Ескі заман ескерткіштері. орхон-енисей жазу ескерткіштері


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ЕСКІ ЗАМАН ЕСКЕРТКІШТЕРІ

Орхон-енисей жазу ескерткіштері

Орхон-енисей жазу ескерткіштері-жазылған уақыт түркі тілдерінің даму тарихында «Кене түркі дәуіріне» сай келеді. Шығыс Түрік қағандығының қурамында өмір сүрген түріктер осы орхон-енисей жазуын колданып, сол жазудын тілінде сөйлеген. Орхон-енисей жазу ескерткіштерінің ең көп табылған жері - Орхон, Енисей, Селенга және Талас өзендерінің бойы. Басқа жерлерден кездесті дегеннің өзінде де олар осы аталған шендердің біріңіқ болмаса да екіншісінін, маңынан онша алыстап кете қоймаған. Сондықтан бір топ ескерткшттер әуелі өздері бойынан табылған көрнекті өзендердің атымен «Орхон-енисей ескерткіш-тері» деп аталған да, кейнірек ол атау сол тектес өзге еекерткіштерге де берілген. Сөйтіп «Орхон-енисей жазуы» деген сөз «рунь, жазуы» деген терминнің орнына қолданылатын болып қалыптасқан.

«Рунь» деген сөз Скандинавия халықтарының тілінде «құпия», «сыры ашылмаған», «тылсым» деген үғьш береді. Сібірде 13 жыл айдауда болған швед офицері Ф. И. Табберт-Страленберг (тіл біліміндегі «орал-алтай» теориясының негізін салушы) 1730 ж. орхон-енисей жазуынын, бірнеше үлгілерін тауып, бұрын-соңды тарихта белгісіз, ешкім түсінбейтін жат жазуды өз еліщің тілінде осылай деп атаған . Батыс елдерінде де «рунь жазуының ескерткіштері» деген сөз орамы бар, бірақ олардың жазуы орхон-енисей жазуынан бөтен. Орхон-енисей жазуы туралы мәліметтер одан бүрын да белгілі болатын. Бірак, бұл жазудың өзіндік сыры екі ғасыр бойы қүпия болып келген: XVII ғасырдың аяғынан (1692 ж. ) бастап XIX ғасырдың соңына дейін (1893 ж. ) оны ешкім оқи алмаған.

Орхон-енисей жазуының ең алғаш сырын ашқан даңия ғалымы В. Томсен болды. Ол 1893 ж. 15 декабрьде Дания Ғылым академиясының мәжілісінде Орхон өзенінін, бойынан табылған ескерткіштерді оқудың кілтін ашкандығын хабарлаған. Ғалым орхон-енисей жазуынын, ескерткіштері түрік халыктарының тілінде жазылған деп мәлімдеді. В. Томсонның ізімен 1894 ж. 19 январьда В. Радлов Күл-Тегін ескерткішін аударып шықты. Одан сон Могилян ханның ескерткіші аударылды. 1895 ж. В. Радлов енисей жазуынын, ескерткіштерін аударып басты. Бұдан кейін де ол толып жатқан нұсқаларды аударып, жариялады. 1896 ж. В. Томсен өз аудармаларын бастырып шығарды да, оған қытай жазуының аудармасын да енгізді (М. Паркер аударған) . П. Мелиоранский 1899 ж. Күл-Тегін ескерткішін қайта аударып шыкты. Осылардан кейін-ақ орхон-енисей жазуы ескерткіштерін оқу, аудару және зеріттеу жұмыстарына ат салысушы ғалымдар саны молан берді. Оның материалдарын пайдаланып жазылған ғылыми, тарихи, лингвистикалық т. б. еңбектер де жарык көре бастады.

Осы күнгі түркі халықтарының ішінде енисей жазуының нұсқалары қырғыз, хақас, тува, алтай тілдеріне жақын деген пікірлер айтылып жүр. Ал қазіргі қазақ тілі фактілерімен салыстыра қарастырушы кейбір зерттеушілер орхон-енисей жазуы дулат диалектісінде (С. Аманжолов, 1959 ж), талас жазуының ескерткіштері үйсін диалектісінде (Ғ. Мүсабаев, 1952 ж. ) жазылған деп топшылайды. Бірақ мұндай жорамалдарды әлі де болса зерттей, анықтай түсу керек. . Көпшілік зерттеушілер орхон-енисей жазу ескерткіштерін бір емес, бірнеше түркі тілдерінін тарихи ортақ мұрасы деп карайды?

Орхон-енисей жазуы Қытай іргесінен бастап Орта Азия, одан әрі Веңгрия жеріне дейін тарап, кең жайылған. Оның қолданылу тарихы V және X-XI ғасырлар аралығын қамтиды. Тек IX. -X сғасырдан бастан орхон-енисей жазуының орнына біртікдеп ұйғыр жазуы, кейіңірек (X-XI ғ. ) түгелдей араб жазуы қолданылатын болады,

Орхон-енисей жазуы өзінің жазылу (графикалық) ерекшеліктері мен қолдану өрісіне (табылған жеріне) қарай талас жазуы, енисей жазуы және орхон жазуы делініп үш топқа бөлінеді.

Енисей жазу ескерткіштері

Енисей жазу ескерткіштері деп Енисей өзенінің бойы мен Тува автономиялы облысынан табылған ескерткіштер тобы аталады. Бұл алқаптан табылған ескерткіштердің үзынырғасы сексеннің үстінде. Соңғы жылдары енисей жазу үлгілері Алтай аймағы мен Тува автономиялы облысынан, Хакас автономиялы облысы мен Қраснояр өлкесінің территориясынан да табылып отыр. Енисей ескерткіштері көлемі жағынан көбінесе шағын болып келеді. Ең үлкені 10-15 жолдан тұрады да, еқ кішісі 1-2 жолдан ғана құралған. Қолданылу мерзімі жағынан Енисей ескерткіштері ескі түркі жазушының ен, көнесі, ол шамамен V-VII ғасырларға жатады деп шамаланады. Зерттеушілердің ескі түркі жазуының алғашқы тараған, қалыптасқан отаны деп Енисей өзенінің анғарын айтады. Осы жердей ол жазу түркі тайпалары мекен еткен Орхон өзенінің бойына, Талас өңіріне тара ған. Бұл көзқарастың шындыққа жанасымдылығы жеке таңбалардың жазылу тәсілі мен шеберлігінен де байқалады.

Орхон жазу ескерткіштері

Орхон жазу ескерткіштері деп Орхон, Селенга, Толы өзендерінің аңғарынан, Минусинск ойпатыңан табылған ескерткіштер тобы аталып жүр. Орхон есекерткіштері тілі, баяндайтын тарихи оқиғаларының мерзімі, жазу стилі жағынан, ескі түркі жазуының соңғы, жаңа дәуірін танытадыу Енисей ескерткіштерінің таңбаларынан гөрі орхон ескерткіштері таңбаларынын, әлдеқайда жетілгендігі, әрі олардың жақсы сақталуы да Орхон өзеншін. бойына, сондай-ақ оған жалғас аймаққа ескі түркі жазуы Енисей өзені бойындағы түріктерден тараған болу керек дейтін пікірді растай түсетін тәрізді. Оның бер жағында, орхон жазуы, сірә, халық арасына кеңінен таралған болу керек. Күл-Тегін ескерткішінде мынадай сөйлем кездеседі аңар көрү білің, түрк амты. будун беглері («мынаны оқып біліндер, түріктің ендігі халкы мен бектері») . Сол сияқты, Тоныюкук ескерткішінде де: Түрк білге қаған еліне бітітдім бен білге Тоныюкук («Түріктің Білге қаған еліне арвап жаздырдым мен, данышпан Тоныюкук») деген сөйлем бар. Бұларға қарағанда, ескерткіш қойғызып, өсиет айтып отырған кісілер өз заманындағы көпшілік түріктердің бұл жазуды оки алатынын ескерген сияқты.

Орхон жазуының ескеріткіштері сан жағынан көп, әрі көлемді болып келеді. Олардың ішіндегі ең көрнектілері мыналар:

Білге қаған (Могилян) ескерткіші Кошо-Қайдам алкабындағы Орхон өзенінің бойынан табылған (қазіргі Монғол халық республикасының жерінде) . Ол 735 ж. мәрмәр таска туркіше және қытайша екі тілде жазылған. Жазудың көлемі 80 жол.

Күл-Тегін ескерткіші де сол жерден табылған. Мұндағы жазу да екі тілде келтірілген. Ол 1732 ж. жазылған. Жазудың көлемі 7. 9 жол.

Тоныюкук ескерткіші Улан-Батор қаласынан 60 щақырым жердегі Байн-Цокто аңғарынан табылған. Жазуының көлемі 62 жол, 712 ж. немесе 716 ж. жазылғаң.

Онгин ескерткіщін Онгин өзенінің аңғарындағы Сайын Ноян шіркеуінен 1891 жылы Н. Ядринцев тапқан. Ескерткіш Ильтерес (кейде Елтерес, Гудулу, Кутлуғ) хан мен оның әйелі Илбилге хатунға, яғни Могилян мен оның інісі Күл-Тегіннің ата-аналарына қойылған. 731 ж. жазылған. Көлемі 20 жол. Қытай мәлі-меттері бойыйша, Ильтерес 690 не 693 жылдары қайтыс болса керек.

Суджа ескерткіші Суджин-Даван (Монғолияда) төбесінен тәбылған. Ескерткіштегі жазудың көлемі 11 жол.

Кули-Чуру ескерткіші Улан-Батор аймағындағы Ихе-Хушоту жерінен табылған. 721 ж. жазылған. Жазу көлемі 29 жол.

Моюн-Чуру ескерткіші (немесе Селенга таеы) Селенга өзенінің бойынан табылған, 759 жылдары жазылған, көлемі 39 жол.

Орхон жазуынык бұлардан басқа да ұсақ-түйек бірсыпыра ескерткіштері бар. Олардың кейбіреуінде орхон таңбалары ұйғыр, араб жазуларымен аралас та келіп отырады.

Талас жазу ескерткіштері

Талас өзенінің аңғарынан табылған ескерткіштер «Талас ескерткіштері» деп аталып жүр. Талас бойының Айыртам-Ой деген жерінен бірінші рет 1896 жылы сол кездегі Әулие-Ата( қазіргі Жамбыл) үйезінің бастығы болған В. А. Каллаур жазулы тас тапқан. Сол уақыттан бері Талас өзенінің бойынан, Қырғызстан жерінен талас жазуымен жазылған 13 ескерткіш табылды. И. А. Батманов бастаған бір топ қырғыз ғалымдары ол ескерткіштерді түгелдей зерттеп, толық бастырып шығарды. Жазылу ерекшелігі мен мазмұны жағынан талас жазуы орхон жазуынан гөрі енисей жазуына көп жақын, Зерттеушілердін, шамалауынша, талас ескерткіштері V ғасырда қойылған.

Орхон-енисей жазу ескерткіпітердің тілі мен зерттелу тарихы жайында, қазақ тілі, қазақ әдебиетінің ескерткіш тілімен туыс-кандық байланысы жөнінде бірнеше макалалар мен зерттеулер, оку құралдары мен хрестоматиялар (басылып шыкты) Соңғы уақыттарда олар қазақ филологиясына кеңірек әңгіме болып жүр. Сондыктан біз орхон-енисей жазу ескерткіштері туралы келтірілген мәліметтерді бұл жерде әдейі шағындап беріп отырмыз.

Орхон жазбалары және тарихи шындық. Орхон өзенінің бойынан табылған бұл ескерткіштер текстінде Түрік қағанатының құрылуы мен құлдырауы, өрлеу дәуірі мен күйреу кезеңі жайында бірқатар тарихи деректер бар. Сол үшін тарихшылар руна жазуындағы мәліметтерді өз еңбектерінде кеңінен пайдаланып келеді. Алайда, тасқа қашап жазылған бұл жәдігерліктер жылнама шежіре емес. Автор сол кездің аса маңызды тарихи оқиғаларын шетінен тізіп жазуды өзіне мақсат етіп қойған емес. Мұны сол дәуірдің тарихи шындығы мен ескерткіштер текстін өзара салыстыра отырып аңғаруға болады.

Міне, сондықтан да «Қазақ ССР тарихының» жаңа басылымында Орхон ескерткіштерін тарихи дегеннен гөрі эпикалық дәстүр деп атауға болар еді. Одан әрі сол ырғаққа екінші Түрік қағанатының құрылуына байланысты оқиғалар баяндалып, Білге қаған мен Күлтегін ерлігі айтылады . . . Көркемдік тәсілдердің алуан түрінің, тұрақты сөз тіркестері мен тұжырымды нақыл сөздердің қолданылуы ресми баяндауды эмоциялық жағынан әплендіріп, оның оның стилін құлыптыра түседі деп көрметіледі.

Демек, Білге қаған мен Күлтегін, Тоныкөк құрметіне қойылған тастардағы жазу 6-8 ғасырлардағы түріктердің поэзиясы, солардың алғашқы әдебиет үлгілері «шешендік өнердің және батырдың ерлігі жайындағы талай ғасырлардың өңдеуінен өткен ауызша хикаялардың дәстүрлі формаларын сақтаған» көркем туынды болып табылады.

Ал, жылнама-шежірелерде бұл кездегі оқиғалар егжей-тегжейлі сақталған. Түріктер бұрын жужан қағанатына бағынышты, вассал болатын. Түрік тайпаларының көсемдерінің бірі Бумын жужан қағанатына вассалдықтан құтылу үшін оған қарсы соғыс ашпақ болды. Түріктер соғысқа сылтау іздеді. Бүмын сонда жүжан ханы Анахуанға «қызыңды маған әйелдікке бер» деп талап қояды. Бұл жужан ханның намысына тиді. Өйткені бұл дала дәстүрі бойынша, ханның қызын алу - ханмен теңесу, терезесі тең болу деген сөз еді. Сонда авар ханы: «Менің қайдағы бір темір құюшым мұндай ұсыныс жасауға қалай ғана дәтің барды» деп бұрқан талқан болды. Бумынға керегі де сол еді. Түріктер 552 жылы қыс кезінде соғысқа аттанып, аварларды тас-талқан етіп жеңді. Содан кейін Бумын ел-ханы, қаған титулын алды, бірақ 552 жылдың соңғы айында қайтыс болды.

Бумын өлген соң інісі Қара-Еске таққа отырды. Ол да Орхон өзені бойында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескенің мұрагері де інісі болады. Ол қаған тағына Мұқан қаған деген атпен отырады. Мұқан қаған билік жүргізген кезде (553-572 ж. ж. ) Түрік қағанатының күш-қуатының барынша артып, атақ-даңқы жер жарған кезең болатын. Түрік қағанатының территориясын шығысында Корея бұғазынан бастап, батысында Каспий теңізіне дейінгі жерлерді алып жатады. Сол кезде түрік елі Иран, Қытай, Византия т. б. саяси қарым-қатынаста болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орхон-Енисей ескерткіштерінің тарихы мен зерттелуі
ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӨЗДЕРІ
ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӨЗДЕРІ ЖАЙЛЫ
Түркі халықтарының жазба ескерткіші және оның көздері туралы ақпарат
Көне түркілердің жазба мәдениеті
Түркі халықтарының жазба ескерткіші және оның көздері
Көне түркі тілі. Лекция тезистері
Көне жазулар
Түркі халықтарының жазба ескерткіші
Түркі жазба ескерткіштері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz