Сабақта дидактикалық ойындарды қолданудың маңызы



Кіріспе

1 .тарау. Оқыту процесінде дидактикалық ойындарды
қолданудың маңызы

1.1Дидактикалық ойын туралы түсінік және оның атқаратын функциясы

1.2Дидактикалық ойындардың түрлері мен топтары

2 .тарау. Дидактикалық ойындарды қолданудың тиімді жолдары

2.1. Сабақта дидактикалық ойындарды қолдану әдістері.

2.2. Озат мұғалімдердің іс .тәжірибелерінен мысалдар

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Зерттеудің өзектілігі. «Білім –адам баласының ортақ қазынасы» -деп Жүсіп Баласағұни айтқандай, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында былай делінген. «Білім берудегі мақсат –қоғам мүшелерінің жоғарғы деңгейдегі адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени және тұлғалық дамуына әрі кәсіптік құзырлығына қол жеткізу болып саналады.
Білім мүшесінің басты міндеті –жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде қалыптасуы, дамуы және кәсіптік тұрғыда жетілу үшін қажетті жағдайлар жасау».
Сабақтың тиімділігін арттырудың маңызды бір жолы –сабақтағы атқаратын жұмыс түрлерінің сан алуандығы. К.Д. Ушинский бала қажымай –талмай жұмыс істеу үшін оның қызығушылығын жоймай, шаршатпай, бір сарынды емес, бір жақты емес, әр түрлі іс-әрекет қажет екендігін айтқан. Егер сабақтарда жұмыстың алуан түрлігі қамтамасыз етілсе балалар білім игеруде жетістікке жетеді.
Білімді меңгеру оның қажеттігінің туындауынан, белгілі әрекет үстінде жүзеге асады.
Онтогенезде ойын әрекеті оқу әрекетінен бұрын бастауыш болып есептеледі, ендеше, оқу –оның негізінде жатыр. Ойын процесі кезінде әрекет ете білуге оқыту тікелей әрекет арқылы болады. «Ойын арқылы адам әлемді таниды, біліктілікті игереді, білім алады, эмоциялы қуатталады» -деген А. Науменко.
Ойынның өмірдегі және баланың дамуындағы зор рольін әр кезеңде қайраткерлер мен педагогтар атап айтқан. А.И. Субетто: «Ойын -әркез бақытты өмір үлгісі. Ойын тудырушы, тудыра отырып шығармашылықты өрнектейді, адамды шығармашылыққа даярлағандай өмірге де дайындайды» десе, В.А. Сухомлинский: «Ойын кезінде балалар алдында әлем, дүние, айқындалады, жеке тұлғаның шығармашылық қабілеті ашылады.
1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. «Педагогика», Алматы 2000.
2. Сабыров Т.С. «Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіру» Алматы,
3. Сабыров Т.С. «Оқыту теориясы негіздері», Алматы 2004.
4. Садықов Т.С. Абылқасымова А.Е. «Жоғарғы мектепте білім берудің дидактикалық негіздері.»
5. Жұматаева Е. «Жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық жүйесі»
6. Қысқаша педагогикалық сөздік. Алматы, 1999
7. Каменский Я.А. «Ұлы дидактика»
8. Селецкая Е.Э. «Дидактические игры как средство активных познавательной деятельности школьника». Москва, 1984
9. Дайрабаева А.Е. «Қазақстанда дидактикалық ойындардың дамуы» Алматы, 1994
10. Джайнакбаева Г.Т. «Игра как средство формирование познавательного интереса учащихся старших класс.
11. Селецкая З.Э. «Дидактические игры как средства активизации позновательной деятельности школьника». Москва, 1986
12. Гранач Л.В. «Воспитательные функции дидактической игры в начальной школе»

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны.

Кіріспе

1 -тарау. Оқыту процесінде дидактикалық ойындарды
қолданудың маңызы

1.1Дидактикалық ойын туралы түсінік және оның атқаратын функциясы

1.2Дидактикалық ойындардың түрлері мен топтары

2 -тарау. Дидактикалық ойындарды қолданудың тиімді жолдары

2.1. Сабақта дидактикалық ойындарды қолдану әдістері.

2.2. Озат мұғалімдердің іс –тәжірибелерінен мысалдар

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе.

Зерттеудің өзектілігі. Білім –адам баласының ортақ қазынасы -деп
Жүсіп Баласағұни айтқандай, Қазақстан Республикасының Білім туралы
Заңында былай делінген. Білім берудегі мақсат –қоғам мүшелерінің жоғарғы
деңгейдегі адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени және тұлғалық дамуына әрі
кәсіптік құзырлығына қол жеткізу болып саналады.
Білім мүшесінің басты міндеті –жеке тұлғаның ұлттық және жалпы
адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде
қалыптасуы, дамуы және кәсіптік тұрғыда жетілу үшін қажетті жағдайлар
жасау.
Сабақтың тиімділігін арттырудың маңызды бір жолы –сабақтағы атқаратын
жұмыс түрлерінің сан алуандығы. К.Д. Ушинский бала қажымай –талмай жұмыс
істеу үшін оның қызығушылығын жоймай, шаршатпай, бір сарынды емес, бір
жақты емес, әр түрлі іс-әрекет қажет екендігін айтқан. Егер сабақтарда
жұмыстың алуан түрлігі қамтамасыз етілсе балалар білім игеруде жетістікке
жетеді.
Білімді меңгеру оның қажеттігінің туындауынан, белгілі әрекет үстінде
жүзеге асады.
Онтогенезде ойын әрекеті оқу әрекетінен бұрын бастауыш болып
есептеледі, ендеше, оқу –оның негізінде жатыр. Ойын процесі кезінде әрекет
ете білуге оқыту тікелей әрекет арқылы болады. Ойын арқылы адам әлемді
таниды, біліктілікті игереді, білім алады, эмоциялы қуатталады -деген А.
Науменко.
Ойынның өмірдегі және баланың дамуындағы зор рольін әр кезеңде
қайраткерлер мен педагогтар атап айтқан. А.И. Субетто: Ойын -әркез бақытты
өмір үлгісі. Ойын тудырушы, тудыра отырып шығармашылықты өрнектейді, адамды
шығармашылыққа даярлағандай өмірге де дайындайды десе, В.А. Сухомлинский:
Ойын кезінде балалар алдында әлем, дүние, айқындалады, жеке тұлғаның
шығармашылық қабілеті ашылады. Ойынсыз толық мәнді ақыл –ойдың дамуы
болмайды, болуы мүмкін де емес деген. Сонымен қатар ол: Ойын дегеніміз
–орасан зор жарық терезе, осы терезе арқылы баланың рухани дүниесіне
қоршаған дүние туралы түсініктердің, ұғымдардың ширақ тасқыны келіп
құйылады. Ойын дегеніміз –бұл ынталық пен құмарлықтың отын жағатын
ұшқын, -деген.
Ойын –балалардың ақыл –ой және өнегелі тәрбиесінің ең негізгі
бір әдісі. К.Д.Ушинский: Ойын –бала үшін ойын емес, шындық, -деген. Ал,
А.С. Макаренко: Ойын –балалар өмірінде өте зор маңызы бар нәрсе,
үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың
ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде
жұмыста да көбінесе сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер ең алдымен
ойын арқылы тәрбие алады,-деген.
Ойынның теориясын буржуазиялық және совет ғалымдары зерттеген.
Талдаудың пәні ретінде бұл мәселе мына психологтардың еңбектерінде орын
алған: Б.Г. Ананьев, М.Л. Басова, Л.С. Выготский, А.В.Запорожец,
А.Н.Леонтьев, А.А.Люблинский, Т.А.Маркова, Д.В. Меджерицкий, К.Д.Ушинский,
В.А.Сухамлиский және т.б. Совет психологтарының еңбектерінде ойынның
генезисі және пайда болуы жеке тұлғаның дамуына тікелей тәуелді
екендігі көрсетілген. Қоршаған ортадан келіп түскен фактілерді
творчествалық өңдеуден және адам қабылдаудан кейін ойынның пайда болуына
мүмкіндік туды. А.Н. Леонтьевтің ойынша, ойын интуитивті акт емес, ол
дамудың қоғамдық заңдылықтарымен анықталатын және бейнелі әлемді,
нақтылы сезімді бейнелейтін мақсатты іс-әрекет.
Ойынға бағытталған мұндай жолы –ойлаудың тұрмысқа материалистік
және естің материяға қатысты диалектикасын қайталайды.
Соңғы жылдары Республикамызда оқушылардың оқу таным әрекетін
белсендіру, проблемалық оқыту, оны ұйымдастыру, әдіс –тәсілдерін жетілдіру
жайында зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған мына ғалымдар еңбектерін
жатқызуға болады: Ж.А. Караев, Р.Әлімқұлова, Г.К.Нұрғалиева,
А.Е.Әбілқасымова, Т.С.Садықов, Т.С.Сабыров, Г.Е.Алимухаметова,
З.Ибрагимова, Ғ.М.Құсайнов, А.Тамаев, А.Е. Дайрабаева, А.Б. Мырзабаева және
т.б.
Оқыту процесіндегі ойынның рольі педагогикалық әдебиеттермен
түсіндірілуіне қарамастан, мұғалімдер оны қолдануда қиыншылықтар мен
түсіндіреді.
Еңбектерді оқып келіп мен өзімнің диплпом жұмысыма мынандай
мақсат қойдым.
Зерттеудің мақсаты. Сабақта дидактикалық ойындарды қолданудың
педагогикалық және әдістемелік жолдарын анықтау.
Зерттеудің міндеті.
1. Дидактикалық ойын ұғымына түсінік беру.
2. Сабақта дидактикалық ойындарды қолданудың тиімді жолдарын
айқындау.
Зерттеудің объектісі: Мектептегі оқыту процесі.
Зерттеу пәні: Сабақта дидактикалық ойындарды қолдану.
Зерттеу әдістері:
1. Тақырыпқа байланысты педагогикалық әдістемелік әдебиеттерді
пайдалану, таныту.
2. Озат педагогикалық тәжірибені жинақтау, талдау.
3. Бақылау, әңгіме.

Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 тарау. Оқыту процесінде дидактикалық ойындарды қолданудың маңызы.
1.1 Дидактикалық ойын туралы түсінік және оның атқаратын функциясы.
Біз дидактикалық ойындарды лабораториялық –практикалық сабақтар
барысында өткікіземіз. Олар болашақ мұғалімнің өзін -өзі танып
білуіне, өз мүмкіндіктерін анықтауына, психологиялық байқағыштығын
дамытуына септігін тигізеді. Ең бастысы өзіне қанағаттану сезімін алады,
өз қабілеті мен мүмкіндіктеріне сеніммен қарайтын болады. Дидактикалық
ойынға қатысу студенттің бар күш қабілетін жұмылдыруын, рольге мықтап
берілуін талап етеді.
Ойын барысында белгілі бір білім қоры, ептілік пен дағдылар
қалыптасады. Педагогикалық қиял элементі бойынша бірде –бір ойын ойдағыдай
өтпейді. Ең ақырында мұндай ойындар студенттің рефлексін дамытады, сөйтіп
ол ойын барысында белгілі бір әрекеттің қалай орындалатынын бақылай
алады.
Студенттерді дидактикалық ойындарға қатыстыру бес кезеңнен тұрады: 1)
студенттерді тәрбие жұмысына үйретудің негізін міндеттерін анықтау және
шартты ойынды таңдау; 2) шағын топты ұйымдастыру; 3) репетиция; 4) ойынды
өткізу; 5) студенттердің өткізген ойынын психологиялық –педагогикалық
талдау.
Ойын өткізуде шарттылық пен байсалдылықтың міндетті элементтерін
сақтау өте маңызды. Ойын үстінде мұғалімге, сынып жетекшісіне, директорға,
оның орынбасарларына айналған студенттер актуалды мәселелерді талқылайды.
Енді оқытушының осы кезеңдердің әрқайсысында атқаратын жұмысының
мазмұны мен методикасын қарастырайық.
Дидактикалық ойындарды ойластыру. Студенттер педагогикадан
лабораториялық –практикалық сабақ өтпестен бұрын ойынның мазмұнымен және
міндеттерімен танысып, рольдерді бөліседі. Мұнда ойынға қатысушылардың
творчестволықпен белсене жұмыс істеуі маңызды.
Дидактикалық ойындарды зерттеушілер бұл ойынды жасаудағы маңызды
мақсат мынандай деп біледі: оның аса эмоциялылығы, педагогикалық жағдайдың
әдеттен тыс әрі проблемалы болуы, өйткені мұндай ерекшелігі жоқ әдеттегі
жағдайлар студенттердің сезім мүшесін селт еткізбейді. Сонымен, кез-келген
педагогикалық жағдай дидактикалық ойынға түрткі бола бермейді.
Ойынды өткізудің маңызды шарты –оны нақты шындыққа барынша
жақындату. Ойын өткізу үстінде оқытушы мынандай жайды есте сақтауы тиіс:
адамдар арасындағы іскер қатынастар алда тұрған проблемалардың тиімді
шешімдерін ынталықпен коллективті түрде іздестіргенде ғана қалыптасуы
мүмкін.
Дидактикалық ойындарды өткізуде мынандай логика сақталуы тиіс: а)
проблемалық жағдаймен танысу; ә) студенттерге оцынның шартын хабарлау; б)
ойынның экспозициясын хабарлау.
Дидактикалық ойындарды әзірлеу оқытушының режиссерлік техниканы
білуін талап ететінін зерттеушілер атап көрсетеді. Оқытушы алдымен
студенттерді жағдаймен таныстырады, одан соң сюжетті дамыту нұсқаларын
іздестіреді, оған қатысушыларды нақты жағдайға көзқарастары айқындалады,
ойынның негізгі идеясы анықталады. Оқытушы ойын басталмас бұрын әрбір
топтың мүмкіндіктерін анықтап, рольдерді бөледі, консультация береді.
Ойын үстінде ымдау, орынды қимылдау, мәнерлеп сөйлеу, эмоциялық әсер
әдістерін қолданудың айрықша маңызы бар.
Адамзат тарихында ойын да, ойыншық та болмаған кездер болған. Д.Б.
Элькониннің көрсетуінше балалық шақтың кезеңдері сияқты, ойында тарихи
кезең пайда болады. Қоғам дамуының алғашқы баспалдақтарында балалар
өндірістік және өз бетімен өндіріп шығарушылар бола бастады. Алғашқы
қауымда өмір сүретін балалардың мінездерінің ерекшеліктері ретінде өз
бетімен әрекеттенуге нұсқайтындар Г.Новицкий, С.Н. Стебницкий және т.б.
Ол кезде тәрбиенің міндеттері ерекше қоғамдық міндет ретінде бөлек
болған жоқ, қоғамның дамығандығынан, еңбек құрамының күрделенгендігінен,
малшаруашылығына, аңшылыққа ауысқандықтан алғашқы қауымдық қоғамда
құрылыстың пайда болғандығына байланысты еңбектің жаңа бөлінісі болды.
Балалар тең құқылы мүшесі болғанымен, еңбектің біршама аумағы оларға жабық
болды.
Жауапты еңбек іс -әрекетіне қатысар алдында, балалар еңбек құралымен
қолдануды үйренуі керек. Бұл кезде көлемі кішірейтілген еңбек құралын
дайындау басталады, ал балаларды онымен қолдануға үйретеді. Бірақ бұл әлі
балалардың іс-әрекетін ойынға айналдырады. Қоғам дамуының дәл осы кезеңінде
ойындар пайда бола бастады.(Д.Б.Эльконин). Еңбек құралының оданда
күрделенуі қоғамдағы балалардың ойнына әсерін тигізді. Ересектермен қатар
істейтін еңбек іс-әрекеттері де азайды. Бұл кезеңде рольдік ойындар пайда
болды және балалық шақтың жаңа кезеңі басталды. Әртүрлі халықтарда рольдік
ойынның тарихы пайда болуы әртүрлі және бір қоғам баспалдағының екіншісіне
ауысумен олардың өмірсүруіне байланысты болды.
Бұл кезеңде ересектердің еңбегін бейнелейтін ойындар болмаған,
өйткені балалар оған қатысатын,тұрмыс жақтарын бейнелейтінойындар көбірек
болатын, ал оларға тиым салынатын ойындар, мысалы: некелесу және т.б. сол
сияқтылар.
Қоғам дамуының соңғы жауапты іс-әрекеттерден шығарылады. Қоғам
дамуының осы кезеңдерінде сөздің өз мағынасындағы ойыншық және ережесі
бар ойындар пайда болды.
Қоғамдағы адам өмірінің өзгеруіне байланысты, балалар ойындары да
өзгереді. Ол кезде балалар ұшқыш, ғарышкер болып ойнаған жоқ, ойында
балалар тек көрген және өздері қатысқан нәрселерді бейнелеген.
Д.Б.Эльконин ойын іс-әрекетінің дамуындағы екі әлеуметтік баспалдағын
көрсетті: 1) әрекетті затпен көрсететін ойын; 2) негізгі бөлігіне ережесі
бар ойындар кіретін ойындар, рольдік ойындар.
Л.С. Выготский, Д.Б. Эльконин мектепке дейінгі жастағы балардың іс-
әрекетінің негізгі түрін ойын деп есептейді.
Соңғы кездері ойын мәселесіне биологизаторлық және әлеуметтік жолды
айырады.
К.Гросс биологизаторлық жолды жүйелі ашады. Оның теориясы өзін -өзі
тәрбиелеу немесе жаттығу теориясы деп аталады. К.Гросстың айтуынша:
Ойынның көмегімен адам баласы және жануар баласы келешекте қажет болатын,
туғаннан пайда болатын қабілеттерін күшейтеді-деген. К.Гросс: Ойын
жоспарланбаған тәрбиенің алғашқы формасы,. Осылайша, тәрбиенің рольі
бағаланады -деп өзінің пікірін білдірген. К.Гросс өз ерттеулерінде Канттың
философиясына және Вундтың геологиясына сүйенбей, ойынның басталуына тұқым
қуалайтын инстинктерді жатқызды, жануарлардағы сияқты дәл осылай өсіп келе
жатқан адамның дамуы қоғамдық қатынастардың дамуынан үзілді.
Ж. Пиаже –Екі әлемнің теориясы. Ж. Пиаженің ойынша, бала өзінің
әлемімен қатар ересектердің әлемінде де өмір сүреді. Бірінші әлем –қиял
әлемі, қанағаттандырылмаған армандардың, таусылмайтын мүмкіншіліктер әлемі.
Екінші әлем –мәжбүрлі шындықтың, ақиқаттың принциптерінің әлемі.
П.П. Блонскийдің айтуынша, Совет ғылымында ойын физиологиялық,
биологиялық, психологиялық көзқарастан қарастырылуы мүмкін емес; ойын
–баланың белсенділігінің негізгі түрі; бұл процесте ол күшін жаттықтырады,
бағытын кеңейтеді, әлеуметтік тәжірибесін жоғарылатады, қоршаған өмірдің
құбылыстарын творчестволық түрде ауыстырады және қайта өңдейді.
П.П.Блонскийдің ойынша, ойынның қанағаттанарлық теориясын құруға болмайды,
өйткені бұл термин әр түрлі іс-әрекет түрлеріне қосылады. Ол ойын іс-әрекет
ретінде мүлдем жоқ деген шешімге келеді. Бала ойын кезінде өзіне ересек
адамның рольін қабылдайды әне ересек сияқты әрекеттенеді. Ойн кезіндегі
баланың іс-әрекеті –оның көзқарасы бйынша ойыннан гөрі өнер. П.П. Блонский
–біздің көзқарасымызша ойынның бірнеше маңызды ерекшеліктерін көрсеткен,
бірақ біз ойын теориясын құру мүмкіншілігін теріске шығарумен келісе
алмаймыз, ойын мен өнердің ортақгенетикалық негізі бар деп санаймыз.
Н.К.Крупская, ойынның әлеуметтік жағдайын аша отырып, балалардың
әлеуметтік тәрбиеге ие болуында ойынның маңызды мән алатынын айтқан,
сондықтан балалар ойыныныа өте жоғары мұқияттылықпен қарау керек. Балалар
ойын кезінде жиі ересектердің қатыгездігіне, екі беттігіне еліктейді, бірақ
ешкімде бұндай ойындар балаларға оң әсерін тигізеді деп кепілдік бере
алмайды.
Буржуазиялық тәрбиенің әдістерін сынай келе, Н.К.Крупская бойстаут
қозғалысындағы жастардың көзқарасының қалыптасуына арналған ойындардың
мәнін көрсеткен. Н.К.Крупскаяның ойынша, ойынның көмегімен коммунистті де,
жануарды да тәрбиелеуге болады.батыста ойындардың көмегімен жастардағы
іскерлікті және тәрбиелікті, өкіметтің агресивтік саясатын қолдайтын
көзқарасты тәрбиелейді. Қазіргі неоұлтшылдар скауттардың ойындарының көп
түрлерін істеп жатқан әскери бөлімшелерде, құралып жатқан әскери лагерлерде
кеңінен қолданылады.
Р.И.Жуковская ойын іс-әрекетінің әлеуметтік мінезін бейнелей келе,
балалар ойынының төрт формасын көрсетті және соған байланысты оны
басқарудың әр түрлі тәсілдерін де көрсетті.
Осылайша, ойынға қатысты әлеуметтік жол өзіне балалардың тәрбиесінің
педагогикалық мәселелерін енгізді, бұл әрекетте ойындағы осы аспектінің
кеңесіне жүгінейік.
Көптеген өткен уақыттағы және қазіргі ойшылдар ойын арқылы баланы
қалай тәрбиелеу керектігін көрсетуге тырысқан.
XIX ғасырдың екінші жартысында орыс педагогикасында балаларды еркін
тәрбиелеуге байланысты қозғалыстар күшейеді, балаларға өздігінен оқыту,
өзін -өзі тәрбиелеу, өзін -өзі дамытуға мүмкіндік беру керек болды.
Осы теорияны ұсынушы К.В.Вентцельдің пікірінше, баланың ішкі әлемінің
көрінуіне мүмкіндік беру керек, сонда бала өз басынан өкергенді ойында
бйнелейді. Буржуаздық ғалымдардың көзқарасындағы бала қабілетінің
идеализациясының түп тамыры ойынға классикалық табиғатты көрсетеді:
творчестволық жалғыздарды көтермелеу және балалар класының дамуын елемеу.
Буржуаздық идеологтар осы кезге дейін ұйымдастырушылардың дарыны тек
мырзалар класының рарсынан ғана шығады деп айтқан . совет педагогикалық
ғалымы бірқатар зерттеушілермен (А.Т.Ковалев, В.Н.Мясищев, Л.И.Уманская
және т.б.) бұл сияқты кері ғылымдық теорияларды жоққа шығарады.
Р.И.Жуковская творчестволық ойындардағы ұйымдастырушылық қасиеттердің
қалыптасуы интенсивті болған сайын, соғұрлым үйрету ойындарында балалардың
даму процесі тез жүреді, соншалықты ойынды өз бетімен өткізуге балаларға
сенім көрсетіледі.
Ойын теориясын жасауға Н.К.Крупская, А.С.Макаренко үлес қосқан.
Олардың ойынынң оқытудағы және тәрбиелеудегі мәні үлкен екендігін
дәлелдеді. Н.К.Крупская еңбек тәрбиесіндегі ойынның рольі мен әлемтануды
қалыптастыруға көңіл бере отырып ойынды интелектуалдық, ақылдың дамуы үшін
қолдануға кеңес береді.
Ол мұғалімдер мен тәрбиелеушілердің көңілін ойынға аударуға табанды
тұрды және оқушылардың ойындарының мәліметін спорт ойындарына қарсы қойды.

А.С.Макаренконың ұсынуы бойынша, балалардың өмірін ойынмен өткізу
керек деген, оның айтуынша, баланың ойын кезінде жасайтын дене және ес
жаттығулары бүкіл адам дамуына жағымда әсерін тигізеді. А.С.Макаренконың
ойынша, ойын еңбекке деген алғашқы дайындық, және ол ақырындап еңбекпен
алмастырылуы қажет.
А.В.Черков, А.С.Макаренконың коллектив туралы іліміне сүйеніп
ұжымдық ойындардағы балалар ұйымының тәжірибесін жүргізді және ойын
әрекетінің мазмұнды жақтарының өзгеруінің негізіндегі ұзақ, тұрақты ұжымдық
қызығушылықтың қалыптасуының қажеттілігі туралы сұрақ қойды.
Бірқатар педагоктардың зерттеулерінде (Т.А.Маркова, П.С.Саморукова және
т.б,) балалық шақтағы ойынның және мінез –құлық тәрбиесіне ықпалы жайлы
сұрақ қарастырылды. Осылай П.С.Саморукова ойын процесіндегі баланың
байқампаздығының дамуын, сондай –ақ балалардың қоршаған ортаның
ақиқаттылығымен таныстырудың маңыздылығын көрсетті. А.Н.Аржанова,
В.П.Залогина, Р.И.Ибрагимова, Е.И.Удальцова, т.б. зерттеулеріндегі достық
пен жлодастықтың сезімдерінің дұрыс қарым –қатынасты тәрбиелеудің
мәселелері жеткілікті қарастырылған. Р.И.Ибрагимова ойын процесіндегі
балалардың борыштық сезімдерін тәрбиелеу мәселесін зерттеген. Ұжымдық ойын
әрекетінде балалар өзара жол беруге және талап етуге үйренетіні анықталды,
олардың бұл жағдайдағы өз бетіндік әрекеттері ойынның ережелерін орындаумен
сәйкес келеді.
Ойын ситуацияларында оқыту жұмысының формасы ретінде оқыту көптеген
шет ел мектептерінде тарату алды. Әсіресе ойындар США-ның көпшілік
мектептерінде қолданылады. Буржуаздық мектептер жағдайында оқыту ойындары
екі мінездеме ұсынады: 1) Анық тәрбиелік мәні бар; 2) Оқыту мәліметінің
жүйелік үйренуі ойын ситуацияларымен ауыстырылады. Көбінесе ойын
ситуациялары сабақ арасында оқушылармен жүргізіледі.
Дидактикалық ойындар роль ашық бола бастағанда, ал ереже ашық
болғанда, рольдік ойындарды эвалюцияландырғанның нәтижесінде пайда болды
(Д.Б.Эльконин). оол дидактикалық ойындарды ойын –жаттығулар деп атайды.
К.Д.Ушинский бүкіл оқыту процесінің ойынға айналуына қарсы болды,
бірақ сол уақытта да педагоктарды оқыту ойындарының маңыздылығына
көңілдерін аударды.
Оқуға деген балалардың қызығушылығы кезінде естің дамуы жоғарылайды,
ал ойын кезінде тұлғаның бір жағы ғана емес, сондай –ақ толық адам
қалыптасады деп ойлаған.
Оқыту ойындарына әлеумет –демократтар ерекше қызығушылық көрсеткен.
Олар өсіп келе жатқан тұлғаның қалыптасуы мен тұруында ойынның мәні зор
екендігін айтқан. Осылайша, Д.И.Писарев мұғалімнің айтқанын ғана қайталап,
оқулықтың шет елдердікі болуын талап ететін, оқушы ойының ашық айтылуына
жол беретін мектептерді сынаған. Сондай –ақ, Д.И.Писарев екінші мәселеге де
қарсы шыққан, ол оқушылардың еңбек көмектесе алатын, білім берудегі
интелектуалды қиындықтарды жеңу қажеттігін жақтаған. Дидактикалық ойындарға
арналған бірінші жұмыстар 50 жылдарда мектеп алдында өмірмен жақындасу
мәселесі тұрған кезде пайда болды. Оқыту процесінде ойынды қолдану
формализммен күресу ретінде қарастырылды. Жас совет педагогикасы белсенді
оқыту әдістерін жасай келе, оқыту ойынының тәрбиелік мүмкіндігін көреді,
оның балалар дамуының әсерін көреді. 60-70 жылдары дидактикалық ойынға
қызығушылық көтеріледі. Оқыту процесіндегі ойынның мүмкіндігінің
анықтамасына кең ыңғай табу, тұлғаға қатысты әсерді ойлануға сондай –ақ
сурет өнеріне үйрену кезіндегі белсенді әдісті роль көрсететін жұмыстары
көмектесті (А.А.Баранов), сурет және көркем әдебиеттерді әсерімен ойын
бейнелерін құру (Л.Б.Бочкарова):
– Оқушының танымдық мүмкіншілігінің дамуына дидактикалық ойынның
әсері қарастырылады (Г.А.Ляпина, Л.И.Гамбург т.б.).
– Оқыту процесінде дидактикалық ойынды қолдану негізінде оқушыларды
үйрету тәжірибесінің белсенді танымдық іс -әрекетке қатысын талдау
(А.А.Баранов, Л.И.Бердешова).
– Дидактмкалық ойынның құрылымы зерттеледі (Е.И.Удальцова,
А.А.Баранов).
– Дидактикалық ойынның оқу –тәрбиелік процесін одан әрі жетілдіруге
педагогикалық әсерінің нәтижесін бағалау (С.Енгебаева, М.В.Стронин).
– Дидактикалық ойынды басқарудың негізгі әдістемелік тәсілі
қарастырылады (В.А.Верхогляд, Г.А.Ляпина).
– Оқыту процесіне қосылатын дидактикалық ойынның негізгі ерекшелігі
анықталады (Г.А.Ляпина, К.А.Роткин және т.б.).
– Сабақтан тыс және сабақта дидактикалық ойынын қолданудың тәжірибесі
зерттеледі (Н.Н.Уманов, Н.М.Касаткина, З.Р.Расулова және т.б.).
В.А.Верхогляд, М.В.Стронин, Н.Я.Яшкова және т.б. оқушыларды шет тіліне
оқыту кезіндегі дидактикалық ойынның мүмкіншіліктерін зерттейді. Олардың
айтуынша, тілді меңгеру процесін белсендіруде ойынның мүмкіншіліктері
жоғары деген.
Шын мәнінде, әр дидактикалық ойында біз бірнеше рет қайталанып
тұратын, бір –екі сөйлеу үлгілері мен жұмыс істейміз. Сондықтан
дидактикалық ойынның мәліметінің құрылуы жағынан –бұл сөздік жаттығу.
Екінші жағынан, дидактикалық ойын эмоционалды кернеу атмосферасын құрайтын,
әрдайым жаңа нұсқада және бірнеше рет айналатын жағдай.
М.В.Строниннің ойынша, сөйлеу қатынасы өзіне тек жеке сөйлеуді ғана
емес, сондай –ақ міндетті және табиғи мінездеме ұстанған, анық көрсетілген,
мақсатты бағытталған ым, ишараны да қосады. Осылайша, бірнеше авторлар
дидактикалық ойын ситуативті жаттығуларды қарастыру кезінде оқушылар сөйлеу
қатынасын тәжірибесін керекті дағды және шеберлікті иемденеді.
Ойынның темпі оқушылардың сөйлеу темпінің дамуына көмектеседі, олардың
тіл есінің дайын болуына жаттықтырады, жылдам ойлауға үйретеді. Сабақ
кезінде ойнағанда оқушылар бейнелі түрде ойларын білдіруге жаттығады,
осының көмегімен олардың сөйлеуі автоматтандырылады (К.А.Роткин). Бұдан
шығатын қорытынды, ойын сөйлеу шеберлігін дамытудың тиімді тәсілдерінің
бірі және ол тіл мәліметтерін табысты меңгеруіне көмектеседі. Ұмыстары
ерекше қызығушылық туғызатын, методист-математиктер Е. Еңгебаева, М.И.
Макитинский дидактикалық ойындарды жасайды, оларды суреттейді және сабақта
қолданатын әдістемелік көрсеткішті анықтайды. Көркем ойындарға да
қызығушылық көтеріліп жатыр (В.Я. Варонова, М.Г. Яковская).
70 жылдың аяғы мен 80 жылдардың басында дидактикалық ойындар және
олардың ролі одан да кең айқындамадан тұлғаға әсер ету айқындамада
мағыналана бастады.
Бұл жоспарда көбірек қызығушылық тудыратын Г.И.Камаеваның жұмысы, ол
идеалды тұлғаның қалыптасуына рольдік ойындарды қолданады.
Егер де алғашында ойын процессінде ең басты мәселе бүкіл танымның
ойлау әрекетінің белсенділігіне көңіл бөлінсе, онда қазір ойын кезінде
тұлғаның мінезі талданады. Арнайы қарастырудың пәні қатынас категориясы
болып есептелінеді.
М.В. Стронниннің ескертуінше: Ойында бәрі тең. Ол нашар оқушылардың
да қолынан келеді; Тіл дайындығы жағынан нашар оқушы ойын кезінде бірінші
болуы мүмкін; тапқырлық пен тез ойлау бұнда пәнді жақсы білгенінен де артық
болады.
Тең болу сезімі, қуаныш пен қызығушылық атмосферасы, тапсырманың
орындай алатындығы – бұның барлығы балаларға ұялшақтықты жеңуге мүмкіндік
береді ... және оқытудың нәтижесіне оң әсерін тигізеді.
Осылайша, дидактикалық ойын бойынша барлық ақырғы зерттеулердің
мәліметін жариялай және оқыту процессінде қолдануды айта келе: а)
дидактикалық ойын психологиялық процесстерді белсендіреді: ойлауды, есті,
сөйлеуді. (Г.А. Ляпина, М.В. Стронин); ә) сабақтағы ойын ситуацияларында
оқушы іс-әрекеттің процессуалды, ал оқуды жеке мағынасының жоғарлауына
көмектеседі. (Е. Енгебаева, А.А. Баранов, Г.А. Ляпина); б) әрекеттің
табыстылығы, сондай-ақ дидактикалық ойын оқушыларды ойын процессетрді ашу
қызығушылық пен байланысты, өзінің білімін ойнаушылар творчестволық
қолдану. (А.Т. Азаров, О.С. Кель, В.Н. Терский және т.б.); в) дидактикалық
ойын этикалық тәрбиеге мүмкіндік жасайды. (А.А. Баранов, В.И. Иванова және
т.б.).
Көпшіліктің практикасына табанды әсер ете алатын дидактикалық ойын
теориясын құруға, ойынның мағынасын терең түсінуге жол тапқанымен, әлі
жеткілікті емес. Жоғарыдағы көрсетілген зерттеулер таным әрекетін жүйелік
аспектісіндегі құрылымы мен процессін ашпайды.
Зерттеушілердің көңілі көбінесе ойының пәндік жағынан жеткіліксіз
қарама –қарсылықпен іс -әрекеттің процессуалды жағынан бөлінген
дидактикалық ойынның тұлғаға әсерінің басты көзі толығымен түсінікті емес,
оның барлығы мүмкіншілікті көрсетілген емес. Сондықтан да дидактикалық
ойынмен байланысты мәселенің айналасына көп көз –қарастарымен қарама –қайшы
мағыналар жиналған.
Сонда да біздің әдебиеттерді зерттеуіміз дидактикада дидактикалық ойын
теориясы, іс -әрекеттің спецификалық түрі ретінде толық жасалмағанын
көрсетті, сондықтан жалпы дидактикалық жоспардағы дидактикалық ойынның ішкі
мүмкіншілігі жайлы сұрақ шешілмеген ойын ситуацияларында оқушылардың іс
-әрекетінің мінезі анық берілмеген; Дидактикалық ойынның ғылыми
классификациясы нақты берілмеген; Оқыту процесінде дидактикалық ойынның
қолдану кезіндегі жалпы қиындықтар толығымен шешілмеген; Дидактикалық
ойынның жүйесі жоқ.

1.2. Дидактикалық ойындардың түрлері мен топтары.
Дидактикалық ойындардың түрлері көптеген өткен уақыттың зерттеушілері
мен қазіргі ойынды классификацияламақшы болған Ф.Фребель ойындарды пайдалы
және әсем ішкі мағынасы бар деп бөлген. Ол ойындарды жеке балаларға ,
серіктестікке мүшеледі; ақырғысына жарыс –ойындары қатысты болды.
Дидактикалық ойынды классификациялау мәселесі психологтарды және
педагоктарды, методисттерді қызықтырды.
Ойындарды класстарға бөлу бұрыннан жасалып келсе де, дидактикада әлі
де дидактикалық ойындарға ортақ ғылыми негізделген сарыптау жоқ, оның
себебін барлық зерттеушілер өздерінің жүйесін ұсынған, әр түрлі негізде
жүргізілген бірнеше сараптаулар белгілі. Кейбіреулер түп негізгі ретінде
дидактикалық ойынды оқыту процесінде кіргізу орын алады және белгілі бір
дағдыны, қабілетті қайта жасау үшін ойын элементтерінің рольін көрсетеді
(Л.И. Смагина, А.В. Трускавец), басқалары сараптаудың негізін іс-әрекеттің
мотивін есептейді (Н.И.Гамбург), үшіншілері –нақты пәндерді оқудағы
дидактикалық ойынның атқаратын функциялары (А.А.Баранов, Г.А. Ляпина, М.В.
Стронин).
Ф.И.Фрадкина ойынды үш топқа бөледі. Бірінші топқа фобульді элемент
кіретін –крассворттвр, ребустар, викториналар жатады. Екінші топта бірінші
жоспаға өзін бағалау мотиві, интелектуалды күй салуға қызығушылық жатады.
Үшінші топта, іс-әрекеттің мотиві іс-әрекет процесінде емес, бірінші болуда
жатқан ойындар құрайды.
Л.И. Смагина мен А.В. Трусковец ойындарды; ойын –минут, ойын –эпизод,
ойын –сабақ деп бөлген. А.В. Трусковец ойын кезінде құралып жатқан дағды
тұрғысынан негізгі төрт топты бөлген: лексикалық, граматикалық, фанетикалық
және сөздік ойындар. Олар өз кезегінде тағы да топтарға бөлінеді. Бұндай
сарыптау оқушылардың граматиканы оқуына кіретін ойын элементтерінің рольін
негіздейді, бірақ ойын процесінде оқушылардың іс-әрекет негізін ескермейді.

А.А.Баранов, Г.А. Ляпина, М.В. Стронин және т.б. сараптаудың негізі
ретінде оқыту процесінде дидактикалық ойынмен орындалатын функцияларды
қабылдайды. Осылай Г.А. Ляпина оқу процесінде қолданылатын ойындарды
дидактикалық және сюжеттік деп бөледі. М.В. Стронин дидактикалық ойынды
екі топқа бөледі. Бірінші бөлімді, дайындық ойындары құрайды, екіншісі
–творчестволық. Творчестволық ойындар білімділік пен сөйлеу дағдыларының
дамуына көмектеседі.
Оқыту тапсырмалары күрделіленгенде ережелеріде күрделенеді. Бұл өз
кезегінде оқушылармен өндірілетін логикалық операцияларды қосқандағы көлемі
бойынша үлкен бастаулық базаға қатысты болады. (1-суретті қараңыз).

Сурет1. ДО оқыту тапсырмаларын шешу процессіндегі оқушының іс-әрекеті.
Осылайша, оқушылардың іс-әрекетінің мінезі бойынша дидактакалық
ойынды сарыптай келе, біз уақытша былай бөлеміз: репродуктивті, жартылай
ізденістік, ізденістік, рольдік элементі бар шығармашылық дидактикалық
ойындар. Қажетті дағды мен білікті жасау мақсатындағы дидактикалық ойынның
оқушылардың ойын жағдайындағы білімдерінің қайта жаңғырлытуы қысқалығымен
ерекшеленеді. Іс-әрекеттің процесуалды жағы мұғалімдерімен бағытталады
және бақыланады. Бұндай дидактикалық ойынды біз репродуктивті ойындар деп
атаймыз. Бұлар дидактикалық тапсырманы шешудегі үлгінің бар болуын және
жұмыс процесндегі берілген үлгіге еліктеуді болжайды. Оқушылардың танымдық
әрекеті қажетті дағды мен біліктің жасану мақсатында білімнің белгілі
суммасын бекітуге бағытталады.
Жеке ойындардың мазмұны оқушылардың бар білімінің дағды мен білікке
айналуына қатысып негізделгенімен, берілген іс-әрекет оқушыларды логикалық
операцияларды өңдеуге қинай келе дидактикалық ойындардың қажеттілігімен
қолдана және керектісін таңдай келе ізденістің элементтерін де қосуы
мүмкін. Бұл ойындарды біз жартылай –ізденістік деп атаймыз, олардың
құрамында күрделенген оқу тапсырмалары бар. Жұмыс кезінде оқушылар бірнеше
логикалық операцияларды өндіреді. Бұл жағдайда керекті мәліметті таңдаудың
қажеттілігі және оны белгілі ретпен қолданудың алдында тұрады.
Жеке дидактикалық ойынның ұқсас ерекшелігі оқу тапсырмаларының одан да
қиындатылуы, оқушыларды зерттеулердің элементтерін болжайтын іс-әрекетке
қосуы болып табылады. Осындай тапсырмаларды орындау процесінде жеткіншек
бірнеше логикалық операцияларды өндіреді, танымдық әрекеттің этаптарының
ретпен шешілуін жоспарлайды. Бұндай дидактикалық ойындар ізденістік деп
аталады.
Ізденістік дидактикалық ойынның репродуктивті және жартылай
–ізденістіктер айырмашылығы, оқушылардың бар білімін басқа танымдық
тапсырмаларды шешуге ауыстыруды қинау. Ізденістік дидактикалық ойынның оқу
тапсырмалары күрделенді, оқушы өзінің есінің өз бетті құрылымының
жағдайында болады. Берілген іс-әрекет жеткіншекті шығармашылыққа
дайындайды.
Біздің дәлелдеуімізше, айтылып кеткен дидактикалық ойнның түрлеріне
бір мағына беруге болмайды. Ойынның сәні, оның көмегімен іс-әрекеттің
барлық түрін интеграциялауға болады. Сондай-ақ, интеграция жорығында
төменге және төменнен жоғарыға жүреді.
Оқыту процесіндегі ойнның орнын ескере келе (2-суретті қараңыз),

Сурет2. Оқыту процесінде ДО орны.
біз ситуативті және жоспарланған дидактикалық ойындарды жеке алып
көрсетеміз. Ситуативтіден басқа барлық дидактикалық ойындардың сабақ
жүйесіне енгізуін мұғалім алдын-ала қарастырады және жоспарлайды,
жоспарланған дидактикалық ойынды оқу мәліметінің мазмұнын, дидактикалық
мақсатты және өздері орындайтын функцияны есепке алады.
Оқыту мәліметтерін оқуға дайындық кезіндегі дидактикалық ойын жаңа
мәліметті қабылдау процесі белсенділігі бөлігінің көбейтілуін алдын-ала
қарастырады. Бұл жағдайда репродуктивтіден басқа барлық дидактикалық
ойынның түрлері қолданылуы мүмкін.
Жаңа мәліметтерді бекіту мақсатында енгізілетін дидактикалық ойын
жаңаны түсінуді нақтылайды және үй жұмысын орындау кезіндк неге көңіл бөлу
керектігін көрсетеді.
Қайталау кезінде дидактикалық ойынның барлық түрлері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта математика сабағында дидакикалық ойындарды пайдаланудың әдістемелік жүйесі
Дидактикалық ойын арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдаланудың педагогикалық мәселелері
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану
Бастауыш сыныптарда математика сабақтарында ойын технологиясын қолдану
Қазақ тілі сабағында оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда дидактикалық ойындардың ролі
Ойындарды қолданудың теориялық негіздері
Дидактикалық ойындарды ойластыру
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану
Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды қолданудың теориялық мәселелері
Пәндер