеуі Арал маңынын экосистемаларындағы өнімділіктің
төмендеуі, топырақ түзілуінің бәсеңдеуі сияқты құрылымдық
өзгерістерге әкеп соқты. Арал теңізі деңгейінің төмендеуіне
және Шығыс Арал маңының шөлденуіне суармалы жерлердің көлемін
ұлғайту ғана емес, сонымен қатар Амудария мен Сырдарияның
жоғары және орта ағыстарында суды тиімсіз пайдалану да
кері әсерін тигізді. Бұрын жиі болып тұратын су
тасқындары қазір жоқ, ұсақ көлдер кеуіп қалды, өзен
суының минералдануы (2,5 гл) күшейді. Аралға құятын
Жаңадария өзенінің құрғап қалған арнасының бойында -
километрге созылған тақырлы жазықта көлемі мың га
болатын қара сексеуілді орман болатын. Мұнда су Сырдария толысқан
кезде келетін. Қазіргі кезде Жаңадарияның арнасында су
келмегендіктен, бұл орман жойылып барады. Теңіз суының азаюына
байланысты оның тұздылығы артуда. Теңіздің құрғаған табанынан
ұшқан тұз теңізден километрге дейінгі аймаққа түгел
таралып,теңіз тұзды боранның орталығына айналуда.Тұз ауыл шаруашылығына
зиян келтірумен қатар, бұл өлкенің онсыз да кедей табиғи
өсімдік жамылғысын құртуда. Осындай шешімі қиын күрделі
экологиялық дағдарыстың мәнін түсіну үшін Арал теңізі
табиғатының бұрыңғы жайына, оны зерттеудің тарихына көз салу
да артық емес.
Арал теңізінің тарихы.
Ежелгі заманның өзінде Арал теңізі көп елдерге мәлім болған.
Ежелгі гректер мен римдіктер Арал теңізі жайлы білген, оны
Каспийдің “Скифтік шығанағы” деп атаған. С.П. Толстов: “Каспий
теңізінің скифтік шығанағы антик авторларының түсінігінше,
қазіргі Арал теңізі орналасқан террриторияны қамтып, шығысқа
қарай созылып жатады. Антик дәуіріндегі әдебиеттерде “Окс
көлі”, “Окс батпағы” деген түсініктер кездеседі. Бұлар да Арал
теңізі болуы мүмкін”,– дейді.
Ал Плиний: “Окс пен Яксарат Согди жерінен скиф шөлін баса
ағып барып, скиф шығанағына құяды”,–деп жазған. Ерте дүниенің
үлкен ғалымы Клавдий Птолемей де Арал теңізі жайлы деректер
қалдырған. Ол Сагди тауларынан ағып Каспий теңізіне құятын
(Птолемей солай түсінген) Окс пен Яксарат өзендерінің аралығында
жатқан Оксиан көлін атайды. Көл оның картасында да көрсетілген.
Византия елшісі Земарх Килиский түрік қағанына барған
сапарында “Көлдің құмды жағалауларымен 12 күн бойы өткенін”
жазған. Совет академигі В.Бартольд бұл көл Арал теңізі болар
деп жорамалдайды. Арал теңізі туралы IХ және Х ғасырлардағы
араб ғалымдары– Ибн-Хордадбек, Ибн-Рустен, Масуди, Истахри, Ибн-
Хаукльдің келтірген мәліметтер аса құнды. Бұл еңбектерде сол
кездегі Аралдың көлемі мен жағаларының пішіні туралы
мағлұматтар алуға болады. Ибн-Хордадбек “Китаби-ал-масалик-вал-
мамлик” (Саяхаттар мен мемлекеттер кітабы”) атты еңбегінде
Амударияны Жейхун, Арал теңізін Курдер көлі деп аталады.
Ибн-Рустеннің Амудария мен Арал теңізі туралы жазғандары
неғұрлым нақты, оның мәліметтер бойынша, Арал теңізінің
көлемі 80 фарсах (6 км), теңіздің батыс жағалауындағы жоталары
сиякух (қара таулар) деп аталады. Өйткені оның батыс жағалауы
биік келеді, кейбір нүктелердің биіктігі – 190 метрге жетеді.
Ибн-Хаукальдің Жанкент қаласы Хорезм көліне құятын өзеннен
бір фарсахтай қашықтықта орналасқан деген дерегі өте маңызды.
Осыдан Л.С. Берг мынадай қорытынды жасайды: “Бұл мәліметтер Х
ғасырда Арал теңізінің көлемі мен жағалау пішіні қазіргідей
болғанын дәлелдейді, өйткені Жанакент қаласының үйінділері қазіргі
кезде теңіз жағалауынан 50 шықырымдай қашықтықта жатыр”. Л.С.Берг
айтуынша, ХIII ғасырда өмір сүрген араб авторы Бекран Х-ХII
ғасырларда Сырдария мен Амударияның сағалары қазіргі ұқсас
болғанын, ал теңіздің жағалау пішінінің қазіргі бедермен
сәйкес келетінін жазған.
Тарихи деректерге сүйенсек,Арал теңізінің деңгейі өткен мың
жылдықта әлдеқайда жоғары болатын.Бұл жөнінде мәліметтер В.В.Бартольд пен
Л.С.Берг еңбектерінде көп келтірілген. Оларда авторлардың Аралды
ірі су айдыны ретінде сипаттағаны айтылды. Х ғасырда өмір
сүрген белгісіз автордың парсы тілінде жазған “Худут ал
“Алам”(“Шығыстан батысқа дейінгі әлем облыстары”) атты
қолжазбасында да Арал теңізінің сипаттамасы берілген. Мұнда
теңіздің көлемі 300 фарсахқа тең келетіні және жағалауының
құмды екені жазылған. ХI ғасырда өмір сүрген Шығыстың ұлы
ойшылдарының бірі. Әл-Бируни сол заманғы араб географтарының
жинаған мәліметтерін қорытындылай отырып, Арал теңізі мен оның
маңындағы территорияның неғұрлым толық сипаттамасын берген. Оның
жасаған картасында Арал теңізі Хорезм деген атпен көрсетіледі.
ХIV ғасырдан бастап Батыс Европада жаңа географиялық карталар
пайда болады. Соның бірі – белгісіз автордың “Каталониялық
картасы” (1375). Мұнда Каспий және Арал теңіздері көрсетілген.
Орта ғасырларда Амудария бағытын біресе Сарықамысқа, біресе Арал
теңізіне бұрып отырған. Мұның себебі әлі де ашылмай отыр.
Арал теңізі жайлы деректі мәліметтердің жиналуы негізінен,
орыс ғылымының тарихымен тікелей байланысты. Теңіз бен оның
төңірегінде алғаш рет “Үлкен сызу кітабы” мен Москва
мемлекетінің картасынан (1627) толық орын алды. Онда Арал
“Көктеңіз” деген атпен берілген. Хвалин теңізінен Көктеңізге
дейін күн шығысқа қарай 250 шықырым. Көктеңіздің ені 60
шақырым.., суы ащы делінген онда.
1696 жылы Россия үкіметі қазақ жерінің географиялық
картасын жасау міндетін қойды. Бұл жұмыс Тобылдық қызметкер
С.У.Ремезовқа тапсырылды. Ремезов екі түрлі карта жасаған.
“Бүкіл Сібір қалалары мен жерінің сызуы”, “Барлық сусыз
және өткелі аз тастақ даланың сызуы”. Арал теңізі мұның
екеуінен де орын алған.
ХVIII ғасырдан бастап Қазақстан жеріне арнаулы орыс
экспедициялары келе бастайды. Осы кезден бастап Арал жайлы
деректерде нақтылық пайда болады. Солардың бірі – 1740-1741
жылдары Сырдария мен Арал маңын зерттеуге жіберілген арнаулы
экспедиция. Экспедицияға қатысқандардың бірі – И. Муравин Арал
маңындағы рельеф формаларына сипаттама берген. Иван Муравин тұңғыш
рет Арал теңізінің Шығыс жағалауларын өте дәлдікпен арнайы сьемка жасау
нәтижесінде картаға түсірген.
Осы кезеңде өмір сүрген ғалым П.И.Рычков (1712-1777) Арал –
Каспий ауданының гидрогеографиялық жағдайына толық сипаттама берген
және осы теңізде тіршілік ететін балықтар түрін анықтаған.
Бұл салада оның 1762 жылы жарық көрген “Орынбор топографиясы”
атты кітабының маңызы зор. Ғалым сол кездегі мәліметтерді
жинақтауда көп жұмыс атқарған.
Аралдың ғылыми зерттеу тарихы XIX ғасырдан басталды. Бұл
кезеңде Қазақстанның Оңтүстігі мен Орта Азияның территориялары
Россия қарамағына қосыла бастаған еді. Осыған байланысты Арал
теңізі мен Арал маңын зерттеу жұмыстарына ерекше мән берілді.
Бұл кезеңде натуралист Э.А. Эверсман бірсыпыра маңызды мәліметтерді
берді. Ол 1825-1826 жылдары Ф.Бергтің экспедициясына
қатынасты. Э.А. Эверсман Арал-Каспий ойпатының геологиясы мен
ботаникалық-зоологиялық ерекшеліктерін көрсетті. Ол жағалаулардың физикалық-
географиялық сипаттамасын жасады. Теңіздің жағалаулары
туралы,Сырдарияның төменгі ағысындағы өзендер мен көлдер жайындағы
мәліметтерді салыстыра келіп, ғалым Арал теңізінің тартылып бара
жатқаны туралы болжам айтты. Кейіннен бұл теорияны Л.С.Берг
жоққа шығарды. 1874 жылы А.А.Тилло бастаған Орынбор отряды
Арал мен Каспий теңіздерінің аралығын нивелирледі.
Нәтижесінде Арал теңізінің деңгейі Каспий теңізінен 73 м
жоғары екені туралы дәл мәлімет берілді. 1874 жылғы Амудария
экспедиция қатысушылар Арал бассейінің физикалық географиялық,
геоботаникалық байқаулар жүргізді. Аралдың шығыс жағалауының
пішіні теңіз деңгейіннің төмен түсуіне байланысты
өзгеріп бара жатқаны туралы фактілер келтірілді. Каспий
және Арал теңіздерінің фауналарын салыстырып, зерттеу
нәтижесінде Арал бір кездерде Каспийден бөлінгені анықталды.
Сонымен бұл кезеңде Арал теңізі мен оған ұласатын аудандар
интенсивті түрді зерттелді. Геодезиялық сьемканың нәтижесінде
жаңа географиялық карталар жасалды. Теңіз бен Сырдария
өзеннің гидрогеологиясы біршама жақсы зерттелді. Арал бассейні
территориясын физикалық–географиялық және геоботаникалық
ауданға бөлудің алғашқы схемалары жасалды. [1]
ХХ ғасырдағы зерттеулер.
ХХ ғасырдың басында Россияда капитализмнің күшті дамуына
байланысты шикізат қорының аудандары қажет болды. Осыған
байланысты Арал теңізін зерттеу қайта жандандырылды. Бұл
кезеңдегі зерттеулер 1897 жылы басталады. Бұл жылы Ташкентте
Орыс географиялық қоғамының Түркістан бөлімі құрылды.[2]
Л.С.Бергтің алғашқы ғылыми зерттеулері осы қоғамның қызметімен
тығыз байланысты болды. Жас ғалым Арал теңізін зерттеу
жоспарын ұсынды. Л.С.Бергтің Арал экспедициясы (1900-1903) бассейнінің
географиялық-гидрологиялық жағдайын зерттеледі. Теңіздің өзі,
сонымен қатар оның айналасы зерттелді, метерологиялық байқаулар
жүргізілді. Осы мақсатта Л.С.Берг Сырдарияның төменгі
ағысында метестанциялар ұйымдастырды. Бұған қоса Аралдың
жағаларында геологиялық және геоморфологиялық байқаулар,
ихтологиялық зерттеулер жүргізілді. Осы жинаған мәліметтерінің
негізінде ғалымның “Арал теңізі” (1908) атты ірі, аса
құнды монографиясы жарық көрді.Ғалым табиғатта өте сирек
кездесетін осы айдын су көзінің толық физикалық-географиялық
сипаттамасын берді. Ол өз монографиясында теңіздің көлемі,
тереңдігі, ағындары мен деңгейі, суының температурасы, түсі
мен мөлдірлігі, тұздылығы мен метерологиялық жағдайлары туралы
мол деректер келтірді. Л.С.Берг Арал теңізі суының тұзы
аз екенін – теңіз бетінде оның мөлшері 1,03 проценттен аспайтынын
айқындады. Ол гидрологиялық бақылаулар негізінде судың
температурасы мейлінше құбылмалы екенін дәлелдеп, небәрі
жарты метр аралықтағы температура айырмашылығы 12 градусқа
дейін жететінін мәлімдеді. Ғалым алғаш рет Арал теңізінде
сейш құбылысы болатынын анықтады. Ол сейш атмосфералық
қысым мен жел күшінің жедел өзгеруінен пайда болатын
құбылыс деп есептеді. Зерттеуші Аралда сейштің тым ұзақ
уақыт бойы (23 сағат 45 минутқа дейін) сақталып
тұратынын атап көрсетті. Л.С.Берг теңіз жағалауларының
бітімін зерттей келіп, Арал теңізінің жағалауын үш
түрге: тегіс (батыс), қалақша тәрізді (солтүстігі) және
қойнаулы (шығысы) жағаларға бөлді. Теңіздің қойнаулы жиектері
тек Аралға ғана тән.
Л.С.Берг атап көрсеткендей, арал төңірегінде қырда
және теңізде өсетін өсімдіктердің түрлері ұшырасады.
Теңізде жануарлар дүниесі өте тапшы. Одан ғалым молюскілердің
7 түрін, балықтардың 18 түрін тапқан.
Арал теңізінің гирологиясы мен деңгейінің ауытқуларын
зерттей келе, ғалым 1740 жылдан бергі тарихи мәліметтерді
салыстырды. Сонымен Арал деңгейінің көтерілу және төмен
түсу кезеңдері алмасып отыратынын анықтады.
“Арал теңізі” монографиясы жеке бір аймақты физикалық-
географиялық тұрғыдан сипаттау жөнінде тұңғыш тәжірибелердің
бірі болды.
Жоғарыда келтірілген ұзақ уақытты қамтитын тарихи-географиялық
зерттеулерде Арал теңізінің қалыптасуы жайлы, табиғаты
жайлы нақтылы материалдар келтірілген. Осы материалдар
Орта Азия табиғатының тұтастығын дәлелдейді. Сондықтан шөл
зонасында орналасқан, сол территорияның ерекшеліктерін
анықтайтын Арал теңізінің бүкіл Орта Азия табиғатын
қалыптастырудағы маңызы ерекше.
Ширек ғасыр ішінде бір ұрпақтың көз алдында жер
бетінен аумағы 6 млн. гектарға созылған, тереңдігі 69 м
теңіздің жоғалып кетуі адам сенбестей жағдай. Суды
пайдалану бүгінгі қалыпта қала берсе, 2010 жылы теңіз
толық құриды деген ғылыми болжам бар.
Арал теңізі жағалаудан 70-80 км шегініп кетті, деңгейі
13 метрге төмендеді, 1962 жылы Аралдың көлемі 66 мың шаршы
шақырым болса, қазіргі кезде 40 мың шаршы шақырым ғана.
Жағалауды құм көшкіндерінен қорғап тұрған 800 мың гектардан
астам тоғай жойылып кетті. Өсімдіктер мен жануарлар
дүниесіне бай жағалаудың 2 млн. гектар жері бұл күнде
тіршіліксіз құмды сортаңды шөлге айналды. Сөйтіп адамзат өз
қолынан сулы өңірді құмды өңірге айналдырды.
Арал маңындағы Қарақұмның тұсынан Аққұм деп аталатын
тұзды сортаңды қауіпті аймақ пайда болды. Оның көлемі күн
сайын ұлғаюда Аққұмнан ұшқан қиыршық құм мен тұз берісі шай
плантациясында зиянын тигізуде. Солтүстік Мұзды мұхитқа
дейін жеткен Арал тұзы Сибирьдің жасыл ормандарына
әсер етуде. Көршілес территориялардағы мақта плантацияларын
тұз бен құм басуда. Арал апаты қоршаған орта мен
шаруашылыққа зиянын тигізумен қатар, адам денсаулығына қауіп
төндіруде. Баспасөз хабарына қарағанда, Қарақалпақстанның Аралмен
көршілес Мойнақ ауданында балалар өлімі көбеюде. Өйткені ана
сүтінің құрамында тұз мөлшері нормадан бірнеше есе жоғары.
Арал апатына не себеп болды деген заңды сұрақтар туады.
Бұл, біріншіден, Аралға құятын Амудария мен Сырдария суларының
теңізге жетпей ысырап болуынан. Бұл өзендердің сулары Орта
Азия мен Қазақстанның суармалы егін плантацияларына қарай
бұрылған. Екіншіден, теңізге құяр су азайғандықтан, онда булану
күшті қарқынмен жүруде. Үшіншіден, теңіздің тарихи дамуы
барысында судың деңгейі біресе төмендеп, біресе жоғарылап
отырған.
Арал теңіздің деңгейі Амудария мен Сырдария гидротехникалық
құрылыстарының салынуына байланысты төмендеуі мүмкін екенін
зерттеуші В.И.Лымарев болжаған болатын. Мұның өзі көршілес аудандардың
мал шаруашылығының даму қарқынын бәсеңдетті. Қазіргі кезде
Арал тағдыры – адам тағдыры деген қанатты сөз кең тарауда. Бұл
сөзде үлкен экономикалық, әлеуметтік мән жатыр. Мұның өзі
Аралды құтқару үшін зерттеу жұмыстарын өрістету нәтижесінде
тығырықтан шығар жолдар іздеу мәселесін алға қойып отыр. Теңіздің
көлемі шамамен 980 текше километр, ал орташа тереңдігі 15
метр жуық.
Ғылым академиясының География институты мұнда 30 жылдан
астам уақыттан бері зерттеу жүргізіп келеді, бұл
зерттеулер өлкенің жағдайы жөнінде жан-жақты терең
тұжырымдар жасамағанымен анағұрлым толық мағлұматтар беріп
отыр деп батыл айта аламын. Бұл жерде сайып келгенде,
теңізді құтқару жолдарын біржақты шешу негізсіз екенін
айтуға тиімсіз. Жағдай тым күрделі сипат алып отырған. Шын
мәнінде, 60-жылдарға дейін Амудария мен Сырдарияның Аралға құятын
суының мөлшері шамамен жылына 50 текше километрге жеткен
болса, 1961-1980 жылдары ол орта есеппен 20 текше
километрге дейін төмен түсті, ал 80-жылдардың басында
Сырдария Аралға құюын мүлде тоқтатқан болса, Амударияның суы
жылымшылап қана ақты. Соның салдарынан қазіргі кезде
теңіздің деңгейі 12,5 метр төмен түсті, су айдыны
25.000 текше километрге қысқарды, судың минералдануы 11-ден
23 промиллге дейін өсті. Аралдың орнына 4000-5000 квадрат
километр тұз толған шағын су қоймасы қалмақ. Арал өңірінде
алғаш рет космостан құрғап теңіз табанынан көтерілген шаңды
дауыл тіркелді. Жел өсімдік тамыр жайып, беки қоймаған
топырақты бүлдіре отырып, шаң-тозаңды ғана емес, сонымен
бірге тұзды, ең алдымен сульфидтерді және өсімдіктердің
көбісі үшін улы болып табылатын хлоридтерді де атмосфераға
көтеруде. Қазіргі кезде Арал өңірін тура мағынасында
экологиялық апат ауданы деп атауға болады. Проблемалардың мәні
басқада. “Булану судың канал бойларымен құрдымға кетуі,
“артық” суды ағызып жіберу тәжірибесі, суару жүйелерінің
пайдалы әсер коэффициентінің жобадағы 80 проценті орнына
небәрі 60 процентке ғана қанағат етіп қлғанымыз енді құпия
емес. Арал теңізін негізінен Амудария мен Сырдария толтырып
тұрды. 60-жылдардың басында-ақ оның аумағы 66 мың шаршы километрден
асқан болатын. Қазір осы аумақтың үштен бірі қысқарған. Жағалау
бойының кейбір жерлері теңізден 70-120 километрге дейін қашықтап
кетті. [3] Арал аясында судың көлемі 640 текше километрге, яғни
60 процентке кеміді. Нәтижесінде теңіз суының орташа тұздылығы
артты. Бұрын да ол бір литрінде 9 граммнан аспаған болса, қазір 3
есе көп.[4] Аралдың экологиялық жүйесі күрт бұзылды және ол толық
күйреп, апат болуға бағыт алды. Бұл апатты жағдай осы аймақтың
тіршілігіне қазірдің өзінде-ақ зардабын тигізе бастады. Шыжыған
күн сәулесі, міне, бұрыңғы теңіз түбі де жетті. Құрғаған теңіз
түбі арада-ақ құм мен тұз басқан жансыз шөл далаға айналуда.
Аралды оңтүстігі мен шығыстан қарап жатқан Қарақұм мен
Қызылқұм даласына, теңіздің батыс жағындағы кенезесі кепкен
үстірт жазығына, солтүстіктен түйісіп жатқан Кіші және Үлкен
Борсық құмдарына тағы да бір шөл дала келіп қосылды. Шаңды
борандар жылына 10-нан астам болатын кездері болады. Бұл
аса қауіпті атмосфералық шаң тасқыны Амудария мен Сырдарияның
төменгі сағасындағы көгалды далаға дейін жетті. Жыл сайын
шамамен 15-75 миллион тонна тұз бен шаң ауаға көтеріледі. Жыл
өткен сайын бұл көрсеткіш өсе түспек, өйткені теңіз ұлтанының
құрғау процесі одан әрі жалғасуда. Алдағы ғасырдың басында 40
мың шаршы километрден астам теңіз ұлтаны суы тартылып, шөлге
айналу қаупі бар. Теңіздің бұрыңғы ұлтанының оңтүстік бөлігінде
қазірдің өзінде-ақ құмды далалар пайда болған. Олар жылына 1
километрге дейін жылдамдықпен оңтүстікке қарай жылжып барады.
Арал теңізі осы аймақтың климат жағдайына ұдайы әсер етіп келді,
оның табиғи термо реттегіші болды. Теңіз 300-400 километрге дейінгі
аймаққа қолайлы климат жағдайын қалыптастырып тұрды. Суармалы
жерлер сорланып кетпеуі үшін суару нормасын арттыруға тура
келеді, яғни ауыл шаруашылығы жерлерін үстемелеп шайып, оларды
артық тұздан тазарту керек. Бұл үшін жыл сайын 270 мың гектар
жерге 2,5 текше километр су пайдаланылады. Жерді осылайша
шаюдан кейінгі әбден тұзданған судың көпшілігі Амудария мен
Сырдарияға ағызылады. Олар жолдарының төменгі сағаларын ғана
емес, олардың орталық бөлігін де ластайды. Бұрын да қазір
қысқы және жаз айларында оның мөлшері 3 грамға дейін өсіп
отыр, яғни ауыз су мен жер суаруға пайдаланатын судағы
тұздың тиісті мөлшері едәуір артып отыр.Егістікке баратын
судың құрамында тұз тым көп, ол егістікте барған сайын күшейе
түседі. Демек топырақты қайта-қайта шаю керек. Процесс
қайталана береді де судың тұздылығы өсе түседі. Су сапасының
төмендігімен ғана ауыл шаруашылығы дақылдарынан алынатын өнімнің
үштен бірінен айырылып отыр. Егіс даласынан өзендерге үлкен мөлшерде
фосфор,азот және басқа да қосылыстар, соның ішінде құрамында
минералдық тыңайтқыштар мен улы химикаттар бар әр түрлі зиянды
қосылыстар түседі. Калий және магний тұздары өзен суларының
кермектігін барынша арттыруда. Су сапасының нашарлануы және
оның мөлшерінің азаюы ең алдымен Амудария мен Сырдария
атырауының топырақ құрамы мен өсімдіктер дүниесіне мейлінше
әсер етуде. Тоғайлы ормандар мен қамысты өңірлер – анағұрлым
өнімді жайылымдар мен шабындықтар жойылып барады. Олардың орны
шөп шықпас сортаңды далаға айналуды. Амудария атырауында соңғы
25 жылдың өзінде ғана қамыс өсетін жерлердің көлемі жеті
есеге қысқарған. Осы уақытың ішінде 50 көлдің суы тартылып
қалды. Сырдария атырауында болып жатқан қолайсыз өзгерістер де
бұдан кем түсіп жатқан жоқ. Мұнда ыза суының деңгейінің
төмендеуі жерге үлкен зиян келтіруде. Соның салдарынан ауыл
шаруашылығы жерлерінің бірнеше есе көлемі азаяды. Мамандар Арал
теңізінің тартылуы бұл аймақтың табиғаты мен шаруашылығына
зиян келтіретінін әуелден-ақ болжаған болатын. 70-жылдардың
басында көзделінген шығының мөлшері жылына 30-60 миллион сом,
одан артық болған жоқ еді. Бұдан бірнеше жыл бұрын бұл шығын
мөлшері 90 миллионға жетті. Арал теңізінің балық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz