Папуасия халықтары



Жаңа Гвинея-көлемі жағынан дүние жүзінде екінші орын алатын арал-қазіргі кезде саяси жағынан екі бөлікке бөлінген.Оның шығыс бөлігі Папуа Жаңа Гвинея мемлекетінің негізгі алабын құрайды,ал батыс бөлігі Индонезияның құрамына енеді.
Арал халқының басым бөлігін папуастар құрайды.Папуастардың жалпы саны 3 миллионнан асады.Этникалық жағынан папуас халқы 700-дей жекелеген этностарға бөлінеді.Бұл халықтар сөйлейтін тілдер бірыңғай генетикалық топты құрамайды,біріне-бірі туыстас емес филаларға, немесе семьядан үлкен топтарға бөлінеді. Олардың ішіндегі ең ірісі транс жаңагвинеялық семьяүстілік құрам,бұл құрамдағы тілдерде барлық папуастар дың 85пайызы сөйлейді және ол Жаңа Гвинеяның кейбір шеткері аудандарынан басқа үлкен бөлігінің көлемінде кең тараған.
Үлкендігі жағынан келесі тілдер сепик-раму семья үстілік тілдер,батыс папустық және бірқатар басқа да семья үстілік тілдерде, сондай-ақ бірнеше мүлде бөлек тілдерде сөйлейді.
Папуас халықтарының үлкен бөлігі онша көп емес,олардың әрқайсысының саны бірнеше жүзден бірнеше мың адамдай ғана.Папуас этностарының ең ірілері-энга(200 мыңдай), чимбу (180 мыңдай),хаген, немесе медлпа (110 мыңнан астам) Бұл халықтардың бәрі де транс Жаңа Гвинеялық семья үстілік құрамға қосылады және Орталық таулы қыратта мекендейді.
Жаңа Гвинеяда папуастардан басқа австронезия тілдерінде сөйлейтін халықққтар да тұрады. Оларды әдетте меланезиялықтар деп атайды. Олар аралдың жағалауларындағы бірнеше аудандарға таралған, олардың ішіндегі ең ңірісі Маркхем өзені бассейіннің өңірі болып табылады.Өздерінің саны жағынан меланезиялықтар (200 мыңға жуық) папу астардан көп аз.
1.Ю.В.Бромлей , Г.Е. Марков «Этнография» Алматы 1987ж -318 бет.
2.У.Х. Шәлекенов «Әлем халықтарының этнологиясы » Алматы 2002 жыл-302 бет.
3 Ю.В.Бромлей «Этнос и этнография» Москва 1973 год.
4.Токарев С.А. История « зарубежный этнографии»
Москва 1973 год

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым
және Білім министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Тақырыбы: Папуасия халықтары.

Орындаған: Абдраимова Ботагөз
2 курс, 050114 тарих
Қабылдаған: Мұратқазин М.

Алматы 2008 жыл
Жаңа Гвинея-көлемі жағынан дүние жүзінде екінші орын алатын
арал-қазіргі кезде саяси жағынан екі бөлікке бөлінген.Оның шығыс
бөлігі Папуа Жаңа Гвинея мемлекетінің негізгі алабын құрайды,ал
батыс бөлігі Индонезияның құрамына енеді.
Арал халқының басым бөлігін папуастар құрайды.Папуастардың жалпы
саны 3 миллионнан асады.Этникалық жағынан папуас халқы 700-дей
жекелеген этностарға бөлінеді.Бұл халықтар сөйлейтін тілдер бірыңғай
генетикалық топты құрамайды,біріне-бірі туыстас емес филаларға, немесе
семьядан үлкен топтарға бөлінеді. Олардың ішіндегі ең ірісі транс
жаңагвинеялық семьяүстілік құрам,бұл құрамдағы тілдерде барлық
папуастар дың 85пайызы сөйлейді және ол Жаңа Гвинеяның кейбір
шеткері аудандарынан басқа үлкен бөлігінің көлемінде кең тараған.
Үлкендігі жағынан келесі тілдер сепик-раму семья үстілік
тілдер,батыс папустық және бірқатар басқа да семья үстілік
тілдерде, сондай-ақ бірнеше мүлде бөлек тілдерде сөйлейді.
Папуас халықтарының үлкен бөлігі онша көп емес,олардың
әрқайсысының саны бірнеше жүзден бірнеше мың адамдай ғана.Папуас
этностарының ең ірілері-энга(200 мыңдай), чимбу (180 мыңдай),хаген,
немесе медлпа (110 мыңнан астам) Бұл халықтардың бәрі де транс
Жаңа Гвинеялық семья үстілік құрамға қосылады және Орталық таулы
қыратта мекендейді.
Жаңа Гвинеяда папуастардан басқа австронезия тілдерінде сөйлейтін
халықққтар да тұрады. Оларды әдетте меланезиялықтар деп атайды. Олар
аралдың жағалауларындағы бірнеше аудандарға таралған, олардың
ішіндегі ең ңірісі Маркхем өзені бассейіннің өңірі болып
табылады.Өздерінің саны жағынан меланезиялықтар (200 мыңға жуық) папу
астардан көп аз.
Антропологиялық жағынан Жаңа Гвинеяның байырғы австролид
тұрғындарының ішінен атауы жөнінен аралдың этно-тілдік топтарына
сәйкес келетін негізгі екі типі-папуастық және мелане зиялық
типтерді ажыратуға болады.Екі типке де терілерінің қаралығы,
шаштарының бұйралығы, еріндерінің қалыңдығы, мұрындарының жалпақ тығы
тән,алайда папуас типінің өкілдері анағұрлым сопақ жақты және
әсіресе шеміршекті бөлігі қармақ тәрізді имектеліп келетін өзгеше
мұрынды (жалған семиттік) деп аталатын мұрынды келуімен ерекшеленеді.
Папуас тілдерінде сөйлеушілер топ тары әдетте папуас типіне, ал
австронезия тілдер- інде сөйлеушілер топтары меланезиялық типке
жатқанымен,бұл арада толық сәйкес келу байқал -майды.
Өздерінің кәсібі жағынан папуастардың көпшілігі-кетпенді
егіншілер.Олар өсіретін негізгі дақылдар-таро, ямс, батат, банан құрағы,
кокос және сага пальмалары , нан ағашы. Қазіргі кезде папуастарда
европалықтардан қабылдап алған дақылдарды да (бұршақ, картоп,товар
дақылы ретінде өсірілетін кофе ағашы т.б) кездестіруге
болады.Дәстүрлі құрал-саймандар-тастан жасалған балта,немесе шот, дән
отырғызатын қазық және үшкір күрек. Кетпен сирек ұшырасады.Тас балта
мен шотты біртіндеп,темір балталар мен пышақтар ығыстыра
бастады,бақша кәсібінің дәстүрлі құрал-саймандары әлдеқайда тұрақты
сақталуда.
Папуастар арасында екі жылдан астам болған аса көрнекті орыс
этногрофы Н.Н.Миклухо-Маклей олардың жерді кеспелі-өртемелі әдіспен
қалай өңдейтінін былай сипаттап жазады:Папуастар плантация үшін жер
учаскесін таңдап алғаннан кейін жас ағаш бұталарды, содан соң
үлкен ағаштардың бұтақтарын шырпып тастайды...Кесілген ағаштар тез
қурап,кебеді.Осы кезде от жағып, кесілген бұталар мен кепкен
бұтақтарды өртейді.Тек ірі ағаштар ғана қалады,оларды түбір тұсынан
біртіндеп бірнеше күн қатарынан күйдіреді,ал кейде үлкен тас
балталармен кесіп тастайды. Тазарылған участкеде ерлер дән
отырғызатын қазықтармен жерді терең- детіп қазғылайды.Әйелдер мен
балалар қазылған жерді ұнтақтап,ысқылайды.Бұдан соң егу, учаскені
күтіп-баптау және өнімді жинау жұмыстары жүргіз іледі,бұл жұмыстардың
бәрін әйелдер атқарады. Егіншілік жұмыстары күні бүгінге дейін
осылай жүргізіледі.
Үй жануарларынан папуастар шошқа, тауық пен ит өсіреді.
Егіншілік әдетте аң аулаумен үйлестіріледі.Папуастар аңдарды
найза, садақ және жебемен аулайды. Аңшылық обьектісіне жабайы
шошқа,қазуар, ұсақ құс ды.
Балық аулау кәсібі,жағалаудағы бірнеше қоныстарды алмағанда, нашар
дамыған.
Қол өнері әлі егіншілікпен бөлінбеген. Таяуда ғана папуас
еңбегінде пайдаланылатын құрал-саймандардың бәрі ағаштан, тастан,
сүйектен ,балшықтан дайындалатын.Қару-жарақтар аңшылық және сондай-ақ
соғыс құралдары сияқты осы матиралдан жасалған (аңшылық қарулармен
бірдейлерінен басқа мұнда сондай-ақ ағаштар шоқпарлар мен қалқандар
, сүйек қанжарлар, қамыс сауыттар пайдаланылған).
Қазіргі кезде анағұрлым жетілдірілген, сатып алынатын құрал-
саймандар барған сайын кең тарала бастауда, алайда саймандарының
бір қатарын: қайықтарды, киімдерді, үй жиһаздарын т.б бұрынғысынша
өздері жасауда.
Жоғарыда айтылғандардан папуастарға қол егіншілердің мәдени-
шаруашылық типі тән деген қортынды жасауға болады. Алайда бұл
типке папуас халықтарының бәрі қосылмайды.Жаңа Гвинеяның бірқатар
батпақты аудандарында (мысалы, Баму өзені бойында) халқы жабайы
өсетін саго пальмасының жемістерін жинауды негізгі кәсіп ететін ,
анағұрлым қарапайым мәдени-шаруашылық , басқа тип сақталған.
Папуастар әдетте шағын деревняларға мекендейді.Папуастар
деревняларының көпшіліәгінде тұрғындар саны 100-150 адамнан аспайды.
1мыңнан астам адам тұратын селолық қоныстар өте сирек ұшырасады.
Мұхиттық аралдардың кейбір өзге де аудандарындағыдай , Жаңа
Гвинеяның деревняларында егер де адамдар басқа тұрғындардан бөлек ,
еркектер үйлерінде тұрады, мұның өзі оларда еңбектің жыныстық-жас
ерекшеліктік бөлінісінің орын алғанын бейнелейді.
Лашықтар қада үлгісінде немесе тікелей жер үстіне салынады.
Қада құрылыстардың едендері бамбук діңдерінен төселеді, ал екіншілері
жер еденді болады. Қабырғалары бамбуктен және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан халықтарының Ассамблеясының құрылу тарихы
Түркітану ғылымы және Түркітануға кіріспе
Африка халықтары
Қазақстандағы жаһандану кезіндегі ұлтаралық қатынастар
«Этнология» пәнінен дәрістер
Шетел Азиясының халықтары
Қазақстан халықтарының ассамблеясы
Африка халықтарының этникалық-лингвистикалық құрамы
Қазақстан халықтары Ассамблеясы
Африка халықтары жайлы
Пәндер