Нашақорлық – тұңғиық түбі



Тербеле жайқалған көгі бар, мөлдір шалқар көлі бар, айнала қоршаған асу-асу таулары, еркін тыныстар ауасы бар кең жазира дархан даламда өмір сүрген тіршілік атаулының тілегі-бейбіт өмір, еркіндік және денсаулық.
Деніміз сау болмаса шалқыған байлықтан, қалтадағы ақшадан не пайда?!
Байлық әрқашан денсаулықтың теңі бола бермейді. Сол денсаулығымызға кейбір залалды нәрселер әсерін тигізуде. Айдаһардың үш басындай арақ, темекі, наша - ауруға жол ашатын мүмкіндіктердің басты себептері.
Нашақорлық-тұңғиық түбі, адамды еліктіретін аждаһаның бір басы.
Дүниежүзі елдерін жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады. Бұл «жұқпалы ауруға» Қазақстан да шалдыққан. Тіпті ол уақыт озған сайын асқынып бара жатыр. Неге? Оның әр түрлі себептері бар. Менің ойымша, ең негізгісі - жоқшылық, қымбатшылық, жұмыссыздық. Кейінгі есірткілік заттарды қолданатындардың басым көпшілігі - мектеп жасындағы бойжеткендер мен бозбалалар. Оның себептері әр түрлі. Біріншіден, олар өз-өздеріне есеп беріп жатпайды. Өмірдің не екенін әлі жете түсінбейді. Екіншіден, бұл жаста әр нәрсеге еліктегіш, тез бейімделгіш келеді. Адам болған соң әркімнің мінезі де әр түрлі болады емес пе? Осы мінезден болашағына емес, бір күндік рақат-ләззатқа, қызыққа еліктеп «шоқ басқанын» өзі де білмей қалады. Ал есірткінің қарамағына бір іліксең, одан аман-есен құтылып шығудың екіталай екендігін ата-аналарымыз, ұстаздарымыз қаншама айтып, теледидар, газет-журналдарда көрсетіліп, жазылып жүр. Нашақорлардың өмірі көбінесе қайғы-қасіретпен аяқталатынын естіп, көріп те жүрміз.
Нашақорлық дертіне шалыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге түседі. Өзінің денсаулығын, өмірін құртып қана қоймай, жақындарының, қоршаған адамдардың өміріне де қауіп туғызады. Күн өткен сайын елімізде нашақорлыққа байланысты жасалатын қылмыстың саны күрт өсіп отырғаны ешкімге жасырын емес.
Әркімнің ата-анасы - әулиесі емес пе? Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады. «Әуелі анаңа, тағы да анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса»,- делінген онда. Өкінішке орай есірткінің құрығына іліккен жастардың ата-анасының қасіретін сөзбен жеткізу қиын.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Нашақорлық – тұңғиық түбі

Тербеле жайқалған көгі бар, мөлдір шалқар көлі бар, айнала
қоршаған асу-асу таулары, еркін тыныстар ауасы бар кең жазира дархан
даламда өмір сүрген тіршілік атаулының тілегі-бейбіт өмір, еркіндік және
денсаулық.
Деніміз сау болмаса шалқыған байлықтан, қалтадағы ақшадан не пайда?!
Байлық әрқашан денсаулықтың теңі бола бермейді. Сол денсаулығымызға
кейбір залалды нәрселер әсерін тигізуде. Айдаһардың үш басындай арақ,
темекі, наша - ауруға жол ашатын мүмкіндіктердің басты себептері.
Нашақорлық-тұңғиық түбі, адамды еліктіретін аждаһаның бір басы.
Дүниежүзі елдерін жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын
тереңге жайып барады. Бұл жұқпалы ауруға Қазақстан да шалдыққан. Тіпті ол
уақыт озған сайын асқынып бара жатыр. Неге? Оның әр түрлі себептері бар.
Менің ойымша, ең негізгісі - жоқшылық, қымбатшылық, жұмыссыздық. Кейінгі
есірткілік заттарды қолданатындардың басым көпшілігі - мектеп жасындағы
бойжеткендер мен бозбалалар. Оның себептері әр түрлі. Біріншіден, олар өз-
өздеріне есеп беріп жатпайды. Өмірдің не екенін әлі жете түсінбейді.
Екіншіден, бұл жаста әр нәрсеге еліктегіш, тез бейімделгіш келеді. Адам
болған соң әркімнің мінезі де әр түрлі болады емес пе? Осы мінезден
болашағына емес, бір күндік рақат-ләззатқа, қызыққа еліктеп шоқ басқанын
өзі де білмей қалады. Ал есірткінің қарамағына бір іліксең, одан аман-есен
құтылып шығудың екіталай екендігін ата-аналарымыз, ұстаздарымыз қаншама
айтып, теледидар, газет-журналдарда көрсетіліп, жазылып жүр. Нашақорлардың
өмірі көбінесе қайғы-қасіретпен аяқталатынын естіп, көріп те жүрміз.
Нашақорлық дертіне шалыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге
түседі. Өзінің денсаулығын, өмірін құртып қана қоймай, жақындарының,
қоршаған адамдардың өміріне де қауіп туғызады. Күн өткен сайын елімізде
нашақорлыққа байланысты жасалатын қылмыстың саны күрт өсіп отырғаны ешкімге
жасырын емес.
Әркімнің ата-анасы - әулиесі емес пе? Мұхаммед пайғамбарымыздың
хадистерінде ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады. Әуелі анаңа,
тағы да анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса,- делінген
онда. Өкінішке орай есірткінің құрығына іліккен жастардың ата-анасының
қасіретін сөзбен жеткізу қиын.
Тәуелсіздік алып, шет мемлекеттермен байланысымыз нығайып келеді.
Абай атамыздың Үйрен де жирен сөзін тура түсінетін адамдар қолдарынан
келгенше батыстан, одан қалса Шығыстан үйренуде. Қазақстандағы
нашақорлардың саны тәуелсіздік алғаннан бергі жылдарда 5-6 есе өскенін
немен түсіндіруге болады?
Әкеңді өлтіргеннен құн сұрама, апиынға үйрет! деген сөзді ата-
бабаларымыз айтқанын үлкендерден естіген едім. Неге бұлай ащырақ айтқанын
өзімше түсінгенім: әкесін өлтірген адамды ешкімде алмасы анық. Оның құны да
өлшеусіз. Сондықтан әкесін өлтірген адfмның баласын апиынға үйретіп,
аздырып-тоздырып, тұқымын жойып жібермекші. Бұл ата-бабаларымыздың ескерту
үшін айтқан сөзі сияқты. Қазақстанда нашақорлық тарату ісінің кеңірек етек
алуына жағдай жасайтын немесе сол іске тікелей қатынасы барлардың балалары
бар ма екен деп ойлаймын. Бар болса сақтандыру ретінде айтқан
бабаларымыздың ащы дауысын естісе деймін. Баласының болашағы – елінің
болашағы емес пе?! Сондықтан мұндай жолдан аулақ болу керек. Өзің ғана
емес, өзіңнің жолдас-жораларыңды да аулақтату парызымыз екенін
ұмытпағанымыз абзал.
Жас, бойында күш-қуаты мол адам ғана пайда келтіреді. Ауру, нашақор,
маскүнем жандар ешкімге де керек емесі аян. Сондықтан да аз ғұмырды өзіңе
де, өзгеге де пайдаң тиетіндей етіп өткізу керек.
Нашақор, маскүнем жандар – отбасы мен сол қоғамда өмір кешіп отырған
есті адамдар қателігі деп білемін. Көптеген отбасы ата-аналары осындай
жаман қылықтарға салынып, өз өмірін жалғастырушы ұрпағына көңіл бөлмей,
оларды аздырып отыр. Қоғам оларды ерте анықтап, оның ұрпағының азбауына жол
бермеуі керек болса да, ол міндетті әлі де болса дұрыс атқара алмай отыр
деп ойлаймын.
Адам барлық жағынан толық қамтылған болса, қорғалған болса бұл
сияқты жандар болмас еді. Әр азамат пен азаматшаның денінің сау болуы өзіне
де байланысты.
Олай болса, денсаулыққа зиян келтіретін нәрселерден, жаман
әдеттерден аулақ болайық.. Жаман әдеттерден аулақ болудың жолы – адам
баласының өзін-өзі тәрбиелей білуі, өз денсаулығын қорғай білуі, адамдық
қасиетін жоғалтпауы. Тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі болар жас ұрпақтың
дені сау болса ғана шыңдарға қолы жетері, халқына қызмет етері даусыз.
Нашақорлық, қасіреті туралы қаншама айтылып жүрсе де, азаймағаны
рас. Сондықтан бұл дертпен жалғыз күреспей, бірлікте жұмыла күресек,
алынбас қамал жоқ.
Ашық аспанымызға қара бұлт төңірген заман кеселдерінен арылу, арылту
– көкірегі ояу, көзі ашық әрбір азаматтың борышы.
Біз салауатты өмір салтын қалаймыз.
Ол үшін жеке бас және қоғамдық тазалықты сақтап, спортпен айналысып,
зиянды нәрселерден аулақ болуымыз керек.
Жас достар! Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу - біздің қолымызда,
өйткені біздер жаңа дәуірде елімізді сақтайтын таза, мықты, денсаулығы зор
ұрпақ жалғастыратын қазақ елінің салауатты перзентіміз... Ойланайық!
Санамызға сала пайымдайық! Нашақорлыққа ымырасыз болуға шақырамын
барлықтарыңызды!
Салауатты өмір салты – біздің ата-бабаларымыздан келе жатқан, әрине,
ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын қазынамыз. Осы, қазынамызды тұңғиық түбіне
батырмайтық, нашақорлық-тұңғиық түбі.
Өмір атты кемеде тұңғиыққа батпай, шексіз-шетсіз ғарыш
кеңістігінде бізге аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін
жоғалтпай, көк туын көкке қарай биік көтерейік достар!
Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006 жылға арналған
бағдарламасын қосымша қаржыландыру мәселесі қаралды.
Атап айтқанда, үстіміздегі жылғы қыркүйектің 20-сындағы Үкімет Мәжілісінде
Премьер-Министр тапсырмасы негізінде Ішкі істер министрлігінің өзге мүдделі
мемлекеттік органдармен бірлескен 2006 жылы қаржыландыру жөніндегі есебі
және бағдарлама жобасы қосымша қаралды.
Барлық жоспарланған іс-шараның анағұрлым тиімді іске асуы үшін 167 млн.
теңге көлемінде қосымша қаржы бөлу қажеттігі атап өтілді.
Қаражаттың негізгі бөлігін Нашақорлыққа тосқауыл бөгеуші жүйесіндегі пост
желісін кұру және оның штаттық құрамын қалыптастырудағы жобасын іске асыру
үшін Ішкі істер министрлігіне бөлу көзделген.
Бұдан басқа, Мәдениет, акпарат және спорт министрлігі мен Денсаулық сақтау
министрлігіне салауатты өмір салты нормаларын насихаттау іс-шараларын
жүргізу, нашақорлықка қарсы иммунитетті қалыптастыру, ақпараттық-насихаттық
және мәдени-көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру, нашақорлық жағдайына
мониторинг жасау, заңсыз есірткі айналымына бақылауды ұйымдастыруда
мамандардың біліктілігін арттыру, ведомствоаралық семинарлар еткізу үшін
қосымша қаржы бөлу жоспарланған.
Ұсынылған ақпаратқа түсінік берген Үкімет басшысы бүгінгі күні
нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күресті күшейту үшін қосымша
қаржыландырудың аса қажет екенін атап өтті. Премьер-министр мүдделі
мемлекеттік органдарға қосымша қаржыландыру жөнінде ұсыныстарды жан-жақты
пысықтап, нақты шешім кабылдау үшін оны Үкіметке ұсынуды тапсырды.
Нашақорлық қылмыс па, әлде ауру ма?
Қазір бар кінәраттың заңнамадан туатыны белгілі болып отыр. Мәселе
Қылмыстық кодекстің 259-бабы 1-бөлімінде. Ол бойынша есірткі заттарды сату
үшін емес, бірақ заңсыз иемденгені, тасымалдағаны, сақтағаны үшін айыппұл
салу, қоғамдық жұмыстарға тарту немесе үш жылға дейін бас бостандығынан
айыру қарастырылған.
Статистика үстіміздегі жылдың тоғыз айында Алматы қаласында есірткімен
байланысты қылмысы үшін 1065 адамның сотталғанын көрсетіп отыр. Енді
жіліктеп көрелік. Көрсетілген цифрдың 982-сі есірткі заттарын сақтағандар,
яғни нашақорлар. Бар болғаны 83 адам есірткі саудасымен айналысқандар.
Осыдан келіп Қазақстан қылмыстың себебімен емес, салдарымен күресіп келеді
деген тұжырым жасауға әбден болады. Әрине, бұған полицейлердің есірткі
бизнесімен күрестегі пәрменсіздігі де себеп болуы мүмкін. Олар есірткі
сатушылардан гөрі, нашақорларды аулауға әуес. Ішкі істер қызметкерлерінің
полицейлердің саудагерлерге қатысты ішкі есебі, өзіндік мүддесі бар деген
алыпқашпа сөзге ат тонын алып тулайтындай жөні жоқ. Орынды реніш білдіру
үшін оларға мына сұраққа жауап беруге тура келеді: неліктен есірткі
саудагерлері өте сирек құрықталады?
Бір жағынан Ішкі істер министрі Зауытбек Тұрысбековтың жуырда келтірген
дәйегі де негізсіз емес сияқты. Ол есірткі сататындарға шектен тыс
жұмсақтық танытқаны үшін соттарды айыптады. Шынында, соттар өткен жылы аса
ірі мөлшердегі есірткімен ұсталған 316 адамның біреуін ғана 15 жылға бас
бостандығынан айырған. Қалғандары орта есеппен үш жылға сотталғанмен,
көпшілігі шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған. Министр, сондықтан
есірткімен байланысты қылмыс үшін белгіленетін жазаны өмір бойына бас
бостандығынан айыруға дейін қатаңдату керек деген ұсыныс білдірді.
Ал соттар “Есірткіні сақтағаны үшін жазаны қарастыратын Қылмыстық
кодекстің 259-бабы 1-бөлімін қылмыссыздандыру керек” деген пікірді жиі
көтеріп жүр. Сонымен ішкі істер басшылығы есірткі саудагерлеріне жазаны
қатайту бағытын ұстанса, соттар есірткі сақтаған нашақорларға қатысты бапты
жұмсартуды ұсынып отыр. Не істеу керек?
1. Нашақорларды соттау керек пе?
2. Есірткі бизнесімен күрестегі полицейлердің жұмысы пәрменді ме?
3. Есірткі саудагерлеріне жазаны қатайту орынды ма?
Бұған мамандар жауап беріп көрсін.
Тілеулес Нақысбеков, Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі
алқасының төрағасы:
1. Орташа ауырлықтағы қылмыстың 70 пайызы есірткі заттарын
сақтағандардың үлесіне тиюі кімді де болса ойландырса керек. Әдетте мұндай
қылмысқа нашақорлар барады. Нәтижесінде сотталушы орындығына қылмысты
ұйымдастырушылар мен есірткі сататындар емес, олардың құрбандары – ауру
адамдар отырады. Сондықтан Қылмыстық кодекстің 259-бабы 1-бөлімін
қылмыссыздандыру керек. Меніңше, есірткі көзінен, ірі елді мекендерден
шалғай жерлерден жабық түрдегі медициналық мекемелерді құру анағұрлым
тиімді. Осы мәселені Қазақстан судьяларының ІV съезінде Алматы қалалық
сотының төрағасы Мұсабек Әлімбеков көтерген болатын. Бұл ұсыныс форумға
қатысқан лауазымды тұлғалардың көңілінен шықты. Нашақорларды ауру адамдар
деп қоғам мүшелерінің қатарынан сызып тастауға болмайды
2. Өкінішке қарай, құқық қорғау органдары ескірген әдіспен жұмыс
істеуді жалғастырып келеді. Яғни өз күшін есірткі сатушылар мен
таратушылармен емес, нашақорлармен күреске жұмсайды. Олар көбіне жоғарыдан
берілетін көрсеткіш үшін қызмет етеді. Есірткі саудагерлерін өз қанатының
астына алады деген күдікті де жоққа шығара алмаймын. Есірткі
саудагерлерінің сирек құрықталатыны осы күдікті растай түседі. Ал
жоғарыдағы бапты қылмыстық жаза қатарынан алып тастайтын болсақ,
нашақорлармен Денсаулық сақтау министрлігі айналысуы тиіс деп ойлаймын. Ол
кезде ішкі істер органдары мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаржының біраз
бөлігінен қағылады, сәйкесінше қызметкерлерінің санын қысқартуға мәжбүр
болады. Бұл Ішкі істер министрлігі үшін тиімсіз.
3. Ішкі істер министрінің есірткі саудагерлеріне жазаны қатайту керек
деген пікірімен келіспеймін. Бұл – тығырықтан шығатын жол емес. Жазаны
қатайтудың қылмысқа тосқауыл бола алмайтыны әлдеқашан дәлелденген. Ал
қазіргі заңда қарастырылған ең үлкен 15 жылдық жазаны бұдан артық өсіруге
ешқандай қажеттілік көріп отырған жоқпын.
Станислав Ридных, Алматы қалалық ІІБД Есірткі бизнесімен күрес
жөніндегі басқармасының бастығы:
1. Бұл мәселеге әр түрлі қырынан қарауға болады. Нашақор бір жағынан
ауру, бір жағынан қылмыскер. Нашақорлардың 80 пайызы қылмыстық жолмен ақша
табады. Яғни оларды аурудан гөрі, қылмыскер деген дұрыс. Ал Қылмыстық
кодекстің 259-бабы 1-бөлімін қылмыссыздандыру түбегейлі дұрыс емес. Біз
онсыз да қылмыстық жауапкершілікті 50 грамм марихуанаға дейін көтердік. Ал
кеңес заманында қылмыстық жауапкершілік бес грамнан басталатын. Есірткі
заттарын заңдастырған Голландия не болды? Бұл ел жастарының басым бөлігінен
айырылып қалды. Егер осы тәжірибені қабылдайтын болсақ, әрбір дүңгіршектен
есірткіні кедергісіз сатып алуға болады.
2. Ішкі істер министрлігінің қазіргі cаясатының дұрыстығына толық көзім
жетеді. Нашақорлық жолына түскен біраз адамды қайтарудың мүмкін еместігін
де білемін, оларды жоғалтып алдық. Біздің міндетіміз – басқа адамдарды осы
дерттен құтқарып қалу, есірткі тасқынына тосқауыл қою.
3. Келісемін. Есірткі заттарын сататындарға өмір бойына дейін бас
бостандығынан айыру жазасын белгілеу керек. Қытайдың тәжірибесін алып
қараңыз. Бұл ел геосаяси жағынан Ауғанстанмен көрші. Дегенмен есірткі
заттары Ауғанстаннан Қытай арқылы өтпейді ғой. Себебі оларда есірткі
тасымалдағаны үшін ату жазасын береді. Ал бізде ше? Соттар есірткі
саудасымен айналысқандарға қатаң жаза тағайындамайды. Олар өте жұмсақ жаза
белгілейді. Неге? Мұның жауабын соттар білмесе, мен білмедім.

Есірткіге еліткен елдің ертеңі күмәнді

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында (26 маусым) ІІМ
Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау жөніндегі
комитеті еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілерімен кездесу
өткізді. Мұндағы негізгі мақсат — аталған дерттің алдын алу жолында онымен
тиімді жалпыхалықтық сипатта күрес жүргізу үшін бұқаралық ақпарат
құралдарын ортақ іске тартып мүмкіншіліктерін терең пайдалану және оның
қызметін барынша жете жұмылдыру.
Біз Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні алдында осы медиа-форумды
өткізуге бел будық. Алдын ала ақпарат құралдарына өздеріміздің ұсынысымызды
жолдадық. Ол негізінен телеарналарда нашақорлыққа қарсы насихат жүргізетін
бейнетаспалар, радио-хабарларының уақытын ұзарту, басылымдарда
жарияланымдарды көбейту. Соңғы уақыттары есірткіге тәуелді жандардың саны
артып отыр. Сұраным болмаса, ұсыныс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нашақорлық
Нашақорлық - ғасыр дерті. Қазақстанда нашақорлықпен күрес шаралары
Қазіргі жастар арасындағы мәселелер
Нашақорлық-қоғам дерті жайлы ақпарат
Нашақорлық кесаптың белгісі
Жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу шаралары
Ақша анатомиясы
Тараңдар, тұңғиықтар, мүйізжапырақтар тұқымдастарының су жағалап өсетін түрлері
Қазақстанда кездесетін өсімдіктер
Тәрбие көзі – отбасы
Пәндер