Қазақ қайраткері Ахмет Байтұрсынов


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Алғы сөз орнына

Ахмет Байтұрсынов - қазақ халқының әлеуметтік өмірі мен мәдениетінде Қазан революциясында дейін де, одан кейін де аянбай адал қызмет еткен ірі қайраткер, үлкен талант иесі, тарихта орны айрықша зор тұлға. Мұхтар Әуезовтің сөзімен айтқанда, қазақ халқының «рухани көсемі» болған А. Байтұрсыновтың ұланғайыр еңбегі сан саладан көрінеді.

Ол - ең алдымен, қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашып, әрі қарай қазақ тілінде оқуын жалғастыруға көп күш жүмсаған ағартушы қайраткер. Осы мақсатты орындау үстіне ол қазақ тілін, оның дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын баяндап, талдап-танытқан зерттеуші әрі сол зерттеулерінің негізінде «Әліппе» мен тұнғыш ана тілі оқулықтарын жазған автор. Сонымен қатар а. Байтұрсынов - өз халқының саяси мәдени, рухани және әлеуметтік өмірінің сән саласына көз тігіп, тікелей араласқан ірі публицист, қоғам қайраткері. Байтұрсынов - өнер иесі - ақын; қазақтің тілін ғана емес, әдебиетін де, мәдениетін де зерттеуші ғалым. Сондықтан Ахмет Байтұрсынов қалдырған мұра да әр тектес.

Ахмет Байтұрсынов

Өмірі мен қызметті туралы

Қазақ тіл білімнің іргетасын калаушы ғалым, Ыбырай Алтысариннен кейінгі еңбегі ерекше ағартушы-педагог, сөз құдіретін танытқан тамаша ақын, қазақ баспасөз тілінің ұлттық үлгісін көрсеткен талантты публицист, туған халқының рухани дуниесін көтеруге көп күш жұмсаған мәдениет қайраткері, жас совет үкіметіне адал қызмет еткен ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 25(15) қаңтарда сол кездегі Торғай уезіне қарасты Тосын болысының 5-ші аулынды, Сарытүбек деген жерде дүниеге келген. Әкесі - қарапайым шаруа адамы Байтұрсын Шошақ баласы арғын Үмбетей батырдың немересі. Шошақтың төрт ұлы болған. Олар: Байтұрсын, Ақтас, Ерғазы, Данияр. Бұлар жаратылысынан қажырлы, намысқор адамдар болғанда ұқсайды. Сондықтан болар, Байтұрсын жергілікті әкімдермен көп сыйыса бермейді, тіпті уезд басындағы билеушілердің зорлық-зомбылығына көнбейтіндігін көрсетеді.

Ақтас пен Байтұрсынның балаларын Шошақтың үшінші ұлы Ерғазы қамқорлығына алады:Ақтастың баласы Аспандияр мен Байтұрсынның баласы Ахметті Торғайдағы екі кластық орыс-қазақ училищесіне беріп оқытады. Бұған дейін Ахмет ауылдың мұсылманша сауатты адамдарынан хат таниды. Училищені ол 1891 жылы бітіреді.

Әкесі мен Ақтас ағасы айдауда жүрген, қамқоршы ағасы Ерғазы көп ұзамай қайтыс болған кезеңде Ахмет кедейшілік, жоқшылық тауқыметін тартады. Соған карамастан әрі қарай оқуды армандайды. Осы мақсатпен ол жаяулап-жалпылап, оқу іздеп, Орынбор барады. Онда баяғыда Ыбырай Алтынсарин салдырған мұғалимдер даярлайтын оқу орнына- «Учительская школа»дегенде түседі. Мұнда төрт жыл оқып, 1895 жылы бітіреді. Бітірісымен ағартушылық ісіне кіріседі. Өзге қызметті қаламайды.

Ахмет Байтұрсыновтың еңбек жолын ағартушылықтан бастауының үлкен мәні бар. Өткен ғасырдаң соңы мен үстіміздегі ғасырдың бас кезінде қазақ интеллигенциясы қалыптаса бастағаны мәлім. Петербург, Омбы, Қазан, Уфа, Орынбор, Троицк т. б. қалаларда оқып, мұсылманша немесе орысша білім алған қазақ жастары шыға бастады.

1895-1909 жылдарда А. Байтұрсынов Қостанай, Ақтөбе, Қарқаралы уездерінде ауылдық, болыстық мектептерде бал оқытады, екі кластық училищелерде сабақ береді. Бұл жылдарың ішінде А. Байтұрсынов Қостанайдан Омбыға барап, қазақ халқының тарихын, этнографиясын, фольклорын, тілін зертттеуші А. Е. Алекторовпен танысады.

Қарқаралыда қызмет еткен жылдарында А. Байтұрсынов саясатпен де айналысады. Атап айтқанда, мұнда ол патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы революциялық қозғалысқа қатысады, «қазақтың елдігін сөйлей бастайды»(М. Әуезов), яғни 1905 жылы бір топ қазақ зиялылары болып, патша үкіметінің жоғарғы басқару орнына петиция жолдайды. Онда қазақ халқына әлеуметтік тендіқ берілуін, жер мәселесінде қазақтардың мүддесі көзделуін, қазақ даласында оқу-ағарту ісін жолға қою керектігін талап етеді. Отаршылдыққа қарсы күресі үшін А. Байтұрсынов 1907 жылы Қарқалары түрмесінде біраз отырып шығады. Ал 1909 жылы 1 шілдеде оны Семей губернаторы Тройницкийдің жарлығымен жандермерия тұтқынға алып, әуелі Қарқалары түрмесіне қамайды. Оны түрмеде ешбір тергеусіз сегіз ай бойы ұстап, ақырында 1910 жылдың 21 ақпанында екі жылға туған жері топырағынан кетуге ұйғарылады, яғни административтік түрде жер аударылады.

1910 жылыдың 9 мартында Орынборға келіп, А. Байтұрсынов 1917 жылдың соңына дейін сонда қызмет етеді. Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқып жүрген қазақ жастарының, Мухтар Әуезовтің сөзімен айтқанда, «қазақтың ерте оянған тобының» инициативасымен, елден қаржы жиналып, 1913 жылы «Қазақ» атты газет шығару ұйғарылады. Газеттің редакторлығына А. Байтұрсыновты қалайды. Сөйтіп ол 1913 жылдың басынан 1917 жылдың соңғы айларына дейін осы орғанның редакторы болып қыруар еңбек етеді.

Бес жылдай (1913-1918) уақыт өз қаражатымен, сол кезең үшін үлкен тирыжбен (8000 дана) щығып тұрған «Қазақ» газеті алдымен қазақ халқының ұлттық азаттығы мен мәдениәлеуметтік дамуы үшін кұрескен және қазақ қоғамының мүдделерін көздейтіп проблемалар көтеріп, оларға әлеуметтік үн бере білген орган болды.

А. Байтұрсынов 1917 жылдың соныңда газеттен кетіп, осы кезден бастап 1919 жылдың науырызына дейін «Алаш» партиясының жұмысына араласады, «Алашорда» атты уақытша халық кеңесінің оқулықтар жазу жөніндегі Комиссиясының құрамында қызмет етеді. « Керуен тонап, кісі өлтірмеген», банды ұйымдастырып, басмашы болмаған, қолына қару алып, ешкімге оқ атпаған, жаңа советтік құрылысқа, коммунистік идеологияға қарсы қастандық әрекеттер жасамаған А. Байтұрсыновты Қазақ ССР-інің Жоғарғы Соты 1988 жылғы қарашаның 4 күні қылмысы жоқ деп тауып, оны толық ақтау жөнінде шешім қабылдады. Ал
Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бюросы 1988 жылы желтоқсанның 28 күні М. Жұмабаевтың, А. Байтұрсыновтың, А. Аймауытовтың қоғамдық-саяси, гылыми- педагогикалық және әдеби қызметтері жөніндегі тарихи шындықты толық көлемінде қалрына келтіру қажет дегенді ұйғарды. Сонымен қатар бұлардың өмірі мен творчестволық қызметі жөнінде зерттеулер жүргізіп, мақалалар жариялау, насихаттау, әдебиғылыми мұраларын басып шығару тапсырылды. Міне, Ахмет Байтұрсынов кешкен өмір өткелдері, тар жол тайғақ кешулерінің қысқаша сыры осындай.

Ахмет Байтұрсынов-ағартушы . А. Байтұрсынов оқу-ағарту ісін өзінің азаматтық міндеті мен өмірінің мкқсаты деп санаған. Ол 1911 жылдың өзінде:

Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса,

Сап-сары, аяқтары ұзын маса.

Өзіне біткен түрі өзгерілмес,

Дегенмен қара я қызыл маса.

Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,

Қаққы жеп, қанаттары бұзылғанша.

Ұйқысан аз да болса бөлмес пе екен,

Қоймастан құлағына ызыңдаса, -

деп, білім-ғылымнан кенже қалған, мал бағып марғау жатқан қазақ халқын сол қараңғылықтан маса болып ызыңдап оятып алып шығуды күрес жолының мақсаты етіп қояды.

Оның қазақтар үшін өз алфавитін жасау әрекетіне де, тілін зерттеп оқулықтар жазуына да, тыңнан жол салып, бай терминология дүниесін жасауына да, тіпті қоғамдық-әкімшілік істеріне араласуына да алып келген- өзі діттеген ағартушылық мақсаты деуге болады.

А. Байтұрсыновтың ағартушылыққа байланысты білдерген ойлары мен істеген істері теқ оқу-білімге шақырумен тынбайды. Ол қазақ даласындағы мектептердің жайып, бала оқытудың жолдарын газет-журналдар беттерінде нақтылы сөз-етеді, әсіресе бұл реттегі Қазан революциясына дейінгі хал-жағдайды жақсы көрсетеді. 1913 жылы «Қазақ» газетінде «Оқу жайы» деген бас мақала жарияланады. Мұны жазған А. Байтұрсынов болатын. Бұл мақалада оқу-білімнің қажеттігін халықтың экономикалық тұрмыс жағдайымен байланастырып дәлелдейді: «Қазақ жерінде өндіріс жоқ, щикізатын сатады, ал сол шикізаттан жасалған өнімді 2-3 есе сымбат түрде сатып алады. Бұл-нанандықтан келген кемшілік», -дейді. «Нанандық» деп отырғаны, әріне, білім-ғылымнан қалыс қалушылық. Ал қалыс қалуға үлкен себеп-қазақ жерінде мектептер өте аз дейді. Оның үстіне сол мектептерде бала оқытатын мамандардың да өте тапшы екенін ашып айтады. Оның тапшы болу себебінің бірі-оқытушылар даярдалайтын оқу орындарына. Қаражаты бар уақатты қазақтар баласын ақша жұмсап оқытуға ынталы еместіктен, кедейлердің шамасы келмегендіктен, сол шқолаға жылына оқуға түсуге 50-60 бала келсе, солардың тек төртеу-бесеуі ғана түсетіндігін баяндайды.

Оқу мәселесін а. Байтұрсынов жан-жақты сөз етеді. Бірде:»Қазақта балаларды оқытатын әзірге жосықтар мен кітаптар жоқ» дей келіп, оларды жащу қажеттігін және арнаулы педагоктік білім алатын оқытушылар даярлау керектігін жазша, енді бірдле, «білімнің бас құралы-кітап» деп, «білім конкурсы» дегенді жариялау арқылы да оқу-ағартуды жандандыруға айтады.

А. Байтұрсынов ағартушылық қызметін Алашорда үкіметі кезінде де, Қазан революциясынан кейін де ешбір тоқтатпаған.

А. Байтұрсынов-қазақ тілін зерттеуші.

Жоғарыда айтылды, А. Байтұрсынов мұғалімдер даярлайтын оқу орнын бітірісімен, 1895-інші жылдардан бстап бала оқытуға кіріседі. 13-14 жыл бойы(1895-1909 жылдар арасында) ауылдық, болыстық бастауыш мектептер иен 5-6 жылдық екі кластық училищилерде мұғалім болып істейді. Бала оқыта жүріп, сол оқыту ісіне қажетті жағдайлар (нарселер) жайын ойлайды:ең алдымен, қазақ балаларының сауатын қазақша ашатын ұлттық жазу танбалары бар ма, екіншіден, оқыту жүйесі жолға қойылған, үкімет тарапынан ашылған мектептер бар ма, үшіншіден, ондай әліпбиі мен мектебі болған күнде қазақ тіліндегі «Әліппесі» мен ана тілі оқулықтары бар ма, баланы ана тілінде оқытудың тиімді әдістері қайсы- міне, осыларға назар аударады. А. Байтұрсынов 1910-жылдардан бастап қазақ жазуымен айналыса бастайды. Сол күнге дейін өзге түркі халықтары сияқты, қазақтар да пайдаланып отырған араб таңбалары таза сол күйінде қазақ тілі үшін қолайлы емес екіндігін біліп, оны қазақ тілінің дыбыс жүйесіне икемдеп, қайта түзуді қолға алады. Ол үшін алдымен қазақ тілінің фонетикалық құрамын зерттеуге кіріседі.

Сөйтіп, А. Байтүрсынов реформалаған араб жазуы өз кезеңінде қазақ мәдені дүниесінде үлкен роль аткарған, қалың көпшілікті жаппай сауаттандыру ісіне, жазба дүниелердің дамуына, баспа жұмысының жандауына игілікті қызмет еткен, прогрессивтік құбылыс болды. А. Байтұрсыновтың бұл тәжірибесін сол кезде өзге түркі халықтары, мысалы өзбектер мен татарлар үлгі етіп тұтып, олар да өз жазуларына реформалар жасай бастады.

А. Байтұрсынов-қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсаған адам. Сол үшін қазақша сауат ашатын әліппе құралын жазды. Ол «Оқу құралы» (қазақша әліфбе) деген атпен алғашқы рет 1912 жылы Орынборда басылды.

Тұнғыш басылымы 1912 жылы жарық көрген бұл әліппе кейін де бірнеше рет басылған, оның 1925 жылғы басылымы 7-ші деп көрсетілген.

А . Байтұрсынов қазақ тілін оқыту методикасының да іргетасын қалаушы болып және саналады. Ол қазақ тілінде дыбыс негізінде сауаттандыру әдісінің негізін салушы. Ол бұл салада 1910 жылдардан бастап 1927-1928 жылдарға дейін бірнеше материалдар жариялаған. Жазу таңбаларын (әріптерді) түсіндіретін «Баяншы» атты кітапшасы 1912 жылдан бастап жарық көрген. Бұл методикалық құрал тұңғыш әліппемен («Оқу құралымен») қатар дүниеге келгендігін автордың өзі білдіреді. Бұл-көлемі жағынан өте шағын (не бары 15 беттік кітапша), бірак нағыз методикалық құрал.

Сауат аштыру әдістерінің жөн-жобасын А. Байтұрсынов «Әліп-би астары» атты енбегінде де көрсетеді. 1927-1928 жылдары «Жаңа мектеп» журналында «Ана тілінің әдісі», «Зерттеу мен сүгіретшілік әдісі туралы», «Жалқылаулы-жалпылау әдісі», «Қай әдіс жақсы?», «Ана тілінің әдісі» деген методика мәселелерін сөз ететін бірнеше мақала жариялайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ахмет салған әдебиеттегі елшілдік ұраны
Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ОМІРБАЯНЫ
Алаштың ұлы-Ахмет
Ахмет байтұрсынұлы-халықтың әлеуметтік мәселелерін көтер- ген қоғам қайраткері
Ахмет Байтұрсынұлы - дара тұлға
Ахмет Байтұрсыновтың фонетикаға қосқан үлесі
Ахмет Байтұрсыновтың оқыту әдістемесінің негізін қалаушылар
Ахмет Байтұрсынұлы туралы айшықты ойлар
Ахмет Байтұрсынов - әдіскер ғалым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz