Ә. Бөкейхановтың өмірбаяны



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1. Ә. Бөкейхановтың өмірбаяны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6.8
2.«Алаш» партиясының құрылуындағы Бөкейхановтың рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9.12
3. Ә. Бөкейхановтың қазақ жұртшылығына сіңірген еңбегі ... ... ... ... ... ... ... ... 13.19.

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

Сілтемелер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
Жұмыстың мақсаты:
Ә. Бөкейхановтың қызметінің мәнін ашып көрсету.
Жұмыстың мақсатына қарай төмендегі міндеттер орындалады:
- «Алаш» партиясының құрылуының алғышарттары мен себептеріне талдау жасау.
- «Алаш» партиясының қоғам қайраткерлері еңбектерінің мазмұны мен маңызын көрсету.
- «Алаш» партиясының үстем етуші билікпен қарым-қатынасын зерттеу.
- «Алаш» ұлттық партиясының бағдарламасына талдау жасау.
Жұмыстың тарихнамасы:
Мәмбет Қойгелдиевтің айтуы бойынша сол кездегі жергілікті халықтың өмірі жайлы айтып өткен, сонымен қоса мынадай ойлары да бар: «Уалаяттық автономия болса, оның өз алдына ақшасы, темір жолы, почта, телеграфы, әскері болмайды, жалпы мемлекеттік Г думасына уәкілдерін жібереді. Өз думасы, сол жалпы мемлекеттік думасында шыққан законге қайшы келместей закондерді шығаруға ықтиярлы болады. Уалаяттағы барша жергілікті істерінің билігі өз қолында болады. Жер-судың билігі жалпы мемлекет қолында болады».
Күләш Ахметованың «Алаш партиясы туралы бірер сөз» деген еңбегіндегі мәліметтер: « Партия бағдарламасын дайындау Шораи Ислам деген комитетіне тапсырылды. Ал партияға «Алаш» деген атаудың қалай берілгендігі жайында Қазақ газетінің 244 санындағы хабарын аударып берген Мартыненконың дерегіне сүйенсек, Досмұхамедовтың хатын көлденең тартады». «Съезд қаулысы баршаға белгілі. Сондықтан уақыт оздырып жатпастан партиямызды аталарымыздың ұраны «Алаш» атымен атаймыз».


Жұмыстың өзектілігі:
Сонау ХХ ғасырдың басында құрылған Алаш партиясы туралы қазіргі кезде көптеген көзқарастар бар. Тіпті қазақ елінің «Ұлттық партиясы» атанған және осы партияның көшбасшылары яғни қазіргі таңдағы қазақтың ұлттық зиялылары жайлы көптеген материалдар бар. Солай бола тұрса да қазіргі кездегі Алаш партиясы тақырыбында бірінші өзекті мәселе.
Сол уақытта Кеңестік тұрғыдағы біздің Ұлттық партия саяси қысым көрді. Яғни Алаш партиясы сол кездің өзінде біз аңсаған тәуелсіздікке сай өздерің бағасын ұсына отырып, қазақ елі үшін жан қиярлық әрекет етті. Сол қазақ елі, жері үшін күресіп өткен біздің көшбасшыларды зерттеу қажеттілігімен барынша ашып көрсетуге тырыстым.
Жұмыстың құрылымы: кіріспе, 3 тарау, қортынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі
Пайдаланған әдебиеттер.
1. С. Өзбекұлы «Арыстары Алаштың» А., 1998 ж.
2.М. Қойгелдиев «Ә. Бөкейханов шығармалары» А., 1994 ж. .
3 сәуір. 3. С. Өзбекұлы «Арыстары Алаштың» А., 1998 ж.
4. Қойгелдиев «Ә. Бөкейханов» А., 1994 ж.
5. К. Нүрпейісов «Алаш һәм Алашорда» А., 1995 ж.
6. Төлебаев «Алаш» партиясы ІІ Егемен Қазақстан 2001 ж. 7 желтоқсан
7.М. Қойгелдиев «Ә. Бөкейханов шығармалар» А., 1994 ж.
8. К. Ахметова «Алаш партиясы туралы бірер сөз» ІІ Ақиқат. 1995 ж. 7 шілде
9. Өзбекұлы «Арыстары Алаштың» А., 1998 ж.
10. Қойгелдиев «Ә. Бөкейханов» А., 1994 ж.
11. Төлебаев «Алаш партиясы» ІІ Егемен Қазақстан 2001 ж. 7 желтоқсан.
12. «Алаш һәм Алашорда» А., 1995 ж.
13. Төлебаев «Алаш партиясы» ІІ Егемен Қазақстан 2001 ж. 7 Желтоқсан
14. «Алаштың ақиқатын кім айтады?» Қазақстан комунисі.1990 №3
15.«Алаш азаматтары жайлы деректер» Ақиқат.1993 №4
16.Әбжанов «Қазақ интелегенциясы мен мәдениеті туралы» Алматы 1992ж . .
17.Құл- мұхаммед «Алаш ардагері .Ақбаевтың саяси құқығының көзқарастары» Алматы
1996 ж.
18.«Қазақстан тарихы очерктер» Алматы 1994 ж.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1. Ә. Бөкейхановтың
өмірбаяны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .6-8
2.Алаш партиясының құрылуындағы Бөкейхановтың
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9-12
3. Ә. Бөкейхановтың қазақ жұртшылығына сіңірген
еңбегі ... ... ... ... ... ... ... . ...13-19.

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Сілтемелер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

Жұмыстың мақсаты:
Ә. Бөкейхановтың қызметінің мәнін ашып көрсету.
Жұмыстың мақсатына қарай төмендегі міндеттер орындалады:
- Алаш партиясының құрылуының алғышарттары мен себептеріне
талдау жасау.
- Алаш партиясының қоғам қайраткерлері еңбектерінің мазмұны
мен маңызын көрсету.
- Алаш партиясының үстем етуші билікпен қарым-қатынасын
зерттеу.
- Алаш ұлттық партиясының бағдарламасына талдау жасау.
Жұмыстың тарихнамасы:
Мәмбет Қойгелдиевтің айтуы бойынша сол кездегі жергілікті
халықтың өмірі жайлы айтып өткен, сонымен қоса мынадай ойлары да
бар: Уалаяттық автономия болса, оның өз алдына ақшасы, темір
жолы, почта, телеграфы, әскері болмайды, жалпы мемлекеттік Г
думасына уәкілдерін жібереді. Өз думасы, сол жалпы мемлекеттік
думасында шыққан законге қайшы келместей закондерді шығаруға
ықтиярлы болады. Уалаяттағы барша жергілікті істерінің билігі өз
қолында болады. Жер-судың билігі жалпы мемлекет қолында болады.
Күләш Ахметованың Алаш партиясы туралы бірер сөз деген
еңбегіндегі мәліметтер: Партия бағдарламасын дайындау Шораи Ислам
деген комитетіне тапсырылды. Ал партияға Алаш деген атаудың қалай
берілгендігі жайында Қазақ газетінің 244 санындағы хабарын аударып
берген Мартыненконың дерегіне сүйенсек, Досмұхамедовтың хатын
көлденең тартады. Съезд қаулысы баршаға белгілі. Сондықтан уақыт
оздырып жатпастан партиямызды аталарымыздың ұраны Алаш атымен
атаймыз.

Жұмыстың өзектілігі:
Сонау ХХ ғасырдың басында құрылған Алаш партиясы туралы
қазіргі кезде көптеген көзқарастар бар. Тіпті қазақ елінің Ұлттық
партиясы атанған және осы партияның көшбасшылары яғни қазіргі
таңдағы қазақтың ұлттық зиялылары жайлы көптеген материалдар бар.
Солай бола тұрса да қазіргі кездегі Алаш партиясы тақырыбында
бірінші өзекті мәселе.
Сол уақытта Кеңестік тұрғыдағы біздің Ұлттық партия саяси
қысым көрді. Яғни Алаш партиясы сол кездің өзінде біз аңсаған
тәуелсіздікке сай өздерің бағасын ұсына отырып, қазақ елі үшін
жан қиярлық әрекет етті. Сол қазақ елі, жері үшін күресіп өткен
біздің көшбасшыларды зерттеу қажеттілігімен барынша ашып көрсетуге
тырыстым.
Жұмыстың құрылымы: кіріспе, 3 тарау, қортынды, пайдаланған әдебиеттер
тізімі.

Кіріспе
Қазақ халқы көптеген қиыншылықтарды басынан кешірді. Осы кезде
азын-аулақ болса да халық жағдайын ойлаған азаматтарымыз бұл
тығырықтан шығуға тырысты.
Сол азаматтарымыздың бәрі тарихта өте маңызды орынға ие
болған. Әлихан Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Шоқай секілді
қайраткерлерді атап өтуге болады.
Ұлттық мемлекет құру Бөкейханов және басқа буржуазиялық –
демократиялық бағыттағы интелегенция өкілдерінің түпкі мақсаты
болды. Бұл интелегенция өкілдері конституциялық демократия шеңберінде
қазақ ұлтына автономия алып беруді меңзеді.
Тарих сахнасына Алашорда – Халық Кеңесі үкіметін алып келген
жалпы ұлттық күрестің басында ұлттық интелегенция тұрды.1
70 жылдан астам уақыт жүріп өткен тарихи жолымыз көрсетіп
бергендей. Қазақ қоғам қайраткерлері туелсіз дербес мемлекет құру
жолын таңдай отырып, қателескен жоқ.
Аты аңызға айналған барлық түркі халықтарының атасы – Алаш
атын алған партия қазақ даласындағы алғашқы дербес партия. Бұл
партия либералдық көзқарасты жақтайтын ұлт зиялыларынан құралды.
Сол кездегі басты мақсаттардың бірі ұлт пен ұлттық интелегенцияны
біртұтас саяси ұйым төңірегіне топтастыру болды. Тағы да бір мәселе
халыққа болып жатқан саяси мәселелерді түсіндіру, бұқараның
сауатын ашу, оларды жаңа мемлекет құруға жұмылдыру.
Алаш қозғалысының жетекші қайраткерлері мен қатардағы мүшелері
1920-30 жылдары саяси қуғын – сүргіннің құрбандары болды. Осыған
қарамастан Алаш қайраткерлерінің іс-әрекеттері қоғамдық өмірдің әр
саласында олардың әрқайсысына тән ерекшеліктері мен тарихта хатталып
қалды.
Тарихтың қилы кезеңдерінде сан алуан оқиғалар болған. Олардың
бір қатары уақыт өте келе ұмытылып, тарихтың ақтаңдақтарына
айналды.2
ХХ ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті
мәселелерінің бірі, әрине, Алаш партиясының құрылуы, оның тарихи
негіздері, саяси әлеуметтік сипаты және қазақ тарихында алатын
орны. Қазақ зиялылары қоғамдық сұранысқа сай құру әрекетін
бірінші орыс революциясы жылдарында –ақ қолға алғандығы мәлім. Мұны
Алаш қозғалысы тарихын алғаш зерттеушілер де дәл сезіп байқаған.
Бірақ олар бұл мәселеге тар таптық, партиялық методология
тұрғысынан келіп, ұлт зиялыларының осы бағыттағы қызметін
буржуазиялық ұлтшылдық көрінісі есебінде бағалаған. Енді осы
алғашқы партия құру әрекеті неден басталды, немен аяқталды, соған
тоқталайық.
1905 жылғы жаздағы революциялық өрлеу барысында патшалық билік,
еңбекші бұқаралық таптық наразылығына шет аймақтардағы отарлық
тәуелділіктерді елдегі өз бостандығы үшін қуаттық қозғалысын қосып
алудан қаймықты. 1905 жылы 6 тамыздан мемлекеттік дума, жөніндегі
патша манифесі басқа бұратаналармен бірге қазақ еліне депутат
сайлау құқығын берді. Осы жылы қазақ зиялылары сайлау науқаны
сияқты күрделі саяси шараға араласа отырып, ірі мәселеге кезікті.
Қазақ қоғамында бұл уақытта белгілі бір қоғамдық позияциядан үгіт
насихат жұмысын жүргізе алатын саяси ұйымдар жоқ еді. Міне,
осындай жағдайда думаға даярлық мерзімнің тар қыспағына іліккен
ұлт зиялылары тұңғыш рет саяси партия құру әрекетін қолға алады.
Саяси күрес жолына енді ғана түсе бастаған қазақ
зиялыларының осі кезектегі саяси әлеуметтік бағдары, белгілі
дәрежеде, Ресейдің радикалдық буржуазиялық партиясы – кадеттердің
ұстанған бағыты ма тоғысқандығы тарихи факті.
1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында өткен
екінші жалпы қазақ сьезі Алаш автономиясы деп аталатын Ұлттық
мемлекет құрылғандығын мәлімдеп, оның үкіметін сайлады. Әлемнің
алтыншы бөлігін алып жатқан Ресей империясының көлемінде бұл аса
зор оқиға болғанымен, отарлық езгідегі қазақ қоғамы үшін оның
тарихи маңызы ерекше еді. Өйткені мұның бәрі қазақ елінің ХҮІІІ
ғасырдан бергі өз бостандығы мен теңдігі жолында орыс империясына
қарсы жүргізген азапты күресінің қорытындысы болатын.
Тарих сахнасына Алашорда – Халық кеңесі үкіметінің алып
келген ұлттық күрестің басында ұлттық интеллигенция тұрды. Олардың
ортақ түсінігі бойынша отарлық езгі мен феодалдық мешеулік
жағдайында аяқ асты болған ұлттық мүддені қорғап, қазақ елін басқа
өркениетті елдер қатарына алып шыға алатын жалқы жол – ұлттық
мемлекеттік құрылымның болуы еді. 3
Әлихан Нұрмұхамедұлы 1866 жылы бұрынғы Семей облысы
Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының жетінші ауылында өмірге келген.
Қазіргі әкімшілік-аймақтың бөлініс бойынша бұл елді мекен
Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданы, Қаратал совхозына қарайды.
Әлиханның әкесі - Нұрмұхамед, анасы Бегімханым оқу-білімге жақын,
парасатты адамдар болған. Әлиханның үлкен атасы – бөкей, ол атақты
көкжал Барақ сұлтанның ұлы.
Әлихан Бөкейхановтың қайраткер ретінде қалыптасуының екі
рухани негіздерін бөліп айту артық емес. Біріншіден, Әлихан
еркіндік пен теңдікті жоғары бағалаған ортада өсті. Оның қоғамдық
көзқарасының қалыптасуына халықтың бай ауыз әдебиетінің, ұлы
Абайдың және басқа ақын-жыраулардың терең ойлы шығармаларының
ықпалы болғандығы сөзсіз. Оның 1907 жылы тұңғыш рет орыс
оқырмандарын Абайдың творчествосымен таныстыруды көздеген материал
жариялап, ал 1909 жлы ұлы ойшылдың шығармаларының Петерборда
жарық көруіне мұрындық болып, өмірінің соңына дейін Қобыланды,
Ерсайын, Қозы-Көрпеш – Баян сұлу және басқа көптеген ауыз әдебиеті
үлгілерін жинап, зерттеп және насихаттап өтуін, әрине, кездейсоқ
жағдай деп айту қиын.4
М. Дулатұлы 1929 жылы 30 қарашада ОГПУ тергеушісіне өз
қолымен жазып берген жауабында Алаш партиясы бағдарламасының
өмірге келуі жөнінде мынадай деп көрсетті: Сол жылы күзгі
айлардың бірінде Орынборда тұрған қазақ зиялыларының бастығы Ә.
Бөкейханов, А. Байтұрсынов Алаш партиясын жасауға ұйғарып,
программа жобасын жасадық. Сол жоба бекітілместен жоба бойнша
қалды, еш уақытта Алаш партиясының съезі болып, жобаны қабылдаған
жоқ. оны істеуге ол кездегі жағдай да мүмкіншілік бермеді.
Қазақ газетінің 1917 жылы қараша айының 21 жұлдызындағы
санында Алаш партиясының бағдарламасы халық назарына ұсынылды.
Бұл құжатқа Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Омаров,
Тұрмұхамедов, Жүндіюаев, Бірімжановтар қол қойған. Бағдарламаның
мемлекет қалып атты бірінші тарауы қазіргі заң ғылымы тілімен
айтқанда Мемлекетті құрылым мағынасын білдіреді. Онда Россия
демократическая федеративная республика болады. Демократия мағынасы
- мемлекетті жұрт билеуі, оредерация мағынасы - құрдас
мемлекеттер бірлесуі. Федеративная республикада әр мемлекеттің
іргесі бөлек, ынтымағы бір болады, әр қайсысы өз тізгінін өзі
ашып жүреді деп болашақ қазақ мемлекетінің (3) Ресей құрамында
болып, федеративті құрылыс сатысында тек құқықтық дәрежедегі
қатынастарға ие болды, мүддесі көрсетіледі. Байқап қарасақ, Алаш
партиясының бағдарламасында дәл қазіргі ТМД елдеріндегі сияқты,
экономикалық мүддеде ынтымағы бір, ал ішкі сыртқы саясатты тең
құқық дәрежелі дербес мемлекеттер болу талабы айқын көзделген.5
Үкімет басын Учередительное собрание мен Г. дума қалауынша
кесімді жылға сайланатын президент болу. Президент халықты
министрлер арқылы бағу, ол министрлер учредительное собрание мен Г.
Дума алдында жауапдар болу . депутаттар тегіс, тез, төте әлі
ғуфия сайлаумен болады. Сайлау жақында қан, дін, еркек, әйел
толғаусыз болуы.
Қазақ жүрген облыстардың бәрі бір байланып, өз тізгіні
өзінде болып, Россия республикасының федерациялық бір ағзасы болу.
Реті келсе қазақ автономиясы сыбайлас жұрттармен әзірге бірлесе
болу, реті келмесе, бірден-ақ өз алдына жеке болу. Қайткенде де
осы күнгі земстволықты қабыл алу.
Алаш партиясы қазақтың би, болыс, ауылнайлары сияқты
орындарында қызмет ететін адамдар жұртқа пайдалы, жұрт үшін қызмет
етуге көңілді адамдар болуы жаһид қылады. Земстволардың
управаларында, милицияларында таза қызметші барлық адамдардың атын
халық қалауына салады.6
Алаш партиясы әділдікке жақ, нашарларға жолдас, жәбірлерге
жау болады. Күш қуатын игілік жолына жұмсап, жұрт табиғи ету
жағына бастайды.
Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Е. Ғұмаров, Е.
Тұрмұхамедов, Ғ. Жүндібаев, Ғ. Бірімжанов.
Бір- екі мысал келтірейік. Мемлекет қалпы атты тараудағы
федерация мағынасы құрдас мемлекеттер бірлесуі деген сөйлем
федерация - союз мелких государств есебінде аударылып, мүлдем
басқа реңк алды. жер мәселесі атты тарауында – сыбаға өлшеу –
норма жердің топырағы мен шаруашылық түріне қарай жасалу деген
сөйлем . Киргизы должны получит земли с более плодородной
почвой деп аударылды.
Алаш бағдарламасында төмендегідей либералдық құқықтарға қорғау
көрсетілген:
Тең құқылық ( діни нанымына, шығу тегіне, жынысына қатыссыз
адамдар тең құқылы).
Тұлғаның еркіндігің сақталуы. ( мемлекеттік қызметшілер
қожайынының рұқсатынсыз ешкімнің тұрғын үйіне кіре алмайды.)
Кінәлі екендігін дәлелдеу керектігі ( соттың қаралуынсыз және
шешімінсіз бас бостандығынан айырмау)
Жиналыстың бірлестік құрудың, газет, кітап шығарудың
еркіндігі)7
Сонымен қатар либералдар монефисі жекеменшікті иелену құқығы
мен жеке бастамамен сөйлеу құқығы тұтынудың еркін таңдау құқығы
мен жердің құнарлылығы мен адамдардың еңбекқорлығынан пайда көру
мүмкіндігі сияқты азаматтардың негізгі құқықтарына назар аударады.
Алаш бағдарламасының жобасы бойынша дін мемлекеттен бөлек
тұруы керек, барлық діндер тең құүқылы, дінге сенудің және діни
нанымдардың еркіндігі жария етіледі . 8
Бағдарламаның кейбір ережелері Ресей отарлау саясатының
зардаптарын жоюға бағытталған еді.
Енді бір екі ауыз сөз Алаш партиясының қарсыластары
жөнінде. Құрылтай жиналысындағы депутаттық орын үшін талас қазақ
облыстарында социал революционерлер, социал демократтар және Алаш
партиясы арасында жүрді.
Партиялық әдебиетте соңғы уақытқа дейін большевиктер партиясын
Қазан революциясы қарсаңында бүкіл қазақ даласындағы ең ықпалды
саяси күш есебінде көрсету етек алып келді.
Жергілікті жағдай күрделі болды. Біріншіден, 1917 жылдың ІІ
жартысында бүкіл қ облыстары көлемінде қолайсыз ауа райына
байланысты ауыл шаруашылығында дағдарыс көріністері белгі бере
бастайды. Сырдария, Жетісу облыстарында аштық етек алды. Кей
аудандарда жұрттың саясатқа көңіл аударарлықтай шамасы болмады.
Екіншіден, большевиктер халыққа түсінікті тілде үгіт насихат
жүргізді. Ұлттық саясатын түсіндірді деген сияқты пікірлер
соншалықты дәлелді еместін. Құрылтай жиналысына депутаттар ы сайлау
науқаны ашықтан ашық көрсетіп берді. Сайлау нәтижесінде Алаш
партиясы блогы сайлаушылардың Жетісу облысында 57,5 Торғай, Орал
облысында 75,0% дауыс алды. Кей уездерде Алаш партиясының жеңісі
үлкен көрсеткіштер мен сипатталды. Семей уезінде оған
сайлаушылардың 85,6 % қолдау көрсетті. 9
Алаш партиясының кей аудандарында социал демократиялық
ағымдардан басым түскенін тағы да мына көрсеткіштерден аңғаруға
болады. Торғай облысы Ырғыз уезінде 1-ші нөмерлі тізім бойынша
түскен Алаш партиясы кандидаттан дауыс беру нәтижесінде 51351
дауыс, екінші нөмерлі тізім бойынша социал революционерлер 181,
3-ші нөмерлі тізім бойынша социал демократтар партиясы 193 дауыс
алған.
Сонымен бірге бұл қазақ қоғамындағы саяси күштердің өзара
күресі мұнымен шектелмейтін. Алаш партиясы мен үш жүз аталған
саяси ұйымның арақатынасы соның айғағы болса керек. 10
Үш жүз белгілі бір әлеуметтік топтардың азапты ізденіс
нәтижесінде қалыптасқан ұйым емес, ол 1917 жылдың соңында
Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына қазақ қоғамынан депутаттар ұсыну
сәтінде өмірге келді. Бұл кезеңде өзінің негізгі қарсыласы Алашты
саяси аренадан ығыстыру үшін түрік-татар қауымдастығына мұсылман
қозғалысына сүйенді.
Егер Алаш партиясы атынан түскен депутаттыққа кандидат
кісілер облыстық қазақ және жалпықазақ съездерінің талқысынан
өткен адамадар болса, Үш жүз кандидаттары осы ұйымды құрушылардың
ұйғарымы бойынша тізімі түскен халық білмейтін, бұрын жағымсыз
істерімен көзге түскендер. Ал енді Үш жүз партиясы үшін сайлау
немен аяқталды. Үш жүздіктер ұсынғңан бағдарламаны түсінікті
қабылдай алмағандықтарын ең алдымен азын аулақ қазақ жұмысшылары
мен қол өнершілер көрсетті. Екібастұздағы ағылшындық капиталист
иелігіндегі заводта жұмыс жасайтын жеті жүздің үстіндегі қазақ
жұмысшылары 11 нөмерлі тізімнен түскен Үш жүз партиясының
кандидаттарына бірде бір дауысын бермеді.
ХХ ғасырдың басында озық ойлы Европа мәдениеті мен
дәстүрінің ықпалынсыз Ә. Бөкейханов сияқты ірі қайраткерлердің
қалыптасуы, әрине, мүмкін еместін. Оның өмір жолын айқындауда,
әсіресе, Ұлы Француз революциясының және орыс азаттық қозғалысы мен
гуманистік әдебиетінің орны ерекше болды. 1917 жылдың жазында
Уақытша өкіметтің комиссары қызметінде жүріп жазған мақаласында ол:
бостандық, теңдік, туысқандық ХҮІІІ ғасырдан бері жарыққа шыққан
таза пікір. Мұны майданға салған Франция жұртының саяси ерлері.
Осы үш түрдің бәрі біздің тарихтан, інжілден, будда оқуынан, Лев
Николаевич Толстой философиясынан табылады, көзі ашық талапты ер
іздесе. Бұл үш ұраннан бөлек адам баласының бақыт, махаббатына
жол жоқ. Бұл жолдан шыға жайылған хайуандыққа қайтқан болады - деп
жазды . 11
ХІХ ғасырдың соңында Ресей империясында саясаттан тыс
қалған түпкірді табу қиын болар еді. Ә. Бөкейханов сол өткен
ғасырдың 80 жылдары империяның шығыстағы ірі саяси орталықтарының
бірі Омбы қаласында техникалық училищеде оқыды. Бірақ оның шын
мәніндегі үлкен саясаттың не екендігін түсінген кезі, әрине, С. –
Петербургте орман-техникалық институтнда оқып жүрген жылдарына түс
келеді. Мұнда ол студенттік қызу айтыстарға қатынасып, ХХ ғасырдың
босағасынан аттағалы тұрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді
болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз
ойын да шыңдай түсті.
1896 жыл үкімет орындарының шешімімен Ақмола, Семей және
Торғай облыстарындағы жер жағдайын зерттеп, қазақ даласына орыс
шаруаларының пәрменді түрде қоныс аударуына қажет ғылыми негіз
жасап беруге тиіс болған Ф. А. Щербина бастаған экспедиция
ұйымдастырылды. Ә. Бөкейханов экспедиция жұмысына қатысуға мүдделілік
танытқандардың бірі болды. Оның ойы бойынша бұл жұмыс сол
тарихи кезеңде қазақ жұрты үшін ең зәру мәселеге айналған - жер
қатынастарын тереңірек түсініп, белгілі бір тұжырымдарға келуге
жағдай жасауға тиіс еді. Экспедиция алдына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлихан Бөкейхановтың өмірбаяны. Ол -көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым
Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен қоғамдық - саяси қызметі
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері жайлы
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан тарихы
Мұстафа Шоқайдың өмірбаяны
Ахмет Байтұрсынұлы аудармашы
Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы жайлы
Міржақып Дулатовтың өмірбаяны
Түркістан Республикасы
Әлихан Бөкейханов. Алаш Орда
Пәндер