Контрафактілік өнімдер айналысы саласындағы қылмысқа тергеу жүргізуді ұйымдастыру ерекшеліктері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ІШКІ ІСТЕР МИНИСТІРЛІГІ
АЛМАТЫ АКАДЕМИЯСЫ
КРИМИНАЛИСТИКА КАФЕДРАСЫ
Қазақстан Республикасы ІІМ
Алматы академиясы
криминалистика кафедрасының
бастығы, з. ғ. к.
полиция подполковнигі
С. Ж. Сембиев
қорғауға
2013 жыл « __ »
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ:
« Контрафактілік өнімдер айналысы саласындағы қылмысқа тергеу жүргізуді ұйымдастыру ерекшеліктері »
050303- «Құқық қорғау қызметі» бакалавриат мамандығы бойынша тергеу-криминалистикалық мамандық
Орындаған:
401 топ тыңдаушысы (2009 ж. қ. )
Полиция қатарындағы
Қ. Т. Көкталов
Ғылыми жетекші:
Криминалистика кафедрасының
бастығы
полиция подполковнигі
С. Ж. Сембиев
ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 3
I Контрафактілік өнімдер айналысы саласындағы қылмыстардың кешенді сипаттамасы
1. 1 Контрафакциямен байланысқан қылмыстардың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы . . . 5
1. 2 Контрафакциямен байланысқан қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы, ұғымы мен құрылымы . . . 1
II Контрафактілік өнімдер айналысы саласындағы қылмыстарға тергеу жүргізудің әдістемелік негіздері
2. 1 Қылмыстық іс қозғау сатысындағы ерекшеліктері мен анықтауға жататын мән-жайлар 24
2. 2 Контрафактілік өнімдер айналысы саласында тергеу жүргізудің бастапқы кезеңінің ерекшеліктері . . . 42
2. 3 Контрафакция туралы істер бойынша жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізу тактикасы . . . 52
ҚОРЫТЫНДЫ 67
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚАЙНАР-КӨЗДЕР ТІЗІМІ 68
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы қылмыстылықтың етек алуы ұлттық қауіпсіздікке де қауіп-қатер төндіретіні белгілі жәйт. Ел басшылығы мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жеткілікті түрде белсене күш салуына қарамастан қылмыстылық саласында айтарлықтай жақсы өзгерістің нышаны байқалды деп айта қоюға болмайды. Бұнымен қоймай, ғылым-техникалық прогрестің өркен жаюына орай қылмыстық әрекеттің жекелеген түрлері белсенді дамып, қуатты қылмыс өндірісіне айналып жатқан сыңай бар. Мұндай бағыттағы қылмыстардың арасынан әсіресе контрафактілік өнімдер шығару және айналысымен көрінетін авторлық және сабақтас құқықтарды бұзушылықты жатқызуғы болады.
Ғылымның, техниканың және мәдениеттің дербес қызмет нәтижелерін пайдаланудың жаңа жолдары мен оларды іске асырудың жаңа нысандарының пайда болуына әкелуде. Заманауи технологиялар заңнамаларда зияткерлік құықтарды, авторлық және сабақтас құқықтарды, өнертапқыштық және патенттік құқықтарды қорғау туралы, тауарлық белгілерді заңсыз пайдалану, яғни контрафакциямен байланысқан қылмыстар туралы мәселелердің өршіп келе жатқандығы бәрімізге мәлім. Зияткерлік меншік рөлінің артып келе жатқандығына, ал сонымен бірге адамзат қызметінің осы саладағы қылмыс жасаудың жаңа тәсілдерінің де пайда болып жатқанына дау жоқ.
Жүргізілген қылмыстық істерді талдау, қозғалған қылмыстық істердің көпшілігі контрафактілік дыбыс- және бейне өнімдерін тарату фактілері бойынша болғандығы жөнінде қорытынды жасауға және біздің дипломдық тұрғыда қарастыруымызға негіз болды. Сонымен, ҚР ҚК 184, 184-1, 199-баптарының іс-тәжірибедегі әсерлілігі онша болмай отыр. Сонымен бірге, ҚР ҚК 184-1-бабындағы өнертапқыштық және патенттік құқықтарды бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық шарасы өнертапқыштардың құқықтарын бұзу жаппай сипат алса да, сақтандырушы қызмет атқарады. Мұндай жағдай заңсыздық ахуалын туғызады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері жөнінде айта кететін болсақ бұл жұмыстың мақсаты контрафакцияның жасалуы мен оған тергеу жүргізу барысында туындаған заңдылықтарды әшкерелеу, және осының негізінде контрафакциямен байланысқан қылмыстарға тергеу жүргізуддегі дербес әдістемелердің өзекті мәселелерін шешу болып табылады.
Дипломдық жұмыстың объектісі объектісі контрафактілік өнімдер айналысына қатысушы субъектілердің қылмыстық іс-әрекеттері және контрафакцияға тергеу жүргізу жөніндегі құқық қорғау органдарының қызметі болып табылады.
Дипломдық жұмыстың пәні зияткерлік меншік саласындағы қылмыстық іс-әрекеттің заңдылықтары және контрафакциямен байланысқан қылмыстарды әшкерелеу мен тергеу жүргізу кезіндегі заңдылықтар болып табылады. Осыған орай үш негізгі топты бөліп алып қарауға болады:
а) «зияткерлік қарақшылықпен» шұғылданатын адамдардың және ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушыларының мінез-құлықтарынан көрінетін заңдылықтар;
б) контрафакция фактілерін анықтау заңдылықтары;
в) осы санаттағы қылмыстық істерге тергеу жүргізуді ұйымдастыру ды анықтайтын заңдылықтар.
Дипломдық жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңызы дипломның қорытындылар мен ұсынымдардың мына төмендегі жағдайда пайдалану мүмкіндігімен көрінеді:
- контрафакция мәселелерін, «зияткерлік қарақшылық» саласындағы қылмыстарды тергеу әдістемелерін одан әрі ғылыми зерттеу үшін;
- зияткерлік меншік объектілерін қорғау саласындағы қазақстандық заңнамаларды жетілдіру үшін;
- құқық қорғау органдары қызметкерлерінің іс жүзіндегі тергеу және жедел-іздестіру қызметтерінде;
- криминалистика бағамын және басқа да бірқатар арнайы бағамдарды оқыту барысында, оқулық және әдістемелік құралдар дайындау кезінде.
Жұмыстың құрылымы зерттеудің мақсатымен және міндетімен алдын ала анықталды. Диплом кіріспеден, екі тараудан, бес бөлімнен, қорытынды бөлімінен, пайдаланылған қайнар-көздер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1. Контрафактілік өнімдер айналысы саласындағы қылмыстардың кешенді сипаттамасы
1. 1 Контрафакциямен байланысқан қылмыстардың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы.
Контрафакциямен байланысқан қылмыстардың кешенді сипаттамаларының келесі бөліктері олардың қылмыстық-құқықтық сипаттамалары болып табылады. Мұндай құрамдардың қатарына авторлық және сабақтас құқықты бұзуды (ҚР ҚК 184-бабы), өнертабыстарға, пайдалы моделдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, селекциялық жетістіктерге немесе интегралдық микросхемалар топологияларына құқықтарды бұзуды (ҚР ҚК 184-1-бабы), тауарлық белгіні заңсыз пайдалануды (ҚР ҚК 199-бабы) жатқызуға болады. Аталған құрамдарды контрафакциямен байланысқан қылмыстар тобына бөлген жөн.
ҚР ҚК 184-бабын өте сәтті тұжырымдалған және оның бірінші бөлігінде, авторлықты иеленіп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер бұл әрекет авторға немесе өзге құқық иеленушіге елеулі залал келтіру немесе олардың құқықтарына немесе заңды мүдделеріне айтарлықтай зиян келтіру делінсе, ал екінші бөлігінде (бізге қажетті мәселе бойынша) авторлық құқық немесе сабақтас құқықтар объектілерін заңсыз пайдалану, сол сияқты өткізу мақсатында туындылардың және (немесе) фонограммалардың контрафактілік даналарын елеулі мөлшерде жасалған сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе дайындау делінген. Дегенмен, бұл редакция бойынша біздің зерттеуіміздің барысында қарастырылатын айтарлықтай жеткілікті мәселелер туындайды.
1949 жылғы тергеушінің анықтама кітабында қылмыстың жекелеген түрлеріне тергеу жүргізу жөніндегі нұсқаулар «Қылмыс құрамы туралы нұсқаулар» деген параграфтан басталған. Осы бір іс жүзіндегі пайдалы дәстүрді жалғастыру қажет, деп санаймыз.
Аталған қылмыстың қол сұғу затына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көрсетілген төмендегі авторлық құқық объектiлерi болып табылатын мынадай туындылар жатады:
- әдеби туындылар;
- драмалық және музыкалық-драмалық туындылар;
- сценарий туындылары;
- хореография және пантомима туындылары;
- мәтiнi бар немесе мәтiнi жоқ музыкалық туындылар;
- дыбыс-бейнежазу туындылары;
- кескiндеме, мүсiндеме, графика және бейнелеу өнерiнiң басқа да туындылары;
- қолданбалы өнер туындылары;
- сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ енерi туындылары;
- суретке түсiру туындылары және суретке түсiруге орайлас әдiстермен жасалған туындылар;
- карталар, жоспарлар, нобайлар, безендiрулер және географияға, топография мен басқа ғылымдарға қатысты үш өлшемдi туындылар;
- ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;
- өзге де туындылар.
Сондай-ақ.
- туынды шығармалар (аудармалар, өңделген дүниелер, аннотациялар, рефераттар, түйiндер, шолулар, инсценировкалар, музыкалық оңдеулер және басқа да ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын өңдеулер) ;
- жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және материалдарының iрiктелуi және (немесе) орналасуы жағынан шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып табылатын басқа да құрама туындылар.
Қорғауға сабақтас құқық та жатады - бұл әртіс-орындаушылар, фонограмма шығарушылар, телерадио хабарлары ұйымдарнының құқықтары.
Тауарлық белгіні заңсыз пайдалану объектісі (ҚР ҚК 199-бабында қарастырылған сабақтас қылмыстар) өзіне тиесілі тауарлық белгіні пайдалануға қатысты экономикалық қызметпен қалыптасқан қоғамдық қатынас болып табылады. Қылмыстың пәні бөтеннің тауарлық белгісі, қызмет көрсету белгісі, фирмалық атауы, тауардың шығатын орнының атауы, олармен біртектес тауарлар, қызмет көрсетулерге арналған ұқсас таңбалар болып табылады.
Авторлық және сабақтас құқықты бұзудың объективтік жағы төмендегі бір немесе бірнеше әрекеттермен көрінеді:
- біріншіден, туындығы авторлықты иемдену (плагиат) ;
- екіншіден, авторлық құқықты заңсыз пайдалану;
- үшіншіден, сабақтас құқық объектілерін заңсыз пайдалану.
Мұндай әрекеттің арасынан заңсыз көшірме жасау, тарату, туындыларды жариялау, экранда көрсету, эфирге шығару және басқалар. Өкінішке орай, ҚР ҚК 184, 184-1, 199-баптарында авторлық және сабақтас құқықтарға қол сұғушылық әдістерінің жетілікті тізімдері берілмеген. Бір жағынан, авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды қылмыстық бұзуға әкеп соқтыруы мүмкін әрекеттердің бәрін заңда тізе беру мүмкін емес, екінші жағынан ең болмағанда бапқа тергеу жүргізу үшін болжалды тізім беру орынды болар еді. Мәселен, авторлық құқық объектілерін заңсыз пайдалануға автордың келісімінсіз туындыларды жариялау, көшірме жасау мен тарату, сондай-ақ осы туындыны өңдеп, оған өзгеріс енгізіп, туындыны безендіріп, алғысөз, түсіндірмелер енгізу де қосылуы мүмкін. Бөтеннің туындысын заңсыз тарату, өз кезегінде оны сатып өткізумен, көпшілік алдында орындаумен, басып шығарумен, автордың еркіне қарамастан көбейтумен сипатталады.
Сабақтас құқық объектілерін заңсыз пайдалануға фонограммаларды орындаушылардың, шығарушылардың, әуе кеңістігі немесе сым арқылы хабар таратушы ұйымдардың ерекше құқықтарын бұзуды жатқызуға болады. Фонограмма шығарушылардың құқықтары келесідей әрекеттермен бұзылады: фонограмма шығарушылардың рұқсатынсыз фонограммаларды көшіру; фонограммаларды өңдеу; фонограмма даналарын тарату (сату, жалға бер, сыртқа шығару) .
Плагиат деп бөтеннің туындыларын толық немесе ішінара өзінің атынан шығару, сондай-ақ қосарлас авторлық шығармаларды өз атынан шығару, өз еңбекткрінде басқаның шығармаларынан үзінділерді сілтеме жасамай пайдалану танылады. Белсенді түрде көрінетін мінез-құлықпен авторлық және (немесе) сабақтас құқық бұзған кінәлі адам қоғамға қауіпті іс-әрекет жасайды.
Сөйтіп, авторлық және сабақтас құқық бұзушылық өте көп түрлері бар, бірақ олардың бәрі бірдей қылмыс құрамынан көріне бермейді. Қылмыстық жауаптылық олардың кейбіреулеріне ғана тән. Мәселен, бүгінде тарату сияқты авторлық және сабақтас құқықты бұзушылық «Интернеттен» де орын алып отыр, алайда сот тәжірибесінде осыған байланысты мәселе әлі қолға алына қойған жоқ [1; 31] .
Осы айтылғандарға орай, «зияткерлік қарақшылық» саласына қатысты негізгі ұғымдарға түсінік, зияткерлік меншік құқықтарын бұзушылық тізілімі, контрафактілік өнімдері айналысын бақылау шаралары туралы, зияткерлік меншік объектілерінің айналысы саласындағы міндеттерді шешуге өкілетті органдар туралы, зияткерлік қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялауды ерекшеліктері және басқалар туралы түсінік беретін «Контрафактілік өнімдер айналысына қарсы әрекет жасау туралы» заң қабылдау орынды деп санаймыз.
Тауарлық белгілерді заңсыз пайдаланумен байланысқан қылмыстың объективті жағы тауарлық белгіні, қызмет көрсету белгісін, фирмалық атауды, тауардың шығатын орнының атауын немесе олармен біртектес тауарларға немесе қызмет көрсетулерге арналған ұқсас таңбаларды, Қазақстан Республикасында тіркелген тауарлық белгіге немесе тауардың шыққан орнының атауына қатысты ескерту таңбаларын заңсыз пайдаланумен, бұл әрекеттерді бірнеше рет жасаумен немесе ірі зиян келтірумен көрінеді.
Талданып отырған қылмысты сипаттайтын келесі белгілер залал немесе зиян келтіру түріндегі қоғамдық қауіпті зардаптардың көрінуі болып табылады. Контрафакция туралы істер бойынша елеулі залалды (зиянды) анықтау технологиясы контрафакцияға тергеу жүргізу әдістемелерінің құрамдас бөлігі болып саналады. Залал мөлшері - бұл тура соған байланысты іс бойынша шешім шығаруға болатындығын тергеуші дәлелдейтін мән-жайлардың бірі.
Қылмыстық жауаптылық, егер елеулі залал (зиян) түріндегі залалады зардаптар авторлық құқық объектілерін заңсыз пайдаланумен себепті байланыста болғанда, яғни бүгінгі таңда құқық қолданушыға айтарлықтай қиыншылық тудырып отырған сотталушының қылмыстық әрекеті мен құқық иеленушінің залалдары арасындағы себепті байланыстар дәлелденсе ғана басталады. Ең алдымен, бұл қылмыстың жетілдірілмеуімен байланысты. Қазақстанның Қылмыстық кодексі, өкінішке орай, мәні бойынша бірдей зардаптарды анықтау кезінде түрлі терминдерді қолданады, мысалы, ауыр зардап, айтарлықтай залал, ірі мөлшер, елеулі залал, елеулі зиян. Заңнама техникасы тұрғысынан қарағанда бұған жол беруге болады, ал құқық қолдану тәжірибесінде бұл әрқилы түсінік береді. ҚР Қылмыстық кодексі қандай залалдың (зиянның) айтарлықтай, немесе ірі, зиянның елеулі болатындығы туралы анықтама бермейді.
Бұдан басқа, залал материалдық және сол сияқты моральдық та болады.
Мәселен, әдеби шығармасы үшін қаламақы алмаған авторға келтірілетін залал материалдық болып табылса, халықаралық байқауда автордың орнына басқа бір адамға марапат тағайындау моральдық залал болып табылады. Моральдық залал, сөйтіп, автордың абыройын түсірумен, сондай-ақ ойын бұрмалаумен, аударманың төмен беделін түсіреді, оның іскерлік қасиетіне нүқсан келтіреді.
Ірі залал деп кейбір ғалымдар авторға немесе сабақтас құқық субъектісіне, сол сияқты өзге де адамдарға, кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға сомасы қылмыстың жасалу кезіндегі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген бес жүз айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түсетін бағалаумен тікелей материалдық зиян келтіруді, қолдан шығарылған пайданы немесе моральдық зиянды таниды [2, 449] .
Б. Завидов пен С. Лапин өздерінің көзқарастарын заң шығарушының экономикалық қылмыстар бөлімінде қарауына негіздей отырып, ірі залалды анықтау үшін сонымен бірге бес жүз айлық есептік көрсеткіш (РФ қабылдаған есептік көрсеткіш бірлігі) мөлшеріндегі соманы таңдап алуды ұсынады. Бірақ бұл жерде әрбір нақты жағдайларда құқық қорғау органдары жәбірленушінің материалдық жағдайы мен оған қылмыстық әрекетпен келтірілген зардапты ескере отырып ірі залал ретінде де және аз сомамен бағалау мүмкіндігі жаңылыс айтылуы. нейғабіл. [3, 121] . Сірә, мәселені былайша қою ірі залалдың мөлшерін анықтау жағдайын оңайлатпайды, керісінше одан сйын күрделілендіре түседі. Біздің ойымызша, залал бірлігін анықтау үшін нақты бір өлшемдік негіз ойластыру қажет сияөты. .
Дамыған елдердің қылмыстық заңнамалары қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін айқынырақ өлшемдік негіздерді қарастырады. Мәселен АҚШ-тың Заңдар жинағының 506, 2319-баптарына сәйкес, қылмыстық жазалауға жататын деп пайда табу мақсатында авторлық құқықты қасақана бұзу танылады. Егер ол 180 күн жалғасып және бір немесе одан да көп өнімді қайта көшіріп немесе оннан кем емес көшірмесін таратумен көрінетін болса, егер бұлардың соңғысының құны 2500 доллардан кем болмаған жағдайда қылмыстық жауаптылық көзделеді. [4, 146] .
Батыстық қылмыстық заңнамаларына еліктей отырып Л. С. Симкин қылмыстық заңдарға авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқық объектілерді заңсыз пайданалуының белгілі бір мөлшері ретінде, мысалы, авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқық объектілердің заңсыз пайдаланылған даналарының кұнын қылмыс жасау кезіндегі РФ заңнамасымен белгіленген жиырма айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерді енгізуді ұсынған. [5, 93] .
Сөйтіп, ірі залалды анықтау кезінде келесідей өлшемдік негіздерді бөліп көрсету ұсынылады:
1) келтірілген материалдық залалдың сипаты мен мөлшері. Оны анықтау кезінде авторлық құқықтың заңсыз пайдаланылған объектілерінің сондай өлшемдік негізін пайдалану қажет. ;
2) келтірілен моральдық зиянның ауырлығы;
Моральдық зиын туралы мәселені бөлек көтеру керек. Моральдық шығынның орнын толтыру - Қазақстандық құқық институты үшін әлі шешілмей отырған бірқатар мәселелермен байланысқан біршама жаңа мәселе. Моральдық зиян жәбірленушінің өзінің авторлық құқықтарының бұзылуы салдарынан адамгершіліктік күйзеліске түсуімен көрінеді. Авторлық құқықты бұзу фактісінің өзі бірден жәбірленушіге моральдық зиян келтірді дегенді білдірмесе керек. Ол фактісі бойынша және көлемі бойынша дәлелденген болуы тиіс. Аталған зиянның ерекшелігі көбінесе сырт адамға көрінбейтін, демек дәлелдеу барысында қиындық тудыратын жәбірленушінің ішкі кұйзелісі мен кү»ніші болып табылады. Бәлкім, сот жәбірленушінің жан сезімін объективті түрде бағалай алмау күйінде болуы да мүмкін. Бұл орындала қоймайтын міндет, сондықтан моральдық зиян фактісі көп ретте оның сонымен бірге ақашалай бағасын беретін жәбірленушінің мәлімдемесімен мақұлданады. Ақшалай сома парасаттылық пен жеткіліктілік талаптарына сай болуы тиіс. Адамгершіліктік күйзеліс салдарынан адамның ерекше бір жағдайларға тап болатыны, сырт келбетінен, бет пішінен белгілі бір нышандар байқалуы мүмкін. Мысалы, нағыз және ауыр күйзеліс салдарынан адамның созылмалы ауруы қозып және тіпті өзіне өзі қол салуы да мүмкін. Мұндай жағдайда сотнақты істің мән-жайларын ескеруі тиіс. Қалған жағдайларда жәбірленушінің өзінің авторлық құқығының бұзылу фактісіне қатысын, сондай-ақ қалыптасқан сот тәжірибнлнрін басшылыққа алу керек.
3) жәбірленушінің саны.
Аталған өлшемнің негізінде ережесі осы жұмыста келтірілген ірі залалды есептеудің математикалық нәтижесі жатыр.
Қазіргі уақыт кезеңінде елеулі залал жүз айлық есептік көрсеткіштен (АЕК), ал ірі залал бес жүз АЕК-тен төмен болмауы тиіс деп, санаймыз. Одан ары қарай экономикалық жағдайдың тұрақтануына байлансы бұл меже көтерілу мүмкін.
Мұндай тұжырым «залал» терминді аталған қылмыстық құқықтық нормада пайдалану орында деп танылғанда тиісті мәнге ие болады. Қылмыстық құқықта залал деп тікелей нағыз шығын танылады, ал авторлық және сабақтас құқықты бұзған жағдайда көбінесе қолдан шығарылған пайда жайында сөз қозғалады. Қолдан шығарылған пайда автордың (құқық иеленушінің) құқығын бұзу салдарынан алынбай қалған кірісті көрсетеді. Залал мен қолдан шығарылған пайданың арасындағы айырмашылық көзге ұрып тұр.
Егер құқыққа қайшы әрекет елеулі залалға әкеп соқтырмаған болса, бірақ залал кетіруі мүмкін болса, онда ол қылмыс жасауға ұмтылу ретінде сараланады. Қылмыс жасауға ұмтылу мән-жайлары бойынша кінәліге байланысы жоқ, аяқталмаған қоғамдық қауіпті құқыққа қайшы іс-әрекет болып табылады.
Авторлық және сабақтас құқықтарды бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартудың, сондай-ақ ҚР ҚК 184-бабының мағынасы бойынша күрделілігі құқық бұзушы өзінің бөтеннің туындысын заңсыз пайдалануын мойындауымен, сондай-ақ соны қалауымен көрінеді. Субъектінің әрекеті қасақаналық сипатта болуы керек, абайсыздықтағы кінә қылмыстық жауаптылыққа тартуды болдырмайды. Демек, адам мұндай құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіптілігін түсінеді, өзінің әрекеттерімен айтарлықтай залалдың (елеулі зиянның) болу мүмкіндігін немесе болмай қалмайтындығын түсінеді және соған жол береді. Іс жүзінде адам өз кінәсін мойындауы тиіс. Тергеушілермен сұбхат жүргізу нәтижесі күдіктілердің 24%-ы өз кінәларын мойындайтынын көрсетті. Ниетті дәлелдеу барысы түрлі тергеу әрекеттері кешенін жүргізуді талап етеді.
Мәселен, сотталушы В. В. Юрьев рұқсатсыз Майкрософт компаниясының компьютерлік бағдарламасын сатып-өткізген. Сот мәжілісіндегі жауап алу кезінде айыптауда ұсынылған кінәны мойындамады. Бірақ осыған қарамастан, ҚР ҚК 184-бабының 3-бабында қарастырылған қылмысты жасаудағы кінәсі «Майкрософт» корпорациясы өкілінің айғағымен дәлелденді. Айғақ беруші К., «Майкрософт» ААҚ директорына азамат В. В. Юрьевтің олардың бағдарлама өнімдерін сатумен шұғылданатынын, соның салдарынан корпорацияға ірі материалдық залал келтірілгенін түсіндірді. Сотталушының кінәсі сондай-ақ 2006 жылдың 8-қаңтарында Ақмола облысы бойынша ЭСЖҚКД қызметкерлерінің екі компакт-дискіні тексерістік сатып алуы айғақтады. Сауда нүктелеріне қарау жүргізу кезінде 237 компакт-дискі алынған, оның баз бөлігінде соңғы зерттеу барысында 134 тенге шығын келтірген заңсыз көшіріп жазылған «Майкрософт» корпорациясының бағдарламалық өнімдері болған. Сөйтіп, В. В. Юрьев ҚР ҚК 184-бабы 2-бөлігінің «в» тармағында қарастырылған қылмысты жасаған болып танылды. [6] .
Сөз жоқ, кінәні мойындау авторлық құқық және сабақтас құқық объектілерін заңзыс пайдалануға тергеу жүргізудің негізгі сәттерінің бірі болып табылады, сонымен бірге кінәнің мойындалмауы тергеушіні іс бойынша ақиқатты анықтауды одан әрі жалғастыруын тоқтатуы тиіс емес.
Заң осы қылмыс үшін жауаптылықты ауырлататын бірқатар саралаушы белгілерді, атап айтқанда бірнеше рет, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен жасалғанын қарастырады. Мәселен, осы қылмыстың бірнеше рет жасалуы деп, авторлық немесе сабақтас құқықтарды бұзудың екі реттен кем жасалмағаны және соның бірде біреуі үшін заңмен белгігенген тәртіппен қылмыстық жауаптылықтан босатылмағаны, сотталған жағдайда оның бірде біреуіне қатысты соттылғы өтелмеген немесе алынып тасталмаған жағдайы танылады. .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz