«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде»



2008 жылдың 15 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамытыту жөніндегі басқармасы «Жексенбілік мектеп тыңдаушыларының мемлекеттік тілді меңгеруі: концептуалды жолдар және дидактикалық мүмкіндіктер» атты “дөңгелек үстел” отырысын өткізді. Оның негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 23 қазандағы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХII сессиясында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне берген тапсырмаларын жүзеге асыру жөніндегі Үкіметтің 2006 жылғы 28 қазандағы №1025 қаулысының орындалу жайына талдау жасап, ұлттық - мәдени орталықтардың жексенбілік мектептерінде мемлекеттік тілді оқытуды жақсарту шараларын белгілеу болды.
«Дөңгелек үстел» отырысына ұлттық-мәдени орталықтардың, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері, мемлекеттік органдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
«Дөңгелек үстел» мәжілісін Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы Манарбек Әзімбекұлы Мұхамеджанов ашып, жүргізді. Талқылауға ұсынылған мәселе бойынша Шығыс Қазақстан халқы Кіші Ассамблеясының атқарушы хатшылығының меңгерушісі А.Рукин, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың біліктілікті арттыру институтының директоры, педагогика ғылымының кандидаты, доцент Ғ.Тоқтарова, ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары А.Турищев, Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі меңгерушісінің орынбасары А.Самаев, «Нұр Отан» ХДП облыстық бөлімшесі төрағасының орынбасары С.Әубәкіров, Өскемен қаласындағы білім беру бөлімінің бас маманы Н.Сатыбалдина, «Квансон» колледжінің директоры, Достық үйі кеңесінің төрағасы Н. Кан, Өскемен қаласының «Возрождение» мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ә. Айтуғанова, Шемонаиха ауданындағы Первомайка оқу-өндірістік комбинатының директоры Г.Қасиманова, Риддер қаласындағы «Шаңырақ» көп салалы мектеп-гимназиясы оқу бөлімінің меңгерушісі С.Мұздапарова ойларын ортаға салды.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде

2008 жылдың 15 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамытыту
жөніндегі басқармасы Жексенбілік мектеп тыңдаушыларының мемлекеттік тілді
меңгеруі: концептуалды жолдар және дидактикалық мүмкіндіктер атты 
“дөңгелек үстел” отырысын өткізді. Оның негізгі мақсаты - Қазақстан
Республикасы Президентінің 2006 жылғы 23 қазандағы Қазақстан халқы
Ассамблеясының ХII сессиясында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру
бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне берген тапсырмаларын жүзеге
асыру жөніндегі Үкіметтің 2006 жылғы 28 қазандағы №1025 қаулысының орындалу
жайына  талдау жасап, ұлттық - мәдени орталықтардың жексенбілік
мектептерінде мемлекеттік тілді оқытуды жақсарту шараларын белгілеу болды.
Дөңгелек үстел отырысына ұлттық-мәдени орталықтардың, саяси партиялар
мен қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері, мемлекеттік органдардың және 
бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел мәжілісін Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту
жөніндегі басқармасының бастығы Манарбек Әзімбекұлы Мұхамеджанов ашып,
жүргізді. Талқылауға ұсынылған мәселе бойынша Шығыс Қазақстан халқы Кіші
Ассамблеясының атқарушы хатшылығының меңгерушісі А.Рукин, С.Аманжолов
атындағы ШҚМУ-дың біліктілікті арттыру институтының директоры, педагогика
ғылымының кандидаты, доцент Ғ.Тоқтарова, ішкі саясат басқармасы бастығының
орынбасары А.Турищев, Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
меңгерушісінің орынбасары А.Самаев, Нұр Отан ХДП облыстық бөлімшесі
төрағасының орынбасары С.Әубәкіров, Өскемен қаласындағы білім беру
бөлімінің бас маманы Н.Сатыбалдина, Квансон колледжінің директоры, Достық
үйі кеңесінің төрағасы Н. Кан, Өскемен қаласының Возрождение мектебінің
қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ә. Айтуғанова, Шемонаиха ауданындағы Первомайка
оқу-өндірістік комбинатының директоры Г.Қасиманова, Риддер қаласындағы
Шаңырақ көп салалы мектеп-гимназиясы оқу бөлімінің меңгерушісі
С.Мұздапарова ойларын ортаға салды.
Дөңгелек үстелге қатысушылардың пікірінше, өңірде түратын басқа
ұлттардың өкілдері қазақ тілін үйренуге барынша ынталы. Соған қарамастан
ұлттық- мәдени орталықтардың жексенбілік мектептерінде мемлекеттік тілді
оқытуға әлі де жете көңіл бөлінбей отыр.  Тыңдаушылардың тіл үйренуге
қызығушылығын арттыратын бағдарламалар, дидактикалық мүмкіндіктер тиімді
пайдаланылмайды. Жексенбілік мектептердің материалдық-техникалық базасы да
жақсартуды қажет етеді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар облыстағы ұлттық-мәдени орталықтардың,
қоғамдық бірлестіктердің басшыларына, қалалар мен аудандардың әкімдіктеріне
арнап үндеу қабылдады.
Алматыда “Достық” үйінде “Қазақстанның болашағы қазақ тілінде” атты
дөңгелек үстел болып өтті. Қазақстан халықтары Ассамблеясы мен Халықаралық
“Қазақ тілі” қоғамы бірлесіп ұйымдастырған кезекті жиында негізінен
Мемлекет басшысы мен Үкімет тарапынан қазақ тілі мүддесіне бағытталған
нақты қадамдар және тіл мәртебесін көтеру жөнінде кеңінен сөз болды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар – ұлттық мәдени орталықтардың жетекшілері,
ғалымдар, тіл жанашырлары мемлекеттік тілдің бүгінгі тыныс-тіршілігі,
қордаланған мәселелер және алдағы міндеттер жөнінде өз ойларын ортаға
салды. Жүздеген ұлт өкілдерінің екінші отанына айналған ұлан байтақ
Қазақстанда өзге тілдердің мүддесін ескере отырып, мемлекеттік тілдің
мәртебесін асқақтататын уақыт жетті. Бір құптарлығы, бүгінгі таңда бұл
орайда бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Елімізде тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасына Президент Жарлығымен толықтырулар енгізілді.
Әрине, соған орай алда атқарылатын міндеттер де орасан екендігі сөзсіз.
Елбасының “Ана тілі” газетіне берген сұхбатындағы мемлекеттік тілдің
тағдыры, болашағы жөніндегі келелі де салихалы пікірлері әрбір азаматты
ойландыратындығы сөзсіз. Суын ішіп, нанын жеп отырған елдің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік тіл мен қазақ тілі
Қазақстанның болашағы - мемлекеттік тіл қазақ тілінде
Менің Қазақстаным — менің болашағым
Қазақ халқының ұлттық тілі - қазақ тілі, ұлттың өмір сүруінің барлық саласында пайдаланылатын ана тілі
Білім беруді дамыту
Қазақстан болашағы, қазақ тілінде
Ұлттық сана ұлттық тілмен қалыптасады
Қазақстандағы үш тілділік жайлы
Қазақ тілінің кешегісі мен бүгінгісі
Тіл туралы заң
Пәндер