Шетелдік әлеуметтік жұмыстың теориялық үлгілері


Жоспар
Кіріспе
Шетелдік әлеуметтік жұмыстың теориялық үлгілері
Әлеутеттік жұмыстың американдық жүйесі
Германиядағы әлеуметтік жұмыс
Қорытынды
Кіріспе
Әлеуметтік жұмыс мектебінің қазіргі мақсаты - әлеуметтік жұмысқа студенттерді ортақ дайындау. Студент мектепті бітірген соң әлеуметтік жұмыс саласының кез- келгенде жұмыс істей алады. Европалық интеграция кезінде әлеуметтік қызметкердің санасы әр- түрлі деңгейде өсті: мектепте, мемлекетте, Европада. Зертеулік жұмыс пен білім беру процесі әрдайым бірін- бірі толықтырып отырады. Зерттеулер кез -келген жерде жүргізілсе де мектепке тікелей байланысты болады. Кейбір мектептер зерттеулік програмаларды ұйымдастыру үшін демеушілерді іздейді және олар зерттеулік әрекетін ұйымдастырады. Бірақ бұл сирек құбылыс. Қаражаттың жетіспеушілігінен зерттеулер өте көп уақытқа созылады.
Швециядағы халықты қамтамасыз ету моделі жалпы европалық модельге қарама- қайшы келді. Швециядағы әлеуметтік жұмыс дамуы келесідей түрдеболады: 20жылда оның мектептеріне 30 адамға жуық қабылданады, ал 80жылдардан бері қарай әлеуметтік жұмыстың саласындағы мамандарды даярлау көлемі ұлғайып бүгінгі күні сол елдегі әлеуметтік қызметкер саны 1000 ға жетті. Әлемдегі басқа да мемелекеттер сияқты бұл саладағы жұмыс істейтіндердің басым бөлігі - әйелдер. Олардың саны 80% жоғары.
Швецияда әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі сол елдің әрбір азаматына әлеуметтік қорғау жәрдемде кепілдік береді. Егер адам берілген әлеуметтік көмекке қанағаттанбаса ол заң бойынша жоғарғы сотқа шағымдануға құқысы бар.
Ресейдегі әлеуметтік жұмыс дамуын 3 кезеңге бөлеміз:
- 60ж
- 70-80ж
- 80 ж аяғы -қазіргі кезеңге дейін:
60 жыл тәжірибе жинау кезеңі, әлеуметтік пратикада әлеуметтік қызметкерлердің пайда болуы.
70-80ж әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік тәрбие берудің алдынғы қатарлы тәжірибесіне жету, қоғамның қажеттілік мәселесі жаңа сапалық кезеңге келді. Елде әр түрлі кешендер жүйесі пайда болда бастады: әлеуметтік педагог білім беру т. б. дегенмен бұл сала басқа ғылымдардың дамуына байланысты тоқталып қалды. Дегенмен, қиыншылыұтарға қарамастан, бұл кезең әлеуметтік педагогтың практикасының интенсивті дамуымен сипатталады.
Шетелдік әлеуметтік жұмыстың теориялық үлгілері
Әлеуметтік қызметкерлер өздерінің профессионалды қызметінде көптеген жаратылыстану және әлеуметтік ғылым жетістіктерін қолданады. Әлеуметтік жұмыс саласының зерттеу тақырыбы өте кең және ол мынадай өте күрделі жүйе шегінде анықталады: «қоршаған орта - адам - адам - қоршаған орта».
Әлеуметтік жұмыс жайлы қатып қалған теория жоқ, оның теориялық білімдері әр түрлі қоғамдық-әлеуметтік мектептермен келтірілген. Әлеуметтік жұмыстың ғылым және жалпы ғылым ретіндегі негізін салушы философтар, әлеуметтанушылар, психологтер - К. Маркс, Э. Дюркгейм, М. Вебер, Т. Парсонс, З. Фрейд, К. Роджерс, Ж. П. Сартра және т. б.
АҚШ-та соңғы екі онжылдықта қолданылып келе жатқан әлеуметтік ғылымдардың көптеген теоретикалық бағыттарының негізі болса да, негізгі акцент жасалатын жеке тұлғалық деңгейлер психоанализді қолданады.
Халықаралық кең тәжірибе менадай бірнеше теоретикалық үлгілердің қолданылуын көрсетеді: психодинамикалық, дағдарыстың килігу үлгісі, бихевиористік, жүйелілік және экологиялық, әлеуметтік- психологиялық және коммуникативтік, гуманистік және экзистенциалдық, когнитивтік, құқық қорғау қызметінің үлгілері.
Шетелдік әлеуметтік жұмыста қолданылатын кейбір негізгі теоретикалық үлгілерді қарастырып көрейік.
Ең алдымен қарастыратынымыз - психобағыттық үлгілер. Бұл. З. Фрейдтің психоанализіне негізделген дәстүрлі психодинамикалық үлгілер. Таза түрдегі психоанализді қолдану өте сирек кездеседі, ал ол болса, жеке тұлғалық деңгейдің немесе «жағдайлармен жұмыстың» («case work») негізі болды. Психодинамикалық үлгілердің классикалық талдаудан ерекшелігі - ол адамның осы шағына негізделу және шынайы әлеуметтік жағдайлардан алған қабылдауын талдау.
Әлеуметтік жұмыста көбінесе бихевиористік, когнитивтік және гуманистік үлгілер қолданылады. Олар - өздеріндей адамдар арасындағы қарым-қатынастар негізінің принциптері мен адам және қоршаған әлемге деген көзқарастарының жүйесі.
Әлеуметтік жұмыстың негізі болатын психобағытталған философия экзистенциализмінің гуманистік үлгілері еркіндік постулаты мен кез келген тұлғаның шексіз потенциалын сызып көрсетеді.
Экзистенциалим концепциясы бойынша, адамның өмірлік жолына ешкім де, ештеңе де әсер ете алмайды. Осындай дүниетанымдық позиция әлеуметтік жұмыстың логикалық принциптерін келесідей бөледі: маман мен клиент арасындағы субъект - субъектік қатынастар; әсер етудің директивалық еместігі; клиентке орталықтандырылған терапия; тұлғалық өсу принципі; потенциалдық дамуы. Осындай көптеген гуманистік психология шегіндегі түсініктерді К. Роджерс берген. Ол клиент пен маман арасындағы қарым-қатынас конструктивті тұлғааралық қатынастардың болашақ үлгісі деп санаған.
Гуманистік психология концепциясындағы идеалды тұлға А. Маслоудың адамдарды зерттеу нәтижесіндегі өзіндік маңыздылық терминдерінде көрінеді.
Гуманистік үлгі тәжірибелі психологиялық тұрғыдан емес, философиялық тұрғыдан пайда болады.
Осыған қарамастан, экзистенциалды гуманистік үлгі жұмыс технологияларын жинақтауды қарастырмайды. Сондықтан көбінесе бихевиористік және бихевиористік емес үлгілер қолданылады.
Бихевиористік үлгі клиент тәртібін бақылаудағы негізгі акцентті сыртқы стимулдерге реакция деп қарастырады. Бихевиоризнің негізгі мұрасы- әлеуметтік жұмыстағы эмпирикалық зерттеулердің қажетті түрде жүргізілуі.
Бихевиоризм тұлғаны зерттеу барысында қолданылатын механикалық бағытынан көп сынайды. Бірақ ол бихевиоризм емес бағытында дамыған. Ол американдық әлеуметтік пихолог Альберт Бондураның әлеуметтік оқытуына сай емес. Оның жұмыстарының негізгі ойында, әлеуметтік тәртіптің стереотиптерін қабылдауда осы үлгілерді қайталануы және бекітілуі жатыр.
Бихевиоризмге қарама-қарсы когнитивті үлгі - клиент жағынан өзінің тәртібінің рационалды логикалық басқаруына қажеттілік. Бұл үлгінің негізін субъектінің өзі жасайтын жалыз шындығын символдық интеракционизм тезисі құрайды.
Барлық әлеуметтік қызметкерлер когнитивті үлгіні қабылдамады. Бірақ 80 - жылдардан бастап, әлеуметтік жұмыстың әлемдік парктикасында кеңінен қолданылады.
Шетелдің әлеуметтік жұмысында психобағыттық үлгінің басқа тағы да 20 шақты әр түрлі үлгілері қолданылады: олар - коммуникативті, радикалды және марксистік, феминистік, активизация үлгілері, т. б. Осылардың ішіндегі ең белгілісі, ол бірнеше түрі бар - жүйелік үлгі. Осы теориялардың біреуінің негізін салушылар - амарикандық мамандар А. Пинкус және А. Минахан. Олар тұлға өміріндегі ең керекті жүйелердің 3 типін бөліп берді: формальді емес жүйелер (отбасы, достары, көршілері және т. б. ) ; формальді жүйелер (саяси партиялар, профсоюздар және т. б. ) ; негізгі әлеуметтік институттарды таныстыратын социеталбді жүйелер (мектептер, құқық қорғау органдары және т. б. ) .
Адам өміріндегі проблемдің жағдайлар ортасы мен оның арасындағы байланыстың бұзылуынан болады:
- жүйенің белгілі бір тобының жоқтығы;
- адам өзіне көмектесетін жүйенің бар екенін білмегендігі немесе оны пайдаланғысы келмегендігі;
- адамды басқа жүйеге қосуда пайда болатын жаңа мәселелер;
- әр түрлі жүйелердің өзара келіспеушіліктері.
Әлеуметтік қызметкер дің тапсырмасы - клиент пен жүйе арасындағы мәселелерді анықтап, оның шешулу жолдарын көрсету.
Соңғы онжылдықта әлеуметтік жұмыста дәстүрлі үлгілермен қатар классикалық мектепке тән емес үлгі қолданыла бастады. Бұл үлгі - нейролингвистикалық программалау (НЛП) .
НЛП - бұл техникалық тәсілдердің пайдалы жүйесі, адам тәртібіне тұлғааралық қатынастар арқылы әсер ету. Әлеуметтік жұмыста Әлеуметтік жұмыста қызығушылық тудыратын НЛП-дың элементтері: клиент пен қарым-қатынас партнеры арасындағы вербальді және вербальді емес ақпараттарды адекватты қабылдау, тұлғааралық қатынастарды орнату және сақтау.
Әлеутеттік жұмыстың американдық жүйесі
АҚШ та әлеуметтік жұмысты халықтың әлеуметтік пікірі болып табылатын мамандықпен байланыстырады. Әлеуметтік жұмыс саласы жылдан жылға кең ауқым алуда, бірақ бүгінгі күннің өзінде АҚШ тың әлеуметтік қызметкерінің жұмысы әр- түрлі салаларды қамтиды. үкіметтік денсаулық сақтау ұйымдары, мектептер, денсаулық сақтау орталықтары, отбасымен баланы қорғау жөнінждегі агенттіктер психологиялық денсаулық орталықтары, бизнес пен өндіріс. Әлеуметтік қызметкерлер балалар мен үлкен жастағы адамдарға, барлық нәсіл өкілдеріне, этникалық топтарға, әлеуметтік экономикалық деңгейлер мен дінге қызмет көрсетеді.
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі енгізілген клиенттер тобы:
- Бір ата- анадан тұратын, жанжалдан, үйінен баласы қашатын, құқық бұзкшылық, зорлық зомбылық, оқудағы қиындықтардан тұратын отбасылар;
- Балаларымен қиыншылық көретін жұптар мен отбасылар;
- Жұбайылар арасындағы жан-дал болып тұратын отбасылар;
- Жұмыссыздықтан, жалақының аздығынан тағы басқа зардап шегетін жеке адамдар мен отбасылар.
- Құқық бұзушылық жасаған жеке адамдар мен отбасылар.
- Тәрбиеленуі қиын жасөспірімдер;
- Физикалық немесе психологиялық кемшіліктері мен аурулары бар жеке адамдар мен отбасылар;
- Құқық бұзушылар мен және олардың отбасы;
- Ата- аналары қайтыс болып кеткен немесе тастап кеткен балармен олардың қамқоршылары.
- Нәсілдік бөлушілер құрбаны болып табылатын эмигранттар;
- Психикалық кемшіліктері бар адамдар мен олардың отбасылары;
- Қарттар;
- Тіршілік етуге жағдайлары жоқ уақытты тұрғындармен келушілер;
- Мектептен қиыншылық көретін балалар(және олардың отбасылары) ;
Әлеуметтік қызметкер өз мамандығы жайлы әр түрлі пікір айтады. Өз жұмыстары жайлы, қанағаттаннарлық, көңілден шықпаған, сыйақылық, стрестік және көптеген қиыншылықтар әкеледі дейді. АҚШ - тағы әлеуметтік жұмыс өзіне көптеген қызметкерлерді кіргізді. Осыдан келе әлеуметтік жұмыстың көптеген анықтамалары бар. Мысалы әлеуметтік қызметкердің ұлтық ассоциациясы (НАСР) : « Әлеуметтік жұмыс бұл жеке адамдарға, топтар мен ұжымдарға әлеуметтік міндеттерге деген қабілеттерін көтеру мен қайта құру жөніндегі мамандандырылған қызмет көрсету.
Әлеуметтік қызмет көрсету белгілі бір элеметтерден тұрады, оларға келесі төрт сала кіреді:тәрбиелік саланың этикасы мен философиясы, тәжірибелік бағыт туралы білім беру негіздері, жұмыс барысында пайдаланылатын әдістер мен тәсілдер.
Клиенттерге қызмет көрсету кезінде әлеуметтік қызметкер белгілі бір мақсаттарды көздейді, олар әлеуметтік жұмыс спецификасымен, әр мәселенің ерекшелігімен анықталады. Әрбір мәселенің ерекшелігіне қарамастан, барлығы мамандық бағыты мен мақсатына негізделген жалпы мақсаттарды көздейді. Өз мамандығының бағытын түсіну үшін әр қызметкер әлеуметтік агенттіктерден тәуелсіз жауапкершілікті өзіне алып және оны белгілі бір істе жүзеге асыруға дайын болуы керек.
Әлеуметтік қызметкердің ұлтық ассоциациясы әлеуметтік жұмыстың бағытын тұлға мен қоғам арасындағы әрқайсысының өмір сүру жағдайын жақсарту үшін өзара ұтымды қарым қатнасты құруға көмектесуден көреді. Тұлға мен оны қоршаған орта арасындағы қарым -қатнас жеке құндылықтарды, жеке қасиеттерді көрсету керек. Адамдар әділетті болуы керек. Жеке адам, отбасы, топ, қоғам, немесе ұйым клиент бола алады.
Осы келтірілген анықтамалардан әлеуметтік жұмыс жеке адамдарға, топтарға немесе ұжымдарға олардың әлеуметтік физикалық айналасымен қарым- қатнас орнатуға көмектен тұратынын көруге болады.
Сонымен әлеуметтік қызметкер функциялары мыналар: адамдарға өз мәселелерін шешуге қабілеттерін дамыту, адамдарға өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға көмектесу, адамдардың кіші пейілділігін ынталандыру, жеке адамдар мен оларды қоршаған орта арасындағы қарым-қатнасты жақсартуғакөмектесу, ұйымдар мен институтар қарым- қатнасына ықпал ету.
Осы функцияларды жүзеге асыру үшін әлеуметтік қызметкер көптеген адамдармен қарым -қатнаста болады. Адам және оны қоршаған ортамен қарым- қатнас мәселесіқоршаған орта жағдайларының кемшілігінен ғана болмайды. Әлеуметтік қызметкерлер өз мүмкіндіктерін пайдаланкда қиыншылықтар көретін, экожүйелері зақымдалған сияқтытұлғалық дисфункциялары бар көптеген клиенттерге көмек көрсетуде.
Әлеуметтік жұмыстың негізгі ерекшеліктерінің бірі - теориялық базасы. Мысалы, әлеуметтік қызметкер үшін азаматтың дамуы туралы, адамның әлеуметтік ортадағы жүріс- тұрысытағы басқа туралы білу маңызды. Адамзат мәселесін түсініп, олармен жұмыс жасау үшін әлеуметтік қызметкер адамның әр даму фазасындағы қажеттіліктермен ресурстар жайлы білуі керек. Әлеуметтік жұмыс әсіресе даму қиыншылықтарын тудыратын факторларды білумен байланысты.
Әлеуметтік жұмыстың функцияларын жүзеге асыру және осы мақсаттарға жету үшін клиенттке Әлеуметтік қызмет көрсетуін қамтамасыз ететін білім мен тәрбие керек. ытаушылар болып адам қиыншылықтарын танып бағалау табылады.
Мамандандырылған әлеуметтік жұмысты оқыту АҚШ та студенттік немесе аспиранттық деңгейде жүргізіледі. Студенттік деңгейдегі оқу жоспарының мақсаты - студентті мамандығын алуға келесі кезеңге дайындау. Бұл студенттер тәжірибесімен мамандардың қол астындағы болып, агенттіктер мен ұйымдарда тәжірибеден өтуге мүмкіндік алады. Негізгі студенттік дайындықтан өткеннен кейін студенттер мамандықтары бойынша аспиранттқ білім ала алады. Аспиранттық білім берудің мақсаты -адамды тәуелсіз қызметкер, тәрбиелі маман болуына дайындау.
Оқу жоспарының негізіне 6 сала бойынша оқу мен тренинг кіреді: адамның қоғамдағы жүріс- тұрыс, әлеуметтік саясат, мамандықтыңтеориясы мен тәжірибесі, зерттеулер, құндылықтар мен этика, және тәжірибе аясы.
Германиядағы әлеуметтік жұмыс
ХІХ ғасыр -Германиядағы әлеуметтік жұмыстың басталы ғасыры. Әлеуметтік жұмыстың пайда болуы мен дамуына елдің индустриалануы әсер етті. ХІХ ң екінші жартысындағы әлеуметтік саладағы мәселелерді қайрымдылық ұйымдар шеше алмады, содан мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру қажеттілігі пайда болды.
1880 ж кедейлерге қамқорлық көрсету жөнінде герман қайрымдылық одағының негізі қолданды. 1919 ж герман мемлекеттік және жеке қамқорлық қамқолық көрсету одағы аталуы өзгертілді. Басында одақ Берлинде кейінен Франкфурт -не -Майнедеорналасты.
ГДР мен ФРГ-ң бірігуінен кейін одақ мүшелері көбейіп 3000 -ға жетті. 1991 жылы 2 қазандаодақ мүшелерінің жиналысында бекітілген жарғы бойынша, Одақтың негізгі мақсаты - Германиядағы денсаулық сақтау, жастарға әлеуметтік көмек көрсету. Одақ басында 4 орынбасары бар басқарма тұр. Эксперттер комисиялары бойынша бөлінген:әлеуметтік көмек және әлеуметтік саясат, отбасына әлеуметтік көмек көрсету, отбасылық қарым- қатнасты дамыту саясаты, денсаулық сақтауға көмек көрсету, денсаулық сақтау саласындағы саясат, қарт адамдарға көмек көрсету, мүгедектерге көмек көрсету, әлеуметтік мамандықтар, әлеуметтік қызметті ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс саласын жоспарлау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz