Дзюдошы – студенттердің дене қасиеттерін жетілдіру әдістері


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Биология және биотехнология факультеті
Дене тәрбиесі және спорт кафедрасы
«Қорғауға жіберілді» Арещенко А. И.
Кафедра меңгерушісі,
Профессор
Дипломдық жұмыс
Дзюдошы - студенттердің дене қасиеттерін жетілдіру әдістері
050108 - «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы
Орындаған:
4 курс студенті Асаубек Самат
Ғылыми жетекші:
п. ғ. к. ҚазСТА доценті Унтаев Х. К.
Норма бақылаушы Мартыненко И. И.
Алматы, 2012
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ . . 5
1. 1 Дзюдошыларды дайындаудың теориялық және тәжірибелік салалары . . . . . . 5
1. 2 Спорттық шынығуды жоспарлау негіздері . . . 6
1. 3 Дзюдошыларды дайындаудың түрлі кезеңдерінде дайындауды психологиялық қамтамасыз етудің басты мәселелері. 7
1. 4 Бастапқы дайындық топтарындағы оқу-жаттығу жұмыстары - спортшыны дайындаудың көп жылдық жоспарының маңызды бөлімі ретінде . . . 8
1. 5 Дене қабілеттерінің түрлері, дене қимыл-қозғалыстарының даму ерекшеліктері және физиологиялық өсу ерекшеліктері . . . . 22
2. ЗЕРТТЕУ МІНДЕТТЕРІ, ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ
ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ . . 32
2. 1. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік әдебиеттер сараптамасы . 32
3. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН САРАПТАМАСЫ . . . 34
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 49
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. . …. . 50
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жаттығу тұтас үдеріс болып табылады, ол өз құрамында спорттық жаттығудың теориясы мен әдістемесінде атап көрсетілген дайындықтың 6 негізгі түрін қарастырады: дене, техникалық, тәсілдік, жинақтық, психологиялық және теориялық. Оның әрқайсысы белгілі бір орынға ие болғандықтан, әрқайсысына жаттығу үдерісін жоспарлау мен бағдарламалау барысында нақты уақыт мөлшері беріледі [1] .
Қазіргі уақытта жаттығу үдерісін жоспарлау дайындықтың әрбір түрінде бөлек іске асырылады, ол бастапқы дайындық топтарынан басталып, жоғары спорттық шеберлік топтарымен аяқталады. Осы топтардағы жаттығу үдерісі дайындықтың әрбір түрі үшін спорттық маусымның кезеңдері мен дәуірлеріне сай қатаң түрде жеке-даралану арқылы жоспарланған жүктемелерге сәйкес іске асырылады.
Осындай көзқарастың стереотипі балалар жаттықтырушыларының бастапқы дайындық кезеңдерінде қаланады да, бұл үдерісті жаттықтырушылар мен жоғары білікті спортшылар жоғары спорттық шеберлігі кезеңінде қолдау көрсетеді, себебі олардың барлығы кезінде балалар спортынан келіп шыққан.
Дегенмен, спорттың кез-келген түрінде жарыс қозғалыстарын орындау спортшыны дайындаудың мазмұндық компоненттеріндегі ішкі өзара байланыстар мен өзара тәуелділіктің ажырамас тұтастығы негізінде әрбір дайындық түрінің ішіндегі және түрлер арасындағы барлық түрлерін жинақтап көрсетуден тұрады. Егер мысал үшін, қозғалыс әрекетінің психикалық бағдарламасы қалыптаспаған болса, онда психика жүйке импульстерін тәсілдік тұрғыдан тиімді және мақсатқа сәйкес қозғалыс жасауға қажеттіден артық бұлшық еттердің едәуір көп санына қарай жібереді. Бұл психологиялық және тәсілдік дайындық құрылымдарының арасындағы өзара байланыстың үлгісі болып табылады. Осылайша, басқа дайындық түрлері арасындағы өзара байланысты байқауға болады. Бұл байланыстардың болуының өзі дайындық үдерісін жоспарлау мен іске асыруда оларды ескеру қажеттілігін көрсетіп отыр. Осы өзара байланыстар мен өзара тәуелділіктерді теріске шығару білікті спортшыларды жаттықтыру үдерісінің бірлігі мен тұтастығын бұзатын болады. Оған қоса, бұның өзі жаттығудың басты ұстанымын сақтауға - жарыс әрекетінің жағдайларына анағұрлым жақындатуға кедергі жасайтын болады [2] .
Сондықтан білікті спортшыларды жаттықтыру үдерісінің сапасын ары қарай жақсартудың тиімді жолдарының бірі, біздің ойымызша, осы түрлердің әрқайсысының түрлі құрылымдары арасындағы анағұрлым маңызды және көкейкесті өзара байланыстарды ескеру арқылы іске асырылатын дайындықтың барлық түрлерінің жаттығу үдерісінде жинақталуын арттыру болуы мүмкін.
Зерттеу болжамы: Дзюдошы-студенттердің дене қасиеттерін жетілдіруде олардың психологиялық-физиологиялық күйі шынықтыру жаттығулары мен тапсырмаларын орындауға ықпал етеді деген болжам жасалынды.
Зерттеу нысаны. Білікті дзюдошылардың оқу-жаттығу үдерісі, дзюдошыларды дайындаудың жарыстан алдыңғы кезеңінің сипаттамасы.
Зерттеу мақсаты. Спорттық әрекет үдерісінде дайындықтарының өзара байланыстарын ескеру негізінде білікті дзюдошылардың оқу-жаттығу үдерісінің тиімділігін арттыру.
Зерттеу міндеттері.
- Күресшілердің оқу-жаттығу үдерісінде дайындықтарының (әдіс-тәсіл, психологиялық, дене қабілеттерін дамыту және т. б. ) өзара байланыстарын пайдалану бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау.
- Дзюдошыларды дайындауда жиі қолданылатын әдістік амалдарды анықтау және оларға арналған әдіс-тәсілдік, дене және психологиялық бағыттылықтағы әдістемелік нұсқаулар жасау.
- Арнайы жинақталған тапсырмалар кешенін жасау және олардың шынайылығын дзюдошылардың оқу-жаттығу үдерісінде қолдану арқылы негіздеу.
Алға қойылған міндеттерді шешу үшін келесі зерттеу әдістері пайдаланылды:
- ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау;
- педагогикалық байқау;
- дене даярлығын зерттеу әдістерін қарастыру;
- әдіс-тәсілдік әрекеттерді тіркеу әдістемесі;
- психологиялық зерттеу әдістерін талдау;
Жүргізілген зерттеулердің теориялық және тәжірибелік маңыздылығы дзюдошылардың оқу-жаттығу үдерісінде дайындық түрлерінің түрлі жақтарының өзара байланыстарын ескеру арқылы тұжырымдамалық салаларын негіздеуден, оған қоса арнайы жинақталған кешенді тапсырмаларды пайдалану арқылы спорттық шеберлікті дамыту мен жетілдіру негізінде тұтастық бірліктегі әдіс-тәсілдік, дене және психологиялық қондырмалар мен педагогикалық бағыттағы сілтемелер ұсынылған.
Зерттеуде пайдаланылған тестілер мен әдістемелер дзюдошылардың жарыс әрекетіне деген жинақталған дайындығын дәйектемелі және анағұрлым сапалы бағалауға мүмкіндік береді.
Диссертацияның көлемі мен құрылымы. Диссертация кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, 17 кестелер мен 8 суреттен тұрады.
1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
- Дзюдошыларды дайындаудың теориялық және тәжірибелік салалары
Зерттеудің басты міндеті жоғары білікті спортшылардың спорттық шеберлігі деңгейін арттыруға бағытталған жаттығу әрекеті үдерісіндегі жинақталған қосалқы әсер етуді эксперименттік тұрғыдан негіздеу болды.
Спортта жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу тек қана спортшыны дайындықтың түрлі сатыларында дайындаудың нақты жоспарлануы жағдайында өткізу қажет. Спорттық шынығуды тиімді құрудың негізгі талаптарының жалпы теориялық негіздері бірқатар ғалым-мамандардың еңбектерінде келтірілген [3] .
Алға қойылған міндеттердің шешімін табуы алдын-ала және негізгі педагогикалық эксперименттің барысында өтті.
Алдын-ала эксперимент кезінде байқау мен теориялық талдау негізінде дзюдошылардың күрестерде жиі қолданылатын техникалық амалдары іріктелініп алынды.
Осы техникалық амалдар мен олардың түрлі нұсқалары үшін өз құрамында бір уақытта әдіс-тәсілдік, дене және психологиялық бағыттағы әдістемелік нұсқаулар жасалынды. Содан барып осы амалдар арқылы шартты түрде арнайы жинақталған кешендер деп аталатын (АЖК) тапсырмалар кешені құрастырылды.
1. 2 Спорттық шынығуды жоспарлау негіздері
Спортта жоғары жетістіктерге қол жеткізу тек қана спортшыны шынықтыру іс-шараларын дайындықтың әр кездерінде жүргізу амалдарының жоспарын құру арқылы мүмкін. Спорттық шынығуды тиімді құрастыруға қойылатын талаптардың жалпы теориялық негіздері бірқатар ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Осы ғалымдардың пікірінше спорттық шынығу саласы бойынша спортшыларды дайындаудың басты заңдылықтары төмендегідей:
- таңдап алынған спорт түрі бойынша тереңдетілген және дербес мамандандырылған бағытта спортшыны шынықтырудың нәтижелілігін ең жоғары деңгейге көтеру;
- спорттық шынығудың мазмұнын, таңдап алынған бағыттылықты шынықтыру, соның ішінде жалпы дене дайындығы саласы бойынша үдерісінің динамикасымен, оның кезеңдерімен, сатыларымен тікелей байланыста жүргізу;
- үзбей шынығу нәтижесінде ғана қол жеткізуге мүмкін боларлық шынықтыру үдерісінің ешбір клеңсіздіксіз, жүйелі түрде жыл бойы немесе көптеген жылдар бойы жүргізілуін қадағалау;
- дамытушы-шынықтыру жүктемелерін біртіндеп арттыра отырып жүргізуді қатаң ұстану, шынығу барысында жарысты қызмет жүзеге асырылуының үлгісін қатаң ұстану;
- шынықтыру үдерісінің құрылымдылығының реттілігін қатаң сақтау, әсіресе мұны төмен, орта, үлкен циклдер аралығында қадағалау, оларды шынықтыру жүйесінің заңдылықтарымен сәйкестендіре жүргізу.
Түрлі салалалы күресшілерді дайындауды жоспарлау шынықтыру мен жарыстарды жүргізу барысында жүзеге асырылатын міндеттерді жүзеге асыру арқылы орындалады. Негізгі міндеттерге төмендегідей көрсеткіштер жатады, атап айтқанда: жалпы және арнайы жарыс қызметінің міндеттерін шешу, техникалық-тактикалық шеберлікті жетілдіру, күресші ағзасының функционалды мүмкіндіктерін арттыру, психологиялық дайындық деңгейін көтеру, нақты бір жарысқа тікелей дайындықты жетілдіру және т. б.
Күресшілерді дайындауды жоспарлау тиімділігі бірқатар талаптар ескерілгенде ғана мүмкін, атап айтқанда [1, 2] .
- Жан-жақтылық. Жарыс пен шынықтыруды жүргізуді жоспралау дайындықтың барлық салаларын қамтуы қажет, соның ішінде жарысты және жарыстан алдыңғы кезеңдерді., жарыстан кейінгі қалпына келтіру іс-шараларын, шынықтыруға сырттай әсер ететін жағдайларды және т. б.
- Нақтылық. Дайындық барысында нақты міндеттер жүзеге асырылуы қажет, атап айтқанда: нақты бір спорт түрі немесе оның бөлімдері бойынша дайындықтың тиянақты бір деңгейіне қол жеткізу, нақты бір жарыстарға дайындық жүргізу, қарсыластармен кездесуге дайындық және т. б.
- Дайындықты жетілдіру. Аз ғана шынықтыру жаттығулар жүргізу барысында шыныққандыққа қол жеткізу, спортшының мүмкіндіктері мен берілетін жүктемелер арасындағы сәйкестік, нақты жарыстар мен шынықтырулар арасындағы сәйкестіктерді жүзеге асыру.
Қазіргі уақытта тәжірибелік жұмыс барысында бапкерлер мақсатты бағдарлану әдісін қолдана бастады. Бұл әдіс жоспарлау кезінде түпкілікті нәтижеге қол жеткізуді мақсат тұтынуды ұстанады, яғни нақты бір тәсілдерді қолдана отырып, нәтиге жету.
Ары қарай жоспарланған нәтижеге қол жеткізуге ықпал ететін іс-шаралар қарастырылады, соның ішінде аралық құрамдас жаттығулар жүйесі түзіледі. Содан кейін ғана әрбір аралық және соңғы мақсаттарға қол жеткізуге арналған құралдар мен әдістердің жүйесі түзіледі. Нақты бір соңғы нәтижеге қол жеткізуді жоспарлай отырып, жарыс қызметінің көрсеткіштерін анықтап алу қажет. Олар жоспарланған нәтижеге (техникалық-тактикалық көрсеткіштер - белсенділік, шабуыл жасау мен қорғану нәтижелігі, сенімділік вариативтілігі және т. б. ) сай болуы қажет. Жалпы және арнайы дайындықты жоспарлау мәні де жоғары. Мақсатты бағдарлану әдісін қолдануды мақсатты жоспарлау мен күресшінің психологиялық күйінің маңызы да зор. Мақсатты бағдарлануды қолданудағы жүйелі-құрылымды тәсілдің басымдылғы төмендегідей [1] :
1. Нақтылық:
а) әрбір дене сапасы жоспарланған нәтижеге қол жеткізуге қажетті деңгейге дейін жетілдірілуі қажет;
б) барлық шынықтыру жаттығулары берілген дене сапасы бойынша нақты бір деңгейге қол жеткізерліктей болып таңданып алынуы (артық та, кемде емес) қажет;
2. Қадағалау.
Аралық тестердің болуы бір айда бірнеше рет дайындық жүргізілуін қадағалап отыруға мүмкіндік береді, алынған нәтижелерді жоспарланған деңгеймен салыстыруға, орындалған жұмыс сапасын бағалау үшін қажет.
3. Сараптама жүргізу мүмкіндігі.
Дайындықтың әрбір сатысында қол жеткен жетістіктерді бағалауға болады, оның әрқайсысының нақытылық деңгейі талданады. Дайындықтың әрбір кезеңі аяқталған соң оған талдау жүргізу мүмкіндігі туындайды.
4. Дене қасиеттерін жетілдіру мүмкіндігі.
Мұндай сараптама қорытындысы бойынша келесі дайындық кезеңінің жоспарына қандай да бір түзетулер мен толықтырулар енгізуге болады. Егер спортшы алдыңғы жоспар бойынша нақты бір нәтижелерге қол жеткізген болса басқаруды нақты сенімділікпен жүргізе беруге болады.
Жоспарлаудың мұндай тәсілі бапкерден спортшы ағзасын ұзақ уақыт бойы зерттеуді, осы көрсеткіштер негізінде күресшінің жеке бір кейпін қалыптастыруды жетілдіруге жаңа мүмкіндіктер береді.
Сондай-ақ, жоғары дәрежелі дзюдошыларды дайындауды жоспарлауды жарыстар күнтізбелік жоспарын құрудан бастаған жөн, тек қана осындай жағдайда спортшының денелік және техникалық-тактикалық дайындығының өсіміне қол жеткізуге болады.
Күресшілерді шынықтыру үдерісін жоспарлау барысында шынықтыру бағдарламасын сатыландыра отырып күрделендіру негізінде спортшының денелік және техникалық-тактикалық қабілеттері жетілуіне қол жеткізуге болатындығын, ағзасының барлық жүйелерінің функционалды мүмкіндіктерін жетілдіруге болады [5] .
Дене жаттығуларымен жүйелі түрде шұғылдану ағзаның барлық жүйелерінің қызметтерін жетілдіруге мүкіндік береді. Спорт түрлері бойынша шеберлікті жетілдіру құралдары мен әдістерін таңдауда әрбір ағзаның функционалды мүмкіндіктерін ескеру қажет. Әсіресе спортшының денсаулығына нұқсан келтірмеу жағына көбірек көңіл бөлінуі қажет.
1. 3 Дзюдошыларды дайындаудың түрлі кезеңдерінде дайындауды психологиялық қамтамасыз етудің басты мәселелері
Спортшыларды психологиялық дайындаудың теориясы мен әдістемесі біршама дамыды. Алынған білімдерде кең ауқымды деңгейде тәжірибеде қолданылуда. Спортшыны дайындаудың бұл түрі қаншалықты жетілдірілген сайын соншалықты жаңа терминдер мен түсініктер қалыптасуда. «Психологиялық реттеу», «психологиялық болжам», «психологиялық қамтамасыз ету», «психологолиялық қолдау» сияқты терминдер кеңінен қолданылуда. Мұның барлығы спортшының ары қарайғы психологиялық дайындығын қамтамасыз етеді.
Жаңа түсініктер спортшының психологиялық дайындығын жаңа жақтарын айқындайды. Дзюдошыларды дайындаудың психолог мамандардың дәлелдемесі бойынша үш бөлімі бар:
а) болжамды зерттеулер жүргізу;
б) психологиялық моторлы, зияткерлікті және әлеуметтік-психологиялық бейімделу;
в) күресшілердің дайындық деңгейін қадағалау.
Спортшының психологиялық дайындығын қадағалауды спорт саласы бойынша психологиялық зерттеу жүргізу мамандарынсыз мүмкін емес.
1. 4 Бастапқы дайындық топтарындағы оқу-жаттығу жұмыстары - спортшыны дайындаудың көп жылдық жоспарының маңызды бөлімі ретінде
Спорттық даярлықты әрі қарай жетілдіру жас спортшының барлық қабілеттерін жан-жақты дамыту, әсіресе жаттықтырудың көпжылдық барысы кезеңдерінде тиімді саналылықпен жүргізілуі қажет. Спорттық ізбасарларды даярлаудың өнімділігі спорт мектептерінде жаңа оқу бағдарламасын түзу сапасына байланыстылығының маңызы үлкен.
Спортшы ізбасарларды іріктеу жүйесі көпжылдық даярлықпен ұласады. Ол ерте мектеп жасынан басталып, құрылықтар біріншілігіне, Әлем чемпионаттарына, Азиялық және Олимпиялық ойындарға, халықаралық жарыстарға қатысу үшін ел құрама командасына іріктелуімен аяқталады.
Спортшы ізбасарлар даярлығы 4 кезең бойы жүзеге асырылады. Бастапқы дайындық, алғашқы спорттық маманданудың оқу-жаттықтыру кезеңдері, тереңдетіп жаттықтыру және спорттық жетілу.
Бастапқы дайындық кезеңінде дәрігердің жазбаша рұқсатын алған, спортпен шұғылдануға қызығушылық танытқан жалпы білім беру мектептерінің оқушылары өздері таңдаған спорт түрі негіздерін игеру мен жан-жақты дене дайындығына бағытталған тәрбиелік жұмыстарына қатысқысы келетін балалар топтастырылады.
Алғашқы спорттық маманданудағы оқу-жаттықтыру кезеңі жан-жақты денелік және функционалды даярлыққа жетуге, таңдаған спорт түрінің негіздерін меңгеру, жарыс тәжірибесіне бейімдеу, спорттық қабілеттерін анықтауға бағытталған міндеттерді орындаумен сипатталады [6] .
Тереңдетіп жаттықтырудың оқу-жаттықтыру кезеңі таңдалған спорт түрінің әдіс-тәсілін жетілдіруде арнайы дене даму сапасын тәрбиелеумен, функционалды дайындық деңгейінің өсуімен және таңдалған спорт түрінде жарыс тәжірибесінің жинақталуымен сипатталады.
Спорттық жетілу кезеңі алдыңғы кезеңдерге қатысты міндеттерді орындайды. Алайда, қосымша спортшының мамандануында алғашқы үлкен жетістіктер кезеңіне тән (спорт шеберінің нормативін орындау) спорттық қасиеттерге жетуді қарастырады.
Іріктеу жүйесі бірқатар ұйымдық шаралардың бағыттарын қарастырады:
- Жалпы білім беру мектептеріндегі дене тәрбиесі сабақтарында және мектеп жарыстарында спорттың әлдебір түрінен балалардың икемділігін жаппай байқау;
- Болашағы бар спортшыларды іріктеуді оқу-жаттықтыру топтарында спорт түрінен маман жаттықтырушы жүргізеді;
- Болашағы бар спортшыларды байқау мен іріктеуді, елдің құрама командасына енгізуді республиканың құрама командаларының бас және аға жаттықтырушылары жүргізеді.
Бастапқы дайындық топтарына белгілі спорт түріне, жас мөлшеріне қойылған талаптарға сай барлық талапкерлерді қабылдайды. Бастапқы даярлық топтарында әртүрлі спорт түріне қажетті алғашқы қасиеттер байқала бастайды. Әрбір оқу жылының соңында сынақ-тестілеу жүргізіледі. Осы сынақтар негізінде келесі топтарға іріктеу жұмыстары жүргізіледі.
Спорт мектептері жұмыстарының тиімділігі оқу бағдарламаларының сапасына байланысты. Біздің елімізде мұндай бағдарламалар кеңес одағы кезінде енгізілген, сондықтан спортшы ізбасарларды дайындаудың қазіргі талаптарға сай келетін жаңа оқу бағдарламаларын жасау қажеттілігі туындап отыр.
Бұл бөлімде әртүрлі спорт мектептерінің оқу бағдарламасына байланысты жалпы сипаттағы ұсыныстар енгізілген.
Бөлімді дайындау алдында көпжылдық даярлықтың тиімді құрылуы келесі негізгі факторлардың негізінде жүзеге асырылуына басым назар аударылды. Олар: ең жоғары нәтиже көрсететін спортшылардың тиімді жас кезеңдері, осындай нәтижелерге қол жеткізген жүйелі жаттықтыру ұзақтығы, көпжылдық даярлықтың әр кезеңінде жаттығудың басым бағыттылығы, арнайы жаттығуды бастауындағы биологиялық жас пен даярлық басындағы төлқұжаттық жас, спортшының жеке өзгешелігі және оның шеберлігінің өсу қарқыны.
Балалар мен жасөспірімдер спорттық және спортшы резервтегі арнаулы балалар мен жасөспірімдер мектептерінің барлық оқу бағдарламалары осы мектептердің әрекетін белгілейтін республика бойынша қабылданған нормативті-құқықтық актілерінің негізінде қарастырылады. Осы нормативті құжаттарды саралау нәтижесі заманауи спорт мектептерінде қабылданған оқу-жаттығу бағдарламалары Қазақстан жағдайына бейімделмегендігі анықталды.
Бағдарламаның әдістемелік бөліміне дайындықтың негізгі түрлері бойынша оқу материалы және оның жылдық цикл мен оқу жылдарына бөлінуі оқу жылдары бойынша спорттық нәтижелерді жоспарлау, жаттығу мен жарыс жүктемелерінің ұсынылған көлемі педагогикалық және медициналық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу; оқу-жаттығу сабақтарын жүргізудегі тәжірибелік ұсыныстарынан құралады [7] .
Осы жерде бірқатар ұсыныстар:
1. бастапқы дайындық кезеңі мен оқу-жаттықтыру тәжірибелік сабақтарына арналған оқу материалы (оқытудың 2 жылына дейін) спорттық әдістерінің жетілу мен тәсілдік шеберлік жиынтығымен қоса жекелеген дене сапасының дамуына бағытталған жаттығу тапсырмалары түрінде ұсынылады;
2. спорттың басқа түрлерінде тәжірибелік сабақтарына арналған бағдарламалық материалды баяндау оқытудың тиісті кезеңдеріне арналған дайындықтың тәртібімен қолданылады;
3. спорт мектептерінің қызметін реттеп отырған құқықтық негіздер мен спорт резервтерін дайындаудағы мақсаттарды ескере отырып, оқу жоспарының жылдық жоспарына бақылау нормативтері, талаптары, бөлімдері өзгертіледі;
4. тәрбие жұмыстары, спорттық қалпына келтіру шаралары, психологиялық дайындық бойынша спорт мектебінің мүмкіндіктерін ескере отырып жоспарға өзгерістер енгізіледі.
Спорт мектептеріндегі оқу-жаттығу жұмыстарына қажетті ұйымдық әдістемелік нұсқаулар. Бағдарламаның бұл бөлімінде жас спортшылардың көпжылдық даярлығына тән оқу-жаттықтыру кезеңдері анықталады, уақыты белгіленеді және ұйымдастыру жолдары көрсетіледі, оларға:
- дайындық кезеңдері және оларды оқыту жылдарымен байланысы;
- балалар мен жасөспірімдердің дене дайындығының жастық физиологиялық ерекшеліктеріне қысқаша сипаттама беру;
- көпжылдық дайындық барысында қолданылатын негізгі әдістемелік ережелерін қарастыру;
1-кестеде жас спортшылардың дене-күш сапасын анықтауға қажетті санын, оқу-жаттықтыру жұмысының тәртібін, оқыту жылдары бойынша нормативті талаптарды ескере отырып, жаттықтыру үдерісінің басым бағыттылығына арналған жоба ұсынылды.
Кесте 1 - Дайындық кезеңдерінің жастық шегі, оқу-жаттықтыру сағат саны, дене-қабілеттері және спорттық даярлық бойынша талаптар (жоба)
1 жылға дейін
1 жылдан аса
6
8
2 жылға дейін
3 жылдан соң
20
20
24
26-28
Көпжылдық оқу-жаттықтыру үдерісін құрғанда спортшының таңдаған спорт түрі ерекшелігіне байланысты ең жоғары жетістіктерге жетуге тиімді жас деңгейін анықтап алу қажет. Мұндай нысана ретінде деңгейі әдетте тұрақты болып келетін олимпиадалық ойындар жеңімпаздарының орта жасын алу тиімді болып табылады, және белгілі бір спорт түрінде спортшының ең жоғары нәтижелерге жету үшін қажетті мерзімдерді ескеру шарт. Әдетте, қабілетті спортшылар алғашқы үлкен жетістіктерін 4-6 жылда, ал жоғары жеңістерін 7-9 жыл арнайы дайындықтан соң иеленеді. Спорттық нәтижелерді БЖСМ оқыту жылдарына жоспарлауда мүмкін болатын ең жоғары және төменгі мөлшерді анықтап алу қажет. Нәтижелердің ең жоғарғы өсімін беретін уақыт арнайы дайындықтың алғашқы 2-3 жылдары екенін ескерген жөн. Бағдарлама спортшының көпжылдық даярлығының әдістемелік қағидалары негізінде құрылған үздіксіз педагогикалық үдеріс деп қарастыру қажет:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz