Біріккен Ұлттар Ұйымы қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастағы рөлі


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ3

1 БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ. . 6

1. 1. Біріккен Ұлттар Ұйымының қалыптасуы және дамуы 6

1. 2. Біріккен Ұлттар Ұйымы мен оның арнайы мекемелерінің қызметтерінің негізгі бағыттары мен қағидалары. …. . 9

2 БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКПЕН БЕЙБІТШІЛІКТІ НЫҒАЙТУДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ…… . . . 31

2. 1. Біріккен Ұлттар Ұйымының сепаратизм, экстремизм,

терроризмге қарсы күрес мәселесі . . . 31

2. 2. Біріккен Үлттар Ұйымының ядролық қаруды таратпау

мәселесіндегі қызметі . . . ……35

2. 3. Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқығын қорғау

Декларациясы және оның жүзеге асуы . . 39

3 БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАҒЫ РӨЛІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ. . 41

3. 1. Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау мәселесі және

оның болашағы. . 41

3. 2. Біріккен Ұлттар Ұйымы және Қазақстан. 45

Қорытынды . . . . 61

Қолданылған әдебиеттер тізімі65

Қосымшалар . . . 67

КІРІСПЕ

Қазіргі уақытта халықаралық ұйымдарға мүше болу және олардың қызметтеріне белсенді қатысу - егеменді, тәуелсіз мемлекеттердің маңызды істерінің бірі.

Қазіргі халықаралық қатынастардың ерекше белгісінің бірі халықаралық ұйымдар рөлінің арта түсуі. Бұл арада халықаралық қатынастар шеңберінің кеңейіп, күрделенуін, көпжақты дипломатияның дамуын, сөйтіп халықаралық деңгейдегі ынтымақтастықтың күшейе түсуін айту қажет.

Қазіргі халықаралық қатынастарды тек қана екі жақты қатынастармен шектеуге болмайды. Әлемдік маңыздылығы бар мәселелердің көбеюі, олардың шешімін табу жолында халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіруді талап етеді.

Халықаралық ұйымдардың пайда болып, дамуы халықаралық қатынастардың ұзақ мерзімді және табанды саяси және экономикалық іс-қимылдарына байланысты.

Бірінші дүниежүзілік соғыс басталғанға дейін, 50-ге тарта тұрақты түрде қызмет атқаратын халықаралық ұйымдар пайда болып, өз жұмыстарына кірісті. Одан кейінгі жылдары халықаралық ұйымдардың саны 80-жылдары жиырма мың болса, қазіргі кезде төрт мыңнан астам.

Соңғы уақыттағы Халықаралық ұйымдар санының күрт өсуі халықаралық қатынастардың орасан жандануымен және олардың күрделене түсуімен түсіндіріледі.

Саяси, экономикалық қатынастардың қарқынды дамуына XX ғасырдағы ғылыми-техникалық прогресстердің елеулі жетістіктері де өз әсерін тигізді.

Халықаралық ынтымақтастықтың жаңа, маңызды түрлері пайда болды. 60-жылдары отарлық жүйенің, 80 жылдары социалистік жүйенің қирауымен байланысты егемен мемлекеттер саны көбейіп, ондағы халықтардың белсенділігі артта түсті және олардың бүкіләлемдік саясатқа ықпалы да күшейді. Сонымен қатар, үкіметтік емес деңгейдегі халықаралық қатынастар да жоғары қарқынмен дами бастады.

Қазіргі халықаралық қатынастардың даму тенденциясының күрделі де, қайшылықты болуы қызмет атқарып жатқан халықаралық ұйымдардың эволюциясын, сонымен қатар, жаңа халықаралық ұйымдарды құруды талап етіп отыр. Халықаралық ұйымдардың өсуі және олардың қызмет шеңберінің кеңеюі, өз кезегінде халықаралық қатынастардың құрылымы мен жүйесіне игі әсер етері сөзсіз.

Жекелеген елдер саясатындағы түсініспеушіліктер, қайшылықтар халықаралық ұйымдардың бір қалыпты қызмет атқаруына кедергі бола алмайды. Қайта мүндай түсініспеушіліктер мен қайшылықтар олардың позицияларын келісімдер арқылы анықтап, бейбіт жолмен шешу үшін халықаралық ұйымдардың таптырмас құрал екендігін дәлелдейді. Олардың беделін арттыра түседі.

Халықаралық жағдайдың өзгеруіне байланысты халықаралық ұйымдар да өзгерістерге ұшырайды: біреулері өздерінің бағыт-бағдарын қайта құруға ұмтылса, басқа біреулері өз қызметтерін доғарады.

Халықаралық ұйымдарды ресми түрде тіркеу және олардың тізімін жасау 1909 жылы Брюссельде (Бельгия) құрылған Халықаралық ассоциациялар Одағының негізгі міндеті. Бұл үкіметтік емес ұйымның мақсаттарына халықаралық ұйымдарды тіркеу және олардың қызметтерін үйлестіру, бүкіләлемдік қоғамдастыққа қажетті ақпараттарды жинап, оларды мүдделі елдерге таратып беруі жатады.

Халықаралық ұйымдар халықаралық қатынастар жүйесінің ажырамас бір бөлігі. Бұл жүйенің ең басты негізгі элементі - мемлекет. Мемлекеттер халықаралық құқықтың басты субъектілері. Халықаралық ұйымдар өздерінің халықаралық қатынастар жүйесіндегі орны мен рөліне қарай жіктеледі.

Бұл ұйымдардың, ең беделдісі, әрине, Біріккен Ұлтар Ұйымы. БҰҰ-ның халықаралық қатынастардағы рөлі ерекше маңызды.

БҰҰ мемлекеттер арасында халықаралық қауіпсіздік пен ынтымақтастықты дамыту және бейбітшілікті қолдау мақсатында құрылған.

БҰҰ жүйесі 100 жыл бұрын әлемдік қауымдастық механизмін басқару ретінде қалыптасқан.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін, көпмақсатты ұйым пайда болды, яғни бейбітшілікті, қауіпсіздікті және халықаралық ынтамықтастықты қамтамасыз ететін - ұлттар Лигасы.

Халықаралық ұйымдар қызметі тиімділігінің қағидалы маңызы бар көрсеткіштеріне олардың қарама-қарсы екі тенденциялардың ымыраға келтіру мүмкіндіктері жатады. Бұл тенденциялардың бірінші жағы мемлекеттердің егемендік пен тәуелсіздікке ұмтылуында болса, екінші жағы өздерінің біраз құқығын келісімді мақсаттарға жету үшін халықаралық ұйымдарға сенім артып, тапсыруында жатыр. Сондықтан да, халықаралық ұйымдар үкіметаралық және үкіметтік емес деп екіге бөлінеді. Халықаралық үкіметаралық ұйымдар мемлекетаралық келісімдер нәтижесінде құрылады. Мұның өзі Жарғыда (көпжақты келісім) тиянақталады. Қажет болған жағдайда Жарғы нақты актілермен толықтырылады. Халықаралық үкіметаралық ұйымдардың жарғыларында олардың құқықтық нормалары көрсетіледі, өз кезегінде бұл нормалар халықаралық құқықтың көздері болып есептеледі. Халықаралық құқық, субъектілеріне БҰҰ және оның арнайы, мамандандырылған мекемелерін жатқызуға болады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - қазіргі кездегі Біріккен Ұлтар Ұйымы халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті, тұрақты түрде бейбітшілікті орнату мен өңірдегі мемлекеттермен тығыз қарым-қатынасты орнату мәселесін қарастыру болып табылады.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі . Халықаралық аренада, БҰҰ адамның қауіпсіз жағдайда өмір сүруін қамтамасыз етуде және БҰҰ-ның Жарғысының қағидаларымен және мақсатарымен сәйкес, бейбітшілікті орнатуда шексіз үлесін қосты. Қазіргі әлемде, БҰҰ, халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұрақты және әділ түрде бейбітшілікті орнату, халықаралық құқық негізінде халықаралық ынтымақтастықты нығайту механизмі болып табылады. Әлемдік ядролық катастрофағада жол бермеуде де БҰҰ өз үлесін қосты. Бұл мәселелер бүгінгі күннің ең өзекті мәселесіне айналған.

Диплом жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Бірінші бөлімінде, Біріккен Ұлттар Ұйымының қалыптасуы және дамуы, сонымен қатар, оның арнайы мекемелерінің қызметтерінің негізгі бағыттары мен қағидалары және халықаралық экономикалық қатынастағы БҰҰ жүйесінің валюталық-қаржы ұйымдарының рөлі мен орыны қарастырылған.

Екінші бөлімде, Біріккен Ұлттар Ұйымының сепаратизм, экстремизм, терроризмге қарсы күрес мәселесі, ядролық қаруды таратпау мәселесіндегі қызметі және адам құқығын қорғау Декларациясы және оның жүзеге асуы талдау жүргізілген.

Үшінші бөлімде, Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау мәселесі және оның болашағы көрсетілген.

Қорытындыда, болашақта оң нәтижеге жету жөнінде ұсыныстар берілген.

Дипломдық жұмысты жазу барысында көптеген отандық және шетел ғалымдарының еңбектері, Біріккен Ұлтар Ұйымының Жарғысы, келісім-шарттары, декларациясы, статистикалық мәліметтері мен ережелері, сонымен қатар, периодикалық басылымдар мен сайт басылымдары қолданылды.

1 БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ

1. 1. Біріккен Ұлттар Ұйымының қалыптасуы және дамуы

БҰҰ-ның құрылуының ең негізгі кезеңі болып 1943 ж. Мәскеуде өткен конференция саналады.

Бұл ұйымның негізгі ерекшелігінің бірі, ол бейбітшілікпен қауіпсіздікке және мемлекетаралық ынтымақтастық мәселелеріне бағытталған саяси сипатты айтуға болады. Осындай сипат қазіргі үкіметаралық ұйымдарға тән емес еді.

Сонымен қатар, ең негізгі кезеңдерінің бірі, ол 1944 ж. Думбартон-Окс (Вашингтон) конференциясы саналады, онда болашақ ұйымның қызметінің маңызды қағидаларымен механизмдері келісілген. 1945 жылдың ақпан айында Ялтада өткен Қрым конференциясында үш елдің, яғни совет, британ және американ үкімет басшыларының қатысуымен Думбартон-Оксе конференциясымен ұсынылған құжаттарды қарастырып, толықтырулар енгізіп 1945 ж. сәуір айында АҚШ-та Біріккен ұлттар конференциясы шақырылатыны туралы келісім қабылдады [1] .

Бұл келісім, 1945 ж. 25 сәуір айынан 26 маусымына дейін Сан-Францискода өткізілген конференцияда қарастырылып, Біріккен Ұлттар Ұйымының құжатын бекітуімен аяқталды. 1945 ж. 25 қазан айында Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты бес мүшелерімен көптеген елдердің марапатын бекіткеннен кейін БҰҰ-ның Жарғысы күшіне енді.

Жаңа халықаралық ұйымның пайда болуы барлық мемлекеттердің экономикалық және әлеуметтік даму мәселелерімен бірге ынтымақтастықты нығайтуға сенім арттырды.

Совет Үкіметі БҰҰ халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілікті қолдау жөніндегі ұйым ретінде қарастырды, яғни адамзатты жаңа әлемдік соғыстан қорғайтындай.

БҰҰ-ның штаб-пәтері Нью-Йоркта орналасқан. Оның европадағы бөлімінің тұратын орны - Женева. БҰҰ-ға алғаш 51 мемлекет кірді, 1970 жылы мүшелер саны 126-ға жетті. Біріккен Ұлттар Ұйымы Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін халықаралық ынтымақтастық пен ұжымдық қауіпсіздік арқылы бейбітшілікті сақтау мақсатында 1945 жылғы 24 қазан айында 51 мемлекеттің қатысуымен құрылған болатын. Бүгінгі күні, бұл ұйым дүниежүзінің 192 мемлекеттін біріктіреді.

БҰҰ-ның күн тәртібінің негізгі мәселесінің бірі, аймақтық шиеліністердің саяси түрде реттелуіне қатысу.

Жарғысына сәйкес, БҰҰ өз қызметінде келесі 4 мақсатты көздейді:

  • бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау;
  • ұлттар арасындағы достық қатынастарды дамыту;
  • халықаралық мәселелерді шешуде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру мен адам құқығын құрметтеуді қолдау;
  • осы мақсаттарға қол жеткізуде ұлттардың бірлесіп әрекет ететін орталығы болу.

БҰҰ өзінің көп қырлы функцияларын қосқанда әлемдік қауымдастық қызметінің барлық дерліктей салаларын қамтиды. Оның өзектілігі, әсіресе өсіп келе жатқан ғаламдық тәуелділік пен мемлекетттердің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде күш-жігерін біріктіруді талап етумен ерекшеленетін қазіргі заманның қақтығыстарын шешудегі рөлі өте зор [2] .

БҰҰ мүше-мемлекеттері үшін басты маңыздылық Ұйымның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, қарусыздану мен жаппай қырып-жою қаруын таратпау секілді өзекті мәселелерді шешуге қатысуы болып табылады. Ұйым, сонымен қатар лаңкестік, есірткінің заңсыз айналымы мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша халықаралық күш-жігер бастамасын көтерді.

Бүгінгі таңда ол халықаралық қауымдастықтың көкейкесті мәселелерін шешудің өзінше бір орталығына айналды: БҰҰ адам құқығын құрметтеуді қолдау, қоршаған ортаны қорғау, аурулармен күрес, жоқшылық ауқымын тежеу, босқындарға көмек, миналарды залалсыздандыру және ЖҚТБ-мен күрес бойынша жүйелі жұмыс атқаруда.

БҰҰ-ның басты мақсаттарының бірі - бүкіл әлемде бейбітшілікті сақтау. Көптеген жылдар бойына ұйым халықаралық дағдарыстардың алдын-алу және ұзаққа созылған қақтығыстарды шешуде маңызды рөл атқарып келеді. Бейбітшілікті орнату мен сақтау және гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі кешенді операцияларды жүзеге асырды. Сонымен қатар ол өршіп келе жатқан қақтығыстардың алдын-алу шараларын қолға алды. Қақтығыс соңынан кейінгі жағдайларда ол зорлықтың түп негізгін жою мен тұрақты бейбітшілік негізін салуға бағытталған ұйымдасқан шараларды жиі қолға алуда.

Батыс елдер мемлекеттерінің өкілдері БҰҰ экономика, әлеуметтік қамтамасыз ету, ғылым, мәденит және т. б. жағынан мемлекеттердің ынтымақтастығын нығайтады деп қарастырды.

Арнайы мемлекетаралық мекемелер үкіметаралық жеке ұйымар болып қала берді де, олардың БҰҰ байланысы ынтымақтастықты білдірді.

1946 ж. БҰҰ-на келесілер мүше болды: Халықаралық еңбек ұйымы (1919 ж. Женева) - МОТ; 1947 ж. ежелгі халықаралық ұйым Халықаралық электрбайланыс одағы (МСЭ, 1865 ж. Женева) ; 1948 ж. Бүкіләлемдік пошта одағы (ВПС, 1847 ж. Берлин) ; 1961 ж. Бүкіләлемдік метереологиялық ұйым (ВМО, 1878 ж. Женева) .

Бұл жылдар жаңа үкіметаралық құрылымдары да пайда болды. 1944 ж. БҰҰ жүйесінің экономикалық-қаржы топтары да құрыла бастады. Халықаралық валюталық қор қызмет ете бастады, оның ең негізгі мақсаты валюталық салада қарым-қатынастар орнату, сонымен қатар валютаның құнсыздануына жол бермеу. [3]

Қазіргі кезде БҰҰ-ның жүйесі тұрақты түрде қалыптасқан, ол келесідей органдардан тұрады:

  • БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы;
  • БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі;
  • БҰҰ-ның Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесі;
  • БҰҰ-ның Халықаралық соты, БҰҰ-ның Секретариаты.

Сонымен қатар жүйеге келесідей арнайы мекемелер де кіреді:

  • Халықаралық валюталық қор (МВФ) ;
  • Халықаралық қайта құру мен өңдеу банкі (МБРР) ;
  • Халықаралық қаржы корпорациясы (МФК) ;
  • Халықаралық даму ассоциациясы (МАР) ;
  • Халықаралық теңіз ұйымы (ИМО) ;
  • Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) ;
  • Халықаралық еңбек ұйымы (МОТ) ;
  • Халықаралық электрбайланыс одағы (МСЭ) ;
  • Бүкіләлемдік пошта одағы (ВПС) ;
  • БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымы (ЮНЕСКО) ;
  • Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) ;
  • Бүкіләлемдік интеллектуалдық меншік ұйымы (ВОИС) ;
  • БҰҰ-ның өндірісті дамыту жөніндегі ұйымы (ЮНИДО) ;
  • БҰҰ-ның ауылшаруашылық және азық-түлік жөніндегі ұйымы;
  • Бүкіләлемдік метереологиялық ұйым (ВМО) ;
  • Ауылшаруашылықты дамыту жөніндегі халықаралық қор;
  • Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) ;
  • БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) ;
  • БҰҰ-ның Халық қоныстану қоры (ЮНФПА) ;
  • БҰҰ-ның есірткі және қылмыс мәселері жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚБ) ;
  • БҰҰ-ның Жоғарғы комиссарының босқындар ісі жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЖКББ) ;
  • Әйелдер қоры (ЮНИФЕМ) ;
  • БҰҰ өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымы (ЮНИДО) ;
  • Дүниежізілік Банк (ДБ) ;
  • Қоғамдық ақпарат жөніндегі департамент (ҚАД) .

БҰҰ-ның жоғарыда аталған құрылымдары халықаралық қатынастың жеке салаларын реттеуде ерекше орын алады. Оның ішінде БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Парламент рөлін атқарады. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесі халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі негізгі құрылымдары болып саналады [3] .

БҰҰ-да талқыланған мәселелер жөніндегі шешімдер Қауіпсіздік Советінің тұрақты мүшелері бір ауыздан қолдағанда ғана толық қабылданады. Шешімнің тек бір ауыздан қабылдану принципі қандай да болса бір мемлекеттің БҰҰ-ға билік жасауына мүмкіндік бермейді. БҰҰ-ның қызметі сан түрлі, олардың ішіндегі негізгілері дүниежүзілік бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау проблемалары, қарусыздандыру, отаршылдықты жою мәселелері, әлеуметтік-экономикалық міндеттер алады.

БҰҰ жұмысында кемшіліктер де жоқ емес. Батыс капиталистік елдерінің, әсіресе АҚШ-тың қарсы тұруына байланысты қазіргі дәуіріміздің көптеген көкейкесті проблемалары, оның ішіндегі қарусыздандыру мәселесі шешілмей келеді. Кейде БҰҰ-ны империалистік мемлекеттер социялистік елдерге бостандық үшін күресуші елдерге қарсы басқыншылық саясатын жүргізу мақсатына пайдаланғысы келеді. 1950 жылы Корей Халық Демократиялық Республикасына қарсы соғыс БҰҰ-ның астында жүргізілуі. БҰҰ-ны империалистік мемлекеттер Конгоға да қарсы пайдаланды. БҰҰ секретариатында көпшілік орынды империалистік басқыншылық топтарға кіретін батыс елдері алады. Дегенмен соңғы жылдары империалистік-отаршылдық жүйенің күйреуі нәтижесінде бостандық алған көптеген жас, дербес мемлекеттердің БҰҰ-ға кіруіне байланысты бейбітшілік БҰҰ-ны халықтар тілегіне сай, ынтымақ пен бірлестікті күшейту мақсатында жұмыс істеткізуге ұмтылып келеді [4] .

1. 2. Біріккен Ұлттар Ұйымы мен оның арнайы мекемелерінің

қызметтерінің негізгі бағыттары мен қағидалары

БҰҰ-ның қызметі әр органдар мен мекемелер жүйесінің бағытымен анықталады.

1946 ж. 10 қаңтарда Лондондағы Вестминистр сарайында, БҰҰ Бас Ассамблеясының бірінші сессиясы ашылды. Оған 51 мемлекет қатысты. 2007 ж. қыркүйекте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 64 сессиясының ашылуы алдында, оған 191 мемлекет мүше болды.

БҰҰ-ның хартиясында келесі мақсаттар көзделген:

  • келешек ұрпақты соғыс пен оның зардаптарынан сақтау, адам бостандығы мен құқықтарына, адам тұлғасының қасиеттілігі мен құндылығына, ер адам мен әйелдің, көп және аз санды ұлттардың теңдігіне сенім қалыптастыру;
  • халықаралық құқық құжаттары мен басқа шарттардан туындайтын, міндеттемелерге құрмет пен әділдікті құру;
  • әлеуметтік прогресс пен өмір сүру жағдайларын жақсартуға қолдау көрсету, бір-біріне төзімділік пен бейбітшілік танып, мейрімді көршілер ретінде өмір сүру, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін халықтардың күш-жігерін біріктіру;
  • барлық халықтардың экономикалық пен әлеуметтік прогресін дамытуда БҰҰ атқарушы органдарын пайдалану;
  • халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау, әділдік және халықаралық құқық принциптеріне сәйкес, халықаралық даулар мен қақтығыстарды реттеу;
  • халықтар арасындағы қатынастар теңдік және құрмет принциптерімен даму керек.

Жоғарыда айтылған мақсаттарды орындауда БҰҰ басты орталық ретінде қарастырылады. БҰҰ жарғысының 2 бабына сәйкес, барлық мүшелер келесі принциптермен сәйкес қызмет ету керек:[5]

  1. Организация бүкіл мүшелердің егеменді теңдік принципіне сәйкес негізделеді.
  2. БҰҰ-ның барлық мүшелері Жарғы бойынша қабылдаған міндеттерді мұқият және адал ниетпен орындауға тиіс.
  3. Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін БҰҰ-ның барлық мүшелері, қалыптасқан қайшылықтарды татуластықпен шешеді.
  4. БҰҰ-ның әрбір мүшесі басқыншылық әрекеттерден бас тартуға тиіс.
  5. БҰҰ мүшелері, керек болған жағдайда бір-біріне көмек көрсетеді және БҰҰ-ға қарсы шыққан мемлекетке қандай да болсын көмек көрсетуге тыйым салынады.
  6. БҰҰ жарғысы БҰҰ-ға мемлекеттердің ішкі саясатына араласуға рұқсат бермейді, егер мемлекет территориясынан бүкіл әлемге қауіп төнбесе.

БҰҰ-ны таныған, Жарғысы және міндеттерін қабылдаған кез келген мемлекет БҰҰ мүшесі бола алады. Жоғарыда айтылған шарттарды бұзған мемлекет Бас Ассамблеяның шешімімен, құқықтардан айырылып, жазаланады. БҰҰ принциптерін ардайым бұзған мемлекет, Қауіпсіздік Кеңесімен мүшеліктен шығарылады. Алайда БҰҰ мүшелігінен алып тасталынған мемлекет әлі болған жоқ.

БҰҰ-ның Бас Ассамблеясына көптеген мәселелерді қарастырып шешу құзыреті берілген. Сонымен қатар, Жарғыға байланысты, БҰҰ-ның басқа да органдарының қызметіне қатысты мәселелерді шешуге құқылы. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілікті ынтымақтастығын қолдауға, жалпы қағидаларын қарастыруға, және де қарусыздандыру мәселелерін реттеуге және соған байланысты ұсыныстарын беруге құқылы. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қандай да бір жағдай мен тартыс-талас болған жағдайда Қауіпсіздік Кеңесінсіз ұсыныстарын бере алмайды. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ғылым, денсаулық сақтау саласында ынтымақтастыққа қатысты зерттеулерді ұйымдастырып, ұсыныстарын құрады, сонымен қатар, дініне, тіліне, жынысына қарамастан адам құқығына, еркіндігіне ықпал етеді. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Қауіпсіздік Кеңесінің және де басқа да органдарының арнайы докладын қарастырып, БҰҰ-ның бюджетін бекітеді. Қауіпсіздік Кеңеісінің ұсынысы бойынша БҰҰ-ның Бас секретариатын белгілейді, БҰҰ-ның жаңа мүшелерін қабылдайды, сонымен қатар, БҰҰ қатарынан мүше-мемлекеттерді шығарып тастау мәселелерімен де айналысады. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы, Қауіпсіздік Кеңесінің, ЭКОСОС-тың, БҰҰ-ның Халықаралық Сотының мүшелерінде сайлайды [6] .

Бас Ассамблея, бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төнген жағдайда, істі ҚК-не тапсыра алады. Қандай да болсын іс ҚК-мен қарастырылған жағдайда, Бас Ассамблея оған, рұқсатсыз араласа алмайды. ҚК-мен қандай істі қарастырып жатқаны туралы, әрбір сессияда Бас Ассамблеяға БҰҰ-ның Бас Хатшысы хабарлайды. ҚК барлық органдардан жыл сайын есептеме алады, БҰҰ бюджетін бекітіп, мекемелердің шығындарын тексереді.

Бас Ассамблея әдетте қыркүйекте басталатын жылдық сессияларда және ҚК-нің немесе мүшелердің басым бөлігінің талабымен, арнайы сессияларда шақырылады. Ассамблея, әрбір сессияда сайланатын төраға жетекшілігімен жұмыс істейді. БҰҰ мүшелерінде әрқайсысында Бас Ассамблеяда бір дауыстан бар. Маңызды шешімдер мүшелердің 2/3 бөлігінің қатысуымен және сайлауымен қабылданады. Басқа мәселелер қатысушылар мен сайлаушылардың келісімімен қабылданады. Борышкер мемлекеттер, егер қарыз сомасы 2 жылдық жарна сомасынан асып кеткен жағдайда, дауыс беру құқығынан айырылады.

Алғашқыда, БҰҰ-ның ҚК 5 тұрақты мүшеден - антигитлерлік коалицияның жетекші мемлекеттері (Ұлыбритания, Қытай, КСРО, АҚШ және Франция) және мерзімді мүшелерден тұрды. Соңғылары әділетті географиялық орналасу бойынша, 2 жыл мерзіміге сайланады. Кейін мүшелер саны 15 дейін өсірілді. Жалпы БҰҰ Жарғысы ҚК ролін қатты күшейтеді. Жарғының 25 бабы бойынша “Организацияның мүшелері қазіргі Жарғымен келісіп, ҚК шешімдеріне бағынып, оларды орындайды” [7] .

ҚК әрбір мүшесінде 1 дауыс бар. Дау туған жағдайда шешім көпшіліктің 9 дауыс сайлауымен қабылданады. Оған қоса дауға қатысты жақ сайлауға қатыспайды. БҰҰ-ның кез келген мүшесі ҚК жұмысына қатыса алады. Дау сұрақтарын шешу кезінде, оған қатысты барлық мемлекеттер, БҰҰ мүшелігіне қарамастан, талқылауға шақырылынады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Біріккен Ұлттар Ұйымының тарихы
Қазақстан Республикасының адам құқықтары мен еркіндіктері жөніндегі халықаралық құжаттарға қосылуы мен осы мәселеде БҰҰ, ЕҚЫҰ және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастығы
Халықаралық құқықтың қағидалары
Адам құқықтарын қорғау механизімі
Халықаралық ұйымдар шегіндегі адам құқықтарының халықаралық-құқықтық негізінің құрылуы
БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ МЕХАНИЗМІ, ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ӘМБЕБАП ҚҰРЫЛЫМДАРЫ
Еуропадағы қауіпсіздікке қатысты мәселелер
Мемлекеттер халықаралық құқықтың басты субъектілері
Соғыс аяқталғаннан кейінгі халықаралық саяси жағдай
Халықаралық қауіпсіздік. Ықпалдасу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz