Ақша өндіріс элементінің дамытудың теориялық және практикалық негіздері, Қазақстан Республикасында қазіргі ақша айналымын тұрақтандыру мәселелері


Жоспар
Кіріспе . . . 3
- Ақшаның экономикалық мазмұны, пайда болуы және оның тауар айырбасындағы маңызы1. 1 Ақшаның шығу тегі және қажеттілігі. . 51. 2 Ақшаның қызметтері және оның қазіргі экономикалық жағдайы……71. 3 Ақша формалары мен түрлері. . 15
- Ақша жүйесі және ақша базасы мен массасы. 2. 1 Ақша жүйесі сипаттамасы, элементтері мен типтері. 232. 2 Ақша массасы және ақша базасы. 24
- Қазақстан Республикасының ақша айналымы. 3. 1 Ақша айналымы, оның мазмұны мен құрылымы. 263. 2 Қолма-қол және қолма- қолсыз ақша айналымы . . . 293. 3 Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы- теңге43
- Қорытынды. 47
V. Пайдаланған әдебиеттер49
Кіріспе.
Адам өміріндегі көп сұрақтың бірі біреулерге қызғылықты, әрі жағымды, біреулерге жағымсыз болатын - ақша сұрағы болып табылады. Өйткені сирек санаулы ғана адамдар оның толық жеткілікті екеніндігін айта алады. Жалпы айтқанда көбіне бұл ақшаның жетіспеуі.
Бүгінгі күнгі өзекті мәселе - Қазақстан республикамыздың қолма- қол және қолма -қолсыз ақша айналымдарының тұрақтылығын, Ұлттық валютамыздың өтімділігін қамтамасыз етіп, теңгеміздің әлемдік ақшалар қатарына жетуіне ұмтылуы.
Бұл курстық жұмысыты жаза отырып, мен тақырыбыма сәйкес, жалпы айтқанда мақсаты - ақша өндіріс элементінің дамытудың теориялық және практикалық негіздерін зерттеу және Қазақстан Республикасында қазіргі ақша айналымын тұрақтандыру мәселелерін анық, ашып көрсету.
Сонымен қатар Егемен еліміз Қазақстанның ақша жүйесі туралы мағлұмат беру болатын. Еліміз жаңа тәуелсіздік алғанда, ұлттық валютамызды енгізу бізге өте қиынға соққаны анық еді. Тек қыруар күш-жігердің арқасында біз мұндай қиыншылықты жеңіп шықтық.
Курстық жұмыстың
міндеті
- ақшаның пайда болуы, ақшаның атқаратын қызметтерін, ақшаның айналымы мен айналысы, түрлерін, жалпы айтқанда ақшаның шығу тегімен айналымының эволюциясы жөнінде мол мағұлмат беру. Ақша - бұл адамға қажетті және адамға тұтыну қажеттіліктерін қанағаттандыратын зат. Ақшаның қызметі құн өлшемі. Ақшаның көмегімен басқа барлық тауардың құнын көрсетуге болады. Осы қызметті атқаратын ақшалар. Сөйтіп, бұл жұмыстың негігі мақсаты, ақшаға өткен бүгінгі және болашақ позициясынан қарап, оның адам өмірімен экономикада алатын рөліне тоқталу.
Ақшаны ешкім ойлап шығарған жоқ. Қоғамның бірте-бірте дамуы ақшаны қалыптастырды. Жалпы ақша дегеніміз ерекше тауар және ол байлық пен құнның бірігуі болып табылады.
Курстық жұмыстың әдістемелік негізіне тоқтала кететін болсақ, ақша айналысы «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңына сәйкес реттеледі. Ұлттық банкі тұтынылатын банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың дайындалуын қамтамасыз етеді, оларды сақтаудың, жоюдың тәртібін және қолма-қол ақшалай қаражаттың инкассациясын белгілейді.
Қазақстан Республикасы ақшалай банкнот өндірісі және екінші деңгейдегі банктердің инкассациясына лицензия беру бойынша өз күшімен енгізген жаңалығына байланысты қолма-қол ақша ахуалы 1996 жылға дейінгі кезеңмен салыстырып қарағанда түбегейлі өзгеріске ұшырады. Коммерциялық банктер корреспонденттік шоттардағы каражат калдығының шегінде қолма-қол ақшамен нығайтылып отырды, онда операциялық кассадағы қолма-кол ақша қалдығының лимиті белгіленбейді.
Осыған қарай Ұлттық банк ақша базасының шамасын Ұлттық банктің корреспонденттік шотындағы екінші деңгейдегі банктердің қаражат мөлшерін реттеу арқылы, яғни банктердің өтіміділігін реттеу арқылы реттеп отырады.
Бұл ақша-несие саясатының аспаптары арқылы жүзеге асырылады. Бұл аспаптар ақша базасыныц ұлғайған шегін көрсететін әрі ақша массасының ақша базасына қатынасы ретінде есептелетін ақша мультипликаторының шамасына өз әсерін тигізеді.
Акшалай мультипликатордың шамасы міндетті резервтеудің нормаларына тәуелді, өйткені міндетті резервтер несие ресурстарының көзі ретінде, сондай -ақ айналымдағы қолма-қол ақшаның үлес салмағынан пайдаланылмайды. Бұны банктерден тысқары болатын айналымдағы қолма -қол ақшаның байланыстырып түсіндіруге болады. Ақшаның мультипликация қарқындылығы олардың экономикадағы айналыс жылдамдығына әсерін тигізеді: мультипликация коэффициенті неғұрлым жоғары болса ақша массасы соғұрлым көп, айналыс жылдамдығы аз болады.
Ақша айналымын тұрақтандыруға, ақшаны тұрақтандыруға мына типдерді жатқызамыз:нулификация, девальвациялау, револьвациялау, деноминация.
Бұрынғы КСРО-да нөлдендіру екі рет жүргізілді: азамат соғысы кезінде 1924 жылдары, Ұлы Отан соғысынан соң 1947 жылы. Ескі үлгідегі құнсызданған ақшалар 1947-ші жылы жаңа курс бойынша 10:1 болып басталды. 1947 жылы жүргізілген ақша реформасының нәтижесінде рубль қалпына келтіріліп, ақша айналымы бекітілді. Қазақстан Республикасында нөлдендіру құнсызданған ресей рублінің орнына ұлттық валюта - "теңгені" 1993-ші жылы 15-ші арашада ендірумен айланыстырылды. Айырбастау курсы 1 теңгеге 500 рубль бойынша жүзеге валютаны тұрақтандырудын ең көп тараған тәсілі девалвация болып табылды. Девалвация - бұл ұлттық валюта курсының шетел валютасына қатынасы бойынша немесе халықаралық ақша бірлігі есебіне төмендеуі.
Ревалвация - бұл ұлттық валюта курсының шетел валютасы қатынасына қарай көтерілуі, егер инфляция басқа елдерге қарағанда қарқынымен және де төлем балансы белсенділік көрсетсе, ал несие алушы импорттаушы мүдделері қарыз алушы мен экспорттаушы мүдделерінен жоғары болып кетеді
Деноминация - ақша белгісі ұлттық құнының бекемделуі және олар жаңа ақша бірлігіне айырбастау, сондай арақатынаста бата, тариф, жала және т. б. бір мезгілде есептеуді жүргізу. Бұрынғы КСРО-да деноминат 1961-ші, ал Ресейде 1998-ші жылы жургізілді.
I. Ақшаның экономикалық мазмұны, пайда болуы
және оның тауар айырбасындағы маңызы.
1. 1Ақшаның шығу тегі және қажеттілігі.
Ақша ежелгі заманда пайда болған. Ақша пайда болмай тұрып көп елдерде ақша ретінде малды пайдаланды. Сондықтан латынның сөзі « пекуния» (ақша) деген сөз « пекус» (мал) сөзінен шыққан. Капитал сөзінің шығуы малмен байланысты, өйткені бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің байлығын көрсетеді.
Ақша- айырбастың ұзақ дамуы нәтижесінің объективті шарттасқан тауар өндірісінің тарихи санаты.
Қоғамда ақша қажеттілігі тауар өндіру мен тауар айналысынан туындайды. Адам еңбегінің өнімі, егер сол баламалы негізде басқа өнімге айырбастау жүргізсе, тауар бола бастайды. Ал бұл ақшаға қажеттілік тудырады, яғни айырбас Т- А- Т Маркс сұлбасы бойынша жүргізеді. Берілген жағдайда ақша тауарларды сатып алу- сатудың баламалы негізінде делдал ретінде көрінеді. Бұл іске асу үшін, сатылатын тауарды ( Т) ақшамен өлшеу керек және бұл сомаға (Т1) басқа тауар сатып алу қажет. Жалпыға бірдей балама рөлінде көрінетін ақша болмаған кезде, берілген сәттегі нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың қабыспауынан айырбас болмай қалуы да мүмкін. Әрқашанда ақша таурларға қарсы тұрады. Тауар мен бір бірімен біртұтас. Әйтсе де ақшаның өзі тауар, тауар өндірісі мен айналысының өнімі, олар ерекше айырықшалықты тауар.
Ақша тауар өндірушілердің еңбек пен нарықты біріңғай экономикалық ағзаға қоғамдық бөлу арқылы байланыстыратын айналыс құралы болып табылады. Олар жеке еңбекті қоғамдық еңбек жүйесіне енгізіді, тауар өндірушілер арасында баламалықты қамтамассыз етеді.
Ақшаның шығу табиғаты мен мән- мағынасы жөнінде біріңғай пікір жоқ. Алайда ақша анықтамасының барлық алуан түрлілігінің рационалистік және эволюциялық екі тұжырымдамасын шартты түрде бөліп көрсетуге болады.
Бірінші ( ол ХIХ ғасырдың соңына дейін дерлік үстемдік етті) ақшаның шығуының мемлекеттің белгілеуі немесе адамзаттың жалпы уағдаластығы және келісу нәтижесі ретінде түсіндіреді, яғни ақшаның шығуын тауар өндірісімен байланыстырмайды.
Ғалымдардың көзқарасынша екінші көзқарас, тауар құны айырбасының эволюциялық даму нәтижесі ретінде түсіндіріледі, ақша адамдардың еркінен тәуелсіз пайда болды. Айырбас құны- бұл олардың салыстырмалы өрнегі немесе сатып алу құны.
Құн тек тауарларды бір- біріне айырбастаған кезде бәріне белгілі және мұнда ол айырбас құны нысанында көрінеді. Тауар- бұл сатып алу немесе айырбас жасаған кезде тауарға айналады. Ал бұл ақшаның пайда болуына объективті алғышартты жасайды. Тауардың тұтыну құны ( пайдалылық) және құны ( оны өндіруге жұмсалған шығын) болады. Пайдалылығына ( үй, машина) байланысты тауарларға құнның түрлі нысандары тән, олар тауарлардың тұтынушылық құндары деп аталады. Тауардың құны оны өндіруге ( затты дайындауға) жұмсалатын адам еңбегінің өзгеруімен анықталады. Тауар айырбасының дамуы тауар құнының түрлі нысандарының тізбекті ауысымынан болады:
- Құнның қарапайым және кездейсоқ нысаныбір тауарды басқасына ең қарапайым айырбас кезінде ( 1 қой- 1 қап астыққа) адамзаттың дамуының ерте кезеңінде пайда болды. Мұнда бір тауар өз құнын оған қарсы тұрған басқа тауарда білдірді. Тауардың басқа тауарға айырбасталу қабілеті соңғының құнын сапалы көрсетеді, яғни тауардың құны бар;
- Құнның толық немесе жайылыңқы нысаныеңбекті бірінші рет егінші және мал өсіруші деп қоғамдық бөлуден туындаған айырбастың дамуына байланысты. Айырбасталынатын тауарлардың жиынтығынан бір немесе бірнеше өтімді тауарлар (тұз, мал, астық) үздік шығады, оны басқа тауарларға айырбастауға болады. Сөйтіп құнның қарапайым (кездейсоқ) нысанынан жайылыңқысына, яғни түрлі тауарлардың құны баламасының (тұз, мал, астық) - бір немесе бірнеше тауардың құнымен өрнектелетініне көшу жүреді;
- Құнның жалпылама нысаныкезіндегідей өзара емес, осы бір немесе бірнеше оқшауланған тауарлар арқылы жүреді. 10 кг темір - 1 қой, 1 қап астық- 10 алтын ункциясына. Мұнда тауар болып түрлі аймақтардағы түрлі тауарлар есептелінеді. Мысалы, солтүстік халықтары ақша ретінде аң терісін, оңтүстіктің мал шаруашылығымен шұғылданатын халықтары- мал, егіншілік- астық, қалаларда- металдар: темір, қорғасын, асыл металдар және т. б қолданады. Тауар ақшаның жалпыға бірдей балама рөлінде, олардың барлық ортасынан басқа тауарлар зор кеңістікте тек ығыстырып шығарған кезінде ғана бола алады. Мұндай бөлу түпкілікті болғаннан кейін, айырықшалықты тауар пайда болады, оның заттай нысанымен жалпыға бірдей баламасының нысаны қиысып бітеді, бұл тауар «ақша» деген атқа ие болады. Құнның ақшалай нысаныайырбастың бір ақша тауарының жалпыға бірдей баламасына айырбастау рөлінің одан әрі даму нәтижесінде бөлінуімен сипатталады. Мұндай рөлді тарихи түрде алтын мен күміс жаулап алады. Бұл тауарды бөліп көрсету олардың табиғи жаратылысы сапасы (біртектілігі, бөлінбеушілігі, өз қасиеттерін сақтау қабілеттілігі, құнның жоғарлылығы т. б) 1 унция- 1 фунт стирлинг күшінің шама- шарқынан болады. Алтын ақшалар өз құнын ақша тауарының түп негізгі құнынан иеленеді, ол алтын өндіру саласында жасалады, яғни олардың құны басқа кез- келген тауардың құны сияқты жұмыс уақытымен анықталады, мұның нәтижесінде тауарды ақшаға айырбастау баламаларының айырбастауы болып есептелінеді. Сонымен, ақшаның мән мағынасы тауар өндірісі мен айырбастың тарихи дамуының нәтижесінде тауар әлемінен бір айырықшылықты тауар бөлінеді, оның табиғи нысанымен жалпыға бірдей баламаның қоғамдық атқарымы қосылады.
Ақшаның мән мағынасы үш қасиеттің бірлігімен өрнектеледі:
- ақшаға жалпыға бірдей тікелей тән, яғни оларды тауарлар мен көрсетілген қызметтерге ешқандай шектеусіз әрқашан және барлық жерде қабылдауға тиіс;
ақша тауарлардың айырбас құнын өрнектейді. Олардың көмегімен тауарлардың бағасын анықтауға болады, оларды тұтыну құны түрлі болатын айырбас қамтамассыз етеді және түрлі тауарлар мөлшерімен салыстырылады;
- ақша тауардың ішіне алынған жалпы бірдей жұмыс уақытының іске асырылуыболып табылады, яғни ақшаға жұмсалған жұмыс уақытының шығындары арқылы тауарлардың құны өлшенеді.
Сонымен, ақша дегеніміз- жалпыға бірдей балама, өзге тауарлардың құнын көрсететін және барлық тауарға бірдей айырбасталатын ерекше тауар.
1. 2Ақшаның қызметтері және оның экономикадағы рөлі.
Экономикалық санат ретінде ақшаның мәні олардың атқарымдарынан білінеді, олар ақшаның ішкі негізін, мазмұнын көрсетеді. Ақшаның әрбір атқарымы тауарлар айналысының үдерісінен келіп шығатын әлеуметтік- экономикалық қатынастардың бір жағын сипаттайды. Заманалы экономикалық әдебиетте атқарым саны жөнінде түрлі пікірлер кездеседі. Ақшаның батыс теориясы ақшаның ең жай және түсінікті атқарымы: құн өлшемі, айналыс қаражаты және қаржы қаражатын анықтайды. Алайда басқаларына қарағанда К. Маркс оларды жақсы жүйелендірді және түсіндірді, ол жоғарыда аталғаннан басқа, тағы да 2 атқарымды, яғни 5 қызметін көрсетеді: төлем қаражаты және дүнеижүзілік (әлемдік) ақшаны анықтады.
Сонымен, қазіргі экономикада атқаратын қызметтері мынадай:
• Құн өлшемі
• Айналыс құралы
• Төлем құралы
• Жинақтау және қорлану құралы
• Әлемдік ақша
Ақшаның алғашқы және негізгі қызметі болып құндардың, барлық тауарлар құнының өлшемі қызметі болып табылады, ол тауарлардың балама айырбасын қамтамасыз етеді. Бірақ та тауарларды салыстырмалы ететін ақша емес, тауарды өндіруге кеткен қоғамдық қажетті адам еңбегі саналады. Барлық тауарлар қажетті еңбек өнімі болып табылады, сондықтан да өзіндік құны бар шынайы ақшалар олардың кұнының өлшемі бола алады. Ондай тауар болып алтын есептеледі, оны өндіру үшін құнды туындататын қоғамдык еңбек шығындалады. Ақша мен тауар салыстыру үшін біртекті базаны иеленуіне байланысты, барлық тауарлар өзара салыстырмалы болады. Ақшалар құн өлшемі қызметінде өте жақсы әрекет етеді. Бұл мынаны түсіндіреді, құнның тауарлық формасының ақшалай формаға айналуы үшін тауарлар бағасын белгілеу жеткілікті, бұл жағдайда тауарларды өткізу сатып алушыда нақты ақша болған жағдайда ғана жүзеге асады.
Баға - тауар құнының ақшалай көрінісі болып табылады. Ол тауарды өндіру мен өткізуге кететін қоғамдық қажетті еңбек шығындарымен анықталады, яғни баға бұл тауардың қоғамдық танылған құны болып табылады. Тауар бағасы нарықта қалыптасады, тауарларға деген сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі кезінде ол тауар құнына және ақша құнына тәуелді болады. Нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың тауар бағасына сәйкессіздігіне байланысты оның құны сөзсіз төмендейді. Құндары әр түрлі тауарлардың бағаларын салыстыру үшін оларды бір масштабқа келтіру керек, яғни оларды бірдей ақша бірліктерімен сандық өрнектеу керек.
Металл айналысы кезінде бағалардың масштабы ақшалай металдын салмақтық көлемі деп аталады, ол берілген елде ақша бірлігі ретінде және басқа барлық тауарлардың бағаларын өлшеу үшін қызмет етеді. Егер ақша ретінде алтын есептелетін болса, онда бүкіл тауарлық әлем алтынның әр түрлі көлеміне теңестіріледі. Алтын арқылы тауарлар өзара салыстырмалы бола бастады. Алтынның фунтқа және унцияға бөліну қасиеті бар. Алғашқы ақшалардын аты ақшалай металл (алтын, күміс) ақшаның салмақтық құрамымен сәйкес келді, ал салмақтық масштабтың аты бағалар масштабы деп аталады. Күмістің фунты фунт стерлинг деген атауды туындатты.
Бағалар масштабының рөлі мынада, яғни ол өз ретінде ұлттық ақша бірлігі салмағын тұрақтандырушы ретінде әрекет етеді. Бұрын мемлекет ақшаның алтындық құрамын оқтын-оқтын белгілеп отырған. Бірақ та 1976-1978 жылы енгізілген Ямайка валюта жүйесі алтынның ресми бағасын және Халықаралық валюта қорына (ХВҚ) қатысушы елдердің ақша бірліктерінің алтындық құрамын алып тастады. Қазіргі таңда бағалар масштабы баға көмегімен тауар кұнын салыстьіру арқылы нарықтық үрдісте берекесіздік түрде қалыптасып жатыр.
Құн өлшемі және бағалар масштабы ретінде ақша әртүрлі қызметті атқарады. Олар адам еңбегінің қоғамдық еңбекке айналуы ретінде кұн өлшемі болып айқыңдалады, бағалар масштабы - металдың тұрақты салмағы ретінде қарастырылады. Сондықтан да құн өлшемімен құн ретіндегі тауарлар, және керісінше, бағалар масштабы алтынның берілген көлемімен өның әр түрлі көлемі өлшенеді.
Қазіргі жағдайда алтын ақшаның міндетін атқарудан қалды, яғни ол ақша қызметін, соның ішінде кұн өлшемі қызметін жоғалтты. Алтын несиелік ақшалармен алмастырылды.
Әрбір мемлекет өз кұн өлшемін белгілейді. Қазақстанда құн өлшемі ретінде теңге, Ресейде - рубль, АҚШ-та - доллар, Еуропалық Одақта - евро саналады. Ел шеңберіндегі ішкі айналыста бағалар масштабы айрықша рөлді атқармайды, ал ел шегінен тыс сыртқы айналыста ол ақшаның сатып алушылық қабілетін анықтау үшін үлкен рөл ойнайды. Айрықша кажетті жағдайда үкімет алдын ала белгіленген бағалар масштабын өзгертеді. Мұндай өзгерту ақша реформасы деп аталады. Ақша реформасы - бұл құнның бір өлшемінен басқасына өту, ол ақшанын жалпы көлемінің азаюымен түсіндіріледі.
Демек, құн өлшемі - бұл ақша бірлігі, ол тауарлар мен қызметтер құнын өлшеу және салыстыру үшін қолданылады.
Айналыс құралы. Бұл қызметтің маңызын тауар айналымының Т-А-Т классикалық формуласының көмегімен ашуға болады. Бұл жағдайда ақша тауар айналымындағы делдал рөлін атқарады, оның негізі болып айырбас баламасы саналады. Формуладағы тауарлық айналым екі актіден тұрады: тауарды сату, яғни оның ақшаға айналуы және тауарды сатып алу, яғни ақшаның тауарға айналуы. Бұл жағдайда ақша айналыс құралы қызметіндегі делдал болып табылады. Осы қызметті орындау үшін ақша үнемі қолда болуы тиіс, яғни бүл қызметті шынайы әрекет етуші ақшалар атқара алады. Егер сатып алушыда ақша болмаса, онда ол тауарды сатып алмайды. Бұл жағдайда ақша басқа тауарды сатып алу үшін қажет болады. Олар тауар сатушының қалтасында жатпайды, сатушылар оларды басқа қажетті тауарды сатып алу үшін қолданады, ақша үнемі айналыста жүреді. Сондықтан бұл жерде ақшаның рөлі өте жылдам және ол бір тауарды екіншісіне айырбастау процесіне қызмет көрсету үшін қажет. Осыған байланысты айналыс құралы ретіндегі ақша үшін олардың құндық құрамы маңызды емес, яғни айналыс құралы ретінде ақша шынайы ақшалық тауардан бөлінуі мүмкін. Осының салдарынан айналыста шынайы толыққұнды ақшалар емес, қағаз ақша белгілері сияқты олардың орынбасарлары болуы мүмкін.
Тікелей тауар айналымы кезінде, яғни бартерде (тауарды тауарға) сатып алу мен сату сәйкес келді. Айналыс құралы ретіндегі ақша қызметі кезінде тауарларды сатып алу және сату актілері арасында алшақтық пайда болады, дербес болады, уақыт бойынша сәйкес келмейді. Сатушы тауарды сатып болған соң, қолдағы ақшасын басқа тауарды сатып алу үшін жұмсауға асықпайды. Бұл айырбастың бұзылуының объективті мүмкіндігін қалыптастырады, яғни сатылған тауар сатып алынған тауардан көп, нәтижесінде дағдарыстық жағдай калыптасады.
Тауар айырбасының бастапқы сатыларында, яғни алтын тауарлық әлемнен жалпы балама ретінде бөлініп шыққан кезде, ол бір мезетте әрі құн өлшемі, әрі айналыс құралы ретінде ақша қызметін орындады. Ондағы екі қызмет бір-біріне сәйкес келмеді.
Тауарлық айналымның әрі қарай дамуы ақшаның осы қызметінің бір-бірінен бөлектенуіне әкелді, кұн өлшемі қызметін толықкұнсыз ақшалар орындады, ал айналыс өлшемі қызметін - олардың белгілері: қағаз және несиелік ақшалар атқарды.
Құн өлшемі ретіндегі ақша гиперинфляция кезеңінде айналыс құралы қызметін атқармайды, Қазақстанда 1994-1997 жылдары тауар бағалары американдық долларда, немесе екі бағада: долларда және теңгеде белгіленді. Негізінен теңгедегі бағалар күн сайын долларға қатысты айырбас курсы негізінде қайта есептеліп отырды. Бұл мезетте теңгемен өрнектелген бағалар жедел ескі, доллардағы бағалар өзгеріссіз қалды. Бұл мына себепке байланысты болды, яғни айналыстағы ақша массасы тауар массасына қарағанда едәуір өсті, ол ақшаның құнсыздануына, яғни инфляцияга әкелді.
Осылайша, айналыс құралы - тауарлар мен қызметтерді сатып алу үшін, сонымен бірге қарыздарды төлеу үшін қолданылатын ақшалар, Ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметінің айрықша белгілерінің бірі - бұл тауардың және де ақшаның қарама-қарсы қозғалысын белгілеу; оны колма-қол ақшалар атқарады, өйткені бұл қызметте ақшалар тауарлар айырбасы кезіндегі ұшқыр делдал ретінде әрекет етеді, онда оны толық кұнды ақшалар емес, оның орынбасарлары - қағаз және несиелік ақшалар орындайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz