Жедел бүйрек қабынуы


Жедел бүйрек қабынуы
Несеп - жыныс ағзаларының барлық урологиялық ауруларының үштен екісіне жуығын құрайтын, ең жиі кездесетіні жедел және созылмалы пиелонефрит.
Бүйректің қабынуы - бүйректің интерстициалды тіні мен түтікшелерінде болатын бір мезгілде не бірінен соң бірі бүйректің паренхимасы мен тостағанша - астау бөлімдеріне жайылатын бей арнамалы инфекциялық қабыну процесі.
Ауырған жағдайлардың 60-75 проценті бұл ауру 30-40 жастағыларда әчіресе әйелдерде, екі қабат кезде, босанғаннан кейін, дамиды. Әйелдер мен қыздардың жиі ауруы олардың анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты жас және орта жастағы еркектердің пиелонефриті көбінесе несеп жолдарына бас байлануымен, созылмалы простатитпен, үрпінің стриктурасымен бүйрек және несеп жолдарының әр түрлі аномалияларымен байланысты.
Пиелонефрит инфекциялық ауру болуына қарамастан, оның арнайы қоздырғышы жоқ.
Пиелонефритті қоздыратын бактериялардың көпшілігі ішек микрофлорасының құрамына кіреді. Пиелонефритпен ауырған науқастардың несебінде бәрінен гөрі ішек таяқшалары (80 процент) протеилер, стафилококк, көкірің таяқшалары, клебсиелалар жиі кездеседі.
Соңғы жылдары пиелонефритті қоздырушылары ретінде микроорганизмдердің госпитальдік штамдары рөлі күшейді. Мұның өзі зерттеп тексерудің әртүрлі аспаптық әдістері (цистоскопия, ретрогратық пиелография және т. б. ) жүргізілген кезде асептика, антисептика ережелерін бұлжытпай орындау керек екендігінің бір айғағы болып табылады.
Инфекция бүйрекке төрт жолмен өтеді. Бірінші және ең көп тараған түрі-инфекция түскен зәрдің қуық-несепағар рефлюксі болған жағдайда дмиды.
Екінші - пиелонефриттің дамуына несептің ағып кетуінің бұзылуы. Ол зәрдің тұрып қалуына және бактериялардың шайылып кетуіне кедергі келтіреді.
Бұндай зәр жолдарының бітелуі туа біткен (мысалы астау-несепағар сигментінің стенозы), жүрек пайда болуы мүмкін (мысалы зәр тас ауруы) немесе жүктілікпен байлнысы болуы мүмкін (жүкті жатырдың несепағарды бір жақты қысуынан) .
Үшінші механизм - қан арқылы. Бірақ несептің ағып кетуінің бұзылуынсыз қан арқылы инфекцияның жұғуы сирек кездеседі.
Төртінші - лимфа арқылы, бірақ бұл механизм толық дәледенбеген.
Жедел пиелонефрит - бүйрек паренхимасы мен тостағанша - астау жүйесіндегі жедел қабыну. Көпшілік жағдайда ол анық білінетін интоксикациямен ұштасатын ауыр инфекциялық ауру ретінде өтеді.
Жедел пиелонефритке белгілері үш сала болып ұштасуы тән - дененің жоғары температурасы, бел өңірінің ауруы, несептегі қабынуға тән өзгерістер.
Жалпы және жергілікті белгілері болады. Жедел пиелонефрит әуелде жалпы симптомдармен көрінеді. Олар: қалтырау, дене қызуының биік, тершеңді, бас ауруы, бұлшықеттер мен буындардың қақсауы, лоқсу, құсу, жалпы әлсіздік. Мұндай нышандар әртүрлі инфекциялық аурулар кезінде байқалады. Жергілікті белгілері - бүйрек тұсының яғни бел өңірі, қабырға астының ауруы. Бел өңірі үнемі сыздап ауырады. Дене температурасы 39-40 0 С, таңертең 37, 5-38 0 С-қа көтеріледі. Пастернацкии симптомы оң болады. Көп терлегендіктен несеп көлемі азаяды, зәр шығаруы қиындайды, аз мөлшерде, тамшылатып, ауыртып шығарды. Шамамен 75 процент науқастардың анамнезінде төменгі зәр жолдарының қабынуы болады.
Жедел пиелонефритті клиникалық белгілеріне қарап анықтайды. Анықтаудың ең маңыздысы ол зәрдің жалпы анализі және несепті бактериологиялық тексеру. Жедел бүйрек қабынуының диагностикасы кезінде бактерияурияның (зәрде бактериялардың болуы) дәрежесін анықтау ерекше маңызды, өйткені бұл симптом аурудың алғашқы күндерінде, лейкоцитуриядан ерте пайда болады. Зәрдің жалпы анализі - бактериурия, пиурия, лейкоцитурия, лейкоцитарлық цилиндрлер табылады, несептегі белок көбейеді. Қан тарапынан өзгерістер ақ қан формуласының солға жылуымен, лейкоцитоз түрінде білінеді.
Бүйректің ультрадыбыстық тексеруі, экскреторлы урография, радионуклейдтік рентгенография және хромоцистоскопия қолдану арқылы анықтайды.
Антибактериялды емдегеннің көмегі болмағанда, дене қызуының көтерілуі 72 сағаттан асса, және науқастарда қант диабеті, иммунодефицит жағдайлары болғанда компьютерлі томография жасалу керек. Ол бүйрек абсцессін немесе паранефритті және тағы басқа асқынуларды анықтауға көмектеседі.
Уақтылы емделмеген пиелонефрит бүйрек абсцессіне, паранефритке, артериялды қан қысымының көтерілуіне, бүйрек жетіспеушілігі сияқты асқынуларға әкелуі мүмкін.
Емі: Асқынбаған жедел бүйрек қабынуын амбулаториялы емдеуге болады. Антибактериялды препараттарды мысалы бисептол немесе фторхинолондардың бірін екі апта бойы қабылдайды. Сұйықтықты (шырындар, морстар) 2, 0-2, 5 литр ішу, көмірсулы тағамдар (ұннан пісірілген жеңіл тағамдар, жемістер) және сүт тағамдары (ірімшік, айнран т. б. ) ұсынылады.
Құсу, дененің сусыздануы, пиелонефриттің асқынуы кезінде инфузиялық сұйықтықтар, антибиотиктер көктамырға енгізіледі. Антибиотиктердің комбинациясы пайдаланылады. (пенициллин және аминогликозидтер, цефалоспориндер) . Жүкті әйелдерде пиелонефритті пенициллиндермен және цефалоспориндер мен емдейді.
Науқастардың жағдай жақсарған соң қоздырғыштың антибиотиктерге сезімталдығына қарап пероральді таблеткалармен алмастырады. Асқынған пиелонефритте антибактериялды емдеу үш апта құрайды.
Ауру сезімін азайту үшін стероидсыз қабынуға қарсы препараттар, анальгетиктер, спазмолитиктер пайдаланылады. Иммунитетті көтеретін дәрілер, витаминдер қолданылады.
Антибактериялды дәрілерді қолдану оның ұзақтығын дәрігер урологтар немесе терапевтер тағайдайды.
Өз бетінше ем қабылдаған науқастарда созылмалы бүйрек қабынуы және т. б. асқынуларға әкелуі мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz