Қылмыстық процестiң қағидалары
Кiрiспе
1. Қылмыстық процестiң қағидалары, түсiнiгi мен мағынасы.
2. Қылмыстық сот өндiрiсi қағидаларының жүйесi.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттердiң тiзiмi

Қылмыстық iс жүргiзу құқығында қылмыстық iс өндiрiсi кезiнде пайда болатын нақты сұрақтарды шешетiн нормалармен қатар бүкiл қылмыстық iс жүргiзудiң құрылысына маңызы бар тәртiп мазмұндалған. Олардын көбiсi ҚР Конститутциясында бекiтiлген. Олар негiз қалаушы рөл атқарып, қылмыстық iс жүргiзудiң қағидалары деп аталады. Қылмыстық iс жүргiзу ғылымында ғалымдардың көбiсi тек құқық нормаларында бекiтiлген қылмыстық iс жүргiзу ойларын басқаратын негiз қалаушы қағидаларды таниды./1/.Н.Н.Полянский.Вопросы теории советского уголовного процесса.МГУ,1956,с.84;М.Л.Якуб. Демократические основы советского уголовно-процессуалъного права.МГУ,1960,с.26-27;Т.НДоброволъская.Принципы советского уголовного процесса М.,1971 г. с.9-11. Ешқандай ойлар жалпы мiндеттемелiк-құқықтық мiнезде болмаса қоғамдық қатынастарды реттей алмайды.
Демократизм ретiнде қылмыстық процесс қағидаларының мазмұнында қылмыстық процестiң аса маңызды мазмұны бар. Заңда көзделген қылмыстық процестiң мақсаттарын орындау кезiнде, қылмыстық iс өндiрiсiнде олар заңдылықты орындау кезiнде қылмыстық процестiң құрылымын құрастырады (ҚР ҚIЖҚ-ң 8-б.). Қылмыстық процестiң негiзгi қағидалары барлық процесуалдық формалар мен институттар жүйесiнiң мағынасын бiлдiретiн мәнге ие. Қағидалардың мәнi – олар ең соңғы шекте қылмыстық процестiң мiнезi мен нысанының жүйесiн, кезеңдерi мен институттарын анықтайды.
ҚР Конституциясы адам, қоғам және мемлекет өмiрiнiң, қызметiнiң негiзгi бағыттарын белгiлейтiн ең жоғарғы заңнамалық акт болып табылады. Қылмыс туралы iс бойынша ақиқатты iздеудiң қолайлы мақсатына бағынышты құқық қорғау органдарының қызметi ҚР Конститутциясында, қылмыстық iс жүргiзу заңында бекiтiлген алдына қойылған тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету арқылы бүкiл қылмыстық процесстiң құрылысын, оның мәнiн анықтайтын негiз қалаушы құқықтық ойларды мiндеттi сақтауында құрылады.
Қылмыстық iс жүргiзу заңында бекiтiлген барлық ережелер осы пiкiрлердi ақиқатқа жүзеге асырады, яғни қылмыстық процесс қағидаларының сақталуын бiлдiредi. Бұл дегенiмiз қылмыстық процестi жүргiзушi органдарының қызметi жоғарыда аталғандарға сәйкес болғанда ғана заңды және құқықты болуын бiлдiредi. Қылмыстық процесс қағидалары бүкiл қылмыстық процесстiң маңызды бастамалары, негiз қалаушы ойлары болып табылатынын атап өту керек. Олар сот өндiрiсiнiң ұйымдастырушылық негiздерiн анықтайды және тiкелей сот қызметiн мiнездейдi, онымен қылмысты тергеу және ашу барысында қылмыстық процестiң барлық қатысушыларын басшылыққа алады. Яғни қағида барлық қылмыстық процестiң негiзi мен базасы.

1. ҚР Конституциясы 30.08.1995ж.
2. Адамдардың жалпы құқықтық декларациясы 10.12.1948 г.
3. “Азаматтық және саяси құқықтар туралы” халықаралық пакт 16.12.1966 г.
4. ҚР Президентiнiң Конституциялық
заң күшi бар жарлығы “ҚР-ның сот жүйесi және соттардың мәртебесi туралы” 25.12.2000 ж.
5. ҚР Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар жарлығы “ҚР Конституциялық Кеңесi туралы” 29. 12. 1995 ж.
6. ҚРЗ “ҚР-дағы тiлдер туралы” 11. 07. 1997ж.
7. ҚРЗ “Адвокаттық қызмет туралы” 05. 12. 1997ж.
8. ҚРЗ “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” 23. 07 1999 ж.
9. ҚР ҚIЖК 13. 12. 1997 ж. заң күшiне енген 04. 01. 1998 ж.
10. ҚР Жоғарғы Сот Пленумының N-1 қаулысы “ҚР-сындағы сот төрелiгiндегi заңнаманы қолданудағы кейбiр сүрақтар туралы” 14. 05. 1998 ж.
11. Курс советского уголовного процесса. М. С. Строгович. Т. 1 М., 1968 г.
12. Учебник “Советский уголовный процесс” под ред. проф. Н. С. Алексеева, В. З. Лукашевича. Л., 1989г.
13. Б.Х. Төлеубекова “ҚР қылмыстық iс жүргiзу құқығы” Жалпы бөлiм. Оқулық екiншi. Қарағанды: 1994 ж.
14. Учебник “Уголовный процесс” под ред. проф. А. С. Кобликова. М.: Спарк, 1995 г.
15. Учебник “Уголовно процессуальное проаво РФ” под ред. проф. П. А. Лупинской. М.: Юрист, 1999 г.
16. Учебник “Уголовный процесс ” под ред. К. Ф. Гуценко. М.: Зерцало 1966 г.
17. Учебник “Уголовный процесс” под ред. проф. А. С. Кобликова М.: Юр. Литература, 1999 г.
18. Учебник для вузов “Уголовный процесс” под ред. В. П. Божьева 2000 г.
19. “Уголовный процесс Росий” Лекций – очерки под ред. д. ю. н. проф. В. М. Савицкого, 1997 г.
20. Добровольская Т. Н. “Принципы советского уголовного процесса (вопросы теориий и практики)” М. 1971 г.

ЖОСПАР
Кiрiспе
1. Қылмыстық процестiң қағидалары, түсiнiгi мен мағынасы.
2. Қылмыстық сот өндiрiсi қағидаларының жүйесi.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттердiң тiзiмi
Қолданылған әдебиеттердiң тiзiмi
1. ҚР Конституциясы 30.08.1995ж.
2. Адамдардың жалпы құқықтық декларациясы 10.12.1948 г.
3. “Азаматтық және саяси құқықтар туралы” халықаралық пакт 16.12.1966 г.
4. ҚР Президентiнiң Конституциялық
заң күшi бар жарлығы “ҚР-ның сот жүйесi және соттардың мәртебесi туралы”
25.12.2000 ж.
5. ҚР Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар жарлығы “ҚР Конституциялық
Кеңесi туралы” 29. 12. 1995 ж.

10. ҚР Жоғарғы Сот Пленумының N-1 қаулысы “ҚР-сындағы сот төрелiгiндегi
заңнаманы қолданудағы кейбiр сүрақтар туралы” 14. 05. 1998 ж.

12. Учебник “Советский уголовный процесс” под ред. проф. Н. С. Алексеева,
В. З. Лукашевича. Л., 1989г.
13. Б.Х. Төлеубекова “ҚР қылмыстық iс жүргiзу құқығы” Жалпы бөлiм. Оқулық
екiншi. Қарағанды: 1994 ж.
14. Учебник “Уголовный процесс” под ред. проф. А. С. Кобликова. М.: Спарк,
1995 г.
15. Учебник “Уголовно процессуальное проаво РФ” под ред. проф. П. А.
Лупинской. М.: Юрист, 1999 г.
16. Учебник “Уголовный процесс ” под ред. К. Ф. Гуценко. М.: Зерцало 1966
г.
17. Учебник “Уголовный процесс” под ред. проф. А. С. Кобликова М.: Юр.
Литература, 1999 г.

19. “Уголовный процесс Росий” Лекций – очерки под ред. д. ю. н. проф. В. М.
Савицкого, 1997 г.
20. Добровольская Т. Н. “Принципы советского уголовного процесса (вопросы
теориий и практики)” М. 1971 г.
Кiрiспе
Қылмыстық iс жүргiзу құқығында қылмыстық iс өндiрiсi кезiнде
пайда болатын нақты сұрақтарды шешетiн нормалармен қатар бүкiл қылмыстық iс
жүргiзудiң құрылысына маңызы бар тәртiп мазмұндалған. Олардын көбiсi ҚР
Конститутциясында бекiтiлген. Олар негiз қалаушы рөл атқарып, қылмыстық iс
жүргiзудiң қағидалары деп аталады. Қылмыстық iс жүргiзу ғылымында
ғалымдардың көбiсi тек құқық нормаларында бекiтiлген қылмыстық iс жүргiзу
ойларын басқаратын негiз қалаушы қағидаларды
таниды.1.Н.Н.Полянский.Вопросы теории советского уголовного
процесса.МГУ,1956,с.84;М.Л.Якуб. Демократические основы советского уголовно-
процессуалъного права.МГУ,1960,с.26-27;Т.НДоброволъ ская.Принципы советского
уголовного процесса М.,1971 г. с.9-11. Ешқандай ойлар жалпы мiндеттемелiк-
құқықтық мiнезде болмаса қоғамдық қатынастарды реттей алмайды.
Демократизм ретiнде қылмыстық процесс қағидаларының мазмұнында
қылмыстық процестiң аса маңызды мазмұны бар. Заңда көзделген қылмыстық
процестiң мақсаттарын орындау кезiнде, қылмыстық iс өндiрiсiнде олар
заңдылықты орындау кезiнде қылмыстық процестiң құрылымын құрастырады (ҚР
ҚIЖҚ-ң 8-б.). Қылмыстық процестiң негiзгi қағидалары барлық процесуалдық
формалар мен институттар жүйесiнiң мағынасын бiлдiретiн мәнге ие.
Қағидалардың мәнi – олар ең соңғы шекте қылмыстық процестiң мiнезi мен
нысанының жүйесiн, кезеңдерi мен институттарын анықтайды.
ҚР Конституциясы адам, қоғам және мемлекет өмiрiнiң, қызметiнiң
негiзгi бағыттарын белгiлейтiн ең жоғарғы заңнамалық акт болып табылады.
Қылмыс туралы iс бойынша ақиқатты iздеудiң қолайлы мақсатына бағынышты
құқық қорғау органдарының қызметi ҚР Конститутциясында, қылмыстық iс
жүргiзу заңында бекiтiлген алдына қойылған тапсырмалардың орындалуын
қамтамасыз ету арқылы бүкiл қылмыстық процесстiң құрылысын, оның мәнiн
анықтайтын негiз қалаушы құқықтық ойларды мiндеттi сақтауында құрылады.
Қылмыстық iс жүргiзу заңында бекiтiлген барлық ережелер осы пiкiрлердi
ақиқатқа жүзеге асырады, яғни қылмыстық процесс қағидаларының сақталуын
бiлдiредi. Бұл дегенiмiз қылмыстық процестi жүргiзушi органдарының қызметi
жоғарыда аталғандарға сәйкес болғанда ғана заңды және құқықты болуын
бiлдiредi. Қылмыстық процесс қағидалары бүкiл қылмыстық процесстiң маңызды
бастамалары, негiз қалаушы ойлары болып табылатынын атап өту керек. Олар
сот өндiрiсiнiң ұйымдастырушылық негiздерiн анықтайды және тiкелей сот
қызметiн мiнездейдi, онымен қылмысты тергеу және ашу барысында қылмыстық
процестiң барлық қатысушыларын басшылыққа алады. Яғни қағида барлық
қылмыстық процестiң негiзi мен базасы.
1-сұрақ. Қылмыстық процесс қағидаларының түсiнiгi және маңызы.
Қылмыстық процесс заңнамасы және онымен реттелiнетiн қылмыстық процесс
қызметi барлық қылмыстық процестiң мiнезiн анықтайтын онда басты және
негiзгi рөлiн алатын тұрақты қалыптасқан және басшы ережелерге сүйенедi.
Қылмыстық процестегi тұрақты қалыптасқан басшы ережелерiн “қағидалары” деп
атайды (латын сөзi– principium – бастапқы, қалыптасу, негiзi мағынада).
Қазiргi кезде заңи әдебиеттерде қылмыстық процестегi қағида ұғымының
анықтамасы әлiде бiр түйiндi пiкiрге келу мәселесi қылмыстық процессуалдық
институттардан және әдiлеттiлiк қағидаларының жан-жақты жүйесiн өңдеу
мәселесi шешiлген жоқ. “...дiл сот қағидасы” және “қылмыстық процесс
қағидасы” мағыналарының ара қатынасы мәселесi мынадай нысанмен көрсетiлуi
мүмкiн: қыылымыстық процесс қағидасынан тыс әдiл сот қағидасы болуы мүмкiн
емес (Добровольская Т.Н.).
Қылмыстық процесс ғылымында мынандай көзқарас қарастырылады, қағидалар
нормативтi құқықты сипаты бар негiз қалаушы басшылық етушi бастамалар. Олар
қылмыстық сот өндiрiсiнiң мақсаттарын, сипатын және процессуалды
нысандардың жүйесiн, кезеңдерiн және институттарын қамтиды.
Қылмыстық процесс қағидалары осы немесе өзге мемлекеттердiң
экономикасын, саяси құрылымын, құқықтық жүйесiн, тарихи және ұлттық салтын,
мәдениет деңгейiн, үстемдiк идеологиясын және басқа объективтi факторларын
қамтитынын ескере кеткен жөн. Қылмыстық процесс қағидалары өзiнiң пайда
болу негiздерi бойынша пiкiрлер, қылмыстық процессуалдық тәртiптегi тиiстi
көзқарастар, әдiлеттiлiктiң көрiнiс алуы және олардың тұрақты болу
тиiстiлiгi.
Қылмыстық процестiң негiзiн қалаушы бастама, жалпы және маңызды
қасиетiн бекiтiп, жаратылысын көрсететiн, шын демократиялық мән - қылмыстық
процестiң қағидалары болып табылады. Гылыми жұмыстарда - қалыптасқан дұрыс
қоғамдық дамуларда қамтылған жалпы, басшылық ететiн пiкiрлер ешқандай
нормативтiк актiлерде көрсетiлмеген болса да қағида болады,- деген пiкiр
қылмыстық процесс ғылымында бар.[1]
Құқық қағидалары тек қана қоғамдағы үстем құқықтық көзқарастар,
идеялар ғана емес сонымен қатар құқықтық қарым қатынастың қатысушыларына
бағытталған қажеттi сұраныстарды тұжырымдайды. Сондықтан құқықтық қағидалар
абстрактiлi тiлектер және ақиқатты бәсең сипаттау емес, ол құқықтық
қатынастарды реттеудiң маңызды құралы. 5 Российское уголовное право;
Общая часть; Учебник под редакцией В.Н. Кудрявцева и А.В. Наумова. М: Спарк
1997г. с.23.
Қолданыстағы Конституция ҚР демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтiк деп жариялады (1-бап). Бұл ахуалдан басқа конституциялық
орнатулар туындайды: адам, оның өмiрi, құқықтары және бостандықтары ең
жоғарғы құндылықтар болып табылады. Адам және азаматтың құқықтары мен
бостандықтарын тану, сақтау және қорғау – мемлекет мiндетi (12-бап). Бұл
ережелердi өмiрге ендiру мемлекет пен құқықтың алдымен және басты қалыппен
адам үшiн, ал соңғысы қоғам мүшелерiнiң мұқтаждарын нақты көрсетiлуiн және
оларды қорғап, сақтау үшiн өмiр сүруiн көрсетедi.
Қылмыстық сот өндiрiсi қағидаларын тұжырымдау үшiн оларға керектi
талаптарды бiлу өте маңызды. Қандайда болсын ережелердi қылмыстық iс
жүргiзу құқығы қағидаларының категориясына жатқызу үшiн олар мына
талаптарға сай келуге тиiс:
1) олар (ережелер) анықтау, тергеу, прокуратура және сот органдарының
ұйымдастырылуы мен қызметiнде негiзгi, бастапқы сәттердi айқындап,
олардың, өз кезегiнде, жеке-дара сипатты ережелер туындайды;
2) қағидалардың өздерiнде адамдардың ерiк берiлген немесе мiндеттi iс-
қылықтарының барлық жақтары және құқықтық норманың барлық
элементтерi (болжам, диспозиция, санкция) тұжырымдалуға тиiс емес;
3) негiз қалаушы айқындамаларға еркiн мазмұн беруге болмайды, өйткенi
олар қылмыстық iс жүргiзу құқығының заңдылықтарымен және iшкi
логикасымен объективтi түрде байланысты;
4) қағидалар категориясына жатқызылған ережелер объективтi және
субъективтi негiздердi бiрдей дәрежеде ұштастыруға тиiс (мазмұн
объективтi, заң сөзiнiң нысаны субъективтi);
5) қағида ережелерiнiң мәнiне отнықтылық, тұрақтылық тән болуға тиiс
(құқық нормалары өзгертiледi, заңдар ауыстырылады, ал қағидалар
сақталады);
6) өктем, әмiрлi сипатта болуға тиiс;
7) қылмыстық iс жүргiзу құқығы жүйесiнде басым жағдайда болуға тиiс.
Сонымен келе, қылмыстық процесс қағидалары болып қоғамдық немесе
мемлекеттiк саппен ескертiлген және қылмыстық iстердi мәнi бойынша қозғау,
тергеу, қарау және шешуде мемлекеттiк органдардың ұйымдастырылуының және
қызметiнiң мәнiн анықтаушы қолданыстағы заңнамамен бекiтiлген негiзгi
бастапқы ахуалдар, сондай-ақ қылмыстық процесс қызметiнiң мемлекетпен
қылмыстық сот өндiрiсiнiң алдына қойылған мақсаттар мен тапсырмаларға
жетуге бағытталған ахуалдар.
ҚР ҚIЖК-нiң 9-бабына сәйкес қылмыстық процесс прициптерiнiң мәнi
мынада: оларды бұзу, оның сипаты мен мәнiне қарай iс бойынша болған iс
жүргiзудi жарамсыз деп тануға, мұндай iс жүргiзудiң барысында шығарылған
шешiмдердi бұзуға не осы тұрғыда жиналған материалдарды дәлелдеу күшi жоқ
деп тануға әкелiп соқтырады.
Қағидаларды кең мағынада талқылаудың маңызы келесiде тұжырымдалған:
бiрiншiден, қылмыстық iс жүргiзу құқығы жүйесiндегi қағидалар орталық
жетекшi орын алады, олар бiр-бiрiмен тығыз және үйлесiмдi байланысқан
бастапқы, әуелгi нормалар, олар құқықтық ұйғарым сияқты құрылады және
нормативтiк мiнез-құлықты болады;
екiншiден, қағидалар iс жүргiзу құқығының негiзгi бағыттарын, даму
перспективаларын анықтайды, қылмыстық процестiң әлуметтiк тағайындалуын,
оның табиғатын және жүйесiн түсiнуге кiлт болып табылады;
үшiншiден, қағидалар қолданыстағы заңнаманың өзгертiлуiмен және
толықтыруымен байланысты сөйлемдердiң тұрақтылығын анықтаудағы басты
өлшеуiш ретiнде шығады және процесуалдық нормалардың дұрыс талқылануына
мүмкiндiк тудырады. Қылмытық процесс қағидаларының басты маңызы осыда
тұрады деп сенiмдiлiкпен бекiтуге болады.
Процессуалды құқықтық жүйесiнде қағидалар басшылық орын алады, әрдайым
бiр-бiрiнен шығарылмайтын және қағидаларының мәнi нақтыланған және
бағынылған нормалармен қамтылып жүзеге асады. Ортақтақтың жоғары
дәрежесiмен ие болған, басқа ережелерде қалыптасқан қылмыстық құқықтық әсер
етудiң бiр тектiк жүйесiне күрделi мән беретiн процессуалдық нормалардың
барлық жүесiнiң дәл өзiн көрсетедi.
Процессуалдық нормалардың барлық жүйесiнiң дәл өзiн көрсеткен,
ортақтықтың жоғары дәрежесiмен ие болған және басқа ережелерде қалыптасқан
қылмыстық құқықтық әсер етудiң бiр тектiк жүйесiне күрделi мән беретiн
қағидалар.
Дәл осы қарым-қатынас барлық қылмыстық iстер бойынша жалпы және
нақтылайтын нормалардың бiртектiгiн және қылмыстық сот өндiрiсiнде
заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етедi.
Қылмыстық процестiң қағидалары барлық сатыда жүзеге асырылады, олар әр
сатыда шешiлетiн мәселе бойынша жиi кездеседi. Бiрақта, олар әдiл сот
қағидалары да болғандықтан сот өнiрiс сатысында толығымен жүзеге асырылады.
Қағидалар мазмұны бойынша объективтi, сонымен қатар қоғамдық және
мемлекеттiк өмiрдiң заңдылықтарын көрсетедi.
Адам және тиiстi мемлекеттiк органдар қылмыстық сот өндiрiсiнiң
адресаты болып табылады. Тиiстi мемлекеттiк органдар қылмыстық процестегi
орнатылған қағидалар негiзiнде жүргiзуi және олардың бұзылған салдарын
қалына келтiруi тиiс. Сондықтан, адам мен азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын тану, сақтау және қорғау мемлекеттiң мiндетi.
Бiрiншi сұрақ бойынша қорытынды:
1. Қылмыстық процестiң қағидалары – қылмыстық процестiң құрылымын,
оның мәнiн, сонымен қатар алдында тұрған мақсаттарының орындалуын
қамтамасыз ететiн, Конституция мен ҚIЖК-де бекiтiлген негiздеушi құқықтық
ереже.
2. Құқық қағидалары қоғамда басшылық ететiн құқықтық көзқарастарды,
пiкiрлердi ғана көрсетпей, сонымен бiрге құқықтық қатынастың қатысушыларына
тиiстi талаптар қояды: судьяларға, прокурорларға және адвокаттарға,
жәбiрленушi мен айыптаушыға, азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкерге.
Сондықтан құқық қағидалары – құқықтық қатынастарды реттейтiн маңызды құрал.
2-сұрақ. Қылмыстық сот өндiрiсi қағидаларының жүйесi.
Салалық қылмыстық процесс заңнамасы ҚР Конституциясының қағидалары кез
келген сот өндiрiсi сатысында жүзеге асыру шектерiн дамытып, нақтылап және
өзгеде салалық қағидалармен толықтырады. Сондықтан әдебиеттерде арнайы
қағидалардан гөрi Конституциялық қағидаларды ерекше белгiлейдi.
Арнайы қағидалардың қатарына мыналар кiредi: ҚР Конституциясының 23,
24, 12, 25, 31 баптары.
Қылмыстық процестегi конституциялық қағидаларды ҚР Конституциясында
бекiтiлген қылмыстық процестiң құрылымын, мәнiн және мiнез – құлқын
анықтайтын негiз қалаушы құқықтық пiкiрлер ретiнде қарастыруға болады. Олар
қылмыстық процестiң фундаментi мен базасын құрайды.
Қылмыстық процесс қағидаларына:
Заңдылық
(ҚР Конституциясының 1, 4, 34, 77, 78 баптары; ҚР ҚIЖК 10 б.) –
Қоғамдық және мемлекеттiк өмiрде жүзеге асырылатын жалпы құқықтық және
жалпы мемлекеттiк қағида, барлық құқық салаларының жетекшi қағидасы. Бұл
қағида ҚР Конституциясының көптеген баптарында негiзделедi. Конституция
жоғары заңи күшiне ие болып, ҚР барлық территориясында жүзеге
асырылатындығы 4 бапта көрсетiлген. 1 бапта Қазақстан өзiн демократиялық,
зайырлы құқықтық және әлеуметтiк мемлекет деп көрсетедi. 34 бапта ҚР
заңнамасын сақтау, ары және намысын құрметтеу мiндеттiлiгi жарияланған.
...дiл сот саласында бұл қағида мынаны бiлдiредi:
- бiрiншiден, сот әдiлдiгiн тек қана соттар жүзеге асырады;
- екiншiден, соттар сот әдiлдiгiн жүзеге асыру барысында тәуелсiз
және Конституция мен өзге де заңдарға бағынады;
- үшiншiден, сот талқылауы барысында материалды және процессуалды
заңдылықты дұрыс қолдану;
- төртiншiден, сот iстерi бойынша өндiрiс тәртiбi ҚР заңдарымен
орнатылған.
Заңдылықты сақтау талабы ҚIЖҚ – ның барлық нормаларын сақтауын,
қылмыстық заңның және басқа материалдық заңдардың дұрыс орындалуын
бiлдiредi.
Заңдлық соттың, прокурордың, тергеу органдарының iс жүргiзу
қызметiнде сақталуы мiндеттi. Сондықтан қылмыстық iс жүргiзу заңында тек
қана қылмыстық iс бойынша тергеудi және соттық қарауды жүзеге асыратын
тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерi ғана емес және қылмыстық процестiң
өзге де субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi көрсетiлген(айыпталушы,
жәбiрленушi, қорғаушы және т.б.).
Сот өзiнiң құзыретiне қарамастан әдiл сотты заң негiзiнде және заңға
сәйкес жүзеге асырады. Сот тек өзi ғана заңды сақтамай сонымен қатар
тараптардың қызметiн олардың құқықтары мен мiндеттерi негiзiнде қамтамасыз
етедi.
Алдын ала тергеу сатысында заңдылықтың талаптары дегенiмiз қылмыстық
iс жүргiзуге жауапты тұлғалардың (тергеушi, анықтаушы, прокурор), алдын ала
тергеудiң басқа да қатысушыларының (сезiктi, айыпталушы, жәбiрленушi және
т.б.) және заңдарға ведомствалық бақылауды жүргiзетiн субъектiлердiң
(тергеу бөлiмiнiң бастығы, анықтау органының бастығы, прокурор, сот) заңға
сәйкес қызметiн орындауы.
Қоғамдық қатынастарды сотта анықтауда және алдын ала тергеуде реттеу
барысында заңдылықтың күйi заңдардың жүйесi ретiндегi тиiстi құқықтық база
мен себеп болған. Дұрыс заңдардың бар болуы – заңдылықтың iрге тасы,
бiрақта әлi заңдылық емес. Қылмыстық сот өндiрiсiндегi заңдылық қағидасы
қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының заңдарды бас тартпай
орындауына, азаматтардың талаптарын және мемлекеттiк органдардың
қызметтерiн құқық нормаларының талаптарына сәйкестендiруге бағытталған.
Тергеушiлер мен анықтау органдары үшiн заңдылық талаптарын сақтау
дегенiмiз қылмысты тез және толық тергеудi қамтамасыз ету, барлық тергеу
әрекеттерi негiзiнде дәлелдемелердi жинау және зерттеудi қатаң заңдарға
сәйкес жүргiзу болып табылады. Осы мақсаттарда ҚР ҚIЖК-де заңмен рұқсат
етiлген барлық процессуалдық әрекеттердiң және процессуалдық шешiмдердiң
өндiрiстерi нақты көрсетiлген. Оның негiзiнде олар тек қана қылмыстық iс
жүргiзу заңының талаптарын ғана емес, сонымен қатар қылмыстық заң
талаптарын дәл сақтауға мiндеттi.
Бiрақ алдын ала тергеу өндiрiсiнде заңдарды сақтау және орындау
талаптары қылмыстық процестiң басқа да сатыларында сияқты тек қана
қылмыстық iс бойынша өндiрiс жүргiзетiн субъектiлiрге ғана емес, сонымен
бiрге қылмыстық өндiрiс саласына тартылған азаматтарға, олардың
қорғаушылары мен өкiлдерiне, сарапшыға, мамандарға және т. б. көрсетiлген.
Сонымен қатар, азаматтар қылмыстық процеске дер кезiнде түсу үшiн тергеушi
және iс бойынша өндiрiс жүргiзушi өзге де субъектiлер мiндеттi:
А) дер кезiнде олардыi iчке қатысу рұқсаты жайлы шешiм
қабылдау.(мысалы, тергеушiмен адамды айыпталушы ретiнде жауапқа тарту
туралы дәлелдi қаулы шығару, кiнәсiн мойындап келу және т.б.);
Б) оларға берiлген құқықтар мен мiндеттердi түсiндiру;
В) тиiстi құқықтарын жүзеге асыру мүмкiндiгiң қамтамасыз ету. Бұл
талаптар қазiргi уақытта тек қана ҚIЖК-де ғана емес және ҚР
Конституциясының ережелерiнде тiкелей негiзделген (12-бап).
Конституцияның 4-бабының 4-тармағына сәйкес азаматтардың құқықтарына,
бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты ресми түрде жарияланбаған
нормативтiк құқықтық актiлердi соттардың және олармен өздерiнiң шешiмдерiн
тұрақтандыруға құқығы жоқ.
Сот бiрiншi, апелляциялық, қадағалау сатыларында Конституцияның 78-
бабының талаптарын орындалғанда тиiстi заң немесе өзге де нормативтiк
құқықтық акт Конституциямен баяндв етiлген адамның және азаматтың құқықтары
мен бостандықтарына нұқсан келтiредi деп тапса, осы актiнi Конституциялық
емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық еңеске iстi қарастыру
барысында кез келген уақытта жүгiнуге құқылы. Сонымен қатар соттар
29.12.1995 ж. ҚР Президентiнiң “ҚР Конституциялық Кеңесi туралы”
Конституциялық заң күшi бар жарлығының 22-бабына сәйкес Конституциялық
Кеңеске жүгiну ережелерi мен мазмұнын қатаң сақтауға мiндеттi.
Заңдылық – ол қолдану саласы өте кең қағида. Ол қылмыстық процестiң
барлық кезеңдерi мен институттарына, барлық субъектiлерiне қатысты болып,
барлық әрекеттер мен процесуалдық шешiмдерге таралып, басқа қағидаларға
және олардың фактiлiк жүзеге асырылуына әсер етедi. Сондықтан бұл қағида
қылмыстық процестiң басқа қағидаларының арасында маңызы зор.
Қағидалардың барлығы және әрқайсысы заңдылықты жүзеге асырып, олардың
бұзылуы заңдылықтың бұзылуы деп есептеледi.
Сот әдiлдiгiн тек соттың ғана жүзеге асыруы.
(ҚР Конституциясының 75, 76-баптары; ҚР ҚIЖК-ң 11-б.)
Осы қағидада айтылған: “ҚР-да қылмыстыұ iстер бойынша сот әдiлдiгiн
тек соттар жүзеге асырады. Сот өкiлеттiгiнiң болса да иемденуi заңда
көзделген жауаптылыққа әкеп соқтырады.” Адамның кiнәлi екендiгi заңды
күшiне енген сот үкiмiмен танылғанша ол жасалған қылмысқа кiнәлi емес деп
есептеледi. Тек сот өзiнiң үкiмiнде тұлғаның кiнәлi деп санап, қылмыстық
жазаны тағайындайды.
ҚР-да қылмыстық iстер бойынша әдiл сотты:
-ҚР-ның Жоғарғы Соты;
-Облыстық және оларға теңестiрiлген соттар;
-Аудандық (қалалық) және оларға теңестiрiлген соттар;
-...скери соттар жүзеге асырады.
Бұл қағида, соттың әдiл сотты жүзеге асыру ерекше құқығын бiрде-бiр
соттық емес мемлекеттiк органдарға өтуiн болдыртпайды. Соттың құзыретi
заңмен анықталады. Тек қана сот тұлғаны жасалған қылмысы үшiн кiнәлi деп
жаза тағайындауға, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын немесе тәртiптiк
мәжбүрлеу шараларын қолдануға, төменгi тұрған соттың шешiмiнiң күшiн жоюға
немесе өзгертуе құқылы. Бұл қағиданың мазмұнына соттың қызметi оның барлық
нысанында жүзеге асырылуы кiредi, яғни бiрiншi сатыдағы соттардың iстерiн
шешу, сондай-ақ апелляциялық, қадағалау тәртiбiнде талқылау немесе жаңадан
ашылған жағдайлар.
Тек осы сот қызметiнiң нысаны әдiл соттың құрамын құрайды, осы қызмет
тек сот функциясы және басқа мемлекеттiк органдар мен қоғамдық ұйымдардың
қызметi болып табылмайды.
Сотқа әдiл сотты жүзеге асыру үшiн ерекше құзыреттер берiлген, өйткенi
тек сот тараптардың бәсекелестiк және тең құқықтарын қамтамасыз етiп, iстiң
мән-жайын толық, жан-жақты және объективтi зерттейдi және ешбiр мемлекеттiк
органдардың мұндай құзыреттерi жоқ. Бұл қағида заңмен реттелiнiп сот
өндiрiсiнде заңдылықты қамтамасыз етiп, қылмыстық iстердiң заңды және
негiздi шешiлуiнiң кепiлдiктерiн қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ
қылмыстық iстi дұрыс шешу жауаптылығын сотқа жүктейдi.
ҚР ҚIЖК-нiң нормаларына сәйкес, мысалы, қылмыстық сот өндiрiсiнiң және
әдiл сот қағидаларының барлық жүйесi сот талқылауы сатысында жүзеге
асырылады. Қылмыстық сот өндiрiсiнiң бұл сатысында басқа сатыларға
қарағанда айыпталушы, оның қорғаушысы және заңды өкiлiне, жәбiрленушiге,
азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкерге және олардың өкiлдерiне кең
құқықтар берiлген. Бұның бәрi сотқа объективтi шындыққа жету үшiн және әдiл
шешiм қабылдауға мүмкiндiк бередi.
Қағиданың маңыздылығы:
1) ешқандай өзге мемлекеттiк және қоғамдық органдар соттың
юрисдикциясына жататын қылмыстық iстердi қарастырып шеше алмайды;
2) сотқа дейiнгi дайындық анықтау және алдын ала тергеу әлi
әдiлеттiлiк болып табылмайды;
3) тек сот тұлғаны кiнәлi немесе кiнәлi емес деп танып және айыптайтын
немесе ақтайтын шешiм шығарады;
4) заңды күшiне енген сот қаулылары ҚР – ның барлық тұлғаларына, жеке,
лауазымды тұлғаларға және заңды тұлғаларға мiндеттi;
5) сот қаулылары тек жоғары тұрған сотпен заңда көзделген тәртiппен
алынып тасталуы немесе өзгертiлуi мүмкiн;
6) тек соттың сот iстерi бойынша жаза тағайындау құқығы бар.
Бұл қағиданың маңыздылығы тек қана заңи тұрғыда ғана емес және саяси
тұрғыда. Оның қызметi қылмыстық iстiң заңды және негiздi шешуiне керектi
кепiлдiктер жасап, заңмен реттелетiн сот өндiрiсiндегi заңдылықты
қамтамасыз етуге бағытталған.
Адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау.
(ҚР Конституциясының 13, 17 баптары, “Азаматтық және саяси құқықтар туралы”
халықаралық пактiнiң 14 б., ҚР ҚIЖК 12 б.). Бұл қағиданың мәнi “Азаматтық
және саяси құқықтар туралы” халықаралық пактiнiң 14 б-да көрсетiлген:
”...ркiм өзiне байланысты қылмыстық айып бойынша әдiл және жария талқылауға
заңды негiзде құрылған сотқа жүгiнуге құқылы”. Адам мен азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау қылмыстық процессуалдық
нормалардың жүйесiмен қамтамасыз етiледi:
- прокурор, тергеушi, анықтау органы қылмыс белгiлерi жайлы
жеткiлiктi мәлiметтер болғанда, жасалған қылмыс немесе дайындалып
жатқан қылмыс туралы арыз (хабарлама) түскен кезде тексерушi
әрекеттер жасауға мiндеттi, қылмыстық iстi қозғап, тергеу, жиналған
дәлелдемелер негiзiнде қылмыскердi қылмыстық жауаптылыққа тарту,
материалдарды iстi қарастыру үшiнсотқа жiберу;
- iс бойынша прокурор, тергеушi, анықтаушы iстiң мән жайларын анықтап
және зерттеуге барлық дәлелдемелердi және iс ұшiн маңызы бар мән –
жайларды заңда көрсетiлген әдiстер мен құралдарды қолдана отырып
анықтауға, тексеруге және бағалауға мiндеттi;
- ҚР ҚIЖК – нiң 317, 396 б-ры прокурордың сот отырысына қатысу
тәртiбi мен шарттарын, фактiлiк мәлiметтер және материалдық
құқықтық номалармен мәнiсiн көрсетiп, маңызды функцияны орындау
үшiн орнатады.
Сондай-ақ мүдделi тұлғалардың еркiне байланысты прокурор өзiнiң
қызметiн өзгерте алмайды (мысалы, айыптау тарабынан қорғау тарабына өту).
Бұл қағиданың құрама бөлiгi болып заңмен көрсетiлген соттылығының
өзгермеуi табылады. Бұл ереже ҚР Конституцияның 77 бабы былай көрсетiлген:
“Озiне заңмен көзделген соттылығын оның келiсiмiнсiз ешкiмнiң өзгертуiне
болмайды ”.
Барлық заңмен бұзылған, бiреудiң құқықтарына нұқсан келтiрiлген
шешiмдер мен әрекеттерге сотқа шағымдануға болады.
Мелекеттiк органдар, ұйымдар, лауазымды және басқа да тұлғалар
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сотқа арыздану арқылы
жүзеге асырылады.
Жеке адамның абыройы мен қадiр – қасиетiн құрметтеу
(ҚР Конституциясының 17-б., 10.05.1948 ж. “Адам құқықтарының жалпы
декларациясы ” 5-б., ҚР ҚIЖК-13 б)
ҚР Конституциясында бекiтiлген: “Адамның қадiр – қасиетiне қол
сұғылмайды, ешкiмдi азаптуға, оған зорлық – зомбылық жасауға, басқадай
қатыгездiк немесе адамдық қадыр – қасиетiн қорлайтындай жәбiр көрсетуге не
жазалуға болмайды. ”
ҚР қылмыстық процесс заңында адамның абыройы мен қадiр - қасиетiн
қорғауға бағытталған жеке орнатулар бұрын да орын алған болатын:
- ҚIЖК-де жеке айыптау iстерiн анықтау;
- Куәландыру және тергеу экспериментiн жүргiзу барысында адамның
қадыр – қасиетi мен абыройын құрметтемеуге жол бермеу;
- Тергеушi сол үй-жайда тұрып жатқан адамның немесе басқа адамдардың
жеке өмiрiнiң тiнту мен алу кезiнде анықталған мән-жайларының жария
етiлмеуiне шаралар қолдануға мiндеттi.
Осы және өзге ережелер Конституцияның нормаларын ескере отырып, қылмыстық
iстер бойынша қолданылуға жатады.
Адамның абыройы мен қадыр – қасиетiн құрметтеу қағидасы өзге
қағидалардан айырмашылығы мынада:
1) қылмыстық iзге түсу органдарымен келтiрiлген зардап ерекшке
моральды сипатта болуы мүмкiн (мысалы, жеке басқа қол сұқпаушылық
қағидасы бұзылғае ретте материалдық сипаттағы зардаптың орын
алуы);
2) адамның жеке өмiрi жайлы сол адамның келiсiмiмен жасалған,
қолданылған және таратылған мәлiметтер не оның әрекетi белгiлi
мақсатты құруға бағытталған жағдайлар орын алған кезде бұл
қағиданың бұзылуы орын алмайды:
3) қағида бұзылды деп есептеледi, егер, адамның жеке өмiрi жайлы
жиналған, қолданылған және таратылған мәлiметтер оның атына зардап
келтiрiп, конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге
асыруға нұқсан тудырса, не заңмен мәлiметтердi жариялаған үшiн
жауаптылық көзделсе (мысалы, асырап алу жайлы мәлiттердi
асыраушының немесе асыранып алушының еркiнсiз жариялау осы
қағиданың бұзылуы деп есептеледi);
4) қылмыстық процестi жүзеге асырушы органдардың қызметi қылмыстық
сот өндiрiсiне тартылған тұлғаның абыройы мен қадыр – қасиетiн
құрметтеу қағидасын қамтамасыз етуге бағытталған, сонымен қатар
осы тұлғаның туыстары мен жақындарына осы қағиданы қамтамасыз
етуге бағытталса (мысалы, айыпталушының балалары, әйелi, ата-анасы
және т.б-лардың жеке өмiрi жайлы мәлiметтердi тарату оған
моральдық зардап келтiрсе, абыройы мен қадыр – қасиеттi құрметтеу
қағидасының бұзылуы болып саналады);
5) қылмыстық iзге түсудi ақтау негiздерi бойынша тоқтатуды бұл
қағиданың бұзылғандығы деп түсiнуiмiз қажет, оның құқықтық салдары
моральдық зардаптарды қалпына келтiру болып табылады.
Адамның жеке басына тиiспеушiлiк
(ҚР Конституциясының 16-б., 10.12.1948 ж. Адам құқықтарының жалпы
декларациясының 9-б., “Азаматтық және саяси құқықтар туралы ”
халықаралық пактiнiң 9-б., ҚР ҚIЖК-нiң 14-б.)
Жеке басқа тиiспеушiлiк - әрбiр азаматтың бостандықтары мен
қауiпсiздiгiне құқықтық емес қол сұғушылықтардан мемлекеттiк қорғану
құқығынан тұрады.
Жеке басқа тиiспеушiлiк сонымен қатар заңсыз қамауға алуға, ұстауға
жол берiлмеуiн бiлдiредi. ҚР Конституциясының 16 бабында көрсетiлген:
“Заңда көзделген реттерде ғана және тек соттың немесе прокурордың
санкциясымен тұтқындауға және қамуда ұстауға болады, тұтқындалған адамға
сотқа шағымдану құқығы берiледi.” Бұл тыйым салудан бас тарту кепiлдiктер
жүйесiн қарастыратын, адам мен азаматтардың бостандықтарынан айыру заңды
және негiздiлiгiн қамтамасыз ететiн кез келген нысанда заңда көрсетiлген
тәртiппен жүзеге асырылуы мүмкiн. Жеке қолданылуы мүмкiн, заңмен анықталған
тәртiппен сот пен прокурордың қадағалау щарттары болған ретте. Мұндай
шараға тартылған тұлғаға оның заңсыздығы мен негiзсiздiгiне шағымдануға
мүмкiндiк берiлген.
Жеке басқа тиiспеушiлiк қағидасы соттың, қылмыстық iзге түсу органының
заңсыз ұсталған, қамалған немесе медициналық мекемеге орнатылған тұлғаны
босатуды көздейдi. Адамның жеке басына тиiспеушiлiк қағидасының заңсыз
бұзылуын прокурормен жүзеге асырылатын қадағалау процесiнде, қылмыстық iзге
түсу органының қылмыс жағдайларын орнату кезiнде және соттың iстi қарастыру
барысында орын алуы мүмкiн. Сонымен қатар қамауға алу туралы қаулысындағы
мерзiмнен ұзақ мерзiмде тергеу изоляторында немесе қаулымен анықталған бас
бостандығынан айыру орындарында мерзiмнен ұзақ мерзiмде қамалған тұлғаларға
босату талаптары орын алады.
Адамның жеке басына тиiспеушiлiк қағидасының мазмұнына қылмыстық
процеске қатысушы зорлық, қатал және қадыр – қасиетiн төмендететiн
әрекеттерге жол берiлмейтiндiгi кiредi. Зорлық, қатал және адамның қадыр –
қасиетiн төмендететiн әрекеттердiң адам мен азаматтардың конституциялық
құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы орын алмайтын процесуалдық
әректтерге ешқандай қатыстылығы жоқ деген ұйғарым бар. Сот өндiрiсiнде
зорлық – зомбылық, қатал немесе адамның қадыр қасиетiн төмендететiн iс
әрекеттерге жол беру процесуалдық әрекеттердiң заңда көрсетiлген ережелердi
елеулi бұзылғандығын және осының барысында жиналған дәлелдемелiк күшi бар
материалдарды жоққа шығарады. Жеке басына тиiспеушiлiк талаптары қамауға
алынған тұлғаға қатысты сақталуға мiндеттi. Уақытша ұстау изоляторының
шарттары қамауға алынған тұлғаның өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiрмеуi
тиiс.
Қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзу кезiнде адамның құқықтары мен
бостандықтарын қорғау
(ҚР ҚIЖК-ң 15-бабы)
Қылмыстық процестi жүргiзушi орган қылмыстық процеске қатысушы
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, оларды жүзеге асыру
үшiн жағдай жасауға, процеске қатысушылардың заңды заңды талаптарын
қанағаттандыруға уақытылы шаралар қолдануға мiндеттi.
Жәбiрленушiнi, куәнi немесе қылмыстық процеске қатысушы өзге де
адамдарды, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiн немесе өзге де жақын
туыстарын өлтiрумен, күш қолданумен, мүлiк жоюмен немесе бүлдiрумен, не
өзге де заңға қарсы қауiптi әрекеттермен қорқытқандығына жеткiлiктi
негiздер болған кезде қылмыстық процестi жүргiзушi орган өз құзыретi
шегiнде бұл адамдардың өмiрiн, денсаулығын, абыройын, қадыр – қасиетiн және
мүлкiн қорғауға заңда көзделген шараларды қолдануға мiндеттi.
Қылмыстық процесуалдық заң қауiпсiздiк шараларына ҚР ҚIЖК-нiң 12-шi
тарауын бөлiп көрсеткен, процесуалдық қауiпсiздiк шаралары ретiнде
танылады:
1) қылмыстық процестi органның күш қолдану немесе қылмыстық заңда
тыйым салынған басқа да әрекеттер қаупi шыққан адамға оны мүмкiн
болатын қылмыстық жауапқа тарту туралы ресми ескерту жасауы;
2) қорғалатын адам туралы мәлiметтер алуға шек қою;
3) оның жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
4) айыпталушыға (сезiктiге) қатысты қылмыстық процеске қатысушыларға
қатысты күш қолдану(қолдануды ұйымдастыру) немесе өзге де
қылмысты әрекеттер жасау(жасауды ұйымдастыру) мүмкiндiгiн жоққа
шығаратын бұлтартпау шараларын таңдау қолданылады.
Сот талқылауына қатысушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн
төрағалық етушi соттың жабық отырысын өткiзедi. Сот куәнiң, айыптау
тарабының өтiнiшi бойынша, сондай-ақ куәнiң және оның жақындарының
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында өз бастамашылығы бойынша куәдан:
1) бүркеншiк атты пайдалана отырып оның жеке басы туралы деректердi
жарияламастан;
2) оны тануды болдырмайтын жағдайларда;
3) оны сот талқылауына басқа қатысушылардың көзiне көрсетпей жауап алу
туралы қаулы шығаруға құқылы.
Сот талқылауына қатысушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету туралы
соттың қаулысын атқару қылмыстық iзге түсу органдарына, сондай-ақ сот
приставына жүктеледi.
Қылмыстық iстер бойынша өндiрiс жүргiзу барысында азаматтардың
құқыұтары мен бостандықтарын қорғауды қылмыстық процестi жүргiзушi орган
жүзеге асыруға мiндеттi.
Заңды талаптарды қолданудың процесуалдық құралы ретiнде қылмыстық
процеске қатысушының қылмыстық процестi жүргiзушi органға өтiнiшi болып
табылады. ...р өтiнiш қаралуға жатады. өтiнiштi қанағаттандыруда бас тарту
негiзделген болуы тиiс.
Қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзу кезiнде азаматтардың құқықтары
мен бостандықтарын қорғау қағидасын бұзу тұлғаға моральдық зардаппен қатар
материалдық зардап тигiзуi мүмкiн. Бұл қағиданы сақтау – келтiрiлген
зардаптың орнын толтыруға қажеттi шаралады қолдануды көрсетедi.
Жеке өмiрге қол сұқпаушылық. Хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесудiң,
почта, телеграф және өзге де хабарлардың құпиясы. (Адамдардың жалпы құқыққ
декларациясы 12 бап; азаматтық және саяси құқықтар тұралы халыкаралық пакт
17 бап; ҚР ҚIЖК-ң 16-б)
Жеке өмiрдi қорғау талабы азаматтарға қатысты барлық мәлiметтердiң
олардың келiсуiнсiз жарияланбауын көрсетедi. Азаматтрдың бұл құқығын қорғау
ҚР Конституциясында көрсетiлген.
Жазылған хаттардың, телефон арқылы сөйлесулердiң, телеграф және басқа
да жолдармен алынған хабарлардың құпиялығымен тығыз байланысты (ҚР
Конституциясының 18 б.).
...р адамның өмiрi туралы ақпараттарға қол сұғылмайды. Бiрақ, қажеттiлiк
туындаған жағдайларда, қылмысты анықтау мен қылмыстық iстi тергеу барысында
адмның жеке өмiрiне қол сұғуға болады (телефон арқылы сөйлесулердi тыңдау,
почта жөнелтiмдерiн қарау, телграф және басқа да жолдармен алынған
хабарлармен танысу). Бұл жағдайларда ҚР қылмыстық процесуалдық, жедел
iздестiру қызметi туралы заңдарының және басқа да заңдарының арнайы
ережелерiн сақтау мiндеттi.
Мынадай процесуалдық әрекеттер: ұсталғанды жеке тiнту, оның үй-жайын
тiнту, куәландыру, почта-телеграф жөнелтiлiмдерiн тұтқындау,хабарларды жол-
жөнекей ұстау, тыңдау, сараптамалық зерттеулер үшiн үлгiлер алу, сараптама
жүргiзу және басқа да әрекеттер тұлғаның жеке өмiрi мен ақпараттардың
қайнар көзi болып табылады. Жеке тергеу әрекеттерiн жүргiзу барысында
куәгерлердiң қатысуы тұлғаның жеке өмiрiне қатысты ақпараттың жариялану
қаупiн туғызады. Мұндай жағдайларда тергеу әрекетiн жүргiзетiн өкiлеттi
тұлға өзге де қатысушыларға оларға анық болған мәлiметтердi жарияламауы
туралы ескертiп, ол туралы қол хат алуға мiндеттi. Бұл қағиданы қамтамасыз
ету мақсатында заң жеке мiнездегi мәлiметтер бар материалдарды жариялауды
жабық сот отырысы барысында рұқсат етедi. Олардың ашық жариялануы тек бұл
мәлiметке қатысы бар тұлғаның рұқсатымен жүзеге асырылады.
Бұл қағиданы сақтаудың кепiлi ретiнде мүдделi тұлғаның қылмыстық
процестi жүргiзу органының әрекетiне сот тәртiбiмен шағымдануғы құқығы
танылады.
Жеке адамның өмiрiне қол сұғумен байланысты процесуалдық әрекеттердi
жүргiзудi прокурордың санкциясы немесе сот шешiмiнiң негiзiнде жүзеге
асырылады.
Тұрғын үйге қол сұқпаушылық
(ҚР Конституциясының 25-б; Адамдардың жалпы құқықтық декларациясының
12-б; Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт 17-б; ҚР ҚIЖК-
нiң 17-б.)
Конституцияның 25-бабы тек қана қол сұқпаушылық қағидасының мәнiн ғана
емес, сонымен қатар оны сақтамау шарттарын анық көрсеткен: “Тұрғын үйге қол
сұғылмайды. Соттың шешiмiнсiз тұрғын үйден айыруға жол берiлмейдi”.
Конституцияның нормалары қоғамдық қатынастарды реттеудi тiкелей
қолданылатын болғандықтан ҚР ҚIЖК-нiң 17-бабы алдын ала тергеу немесе
анықтау өндiрiсiн жүргiзу барысында ҚР Конституцияның 25-бабын ескере
отырып қолдануға мiндеттi.
Тәжiрибеде көп жағдайларда тұрғын үйге тiнту жүргiзу сұрақтары бойынша
шешiм қабылдауды тергеу органдарына тiнтуге санкцияны прокурор бередi.
Тұрғын үй – онда тұратын адамның еркiне қарсы өзге тұлғалардың немесе құқық
қорғау органдарының, лауазымды тұлғалармен қандай да бiр әрекет жасауына,
сонымен қатар қылмысты ашу мен анықтауға байланысты iс әрекеттер
жүргiзiлетiн орын емес. Бiрақ оның иесiнiң еркiне қарсы тұрғын үйге жедел
iздестiру шараларын немемсе тергеу әрекеттерiн жүргiзу процесiнде кiруге
қажеттiлiк туындайтын болса прокурордың санкциясы немесе сот шешiмi бойынша
жол берiледi. Айрықша жағдайларда тұрғын үйге қол сұғу прокурордың
санкциясыз немесе соттың шешiмiнсiз жүргiзiлуi мүмкiн. Бұл жағдайда
прокурорға не сотқа дереу хабарлануы тиiс. Аталған ережелердi сақтамау
өндiрiс жүргiзу барысында алынған барлық дәлелдемелердiң күшiн жоюға әкелiп
соғады. Тұрғын үйдi қарау тек онда тұратын кәмелетке толған адамдардың
келiсiмiмен немесе прокурордың санкциясымен ғана жүргiзiледi. Қажет
жағдайларда тұрғын үйдi мәжбүрлеп қарау прокурордың санкциясымен
жүргiзiледi.1 Тұрғын үйдi тiнту де прокурор немесе оның орынбасары санкция
берген тергеушiнiң дәлелдi қаулысы негiзiнде жүргiзiледi. Айрықша
жағдайларда, iздестiрiлiп жатқан және алып қоюға жататын объект оны табуды
ұзаққа созудан жоғалуы, бүлiнуi немесе қылмыстық мақсатта пайдалануы мүмкiн
болғанда не iздестiрiлiп жатқан адам жасырынуы мүмкiн болғанда тiнту
прокурордың санкциясынсыз, бiрақ жүргiзiлген тiнту туралы кейiн 24-сағаттың
iшiнде оған хабарлау арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн.
Меншiкке қол сұқпаушылық
(ҚР Конституциясының 26-б; Адамның жалпы құқықтық декларациясы 17-б;
ҚР ҚIЖК-нiң 17-б.)
Меншiкке қол сұқпаушылықтың Конституциялық анықтамалары келесiлерден
тұрады: ҚР-ның азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкiн жеке
меншiгiнде ұстай алады. Меншiкке, оның iшiнде мұрагерлiк құқығына заңмен
кепiлдiк берiледi. Соттың шешiмiнсiз ешкiмдi де өз мүлкiнен айыруға
болмайды. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшiн
мүлiктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргiзiлуi
мүмкiн.
Қылмыстық процесс заңнамасы меншiкке қол сұқпаушылық деп келесiлердi
таниды:
1) бiреуге заң бойынша танылатын мүлiктi меншiгiнен тек соттың шешiмi
бойынша ғана айыруға болады;
2) iс жүргiзу әрекеттерiнiң барысында адамдардың банктегi салымдарына
және басқа да мүлiктерiне тыйым салу, сондай-ақ оны алу осы
кодексте көзделген жағдайлар мен тәртiп бойынша жүргiзiлуi мүмкiн;
Мұлiкке және банктегi салымдарға тыйым салу прокурордың санкциясымен
немесе сот шешiмiмен ғана жүзеге асырылады.
Адамды мүлкiнен айыру шараларын жүргiзу азаматтық талапты немесе
басқа да мүлiктiк жазаларды қамтамасыз ету мақсатында тәркiлеу түрiнде
жүргiзiледi (ҚР ҚIЖК 161 бап).
Кiнәсiздiк презумпциясы
(ҚР Конституциясының 77-б; Адам құқықтарының жалпы декларациясының 11-
б; Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактiнiң 14-б, 2-тар;
ҚР ҚIЖК-ң19-б. )
Кiнәсiздiк қағидасы – адамның кiнәлi екендiгi заңды күшiне енген сот
үкiмiмен танылғанша ол жасалған қылмысқа кiнәлi емес деп есептеледi. ...р
қылмыстық iсте оның жеңiл және анық болуына қарамастан адамның кiнәлiлiгiн
немесе кiнәсiздiгiн, ал кiнәлi болған жағдайда қандай жаза қолдану
керектiгiн көрсететiн көптеген мән-жайларды анықтау қажет. Кiнәлiлiгi
жеткiлiктi және толық анықталмайынша ең жеңiл жаза туралы да ой болмауы
керек.
Сотта тағдырын шешiп жатқан адамның жанұясы, достары және қоғамдағы
анықталған орны бар. Осының бәрi сот үкiмiмен бiр уақытта бұзылып, құрып
кетуi мүмкiн. Егер үкiм дәлелденген қылмыскерге шығарылса. Онда ол iстеген
әректiне өзi кiнәлi. Ал егер қателiк кетiп, кiнәсiз тұлға жауаптылықа
тартылып, жазаланса, онда жағдай қиындайды. Кiнәсiз адамды ақтауға, таза
атын орнатуға, тәркiленген мүлкiн қайтаруға болады, бiрақ оның жанына,
адамгершiлiгiне және жақындарына келтiрiлген зардапты қалай орнына
келтiруге болады? Сондықтан адамның тағдырын шешкен уақытта ол кiнәлi ма,
кiнәлi емес пе соттар қателiк жiберуге тиiс емес және қателiк жiберуге
құқықтары жоқ.
Кiнәсiздiк қағидасы қылмыстық сот өндiрiсiнiң қағидасы ретiнде
айыпталушыға қорғану құқығын қамтамасыз етумен тығыз байланысты. Кiнәсiздiк
презумпция қағидасының маңыздылығы адамның кiнәлi екендiгi заңды күшiне
енген сот үкiмiмен тағылғанша ол жасаған қылмысқа кiнәлi еместiгiнде.
Кiнәсiздiк презумпциясы қағидасының мазмұны келесi ережелермен анықталады:
1) тұлғаны қылмыс жасағаны үшiн кiнәлi деп табу үшiн оның кiнәлiлiгiн
толық және тура дәлелдеу қажет;
2) айыпталушы өзiнiң кiнәлiлiгiн дәлелдеуге мiндеттi емес, кiнәлiлiгiн
дәлелдеу мiндетi айыптаушыға жүктелген;
3) кiнәлiлiк тек қана заңда көрсетiлген тәртiппен дәлелденуi тиiс;
4) ешкiм де өзiнiң кiнәсiздiгiн дәлелдеуге мiндеттi емес;
5) тұлғаның кiнәсiн мойындап келгенi үшiн ғана жазалауға болмайды;
6) тек қана сот үкiмiмен тұлғаны жасаған қылмысы үшiн кiнәлi деп тани
алады;
7) тұлға кiнәлi болады тек қана соттың заңды күшiне енген үкiмiмен.
Кiнәсiздiк презумпциясынан айыпталушыға байланысты құқықтары мен
бостандықтарын шектуге жол берiлмейтiндiгiн түсiнемiз. Айыпталушыда тұрғын
үйге, сайлауға қатысу құқықтары сақталады. Ол жұмысынан босатылуы немесе
оқуынан шығарылып тасталынуы мүмкiн.
...дiлеттiкте бұл қағиданың мақсаты – адамның құқықтарын қорғау,
қорғануға Конституциялық құқықты қамтамасыз ету, кiнәсiз тұлғаны негiзсiз
және заңсыз қылмыстық жауаптылықтан және сотталудан шеттету.
Кiнәсiздiк презумпциясына iс бойынша өндiрiс жайлы (бұқаралық ақпарат
құралдары) қайшы келмейдi, егер мұндай ақпараттар заңды түрде жасалса,
ақпарат ретiнде болып, айыпталушының кiнәлiлiгi жайлы ақпараттардың
мазмұнында қорытындылар болмай сот үкiмiне дейiн оны кiнәлi деп жарияламай
және сотқа қысым жасамаса. Тергеушiмен немесе сотпен кiнәсiз деп танылған
тұлға өзiне келтiрiлген залалдарды өтеумен қатар (бұқаралық ақпарат
құралдарынан) оның ақталғаны жайлы жариялауды талап етуге құқылы, шындыққа
сай емес және оның абыройы мен қадыр – қасиетiне нұқсан келтiретiн
ақпараттарды, сонымен қатар сол (бұқаралық ақпарат құралдардағы) ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz