Астана қаласы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

АСТАНА

Отанымызды үлкен бір ақ отау десек, ауылдар- оның уығы, қалалар-керегесі, астана- шаңырағы. Әдетте, бір елдің әкімшілік, саяси және экономикалық, мәдени орталығын, мемлекеттік биік мәртебелі билік-Президент, Үкімет, Парламент, Жоғарғы Сот ордалары орналасқан жерді астана деп атайды. Дешті Қыпшақ заманында Ақтөбе өңірінде Астана деген қала болыпты.

Егеменді еліміздің жүрегі- қазіргі Астана қаласы әуелде Қараөткел атаныпты. Патшалық Ресей қазақ даласын отарлау мақсатымен 1832 жылы Ақмола бекінісін салыпты. 1961 жылы бұл шаһардың есімі Целиноград боп өзгертілді.

Кеңес заманында Қазақстанның астанасы алғашқыда Орынбор, сосын Қызылорда қалалары болды, одан кейін Алатау бөктеріндегі әсем Алматыға ауыстырылған. 1994 жылы Республика Жоғарғы Советі ел астанасын Ақмолаға көшіруге шешім қабылдады. 1998 жылы 6 мамырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Ақмола атауы Астана қаласы болып өзгертілді. Сосын жаңа астананың тұсаукесер тойы болып өтті.

Елдердің астанасын үлкен өзеннің бойына салу ежелден келе жатқан үрдіс. Өйткені сулы жер- нулы жер, ол қаланы жағалай тал жасыл желекке бөлеп тұрады. Біздің Астана қаласы да Сарыарқа даласында, Есілдің жағасында орналасқан. Бұл қаланың астана ретінде таңдалуында қазақ жерінің қақ ортасынан ойып орын алған географиялық қолайлылығы, өнеркәсіп ошақтары, ауыл шаруашылығы, байланыс жүйелері мықтап дамығандығы ғана емес, сондай-ақ ата қонысымызға көз алартушы әлдекімдердің аузына құм құйып, қазақ халқының ел иесі, жер иесі болуға ұмтылған ұлы мұратын аңғартатын астары да бар.

Астана қаласы Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Бұл өзеннің Қазақстандағы ұзындығы 1719 км, су жиналатын алқабы 111010 км. Сарыарқаның солтүстік бөлігіндегі Нияз тауынан басталып, Россияның Омбы обылысындағы тұсында Ертіске құяды. Астана қаласына дейінгі жоғарғы ағысында арнасы тар, жағасы тік, төмен қарай арнасы кеңейе береді.

Ақмола атауы 13-14 ғасырда тұрғызылған ақ күмбезді бейітке байланысты туған. Аңыз бойынша Қарабұлан атты палуан өмір сүрген, Ол атақты Төле бидің қарындасына үйленеді. Олардың бір ұлы болады, оны Ақмола деп атайды. Ақмола да атасы сияқты шешен, ел қамын ойлаған батыр болған екен. Қартайған шақта Ақмола қайтыс болады. Өлген адамның мүрдесін сол кездегі заң бойынша түйге артып, басы ауған жаққа жібереді. Түйе қай жаққа барып жатса, сол жерге Ақмоланың тәнін сол жерге қоймақшы болады. Сонда түйе қазіргі Ақмола қаласының орныққан жеріне барып, Ақмола ақсақалды жерлейді. Сол кезден бастап осы жер Ақмола деп аталған екен. Ақмола қаласының негізі 1830 ж. қаланды. Алғашында Ақмола әскери бекінісі атанған елді мекенге 1862 жылы қала мәртебесі берілді. 1863 жылы уез орталығына айналды. Орта Азия, Сібір, Орал өңірлерін жалғастыратын керуен жолында орналасқан Ақмола жедел дамып, қазақ даласындағы ірі әкімшілік, сауда, шаруашылық, мәдени орталыққа айналды. 1914 жылы қалада үш кірпіш, 4 май өңдеу, 2 тері илеу, 2 сабын қайнату, 2 тон тігу, 1 сыра қайнату зауыттары, қасапхана, 20 шеберхана жұмыс істеді. Мәдени-ағарту орындарынан 1 реалдық, 3 жалпы білім беретін уч-ще, мектебі, медресе, 2 кітапхана болды. Қала тұрғындарының саны 15 мыңға жетті.

Кеңес дәуірінде Ақмоланың халқы тез қарқынмен өсті, оның Орталық Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріндегі алатын орны артты. 1928-30 ж. Округтің, 1930-39 ж. Ауданың, ал 1939 ж. 14 қазанда Ақмола облысының әкімшілік орталығы болды. 1929 жылдың қарашасында қалаға алғашқы поезд келді. Бурабай-Ақмола (1929), Ақмола-Қарталы (1940), Ақмола-Павлодар (1952) теміржолының іске қосылуы Ақмоланы еліміздің солтүстік және орталық өңіріндегі ірі транспорт торабына айналдырды. Қалада ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеудің дәстүрлі тәсілдері жетілдіріп, жеңіл өнеркәсіп орындарының саны ұлғайды.

Өнеркәсіптің басқа да жаңа салалары пайда болды. Қалада сәулетті құрылыстар салына бастады. Ұлы Отан соғысы жылдарында Ақмола қаласы мен Ақмола облысының өндірген өнімінің көлемі республика бойынша өндірілген өнімнің орташа көрсеткішінен 2 есеге жуық артық болды.

Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде Ақмола облысымен бірге Ақмола қаласы елеулі өзгерістерге ұшырады. 1954 ж. 5 наурызында Ақмолаға тың игерушілер тиелген алғашқы эшелон келіп тоқтады. Ақмола кәсіпорындары ауыл шаруашылық техникасын, құрылыс материалдарын шығаруды кеңейте түсті. 1992 жылы қала мен облыста өндірілген өнімдер 29 шетелдерге шығарылды. 1994 жылы 6 маусымда қалаға ежелгі Ақмола аты қайтарылды.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі және Мин. Каб-і Қазақстан Республикасының астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулылар қабылдады. Оған себеп Ақмоланың республикасының кіндігінде геосаяси тұрғыдан тиімді орналасуы, қаланың елеулі өнеркәсіптік әлуеті, құрылыси ндустриясын одан әрі дамытуға қажетті базаның болуы, ірі тасымал торабына орналасуы әрі қажетті көлік және телекоммуник, инфрақұылымның болуы, жоғары білікті кадрлар әлуті, жеке меншік секторды және кәсіпкерліктідамыту мүмкіндіктердің молдығы, аймақтағы саяси және әлеум. тұрақтылық, қаланы дамытуға қажетті бос жерлердің жеткілікті сияқты факторлар еді. ҚР Президентінің жарлығымен арнайы Ақмола экон. Аймағы (ААЭА) құрылды.

1997 ж. 20-ші қазанда Н. Ә. Назарбаев, Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы, жарлыққа қол қойды. 1998ж. 6 мамырда Елбасының жарлығымен ҚР-ның астанасы- Астана қ. болып аталды, ал 20 мамырда, Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы, ҚР-ның Заңы қабылданды. Осы жылы 10 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. А. қалалық 2 ауданға (Алматы, Сарыарқа) болып бөлінеді. Алатаудың баурайында Ерейменнің етегіндегі Арқаның айдынтөсі- Астанаға көш түзеген Ақ ордамыз да- сол тәуелсіздіктің талассыз табысы. Астанамыз астана болғалыекіжылдан асып, үшінші жылға ғана қадам басқанмен, бүгінде кең көшелері көркейіп, ғажайып ғимараттары көбейіп, ажары айшықталып, ару Алматыныңтең құрбысындай әсем қалаға- арман қалаға айналып келеді. Ол дүние жүзіндегі астаналарының

біріне айналуға айқын бет бұрды. Сөйтіп, болашақ Астанамыз жиырма бірінші ғасырдағы ең көрікті, ең сәулетті қалалардың бірі де бірегейі де қазақтың ақыл-ойының, мәдениеті мен өнерінің орталығы болмақ. Соның бір жарқын айғағы- Астана орталығында, ерке Есілдің жағасында пайда болып көтерген, өзініңсәні мен салтанатына талайларды таң қалдырған, жиырма бірінші ғасырға архитектуралық арай болып енген мұз қалалар. Осынау көркем көріністерге, сәулет өнерінің таңғажайып туындыларына тамсана көз тіге отырып, ертегідей ертеңіміздің бейнесін көргендей боламыз.

Айналып келгенде, мұның өзі Астанамыздың келешектегі жасампаздық жобаларының мұз қала кейпіндегі көшірмесі десек те қателесе қоймаспыз. Шынында, шандоз шеберліктің шырайындай осы шығармашылық шешімдердің бәрін оймен өрнектеп, қиялмен келістіріп, қазақтың қала салу өнерінің жаңа үлгісін жасап жатқандар да өзіміздің жаңашыл жігіттеріміз бен қара домалақ бабаларымыз екенін көзбен көргенде мерейің өсіп, төбең көкке жеткендей күй кешесің

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Астана Қазақстан Республикасының бас қаласы
Балалар бақшаларын ашу
Астана - Қазақстан Республикасының елордасы
Туристік саяхат жорығы
Жердің кадастрлық құнын бағалау
Астана, Павлодар қалалары
Имидж танытудағы геобрендингтің рөлі
ҚР Президентінің Қаулысымен Ақмола қаласы Астана қаласы боп өзгертілді
Қазақстан астаналарының тарихи кезеңдері
Астана -- Қазақстан Республикасының елордасы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz