Ақша-несие саясаты туралы ақпарат


Мазмұны
Кіріспе . . . 3-4
I бөлім. Ақша-несие саясаты: мәні, құралдары мен әдістері
1. 1. Ақша-несие саясатының мәні және мақсаттары . . . 5-11
1. 2. Ақша-несие саясатының құралдары мен әдістері . . . 11-16
II бөлім. Қазақстан Республикасы ақша-несие саясатының мақсаттары, бағыттары, құралдары мен әдістері
2. 1. Ақша-несие саясатын жүргізудегі Орталық банктің ролі мен құқықтары . . . 17-19
2. 2. Орталық банктің ақша-несие саясатының құралдары мен
әдістері . . . 20-24
2. 3. Орталық банктің ақша-несие саясатының бағыттары . . . 24-31
III бөлім. Ақша-несие саясатының стратегиялық мақсаттары және ақша-несие саясатын жүргізу құралдарын жетілдіру жолдары
3. 1. Ақша-несие саясатының стратегиялық мақсаттары . . . 32-38
3. 2. Ақша-несие саясаты құралдарын жетілдірудегі кейбір
мәселелері . . . 38-41
Қорытынды . . . 41-43
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 43-44
Қосымшалар . . . 44-48
Кіріспе.
Қазақстан Республикасы таяу болашақта әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарынан орын алуды мақсат етіп отырғаны белгілі. Ал осы межеге жету едәуір дәрежеде ақша-несие саясатының тұрақтылығына байланысты.
Еліміздегі ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган ретінде Қазақстан Ұлттық банкісінің алдына Елбасымыз үстіміздегі жылдың қаңтарының 19-дағы өз жолдауында келесі міндеттерді қояды:
- инфляция қарқынының бәсеңдету және инфляцияның өсуінің теріс салдарларын азайту үшін нақты айырбас бағамының тиісті икемділігін қолдауға және сонымен бірге экономикалық өсуді ынталандыру;
- ең төменгі резервтік талаптарды есептеу әдістемесін жетілдіру.
Ақша-несие саясаты елдегі қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру нарығының, бағалы қағаздар нарығының әрі қарай дамуына және банк жүйесінің нығая түсуіне, экономикалық нақты секторды банктердің несиелеуінің әрі қарай өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік туғызады.
Өз мәніндегі ақша-несие саясатын жүргізу ғана Ұлттық банкке және оның жүргізіп отырған ақша-несие саясатына деген нарық қатысушыларының және жалпы халықтың сенімін қамтамасыз ететін болады.
Менің курстық жұмысыма дәл осы тақырыпты таңдауыма болашақтағы мамандығыма қатыстығы біршама әсер етті. Болашақ қаржыгер ретінде мені Қазақстанның қаржы жүйесінің, банк жүйесінің және де ақша-несие саясатының даму бағыттары мен проблемалары қызықтырды. Өйткені, қазіргі таңда еліміздің ақша-несие саласы қалыптасудың қиын жолынан өтіп, даму жолына шықты.
Курстық жұмысымда келесідей мәселерді қарастырдым:
- Ақша-несие саясатының мәнін ашу, оның мақсаттарын анықтау;
- Ақша-несие саясатының құралдары мен әдістерін қарастыру;
- ҚР Орталық банкі - Ұлттық банктің ақша-несие саясатын жүргізудегі рөлі мен құқықтарын анықтау;
- Ұлттық банктің ақша-несие саясатының жүргізудегі қолданатын құралдары мен әдістерімен танысу;
- Ұлттық банктің жүргізетін ақша-несие саясатының бағыттары;
- ҚР-дағы ақша-несие саясатындағы стратегиялық мақсаттарды анықтау;
- Ақша-несие саясатын жетілдіру жолдары және олардың тиімділігін анықтау;
Жалпы курстық жұмысымның бірінші бөлімінде ақша-несие саясатының мәнін ашып, түрлерін қарастырылады. Сондай-ақ ақша-несие саясатының мақсаттары сипатталады.
Екінші бөлімде бүгінгі таңдағы ҚР-ның Оталық банкі - Ұлттық банктің жүргізіп отырған ақша-несие саясатының бағыттары, оның қолданатын құралдары, соңғы жылдардағы нәтижелері беріледі.
Үшінші бөлімде ҚР-ның ақша-несие саясатының стратегиялық бағыттары, болашақтағы даму тенденциялары, Ұлттық банктің 2005-2007 жылдарға арналған ақша-несие саясатының бағыттары жазылған.
Курстық жұмыстың жазылу барысында келесідей оқу-әдістемелік құралдар қолданылды: С. Б. Мақыштың «Ақша айналысы және несие», Ғ. С. Сейітқасымовтың «Ақша, несие, банктер» оқулықтары, «ҚР-ның Ұлттық банкі туралы» ҚР Заңы, «Аль-Пари», «ҚазМҰУ хабаршысы. Экономикалық сериясы», «Финансы и кредит», «Саясат» журналдары, «Егемен Қазақстан», «Нұр-Астана» газеттері пайдаланылды.
I бөлім. Ақша-несие саясаты: мәні, құралдары мен әдістері
1. 1. Ақша-несие саясатының мәні мен мақсаттары
Ақша-несие саясаты - бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі - Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынтығы жатады.
Нарық жағдайында банк жүйесі екі деңгейде болады: Орталық банк (эмиссиялық) және коммерциялық (депозиттік) банк. Коммерциялық банктердің негізгі функциясы несие беру және салымдарды өсіру. Осындай шаруалардың нәтижесінде коммерциялық банктер ақша ұсынысын кеңейтеді. Банк жүйесі құнды қағаздарды алып-сатумен айналысады.
Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттің алтын резервтерін сақтайды, коммерциялық банктердің міндетті резервтерін сақтайды, коммерциялық банктердің міндетті резервтері банктері арасындағы шот айыру ретінде пайдаланылады. Орталық банк халықаралық ақша нарығында сатушы және сатып алушы қызметін орындайды және шет мемлекеттердің және банктерінің істерін үйлестіреді. Барлық мемлекеттерде орталық банк ақша-несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады, коммерциялық банктерінің іс-әрекетін қадағалайды және ұйымдастырады. Орталық банк пен коммерциялық банк операцияларының және банктен тыс секторлардың шешімдері нәтижесінде экономикадағы ақша ұсынысының өзгеруіне ықпалын тигезеді.
Орталық банк ақша ұсынысын ақша базасына және мультипликаторға әсер ету арқылы қадағалайды. Ақша ұсынысының нақты көлемін коммерциялық банк операцияларының нәтижесінде несиені қабылдау және беру арқылы құрылады.
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлемқабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлемқабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.
Ақырғы мақсат:
а) экономикалық өсу
ә) толық жұмысбастылық
б) бағаны тұрақтандыру
в) төлем балансын тұрақтандыру
Аралық мақсат :
а) ақша жиыны
ә) пайыз мөлшерлемесі
б) айырбас курсы
Ұлттық банк ақша-несие саясатының мақсаттарын жүзеге асырады:
1) ақша жиынын белгілі бір деңгейде ұстап тұру (қатаң монетарлық саясаты) ;
2) немесе пайыз мөлшерлемесін ұстап тұру (икемді монетарлық саясат)
Ақша саясатының варианттары ақша нарығының графигінде әр түрлі бейнеленеді. Қатаң саясат ақша жиынын ақшаның ұсынысын қисығының вертикалды жағдайына сәйкес келетін деңгейінде орналастырады. Ал икемді монетарлық саясатты ақшаның ұсынысы қисығы горизанталды түрде болады. Ақша-несие саясатының вариантын таңдау көп жағдайда ақша сұраныспен байланыста болады. Мысалы, егерде ақшаға сұраныстың өсуі инфляциялық үрдістермен байланысты болса, онда ақша жиынын қалыпты ұстау үшін қатаң саясатты пайдаланған жөн, бұл жағдайда ақша ұсынысын вертикалды түрде бейнелейді.
Егерде ақша айналымның күтпеген, кездейсоқ өзгерісі нақты айнымалылардың динамикасын сақтап қалса, онда пайыз мөлшерлемесін қалыпты деңгейде ұстап тұратын саясат пайдаланылады. Бұл жағдайда ақша ұсынысы горизанталды болады. L S қисығының бұрыштық көлбеуіне байланысты ақшаға сұраныстың өзгерісі немесе ақша жиынына, пайыз мөлшерлемесіне әсер етеді. Орталық банк бір мезгілде ақша жиыны мен пайыз мөлшерлемесін тіркей алмайды. Мысалы, ақшаға сұраныс өскен кезде тұрақты пайыз мөлшерлемесін ұстап тұру үшін, банк ақша үсынысын кеңейтеді, оны сұраныстың өсуіне байланысты пайыз мөлшерлемесін өте тез өсірмеу үшін жасайды ( Бұл құбылыс L D қисығын оңға қозғалтады, тепе-теңдік нүктеде өзгертеді) . /Қосымша А/
Мұндағы R - пайыз мөлшерлемесі
М - ақша жиыны
Шаруашылық жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:
- рекстрикциялық ақша-несие саясаты
- экспанциялық ақша-несие саясаты
Рестрициялық ақша-несие саясаты - екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталған шаралар жиынтығы.
Экспанциялық ақша-несие саясаты - несие беру көлемін кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Ақша-несие саясатының табыстау механизмі және оның салық-бюджет, валюта саясаттарымен байланысы:
Монетарлық саясат өте күрделі табыстау механизмінен тұрады. Жалпы саясаттың тиімділігі әр бөліктің сапалы жұмысына тәуелді. Ақша-несие саясатының төрт түрлі табыстау механизмін қарастыруға болады:
1) Орталық банк саясатының салдарынан нақты ақша ұсынысының (М/Р) S мәнінің өзгеруі
2) Ақша нарығындағы пайыз мөлшерлемесіненің өзгеруі
3) Пайыз мөлшерлемесінің динамикасына байланысты жиынтық шығындардың (әсіресе инвестициялық шығындардың) реакциясы
4) Жиынтық сұраныстың өзгеруіне байланысты өнім көлемінің өзгерісі
Ақша ұсынысының өзгерісі мен жиынтық ұсыныс реакциясының арасында тағы екі аралық баспалдақ жатыр, осы жағдайлар соңғы нәтижедегі көп ықпал етеді
Нарықтық пайыз мөлшерлемесінің өзгерісі экономикалық агенттердің қоржын активтерінің құрылымының өзгеруіне байланысты болады, ал бұл өзгерістер Орталық банктің ақша саясатын кеңейтуінің салдары. Мұндай саясаттың салдары ретінде активтің басқа түрлерін сатып алу, несиенің арзандауы, нәтижесінде пайыз мөлшерлемесінің төмендеуі байқалады. Ақша нарығының реакциясы L D қисығының тікшелеу болуынан ақшаға сұраныстың сипатына, түріне тәуелді болады.
Ақшаға сұраныс пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты сезімтал болса, онда ақша жиынының өсуіне пайыз мөлшерлемесінің болымсыз өзгеруі әсер етеді. Және керісінше, ақшаға сұраныс пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне әлсіз әсер етсе, онда ақша ұсынысының өсуі пайыз мөлшерлемесінің едәуір төмендеуіне алып келеді. /Қосымша Б/
Келесі қадам, пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне байланысты жиынтық сұранысты түзету болады. Әдетте пайыз мөлшерлемесінің динамикасына инвестициялық шығындар әсер етеді деп есептеледі. Егерде ақша нарығында пайыз мөлшерлемесінің динамикасына инвестициялық сұраныстың сезімталдығы байқалады. Басқа жағдайлар тұрақты болса, онда осы шарттан жиынтық табыстың мультипликаторлық мәнәнәң кеңеюі пайда болады.
Табыстау механизмі қадамдарының бұзылуына байланысты ақша саясатының төмендеуі немесе мүлдем нәтижесіз болуы мүмкін.
Мысалы, ақша нарығында пайыз мөлшерлемесінің болымсыз өзгерісі немесе пайыз мөлшерлемесіне жиынтық сұраныс реакциясының болмауы, өнім көлемі мен ақша жиынының арасындағы байланысты үзеді. Мұндай құбылыс нарықтық экономикаға көшіп жатқан мемлекеттерде байқалады. Ақша саясатын жүргізуде табыстау механизмінің сапалы жұмысынан басқа да қиындықтар кездеседі. Орталық банктің пайыз мөлшерлемесін өзгертуі экономикаға әруақытта дұрыс әсер ете бермейді, сондықтан да орталық банк пайыз мөлшерлемесін бір тұрақты деңгейде ұстап тұру арқылы инвестицияны тұрақтандырады, демек мультипликатор арқылы өнім көлеміне әсер етеді. Егерде экономикада өрлеу болса және жалпы ұлттық өнім өссе, онда ақшаға трансакциялық сұраныс өседі (нақты жалпы ұлттық өнім - ақшаға сұраныстың бір параметрі)
((М/Р) D =kY-h*R) . Ақша ұсынысының тұрақты жағдайында пайыз мөлшерлемесінің өседі деп, демек ақша ұсынысын бұрынғы қалыпты жағдайда ұстау үшін, Орталық банк ақша ұсынысын өсіру қажет. Мұндай жағдай ЖҰӨ өсуін қосымша ынталандырады және инфляцияның пайда болуына әкеледі.
Экономикадағы құлдырау және ақша сұраныстың азаюы жағдайында Орталық банк пайыз мөлшерлемесін төмендетуін болдырмау үшін, ақша ұсынысын азайтуы қажет. Бұндай жағдай жиынтық сұранысты төмендетіп, экономикадағы құлдырауды шиеленістіре түседі.
Ақша-несие саясатының жанама әсерлерін де ескерген жөн. Мысалы егерде Орталық банк аша ұсыныс өзгерту керек деп шешсе, онда ол құнды қағаздар нарығынан облигация сатып алу арқылы ақша базасын кеңейте алады. Бірақ ақша ұсынысының өсуімен қатар пайыз мөлшерлемесі төмендей бастайды. Бұл жағдай екі коэффициентке әсер етуі мүмкін (сr және rr) . Халық депозиттегі қаржыларының бір бөлігін нақты ақшаға айналдыра алады, онда Халық депозиттегі қаржыларының бір бөлігін нақты ақшаға айналдыра алады, онда C/D=cr өседі, банктер артық резервтерін өсіреді, ол R/D=rr мәнін өсіреді.
Мұндай шаралардан кейін ақша мультипликаторы төмендейді, бұл жағдай ақша жиынын кеңейту тенденциясының төмендеуіне әсер етеді.
Ақша-несие саясаты көлемді сыртқы кешеуілдегі ие бола алады (шешім қабылдағаннан бастап, нәтижеге дейін), өйткені экономикадағы инвестициялық белсенділік өзгерісіне байланысты пайыз мөлшерлемесін тербелістері ЖҰӨ көлеміне әсер етеді, мұндай құбылыстар ұзаққа созылады.
Ақша-несие саясатының қазіргі кездегі тиімділігі Орталық банктің саясатына деген сенімділікпен тығыз байланысты.
Ақша-несие саясаты салық-бюджет және сыртқы экономикалық саясатпен тығыз байланысты.
Егерде Орталық банк тұрақты айналым курсын ұстап тұруды көздесе, онда дербес, тәуелсіз ішкі ақша саясаты болуы мүмкін емес, өйткені айнымалы курсты ұстау мақсатында әрекеттер, валюталық резервтердің көюеюі және азаюы экономикадағы ақша жиынының өзгеруіне әкеледі. (Мысалы, валюта сатып алғанда экономикадағы ақша ұсынысы өседі. ) Салық-бюджет және ақша саясаттарын бір-біріне сәйкес келтіру белгілі қиындықтарды тудырады. Егер мемлекет экономиканы мемлекеттік шығындарды көбейту арқылы ынталандырса, онда мұндай іс-әрекеттердің нәтижесі ақша саясатымен байланысты болады.
Қазыналық саясаттың нәтижесінде бюджетте тапшылық болса, онда мұндай жағдайда тиімді, тұрақты монетарлық саясат болмайды.
1. 2. Ақша-несие саясатының құралдары мен әдістері
Ақша-несие саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады:
а) несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу
ә) ең төменгі міндетті резервтер нормасының өзгеруі
б) есептеу мөлшерлемесінің өзгерісі
в) ашық нарықтағы операциялар
Тікелей а) және жанама (ә, б, в) құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдары тиімді пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерістер кезеңінде, тікелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады.
Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды ескере отырып, ақша-несиелік саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты ретінде қарастырылаы.
Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тікелей орталық банктің жанама құралдары арқылы жүзеге асырылады.
Пайыз саясаты - ҚҰБ өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделендіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады.
ҚҰБ пайыз саясатының басты мақсаты - айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуі тиіс.
Қазақстандағы инфляциямен күресудің тағы да бір маңызды факторы - шетел валютасына деген артық сұранысты төмендету болып табылады. Өткенге оралатын болсақ, теңгені енгігеннен кейін жарты жылдай уақыт ішінде, валюталардың бағамдық айырмасы есебінен алыпсатарлық табысқа қол жеткізу мүмкіедігі салдарынан банктің қысқа мерзімдегі капиталдары несиелік нарықтан валюталық нарыққа ауысып кетті. Теңгенің айырбас бағамы анықталатын сыртқы көрінісі мен сыртқы құны арасындағы шекті қатынастың бұзылуы ұлттық валютаның тұрақсыздығын одан артық күшейтті.
Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесі ақша нарығындағы қаржылық операциялардың барлық түрлеріне пайыз мөлшерлемесінің белгілеу базасы ретінде қызмет етеді.
Қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің шамасы ақшалай қаржаттарға деген сұранысқа және инфляция деңгейіне байланысты келеді. Ұлттық банк мүдделендіру мөлшерін реттеу арқылы республикамыздағы ақша жиынының шамасына әсер етеді және несиеге деген сұранысты арттыруға немесе қысқартуға мүмкіндік жасайды. Ресми пайыз мөлшерлемесінің деңгейі екінші деңгейдегі банктер үшін, ұлттық банк саясатының ақша жиынын бақылау жасау шегіндегі негізгі бағыттарын сипаттайтын басты көрсеткішті білдіреді.
Ұлттық банктің ресми пайыздары, оның тікелей бақылауына жатпайтын несиелік ресурстар нарығының шартына сай банктер дербес белгілейтін нарықтық пайыз мөлшерлемесіне жанама түрде ықпал етеді. Соның негізінде сұраныс пеy ұсынысқа байланысты саудада белгіленетін Ұлттық банктің қысқа мерзімді шоттары бойынша, банкаралық несиелер және мемлекеттік қысқа мерзімді несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелері жыл бойына Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты төмендеп отырған. Пайыздың нақты бейнелері, өз кезегінде инвестициялау үшін әлеуеттік ресурс болып табылатын депозиттердің несиелік мекемелерге ағылуын арттыра түсті.
Міндетті резервтер - коммерциялық банктер Орталық банкке пайыз мөлшерлемесі есептелмейтін салым ретінде ақшаны сақтайды. Бұл депозиттегі ақшаларының белгілі бір бөлігі, мұны міндетті резервтер деп атайды.
Әр мемлекетте ақшаны сақтау формалары әр түрлі болады.
Міндетті резервтердің нормасы депозиттің көлемімен белгілі бір пайыз мөлшерлемесі арқылы тағайындалады. Олар салымның түрлеріне байланысты бөлінеді. Мысалы, жедел салым талап етілген салымнан төмен болады.
Банктер артық резервтерді сақтайды - бұл міндетті резервтердің артық сомасы өтімді құралдарға сұраныс өсетін төтенше жағдайларды пайдаланылады.
Ақша нарығындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін несие көлемін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері мен акционерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгі резервтік талаптар механизмін қолданады.
Резервтік талаптар, ашық нарықтағы операциялар және пацыз саясатымен қатар коммерциялық банктерді жанама ақшалай-несиелік реттеудің негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму жағдайында резервтік коммерциялық банктердің депозиттерін сақтандыру қзметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликатор үрдісін реттеу қызметтерін атқарады.
Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген «ҚР коммерциялық, кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы» нұсқауға сәйкес, міндетті резерв нормативі 18-20% мөлшерінде бекітілген болатын. Қазіргі уақытта ол төмендеп, 10, 5%-ды құрайды. Банктер резервтерінің артық болуы яғни ұлттық банктегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланысты резервтік талаптар шамасын төмендетіп қана қоймай, сол сияқты резервтеудің баламалы тәртібіне өтеуге, яғни бұл банктердің нормативтерін орындау барысында корреспонденттік шоттағы қаражаттар сомасын ең төменгі резервтер мөлшеріне төмен болмауын сақтап отыруға тиістілігін білдіреді.
Әлемдік тәжірибеде міндетті резервтердің өте жоғары деңгейде болуы, банк жүйесінің қаржы делдалдары ретіндегі тиімділігін нашарлатып, ал ең төменгі резервтер нормасының артуы несиелік ресурстардың экономикаға құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетеді.
Федералды резервтік жүйе экономикалық құлдырау кезеңінде міндетті резервтердің іскерлік белсенділігін арттыру және ынталандыру үшін міндетті резервтің деңгейін жиі қысқартып отырған. Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктер үшін, олардың нормативтерді орындауына байланысты ең төменгі резервтік талаптарды орындау барысында банктерге келесідей екі тәсілді қолданады:
1) міндетті резервтер
2) резервтеудің баламалы тәртібі
Орталық банк неғұрлым міндетті резервтердің нормасын жоғары тағайындалған сайын, коммерциялық банктердің операцияларды жүзеге асыруға пайдаланатын қаражаты аз болады. Резерв нормасының өсуі (rr) ақша мультипликаторын төмендетіп, ақша жиынының азаюына алып келеді. Сонымен Орталық банк міндеті резерв нормасын өзгерте отырып, ақша ұсынысының динамикасына әсер етеді.
Практикада міндетті резервтер нормасы қайта қарастыруға сирек түседі, өйткені ондай жұмыстар өте күрделі, ал бұл құралдың күші мүльтипликатор арқылы жүргізгенде үлкен болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz