Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп пен есептілік жүйесін ұйымдастыру ерекшеліктері



Кіріспе

1 БЮДЖЕТТІК ҰЙЫМДАРДАҒЫ ЕСЕПТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ.ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ «АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ» ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1.1 Бюджеттік ұйымдардағы есепті ұйымдастыру тәртіптері

1.2 «Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің» сипаттамасы мен технико.экономикалық көрсеткіштері

1.3 « Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің» есеп саясаты

2 БЮДЖЕТТІК ҰЙЫМДАРДАҒЫ ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

2.1 Бюджеттік ұйымдардағы активтер есебі

2.2 Бюджеттік ұйымдардағы міндеттемелер есебі

2.3 Бюджеттік мекемелердегі кірістер мен шығыстарды есепке алу тәртібі


3 БЮДЖЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРДЕГІ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК

3.1 Бюджеттік мекемелердегі есептілікті дайындау және ұсыну

3.2 Бюджеттік мекмемелердегі есептілікті Қаржылық есептіліктің Халықаралық стандарттарына сәйкес құру

3.3 «Алматы қаласы бойынша Қазынашылық Департаментінің» Қаржылық есептілік құру методикасы және ерекшеліктері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
бухгалтериялар мiндеттемелер және төлемдер бойынша жеке жоспарларының, тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтi) сатудан түсетiн ақшаның түсiмдер мен шығыстардың жоспарларын, мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтi) сатуынан түсетiн ақшаны есепке алуға және олардың есебiнен (бұдан әрi Ақылы қызметтер - ҚБШ) шығыстарды жүргiзуге, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес бюджеттік ұйымдарға арналған демеушiлiк, қайырымдылық көмектен түсетiн ақшаны есепке алуға және олардың есебiнен жұмсауға (бұдан әрi - демеушiлiк, қайырымдылық көмек - ҚБШ), Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мемлекеттiк мекемеге жеке және (немесе) заңды тұлғалар олардың қайтарымдылығы не белгiлi бiр талаптар басталған кезде тиiстi бюджетке немесе үшiншi тұлғаларға (бұдан әрi - ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ) аудару шартымен беретiн ақшаны есепке алуға, шетел валютасымен операциялар жүргiзуi үшiн шетел валютасындағы шотқа (бұдан әрi - шетел валютасындағы шот) және бюджеттiк инвестициялық жобаның арнайы шоты (бұдан әрi - сыртқы қарыздың және байланысты гранттың бюджеттiк инвестициялық жобаның арнайы шоты) республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтiң) құны түрiнде түсетiн түсiмдерге және олардың жұмсалуына байланысты Нұсқаулыққа сәйкес операцияларды есепке алудың орындалуын жүзеге асырады.
Бюджеттік ұйымдардағы есеп бүгінгі таңда бюджеттік классификациялардың шоттар жоспарымен интеграциялануы мен бюджет орындауының қазынашылық жүйеге өтуіне байланысты қайта өрлеу жағдайында. Сонымен бірге, мемлекеттік сектордағы салалық есеп стандарттарының болмауы бюджеттік есептің қайта құрылуына бөгет келтіріп отыр.
Бюджеттік ұйымдарда бухгалтерлік есепті жүргізу қағидалары есепке алынатын объектілерді есепке алу және бағалаудың балама әдістерінің барлығының егжей-тегжейлі сипаттамасын қамтиды, олардың ішінен бюджеттердің барлық деңгейлерінің барлық мемлекеттік мекемелері үшін бірыңғай болып табылатын, тәжірибелік қолдануға міндеттілерін есеп саясаты анықтайды. Есеп саясатына өзгерiстер мен толықтыруларды бюджеттiң атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлеттi орган енгiзедi.
Бюджеттік ұйымдардағы шығындар сметасының орындалуы туралы ақпарат, істелінген жұмыстарға байланысты арнайы шығындардың нәтижелілігін айқындау мақсатында тек бюджеттік классификация баптары бойынша ғана емес, сонымен бірге әрбір бөлімшенің шығындарын қамти отырып, құрылуы тиіс.
Міне, осы айтылғандардың барлығы бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп пен есептілік жүйесін жетілдіру қажеттілігін туындатады. Қазақстан Республикасының Алматы қаласы бойынша Қазынашылық Департаментінің бухгалтерлік есеп және есептілік жүйелерінде қалыптасатын ақпараттардың шұғыл және нақтылық деңгейі оның саясатын жетілдіру бағытын айқындауда аса үлкен теориялық және тәжірибелік мәнге ие.
Міне осы жағдайлар, зерттеу тақырыбының өзектілігі мен оның тәжірибелік мәнін анықтайды.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының мақсаты бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп пен есептілік жүйесін ұйымдастыру ерекшеліктерін қарастыру болып табылады.
1. Дербисов Е.Ж. Диалоги о бюджете переходного периода. – Алматы, қаржы-Қаражат, 1994 г. (220 бет)
2. Нефедов В.П. Практическое пособие по бухгалтерскому учету в бюджетных организациях. – М: АО «ЦИПТ», 1993 г. (310 бет)
3. Радостовец В.К. Бухгалтерский учет на предприятии. Алматы, 1998 г. (158 бет)
4. Родионова В.М. Государственный бюджет СССР и его роль в сбалансированном развитии экономики. – М: Финансы и статистика, 1985 г. (195)
5. Справочник контролера – ревизора: Сборник нормативных документов по контроль-ревизионной работе. – М.: Финансы и статистика, 1991 г. (188 бет)
6. Просветкин Е.Д. Комплексная ревизия финансово – хозяйственной деятельности промышленного предприятия. Учебное пособие. – М.: изд. ВЗФЭИ, 1982 (211 бет).
7. Просветкин Е.Д., Чекин В.Д. Комплексная ревизия финансово- хозяйственной деятельности бюджетного учреждения. Учебное пособие. – М.: изд. ВЗФЭИ, 1986. (186 бет)
8. Просветкин Е.Д., Чекин В.Д., Васильева М.В. Ревизия и контроль. Учебное пособие. – М.: ВЗФЭИ, 1989. (120 бет)
9. Соловьев Г.А. Ревизия и контроль хозяйственной деятельности бюджетных учреждений. М.: Финансы и статистика, 1983. (149 бет)
10. Черноморд П.В. Организация и проведение ревизий. М.: Финансы и статистика, 1985. (424 бет)
11. Фленов С.И. Организация и методика ревизий финансово-хозяйственной деятельности объединений (предприятий). – М.: Финансы и статистика, 1987. (199 бет)
12. «Бухгалтерлік есеп туралы» ҚР Президентінің № 2732 Заң күші бар Жарлығы, 26 желтоқсан 1995 жыл. (366 бет)
13. Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі. 24 сәуір 2004 жыл №548. (257 бет)
14. Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексі, 1 қаңтар 2009 жыл. (90 бет)
15. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Кодексі, 30 қаңтар 2001 жыл № 155. (25 бет)
16. Азаматтық кодекс. (200 бет)
17. Бухгалтерлік есеп стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп бойынша Ұлттық комиссиясының Қаулысы, 13 қараша 1996 жыл № 3. (12 бет)
18. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының Заңы, 26 желтоқсан 1995 жыл № 2732. (150 бет)
19. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қазынашылық Комитетінің сұрақтары, ҚР Үкіметінің Қаулысы 24 мамыр 1999 жыл № 626. (216 бет)
20. «2009 жылғы республикалық бюджет туралы» Қазақстан Ресубликасының Заңы, желтоқсан 2008 жыл (63 бет)
21. Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің қаржы ұйымдарындағы жергілікті бюджеттің орындалуының бухгалтерлік есебі бойынша 1998 жылғы 4 маусымдағы № 288 Ережесі. (136 бет)
22. Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландырылатын ұйымдардағы бухгалтерлік есеп бойынша 1998 жылғы 27 қаңтардағы Ережесі (өзгертулер мен толықтырулармен). (189 бет)

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 91 бет
Таңдаулыға:   
бухгалтериялар мiндеттемелер және төлемдер бойынша жеке жоспарларының,
тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтi) сатудан түсетiн ақшаның
түсiмдер мен шығыстардың жоспарларын, мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды
(жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтi) сатуынан түсетiн ақшаны есепке алуға
және олардың есебiнен (бұдан әрi Ақылы қызметтер - ҚБШ) шығыстарды
жүргiзуге, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес бюджеттік
ұйымдарға арналған демеушiлiк, қайырымдылық көмектен түсетiн ақшаны есепке
алуға және олардың есебiнен жұмсауға (бұдан әрi - демеушiлiк, қайырымдылық
көмек - ҚБШ), Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес
мемлекеттiк мекемеге жеке және (немесе) заңды тұлғалар олардың
қайтарымдылығы не белгiлi бiр талаптар басталған кезде тиiстi бюджетке
немесе үшiншi тұлғаларға (бұдан әрi - ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ)
аудару шартымен беретiн ақшаны есепке алуға, шетел валютасымен операциялар
жүргiзуi үшiн шетел валютасындағы шотқа (бұдан әрi - шетел валютасындағы
шот) және бюджеттiк инвестициялық жобаның арнайы шоты (бұдан әрi - сыртқы
қарыздың және байланысты гранттың бюджеттiк инвестициялық жобаның арнайы
шоты) республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн
қызметтiң) құны түрiнде түсетiн түсiмдерге және олардың жұмсалуына
байланысты Нұсқаулыққа сәйкес операцияларды есепке алудың орындалуын жүзеге
асырады.
Бюджеттік ұйымдардағы есеп бүгінгі таңда бюджеттік классификациялардың
шоттар жоспарымен интеграциялануы мен бюджет орындауының қазынашылық жүйеге
өтуіне байланысты қайта өрлеу жағдайында. Сонымен бірге, мемлекеттік
сектордағы салалық есеп стандарттарының болмауы бюджеттік есептің қайта
құрылуына бөгет келтіріп отыр.
Бюджеттік ұйымдарда бухгалтерлік есепті жүргізу қағидалары есепке
алынатын объектілерді есепке алу және бағалаудың балама әдістерінің
барлығының егжей-тегжейлі сипаттамасын қамтиды, олардың ішінен бюджеттердің
барлық деңгейлерінің барлық мемлекеттік мекемелері үшін бірыңғай болып
табылатын, тәжірибелік қолдануға міндеттілерін есеп саясаты анықтайды. Есеп
саясатына өзгерiстер мен толықтыруларды бюджеттiң атқарылуы жөніндегі
орталық уәкiлеттi орган енгiзедi.
Бюджеттік ұйымдардағы шығындар сметасының орындалуы туралы ақпарат,
істелінген жұмыстарға байланысты арнайы шығындардың нәтижелілігін айқындау
мақсатында тек бюджеттік классификация баптары бойынша ғана емес, сонымен
бірге әрбір бөлімшенің шығындарын қамти отырып, құрылуы тиіс.
Міне, осы айтылғандардың барлығы бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік
есеп пен есептілік жүйесін жетілдіру қажеттілігін туындатады. Қазақстан
Республикасының Алматы қаласы бойынша Қазынашылық Департаментінің
бухгалтерлік есеп және есептілік жүйелерінде қалыптасатын ақпараттардың
шұғыл және нақтылық деңгейі оның саясатын жетілдіру бағытын айқындауда аса
үлкен теориялық және тәжірибелік мәнге ие.
Міне осы жағдайлар, зерттеу тақырыбының өзектілігі мен оның
тәжірибелік мәнін анықтайды.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының мақсаты
бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп пен есептілік жүйесін ұйымдастыру
ерекшеліктерін қарастыру болып табылады.
Аталған мақсатқа сәйкес диплом жұмысын жазу барысында келесідей
міндеттер қойылды:
- Бюджеттік ұйымдардағы есеп және есептілік жүйесінің теориялық-
әдістемелік негіздерін зерттеу;
- Қазынашылық Департаментінің технико-экономикалық көрсеткіштерін
талдау;
- Қазынашылық Департаментінің есеп саясатымен танысу;
- Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есептің қазіргі жағдайын зерттеу,
бюджеттік ұйымдардың бухгалтерлік есебінің басымды объектілерін анықтау;
- Бюджеттік ұйымдардағы есептілікті дайындау және ұсыну ерекшеліктерін
қарастыру.
Зерттеу объектісі Алматы қаласының Қазынашылық Департаменті болып
табылады.
Зерттеу пәні бюджеттік ұйымдардың қызметіндегі бухгалтерлік есеп пен
есептіліктің элементтері болып табылады.
Диплом жұмысының теориялық және әдістемелік негізі отандық және шет
елдік ғалымдардың бухгалтерлік есеп пен есептілік, экономикалық талдау
мәселелеріне қатысты еңбектері, заңдылық және нормативтік құжаттар,
бухгалтерлік есеп пен есептіліктің халықаралық стандарттары болып табылады.

Жұмыстың көлемі мен құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе, үш бөлімнен,
қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

1 БЮДЖЕТТІК ҰЙЫМДАРДАҒЫ ЕСЕПТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1.1 Бюджеттік ұйымдардағы есепті ұйымдастыру тәртіптері

Бюджеттік ұйымдарда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру республикалық және
жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ
жекелеген мемлекеттiк мекемелер жанындағы орталықтандырылған бухгалтериялар
мiндеттемелер және төлемдер бойынша жеке жоспарларының, тауарларды
(жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтi) сатудан түсетiн ақшаның түсiмдер мен
шығыстардың жоспарларын, мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды,
көрсетiлетiн қызметтi) сатуынан түсетiн ақшаны есепке алуға және олардың
есебiнен шығыстарды жүргiзуге, Қазақстан Республикасының заңнамалық
актiлерiне сәйкес мемлекеттiк мекемелерге арналған демеушiлiк, қайырымдылық
көмектен түсетiн ақшаны есепке алуға және олардың есебiнен жұмсауға,
Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мемлекеттiк мекемеге
жеке және заңды тұлғалар олардың қайтарымдылығы не белгiлi бiр талаптар
басталған кезде тиiстi бюджетке немесе үшiншi тұлғаларға аудару шартымен
беретiн ақшаны есепке алуға, шетел валютасымен операциялар жүргiзуi үшiн
шетел валютасындағы шотқа және бюджеттiк инвестициялық жобаның арнайы шоты
республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтiң)
құны түрiнде түсетiн түсiмдерге және олардың жұмсалуына байланысты
операцияларды есепке алудың орындалуын жүзеге асырады.
Бюджеттік мекемелердің бухгалтерлік есебінде операциялар мен оқиғалар
мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары негізінде
көрсетіледі.
Бюджеттік мекеменің басшысы бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізу үшін
жағдайлар жасайды, есепке қатысы бар мемлекеттік мекемелердің барлық
бөлімшелерінің және қызметкерлерінің құжаттар мен мәліметтерді есепке алу
үшін рәсімдеу мен ұсынудың тәртібіне қатысты талаптардың мүлтіксіз
орындауын қамтамасыз етеді.
Бюджеттік мекемеде бухгалтерлік есепті оның дербес
құрылымдық бөлімшесі болып табылатын мемлекеттік мекеменің бухгалтерлік
қызметі немесе бас бухгалтер басқаратын орталықтандырылған бухгалтериясы
жүзеге асырады. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджетті атқару
жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша өз жүйесінің
мемлекеттік мекемелерінде олардың қызметінің ерекшелігін ескере отырып және
мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізуді және есеп саясатын
сақтай отырып, бухгалтерлік есеп жөніндегі жалпы ережелерді қолдану тәртібі
туралы нұсқаулар беруі мүмкін.
Бухгалтерлік қызметтердің басшылары өз жұмыстарында Қазақстан
Республикасының Бюджет кодексін, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік
есеп пен қаржылық есептілік жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді және
бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті қалыптастыру басқармалары
(бөлімдері) туралы ережелерді басшылыққа алады.
Бюджеттік мекеменің бас бухгалтері лауазымына басшы тағайындайды және
босатады және мемлекеттік мекеменің басшысына тікелей бағынады.
Бюджеттік мекеменің бас бухгалтері барлық жүзеге асырылатын шаруашылық
операцияларының бухгалтерлік есеп шотында көрінуі мен бақылануын, шұғыл
операцияның ұсынылуын, қаржы есептілігінің белгіленген мерзімде жасалуын
қамтамасыз етеді [2].
Бас бухгалтер мемлекеттік мекеме басшысымен бірлесіп банк құжаттарына
және материалдық құндылықтарды және ақша қаражатын қабылдау мен беруге
негіз болатын құжаттарға, сондай-ақ қаржы міндеттемелері мен мемлекеттік
сатып алу туралы шарттарға қол қояды.
Бас бухгалтер атқаратын лауазымынан босатылған (жұмыстан шығарылған,
басқа жұмысқа тағайындалған, ауыстырылған) кезде Қазақстан Республикасы
еңбек заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалған бас бухгалтерге,
ал соңғысы болмаған кезде мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен
тағайындалған қызметкерге істерді тапсыру жүргізіледі.
Істерді тапсырушы бас бухгалтердің және істерді қабылдаушы
қызметкердің істерді тапсыруы және қабылдауы мемлекеттік мекеме басшысының
бұйрығы негізінде жүргізіледі. Бұйрықта бухгалтерлік қызмет істерінің
қабылдау-тапсыру мерзімі, бірақ екі аптадан аспауы тиіс; тапсырушы мен
қабылдаушының еңбекақы төлеу тәртібі көрсетіледі. Бұйрықта сондай-ақ
істерді қабылдау-тапсыру кезеңінде қол қою құқығы кімге берілетіні
көрсетіледі, бұл ретте қабылдаушы тұлғаның қол қою құқығын рәсімдегенге
дейін құжаттарға қабылдаушының бақылауымен істерді тапсырушы қол қоятыны
келісілуі тиіс.
Істерді тапсыру процесінде осы Бюджееттік мекемедегі бухгалтерлік
есептің жағдайы және есеп мәліметтерінің дұрыстығы анықталады, бұл ретте
істерді қабылдаушы мен тапсырушының жауапкершілігін шектейтін істерді
қабылдау-тапсыру актісі жасалады.
Бухгалтерлік қызмет істерін тапсыру соңғы ұсынылған баланстың
негізінде жүргізіледі. Қабылдап алу-беру актісінде істерді беруді жүзеге
асыру күні көрсетілуі тиіс.
Істерді қабылдау және тапсырудың басында істерді қабылдау-тапсыру
кезіндегі кассаның (қолда бар ақша қаражатының сақталуына тиісті жағдайлар
қамтамасыз етілген бе, кассада сақталатын басқа құндылықтар бойынша жағдай
және олардың бухгалтерлік жазбаларға сәйкестілігі, чек кітапшаларының,
қолданылмаған чектер нөмірлерінің болуы) жағдайы тексеріледі.
Кассадағы қолма-қол ақшаның қалдығын тексеру актісіне (онда ерекшеліктер
бойынша ақша қаражатының қалдық сомасы, соңғы шығыс және кіріс ордерлерінің
нөмірлері мен күні көрсетіледі) бухгалтерлік қызмет істерін тапсырушы
және қабылдаушы адам, сондай-ақ кассир не кассалық операцияның жүргізілуіне
жауап беретін тұлға қол қояды. Істерді қабылдау және тапсыру кезінде
ақшалай есептің, есептеу операцияларын есептеу жағдайы, есептеу баптары
балансының жағдайы (дебиторлық және кредиторлық берешектің нақтылығы,
осыған кінәлі тұлғалардың көрсетілуімен өндіріп алуға болмайтын берешектің
болуы, өзара есептесудің салыстыру актісінің болуы, бюджетке уақытылы
аударылмаған сомалардың болуы), сондай-ақ мемлекеттік мекеменің қаржы
есептілігінің жасалуы (есеп тәртібінің сақталуы, ұсынылатын есептің сапасы)
тексеріледі.
Бұдан басқа қабылдап алу-беру актісінде:
- бухгалтерлік қызметте есепті ұйымдастырудың жағдайы (штат, оның
жинақталуы, міндеттердің бөлінуі, лауазымдық нұсқаулықтар, бухгалтерлік
есеп пен есептілік бойынша нұсқаулық материалдардың болуы, бухгалтерлік
кітаптармен, есеп пен есептілік бланкілерімен қамтамасыз етілуі), есеп
жүйесінің қалыптасуы;
- есептің, бухгалтерлік есептіліктің алғашқы құжаттамасының жағдайы;
- есеп пен қаржылық бақылауды ұйымдастыру үшін қажетті іс-шаралар;
- құжаттардың ресімделуінің және сақталуының дұрыстығы, мұрағаттың
жағдайы көрсетіледі.
Бюджеттік мекемелердегі бухгалтерлік қызметтер мемлекеттік
мекемелердің бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі саласындағы
Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын, қаржыландыру жоспарының
орындалу барысын, ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен және тұлғалармен
есеп айырысудың жағдайын, ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың
сақталуын бақылау үшін толық және нақты ақпаратпен мемлекеттік мекемелерді
қамтамасыз етуі тиіс.
Бюджетттік мекемені бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық
есептілікті жасау үшін нұсқаулық құжаттармен қамтамасыз етуді бюджеттік
бағдарламалардың әкімшілері жүзеге асырады.
Бюджеттік мекеме бухгалтерлік есептің мемориалды-ордерлік нысаны
бойынша бухгалтерлік есепті жүзеге асырады [1].
Операция мен оқиғаларды жасау фактісін белгілейтін, дұрыс рәсімделген
алғашқы құжаттар бухгалтерлік есептің тіркелімдерінде жазбаларды көрсетуге
негіз болып табылады. Алғашқы құжаттар операцияны немесе оқиғаларды жасау
кезінде жасалуы тиіс, егер бұл мүмкін болмаса операция мен оқиғалар
аяқталғаннан кейін тікелей жасалуы тиіс. Алғашқы құжаттардағы жазбалар ұзақ
уақыт бойы жазбалардың сақталуын қамтамасыз ететін құралдар арқылы ғана
жүргізіледі. Алғашқы құжаттарда мынадай міндетті деректемелер қамтылуы
тиіс: құжаттың атауы (нысандар); жасау күні; ұйым атауы немесе құжат кімнің
атынан жасалса, соның тегі мен аты-жөні; операция немесе оқиға мазмұны;
операция мен оқиғаның өлшем бірлігі (сандық және құндық шамада);операцияның
жасалуына (оқиғаны растауға) және оның дұрыс рәсімделуіне жауапты
тұлғалардың лауазымдарының атауы, тектері, аты-жөндері және қолдары.
Алғашқы құжаттың электрондық нысаны қағаз жүзінде ресімделген алғашқы
құжаттың күшінде болады. Электрондық қолдарды қолданушы электрондық
қолтаңбаларды пайдалану және қол жеткізу құқығына қатысты тиісті сақтану
шараларын және бақылауды белгілеуі тиіс.
Мемлекеттік мекемелер электрондық тасымалдағыштарда алғашқы құжаттарды
және бухгалтерлік есептілік тіркелімдерін жасау кезінде операцияның басқа
қатысушылары үшін осындай құжаттардың көшірмесін қағаз тасығыштарда
дайындауы тиіс. Алғашқы құжатта мынадай қосымша деректемелер көрсетілуі
мүмкін: құжат нөмірі, мемлекеттік мекеменің мекен-жайы, құжатпен тіркелген
операция жасау үшін негіздеме, құжатталатын операциялардың сипатымен
анықталатын басқа қосымша деректемелер.
Материалдық құндылықтарды сатып алуға арналған құжаттарда осы
құндылықтарды алғаны жөніндегі материалдық жауапты тұлғаның қолхаты, ал
орындалған жұмыстар үшін құжаттарда – тиісті тұлғалардың жұмыстарды
қабылдау растамасы болуы тиіс[3].
Алғашқы құжаттарда мәтіндік бөлімде де, сандық мәліметтерде де
келісілмеген түзетулер мен тазартуларге жол берілмейді.
Алғашқы құжаттарда қателер дұрыс емес мәтінді немесе соманы сызып
тастау жолымен түзетіледі және сызып тасталғанның үстінен дұрыс мәтінді
немесе соманы жазу арқылы түзетіледі. Сызып тастау бұрынғы жазылғанды
оқитындай етіп, жіңішке сызықпен жүргізіледі. Алғашқы құжатта қатені түзеу
Түзетілді деген жазумен ескертілу және құжатқа қол қойған тұлғалардың
қолымен, түзету енгізу мерзімін көрсету арқылы расталуы тиіс. Кассалық және
банктік алғашқы құжаттарға түзетулер енгізуге жол берілмейді.
Есепке алу тіркелімдерінде жазбалар үшін негіз болып қызмет ететін
құжаттар бас бухгалтер белгілеген және мемлекеттік мекеменің басшысы
бекіткен мерзімде бухгалтерлік қызметке беріледі.
Материалдық жауапты тұлғалар алғашқы құжаттарды екі данада жасалатын
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің 1998
жылғы 1 желтоқсандағы № 548 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелер
үшін бухгалтерлік құжаттама нысандары альбомының 442-нысанына сәйкес
құжаттарды беруді тізілімге алу кезінде (кіріс және шығыс құжаттары бойынша
жеке толтырылады) екі данада тауар-материалдық құндылықтардың кірісі және
шығысы бойынша алғашқы құжаттарды ұсынады. Материалдық жауапты тұлғаның
қатысуында ұсынылған алғашқы құжаттардың рәсімделуінің дұрыстығы
өткізілгеннен кейін тізілімнің бір данасы бас бухгалтердің қолымен
материалдық жауапты тұлғаға қайтарылады, екінші дана бухгалтерлік қызмет
істерінде қалады. Ақша қаражатының және материалдық құндылықтардың
сақталуына жауапты тұлғалармен Нысандар альбомының 321-нысаны бойынша толық
материалдық жауапкершілік туралы жазбаша шарт жасалады.
Бухгалтерлік қызметке түскен алғашқы құжаттар нысан бойынша да
(алғашқы құжаттарды рәсімдеудің толықтығы мен дұрыстығы, деректемелердің
толтырылуы), мазмұны бойынша да (құжатталатын операциялардың заңдылығы,
жекелеген көрсеткіштердің қисынды үйлесімі) тексеруге жатады.
Тексерілген және есепке алынған құжаттар операцияларды жасау күні
бойынша жүйеленеді және мемориалды ордерлермен – нысандар альбомының
нысандары бойынша жинақтау ведомостерімен ресімделеді, оларға мынадай
тұрақты нөмірлер беріледі:
1-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 381 нысанды кассалық
операциялар бойынша жинақтау ведомосі;
2-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 381 нысанды мемлекеттік
мекемелердің кодтарындағы қаражаттың қозғалысы жөнінде жинақтау ведомосі;
3-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 381 нысанды ақылы
қызметтердің қолма-қол ақшаны бақылау шоты (бұдан әрі - ҚБШ), демеушілік,
қайырымдылық көмектің ҚБШ, ақша қаражатын уақытша орналастыру ҚБШ, шетел
валютасындағы шоттағы және сыртқы қарыздар мен гранттар бойынша бюджеттік
инвестициялық жобаның арнайы шоттарындағы ақша қаражатын есепке алу
жөніндегі жинақтау ведомосі;
5-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 405 нысанды еңбекақы мен
стипендиялар бойынша есептеу ведомостерінің жиынтығы;
6-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 408 нысанды ұйымдармен есеп
айырысу бойынша жинақтау ведомосі;
7-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 408 нысанды аванстық төлемдер
тәртібіндегі есеп айырысу бойынша жинақтау ведомосі;
8-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 386 нысанды есеп беруге
жауапты тұлғалармен есеп айырысу бойынша жинақтау ведомосі;
9-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 438 нысанды ұзақ мерзімді
активтердің шығып қалуы мен орын ауысуы бойынша жинақтау ведомосі;
10-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 438 нысанды арнайы киім-
кешекті және жеке пайдаланудағы басқа да заттардың шығып қалуы мен орын
ауысуы бойынша жинақтау ведомосі;
11-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 398 нысанды тамақ
өнімдерінің кірісі бойынша жинақтау ведомостерінің жиынтығы;
12-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 411 нысанды тамақ
өнімдерінің шығысы бойынша жинақтау ведомостерінің жиынтығы;
13-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 396 нысанды
материалдардың шығысы бойынша жинақтау ведомосі;
14-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 406 нысанды балаларды
қамсыздандыру үшін ата-аналармен есеп айырысу бойынша жинақтау
ведомостерінің жиынтығы;
15-мемориалды ордер- Нысандар альбомының 409 нысанды айырбасталмайтын
операциялардан кірістерді есептеудің жинақтау ведомосі;
16-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 409-а нысанды тауарларды
(жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан кірістерді есептеудің
жинақтау ведомосі;
17-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 409-б нысанды
активтерді басқарудан түсетін кірістерді есептеудің жинақтау ведомосі;
18-мемориалды ордер - Нысандар альбомының 409-в нысанды өзге
операциялар бойынша кірістерді есептеудің жинақтау ведомосі;
19-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 458 нысанды операциялық
шығыстарды есептеудің жинақтау ведомосі;
20-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 458-а нысанды бюджеттік
төлемдер бойынша шығыстарды есептеудің жинақтау ведомосі;
21-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 458-б нысанды активтерді
басқару бойынша шығыстарды есептеудің жинақтау ведомосі;
22-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 458-в нысанды өзге
операциялар бойынша шығыстарды есептеудің жинақтау ведомосі.
Қалған операциялар және Сторно операциялары бойынша Нысандар
альбомының 274 нысанды жеке мемориалды ордерлер жасалады, олар әр ай үшін
23-тен бастап жеке нөмірленеді.
Жеке мемориалды ордерлер операцияны жасау шамасына қарай, бірақ келесі
күннен кешіктірмей (алғашқы құжатты алғаннан кейін), жеке құжаттардың
негізінде де, біртекті құжаттар тобының негізінде де жасалады. Мемориалды
ордерде қосалқы шоттарды корреспонденттеу бір қосалқы шоттың дебеті бойынша
және басқа қосалқы шоттың кредиті бойынша немесе бір қосалқы шоттың дебеті
бойынша және бірнеше қосалқы шоттардың кредиті бойынша немесе керісінше бір
қосалқы шоттың кредиті бойынша немесе бірнеше қосалқы шоттардың дебеті
бойынша операция сипатына қарай жазылады[7].
Мемориалды ордерлерге бас бухгалтер мен оның орынбасары және орындаушы
қол қояды.
Барлық мемориалды ордерлер Нысандар альбомының 308 нысанды Басты-
журнал кітабында тіркеледі. Баст-журнал кітабындағы есеп әдетте қосалқы
шоттар бойынша жүргізіледі.
Басты-журнал кітабы өткен жылдың қорытынды балансына сәйкес жыл
басындағы сома қалдықтарының жазбаларымен ашылады. Онда жазбалар мемориалды
ордерлерді жасау шамасына қарай жүргізіледі, ал жинақтау ведомостерінің
мемориалды ордерлерін жасау кезінде айына бір рет жүргізіледі.
Мемориалды ордердің сомасы алдымен Ордер бойынша сома бағанына, содан
кейін тиісті қосалқы шоттардың дебеті мен кредитіне жазылады. Бір айда
айналымдардың сомасы дебет бойынша да, кредит бойынша да, барлық қосалқы
шоттар бойынша Ордер бойынша сома бағанының қорытындысына тең болу керек.
Бір айдағы айналымнан кейін екінші жолда әрбір қосалқы шот бойынша келесі
айдың басындағы қалдық шығарылады.
Талдамалы есеп есепке алу тіркелімдерінде (кітаптарда, карточкаларда,
жинақтау ведомостерінде және басқа есепке алу тіркелімдерінде) жүргізіледі.

Бухгалтерлік кітаптарда жазбаға дейін барлық беттер (парақтар)
нөмірленеді. Беттің соңғы парағында бас бухгалтердің қолымен: Осы кітапта
барлығы ___ бет (парақ) нөмірленді деген жазу жазылады. Нысандар
альбомының КО-4 нысанды және 440 нысанды кассалық кітап, Нысандар
альбомының 449 нысанды еңбек кітапшаларының бланкілерін есепке алудың кіріс-
шығыс кітабы да бау өткізілуі және сүргіш немесе мастикалық мөрмен басылуы
тиіс, КО-4 және Нысандар альбомының 440 нысандарындағы беттердің саны
мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтердің қолдарымен расталуы
және Нысандар альбомының 449 нысанына мемлекеттік мекеме басшысы қол қоюы
тиіс.
Әр кітапта мемлекеттік мекеме, орталықтандырылған бухгалтерияның атауы
және кітап ашылған жыл жазылады. Кітапта онда ашылған қосалқы шоттардың
мазмұны болуы тиіс. Жазбаларды кітаптың басқа бетіне көшіргенде, осы
қосалқы шот бойынша мазмұнда жаңа беттерді көрсете отырып жазуларды көшіру
туралы белгі жасалады.
Бухгалтерлік есеп кітаптары жыл өткенен кейін бос беттер болған кезде
келесі жылдың операцияларын жазу үшін пайдаланылуы мүмкін. Бұл жағдайларда
кітаптар екі жылда бір рет мұрағатқа тапсырылады.
Карточкалар (активтер бойынша карточкалардан басқа) әр шот бойынша
жеке жүргізілетін Нысандар альбомының 279 нысанды каточкалар тіркелімінде
тіркеледі. Активтерді есепке алу карточкалары Нысандар альбомының ОС-10
нысанды активтерді есепке алу бойынша түгендеу карточкаларының
тізімдемесінде тіркеледі.
Карточкалар картотекада сақталады, олар онда қосалқы шоттар бойынша
іштей материалды жауапты тұлғалар бойынша бөліну арқылы орналасады, ал
орталықтандырылған бухгалтерияларда қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелер
бойынша да орналасады.
Материалдарды есепке алу карточкалары тігілген түрде карточкалар
тізілімімен, тіркелімдерімен және басқа бухгалтерлік құжаттармен бірге жыл
сайын немесе екі жылда бір рет мұрағатқа тапсырылады. Жыл бойы шығып қалған
активтерді есепке алу карточкалары осындай мерзімдерде мұрағатқа
тапсырылады.
Нысандар альбомының ОС-10 нысанды активтерді есепке алу бойынша
түгендеу карточкаларының тізімдемесі Нысандар альбомының ОС-6, 8, 9 нысанды
соңғы түгендеу карточкасы бойынша мүкәммалды есептен шығару туралы белгі
болғанда мұрағатқа тапсырылады. Тізімдемесіз түгендеу карточкаларын
мұрағатқа тапсыру кезінде олар жеке ведомосте жазылады, онда карточка
нөмірі және есептен шығарылған мүкәммалдың атауы көрсетіледі, ал
орталықтандырылған бухгалтерияларда одан басқа қызмет көрсетілетін
мемлекеттік мекеменің атауы да көрсетіледі.
Бухгалтерлік есеп тіркелімдеріндегі жазбалар алғашқы құжаттардан,
оларды алғаннан кейін келесі күннен кешіктірмей жүргізіледі.
Әр ай аяталғаннан кейін талдамалы есеп тіркелімдерінде айналымдар
қорытындысы саналады және қосалқы шоттар бойынша қалдықтар шығарылады.
Өткен жыл үшін бухгалтерлік есеп жазбаларында анықталған қателерді
түзеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) осы мемориалды ордердің мәліметтерін өзгертуді талап етпейтін,
бухгалтерлік балансты ұсынған сәтке дейін осы есепті кезеңде анықталған
қате сызылып тасталғанды оқу үшін, дұрыс емес мәтінді немесе соманы жіңішке
сызықпен сызу жолымен түзетіледі және сызып тастағанның үстінен түзетілген
мәтін мен сома жазылады. Бір уақытта бас бухгалтердің қолтаңбасымен
жолақта тиісті жолға қарама-қарсы Түзетілді деген ескертпе жасалады;
2) мемориалды ордердегі қатеден туындаған бухгалтерлік балансты ұсыну
сәтіне дейін анықталған қате сипатына қарай қосымша мемориалды ордермен
немесе Қызыл сторно тәсілі бойынша түзетіледі; баланс ұсынылған есеп
кезеңіндегі бухгалтерлік есеп жазбаларында анықталған барлық жағдайларда
қателер дәл осылай түзетіледі. Қателерді түзету бойынша қосымша
бухгалтерлік жазбалар, сондай-ақ Қызыл сторно тәсілімен жасалған
түзетулер мемориалды ордерлермен рәсімделеді, оларда қалыпты
деректемелерден басқа осы мемориалды ордермен түзетілетін нөмірлерге және
мемориалды ордердің күніне сілтеме жасалады [5].
Синтетикалық және талдамалы есеп шоттары бойынша бухгалтерлік
жазбалардың дұрыстығын бақылау үшін тиісті синтетикалық шотпен
біріктірілетін сараптама шоттарының әр тобы бойынша Нысандар альбомының М-
44, 285, 326-ОС, 326-НА, 326-ИН және 326-БА нысандардағы айналым
ведомостері жасалады. Айналымдардың қорытындысы және әрбір талдамалы шот
бойынша айналым ведомостерінің қалдықтары айналымдардың қорытындыларымен
және Нысандар альбомының 308 нысанды Басты-журнал кітабының осы қосалқы
шоттарының қалдықтарымен салыстырылады.
Айналым, оның ішінде активтер бойынша ведомостер ай сайын жасалады.
Нысандар альбомының 326-ОС, 326-НА, 326-ИН, 326-БА нысандарындағы айналым
ведомостеріндегі жазбалар бірнеше жыл бойы жүргізіле алады.
Жаңа қаржы жылында бухгалтерлік есептің тіркелімдерінде
синтетикалық және талдамалы шоттар бойынша бухгалтерлік есеп
тіркелімдерінде қорытынды балансқа және өткен жылдағы есеп тіркеліміне
толық сәйкестікте жыл басындағы соманың қалдықтары жазылады.
Егер бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі қаржылық есептілікті қабылдау
кезінде қорытынды баланста түзетулер жасаса, онда тиісті жазбаша өкімнің
негізінде бұл түзетулер өткен қаржы жылының бухгалтерлік есебінің
тіркелімдеріне де (бухгалтерлік жазбаны түзету жолымен), ағымдағы жылдың
бухгалтерлік есебінің тіркелімдеріне де (кіріс қалдықтарын өзгерту жолымен)
енгізіледі.
Әрбір есептік ай өткенен кейін барлық мемориалды ордерлер,
мемориады ордерлер – жинақтау ведомостері оларға қатысты құжаттармен бірге
хронологиялық тәртіппен іріктелуі және түптелуі тиіс. Құжаттар саны аз
болған кезде түптеуді үш айда бір дестеге жүргізуге болады. Мұқабада:
мемлекеттік мекеменің немесе орталықтандырылған бухгалтерияның атауы;
істің, дестенің атауы мен реттік нөмірі; есепті кезең жыл мен ай;
мемориалды ордерлердің бастапқы және соңғы нөмірлері; істегі беттердің саны
жазылады.
Мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры
және мұрағаттар туралы заңнамасында белгіленген кезең ішінде алғашқы
құжаттарды, бухгалтерлік есептің тіркелімдерін қағаз және электрондық
тасығыштарда, қаржылық есептілікті, есеп деректерінің электрондық өңдеу
бағдарламасын сақтауы тиіс.
Алғашқы құжаттардың, бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің, қаржылық
есептіліктің сақталуын, олардың рәсімделуін және мұрағатқа тапсырылуын
мемлекеттік мекеменің бас бухгалтері қамтамасыз етеді.
Алғашқы құжаттар, бухгалтерлік есеп тіркелімдері, қаржылық есептілік
мұрағатқа тапсырғанға дейін бухгалтерияда арнайы үй-жайларда немесе
жабылатын шкафтарда бас бухгалтердің уәкілетті тұлғаларының
жауапкершілігінде сақталуы тиіс.
Мемлекеттік мекеменің бухгалтерлік мұрағатында істер іс
номенклатурасында белгіленген мерзім ішінде сақталады. Сақтау мерзімі
өткеннен кейін істер тиісті мемлекеттік мұрағатқа тапсырылады. Мұрағатқа
істердің тапсырылуын растайтын құжаттар үнемі бухгалтерлік қызметте
сақталады [2].
Алғашқы құжаттар жоғалған немесе жойылған жағдайда мемлекеттік мекеме
басшысы тергеу органдарының, күзеттің және мемлекеттік өрт бақылау
өкілдерін тарта отырып, бұйрықпен жоғалу немесе жойылу себебін қызметтік
тергеу бойынша комиссия тағайындайды.
Комиссия жұмысының нәтижелері актімен (еркін нысандағы) ресімделеді,
оған комиссия мүшелері қол қояды және мемлекттік мекеме басшысы бекітеді.

1.2 Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің сипаттамасы
мен технико-экономикалық көрсеткіштері

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің
Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаменті (бұдан әрі – Департамент)
республикалық бюджетті атқару және жергілікті бюджеттердің атқарылуына
қызмет көрсету, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы
бойынша операцияларды есепке алу, қамтамасыз ету саласында және мемлекеттік
мекемелердің қолма-қол ақшаның тиісті бақылау шоттары мен мемлекеттік
мекемелердің шоттары бойынша операцияларды өткізу саласында функцияларды
жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық
комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.
Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын
және заңдарын, Қазақстан Республикасының резиденті мен Үкіметінің
актілерін, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің және Қазынашылық
комитеті төрағасының бұйрықтарын (өкімдерін), өзге де нормативтік
актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды
тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен
мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес
республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік
мекемелерді екінші деңгейдегі банктер арқылы қолма-қол ақшамен қамтамасыз
ету үшін ұлттық және шетел валютасында шоттары болады.
Департаменттің мемлекеттік мекеменің нысанындағы заңды тұлғалар болып
табылатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі құрайтын және тарататын
тікелей бағыныстағы аумақтық бөлімшелері – қаладағы аудандық қазынашылық
басқармалары бар, олардың өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен
мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің
есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерді қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету
шоттары болады [6].
Жұмысты тиімді ұйымдастыру мақсатында Департамент республикалық
бюджетті атқару және жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсету
саласында аумақтық бөлімшелерді бюджеттік заңнама нормаларының сақталуы
мәселелері бойынша тексеруді жүргізеді, сондай-ақ аумақтық бөлімшелерінің
оларға белгіленген тәртіппен жүктелген функцияларды тиісінше орындауын
бақылауды асырады.
Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Департамент өз қызметінде мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер, оларды
жергілікті бюджеттер бойынша үйлестіру, жергілікті бюджеттердің шоттарын,
республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік
мекемелердің шоттарын, аударым операцияларын жүргізу және олардың есепке
алуын жүргізу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы және уәкілетті
органдармен өзара қарым-қатынас жасайды.
Департамент өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген
тәртіппен, Департамент бастығының немесе оның міндеттерін атқаратын адамның
бұйрықтарын ресімделетін жеке қолданыстағы құқықтық актілерді шығарады.
Департамент туралы ережені және оның штат кестесін Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы бекітеді. Департаменттің
құрылымын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы
бекітетін Құрылымның негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Қазынашылық комитетінің төрағасы бекітеді. Департаменттің штат саны ҚР ҚМ
бекіткен штат саны лимиті шегінде ҚР ҚМ ҚК төрағасы бекітеді.
Департаменттің заңды мекен-жайы: индекс 050000, Алматы қаласы, Желтоқсан
көшесі, №83 үй.
Департаменттің толық атауы – “Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Қазынашылық комитетінің Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаменті”
мемлекеттік мекемесі. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып
табылады. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет
қаражатынан жүзеге асырылады. Департаментке кәсіпкерлік субьектілерімен
Департаменттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау түрғысында
шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады [4].
Департаменттің негізгі міндеттері республикалық бюджеттің атқарылуына
бақылау жүргізуді және жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсетуді
ұйымдастыруын жақсартуды жүзеге асыру. Бюджеттік бағдарламалардың (кіші
бағдарламалардың) қаржыландыру жоспарларын атқару бойынша операцияларды
есепке алуды қамтамасыз ету. Жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың
бірлік принциптерін сақтауын, бюджет түсімдерін қайта бөлу арқылы
бюджеттердің өзара әрекетіне негізделген және біріңғай нормативтік құқықтық
базамен қамтамасыз етілген барлық деңгейдегі бюджеттердің толықтығын,
шынайлығын, транспаренттілігін, жауапкершілігі мен дербестігін қамтамасыз
ету.
Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсету
мәселелері бойынша алдын-ала және ағымдағы бақылауды қамтамасыз ету. Бюджет
жүйесіндегі бухгалтерлік есепті және есептілікті және қазынашылық органдары
жүйесіндегі ішкі бақылауды дамытуға және жетілдіруге қатысу. Ақпараттық
қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуын
қамтамасыз ету, ұйымдастыру және бақылау болып табылады.
Департамент заңнамада белгілеген тәртіппен ҚР ҚМ ҚК жергілікті
атқарушы және уәкілетті органдардан, республикалық және жергілікті
бюджеттердің қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерден
мемлекеттік бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру үшін қажетті ақпарат пен
мәліметтер алуға көмектеседі. Сонымен қатар, бюджеттердің қаражаты есебінен
ұсталатын мемлекеттік мекемелердің берілген рұқсаттар шегінде міндеттемелер
жөніндегі бекітілген жоспарларға сәйкес қаражатты жұмсау жөніндегі
міндеттемелерді қабылдауын ағымдағы бақылауды жүжеге асыруға. Бюджеттердің
қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерде Қазақстан
Республикасының бухгалтерлік есеп туралы заңнамасының сақталуына ағымдағы
бақылауды жүзеге асыруға;
Қазынашылық органдардың қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық
актілерді жетілдіру және олардың атқаратын міндеттері мен функцияларын
орындау атқарылуын ұйымдастыру жөнінде функцияларын орындау атқарылуын
ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізуге міндетті. Мемлекеттік мекемелердің
қаржы құралдарында жолсыздықтар анықталған жағдайда оларды тиісті
органдарға қарауға жіберуге және бюджеттің қаражатына қатысты және оның
есебінен (олардың жүзеге үшінші тұлғаға беру құқығынсыз) ұлттық және
шетелдік валютада банктік операцияларды, сонымен қатар демеушілік,
қайырымдық көмекпен, гранттардан түсетін түсімдер бойынша операцияларды
және мемлекеттік мекеме жеке немесе заңды тұлғалар оларды қайтарып алу
шартында беретін ақша бойынша мынадай операцияларды:
1. мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу, жабу және жүргізу;
2. есеп операциялары – төлеуге берілетін шоттардың негізінде
мемлекеттік мекемелердің төлемдерін өткізу;
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің және қабылдануы ҚР
Бюджеттік кодексінде қарастырылған бюджеттің атқарылу тәртібін анықтайтын
басқа да нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылу кезінде бюджеттік
бағдарламалар әкімшісін қаржыландыруды тоқтатып қоюға. Өз құзіретінің
шегінде бюджеттердің қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің
қаржылық тәртіпті сақтауын бақылауды жүзеге асыру керек. Біріңғай заңнамада
көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Департамент мүлкі. Департаменттің жедел басқару құқығындағы мүлкі
болады. Департаментке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады,
негізгі қорлардан және айналым қаражаттардан тұратын оған мемлекет
тапсырған мүліктің есебінен, сондай-ақ құны Департаменттің теңгерімінде
көрсетілетін өзге де мүліктен қалыптастырылады.
Департаменттің өзіне бекітіліп берілген мүлікті өз бетінше иеліктен
шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік жүргізуге құқығы жоқ. Немесе ҚР
заңнамасында белгіленген жағдайларда және шекте Департаментке мүлікке билік
ету құқығы берілуі мүмкін.
Департамент қызметін ұйымдастыру. Департаментті ҚР заңнамасына сәйкес
ҚР ҚМ ҚК төрағасының ұсынымы бойынша ҚР Қаржы министрі қызметке
тағайындайтын және қызметтен босататын бастық басқарады. Бастықтың ҚР
заңнамасына сәйкес Департамент бастығының ұсынымы бойынша ҚР ҚМ ҚК төрағасы
қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
Департаменттің бастығы Департаменттің құрылымдық және аумақтық
бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, сонымен қатар,
Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және олардың өз
функцияларын жүзеге асыруына жеке жауап береді.
Департамент бастығы:
• өз орынбасарларының, департаменттің құрылымдық және аумақтық
бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіліктерін
белгілейді;
• заңнамаға сәйкес Департаменттің құрылымдық және аумақтық
бөлімшелердің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен
босатады;
Заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолданады. Қазынашылық
комитетінің төрағасы бекітетін облыстар, Астана және Алматы қалалары
бойынша Қазынашылық департаменттері туралы ереженің және Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігінің Жауапты тұлғасы ережені, Департаменттің
құрылымын және штат кестесін әзірлеуді қамтамасыз етеді және оларды ҚР ҚМ
ҚК төрағасына бекітуге береді. Департаменттің құрылымдық бөлімшелері
туралы ережені, сондай-ақ Департаменттің аудандық, қалалық және қаладағы
аудандық қазынашылық басқармалары туралы Ереженің және ҚР ҚМ Жауапты
хатшысы бекітетін құрылымның негізінде Алматы қаласындағы аудандық
қазынашылық басқармалар туралы Ережені, олардың құрылымын және штат
кестесін бекітеді. Заңнамада белгіленген тәртіппен Департаменттің
қызметкерлерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек
көрсету, оларды даярлау (қайта даярлау), олардың біліктілігін арттыру,
оларды көтермелеу, үстемақы төлеу және сыйлық беру мәселелерін шешеді [9].
Департаменттің бұйрықтарына қол қояды заңнамаға сәйкес Департаментті
мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда білдіреді. Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құзіреттерді іске асырады.
Бастық болмаған уақытта оның міндеттерін ҚР Қаржы министрі
айқындайтын, орынбасарларының бірі атқарады. Департаменттің консультациялық-
кеңесші орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және дербес
құрамын Департамент бастығының орынбасарларының және құрылымдық бөлімшелері
басшыларының арасынан ҚР ҚМ ҚК төрағасымен келісімі бойынша Департамент
бастығы бекітеді.
Департамент алқасы өз отырысында жұмыс әдістерін жетілдіру және
мемлекеттік бюджеттің кассалық атқарылуын бақылау, қабылданған шешімдерді
орындау мәселелерін қарайды, Департаменттің құрылымдық және аумақтық
бөлімшелері басшыларының жұмысы туралы есептерді, сондай-ақ алқалық қарауды
талап ететін басқа мәселелер туралы шешімдерді тыңдайды. Алқаның шешімдері
Департамент бастығының бастығының бұйрықтарымен рәсімделеді. Алқа
мүшелерінің арасында дайытар тең болған жағдайда Алқа төрағасы шешім
қабылдайды.
Департаментті қайта құру және тарату ісі бойынша әрекеттер Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Төлемдерді бекіту басқармасы. Басқарманың негізгі міндеті мемлекеттік
бюджеттің орындалуына қызмет көрсетуде бақылауды қамтамасыз ету болып
табылады. Және ол келесі функцияларды орындайды:
• республикалық бюджет бойынша төлеуге берілетін шоттар деректеріне
бағдарламалық бақылауды жүзеге асыру;
• жергілікті бюджет бойынша төлеуге берілетін шоттар деректеріне
бағдарламалық бақылау жасау;
• мемлекеттік мекемелердің шоттары бойынша төлеуге берілетін шоттар
деректеріне бағдарламалық бақылауды жүзеге асыру;
• республикалық бюджет бойынша берілетін шоттарды қайта енгізуді
жүзеге асыру;
• Жергілікті бюджет бойынша төлеуге берілетін шоттарды қайта
енгізуді жүзеге асыру;
• Мемлекеттік мекемелер шоттары бойынша төлеуге берілетін шоттарды
енгізуді жүзеге асыру;
• Республикалық бюджет бойынша төлеуге берілетін шоттарды бекіту;
• Жергілікті бюджет бойынша төлеуге берілетін шоттарды бекіту;
• Мемлекеттік мекемелердің төлеуге берілетін шоттарды бекіту;
• 902 шоты бойынша “Анықталмаған түсімдер” төлемдерін бекіту;
• Бекітілген төлеуге берілетін шоттарды бақылау тобына тапсыру;
• Қаржы тобына 902 шотынан жүргізілген төлемдер есебін және
жүргізілген төлем тапсырмаларын тапсыру.
Қазынашылық комитетінен ҚБАЖ мен жұмыс істеуде қажетті ақпараттар мен
мәліметтер алу, республикалық және жергілікті бюджеттері есебінен
қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерден бекітуге қабылданған төлем
құжаттарына бақылауда жүзеге асыру және т.б. сол сияқты басқарма негізгі
міндеттерді орындау мақсатындағы құқықтарға ие болады. Басқарма Қазынашылық
ұйымдардың қызметін реттейтін нормативті-құқықтық актілерді жетілдіруде
ұсыныстар енгізу және оның міндеттері мен функцияларын орындауды
ұйымдастыру, ҚР заңдылықтарында көрсетілген өзге де құқықтарды жүзеге
асырады [7].
Түсімдер басқармасы. Жергілікті бюджетті атқару бойынша уәкілетті
органнан, салық қызметі органынан, түсімдер бойынша уәкілетті мемлекеттік
органнан, әкімшілік етілмейтін салық қызмету органынан, республикалық және
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерден Басқарманың
қызметін орындау мәселелері бойынша қажетті ақпарат, мәлімет, құжаттарға
сұрау салу және оларды алу, құжаттарды негізгі де сапалы толтырылуын талап
ету және әрекеттегі нормативті актілерге қайшы келетін құжаттарды орындауға
қабылдамау, нормативті-құқықтық актілер, қазынашылық әрекеті мен оның
міндеттерін орындауды ұйымдастыруда ұсыныстар жасау және сол де көптеген
басқа да біраз шектелген құқықтар Басқарманың жұмысын қалайды. Басқарма
құзіретіне жататын мәселелер бойынша бюджетті орындау бойынша уәкілетті
органмен, қаржылық және басқа мекемелермен, сонымен қатар ҚР ҚМ Қазынашылық
комитетімен қызметтік жазба жүргізеді. Құжаттарды сақтау мен оларды
белгіленген тәртіппен мұрағатқа өткізуді қамтамасыз ету мен ҚР
заңнамаларына сәйкес басқа да құқықтарды іске асыру жатады.
Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңдары мен нормативтік-құқықтық
актілерін қатаң сақтау, заңнамалық тәртіппен мемлекеттік құпияны құрайтын
мәліметтерді құпия сақтау қажет.
Бақылау және талдау басқармасы. Басқарма өзінің негізгі міндеттерін
іске асыру және функциясын атқару үшін Алматы қаласы бойынша Қазынашылық
департаментінің құрылымдық бөлімшелері мен аудандық басқармаларынан заңда
бекітілген тәртіппен жұмысқа қажетті ақпараттар мен мәліметтеді алуға,
нормативтік-құқықтық актілерді, қазынашылықтың қызметін жетілдіру және
міндеттерді орындауды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгізуге құқықты.
Мониторинг және талдау бөлімі Алматы қаласы бойынша Қазынашылық
департаментінің бақылау және талдау басқармасының құрылымдық бөлімшесі
болып табылады.
Мониторинг және талдау бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының
Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Бюджеттік кодексін,
Президент актілерін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын,
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің, Қазынашылық комитетінің
бұйрықтарын және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді, Үкіметтің ҚР
Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы қаулысын да Төлемдерді
бақылау бөлімі басшылыққа алады. Бөлім өз қызметі барысында Қаржы
министрлігінің Қазынашылық комитетімен, Алматы қаласы бойынша Қазынашылық
департаментінің аудандық басқармаларымен және құрылымдық бөлімшелерімен
өзара қарым-қатынас жасайды [8].
Мемлекеттік бюджетті атқару басқармасы. Қазақстан Республикасының
заңнамаларына сәйкес басқа да қызметтерді жүзеге асыру үшін заңнамалық
тәртіппен белгіленген бірнеше құқытарға ие болады. Оның ішінде бюджетті
атқару бойынша уәкілетті органнан, республикалық және жергілікті бюджеттік
бағдарламалар администраторларынан Басқарманың қызметін орындау мәселелері
бойынша қажетті ақпарат, мәлімет, құжаттарға сұрау салу және оларды алу,
құжаттарды негізгі де сапалы толтырылуын талап ету және әрекеттегі
нормативті актілерге қайшы келетін құжаттарды орындауға қабылдамау
жұмыстары жүргізіледі. Әрине олар нормативті-құқықтық актілер, қазынашылық
әрекеті мен оның міндеттерін орындауды ұйымдастыруда ұсыныстар жасау
құқығынсыз жүзеге аспайды. Басқарма құзіретіне жататын мәселелер бойынша
бюджетті орындау уәкілетті органмен, басқа да қаржылық органдармен және
республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен қызметтік жазба
жүргізу жатады. Олар құжаттарды сақтайды, оларды тәртіппен мұрағатқа
өткізуді қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес,
әрекеттегі заңдар мен нормативті-құқықтық актілерін қатаң сақтайды,
мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді таратпайды және құпия сақтайды.
Әрекетті ұйымдастыру. Басқарманың Алматы қаласы бойынша Қазынашылық
департаментінің бастығы қызметке тағайындап, босататын Басқарма бастығы
басқарады. Басқарма жұмысының басшылығын ұйымдастырып, іске асырады,
басқармаға жүктелген міндеттер мен қызметтердің орындалуын, қызметкерлердің
қызметтік және еңбек тәртібін сақтауын, олардың өз міндеттерін атқаруын
жеке жауапкершілікке алады.
Бөлімнің негізгі міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыру үшін
заңнамалық тәртіппен белгіленген құқытары. Басқарманың жергілікті атқару
бойынша уәкілетті органнан, салық қызметі органдарынан, республикалық және
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекемелерден, әкімшілік етілмейтін
салық қызметі органдарынан Бөлімнің қызметін орындау мәселелері бойынша
қажетті ақпарат, мәлімет құжаттарға сұрау салу және оларды алу, құжаттардың
негізгі де сапалы толтырылуын талап ету және әркеттегі нормативті актілер
қайшы келетін құжаттарды орындауға қабылдамау, нормативті-құқықтық
актілерді, қазынашылық әрекеті мен оның міндеттерін орындауды ұйымдастыруда
ұсыныстар жасау және тағы басқа да көптеген құқытарға ие болады. Олар бөлім
құзіретіне жататын мәселелер бойынша бюджетті орындау бойынша уәкілетті
органмен, қаржылық және тағы басқа мекемелермен, сонымен қатар Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетімен қызметтік жазба
жүргізеді. Құжаттарды сақтау, оларды белгіленген тәртіппен мұрағатқа
өткізуді қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының
заңнамаларына сәкес басқа да құқықтарды іске асырады. әрекеттегі заңдары
мен нормативті құқықты актілерін қатаң сақтап, заңнамалық тәртіппен
белгіленген мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді сақтап, оларды
таратуға құқығы жоқ [10].
Қаржылық қамтамасыз ету бөлімі. Қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің
негізгі міндеті болып мемлекеттік мекемелерді міндеттемелер мен төлемдер
бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын құру, мемлекеттік мекемелерді
міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың бекітілген жеке
жоспарларын орындау мен республикалық бюджет қаражаттарының жұмсалуына
алдын-ала, ағымдағы және кейінгі бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
Қалалық аппараттарда және қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелерде
бухгалтерлік есеп жүргізеді. Міндеттемелер мен төлемдер бойынша
қаржыландырудың жеке жоспарларын орындаумен байланысты бухгалтерлік,
статистикалық есеп беру мен басқа да ақпараттарды белгіленген мерзімінде
құру және ұсыну жұмысымен айналысады. Сонымен оның негізгі функциясы –
Қазақстан Республикасының бюджеттік заңның және мемлекеттік сатып алулар
туралы заңының нормаларын сақтау болып табылады.
Қалалық аппарат пен қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелердің
қызметі үшін қажетті қаржылық және материалды-техникалық базалар құруды,
жасалып жатқан операциялардың жұмсалуы бойынша заңдылығын қадағалауды
қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік есеп пен бақылау үшін қажеті бастапқы
құжаттардың тізімін және қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер
басшыларының ұсыну кестесін бекітеді. Мемлекеттік мекемелер басшыларының
ұсынған құжаттары негізінде, соның ішінде: еңбекке жарамсыздық парағымен
қоса, жұмыс уақытының есеп табельдері, іссапар куәліктері, сәйкес бұйрықтар
(қызметкерлерді қабылдау және босату, атқаратын міндеттерін жүктеу,
беліоген өтелім демалыстары, еңбек демалыстары, қызметкерлердің іссапарлары
және т,б, бойынша), мемлекеттік қызмет өтілін есептеу бойынша хаттама
негізінде қалалық аппараттар мен ықзмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер
қызметкерлерінің жалақысын, бюджетке, зейнетақы қорларына және тағы басқа
да міндетті төлемдерге аударымдар уақтылы есептеу мен аударуды жүргізеді.

1.3 Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің есеп саясаты

Қазынашылық департаментінің есеп саясаты Қазақстан Республикасының
Бюджет кодексіне сәйкес әзірленген.
Есеп саясаты бюджеттік мекемелерде қаржы есептілігін құрастырғанда
және ұсынғанда қолданылатын, барлық бюджеттік мекемелерге бірыңғай болып
табылатын принциптерді, негіздерді, ережелерді, қағидалар мен практиканы
қамтиды.
Қазынашылық департаментіндегі бухгалтерлік есепті жүргізудің тәртібі
Бухгалтерлік есеп ережесімен және Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік
есебі шоттарының жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі
орталық уәкілетті органмен келісім бойынша өз жүйесінің мемлекеттік
мекемелерінде олардың қызметінің ерекшелігін ескере отырып және мемлекеттік
мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізуді және есеп саясатын сақтай отырып,
бухгалтерлік есеп жөніндегі жалпы ережелерді қолдану тәртібі туралы
нұсқаулар беруі мүмкін.
Қазынашылық департаментіндегі бухгалтерлік есепті Бухгалтерлік есеп
ережесіне сәйкес бухгалтерлік есептің мемориалдық-ордерлік нысаны бойынша
жүзеге асырады.
Ақша қаражаттары мен олардың баламалары. Бюджеттік мекемедегі ақшалай
қаражаттарды қолдану қатаң мақсатты тағайындау бойынша жүзеге асырылады.
Ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанының аяғына дейінгі мерзімді қоса
алғандағы қолданылмаған жоспарлы тағайындаулардың қалдықтары жойылады.
Қазынашылық департаментіндегі тура әдісті қолдана отырып, қаржыландыру
көздері бойынша бюджеттік мекеменің ақшалай қозғалысы туралы есепте
операциялық қызметтен ақшалай қаражаттарының қозғалысы туралы деректерді
ұсынады.
Дебиторлық берешек. Нысаналы трансферттер бойынша дебиторлық
берешектің сомалары қаражаттардың мақсатты қолдануы бойынша есептерді
ұсынғанға дейін төменде тұрған бюджеттерге аударған кезден бастап бюджеттік
бағдарламалардың әкімшілерінің есебінде танылады.
Субсидиялар бойынша дебиторлық берешек жеке және заңды тұлғаларға
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қаражатты алған сәттен
бастап төлегенге дейін мемлекеттік мекеменің есебінде көрсетіледі.
Зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақыны төлеуге бағытталған қаражаттар
зейнетақы төлеу бойынша Мемлекеттік Орталыққа аударған сәттен бастап жеке
тұлғаларға зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақыны төлеу туралы есептердің
негізінде есептен шығарғанға дейін халықты әлеуметтік қорғау саласында
реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органда көрсетіледі [12].
Бюджеттік мекеме дебиторлармен есептеулерді түгендеу нәтижелері
бойынша есеп кезеңінің соңында сатушылар мен тапсырыс берушілердің шарттары
бойынша күмәнді берешектерді өндіріп алу жөніндегі жұмыс нәтижелерін ескере
отырып, түгендеу комиссиясының актісіне сәйкес қабылданған мемлекеттік
мекеме басшысының шешімі негізінде:
1) күмәнді берешектер бойынша төлем немесе тауарлар (жұмыстар және
көрсетілетін қызметтер) жеткізу бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық емес ұйымдардағы бухгалтерлік есептеме жасау мәселелері
Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру
Талдықорған балалар туберкулезіне қарсы санаториясы денсаулық
Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есептің қазіргі жағдайын зерттеу, бюджеттік ұйымдардың бухгалтерлік есебінің басымды объектілерін анықтау
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік басқару есебінің жүргізілуі, олардың проблемалары мен жетілдіру жолдары
Алғашқы құжаттардың және бухгалтерлік есептіліктің жағдайлары
Жұмыспен қамтудың арнайы түрлері
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есепті жүргізу жолдарын зерттеу, есептің ұйымға тигізетін әсерін анықтау және оның есебін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау
Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының тұжырымдамасы
Пәндер