Ежелгі Үнді мәдениеті мен әдебиеті: ведалық дәстүрден Будда іліміне


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Ежелгі Үнді мәдениеті .

Ежелгі Үнді әдебиеті . Үнді әдебиеті 40 ғасырға жуық өмір сүріп келе жатыр . Ішіндегі ең ежелгісі - Ведалық әдебиет б. з. д. 2 -ші мыңжылдықтың соңында 1-ші мыңжылдықтың басында пайда болды . Ол шығармалар санскрит тілінде жазылған . Оның негізі төрт ведадан тұрады :

  1. Риг - Веда гимндер ведасы ( құдайларға айтылатын өлең) .
  2. Сама - Веда ритуалдар мен өлең айту ведасы .
  3. Яджур - Веда құрбандық шалу ведасы .
  4. Атхарва - Веда оқытулар, дұғалар ведасы .

Ведалар діндік аспектілермен қатар мысалдар, ертегілер қосқан . Көптеген ғасырлар бойы Ведалар тек ауызша түрде беріліп отырған . Ведалық әдебиет төрт категориялық шығармалардан тұрады :

  1. «Самхиттер» немесе гимндер, дұғалар жиыны . Барлығы төрт самхит бар, олардың ішінде «Ригведа» ең ежелгісі және ең негізгісі болып табылады . «Ригведа » гимндері құдайға арналған өлеңдер болып табылады . « Ригведа » 1028 гимннен тұрады, олар өлеңмен жазылған . Ең ұзыны - 76, ең қысқасы - 24 буыннан тұрады . «Ригведада » құдайға мадақ айтылып, оның адамға жасаған жақсылығы паш етіледі .

Индра - найзағай құдайы .

Вристра - су құдайы .

Сурье - күн құдайы .

Парджание - жауын құдайы .

Марутам - құйын құдайы .

Ваю, Вате - жел құдайы .

Варун - аспан құдайы .

2. «Брахмандар » б. з. д. 8 - 6 ғасырларда пайда болған . Ол қоғамдағы жрецтар кастасының күштілігін көрсетеді . Ол қоғамда құрбандық шалу системасы күшті дамыған . «Брахмандар» әрбір әлеуметтік топқа жататын адамдарғақұрбандыққа қандай малды шалу керектігін айтып отырған .

3 . «Араньяктар» немесе «Орман кітаптары» «Брахмандардың » жалғасы болып табылады . Бірақ оларда табиғатқа көбірек көңіл бөлінген . « Араньактар » адамдардан бөлек ормандарда өмір сүретін, құрбандық шалу ритуалын орындауға мүмкіндігі жоқ аскеттерге арналып жасалуы да мүмкін .

4. «Упанишадтар » діндік - философиялық трактаттар . Өлең немесе проза түрінде берілген . Оларды « шрути » деп атайды . Мағынасы - естілген, ауызша жеткен .

Эпикалық әдебиет б. з. д. бірінші мыңжылдықтың бірінші жартысында пайда болды . Ең ежелгі эпикалық шығарма - «Махабхарата» ( «Ұлы Индия » немесе «Бхараттар күресі » ) .

« Махабхарата » әлемдегі ең үлкен әдеби шығарма болып саналады, ол жүз мың жолдан тұрады . Оның негізгі сюжетін Вьясе деген кісі жазған . «Махабхарата » екі ежелгі тайпалар ( пандавтвр мен кауравтвр) арасындағы Хастинапура (қазіргі Дели ) қаласы үшін күресті суреттейді . Толық « Махабхарата » үлкенді - кішілі 18 кітаптан тұрады .

Келесі атақты эпос - « Рамаяна » ( « Раманың кезулері » ) . Оны Вальмики деген кісі жазған . Ол б. з. д.

4 ғасырда жазылған . Барлығы « Рамаяна » жеті кітапқа біріктірілген 24 мың жолдан тұрады . Бұл эпос өз хандығынан қуылып, басында қоныс іздеп, кейін ұрланған жұбайы Ситаны іздеп Индияны кезіп жүрген, құдайға сенуші Рама деген адамға арналған .

Пали әдебиеті буддизмнің таралуына байланысты б. з. д. 3 - 1 ғасырларда гүлденген . Пали әдебиетінің ең ежелгі ескерткіші « Типитака » («Үш себет » ) буддизмнің канондық тексттерінің жиыны . Ол үш кітаптан тұрады :

1 . « Виная питака » ( « Корзина смирения» ) .

2 . «Сутта питака» (« Корзина наставлений») .

3 . « Абхидхамма питака» ( « Корзина высшей мудрости») . «Типитакада» ежелгі буддизмді зерттеу үшін, сонымен қоса Ежелгі Индияның тарихы мен мәдениеті туралы құнды материалдар бар . Ол пали - санскрит диалектісінде жазылған .

Пали әдебиетінің келесі ескерткіші Джатактар немесе « Бодхисаттардың өмірі туралы повесть » ежелгі Үнді фольклорының бір түрі болып табылады . Негізгі мазмұны - кедейдің байды, әлсіздің күштіні жеңуі .

Классикалық санскрит әдебиеті немесе кавья әдебиеті жалпы әдебиеттің дамуының келесі этапы болып табылады .

Кавья әдебиетінің өкілі поэт әрі драматург Ашвагхоша б. з. д. өзінің « Будда өмірі » немесе «Буддхачарита » поэмасымен атақты .

Санскрит прозасының ескерткіші « Панчатантра » (Бес кітап ) б. з. д. 3-4 ғасырларда пайда болған, оны брахман Вишнушарман жазған . « Панчатантра » ертегілер мен мысалдардан тұратын бес кітаптан тұрады . Олардың негізгі кейіпкерлері адамның мінез - құлқымен дарытылған жануарлар . Санскриттік драматургтар мен поэттарының арасындағы ең атақтысы үнді әдебиетінің алтын қорына кіретін бірнеше драмалар, эпикалыұ және лирикалық поэмалар жазған :

« Абхиджнянашакунталам» ( « Узнанная по кольцу Шакунтала» ) драмасы, « Рагхуванша » ( « Род Рагху» ) эпикалық поэмасы, « Мегхадута » ( « Облако - вестник » ) лирикалық поэмасы .

Буддизм - дүние жүзінде кең тараған үш діннің біреуі . б. з. д. 6-5 ғасырларда ертедегі Үнді елінде пайда болды . Буддизмнің негізін салушы Үнді падишасының баласы Сиддхартһа Гаутама деген кісі . Ол кейін Будда деп аталып кеткен, яғни күнәдән арылған, әулие деген мағынада . Буддизм құл иеленуші Үнді елінің экономикасы мен саудасы едәуір дамыған дамыған кезде, әлеуметтік - экономикалық қарым - қатынастың ұлғаюына бөгет болған брахман діні мен касталық жүйеге наразылық ретінде туды . Үнді елі феодализмге бет алып, құл иеленушілік дамуға кедергі болды да, брахман патшалығының тағы шайқала бастады . Мұны әскери адамдардан құралған қауым - кшатрилер пайдаланып, өкімет билігін қолына алды . Бұл кезде Үнді елінде етек алған құлдар көтерілістері аяусыз жаншылып, көтеріліске қатысушылар мен олардың басшылары қырғынға ұшырады, халық бұқарасы бұрынғыдан да ауыр халге душар болды . Таптық езгіге ұшыраған еңбекші бұқара өз өмірінің жақсаруынан үміт үзді, енді діни сенімнен, о дүниеден жұбаныш таппаұшы болды . Брахман патшалары бірінен соң бірі құлап, Брахман дінінің күйреуі басталды, ол будда дінімен ығыстырылды . Будда діні үстемдік етуші кшатрилер кастасы үшін халықты алдаудың және қанаудың ең тиімді құралы болды . Сондықтан кшатрилер оны өзінің идеологиясы деп танып, оны уағыздауды күшейте түсті . Үнді патшасы Ашока ( б. з. д. 3 ғасыр ) будда дінін мемлекеттік дін деп жариялады . Ашока бұл дінді көпке тарту үшін кең байтақ елдің түкпір - түкпіріне монахтар жіберіп отырды . Б. з. д. 2-1 ғасырлардан бастап буддалық монастырьлар пайда болды, храмдар салынып, табыну ғұрыптары күшейе түсті . Будда дінінің идеялық негізі - ертедегі Үнді елінде болған діни - философиялық, идеалистік ілім . Бұл философия біздің көріп отырған дүниеміз мистикалық бөлшектердің жиынтық көрінісі деп түсінеді . Дхарм ( рухани бөлшектер ) - дүние жүзілік рух . Будда дінінде жанның көшіп жүретіні және күнә үшін жаза тарту - карма туралы ілім үлкен роль атқарады . Бұл ілім бойынша адам өлгннен кейін алдымен жанның дхармдары ыдырайды, кейіннен қайта жинақталып қосылады . Дхарманың жаңадан жинақталуы кармамен анықталады, өйткені ол өлген мен жаңа туғанның жаны арасындағы себеп - салдарды үйлестіреді, алдыңғы жинақталған дхарманың өмірі қаншалықты дұрыс өткен болса, жаңа дхарманың жинақталуы және адам денесіне енуі солғұрлым жағдайлы болады . Адам бұл жалған өмірдің барлық ауыртпалығын төзімділікпен басынан кешіріп, будда

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Үнді діні және үнді-будда мәдениеті
Ежелгі Үнді философиясы және Ведалық (ортодоксальды) діни-философиялық жүйелер
Үнді діндерінің тарихи дамуы: Ведалық дәстүрден индуизм мен брахманизмге
Үнді-будда мәдениеті және Будда дінінің философиялық және әлеуметтік рөлі
Көне Үнді философиясы: ведалық дәстүрден Упанишад пен Ведантаға дейін
Будда діні мен үнді-будда мәдениеті: ағымдар, таралуы және Қазақстандағы тарихы
Үнді мәдениеті мен діні: Үнді-будда дәстүрі, діни-философиялық мектептер, буддизм, джайнизм және үнді мұсылман мәдениеті
Үнді-будда мәдениеті: Ведалар, Упанишадтар және үнді философиясының алты мектебі
Үнді-будда мәдениеті: тарихи қалыптасуы мен әлеуметтік-саяси ықпалы
Ежелгі Шығыс мәдениеті: көне Үнді өркениетінің тарихы мен мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz