Әл – Фарабидің өмірбаяны, шығармалары



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
Саяси ойлар
Әл . Фарабидің өмірбаяны
Әл . Фарабидің шығармалары
3. Қорытынды
Саясаттану – политология – гректің «Politike» жәрне «Logos» деген сөздерінен шыққан. Бұл сөздер мемлекетті, қоғамды басқару өнері деген мағынаны білдіреді. Яғни саясаттану ғылымының зерттеу объектісі – саясат, саяси өмір, қоғамның саяси саласы.
Саясаттану – саяси өмір тәжрибесін, объективті саяси іс - әрекетті, саяси ойлау тәсілдерін және саяси процестерді теориялық тұрғыдан жүйелеуді қамтитын сан қырлы ғылым. Яғни, саясаттану – қоғамның саяси өмірін, саяси процестерді, ондағы таптардың, топтардың, ұйымдардың өкімет билігіне қарым – қатынасын зерттейді.
Саясаттанудың басты категориясы негізгі түсінігі – билік тұтқасы, саяси билік, мемлекетті басқару нысаны. Ал саясаттанудың оқытатын пәні – саяси биліктің, билік тұтқасының қалыптасу, қызмет атқару және өзгеру заңдылықтары.
XX ғасырдың екінші жартысында саясаттану ғылымының дамуына ағылшын мектебінің өкілдері өз үлестерін қосты. 1950 жылы Г.Ласк, Д.Броген, Ч.Уильсон ұсынысымен Бірлескен Корольдіктің саяси зерттеулер ассоцияциясы құрылды. Осы жылдан бастап Ассоцияция «Саяси зерттеулер» атты журнал шығара бастады және осы ұйым елдің 40-тан астам университеттерінде саяси зерттеулер мен дәрістерді әлі күнге жемісті жүргізіп келеді.
Саясаттану ғылымының дамуына айрықша үлес қосқан ендігі бір ғалым
Әбу Нәсір әл – Фараби болды. Барлық ғалымдар сияқты саясаттану да саяси құбылыстар мен саяси үрдістерді зерттеуде методикалық негізге, түрлі тәсілдерге сүйенеді.Саяси құбылыстарға нақты тарихи жағдай тұрғысынан талдау жасау, оларды өзара тығыз байланыста және үнемі өзгерісте деп қарау зерттеу барысында үлкен маңызға ие болған.
Отырар (Фараб) ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, топжарғаны – Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» (Әл – Мұғаллим ас – Сани), «Шығыстың Аристотелі» атанған ұлы ғұлама Әбу Нәсір әл – Фараби. Оның толық аты жөні - Әбу Нәсір Мұхаммад бин Тархан бин Узлағ әл – Фараби. Яғни әл – Фрабидің аты Әбу Нәсір Мұхаммад, әкесінің ныспысы да Мұхаммад, бабасының есімі Тархан, арғы атасы – Узлағ. Түрік оқымыстылары Әбу Нәсір ныспысының соңына кейде «әт – түрки» деген сөзді қосып, оның түркі текті екенін шегелей түседі.
1. Қуандық Б.С. «Саясаттану негіздері» Алматы 2003 ж.
2. Дербісәлиев Ә. «Қазақ даласының жұлдыздары» Алматы 1995 ж.
3. Жамбылов Д. « Саясаттану» Алматы 2003 ж.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
Саяси ойлар
Әл – Фарабидің өмірбаяны
Әл – Фарабидің шығармалары
3. Қорытынды

Кіріспе
Саясаттану – политология – гректің Politike жәрне Logos деген
сөздерінен шыққан. Бұл сөздер мемлекетті, қоғамды басқару өнері деген
мағынаны білдіреді. Яғни саясаттану ғылымының зерттеу объектісі – саясат,
саяси өмір, қоғамның саяси саласы.
Саясаттану – саяси өмір тәжрибесін, объективті саяси іс - әрекетті,
саяси ойлау тәсілдерін және саяси процестерді теориялық тұрғыдан жүйелеуді
қамтитын сан қырлы ғылым. Яғни, саясаттану – қоғамның саяси өмірін, саяси
процестерді, ондағы таптардың, топтардың, ұйымдардың өкімет билігіне қарым
– қатынасын зерттейді.
Саясаттанудың басты категориясы негізгі түсінігі – билік тұтқасы, саяси
билік, мемлекетті басқару нысаны. Ал саясаттанудың оқытатын пәні – саяси
биліктің, билік тұтқасының қалыптасу, қызмет атқару және өзгеру
заңдылықтары.
XX ғасырдың екінші жартысында саясаттану ғылымының дамуына ағылшын
мектебінің өкілдері өз үлестерін қосты. 1950 жылы Г.Ласк, Д.Броген,
Ч.Уильсон ұсынысымен Бірлескен Корольдіктің саяси зерттеулер ассоцияциясы
құрылды. Осы жылдан бастап Ассоцияция Саяси зерттеулер атты журнал шығара
бастады және осы ұйым елдің 40-тан астам университеттерінде саяси
зерттеулер мен дәрістерді әлі күнге жемісті жүргізіп келеді.
Саясаттану ғылымының дамуына айрықша үлес қосқан ендігі бір ғалым
Әбу Нәсір әл – Фараби болды. Барлық ғалымдар сияқты саясаттану да
саяси құбылыстар мен саяси үрдістерді зерттеуде методикалық негізге, түрлі
тәсілдерге сүйенеді.Саяси құбылыстарға нақты тарихи жағдай тұрғысынан
талдау жасау, оларды өзара тығыз байланыста және үнемі өзгерісте деп қарау
зерттеу барысында үлкен маңызға ие болған.

Отырар (Фараб) ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, топжарғаны –
Аристотельден кейінгі екінші ұстаз (Әл – Мұғаллим ас – Сани), Шығыстың
Аристотелі атанған ұлы ғұлама Әбу Нәсір әл – Фараби. Оның толық аты жөні -
Әбу Нәсір Мұхаммад бин Тархан бин Узлағ әл – Фараби. Яғни әл – Фрабидің аты
Әбу Нәсір Мұхаммад, әкесінің ныспысы да Мұхаммад, бабасының есімі Тархан,
арғы атасы – Узлағ. Түрік оқымыстылары Әбу Нәсір ныспысының соңына кейде
әт – түрки деген сөзді қосып, оның түркі текті екенін шегелей түседі.
Араб, иарсы шежірелерінің деректеріне қарағанда әл – Фараби 870 жылы
Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб (Отырар) қаласында, қайсыбір
деректерде – оның тікелей ықпалында болған іргелесі Уасиджде (Оқсыз)
отырарлық әскербасының отбасында дүниеге келген. Ол туған жерінің атауымен
Әл – Фараби, яғни Фарабтық деген атқа ие болған.
Әл – Фараби алғашқы білімін Отырар медреселерінің бірінде алғанға
ұқсайды. Өйткені, көне дәуірден қалған бір деректерге қарағанда.
Мәуреннаһрда балаларды түрлі қолөнері мен ғылымға үйрету, баулу, оқыту
олардың бес жасар кезінен басталатын болған.
Ол кезде мұсылман дүниесінің рухани орталығы Месопатамия болғандықтан,
жас Әбу – Нәсірді әкесі таяу және орталық шығыс елдеріне сапарға
дайындайды. Бірақ Әбу – Нәсір Бағдатқа бармас бұрын жолай Шаш пен Самархан,
Бұхара шаһарларына соғып, білімін молықтырған секілді. Әйтсе де Әбудің
мұнда қанша болғаны жайлы араб шежірелері ештеңе айтпайды. Кейін ол жолай
Иран еліндегі Мешһед, Нишапур, Рей, Исфахан қалаларына келеді. Иран
халқының мәдениетімен танысады. Содан соң әрі қарй Бағдатқа аттанады.
Әбу – Нәсірдің Бағдатқа баруының өзіндік себептері бар болған. Атағы
әлемге әйгілі шығыстанушы ғалым В. В. Бартольд (1869-1930). IX – X
ғасырларда ғылыми жұмыстар негізінен Тигр мен Ефрат алқабындағы ескі мәдени
орталықтар болған осында болған Басра мен Харранға шоғырланды. Антихиядан
грек ғылымы да осында қоныс аударды. Бағдад – бүкіл мұсылман әлемінен,
әсіресе, Иран мен Орта Азиядан шыққан әдебиетшілер мен ғалымдарды өзіне
тартты- деп жазған. Ал, әл – Фарабиөмір сүрген кезде ұзаққа созылған
соғыстан кейін Орта Азия арабтардың қол астына бағынып, халифат құрамына
енген болатын. Араб халифатының үлкен мәдени орталығы Бағдад болған. Басып
алынған жерлердің қазынасы да осында әкелінген. Тигр мен Ефрат алқабындағы
Бағдад, әсіресе Басра мен Харран жаңадан пайда болған араб тілді
мәдениеитінің, жаратылыстану және қоғамдық – фәлсафалық ғылымныңорталығы
болып алғандыққан, астрономия жайлы кесек – кесек еңбектер қалдырған,
физика ғылымын да тың ойлармен байытқан. Жаратылыстану ғылымының медицина,
химия, минералогия секілді аса маңызды салалары бойынша күні бүгінге дейін
мәнін жоғалтпаған еңбектер жазған. Көне грек оқымыстыларының пікірлеріндегі
озық қағидаларды талдаған.
Көрнекті шығыстанушы ғалым, академик Б. Ғафуров (1908-1977) әл –
Фарабидің ғылымға деген құштарлығы таңқаларлықтай алуан салалы болғанына
тоқталады. Біз, - дейді ол, - ұлы ғұламажазған еңбектер ішінен
математикаға, медицинаға, әуез теориясына, алхимия мен магияға арналған
дүниелерді көреміз. Ұлы ғұлама фәлсафаның, логиканың, таным – наным
теориясының, психологияның, этиканың, саясат пен социологияның сан қырлары
жөнінде пікірлер айтып, келелі еңбектер жазған. Әл – Фараби атын бүкіл
әлемге танытып, оны дүние жүзі мәдениетін жасаушылардың алдыңғы легіне
қосқан да оның осы салалардағы еңбектері.
Әл – Фараби педагогика, психология, эстетика мен акустика, астрономия
мәселелерін де терең зерттеп, мәдениет пен ғылымға жемісті үлес қосқан.
Сондай-ақ, ол парасаттылық пен ағартушылықты жақтаған үлкен гуманист. Әбу
Нәсір – халықтарды бейбіт өмір сүруге, достыққа шақыры отырып, адам
баласының білім мен парасатты ойын терең бағалаған кемеңгер. Иә, сөйтіп Әбу
Нәсір метафизика, тіл білімі, логика, жағрафия, этика т.б. ғылым салаларын
қамтитын жүз елуге тарта трактаттар жазған.
Әл – Фараби өмірінің соңғы жылдарын Шамның Халаб қаласында өткізді. Осы
жердің әміршісі Сайф ад – Дауланың сарайында тұрған, кейбір деректерге
қарағанда оның дәрігері болғанға ұқсайды. Бірақ онда да ұзақ тұрақталмаған.
Ибн Халикан шежіресінде Әбу Нәсірдің Халабқа алғаш клген кездегі Сайф
ад – Дауламен танысуы жайлы қызықты деректер келтірілген. Мысырдан қайтып
оралған бетінде әл – Фараби Сайф ад – Даула өзінің нөкерлерімен мәжіліс
құрып отырған үстіне кіріп келгенде, Сайф ад – Даула оған Отыр! деп әмір
етеді. Әл – Фараби: Қай жерге отырайын, сіз отырған жерге ме, жоқ әлде
өзім тұрған жерге ме? - дейді. Сонда Сайф ад – Даула : Өзіңе қай жер
лайық деп тапсаң, сол жерге отыр, - дейді.
Әл – Фараби Сайф ад – Дауланың қасына келіп, оны орнынан ығыстырып
қасына жайғасады. Әміршінің өзі және бірнеше нөкері ғана білетін құпия
сарай тілімен оларға: Мен мына кісіге қазір бірер сұрақ қоямын, егер ол
сұраққа лайықты жауап бере алмаса, жазалаңдар, - дейді. Сонда әл –
Фараби іле – шала Сайф ад – Дауланың өзі жаңа ғана сөйлеген құпия тілмен
О, әміршім, сәл сабыр ет. Әр істің артын баққан жөн болар! - дегн кезде,
ол қайран қалып: Апырай, сіз бұл тілді қайдан білесіз? - дейді. Сонда
әл – Фараби: Ия, мен жетпіске жжуық тіл білемін - деген екен.
Бұдан кейін әл – Фараби Сайф ад – Даула мен оның сарайындағы әнші,
ақын, ғалымдармен өнер жөнінде сұхбаттасады.
Сайф ад – Даула сарайға әуезшілер келсін деп бұйырады. Олар
аспаптардында ойнаған кезде әл – Фараби әуезшілерді тоқтатып, ескерту,
түзетулер жасап отырады. Сонда Сайф ад – Даула: Сіз бұл өнерді де жақсы
білетін бе едіңіз? - деп сұрайды. Ол: Иә-деп жауап береді. Сөйтеді де,
беліндегі сахтиан кісесін шығарып, ішін ашады, одан жіңішке аспапты алып,
құлақ күйін келтіріп, ойнауға кіріседі. Жанға рахат саз шығып, отырғандар
жадырай бастайды. Әл-Фараби енді аспаптың құлақ күйін басқаша келтіріп,
тағы да ойнауға кіріседі. Аса мұңды саз құйылып, отырғандар егіліп жылай
бастайды. Ақырында ол аспаптың құлақ күйін тағы да басқаша келтіреді де,
ойнауға кіріседі, сонда баршасы, тіпті әмірдің нөкерлеріне дейін мүлгіп
ұйықтап кетіпті. Оларды сол ұйықтаған қалпында қалдырып, ол сарайдан шығып
кетеді.
Иә, Сайф ад – Даула өз сарайына сол заманындағы аса дарындыларды жинай
білген еді. Мұнда Әбу Нәсір сияқты арабтың ақиық ақыны әл-Мутанабби (915-
965) де айрықша ыстық ілтипатқа бөленіп, өзінің біраз жылдарын өткізген
болатын.
Араб әдебиетінің классигі, жауынгер ақын - әл Мутанаббидің шығыс және
әлем әдебиетіндегі орны ерекше. Көрнекті араб әдебиетшісі – профессор Әбд
әл – Уаһһаб Аззам зерттеулерінде әл Мутанабби жайлы: Ахмад әл –
Муттанабби ұрыс тақырыбындағы қасидаларымен өзге ақындар немесе қарасөз
зергерлері шыға алмаған шыңға көтерілді. Бұл араб ақыны өлеңдерінің
қуаттылығы сонша, оған теңесентіндер жоқ. Тіпті Илиада, Шаһнаме, римнің
Энейдасы немесе үндінің Махабхаратасы мен Рамаянасы әл Мутанаббимен
үзеңгі қағыса алмайды - дейді.
Сол әл Мутанабби Әбу Нәсір әл – Фарабимен атақты Сайф ат – Дауланың
сарайында өмірінің бірер жылын бірге өткізген. Біздің әл – Фарабиді
зерттеуші ғалымдарымыз әлі күнге дейін оның өмірбаянын жазғанда Әбу
Нәсірдің Сайф ад – Даула сарайында тұрғанынан басқа ештеңе айта алмайды.
Сондықтан да біз араб тарихшыларының жазбаларына сүйене отырып, осы екі
дүлдүлдің аз да болса бетін ашуды жөн көрдік.
Әл Мутанабби тек шайыр ғана емес, жауынгер ретінде де танылған. Ақын
талай рет түрлі жорықтарға қатысып, ерліктер көрсеткен. 946 жылдары
майданда бірге болған досы Бадр бин Амшардың шақыруымен Шамдағы Антакия
шақыруымен Шамдағы Антакия қаласына келеді. 948 жылы осы кішкене қалаға
Византия жорығынан қайтып келе жатқан Сайф ад – Даула тоқтайды. Оған ер
мінезді әл Мутанабби ұнап қалады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбунасыр Әл-Фараби (870 - 950)
Философиялық көзқарастары
Ұлы ғалым Әбу Насыр әл-Фараби
Әбу Насыр Әл-Фараби жайлы
Көне Отырар
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Бұрынғы көрнекті ойшылдар мен ғұламалар
Әл-Фарабидің өмірі мен еңбектері
Әл Фарабидің өмірі
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Пәндер