Адам мен азаматтардың саяси және экономиккалық құқықтары мен бостандықтары


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Адам мен азаматтардың саяси және экономиккалық құқықтары мен бостандықтары.

Ж О С П А Р

I . Кiрiспе

II . Негiзгi болiм:

Адам құқығы - азаматтың басты игілігі

  1. Азаматтардың экономикалық құқықтары мен бостандықтары.
  2. Саяси құқықтар мен бостандықтар туралы.
  3. Мемлекеттiк қызметке кipyгe тең құқығы.
  4. Азаматтардың басты міндеттері туралы.

III . Қорытынды бөлiм

Пайдаланған әдебиеттер.

Кiрiспе

II . Негiзгi болiм:

Адам құқығы - азаматтың басты игілігі

Қазіргі заманда өркениеттің басты жетістігі адам құқығы мен бостандығын нақты қалыптастыру болып табылса, барлық мемлекет оны қорғап, оған кепіл болуы тиіс. Осындай ізгілікті үрдістен тəуелсіз Қазақстан да шет қалып отырған жоқ.

Қазақстан Ата заңының 1-бабында: "Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы - адам жəне адамның өмірі, кұқықгары мен бостандықгары", деп атап көрсетілген. Осы заң сөздері Қазақстанға əлемнің дамыған елдерінің қатарында тұруға моральдік қүқық береді.

  1. Азаматтардың экономикалық құқықтары мен бостандықтары

Адам қүқықгары мен бостандықтары туралы заңдарды дамыту жолында Қазақстан басқа өркениетті елдердің тəжірибесін қолдана бастады. Соның бір айғағы ҚР Президентінің жарлығымен Президент жанында елдегі адам құқығы мен бостандығын сақтауға бақылау жасайтын, өкілеттік қызмет жөніндегі комиссияның құрылуы. Қоғамның өтпелі кезеңінде еліміздегі адам құқықгары жөніндегі заңцар қызметін үйлестіріп, олардың осал түстарын ретке келтіріп, қалпына келтіруде қазақстандықгар комиссияға зор үміт артады. Бұрынғы кеңестік дəуірде азаматтар өз кұқықгарын қорғау үшін жоғары билік орындарына, тіпті Коммунистік партияның Бас хатшысына жүгінетін. Қазіргі уақытта адамдар өздерінің бүзылған құқықтарын қорғау үшін құқық қорғау орындарына, сотқа, Адам құқығы жөніндегі комиссияға шағымданатын болды. Бұл біздің қоғамның құқықтық мемлекет құруға бет бұрғандығымызды көрсетеді.

Экономикалық құқық пен бостандық адамға өзінің материалдық өндіріс жəне бөлініс саласындағы өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін қажет.

2) жекешелендіруге қатысатын әр азамат мемлекеттік мүліктегі үлеске қүқығын куəландыратын құжат алады.

Сөйтіп, əрбір азамат белгілі бір мөлшерде жеке меншікке ие болады. Яғни, жалпыға бірдей мəрелік бастау қамтамасыз етіледі. Ал одан арғысы əркімнің жеке қабілетіне, басқд да мəнжайларға байланысты болады. Кеңестік Конституция тек азаматтың ғана өзіндік меншігін нығайтты. Ол жалақының есебінен құрылды жəне адамның қажетін қанағаттандыруға қызмет етті. Жеке меншіктің өзі баюдың қайнар көзі болып табылады. Сондықтан жеке меншікке құқық адамның өзіндік меншігі құқығынан елеулі түрде ерекшеленеді.

Жеке меншік иесінің құқығы қандай? Меншік иесінің құқы үш элементтен тұрады: а) иелену қүқығы, яғни, меншік объектілеріне: жылжымалы және жылжымайтын мүлікке заңдық тұрғыдан иелену құқығы; ə) пайдалану құқығы, яғни, меншік объектісінің пайдалы қасиеттерінің тиімділігін көру, техниканы, технологияны пайдалану құқығы; б) билік ету құқығы, яғни, сату, жалдауға беру, мұралыққа қалдыру, біреуге қайтарымсыз беру жəне т. б.

Меншік иесі өз меншігіне заңға сəйкес билік етуге құқылы. Бұл өз мүлкін жекелеген адамға, қоғамға зиянды түрде, яғни, басқа адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, мемлекеттің заңды мүдделеріне нұқсан келтіре отырып пайдалануға болмайды деген сөз.

Жеке меншік әр түрлі жолдармен: материалдық игілік өндірісі, рухани құндылық, мұра, сыйлықалу, бағалы қағаздарды өткізу жəне т. б. нəтижесінде алынуы мүмкін. Егер меншік заңды негізде алынған болса, ол мемлекет арқылы қорғалады.

Мемлекет өз азаматтарының меншікке құқын ел ішінде де, сондай-ақ сырт жерлерде де қорғайды. Мемлекет жеке меншікті, біріншіден, қылмыстық қол сұғушылықтан (ұрлықтан, талан-таражға салынудан, бұзылудан), екіншіден, оған нұқсан келтіретін кез келген іс-əрекеттен қорғайды. Жеке меншікке қол сұққаны үшін кінəлі қылмыстық жəне мүліктік жауаптьшыққа тартылады. Заң жеке меншікті мемлекеттік органдар жəне лауазымды адамдар тарапынан болатын заңсыз қол сұғушылықтан қорғайды. Егер мемлекеттік орган азаматтан мүлікті алу туралы шешім шығарса, онда ол келтірілген залалдың орнын толтыруды немесе мүлікті қайтаруды талап етіп сотқа жүгінуге құқылы.

Меншік иесі басқалардан заңсыз иеленген өз мүлкін қайтаруын талап етуге құқылы. Айталық, азамат басқа адамның қолында болып шыққан өз мүлкін (малый) таныды делік. Егер заңсыз иеленуші мүлікті иесіне өз еркімен қайтармаса, соңғысы мүліктің қайтарылуын талап етіп сотқа жүгінуге құқылы. Егер мүлік əлдекімнің кінəсінен бұзылса меншік иесі келтірілген зиянның орны толтырылуын сот арқылы талап етуге құқылы.

Жекешелендіру процесінде жеке меншіктің құрылуының қайнар көзі болып табылатын жеке кəсіпкерлікке айрықша назар аударылады.

Жеке кəсіпкерлік - азаматтың экономикалық бостандығын жүзеге асыру нысаны. Рыноктік қатынасқа көшудің басты шарттарының бірі жеке кəсіпкерлікке бостандықты қамтамасыз ету болып табылады. Кеңестік кезенде жеке кəсіпкерлікпен шұғылдануға талпынған адамдардың талаптары басылып тасталды. Мүндай қызмет заңсыз баюдың негізі, ізгіліктің жойылуына апарып соқтыратын тоғышарлық вдеологияның көрінісі деп есептелді. Нəтижесінде жеке кəсіпкерлік толық дерлік таратылды. Осының кесірінен адамдар жүздеген жылдар бойғы сақталған ұлттық кəсіпшілік дəстүрін жалғастыру жəне жетілдіру мүмкіндігінен айрылды (қолмен кілем тоқу, зергерлік іс. т. б. ) . Бұл адамдардың шаруашылық өміріне елеулі зиян келтірді, кəсіпкерлік құлшынысты басып тастады, еңбек дағдыларының жойылуына əкеліп соқтырды. Осындай саясаттан мемлекет те, қоғам да, халықта, әр адам да ұтылды. Енді кəсіпкерлік қызметке деген көзқарас түбегейлі өзгерді.

"Əркімнің кəсіпкерлік қызмет еркіндігіне қүқығы бар" (26-бап) .

Жеке кəсіпкерлікті қолдау жəне қорғау туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Онда шағын кəсіпкерлікті қорғау мен қолдаудың негізгі нысандары мен əдістері қарастырылды. Мемлекет, оның органдарының шағын кəсіпкерліктің қызметіне тікелей араласуына құқы жоқ. Шағын кəсіпкерлікке іс-əрекет еркіндігі толық берілген. Əрине, бұл орайда олар заңды бұзбауы тиіс. Шағын кəсіпкерліктің құқын бұзған лауазымды адамдар жауаптылыққа тартылады.

Шағын кəсіпкерлік -азаматтардың əртүрлі тауарларға (қызмет, көмек көрсетулерге) қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған қызметі. Мұндай қызметті азаматтың өзі немесе оның атынан басқа адам атқарады. Əрине, кəсіпкерлікпен айналысуға шешім қабылдаған адам оның тіпті жеңіл жұмыс емес екендігін, тəуекелді қажет ететіндігін түсінуі тиіс. Өйткені адам өз қызметіне, өз мүлкіне өзі жауап береді. Кəсіпкерлік қызметтің нəтижесінде басқа біреуге келтірілуі мүмкін зардаптар үшін ешкім де: мемлекет те емес, оның органдары да емес, не басқа адамдар емес тек өзі ғана жауап береді.

Сонымен бірге кəсіпкердің мүлкі заңмен қорғалады, ешкімнің оған қол сүғуға құқы жоқ. Тек заң негізінде ғана кəсіпкердің мүлкін алып қоюға не оның қызметін шектеуге болады. Мысалы, кəсіпкердің қызметін қоғамның, азаматтардың, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қорғау мақсатында, қауіпсіздік ережелерін сақтауды қамтамасыз ету жəне т. б. мақсаттарда шектеуге болады. Басқаша айтқанда, адам адамдарға, қоршаған ортаға (жерді бүлдіру, суды ластау жəне т. б. ), қоғамға залал келтіретін кəсіпкерлік қызметпен айналыспауы тиіс.

Кəсіпкерлікпен жеке адамдар немесе адамдар тобы айналыса алады. Мемлекет кəсіпкерлерге көптеген жеңілдіктер белгіледі: мемлекеттің қорынан несие бөледі, қажетті жабдықтармен жəне басқаларымен қамтамасыз етеді. Мұндай көмек ең алдымен материалдық құндылықтар өндіретін кəсіпкерлерге жасалады. Ол түсінікті, мүндай кəсіпкерлер экономиканы дамытуға, адамдардың осындай тауарларға сұранысын қанағаттандыруға ықпал етеді. Өндіріспен айналысатындарға (фермерлерге, тұтыну тауарларын өндірушілерге жəне басқаларына) қолдау көрсететін кəсіпкерлік пен бəсекені қолдау қоры құрылды.

Еңбек ету бостандығы - азаматтардың негізгі құқықтарына жатады. Бұл құқық еңбекке қабілетті адамның өз еңбегімен өз өмірін асырауға заңды мүмкіндігі бар екендігін білдіреді.

"Əркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кəсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар"(24-бап) .

Сонымен, еңбек ету бостандығы құқығы біріншіден, кəсіпкерлікпен айналысу құқығын білдіреді. Екіншіден, əрбір еңбек етуге қабілетті адамның өз қалауымен мемлекеттік немесе жеке кəсіпорынға, мекемелер мен ұйымдарға жұмысқа орналасуға занды мүмкіндігі бар екендігін білдіреді. Үшіншіден, бұл құқық адамның жұмысқа өз мамандығы бойынша орналасуына мүмкіндік береді.

Бұл арада атап өткен жөн, жаңа Конституция бұрын болғандай, еңбек ету міндеттілігін көздемейді. Заң мұндай адамдарды "арамтамақтар" деп атаған еді. Бір кездерде олар үшін арнаулы еңбекпен тəрбиелеу лагерлері де құрылды. Алайда, күштеу, барлық уақыттағы сияқты, игі нəтиже берген жоқ. Қандай себеппен болсын жұмыс істегісі келмегендер (нашақорлар, маскүнемдер, ар-намыстан айрылып, азған адамдар) жұмыс істемеудің жолын тапты. Шамасы, адамға ықпал етудің екі жолы барау деймін. Ол жұмысқа еңбек қабілеті бола тұрып, еңбек істегісі келмейтіндерді қоғамдық мінеу. Жалқауларды, еңбекке сырт қараушыларды бүкіл халық сынға алады. "Еңбексіз игілік жоқ", "Еңбек еткенді құдай да жақсы көреді", "Адамды еңбек асырайды, жатып ішердің жамбасы тесіледі", "Қүдайға сыйын да еңбек ет", "Еңбек етсең құдайға да жағасың" жəне т. б.

Екінші əдіс - еңбек сүйгіш адамды қалыптастыратындай, қабілеті, икемі жəне талабы бойынша еңбек етуге мүмкіндік беретіндей жағдай (от-басында, қоғамда жəне мемлекетте) жасау.

Конституция, заңдар адамның жұмысқа өзінің орналасуына құқық береді. Жұмысқа орналасу үшін еңбек шарты жасалады. Еңбек шартының мынадай белгілері бар:

  • еңбек етуші белгілі бір ұжымның құрамына кіреді немесе накты бір адамға жұмыс істеу үшін жалданады;
  • ол еңбек шартында көзделген жұмысты орындайды;
  • ол еңбек тəртібіне, еңбек режиміне бағынады;
  • ол еңбекақыны шартта көзделгендей сан мен сапа бойынша алады;
  • əне еңбекақы заңмен белгіленген мөлшер деңгейінен төмен болмауы тиіс;
  • ұжым əкімшілігі, жеке жалдаушы жұмысқа қолайлы жағдай жасайды.

Жалдаушы адам еңбек шартына қатысушылардьщ бірі болып табылады. Ол еңбек шартына өз атынан қол қояды, өзіне қабылдаған еңбек ету (қызмет ету) міндетін өзінің жеке еңбегімен орындайды. Жұмысқа жалдану үшін, адам жұмыс істеуге қабілетті болуы керек, яғни жұмысты қабілетіне қарай өзі саналы түрде тандауы жəне жүктелген міндетке жауап беруі тиіс.

Əкімшілік (мемлекеттік, кооперативтік ұйымдар, жеке кəсіпкер) еңбек шартының екінші тарабы болып табылады.

Конституцияда мынадай қағида бар:

"Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдай-да немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі" (24-бап) .

Жоғарыда айтылғандай, ешкімнің ешкімді зорлап жұмыс істетуге құқы жоқ. Жұмысқа зорлау - құлдықтың белгісі. Азаматтық жəне саяси құқықтар туралы халықаралық пактiге көзделгендей: "Ешкімді еріксіз немесе міндетгі еңбек етуге мəжбүрлеуге жол берілмейді"(3-а тармақ) . Қазақстан Республикасының Конституциясы бұл талапқа толық жауап береді. Аталған пактге мынадай да қағида бар: "Қылмыс үшін жаза каторгалық жұмыстармен қоса бостандығынан айыру жазасы тағайындалатын елдерде, 3-а тармақ осындай жаза тағайындаған құзыретгі сот үкімі бойынша каторгалық жұмысты орындауға тосқауыл болып есептелмейді". Тиісінше, Қазақстан Республикасының сот үкімі бойынша еріксіз еңбекке рұқсат ететін қағидасы халықаралық құқықтың жалпыға мəлім нормаларына қайшы келмейді.

Төтенше немесе əскери жағдай жарияланған кезде заң азаматтардың белгілі бір жұмыстарды міндетгі түрде орындау жағдайын қарастыра алады. Мұндай "мəжбүрлеу" азаматтардың, қоғамның занды мүдделеріне қастандықты болдырмау жəне қорғау қажеттігінен туындайды.

Еріксіз еңбектің уақытша сипатта болатынын айтқан жөн жəне адамның денсаулығына нұқсан келтірмеуі, арнамыс бостандығын шектемеуі, азап пен қатыгездік қатынас көрсетуге ұласпауы тиіс.

Демек, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары еңбек ету бостандығын жариялай отырьш, еңбек шартының еркіндігіне де кепілдік береді. Мемлекет жұмыс істегісі келетіндердің жұмысқа орналасуын көздейді. Алайда, рыноктік қатынас жағдайында, жеке көсіпорын пайда болған кезде мемлекет онда жұмыс істегісі келетіндерді оған күштеп қабылдаттыруға жол берілмейді. Жеке кəсіпорын (көсіпкерлер) жұмысқа қабылдау мен жұмыстан шығару мəселелерін заң негізінде өз қалауларымен шешеді. Мемлекет, бұрынғы Кеңес өкіметі кезіндегідей, олардың саны қысқарып жатқандықтан, оларды өз кəсіпорындары мен мекемелерінде орналастыруға мүмкіңдіктері жоқ. Соның нəтижесінде жұмыссыздық пайда болады. Мемлекет оларға немқұрайды қарай алмайды, сондықтан жұмыссыздарды жұмысқа орналастырумен шұғылданатын арнаулы органдар құрылды. Жұмысынан айырылған немесе жұмысты алғаш іздеушілер, сондай-ақ ұзақ үзілістен кейін жұмысқа орналасқысы келетіндер, жұмыссыз деп танылып, тіркеле алады. Тіркелгеннен кейін 8 күннен соң жұмыссыз адам жəрдемақы ала бастаиды. Жəрдемақы алудың мөлшері мен мезгілі заңда қарастырылған. Жұмысқа орналастыру органдары жұмыссыздар үшін жұмыс іздестіруі тиіс.

2. Саяси құқықтар мен бостандықтар туралы.

Азаматтық ұғымының өзiнде азамат пен мемлекеттiң өзара қарым-қатынасының саяси мәнi бар. Еске тҐсiрейiк, азаматтық - ол адамдардың сол мемлекетпен тұрақты саяси-құқықтық байланысы. Тиiсiнше, азаматтар бipiншi кезекте eзiнiң мемлекетiмен тұрақты саяси байланыста болады. Мұндай жағдай азаматтардың бойындағы саяси құқық пен бостандықты, яғни мемлекет iciн басқарумен, демократиямен тығыз байланысты құқық пен бостандықты бiлдiредi. Ауылда, поселкiде, ауданда, қалада, республикада азаматтар мемлекеттi баскару iciнe кеңiрек араласқан сайын демократияның мҐмкiндiгi де кеңейе тҐседi. Демократиялық мемлекет кұру максатында, Қазақстан азаматына саяси сипаттағы айтарлықтай кең мөлшердегi құқық пен бос-тандық кепiлдiгi берiлген.

Мемлекеттi құрудың ең басты проблемасы - өкiлеттi органдарды қалыптастыру. Қазақстан азаматы барлык: аудандық, қалалық, облыстық мәслихаттардан Республика Парламентiне дейгi деңгейдегi өкiлеттi органдарды калыптастыруға тiкелей катысады.

Аталған өкiлеттi органдарды сайлауға жасы i8-ге толған азаматтар катысады. Азаматтардың, бұл құқығы ұлтына, нәсiлiне, бiлiмiне, жынысына, лауазымына, мҐлiктiк жағдайына жене басқаларына карап шектелмейдi. Егер кiм де кiм азаматтық сайлау құқығын шектеуге әрекеттеңсе, онда ол тiптi қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мҐмкiн. Қазақстан Республикасыньщ Қылмыстық кодексi азаматтың сайлау құқығын жҐзеге асыруына кедергi келтiруге әрекеттеңгендерге жаза көздеген. Бұл қылмыс дауыс беру, депутаттыққа кандидаттардың сайлаушылармен кездесу, кандидатураны, олардың бағдарламаларын талкылау кезiнде кедергi келтiру тҐрiнде көрiнуi мҐмкiн. Кедергi келтiрудiң кҐштеу, алдау, қорқыту, сатып алу тәсiлдерi де болуы мҐмкiн.

Сайлауға барлық өкiлеттi органдардың азаматтары тең құқықта қатысады. …р адам бip дауысқа ие жергiлiктi аткару органдарына жене Парламентке сайлау кезiнде азамат тек бip рет дауыс бередi. Алайда, ол туралы айтылғандай, Қазақстан Республикасы Парламентiне сайлаудың өзiндiк ерекшелiгi бар.

Республика азаматының саяси құқығына бейбiт жиналыстар, митингiлер, демонстрациялар, шерулер еткiзу, тосқауылдарға тұру құқығы жатады. Бул шаралар белгiлi бip меселелердi шешу немесе азаматтардың epкi мен тiлегiн бiлдiру мақсатында жҐргiзiледi. Мысалы, сайлаушылар депутаттыққа кандидатты талқылау Ґшiн, мемлекет сиякты жеке ұйым ұжымдары өздерiнiң мемлекет саясатына көзқарасын бiлдiру, мемлекеттiк органдардың заңдары мен шешiмдерiнiң жобаларын талқылау Ґшiн жиналуы мҐмкiн. Ақыр соныңда, азаматтар мемлекеттiк, ұлттық мейрамдар кезiнде өз ерiктерiмен демонстрацияларға шығулары мҐмкiн. Мемлекеттiк органдар азаматтардың мұндай занды тiлектерiне кедергi келтiрмеулерi тиiс.

Бостандық, алайда, анархия, бетiмен кетуиплiк емес. Тәртiпсiздiк ұйымдастыруды көздейтiн, заңға кайшы келетiн демонстрациялар, жиналыстар өткiзуге, тосқауылдарға тұруға тыйым салынады.

Сөз жоқ, азаматтардың, әр турлi қоғамдық бiрлестiктер құру құқығының саяси мәнi бар. Мәселе мынада, бұл бiрлестiктердiң (дiни бiрлестiктерден басқасы) мемлекеттiң саяси өмiрiне қатысуға, атап айтқанда, өкiлеттi органдарды қалыптастыруға, Қазақстан Республикасы Конституциясының талабы шенберiнде саяси бағдарламалар әзiрлеуге, жене т. б, құқығы бар. Азаматтар қоғамдық бiрлестiктерге өз ерiктерiмен кiредi, сондықтан олар солардың бастамасымен құрылады. Бiрлестiктер жарғыларын максаты мен мiндетi Конституцияға, зандарға қайшы келмейтiндей етiп әзiрлейдi.

3. Мемлекеттiк қызметке кipyгe тең құқығы

Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық саяси құқықтарынын, бipi болып табылады. Конституцияда мемлекеттiк қызмет туралы бiрқатар негiз боларлық идеялар берiледi. Онда мемлекеттiк қызмет лауазымына кандидатқа қойылатын талап тек лауазымдық мiндеттер сипатымен ерекшеленiп, заңмен белгiленетнi көрсетiлген. Екiншi бip конституциялық қағида, мемлекеттiк қызметкердiн жасы 60 - 65 жастан (33-баптың 4-тармағы) аспауы тиiс.

Конституциялық қағидаларды жузеге асыру, мемлекеттiк қызметтi уйымдастыру негiздерiн мемлекеттiк қызметкерлердiң құқықтық жағдайын анықтау, мемлекеттiк қызмет саласындағы қатынастарды реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының. Президентi "Мемлекеттiк қызмет туралы" (1995 жылғы 26 желтоқсан) Заң кҐшi бар Жарлық шығарды. Жарлықта мемлекеттiк қызметке анықтама берiледi. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк қызмет мемлекеттiк органдар мен олардың аппараттарындағы азаматтардың конституция негiзiнде жузеге асыратын жене мемлекеттiк баскаруды, мемлекеттiң өзге де мiндеттерi мен қызметтерiн жҐзеге асыруды кездейтiн кәсiби қызметi. Жарлықта лауазымдық өкiлеттiгiн мемлекеттiк органның атынан жургiзетiн Қазақстан Республикасының азаматы мемлекеттiк қызметкер болып табылатындығы керсетiлген.

Жарлықта мемлекеттiк қызметтiң принциптерi бекiтiлген. Бұл принциптердi мемлекеттiк қызметке, мемлекеттiк қызметкердiң құқықтары мен мiндеттерiне, мемлекеттiк қызметкерлермен құқықтық байланыс орнатуына қарай Ґш топқа бөлуге болады.

Мемлекеттiк құқықтық институт ретiнде бiрiншi топқа мынадай принциптер жатады:

а) зандылық, яғни, мемлекеттiк қызмет мемлекеттiк қызмет саласындағы қатынастарды реттейтiн Конституция қағидаларын, зандарын, басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiн мултiксiз орындауға негiзделуi тиiс;

ә) мемлекеттiк қызмет жуйесiнiң тұтастығы, ол мемлекеттiк билiктiң заң шығарушы, атқарушы жене сот тармақтарына бөлiнетiндiгiне қарамастан қызметтiң тұтас жҐйесiн ұсынатындығын бiлдiредi;

б) мемлекеттiк қызметтiң Ґздiксiздiгiнiң мемлекеттiк қызмет кадрларының сабактастығымен жене ауыстырылуымен ұштасатындығы; ол бiр мемлекеттiк қызметкердiң ауысып, оның орнына екiншiсiнiң келуiмен мемлекеттiк қызметтiң Ґздiксiздiгiн бiлдiредi.

Принциптердiң екiншi тобына мыналар жатады:

а) баршаға жолдың ашыктығы, яғни, өздерiнiң қабiлетiне және кесiби даярлығына сәйкес мемлекеттiк қызметке кiруге азаматтардың тең құқылығы; баршаға жол ашықтық кез келген азамат кез келген мемлекеттiк қызметке кiре алады деген сөз емес. Мемлекеттiк қызмет, жоғарыда айтылғандай, азаматтардың мемлекеттiк органдардағы кәсiби қызметi. Тиiсiнше, мемлекеттiк қызметке Kipгici келген азаматтың нақты жұмысты орындауға кәсiби әзiрлiгi және қабiлетi болуы керек;

ә) азамат мемлекет қызметiне ез еркiмен кiргендiктең, ол өзiне қатысты барлық талапты, барлық ереженi орындауды мiндетiне алады. Ол Ґшiн олардың өкiлеттiгi шегiнде жоғары тұрған органдардың шешiмiн орындау мiндет;

б) өз қызметiн жҐргiзу процесiнде мемлекеттiк қызметкер қоғамдық пiкiрдi ескеруi тиiс; олардың жұмысы халықтың көз алдында, жария жҐргiзлуi керек. Сонымен бiрге, әрине, жариялауға болмайтын мемлекеттiк құпия сақталуы тиiс.

Принциптердiң Ґшiншi тобына.

Азаматтардың мемлекеттiк қызмет көрсетуiне қатысты ережелер жатады. Ол азаматтардың құқықтарының, бостандықтарының және заңды мҐдделерiнiң мемлекет мҐддесiнен жоғары тұратындығы. Бұл принцип мемлекеттiң әлеуметтiк мемлекет болып жариялануынан және халыққа, өз азаматтарына қызмет етуi тиiс екендiгiнен туындайды. Мемлекеттiк қызмет азаматтардың құқықтары мен заңды мҐдделерiн көздейтiн қызметтi бiлдiредi. Сондай-ак, азаматтардың құқықтары және бостандықтарымен бiрге олар өз ерiктерi-мен орындауы тиiс мiндеттерi де бар. Мемлекеттiк қызметкерге азаматтардан олардың заңды мiндеттерiн орындауларын талап ету өкiлеттiгi берiледi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының мемлекет функциялары
Тәуелсіз Қазақ мемлекетінің тарихи қалыптасу жолдары (кезеңдері)
Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының конституциялық негіздері
Адам мен азаматтардың құқықтары
Адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарының жіктелуі
Қазақстан Республикасының адам және азаматтардың конституциялық құқықтары, бостандықтары және міндеттері
Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау
Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің қорғалу механизмдері
Азаматтардың мәдениет саласындағы құқықтары
Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының толықтылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz