Аудит туралы ақпарат



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Аудит пәні, мәні, мақсаты. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1Аудиттің мәні мен мағынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2Аудиттің пәні, мақсаты мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.3 Аудит қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2 Аудит түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.1Аудит түрлерінің жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.2Ішк іжәне сыртқы аудиттің байланысы мен айырмашылықтары ... 24
2.3 Ілеспе аудит түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...50
Менім курстық жұмысымда аудит туралы және аудиттің түрлері мен олардың сипаттамасын қарастырам.Бірінші бөлімде мен аудит мәні мен мақсаты, қызметі, міндеттері туралы қарастырдым. Ал екінші бөлімде мен сол аудиттің жіктелуін, бөлінуін және аудитта қандай түрлері бар екенін олардың бір бірінен айырмашылығын қарастырдым. Үшінші бөлімде осы аудитторлық фирма туралы, оның пауда болуы, сертификат алуы және қалай жұмыс істейтіні туралы қарастырдым.
Аудит Қазақстан Республикасы заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есеп берудің дұрыстығы мен объективтілігі туралы пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық қорытынды есебін тексереді.
Аудиторлық қызметтің мәні қаржылық есеп беруді, төлем-есептеу құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қалпына келтіру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы-шаруашылық қызметке экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынатын аудиторлық фирмалардың (аудиторлардың) кәсіпкерлік қызметі болып табылуында.
Сонымен, алғашқы аудиторлық фирмалардың құрылтайшы құжаттарында-ақ, артынан «ҚР аудиторлық қызмет туралы» заңды көрініс тапқан аудит пен оның мақсаттары берілді.
Қаржылық есеп беру аудитінің мақсаты – аудиторға қаржылық қорытынды есепті құрудың белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық қорытынды есептің дайындалғаны жөнінде қорытынды беру мүмкіндігін беру. Аудит мақсатының стандартты анықтамасына қарамастан, аудит мақсаты дегенде аудитордың алдына тұтынушы қоятын мақсатты түсінуіміз керек .
Сапалы тексеруді қамтамасыз ету үшін аудиторлық фирмаларға бухгалтерлік, заңдық және жалпы экономикалық мәселелер бойынша бағдарламалық қамтамасыз ету, анықтамалық әдебиет түріндегі толық ақпараттық база қажет
Аудиторлық фирмалардың маңызды міндеттерінің бірі өз қызметімен қатар кез келген экономикалық субъект қызметінің рентабельділігін қамтамасыз ету болып табылады. Аудиторлық жұмыс жоғары біліктілігі, аса көңіл бөлу мен кәсіпқойлықты талап етеді. Сонымен қатар үлкен табыс пен қызметі көрсетілген тұтынушылардың көп санына ұмтылу кезінде аудиторлар клиенттерді таңдамай ала алмайды. Бұл жерде болашақта аудиторлық фирма беделін түсірмес үшін клиенттерді дұрыс таңдау қажет.
Қаржылық және статистикалық қорытынды есептерді құру. Есепті жүргізу немесе қалпына келтіру жұмыстарын кешенді жүргізуден кейін аудиторлық фирмалар қаржылық және статистикалық қорытынды есептерді құра алады. Басқа жағдайда қаржылық есеп беруді құру тапсырыс беруші ұсынған бастапқы құжаттар мен бухгалтерлік есеп регистрлері негізінде аудиторлық фирмалар жұмысының дербес түрі бола алады.
Бухгалтерлік есепті автоматтандыруға жаппай өту жағдайында қызмет көрсетудің осы түрі аудиторлық фирма үшін аса өзекті болып табылады. Есепті автоматтандыру жүйесін таңдау, енгізу бойынша қызмет көрсету компьютерде персоналды жұмыс істеуге үйрету, бухгалтерлік есепті жолға қою, оның ішінде қолданбалы бағдарламалар пакетін, техникалық құралдарды таңдау сияқты қызметтермен тығыз байланысты.
Кез келген аудиторлық қызметті жүргізудің қажетті шарты оның ауқымы туралы айқын түсінік болып табылады. Олар нақты шаруашылық субъектісінің параметрлерімен белгіленуі мүмкін.
Бірқатар жағдайларда бұл параметрлер біршама деңгейде ауысуы мүмкін, мысалы ішкі аудит кезінде жекелеген заңдық субъектілер қарастырылмайды.
Аудитор ең алдымен сараптама жасаумен, яғни тапсырыс берушіге оның деректерінің қаншалықты рас және шынайы қаржылық жағдайды көрсететіні, бухгалтерлік есептің жолға қойылуы, қолданыстағы заңдар мен белгіленген нормативтік актілерге сәйкес келетіндігі туралы қорытынды беру мақсатымен шаруашылық жүргізуші субъектінің бухгалтерлік есептілігн жария түрде тексерумен айналысады. Талдау жасау функциясы ең маңызды болып табылады. Аудит кәсіпорынның тексеру аяқталған күнгі қаржылық жағдайы туралы ғана емес, сондай-ақ бұл кәсіпорынның даму келешектері туралы тұжырым жасайды.
Негізгі функциялардың бірі консультациялық функция, яғни алуан түрлі сұрақтар бойынша консультациялық қызметтер көрсету. Бұл аудиттің келешегі бар және бөлінбес функциясы.
Өндірістік функция: шарттық және ақылы негізде бухгалтердің міндеттерін орындайды.
Сонымен аудит, меншіктің нысанына қармастан, шаруашылық айналымына қатысушылардың барлығының қызметінде маңызды рөл атқарады.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Аудит пәні, мәні, мақсаты.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1Аудиттің мәні мен
мағынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2Аудиттің пәні, мақсаты мен
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .12
1.3 Аудит
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...17
2 Аудит
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .21
2.1Аудит түрлерінің
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

2.2Ішк іжәне сыртқы аудиттің байланысы мен айырмашылықтары ... 24
2.3 Ілеспе аудит
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...34
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .48
Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .50

Кіріспе
Менім курстық жұмысымда аудит туралы және аудиттің түрлері мен
олардың сипаттамасын қарастырам.Бірінші бөлімде мен аудит мәні мен мақсаты,
қызметі, міндеттері туралы қарастырдым. Ал екінші бөлімде мен сол аудиттің
жіктелуін, бөлінуін және аудитта қандай түрлері бар екенін олардың бір
бірінен айырмашылығын қарастырдым. Үшінші бөлімде осы аудитторлық фирма
туралы, оның пауда болуы, сертификат алуы және қалай жұмыс істейтіні туралы
қарастырдым.
Аудит Қазақстан Республикасы заңында белгіленген талаптарға сәйкес
қаржылық есеп берудің дұрыстығы мен объективтілігі туралы пікір білдіру
мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық қорытынды есебін тексереді.
Аудиторлық қызметтің мәні қаржылық есеп беруді, төлем-есептеу
құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру, бухгалтерлік
есеп жүргізу мен қалпына келтіру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін
бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы-шаруашылық қызметке
экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынатын
аудиторлық фирмалардың (аудиторлардың) кәсіпкерлік қызметі болып
табылуында.
Сонымен, алғашқы аудиторлық фирмалардың құрылтайшы құжаттарында-ақ,
артынан ҚР аудиторлық қызмет туралы заңды көрініс тапқан аудит пен оның
мақсаттары берілді.
Қаржылық есеп беру аудитінің мақсаты – аудиторға қаржылық қорытынды
есепті құрудың белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі
аспектілер бойынша қаржылық қорытынды есептің дайындалғаны жөнінде
қорытынды беру мүмкіндігін беру. Аудит мақсатының стандартты анықтамасына
қарамастан, аудит мақсаты дегенде аудитордың алдына тұтынушы қоятын
мақсатты түсінуіміз керек .
Сапалы тексеруді қамтамасыз ету үшін аудиторлық фирмаларға
бухгалтерлік, заңдық және жалпы экономикалық мәселелер бойынша
бағдарламалық қамтамасыз ету, анықтамалық әдебиет түріндегі толық
ақпараттық база қажет
Аудиторлық фирмалардың маңызды міндеттерінің бірі өз қызметімен қатар
кез келген экономикалық субъект қызметінің рентабельділігін қамтамасыз ету
болып табылады. Аудиторлық жұмыс жоғары біліктілігі, аса көңіл бөлу мен
кәсіпқойлықты талап етеді. Сонымен қатар үлкен табыс пен қызметі
көрсетілген тұтынушылардың көп санына ұмтылу кезінде аудиторлар
клиенттерді таңдамай ала алмайды. Бұл жерде болашақта аудиторлық фирма
беделін түсірмес үшін клиенттерді дұрыс таңдау қажет.
Қаржылық және статистикалық қорытынды есептерді құру. Есепті жүргізу
немесе қалпына келтіру жұмыстарын кешенді жүргізуден кейін аудиторлық
фирмалар қаржылық және статистикалық қорытынды есептерді құра алады. Басқа
жағдайда қаржылық есеп беруді құру тапсырыс беруші ұсынған бастапқы
құжаттар мен бухгалтерлік есеп регистрлері негізінде аудиторлық фирмалар
жұмысының дербес түрі бола алады.
Бухгалтерлік есепті автоматтандыруға жаппай өту жағдайында қызмет
көрсетудің осы түрі аудиторлық фирма үшін аса өзекті болып табылады.
Есепті автоматтандыру жүйесін таңдау, енгізу бойынша қызмет көрсету
компьютерде персоналды жұмыс істеуге үйрету, бухгалтерлік есепті жолға
қою, оның ішінде қолданбалы бағдарламалар пакетін, техникалық құралдарды
таңдау сияқты қызметтермен тығыз байланысты.
Кез келген аудиторлық қызметті жүргізудің қажетті шарты оның ауқымы
туралы айқын түсінік болып табылады. Олар нақты шаруашылық субъектісінің
параметрлерімен белгіленуі мүмкін.
Бірқатар жағдайларда бұл параметрлер біршама деңгейде ауысуы мүмкін,
мысалы ішкі аудит кезінде жекелеген заңдық субъектілер қарастырылмайды.
Аудитор ең алдымен сараптама жасаумен, яғни тапсырыс берушіге оның
деректерінің қаншалықты рас және шынайы қаржылық жағдайды көрсететіні,
бухгалтерлік есептің жолға қойылуы, қолданыстағы заңдар мен белгіленген
нормативтік актілерге сәйкес келетіндігі туралы қорытынды беру мақсатымен
шаруашылық жүргізуші субъектінің бухгалтерлік есептілігн жария түрде
тексерумен айналысады. Талдау жасау функциясы ең маңызды болып табылады.
Аудит кәсіпорынның тексеру аяқталған күнгі қаржылық жағдайы туралы ғана
емес, сондай-ақ бұл кәсіпорынның даму келешектері туралы тұжырым жасайды.
Негізгі функциялардың бірі консультациялық функция, яғни алуан түрлі
сұрақтар бойынша консультациялық қызметтер көрсету. Бұл аудиттің келешегі
бар және бөлінбес функциясы.
Өндірістік функция: шарттық және ақылы негізде бухгалтердің
міндеттерін орындайды.
Сонымен аудит, меншіктің нысанына қармастан, шаруашылық айналымына
қатысушылардың барлығының қызметінде маңызды рөл атқарады.

1.Аудит мәні, мақсаты
1.1 Аудиттің мәні мен мағынасы. Тәуелсіз бухгалтер-аудитор кәсібі
өткен ғасырда Еуропаның акционерлік қоғамдарында пайда болған. Мұның өзі
акционерлік қоғамның есептілігіне объективті баға беру, кәсіпорынның
қаржылық жағдайы туралы шынайы деректер алу қажеттілігіне байланысты
болды. Мұндай объективті мәләметтерді кәсіпкерге тәуелсіз маман ғана бере
алады.
Аудит сөзінің өзі латынның audio деген сөзінен шыққан, мұның өзі
сөзбе-сөз ол естиді дегенді білдіреді. Бастапқы ол тыңдаушы деген
сөзді, яғни бірнәрсені тыңдап отырған адамды білдірді. Содан аудармасында
тыңдаушы дегенді білдіретін аудитор сөзі туындаған.
Орта ғасырдағы Еуропада сауатты және жаза білетін адамдар өте сирек
кездескен, сондықтан лауазымды адамдардың есептерін тыңдауға тиіс
қызметшіні аудитор деп атап кеткен.
Сол замандағы адамдар ауызша нысандағы есеп тіпті жазбаша есептен де
жақсы деп шынымен де пайымдаған, өйткені кез келген құжатты жасауға
болады, ал соған бастық-аудитордың қатал көздеріне қарап тұрғанда өтірік
айту мүмкін емес немесе ең болмаса, едәуір күрделі болады деп шешкен.
Аудит пен аудиторлық қызметтің әрекеті мен дамуы әр жеке мемлекетте
қалыптасқан экономиканың деңгейі мен тұрақтылығына байланысты жүзеге асты.
Мәселен Ұлыбританияда бухгалтер-аудиторлар шамамен ХІХ ғасырдың ортасында
пайда болды, ал мұнда міндетті аудит туралы заң 1862 жылы, Францияда 1867
жылы, АҚШ-та 1937 жылы шықты. Ресейде аудитор лауазымы алдымен мүліктік
сипаттағы белгілі даулар мен сотты шиеленістерді аудиторлардың есептік-
ревизиялық және заңдық тұрғыдан шешуі міндетімен 1 Петр әскер мен флот
үшін енгізген болатын. Бірақ олар шағын жеке фирмалар емес, Ресейдің
әскери және теңіз министрліктері жанындағы жоғары ревизиялық әскери
соттар мен тергеушілер болды, олардың қызмет ауқымы Батыстағы жай шағын
аудиторлық фирмаларға қарағанда едәуір кең болды.
Әр елде аудитті ұйымдастырудың өзіндік ұлттық ерекшеліктері болады,
алайда бүкіл әлемдегі аудиторлар тұтастай алғанда сипаты бойынша шамамен
бірдей жұмыстарды орындайды.
Ұлттық дәстүрлер, сондай-ақ аудиторлардың қоғамдық ұйымдары
аудиторлық қызметтің аяқталуы мен дамуында өте үлкен рөл атқарады.
Мәселен, АҚШ-та аудиттің дамуына Америкалық ант берген аудиторлар
институты үлкен ықпалын тигізді.
Аудит бізге де таңсық болды деуге болмайды. Керісінше, шетелдік
есептік-талдау практикасына қызығушылық білдірген бухгалтерлік есеп
жөніндегі мамандар аудиторлық қызмет сияқты құбылыс туралы білген. АҚЩ-ғы
аудиторлық фирмалардың орындайтын қфзметтерін зерттей келіп, олар бұл
қызмет туралы идеяның өзіне ерекше назар аудару керек екенін және оны
қолдану есеп пен өндірісті, басқаруды жетілдіру ісінде үлкен экономикалық
және ұйымдастырушылық әсер беретінін жазды.
Қазақстанда аудит пен аудиторлық қызмет 90-шы жылдардың басында, яғни
меншіктің көпжақты нысандарының әрекет етуіне және халық шаруашылығының
салаларында нарықтық экономиканың дамуына байланысты қалыптаса бастады.
Нарықтық қатынастардың дамуымен қатар бухгалтерлерге кәсіпорындар
мен ұйымдар қызметінің, бухгалтерлік есеп пен есептілікті, салық салуды
жолға қоюдың, өнімнің өзіндік құнын қалыптастыру тәртібінің құқықтық
мәселелерін реттейтін нормативтік құжаттар ағыны келе бастады.
Қолданыстағы нормативтік құжаттарға жиі өзгерістер мен толықтырулар
енгізіледі, олар түрлі себептерге байланысты салық төлеушілердің назарына
жете бермейді. Сондықтан да нормативтік құжаттардың кәсіпорындардың
шаруашылық қызметіне қатысты талаптарын сақтауда тәртіп бұзушылықтар орын
ала бастады. Қайсыбір заң актілерін кәсіпорындардың дұрыс қолдануына
көмек көрсету міндеттері жүктелген органдардың өздері де санының аздығы
мен жүктелген міндеттердің көптігіне байланысты мұндай жұмысқа әзір емес
болып шықты.
Осыған байланысты кәсіпорындардың қызметіне мемлекеттік емес
бақылаудың жаңа нысандарын құру қажеттігі туындады, ол кәсіпорындарда
бухгалтерлік есеп пен есептілікті жақсарту, олардың коммерциялық қызметінің
тиімділігін жоғарылату мақсатымен бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және
жүргізу мәселелрі бойынша консультациялар беруді қамтып еді. Яғни
аудитордың қызметіне деген қажеттілік кәсіпорындарды тікелей басқарумен
айналысушылардың, оның қызметіне қаражат салушылардың, сондай-ақ кәсіпорын
қызметінің нәтижелері туралы ақпаратты тұтынушы ретінде мемлекеттің
мүдделерінің оқшаулануына байланысты туындады.
Шынайы ақпараттың қолда бар болуы капитал нарығының қызмет
тиімділігін жоғарылатуға жағдай жасайды және экономикалық шешімдерді
қабылдаудың салдарларын бағалауға және болжауға мүмкіндік береді.
Аудиторлық қызметті тіпті ол міндетті болып табылмайтын жағдайларда
жүргізу сөзсіз, маңызды болып табылады.
Соңғы кездері кейбір кәсіпорындардың басшыларында қалыптасқан пікір
бойынша аудиторлық тексеру – бұл салық және басқа да мемлекеттік бақылау
органдары ұйымдардың шаруашылық қызметіне жүргізетін сол баяғы ревизия.
Ал шындығында, салық тексеруі мен аудиторлық тексеру - мүлдем әртүрлі
заттар. Егер біріншісі салықтардың есептелу дұрыстығын тексеруді және
қателікткр жіберілген жағдайда қаржылық санкциялар салуды өзінің негізгі
міндеті етіп қойса, аудиторлық тексерудің мақсаттары басқа болып келеді.
Аудитор ұйымдағы есеп пен есептіліктің жай-күйін зерттейді,
қателіктерді анықтайды, оларды жою жөніндегі ұсыныстар жасайды, тіпті кейде
оларды түзетуге көмектеседі және түптеп келгенде, бухгалтерлік
есептіліктің дұрыстығы туралы өзінің кәсіби пікірін білдіреді.
Бүкіл әлемдегі өзін сыйлай білетін коммерциялық ұйымдар өздерінің
есептіліктерін міндетті түрде аудитордың қорытындысымен растайды. Сөйтіп
олар есептілікті әлеуетті пайдаланушылардың – құрылтайшылардың,
инвесторлардың, кредиторлардың, банктердің, сатып алушылардың,
жеткізушілердің және т.б. өздеріне деген сенімін арттыра түседі.
Меншік иелері, әсіресе бүкіл ұжымдық меншік иелері – акционерлер,
пайшылар, сондай-ақ кредиторлар кәсіпорынның көптеген және өте күрделі
операцияларының барлығы есептілікте заңды және дұрыс көрсетілгеніне өз
бетінше көз жеткізу мүмкіндігі жоқ, өйткені олардың әдетте есептік
жазуларға рұқсаты және тиісті тәжірибесі жоқ, сондықтан аудиторлардың
қызметін қажетсінеді.
Кәсіпорындардың қызмет нәтижелері және заңдарды сақтауы туралы
ақпаратты тәуелсіз растау мемлекетке экономика және салық салу саласында
шешімдер қабылдауы үшін қажет.
Аудиторлық тексерулер оларды қызықтырып отырған қаржы есептілігінің
дұрыстығын растау үшін мемлекеттік органдарға, судьяларға, прокурор мен
тергеушілерге де қажет.
Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып аудиторлық қызметті
реттейтін заңды: Қазақстан Республикасының Аудиторлық қызметі туралы
1993 жылғы 18 қазандағы Заңын қабылдады. Бұл заң аудиторлық қызметтің
құқықтық негіздерін белгіледі, нарықтық жүйеде тәуелсіз бақылауды
қалыптастыруға және одан да әрі дамытуға мүмкіндік берді. Осы заңның
қабылдануына байланысты біздің елдегі аудиторлық қызметке мықты құқықтық
негіз жасалды. Бұл заң біздің елімізде аяқтауына және дамуына серпін
берді, оның негізінде елімізде аудиторлық қызмет саласында елеулі
өзгерістер бола бастады. Бір сөзбен айтқанда, ол аудитті өндіру мен дамыту
ісіне өзінің оң ықпалын тигізді.
1998 жылы 20 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті
Аудиторлық қызмет туралы жаңа заңға қол қойды. Бұл заң отандық аудиттің
дамуындағы жаңа сатыны ашып берді. Оның қабылдауына байланысты
Қазақстандағы аудиторлық қызмет жаңа сапалық деңгейге өтті. Ол неғұрлым
дербес, үшінші жақтар мен мемлекеттік органдардан тәуелсіз болып келеді.
Аудиторлар үшін халықаралық нормалар мен стандарттарға өту, халықаралық
институттармен қарым-қатынас пен ынтымақтастықты күшейту ісінде жаңа
мүмкіндіктер ашады.
Қазақстан Республикасының Аудиторлар палатасы Қазақстан Республикасы
аудиторларының ұлттық танылған, бұқаралық, кәсіби жалғыз ұйымы болып
табылады. Ол қабылданған Аудиторлық қызмет туралы заңға сәйкес құрылған
және қоғамдық бірлестік ұйымдық-құқықтық нысанмен Әділет министрлігінде
тіркелген.
Аудиторлар палатасы коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсіби, өзін-өзі
басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады.
Қазіргі кезде оның қатарында 100-ге жуық аудиторлық фирмалар және
400-ден астам жеке тұлғалар бар. Аудиторлар палатасының өзіндік рәмізі
бар, Палатаның туы бекітілген.
Палатаның жоғарғы органы Аудиторлардың республикалық конференциясы,
жұмысшы органы – Аудиторлар палатасының Кеңесі болып табылады.
Аудиторлар палатасы ЮСАИД бағдарламасының және Карана
корпорациясының қолдауымен өзінің V Республикалық конференциясында аудиттің
36 Халықаралық стандарттарын қабылдады және оларды бекіту үшін Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлігіне берді. Қазақстан Республикасы
аудиторларының Этика кодексі әзірленіп бекітілді. Кәсіби аудиторлардың
біліктілік деңгейінің стандарттарын Республикалық және аумақтық
Палаталардың конференциясында құрылған Қазақстан Республикасы
аудиторларының тәуелсіз біліктілік комиссиясы әзірлейді және өмірге
енгізеді. Оның құрамына осы Палаталардың практик және ғылым кәсіби
аудиторлар санына бір-бірден өкілдер кірді. Қазақстан Республикасында осы
Біліктілік комиссиясы ғана өзі туралыЕреженің негізінде аудиторлыққа
үміткерлердің біліктілік деңгецін әлемдік практикада жалпыға бірдей
қабылданған жеті пәе бойынша емтихандар өткізу арқылы анықтайды. Осы
аттестациядан өткен тұлғалар аудитор атты жоғары біліктіліктің
тағайындалғаны туралы куәлікті және біліктілік куәлігінің нөмірі
көрсетілген жеке мөрді алады. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
реттеуші мемлекеттік орган ретінде аудиторлық қызметті лицензиялаумен
айналысады.
1998 жылы Аудиторлардың республикалық конференциясында Кәсіби
аудиторлар мен бухгалтерлердің институты құрылды.
Қазақстанда ТМД-ның басқа елдеріндегі секілді аудит нарықты
дамытудың шешуші шарттарының бірі болып келе жатқанын айта кету керек,
алайда оның қазіргі қайшылықтары, күйі мен даму келешектері республикалық
экономикалық қиыншылықтарымен ғана анықталмайды, шын мәнісінде, біз оны
зерделеуге және халық шаруашылығының салаларына енгізуге енді ғана
кірістік.
Қазақстан Республикасының Аудиторлық қызмет туралы 1998 жылғы 20
қарашадағы заңында көрсетілгендей:
Аудит аудиторлардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген
талаптарға сәйкес қаржы есептілігінің растығы мен жасалу объективтілігі
туралы тәуелсіз пікірді білдіру мақсатымен заңды және жеке тұлғалардың
қаржы есептілігін тексеруін білдіреді.
Аудиттың пайда болуы және дамуы.Қазіргі аудит 19- ғасырдың аяғында
кәсіпорынның жеке заңды тұлға ретінде пайда болу кезінен бастап
өзгерістерге ұшырады. Бұл меншік құқығын басқарудан бөлуге әкелді және
сонның нәтижесінде шешімдерді қабылдаудың күнделікті процесіне қатыспаған
меншік иелерінің акционерлердің акционер мен директор бір адам болып
табылатын шаруашылықты жүргізудің шағын субъектілерінен басқасының құқығын
қорғау қажеттігі пайда болады. Акционерлер басқарушылар мен кәсіпорынның
оларға бағынатын бухгалтерлері ұсынатын қаржылық ақпаратқа ғана сүйене
алмайды. Жиі болатын банкроттық әкімшілік тарапынан болатын алдау қаржылық
салымдар тәуекелін елеулі арттырды. Қаржылық ақпарат дұрыстығын тексеру
және қаржылық есептемені дәлелдеу үшін сенімді кәсіпқой бухгалтерлер
шақырылды.
Аудиторларға қойлатын басты талап оның асқан адалдығы мен
тәуелсіздігі. Басқа жағынан кәсіпорынның өз мүлігі мен атқарылған
шаруашылық операциялар есепке алу, барлық мүдделі жақтар пайдалана алатын
бухгалтерлік (қаржы) есептемені ұсыну міндетті тәуелсіз ведомстводан тыс
қаржылық бақылау – аудит қажеттілігін тудырды. Кәсіпорын қызметін тексеру
заңмен жүктелген салықтық органдар оны қажет жағдайда өз құзіреті
шеңберінде ғана іске асырады. Сондықтан өзіне осы міндеттерді алатын
басқарма немесе қызметті құру қажеттілігі пайда болады.
Бухгалтерлік есеп күрделенуіне байланысты аудитордың кәсіби дайындығы
қажетті шартқа айналып отыр. Осы кезден бастап кәсіби аудиторлар қызметіне
деген қажеттілігі өскені байқалады. Аудиторларды оқыту, аттестациялау және
аудиторлық қызметті реттеуді жүргізетін кәсіби бухгалтерлік ұйымдар пайда
болды .
Барлық елдер кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін бухгалтерлік есеп
аудиторларды бақылау келесідей құрамдар көмегімен іске асырылады:
- салық заңын қамтитын заң;
- бухгалтерлік есеп пен аудит стандарттары, кәсіби органдар
білдіретін пікірлер мен түсіндірмелер;
- қор биржасының талаптары.
Жалпы құқықтық құқық дәстүрлері тән ағылшын тілді АҚШ пен Австралия
сияқты елдерде негізгі акцент заңға емес қаржылық есеп стандарттары бюросы
(АҚШ) секілді кәсіби органдар орнатқан стандарттарға жасалады.
Азамат көдексіне тән құқықтық дәстүрлері бар Еуропа елдерінде және
Жапония мен Африканың кейбір елдері сияқты бухгалтерлік есептің Еуропалық
жүйесіне негізделген бухгалтерлік есеп жүйесіне ие елдерде негізгі акцент
заң мен салықтың талаптарға қойлады.
Көптеген елдерде бухгалтерлер мен аудиторлар топталатын бірінеше
кәсіби ұйымдар бар. Мысалы: Ұлыбритонияда осындай алты ұйым бар.
Көптеген елдерде аудиторлардан келесілердің болуы талап етіледі:
(а) сәйкес кәсіби органға мүше болу;
(ә) практикалық және теориялық емтихандарды не кәсіби органдар не
сәйкес үкіметтік департамент орнататын сәйкес академиялық және кәсіби
біліктілік. Экономика облысы немесе сәйкес пән бойынша университет дәрежесі
жиі талап етіледі;
(б) бухгалтерлік немесе аудиторлық жүйедегі практикалық жұмыстың
жеткілікті тәжірибесі;
(в) қажетті және сәйкес мәртебе, яғни соңғы кезде аудитор қандай
да бір күрделі қылмысқа, әсіресе қаржылық тәртіп бұзушылықпен байланысты
қылмыстарға қатысты болмауы керек.
Компаниялар туралы еуропалық заң директиваларды заң директивалары
Еуропалық одаққа мүше елдер арасында аудит пен бухгалтерлік есепті реттеу
процесін сәйкес үйлесімділікке әкелді. Төртінші директива есеп беру
форматтарын анықтайды, 7-ші консолидация (топтау) мәселелерін, 8-ші
аудиторларға тікелей қатысты мәселелерді қарастырады. Көрсетілген
директивалар мүше елдердің ұлттық заңына алынған минималды талаптарды
сақтайды. Дербес мүше ел талап етілетін сәйкес директивалар шеңберінен
шығатын қосымша талаптарды қабылдай алады, бірақ ол директива қоятын
талаптарды азайта алмайды. Сонымен түрлі мүше елдер талаптары арасында
елеулі ерекшеліктер сақталады.
Аудиторларға қатысты 8-ші директива үкімет аудиторлар қызметінің
ережелері жоғарыда аталған (а) және (в) пунктеріндегі сұрақтарға қатысты
танылатын бақылау органдары арқылы реттеуін талап етеді. Сонымен бірге осы
директиваға сәйкес мүшеліктің танылатын біліктік орган арқылы алынылуын
талап етіледі. Танылатын біліктік органдарының (Ұлыбританиядағы
бухгалтерлер ассоциациясы сияқты) көпшілігі де танылатын бақылау органдары
болып табылады.
Еуропалық одақ шеңберінде, сонымен бірге одан тыс елдердің көпшілігі
өз елінде аудитор ретінде әрекет ету құқығын алған адамдарға жергілікті
тілде баяндалған жергілікті заң мен салық салу мәселелері бойынша емтихан
тапсыру арқылы қабылдаушы елде аудитор ретінде әрекет етуге рұқсат
беретін ережелерге ие. Көрсетілген ережелер өзара мойындау ережелері
ретінде белгілі және басқалармае қатар Бүкіләлемдік сауда ұйымының
бақылау пәні болып табылады. Оларды қызмет көрсетуді сату бойынша бас
келісім (GATS) және Солтүстік американдық еркін сауда ассоциациясымен
(NAFTA) қарастырылып бекітілген. Іс-жүзінде олардың жұмысы күрделі болып
табылады, себебі елдер өзінің меншік біліктілігін қорғау және өз
стандарттарының шетелдік біліктілікпен араласып кетуінен сақтау
мүмкіндігін іздейді.
Қазақстанда аудиттің қалыптасуы мен дамуы.Біздің елімізде аудит дамуы
1987 жылы Инаудит акционерлік қоғамы пайда болуынан басталады. Ол КСРО
Министрлер Кеңесінің арнайы қаулысына сай құрылған. Оның құрылуы елімізде
аудитті ары қарай дамытуға зор ықпал етті.
Акционерлік қоғам КСРО мен шет елдерде әрекет ететін бірлескен
кәсіпорындарға аудиторлық және кеңес беру қызметі болып табылатын заңды
тұлға еді. КСРО Министрлер Кеңесі Инаудит фирмпсына кең құқықтар
берді. Оның ішінде:
• бірлескен кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметіне
ревизия жасау және тексеру жүргізу;
• бухгалтерлік кітаптар, есептер, жоспарлар, сметалар мен басқа
құжаттарды қолда бар ақша сомалары мен құнды қағаздарды, қолда бар
материалдық құндылықтардың дұрыс жұмсалуын тексеру;
• КСРО Мемлекеттік банкінің мекемелері мен басқа несие мекемелерінен
қажетті ұйымдар мен кәсіпорындар операцияларына солар бойынша шоттар
мен айналымдарға байланысты мәліметтер, анықтамалар, құжаттар
көшірмесін алу;
• Кәсіпорындар мен ұйымдардан есеп беру құжаттамасы мен басқа
құжаттаманы келісілген көлемде алу;
• КСРО мен шет елдерде Инаудит фирмасының жарғысын, балансын, пайдалар
мен зияндар шоттарын, сонымен қатар оның қызметі туралы басқа
материалдарды жариялау.
Шаруашылық есептегі ревизиялық топтармен салыстырғанда жоғары ұйымдық-
құқықтық нысанға ие болғанымен фирма мемлекеттік бақылау органы базасында
құрылды, ал құрылтайшылары министрліктері болды.
Бірегей құрылым ретінде Инаудит сақталмады, ол бірнеше жеке аудиторлық
фирмаларға бөлініп кетті. Оның себептерінің бірі фирмада өз фирмаларын
құруға және басқаруға мүмкіндік туған кәсіпқой мамандар мен нағыз көш
бастаушылардың көп істеуінде болды.
1989-1993 жылдары КСРО-дағы аудиторлық қызмет туралы заң актілерін
қабылдауға ұмтылыс жасалды. Бұл кезеңде елде көптеген коммерциялық ұйымдар,
оның ішінде аудиторлық фирмалар пайда болды. Соңғылары жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктер ретінде тіркелді. 1989 жылы ҚазССР-ының Қаржы
министрлігінің бақылау-ревизиялық басқармасы жанында шаруашылық есептегі
ревизиялық топ құрылды. Содан соң оның базасында 1990 жылы үкімет шешімімен
алғашқы Шаруашылық есептегі аудиторлық орталық аудиторлық фирмасы мен
оның аумақтық бөлімшелері ұйымдастырылды. Жинақталған тәжірибе, тұрақты
түрде өскен аудиторлық қызмет көрсету, қандай да бір жәрежеде әлемдік
аудиторлық практика ұсынымы 1992 жылы шаруашылық есептегі орталықты
Қазақстан-аудит тәуелсіз акционерлік аудиторлық крмпаниясына айналдыруға
мүмкіндік берді. Ол республикадағы аудиторлық қызмет көрсету жөніндегі,
меншіктің жеке нысанына негізделген және аудитті үкімет атынан жүргізу
құқығы бар лицензияға ие бірінші тәуелсіз кәсіби компания болып табылады.
Қазақстанда аудиттің қалыптасуы мен оның кең танымал болуына Қазақстан-
аудиттің сіңірген еңбегі зор. Ол республикамызда аудиторлық қызмет туралы
заң жобасын жасаудың негізгі дайындаушысы және оның министрліктерде,
үкімет деңгейінде және парламент комитеттерінде талқылауында бас кеңесші,
сонымен қатар Қазақстан аудиторлары Палатасы жарғысының Жобасының авторы
болды.
Көрсетілген фирманың құрылтайшы құжаттарында көзделді:
• қаржылық есептеменің нақтылығы мен шындығын дәлелдеу мақсатында
кез-келген ұйымдық-құқықты нысандар мен меншік түрлеріндегі
кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметіне тексеру жүргізу;
• бухгалтерлік есеп, салық салу және т.б. қамтитын қаржылық,
құқықтық, шаруашылық және коммерциялық қызметтердің түрлі
мәселелері бойынша кеңес беру.
1990 жылдан бастап рынокта Эрнест Янг Сыртқы аудит БК пайда болды.
Ол орналасқан жері және иелігіне қарамастан олардың өтініштері бірлескен
кәсәпорындарға аудиторлық тексерулер жүргізді. Бұл сол кезде Үлкен
алтылыққа енген ірі континент аралық аудиторлық фирма еді.
Қазір Қазақстанда аудиторлық қызмет көрсететін ірі халықаралық аудиторлық
ұйымдар мен жергілікті аудиторлық фирмалар өз қызметтерін дамытуда.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 05.04.2001 жылғы №173
Аудиторлық ұйымдар мен кредиттік рейтингтік агенттіктер тізімін бекіту
туралы бұйрығымен жыл сайын ұйымдар аудитін жүргізу және кредиттік
рейтингті ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпанындағы №290 Кейбір
акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындар (ұлттық
компаниялар) қызметін тиімді басқару мен бақылауды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аудиттің пәні, мақсаттары, міндеттері және маңызы
Сапа менеджменті аудитін анықтау
Қаржылық есептілік нысандары пайдаланушы үшін ақпарат ретінде
Аудиторлық тапсырманы жасау
Түгендеу кезінде
Аудиторлық қызметтің теориялық негіздері
Кәсіпорынның ішкі аудиті
Аудит стандарттары
Аудитті құжаттау — аудит жұмысының маңызы
Міндетті экологиялық аудитті жүргізу
Пәндер