Некеге тұру шарттары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2

1. Некеге тұрудың негізгі шарттары ... ... ... ... ... ..3

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
Қазақтардың неке және отбасылық қатынастарының құрылымындағы тәни және табиғи жаратылыс күштерінің шешуші орны осы қатынастарды реттеуге бағытталған әдет-ғұрып құқығы нормаларының ара-қатынасынан, жүйесінен, даму тарихынан айқын бақыланады.
Әдет-ғұрып құқығының неке және отбасы саласын реттеуге бағытталған нормалары мен институттарының негізгі және басты принципі жеті атаға дейін қыз алыспау деп аталды. Яғни, жақын туысқандар арасында қан араластыруға жол бермеу неке және отбасы қатынасын реттеуге арналған әдет-ғұрып құқығы нормаларының басты мақсаты және мәні еді.
Бұл принцип неке саласындағы әдет-ғұрып құқығының басты қағидасы болып есептеледі.
Некелік қатынастың табиғи негіздерінің беріктігі, оның жаратылысының пәктігі әдет-ғұрып құқығының басқа да нормаларымен қамтамасыз етілді. Мысалы, жыныстық тұрғыдан жетілген жасқа толғандар ғана некеге тұруға рұқсат алды /балиғат жасы қыздар үшін 13-14, балалар үшін 15-16 жас деп есептелді есі дұрыс емес жандармен некеге тұруға рұқсат етілмеді, егер ері белсіз болса, әйел бедеу болса еріне некеден шығуға рұқсат етілетін, олардың жаңа некеге тұруына жол ашатын.
“Қалың” анығырақ айтсақ “қалың мал” қалыңдыққа төленетін төлем ретінде көрініс тауып отырды. Бұл отбасының жұптасып өмір сүруінің басталып, бекіну кезеңі еді.
Көшпелі қазақ қоғамындағы некенің негізгі нысаны - моногамия болды. Бірақ ол көп әйел алумен толықтырылды және әмеңгерлікпен жалғастырылды.
1. Күйеу келтір, қыз ұзат. Алматы: Ана тілі, 1992. - 27 б.
2. Культелеев Т.М. Уголовное обычное право казахов. Алма- Ата: АН КазССР, 1955.
3. Естенов А. Жігіттің үш жұрты. Алматы: Қайнар, 1994. - 4 б.
4. Қазақстан республикасының Неке және отбасы туралы кодексі. Астана. 1998.17-желтоқсан, №321-І.
5. Арғынбаев Х.А. Қазақ халқындағы семья мен неке. Алматы: Ғылым, 1973. - 63-65 б.б;
6. Өсеров Н. Қазақ әдет-ғұрып заңдарына шариаттың әсері. Алматы: Жеті Жарғы, 1998. - 50 б.
7. Ақбаев Ж. Қазақтардың отбасылық-неке қатынастары туралы ойлар // Парасат , 1992. - № 10.
8. Қазақы неке. Алматы: Жалын, 1994. - 22-23 б.б.
9. Өсерұлы Н. Қазақтың үкім кесімдері. Алматы: Ана тілі, 1994. - 13 б.
10. Энгельс Ф. Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы. Алматы, 1967. - 38-39 б.б.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ..2

1. Некеге тұрудың негізгі шарттары ... ... ... ... ... ..3

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ..13

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ...14

Кіріспе

Қазақтардың неке және отбасылық қатынастарының құрылымындағы тәни
және табиғи жаратылыс күштерінің шешуші орны осы қатынастарды реттеуге
бағытталған әдет-ғұрып құқығы нормаларының ара-қатынасынан, жүйесінен, даму
тарихынан айқын бақыланады.
Әдет-ғұрып құқығының неке және отбасы саласын реттеуге бағытталған
нормалары мен институттарының негізгі және басты принципі жеті атаға дейін
қыз алыспау деп аталды. Яғни, жақын туысқандар арасында қан араластыруға
жол бермеу неке және отбасы қатынасын реттеуге арналған әдет-ғұрып құқығы
нормаларының басты мақсаты және мәні еді.
Бұл принцип неке саласындағы әдет-ғұрып құқығының басты қағидасы
болып есептеледі.
Некелік қатынастың табиғи негіздерінің беріктігі, оның жаратылысының
пәктігі әдет-ғұрып құқығының басқа да нормаларымен қамтамасыз етілді.
Мысалы, жыныстық тұрғыдан жетілген жасқа толғандар ғана некеге тұруға
рұқсат алды балиғат жасы қыздар үшін 13-14, балалар үшін 15-16 жас деп
есептелді есі дұрыс емес жандармен некеге тұруға рұқсат етілмеді, егер ері
белсіз болса, әйел бедеу болса еріне некеден шығуға рұқсат етілетін,
олардың жаңа некеге тұруына жол ашатын.
“Қалың” анығырақ айтсақ “қалың мал” қалыңдыққа төленетін төлем
ретінде көрініс тауып отырды. Бұл отбасының жұптасып өмір сүруінің
басталып, бекіну кезеңі еді.
Көшпелі қазақ қоғамындағы некенің негізгі нысаны - моногамия болды.
Бірақ ол көп әйел алумен толықтырылды және әмеңгерлікпен жалғастырылды.

1. Некеге тұрудың негізгі шарттары

Адам өміріндегі ең бір қызықты да ұмытылмас белең, оның үйленіп жеке
отау тігуі. Бұл орайда қазақ елінің ұлын үйлендіріп, қызын ұзатуда ғасырлар
бойғы сақталып келе жатқан өзінің салт-дәстүрлері бар. Бұл әдет-ғұрыптар
ұрпағының келешегін, нәсілінің болашағын ескертуден туындаған. Үйлену, өз
алдына отау тігіп, түтін түтету ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан
тарихи салт, құбылыс.
"Жеті Жарғы" заңдары үйленуді екі жолмен іс жүзіне асыруды талап
етеді: атастыру және айттыру. Екі жастың бір-бірін сүйіп қосылуы да кең
етек жайған. Атастыру қыз бен баланың ата-аналары сәбилердің жас кезінде
келісу арқылы, барлық рәсімдерді жасап, кәмілеттік жасқа толғанда
үйлендіруге уәделеседі. Атастыру негізінде бір-бірімен етене жақын, достар,
тамырлар, құда-жекжаттар арасында болатын әдет-ғұрып. Бұл дәстүрдің басы
салтанатты той-томалақпен, көпшіліктің басын қосу кезінде жарияланады.
Болашақ жұбайлардың әке-шешелері бір-біріне ат мінгізіп, шапан, көйлек
кигізу, сақина, білезік салумен, сөзбен шарт жасасып аяқталады. Оның түп
негізі - ата дәстүріне адалдық, ар - намыстан аттамау, құдандалықтың адал
ғұрпына беріктік, аттастырудың басы қызық, соңы бұзық болмауын күйттеу,
өйткені атастырылған сәтте бесіктегі ұл мен қыздың екі жарты - бір бүтінге
айналатын құпия рухани құбылысқа тең болмағы даусыз. Екі жақтың ата-аналары
жас кезінен бала мен қызының саналарына олардың атастырылғанын айтып,
тәрбиелік жұмыс жүргізеді. Ол атастырылған жас қыздың "қолбала" кезеңі.
Бұл - қалыңдық қыздың шамамен он жастарға дейінгі кезеңі, келешек ата -
енесінің қолында қалыңдық есебінде емес, "қолбала" есебінде бір мезгіл
тұруы. Ол кезде келешек келін болашақ күйенің жұбайы есебінде емес, қайын
енесінің сол жағында (ал оның өз қызы оң жағында) жатып, осы үйдің бір
баласы сияқты жүреді. Бұл салттың қызбала психологиясын келешек келін
болуға тәрбиелеудегі маңызы өте зор.
Себебі, мінез - құлқы қатаймаған жас қыз бала күнінен осы үйде не
нәрсе жақсы десе, соны жақсы деп, нені жаман десе, соны жаман деп
қалыптасады.Осы үйдегі келешек қайын енесінің тамақ даярлау, малға қарау,
қонақ күту, үй тұрмысын ұстау әдеттері мен ерекшеліктерін тез және табиғи
нәрсе деп қабылдайды, үйдегі ыдыс-аяқтың қайда екеніне дейін жатқа біліп
өседі. Ертеңгі күні келін болып қайта келген кезде сол отбасы әдет -
салттары, құндылық - бағалық жүйелері өзінің ішкі дүниесінің құндылық -
бағалық шарттары есебінде қабылданады. Яғни келін мен келешек отбасы
мүшелері арасындағы психологиялық айырмашылықтар мен олардан туындауы
мүмкін деген психологиялық қарым қатынастардағы қайшылықтардың тамыры өте
аз болады, олар үйлесімді түрде сәйкестене кетеді.
Сонымен бірге қолбала қыз өзінің келешек күйеуімен бала күнінен бірге
ойнап, достасып, көңіл қуаныштары бір күйде, үндес болып өседі. Ертенгі
күні келін боп бұл үйге қайта келгенде, ол тек күйеуіне ғана емес кешегі
күні бірге ойнап өскен досына қайтып келеді, оған деген көңілі бұрынғыдан
да ыстық болады. Бұл кезде келінің келешек ата - енелері де оған бауыр
басып, оның мінез - құлық ерекшеліктерін алдын ала түсініп, кейін соны
ескереді, өздері де соған бейімделеді19,38. Соның нәтижесінде әсіресе қыз
баланың болашақ қайын жұртына, болашақ күйеуіне деген бейімділігі нақтылы
түрде қалыптасады. Егер ол отбасының жақсысы құлағына шалынса, онда оның
көңілі көтеріледі, ол отбасы оған ертеректен жылы тартады, ал оның
жаманаты, кемшіліктері намысына тиеді. Оның мұндай көңіл-күйін білетін
қасындағы құрбы-құрдастары қосыла мақтаныш етіп немесе келеке қылып
үстемелейді. Бұл да қазақ халқының этникалық ерекшеліктерінің, ұлттық
психологиясының өзіне тән бір көрінісі. Сөз арқылы жеке адамның мінез-
құлқын қалыптастырады, өзгертеді.
Айттыру - балалардың әке-шешелері тарапынан іске асырылатын әрекет.
Қазақ дәстүрінде басы бос бойжеткен қызды кәрі-жас, бай-кедей, жақсы-жаман
демей, қалаған адам айттыруға ерікті, xақылы болған. Оны ешкім айып-шам
көрмеген. Кәмілетке толған баласына өздеріне ұнаған, көңілдері түскен үйдің
ата-аналарымен қызын беру туралы сөз салады. Айттыру әр түрлі нәтижемен
аяқталып отырған, нәтижесіз болғаны да көп кездесіп отырған. Себебі
қыздарының дәулетті, текті жерге баруын қалаған ата-аналары бұрын етене
таныс емес адамдарға қыздарын беруге онша ниеттері болмаған. Мұны талай
аңыз, ауыз әдебиеті дәлелдейді. Өз еркімен, яғни ата-аналарының ақ батасын
алмай қосылған болса ел арасында үлкен дау туып отырған. Мұнда айттырылып
қойған қызды алып қашқан жігіт те, онымен бірге қашқан қыз да айыпты деп
танылып, оларға өлім жазасын кесуге дейін барған.
Қазақ ақсүйектерінің өз баласына басқа бір елдің атақты руларының
ішіндегі өзіндей даңқты адамдарымен құда болуының мәні "өзіне терезесі тең"
атақты адамды жақын жекжат ету болса, екіншіден, жауласушы ру басшылары бір-
бірімен құда болып бітімге келген, ал үшіншіден, жаугершілік, барымта өріс
алып тұрған ерте заманда қол жинап, қара көбейтіп ортақ жауға бірге
аттануға да пайдасы тиген.
Қазақтар қыз тәрбиесіне айрықша көңіл бөлген. "Қыз баққаннан қысырақ
баққан оңай", "Қызға қырық үйден тыю" деген сөз оны өсіріп тәрбиелеудің аса
күрделілігін, жауапкершілігін айтқан. Бөйжеткен қызды әжелерінің түнде
іргесіне алып жататыны, анасының көзінен таса етпейтіні, біреулердікіне
қондыртпайтыны, бәрі-бәрі төсек тойының ата-ана бетіне шіркеу келтірмеуі
үшін алдын-ала жасалынған қамдар. Бұрынғы заманда ата-аналары, жеңгелері,
апалары мен жанашырлары қызды көзден таса қылмаған, қазіргідей тым еркін
жібермеген, әдеп жолынан аттаттырмаған. Қазақтың құда болатын кісінің түп-
тамырын, тегін, қандай адамдар екенін, жекжат болуға жарайтын-
жарамайтындығын алдын-ала болжап жатуы өмірлік қажеттен туған.
Қазақ салтында құдаласудың түрлері көп. Әкелердің көңілі табысқан
достығынан да құдаласу қатынасы орнайды. Алайда ең көп тарағаны -
серілікпен табысқан қыз таңдау тәсілі. Салт бойынша қыз таңдау - жігіттің
міндеті. Қыз таңдау тек бет-жүзіне, шырай-ажарына ғана қарап шешім қабылдау
емес. Соған қоса жігіт өзі таңдап, қалаған қыздың мінезін, білігін, бойына
сіңірген үлгі-өнегесін де пайымдайды. Қандай жағдайда болса да ыңғайын
тауып, ауызба-ауыз сөйлеседі. Орайы келсе әзіл-қалжыңымен көңілін аударып,
сыр тартады. Мұндай тұста қыздың да қарап қалмайтыны белгілі. "Қыз көретін
жігітті біз көрелік" деп, жігіттің қабілет қарымын, ой шалымын екшейді.
Діттеген деңгейіне дөп келсе, жарастық ыңғайын сездіреді. Осындай көңіл
табысқан жарастықтан кейін барып жігіт әке-шешесіне өзінің мақсатын
мәлімдейді. Үй-іші үшін бұл үлкен қуаныш.
Құдалардың келуіне жеке үйлер тігіліп, қонақасы беріледі. Сый-құрмет
көрсетілгеннен кейін құдалар қалың мал мөлшерін, оны қай мерзімде, қалай
өтейтіндігін, жасау жағынан тек отау жөнінде сөз болып, өзге жағы
айтылмайды. Бұдан басқа әр түрлі шақырыстар мен берілетін жоралғы мөлшері,
ең соңында қызды ұзату мерзімі туралы келісім жасалады. Қыз бой жетіп
отырған жағдайда құда түсу рәсімін жеделдете өткізіп, әрі қарай қыз ұзату
тойына дайындық жасалады.
Құдалары келгенде қыз әкесі ақ қой сойып, бата оқытып, той жасайды.
Осы той үстінде құдаларға құрт тартқан сорпаға құйрық-бауыр салып,
таратады. Құда түсіп, туысқан болудың белгісі "құйрық-бауыр" жегізу. Құйрық-
бауыр жеудің мәнісі екі жақтың бауырласып туыс болғанын көрсетсе керек. Бұл
ең бір бастысы - құйрық-бауыр заң орнына жүрген. Екі жақтан дау-дамай туа
қалғанда кез-келген "құйрық-бауыр жеп пе едіңдер?" - деп сұрайды. Желінген
болса, онда құдалық заңды деп саналып, дауларын қараған.
Той бітіп құдалар қайтарда олардың әрқайсысына кит кигізіп, ат
мінгізеді, түйе жетектетеді. Киттің ең бастысы жігіт әкесіне арналады. Бұл
арада оның құдалар құрамында болу, болмауы шарт емес, яғни үйінде жатса да
оған деп, қыз әкесінің шамасына қарай кілем жауып, нар жетектетеді не
жүйрік жорғадан таңдап тәуір ат мінгізеді. И.Ибрагимовтың айтуынша, кейде
күйеу әкесіне кит есебінде не берсе де 2-3 тоғызға дейін жетектететін.
Қалған құдаларға күйеуге туыстық жақындық қатынасына қарай жолын беріп, кит
кигізеді. Кит есебінде үлкенді-кішілі мал (көбінесе түйе мен жылқы
түліктері) әр түрлі киім түрлері беріледі.
Күйеудің әкесі қалың малын төлеуге қандай міндетті болса, қалыңдықтың
әкесі қызына жасау беруге сондай борышты. Жасаудың көлемі жайында ешқандай
келісім-шарт болмайды. Қазақ халқындағы жасау дегеніміз - құдалар
арасындағы біртуыстық, теңтаразылық қатынастардың екі басы. Барлық
қыздардың жасауы бірдей бола бермейді. Қалай болған күнде де ұяты бар,
ауқатты қазақтардың жасауға беретіні оның алған қалың малынан және күйеудің
берген кәделерінен кем болмайды.Қыз жасауының құны қалыңмалға шаққанда екі-
үш есе артық болған. Жасау қызының келешек үй жұмысының керегі үшін емес,
ата-аналарының өз даңқы үшін берілген. Қыздың қалың малынан тысқары қыз
әкесінің алатын кәделерінің бірі “ілу-тоймал” деп аталады. Қыз әкесі қызын
ұзатар кезде ілу алса жасау береді, тоймал алса қатар береді. Ілу-тоймал
кәдесінің мөлшері: 2 қарадан 10 қараға дейін. Кейде онан бірнеше есе асып
түсуі мүмкін. Қалың мал төлеген соң “Ілу тоймал” алынбаса да қыздың
ұзатылуына ол кедергілік келтірмейді.
Мал мен ақшадан тұратын қалың малдан жасаудың айырмашылығы - оның
негізін киім-кешек, көрпе-жастық, кілем-төсеніш, үй жабдықтары, киіз үй
құрайды. Малдан тек қыз мінетін ат пен жасау артатын түйе болады. Қазақтың
ескі салты бойынша, сәукеле мен қымбат әшекейден басқа қыз киімі түгел
тоғыздан беріледі. Қазір ол дәстүр көп сақталмайды, әркім киімді 40-тан
берсе, кедейлер бір-бірден бергенді місе тұтады, күллі жасауын түгендеуге
олардың әл-ауқаты жетпейтін.
Тұтас жасау мынандай: ат, түйе, отау, үй, ер, шылбыр, үзеңгі,
өмілдірік, құйысқан, жүген, жәмші, қамшы; ыдыстан: қазан, таған, аяқ-табақ,
шөміш, қасық, құмған, төсек, ағаш, кебеже, жүк аяқ, әбдіре; киімнен:
сәукеле, желек, көйлек, дамбал, етік, тон, ішек, белбеу; төсек-орын: көрпе,
жастық, шымылдық, киіз, түс киіз, кілем, алаша, сырмақ.
Қалың мал төленіп, ірге көргеннен соң қыз жағы күйеу тарапынан “жеңге
той-балдыз көремдік” деген кәделерін әкелуді ескертеді. Ол кәде - күйеудің
қалыңдықпен кездесуі кезінде әйелдер жасайтын кедергілерді тоқтату үшін
қалыңдықтың төңірегіндегі әйел адамдардың аузын алу сарынын білдіреді.
Қайын жұртына күйеу жігіттің келе жатқаны туралы хабаршы жібереді.
Күйеуден хабар алған қыз ауылы дереу күйеуді күтіп алудың қамына кіріседі.
Өзіне арнайы тігілген үйдің байғазысысын беріп, ішке кірген соң күйеу
қалыңдығының әйел жынысты жақындарына, анасына, әжесіне, әпке-сіңілісіне
арнайы әкелген сыйлықтарын таратады. Ол: ілу, күйеу кәде, үйге кірер,
жыртыс деп аталатын сыйлықтар таратылады. Бұл кәделердің мәні зор. Қазақта
“қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз күйеу болмайды” деген мақал бар. Алғашқы
ұрын келген күйеу тарту-таралғыдан аянбай, бар тәуірін, бағалысын тартады.
Зейін аударып қарасақ күйеу жігіт келгенде қыздың ауылында жасалатын
ертеден келе жатқан дәстүрлік ғұрып жолдарын орындау адамгершілік деп
санаған, атап айтар болсақ, ол мыналар: Қалыңдықтың “қол ұстату” рәсімі,
“ит ырылдатар” ырымы, кемпір өлді (күлдіру үшін жасалған жол), босаға
аттату немесе есік ашу әдебі, “есенсің бе” (амандасу) рәсімі, сөйлестіру
(жеңгелерді сырластыру) жоралғылары.
Ұрын той мен қыз ұзату тойының немесе үйлену тойының арасы әртүрлі
мерзімге созылады. Егер қалың мал түгел беріліп, қыз жасауы сай болса,
қалыңдық ұзатылар жасына толса, үйлену тойын жасап, қалыңдықты ұзатады.
Ұрын тойдың нәтижесінде құдалар арасында да, күйеу мен қалыңдық
арасында да бірін-бірі түсінушілік, татулық қатынас өрби түскен жағдайда
екі жақ та келесі тойдың дайындығына кіріседі. Қыз әкесінің негізгі
дайындығы баласына беретін жасауы мен қыздың киім-кешегі, құдаларға беретін
жолы мен киттерінің айналасында болады. Ал, күйеу әкесі болса - қалың
малдың соңын беру, қыз алуға барардағы көптеген сыйлықтар, екі жақта
жасалатын той шығыны, т.б. толып жатқан дайындықтар қамын жасайды. Бұл
уақытта екі құда бір-бірімен хабарласа, ақылдаса отырып дайындыққа
кіріседі.
Қыз ұзату тойының басталатын күнін белгілеу қыз әкесінің еркінде. Ол
әдетте ауа райының ашық болуын есептей келіп, апта ішіндегі бір сәтті күнді
белгілейді. Қазақтар үйлену тойларын күн ашықта, аспан нұры төгіліп
тұрғанда өткізуге тырысқан, ондай күндері жас жұбайлардың ұрпағы мол болады
деп сенген. Той басталардан 2-3 күн бұрын қалыңдық ауылына 5-6
жолдастарымен баласын аттандырады. Кейде баласын қыз алу тойына шешесі
ертіп барады. Бұ жолы күйеудің апаратын сыйлықтарының бастылары “сүт ақы”,
“той малы”, “жыртыс”, т.б. көптеген кәделерге деп мал, шапан, орамал, күміс
ақшалар алады. Қызға жасау ретінде берілетін отау үйдің киізін кейде
жартылап, 41,66,113,19 кейде отаудың шаңырағы мен босағасын да күйеу
әкелетін көрінеді. Ал, қалған жабдықтары түгелдей қыз әкесінің мойнында
болады. Негізінде отауға керекті киіздің жартысын немесе түгел әкелу
құдалардың жағдайына және келісуіне қарай жасалады да, ал міндетті түрде,
киіз үйдің шаңырағын және босағасын әкелу ертеден келе жатқан халықтық әдет-
ғұрып. Ал енді шаңырақ, босаға және киіз жамылышын күйеудің әкелуінен
отауды түбінде өзімдікі деу үшін апаратын.
Күйеу жолдас болып барған басшы жігіт алып келген сыйлықтарын, той
малын, жыртысын құда-құдағиының алдына салады. Құдалар әкелгенге разы
болса, ұзату тойын тездетуге уәде береді. Ал, көңілдері толмай,
әкелгендерін олқысынса, кернау-лыққа салынып істі созатындар да аз
болмайды. Сайып келгенде, мүмкіндігі болса күйеу жағынан тағы да қосымша
мал не ақшадай көмек келеді де, ақыр аяғында қыз әкесі той жасап, қызын
ұзатады.
Бұдан шығатын қорытынды: ата-бабаларымыз үйлену тойына айрықша мән
беріп, оны халықтың тәрбие мектебі деп білген. Ол құр әшейін ғана жеңіл
ойын-күлкі, қисапсыз тыраштанып текке мал шашу емес, адам өмірінде бір-ақ
рет қана берілетін ұлы қуаныш, үлкен асу, тіршілік өзегі. Осылай деп
түсінген аталарымыз балаларының жолына барын шашып, тойдың мәнді де, сәнді
өтуіне елден ерек көңіл бөлген. Ал ата-ананың ол сенімін ақтау жастардың
перзенттік борышы, азаматтық ақ парызы саналған.
Үйлену тойының негізгі дайындығы мен негізгі шарттары біткен кезде
тойдың басталуынан бірер күн бұрын маңайдағы елдерге тойға шақырушылар
жіберіледі. Ұзату тойына маңайдағы ауылдарды қыз жеңгесі басына қалыңдықтың
жаңа сәукелесін киіп, мойнына қоңырау тағылған күміс ертоқымды жорғамен
жүріп шақыратын болған48,77. Ауыл адамдары түгелімен бірнеше күнге
созылатын үлкен тойды дұрыс өткізу қамында болатын. Бәйге, күрес, көкпар
сияқты ойындарды ұйымдастырушылар белгіленеді. Жалпы, тойдың бір ғана
жанашыр басқарушысы болады.
Тойға келушілерді олардың жас, жыныс ерекшеліктеріне қарай әр үйге
түсіріп, тамақ береді. Кешке таман түрлі өнердің тиегі ағытылады. Жастар
таң атқанша ойын-сауық құрады. Таң қылаң бере той тарқайды. Ұзату тойы
аяқталып, күйме сән-салтанатымен жөнелтілер сәтте үй сыртынан өз жұртымен
қоштасқан қыздың елжіреген жүрегін, қайғылы көңілін басқысы келген, салт
атқа мінген өнерлі жігіттердің бірі жұбаныш жырын қозғайды. Оған басқа
жігіттер қосылады. М.Әуезов айтқандай:”... жүзге ауыр тимейтін “жар” деген
сөзбен, әнмен жаңа өмірге келгендігін естіртеді. Соны құлағына сіңіру үшін,
соған көндіру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетелдік элементтермен отбасылық қарым-қатынас түсінігі
Некені жарамсыз деп тану
Отбасы құқығы
Неке отбасы құқығын жүзеге асыру және қорғау
Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі
Неке - отбасы қатынастарын құқықтық реттеу
Рим отбасы құқығы
Халықаралық жеке құқықтағы неке қатынастарының түсінігі
Қазақстан респулаксының неке жане отбасы заңы
Некеге тұрудың тоқтатылуы
Пәндер