Табиғатты қорғау-болашақты ойлау


Жоспар:

І. Кіріспе бөлім

«Табиғатты қорғау-болашақты ойлау»

ІІ. Негізгі бөлім:

2. 1. Қоршаған ортаның адамдарға әсері

2. 2. Табиғи апаттар

2. 3. Кездейсоқ табиғи апаттардың тұлғаға психологиялық әсері.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

3. 1. Табиғатты қорғау-барша халықтардың парызы.

Басқа пәндерімен байланысы : экология, география, психология, тарих.

1. 1. Табиғаттағы барлық тірі және өлі ағзалар бір-бірімен тығыз байланысты. Жайшылықта жете көңіл бөлгенімізбен ара-тура тереңірек үңілуге мәжбүр ететін, өскелең өмірімздің шын нәрі ауамыз бен суымызды, жерімізді аллай алудамыз ба? Міне, осы сауалдарға қалай жауап беруге болар еді.

Табиғат миллион жылдар дамып, өркендегендіктен ондағы өзара байланыстылық өте тығыз болып келеді.

«Адам табиғатпен өмір сүреді»-деп жазған К. Маркс адам табиғаттан бөлініп кете алмайтын болғандықтан қазіргі кездегі барлық мемлекеттердің негізгі міндеттерінің бірі табиғат байлығын тиімді пайдалану, қоршаған ортаны таза ұстау болып отыр.

Қазақстан Республикасы жер шарындағы экологиялық мәселесі бар елдер қатарына жатады. Жақында ғана тоқтатылған Семей полигонының зардаптары әлі қанша уқытқа созылады белгісіз. Халқымыздың дарынды ұлдары Абай, Шәкәрім, Мұхтар туған қасиетті жер ядролық сынақтардың орталығына айталып, қазақ халқы үшін қайғы бұлтын әкелген. Ақын Кәкімбек Салықов «Дала» поэмасында жазғандай:

Сұлу Көкше, өр Алатау арасы

Бәрі тұтас қазағымның даласы

Сонша жерді сөйлменен қорғаған

Бабаларым осал емес шамасы-

дегендей, сол бабаларымыздың ізбасары ақын О. Сүлейменов «Невада-Семей» халықаралық қоғамдық ұйымының президенті болса, Аралды құтқару қозғалысы туралы оның президенті Мұхтар Шаханов ағаларымыз көптеген жұмыстар жүргізуде.

2. 1. Табиғат туындылары бір-бірімен тығыз байланысты әрі тәуелді етп жаралған. Сондықтан адам мен табиғат арасындағы тепе-теңдік бұзылған жағдайда, көптеген экологиялық мәселелер пайда болады:

А) Химиялық ластанудың қоршаған ортаға әсері. Қазіргі кезде адамдардың шаруашылық әрекеті биосфераны ластаудың негізгі көзі болып отыр. Жер бетінде ластаушы заттар әр түрлі және олардың кездеспейтін жері жоқ. Олар концентрациясына, әсер ету уақытына қарай адам ағзасына түрлі қолайсыздық туғызуды мүмкін. Улы заттар қысқа уақыт ішінде әсер етсе, адамның басы айналады, жүрегі айниды. Адам ағзасына көп концентрациялық түсуі естен тану, улану өлімге әкеледі.

Қоршаған ортаның радиоактивті ластануы адамға үлкен әсер етеді. Мысалы: Чернобыль апатынан кейіне халықтың, әсіресе, жас балалардың ауруы бірнеше елге артып кетті.

Б) «Биологиялық ластануы» Биологиялық ластаушы заттар де адамды түрлі ауру туғызады. Оған ауру туғызатын ұсақ ағзалар-вирустар жатады. Науқас адаммен жақын қатынаста болу, оның жеке гигиена заттарын қолдану кезінде болатын жұқпалы аурулар ерекше топты құрайды. Оларға венерологиялық аурулар (СПИД, сифилис, гонорея) жатады.

Оба, орнитаз аурулары ауа арқылы таралады. Ондай ауру ашықатарына болған кезде арнайы қорғану шараларын ұстану керек.

В) «Ауа райының адамға әсері». Қазіргі кезде ағзада көптеген ритмдік үрдістер белгілі. Оларды биоритмдер деп атайды. Оған жүректің жұмысы, мидың биоэлектрлік активтігі жатады. Барлық ритмдік үрдістердің ішінде нақ орын алатыны тәуліктік ритмдер.

Әрбір әсерге ағзаның жауап қайтаруы тәуліктік ритм фазаларына байланысты. Оның негізінде хронодиагностика, хронотерапия сияқты жаңа бағыттар пайда болады Климат ауа райы факторлары арқылы адамның сезімталдығына үлкен әсер етеді. Ауа райының шұғыл өзгеруі кезінде жұмысқа қабілеттілік төмендеп, ауралар асқындай түседі.

2) «Тамақтану және адамның денсаулығы».

Адам ағзасына тамақтану арқылы түстеін қоректік заттар-құқылы материалы болып табылады. Дәрігерлер адамның толық рационды тамақтануы-ересектер үшін денсаулық сақтау және жоғары жұмысқа қабілеттілік жағдайы жас балалар үшін өсу және дамуға керекті жағдай деп есептеген. Рационалды емес тамақтану жүрек-тамыр, асқазан ауруларының басты себебі болып табылады. Көп мөлшерде тамақтану қант диабеті және толықтықтың себебі.

Көптеген азық-түлік өнімдегі бактерицидті әсер етеді.

Мысалы, алма шырыны сатилококтың дамуын теңейді. Жалпы тамақ дайындаған кезде санитарлық- гигиеналық ережелерді сақтап, азық-түлік өнімдерін мұқият жуып, термиялық өндеу керек.

Д) Ландшафттың адам ағзасына тигізетін әсері бар ма?

Бәрімізге белгілі қоршаған ландшафт біздің психоэмоционалдық күйімізге әр түрлі әсер етеді. Табиғаттың әдемі келбеті адамның өмір ұстап, жүйке жүйесін тыныштандырады. Орманның, жалпы өсімдік биоценозының әсері, оның қоңыр салқыны, әр түрлі дыбыстар мен түстердің үйлесімділігі, иістің әр түрлілігі адамға өте жағымды.

Қалалардың өсуіне байланысты әр түрлі факторлар адамға, оның денсаулығына әсер етеді. Адамның қандай ортада өмір сүруі, оның тұрғын үйіндегі төбенің биіктігі, жұмыс орына адам қалай жетеді, ол күнделікті қарым-қатынас жасайды, қоршаған адамдардың бір-біріне қатынасы, көңіл-күйі, еңбекке қабілеттілігі, жалпы бүкіл өмірі осы аталған жайттарға байланысты. Сондықтан қала адам денсаулығына зиян келтірілмейтін биогеценоз болуы керек. Ол үшін көптеген қала мәселелерін шешу қолайсыз өндірістерді қаладан тыс шығарып, тазалықты сақтаған жөн.

Бүгінгі таңда саналы, білімді, денсаулығы мықты, жасыл желек ортасында өмір сүріп, еліміздің ертеңіне жауап берер ұрпақ болғандықтан табиғатты аялауды үйренейік.

2. 2. Эволюция процесінде адам арнайы жағдайларға -қоршаған орта, климаттық-метеорологиялық, әлеуметтік-психологиялық қатынастарға бейім. Қазіргі замандағы өркениеттің даму барысында азматқа жаңа міндеттер қойылып, принципті жаңа әсерлердің пайда болуы, ғылыми-техникалық революциясымен байланысты өмір темпінің, уақыттың бірлігінде өсу сапасының өзгеруі, әр түрлі жағдайларда туындайтын іс-әрекеттер, стереотиптердің әдеттегі шеңберінен аспайды.

Адамдардың климат-метеорологиялық жағдайындағы территорияларда тұруы, тұрғын үй кещендерінің құрылысы, өнеркәсіптердің дамуы, психофизиологиялық бейімділігіне байланысты.

Адамдардың адаптивті ресурстарды минималды қолдану арқылы өмір сүруі организмнің бейімділігіне қалыптасады.

Кездейсоқ табиғи апаттар адамның денсаулығына ұзақ уақыт әсер етуі мүмкін. Мысалы, жер сілкінісі немесе қатты жел адамдардың психикасына қатты әсер ете келе, әр түрлі.

2. 3. Табиғи апаттар адамның психологиялық қөңіл-күйіне қатты әсер етуінен қорқыныш пен мазасыздық пайда болып, жеке және топтың жүріс-тұрысқа әсер ете, сыртқы ортаға күнделікті бейімділігімен іс-әрекетін бұзады. Кездейсоқ болатын табиғи апаттардың белгісіз уақытта болу ерекшелігімен айқындалады.

Кездейсоқ табиғи апаттардың басталу процесінің екі аспектісі анықталған: қауіптілігі мен катастрофаның болу мүмкіндігі.

Қауіпті апатқа адамның психологиясы мен әрекетіне әсерін тигізетін жер сілкінулер, цунамилер, жанартаулардың атқылауы, қар көшкіндері, су тасқыны жатады.

Қарапайым құбылыстардан «кездейсоқ процестері» деп, екінші, эрозиялар, желдің шаңды көтеруі, құмдардың көшуі әсер етеді.

Ежелден табиғи апаттар адамдарды өз құрбанына айналдырған. Осыны 100 жылда 9 млн. адам су тасқынынан, 1 млн. жер сілкінуден, 1млн. қатты желдерден, тайфун және тропикалық циклоннан қаза табады. Миллиондаған жылдардың өмірін қиған эпидемиялық кездейсоқ табиғи апаттардың серіктері-құрғақ шылықтар. Тарихи және әлеуметтік жағдайға байланысты территориялардағы экономиканың деңгейі, жерді игеруі, орналасуы, ауа райы құбылысының узақтығы мен интенсивтілігіне орай табиғи апаттар болуы мүмкін.

Сол табиғи апаттардың ішінен адамдарда ерекше үлей қалдарытыны-жер сілкінісі. Жер сілкінісі кенеттен болатын жер дүмпуі, жер қыртысының кульминациялық құбылысы. Бұл процесс белгілі аймақтарда нақты анықталмай 10 жыл уақытта созылуы мүмкін, яғни, адамның психикалық күйне күшті әсер етеді. Адам, көбінесе, жер сілкінісін қоғады. Себебі, жерде өмір сүргендіктен оның тербеліске ұшырауы адамның өмір сүру әрекетін бұзады.

Жерде жылына 300 ден 600-ге дейін жер сілкінулер болады. Сейсмолог Дудтың 1867-1964ж. каталогы бойынша 1263 қатты жер сілкінісінің 1004 тынық мұқитында болғанын көрсеткен.

Жер сілкінісі қалай байқалады? Мұны халықаралық сепсикалық шкаланы қодана отырып, MSSC-1974ж. үш фрагментін мысалға келтірейік.

4 балл. Байқалатын жер сілкінісі. Жер сілкінісін іште отырған адамдар көп сезінеді, ашық аспан арасындағы адамдар онша сезінбейді. Ұйықтап жатқан адамдар оянады, бірақ қорықпайды. Жүріп бара жатқан жүк машиналарына қысым түседі. Терезе, есік, ыдыс-аяқ сылдырмайды. Қабырға мен еден сықырлап, жиһаз қозғалады. Ашық сұйықтар ақырын тербеледі. Тұрған машина орнында тербеліс байқалады.

7 балл. Ғимараттың қирауы. Адамдардың көпшілігі қорыққандықтан үйден сыртқа қашады, аяқтарын әрең басады. Тербеліс машина жүргізушілерге қатты білінеді. Кірпішті, үлкен блокты және панелді үйлердің қабырғаларында жарықтар пайда болып, кесек сылақтар бөлінеді.

11 балл. Катастрофа. Өте жақсы салынған құрылыстар, бөгеулер, темір жолдар, транспорт жолдары, құбыр өткізгіштер толық қирайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХғ. Соңындағы ғылымдағы этикалық аспектілер және әлеуметтік – гуманитарлық бақылау
Көз жетер болашақ және алыстағы көкжиек
Қоршаған ортаны қорғау
«Жасыл экономика»: болашақ экологияның негізі
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар туралы мәлімет
Жергілікті аймаққа экологиялық бақылау жүргізу
Болашақ азамат
Экологиялық тәрбие арқылы балалардың табиғатқа қызығушылықтарын арттыру маңызы
Ғылым және философия
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық білім мен тәрбие беру және экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz