Баспа және баспахана. Полиграфиялық материалдар



Кіріспе
І ТАРАУ. БАСПАХАНАДАН БАСТАУ АЛАМЫЗ.
1.1. Кітап басу ісі кеше және бүгін
1.2.БАСПА ЖӘНЕ БАСПАХАНА. ПОЛИГРАФИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР
ІІ ТАРАУ. КІТАПТЫ ҚАЛАЙ БАСЫП ШЫҒАРАДЫ
2.1. Баспахана өндірістік бөлімшесіндегі жұмыс үрдісі
2.2.Баспахананың бүгінгі технологиясы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі
Адамзат көкірегінде кітап идеясы сонау қадым заманында туған. Әрине, дәл бүгінгідей кітап күйінде емес. Соның сұлбасы есебінде. Адамзат рухы жатырына түскен сол идея ұрығының қандай мақсаттан туғанын қиял күшімен шамалап, болжауға болады. Ол отыз тістен шыққан сөздің қайсібір құнарлысын адам жадында сақтап қалуды, ал жадының қауқары келмегенін басқа тәсілмен есте қалдыруды көздеді. Қалайда жеке адам сөзі әлеумет сөзіне айналуы тиіс еді. Сол үшін таңбаланып,материалдық киім кие бастады. Мұндай сөз енді мәңгілікке қол созды.
Бұл айтылған мысалды алыстан іздемей-ақ өткен жолымызға көз жіберсек те болады. Көне Орхон ескерткішінен алынған мына бір арнауға құлақ тосып көрелік;
- Түрік бектері, халқы, бұны естің... Айтар сөзімді мәңгі тасқа жаздым – депті тасқа қашап жазылған сөзінде түрік ақындарының атасы Иоллығ-тегін. Күлтегін ескерткішінде (Кіші жазу) /1/
Иоллы тегін «Айтар сөзімді мәңгі тасқа жаздым» десе, бұл біздіңше – кітап сөзі. Міне, сол мәңгіге қалатын кітап сөзі туралы идея пісіп-толыса келе, ғылым мен мәдениеттің қуатты қозғаушы күшіне айналды.
Адамзат көп уақыт бойы бір-бірімен байланыс жасап, пікір алысуда кеңістікке тәуелді болып келді. Ол кезде телефон, телеграф атымен жоқ. Бір-бірімен сөйлесу үшін олар бірін-бірі ести алатын қашықтықта болуы тиіс. Міне, осы тәуелділікті жою үшін адамдар жазуды, яки жазба тілді ойлап тапты.
Жазу туралы. Дүние жүзіндегі барша халық дерлік жазу-сызудың негізгі үш сатысынан өткені байқалады. Бұларды бас-басына айтатын болсақ, біріншісі – пиктографиялық, яки бейнелеп жазу, екіншісі – идеографиялық немесе рәміздік (символдық) жазу, үшіншісі – алфавиттік, әріп немесе дыбыс жазу делінеді. Бейнелеп жазудың таңбалары, суреттері пиктограммалар деп аталады. Ол жеке сөздерге бөлшектенбейді, бүтіндей хабар білдіреді. Мысалы, осы жерден үш күндік қашықтықта аю жүр дегенді хабарлау үшін аюдың суреті және үш сызық белгісі қойылады деген сияқты. /1/ Жазудың осы жабайы пиктографиялық түрі қазіргі біздің заманымызда да кездеседі. Көшеде жүру тәртібінің белгілері, дүкендер мен шеберханалардың маңдайшаларындағы тақталарға салынған суреттерден біз олардың не затты саудалайтынын, жөндеуден өткізетінінен мағлұмат аламыз. Сол маңдайша жарнамаларындағы сүт, ет, нан не болмаса машинка, мұздатқыш, сағат суреттерін пиктограммалар деп атайды.
Пиктография адамның жеткіземін деген ақпарының бәрін түгел жеткізіп бере алмайды. Ол шартты белгі. Кең мазмұнды ойды толық жеткізу үшін тұтас белгілер жасау қажеттігі туды. Адамдар ол қажеттіліктерін өтеудің жолдарын ойлап тапты да. Тарихтан жазу-сызудың негізгі төрт түрі мәлім, бұлар идеографиялық, сөз буындылық, силлабикалық және әріп-дыбыстық (алфавиттік) деп аталады. Жазу-сызудың нақтылы жүйесінде бұл нысандар таза күйінде қолданыла бермейді.
Идеографиялық таңба жеке сөзді немесе оның буынын белгілейді. Осыдан төрт мың жыл бұрын жасалған Қытай жазуының идеографиялық жүйесінде әр таңба белгісі бір сөзге телінеді. Идеография сөздің дыбысталуын емес мағынасын білдіреді. Мысалы, сандар осы принцип бойынша таңбаланады. 3 деген цифрдың мағынасы дүние жүзіндегі барша халыққа аян. Бірақ айтылуы, дыбысталуы әрқилы. Қазақша – үш, орыс тілінде – три, неміс тілінде – драй т.т. Таза идеографияның мүмкіндігі онша көп емес. Бұл пиктографиядан жазудың сөздік – буындық түріне өтетін өткел. Жазудың бұл түрінде айтамын деген ойыңның мазмұнын жеткізу мүмкіндігі әлдеқайда кеңейеді. /2/
Логографиялық жазу жүйелер (египет, шумер, қытай, ацтек жазулары) бейне сурет пен шартты белгілерді ұштастырып отырады. Айталық, египет жазуында бүркіт өз бейнесімен берілсе, су сирек сызық түрінде беріледі. Мысалы, біздің заманымызға дейінгі үш мыңыншы жылдықта қолданылған шумер жазуында «садақтың оғы » деген мағынаны білдіретін сөзді (шумер тілінде «ти») «ти» деген буында таңбалау үшін пайдаланған.
Силлабикалық жүйе әр таңбаның жеке сөзді емес, белгілі бір дыбыстардың дәйекті жеткізілуіне негізделген. Силлабикалық жүйе Үнді елінде және Оңтүстік Шығыс Азияда кеңінен тараған. Көне Үндінің силлабикалық жазуы брахми деп аталған.
1. Елеукенов Ш. Кітаптану негіздері.- Алматы, Санат,1997 17-19
Елеукенов Ш. Кітаптану негіздері.- Алматы, Санат,1997 21-22
Елеукенов Ш. Кітаптану негіздері.- Алматы, Санат,1997 40-45

2 Елеукенов , Шалғынбаева Ж.Қазақ кітабының тарихы -
Алматы, Санат,1999 12-13
Елеукенов Ш, Шалғынбаева Ж.Қазақ кітабының тарихы –
Алматы, Санат,1999 30-35, 82-87
3. Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері
Алматы, Білім, 2005
521-530
4. Омарова А, Әбдиева Р, Толыбаева Ж.Ж.
Баспа ісі және кітап басу Астана,Фолиант - 2004 33-41
5. Гудкова Г, Загаринская Л. Полиграфические материалы
- Москва,1982 80-100

6. Риязанов В.Офсеттік басылым – Алматы, 1993 73-75
7. Виноградов Г, Жуков А. Полиграфия өндірісі – Алматы, 1991 37-38,3
8. Казанцев В, Таль Г. Офсеттік шағын машиналар және оларда
жұмыс істеу – Алматы,1991 41-45
9. Иглицкий А, Соморов Б.Кітапты қалай басып шығарады –
Алматы, Қазақ мемлекеттік баспасы, 1955 49-51
10 Бектемісов Ә. Ә. Ыдырысов Редактор мен корректорға көмекші
құрал – Алматы, Мектеп баспасы, 1978 18-20
11 Волкова. Л.Основы наборных процесов Москва ,1986 45-46

12 Технологические инструкции по наборным процессам
– Москва,Искуства, 1955 105-110

13. Солдатов А. Печатнику – офсетчику Словарь – спровочник
Москва, Книга, 1984 30-42

14. Коротовский М, Калиев Ж. Книгоиздательское дело
Казахстана- Алматы, Казахстан 1992 46-48
15. Зельдович Б, Софонова М, Повлова А. Организация
и плонирования полиграфического пройзводства,
управление предприятием- Москва, Книга, 1990 50-62

16. Раскин А, Ромейков И,Бирюкова Н, Муратов Ю,
Ефремова А. Технология печатных процессов- Москва,
Книга, 1989 100-101

17. Комолев В, Пергамент Д,ФилиповВ. Бросиюровочно
переплетные машины- Москва, Книга, 1986 59-65

18. Воробьев Д, Дубасов А,Лебедев Ю.Технология
брошюровочно – переплетных процессов- Москва, Книга, 1986 20-37

19. Бельчиков И. Техническое редактирование книг и журналов
-Москва, Книга,1968 30-46

20. Гунко С, Делеков В.Словарь по полиграфии и
полиграфической технологии- Минск,
Космополис – универсал 1995 151-80

21. Чижевсий И, Куликов Ю, Сидорин А.Охрона труда в полиграфий
- Москва, Книга, 1988 11-15

22 Шашлов Б. Теория фото – графических процессов
– Москва, Книга, 1981 41
23 Адреса и Автографы российской печати- Москва
Полиграфист и издатель, 2006 65-67

Пән: Полиграфия
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
“Дүниені бәрінен бұрын

көп өзгерткен алтын емес,

қорғасын және оқ боп

құйылғаны емес,

баспахана литералары

боп құйылғаны”

(Кристоф Лихтенберг)

Кіріспе

Адамзат көкірегінде кітап идеясы сонау қадым заманында туған. Әрине,
дәл бүгінгідей кітап күйінде емес. Соның сұлбасы есебінде. Адамзат рухы
жатырына түскен сол идея ұрығының қандай мақсаттан туғанын қиял күшімен
шамалап, болжауға болады. Ол отыз тістен шыққан сөздің қайсібір құнарлысын
адам жадында сақтап қалуды, ал жадының қауқары келмегенін басқа тәсілмен
есте қалдыруды көздеді. Қалайда жеке адам сөзі әлеумет сөзіне айналуы тиіс
еді. Сол үшін таңбаланып,материалдық киім кие бастады. Мұндай сөз енді
мәңгілікке қол созды.
Бұл айтылған мысалды алыстан іздемей-ақ өткен жолымызға көз жіберсек
те болады. Көне Орхон ескерткішінен алынған мына бір арнауға құлақ тосып
көрелік;
- Түрік бектері, халқы, бұны естің... Айтар сөзімді мәңгі тасқа жаздым
– депті тасқа қашап жазылған сөзінде түрік ақындарының атасы Иоллығ-тегін.
Күлтегін ескерткішінде (Кіші жазу) 1
Иоллы тегін Айтар сөзімді мәңгі тасқа жаздым десе, бұл біздіңше –
кітап сөзі. Міне, сол мәңгіге қалатын кітап сөзі туралы идея пісіп-толыса
келе, ғылым мен мәдениеттің қуатты қозғаушы күшіне айналды.
Адамзат көп уақыт бойы бір-бірімен байланыс жасап, пікір алысуда
кеңістікке тәуелді болып келді. Ол кезде телефон, телеграф атымен жоқ. Бір-
бірімен сөйлесу үшін олар бірін-бірі ести алатын қашықтықта болуы тиіс.
Міне, осы тәуелділікті жою үшін адамдар жазуды, яки жазба тілді ойлап
тапты.
Жазу туралы. Дүние жүзіндегі барша халық дерлік жазу-сызудың негізгі
үш сатысынан өткені байқалады. Бұларды бас-басына айтатын болсақ, біріншісі
– пиктографиялық, яки бейнелеп жазу, екіншісі – идеографиялық немесе
рәміздік (символдық) жазу, үшіншісі – алфавиттік, әріп немесе дыбыс жазу
делінеді. Бейнелеп жазудың таңбалары, суреттері пиктограммалар деп
аталады. Ол жеке сөздерге бөлшектенбейді, бүтіндей хабар білдіреді. Мысалы,
осы жерден үш күндік қашықтықта аю жүр дегенді хабарлау үшін аюдың суреті
және үш сызық белгісі қойылады деген сияқты. 1 Жазудың осы жабайы
пиктографиялық түрі қазіргі біздің заманымызда да кездеседі. Көшеде жүру
тәртібінің белгілері, дүкендер мен шеберханалардың маңдайшаларындағы
тақталарға салынған суреттерден біз олардың не затты саудалайтынын,
жөндеуден өткізетінінен мағлұмат аламыз. Сол маңдайша жарнамаларындағы сүт,
ет, нан не болмаса машинка, мұздатқыш, сағат суреттерін пиктограммалар деп
атайды.
Пиктография адамның жеткіземін деген ақпарының бәрін түгел жеткізіп
бере алмайды. Ол шартты белгі. Кең мазмұнды ойды толық жеткізу үшін тұтас
белгілер жасау қажеттігі туды. Адамдар ол қажеттіліктерін өтеудің жолдарын
ойлап тапты да. Тарихтан жазу-сызудың негізгі төрт түрі мәлім, бұлар
идеографиялық, сөз буындылық, силлабикалық және әріп-дыбыстық (алфавиттік)
деп аталады. Жазу-сызудың нақтылы жүйесінде бұл нысандар таза күйінде
қолданыла бермейді.
Идеографиялық таңба жеке сөзді немесе оның буынын белгілейді. Осыдан
төрт мың жыл бұрын жасалған Қытай жазуының идеографиялық жүйесінде әр таңба
белгісі бір сөзге телінеді. Идеография сөздің дыбысталуын емес мағынасын
білдіреді. Мысалы, сандар осы принцип бойынша таңбаланады. 3 деген цифрдың
мағынасы дүние жүзіндегі барша халыққа аян. Бірақ айтылуы, дыбысталуы
әрқилы. Қазақша – үш, орыс тілінде – три, неміс тілінде – драй т.т. Таза
идеографияның мүмкіндігі онша көп емес. Бұл пиктографиядан жазудың сөздік –
буындық түріне өтетін өткел. Жазудың бұл түрінде айтамын деген ойыңның
мазмұнын жеткізу мүмкіндігі әлдеқайда кеңейеді. 2
Логографиялық жазу жүйелер (египет, шумер, қытай, ацтек жазулары)
бейне сурет пен шартты белгілерді ұштастырып отырады. Айталық, египет
жазуында бүркіт өз бейнесімен берілсе, су сирек сызық түрінде беріледі.
Мысалы, біздің заманымызға дейінгі үш мыңыншы жылдықта қолданылған шумер
жазуында садақтың оғы деген мағынаны білдіретін сөзді (шумер тілінде
ти) ти деген буында таңбалау үшін пайдаланған.
Силлабикалық жүйе әр таңбаның жеке сөзді емес, белгілі бір дыбыстардың
дәйекті жеткізілуіне негізделген. Силлабикалық жүйе Үнді елінде және
Оңтүстік Шығыс Азияда кеңінен тараған. Көне Үндінің силлабикалық жазуы
брахми деп аталған.
Иероглифті пайдаланудың қиындығы жұртты ойландырмай қойған жоқ. Ал
кітап оқығысы келетін, жазу-сызумен айналысатын кісі қатары жиілей түсті.
Содан барып жазу-сызуды оңайлату ісі қолға алынды. Әр түрлі елдерде бір
дыбысты бір әріппен белгілейтін болды. Сөйтіп әріп және олардың жүйесі –
алфавит қолданылды. Тұңғыш алфавит жасағандар – Финикия елінің тұрғындары.
Финикиалықтар оңнан солға қарай жазатын болған. Олардың алфавитінде дауысты
дыбыстар жоқ, тек дауыссыз дыбыстар ғана әріп таңбамен белгіленетін.
Финикия алфавиті жазуға өте-мөте қолайлы және оңай болғандықтан, Орта теңіз
жағалауындағы барлық ел бірте-бірте осы жазуға көше бастады. Қайсыбіреулер
оны жетілдіруге тырысты. Сөйтіп оның негізін арамей (арабтардың бір
тайпасы) және грек алфавиттері жасалды. Арамей алфавитін Шығыс елдері
қолдана бастады. Бұларда әріп тек дауыссыздарды ғана бейнелейді, дауысты
дыбыстар үшін арнайы белгілер қолданылады және оңнан солға қарай жазады.
1
Грек алфавиті финикиялық алфавиттің жетілдірілген түрі. Жетілдірді
дегенде, гректер дауысты дыбыстар үшін де әріп ойлап тапты. Тек жазу ретін
таба алмай көп әуреленді. Басында оңнан солға қарай, кейін бір жолды
бұрынғысынша, екінші жолды солдан оңға қарай жазып жүрді, ақыры соңғысына
көшті.
Өзге Батыс елдерінің көбі грек алфавиті негізінде латын
алфавитін құраған. Мұның жазылуы тіпті оңай болды. Ежелгі Рим империясының
тұрғындары бас әріп, жай әріп курсивтерді енгізді. Рим империясының
құзырындағы ел көбейген сайын латын әрпін пайдаланушылар көбейе берді. Орта
ғасырда бұл алфавитті Римнен өзге Англия, Франция пайдаланып үлгерді. Кейін
латын алфавитіне латындықтар көшті.
Біз бүгінде пайдаланып жүрген кириллицаға келетін болсақ, бұл
алфавитті бұдан мың жылдан аса бұрын болгар священнигі, оқымысты,
ағартушысы Кирилл өзінің шәкірті Мефодиймен тізе қоса отырып, славяндар
үшін (орыстар, сербтер, болгарлар) арнайы әліппе ойлап тапты. Византия
империясы жазу-сызуын грек алфавитіне негізделгені белгілі. Міне, осы
Византия алфавиті үлгісімен Кирилл мен оның шәкірттері глагалица және
кириллица әліппесін шығарды.
Глагалица иероглифке көп ұқсас-тын. Жазуға оншама оңтайлы емес еді.
Ақыры глагалицаны қойып, славяндар кириллицаға түбегейлі көшті.
Кириллицадағы 43 әріптің 24-і византиялық, 19-ы славян тілінің
ерекшеліктеріне байланысты жасалған.
Қазақ халқы бертінірек араб әрпін, ал 1929 жылы латын графикасына
сүйенетін жаңа алфавит қабылдады. 1930-жылдардың аяғы, 1940 жылдың басында
біз Кириллицаға көштік. Орыс алфавитіндегі 33 әріп түгелдей қабылданып,
оның үстіне орыс тілінде жоқ дыбыстарды таңбалайтын тоғыз әріп алынды,
сөйтіп әріп саны 42-ге жетті.
Сурет, рәміз және әріпті таңбалайтын материал сан рет өзгеріс тапты.
Кітаптың алғашқы беттеріндегі ілкі жазулар жартасқа, қыш пен мәрмәр тасқа,
папирус, яки қамысқа пергамент немесе теріге, қайың қабығы орамдарына,
қағаз беттеріне түсірілген. 1
Қазіргі қазақ әдебиеті өз тарихын VII ғасырдан, яки Орхон
ескерткіштері жазылды дейтін уақыттан бас алады делініп жүр. Біздің арғы
ата-бабаларымыздың тарихы жазылған Құлтегін ( Түрік қағанаты туралы
сөз) ескерткішінен: Мынаны оқып біліңдер түріктің ендігі халқы мен
бектері. Тоныкөк ескерткішінен: Түріктің Білге Қаған еліне арнап
жаздырдым мен, данышпан Тоныкөк деген үндеулер оқимыз. Бұған қарағанда,
көне тарихымыздың авторлары Иоллығтегін мен Тоныкөк жырау-ақындар тасқа
қашап жазған ескі түрік жазуларын түріктердің оқи алатыны, яки хат
танитындығы айқындалады.
Тасқа ойып жазу – ежелгі дәстүріміз. Тасқа басылған деген тіркес сол
көне дәуірдің сарқыты болуы хақ. Қазақ даласының рухани ордаларының бірі –
Тараз қаласынан XI ғасырға жататын тассуат табылды. Өткеннің тасқұжаты
есетті осы мұрадан мынандай жазулар оқимыз:
Бұл тассуатты Әбді әл-Мәлік Құттылықтың қызы Фатима қатын Алланың
нұрлы шапағатына бөлейтін жолға түсу үшін және оның рахымы мен жомарттығына
үміт ете жасатты. Оның өзі және ата-анасы һәмм күллі мұсылман (жамағаты)
Алланың кешіріміне жолықсын!...
Бұл (тассуат) төрт жүз... жылдың рабил-л-ахууал айында бітті.
Тарихты әрі үңгілеп кетсек, ыдысқұжат сияқты жиһазымызды еске алуымыз
керек. 1969-1970 жылдары Есік қорғандарының бірінен алтын киімді адам
тапқанын бүкіл әлем біледі. Міне, сол алтын киімді адамның қасынан табылған
ыдыстағы жазу Қазақстан жерін мекендеген көне заманғы бабаларымыздың біздің
заманымызға дейінгі IV-III ғасырларда-ақ хат білетіндігіне бұлжымас айғақ.
Таңдаулысына алтын киім кигізіп жүрген сақ қоғамы әлеуметтік-мәдени
ұйымдасуы жағынан жоғары деңгейдегі қоғам санатына есептеледі. Нақтылы
мұның қандай деңгей екендігін мөлшерлеу үшін көне заманғы басқа
мемелекеттердің жазу-сызумен салыстырып көрелік.
Адамзат өркенниеті тарихында Ассирия патшасы Ашшурбанипалдың есімі
(б.з.д. 669 – 633 жылдар) алтын әріптермен жазулы. Жасаған қанды жорықтары
үшін емес, көне заманның діни және ғылыми мәтіндерінен үлкен бай кітапхана
ұйымдастырғаны үшін.Сол кітапхана 1849 – 1854 жылдары Ниневия қаласының
орнынан қазылып алынды. 30-мыңдай текше мәтін сол күйінде сақталған.
Өйткені бұл кітаптар күйдірілген балшықтан жасалған еді.
Көне Вавилонда хат түсіруге саз балшық жүрген. Балшықтан арнайы
текшелер жасап, қатпаған жұмсақ күйінде үшкір таяқшамен жазу түсіретін
болған. Саз балшық иректеп отыруды көтермейді. Тура сызық жүргізгенді
қалайды. Сол себепті вавилондық иероглифтер сынаға ұқсас келеді. Мұндай
жазуды сына жазу (клинопись) деп атап кеткен. Тиісті жазу – сызу түсірілген
соң саз текшені отқа салып не күн көзіне күйдіреді екен. Вавилон, Шумер
және Ассирия клинопистері күні бүгінге дейін сақталған. 1
Адамзат өркенниетінің бесігі – Мысырда (Египетте) жазу материалы
есебінде папирус өсімдігі пайдаланылған. Папирус грек тілінде патша
өсімдігі деген мағына білдіреді. Египет мемлекеттерінің саз-батпақ
суларында өседі. Қамыс тәрізді сабағын екіге жарып тіледі. Сол тілімдерді
бірінің үстіне бірін айқұш-ұйқыш салып, үстінен преспен басып тегістейді.
Сөйтіп тілімнен бет шығарады. Ол беттерді бір-біріне желімдеп жалғап,
бүктеп, орамға айналдырады. Бұл орамдар (свитоктер) жазсаң ұзын құлаш-
құлаш лента сияқты. Кей папирус орамдарының ұзындығы 45 метрге дейін барып
қалады. Папирусқа әуелгі бетте жазу қара және қызыл түсті бояулармен
түсіріліп жүрді. Кейіндері сия табылғанда жіңішке тростник таяқшасымен яки
қамыс қаламмен жазу жазылды.
Біздің заманымызға дейінгі үш мыңыншы жылдан бастап біздің
заманымыздың бір мыңыншы жылдарына дейін жазылғандардан египет, еврей,
грек, латын, араб, арамей, парсы, сириялық және басқа папирустар белгілі.
Құжат есебінде тіпті XI ғасырда да папирусты пайдаланған фактілер
кездеседі. Табылған папирустардың басым бөлегі Египеттікі. Оларда Египет
тарихының іздері сайрап жатыр. Ресейдің Мемлекеттік Эрмитажында аса құнды
Египет папирустары сақтаулы.
Ертедегі заман қолжазбасының басқа бір түрін кодекс деп атайды.
Бүгінгі кітаптардың прообразы, нақ бейнесі осы кодекс. Арнайы тақтайға
балауыз жағылып, оған үшкір таяқша – стиломен таңба түсірілетін. Жаңағы
папирус орамындай емес, кодекс беттері бірінің үстіне бірі қойылады. Сөзі
көбейген папирус жуандаса, кодекс кітап сияқты қалыңдай түседі. Буманы
жазып, қайта орап отырудан гөрі кодексті оқу әлдеқайда қолайлы, оған
ақпарат көбірек сияды. Кодексте алғаш рет титул парағы қолданылады. Латын
тілінде бұл сөз тақырып деген мағынаны білдіреді. Беттің санын көрсету де
осы кодекстен басталған.
Біздің заманымызға дейінгі екінші ғасырда Кіші Азияның Пергам
қаласында жазу-сызуға мал терісін илеп-өңдеуден жасалған жарғақты
пайдалана бастаған. Бұл материалды пергамент деп атап кеткен. Батыс Еуропа
мен Ресейдің бірқатар ортағасырлық жазба ескерткіштері осы пергаменге
жазылған. Пергамент шығысымен кітап формасы өзгерді. Пергамент бетін төрт
бүктеп, текшелеп, айналасын тегістеп кітап бетін жасаған.
Ежелгі Русь жазу материалы етіп брестаны – қайың қабығын пайдаланғаны
белгілі. Үндістанда пальма жапырақтарына жазған. Қағаз ойлап табылғаннан
кейін де кей бағалы кітап жарғаққа жазылып жүрді. Кітап мұқабасын иленген
терімен қаптау қазірде қолданылады.
Қағазды ойлап табу кітап өндірісін жетілдіруде, өнімнің бағасын
арзандатуда үлкен рөл атқарды. Қағаз компонентті, күрделі қосынды материал.
Кітап шығаруда қағазды пайдалану біздің заманымыздың 76 жылында
басталады. Қытай өнертапқышы Цой Лунь 105 жылы бұл тәжірибені байыта
отырып, қағаз өндіруді жолға қойды. Негізінен өсімдік талшықтарын сүзгіде
қалдырып, суспензия жасаған. Қағазды сол суспензиядан өндіруді ойлап
тапқан. Қытайлар қағаз өндіру тәсілін көптеген уақыт құпияда ұстаған.
Еуропада қағаз өндірісі он үшінші ғасырда ғана негізгі жазу материалына
айналды. Ендігі жерде папирус, пергамен, қайың қабығы, тас, саз балшық
орнына қағаз жүре бастады. Қағаз өндірісі Испаниядан Италияға ауысқан
шақтан бастап, оныншы ғасыр шамасында басқа да Еуропа мемлекеттеріне оның
ішінде Ресейде қолға алынды. Бумага деген сөз италян тілінен алынған
(Bambagia - мақта деген сөз).
Баспа кітап. Адамзат жазу-сызуын қолдан көшіріп қол еңбек уақытын
рәсуә еткенше, белгілі бір нысан арқылы сурет пе, мәтін бе – бәрін көбейтіп
басу амалын сонау көне замандардан іздестірген. Сондағы табылған алғашқы
тәсіл – штамп. Біздің жыл санауымызға дейінгі үш мың жылдай бұрын Қос
өзеннің төменгі аймағын шумерлер және Ніл дария перзенттері египеттіктер
штамп таңбасын адамның кім екендігін куәландыратын құжат есебінде
қолданған. Көне Египет скарабей дейтін қи қоңызды қасиетті жәндік санаған.
Сол скарабей бейнесін тасқа қашап салып не күйдірілген кірпішке салып
культке айналдырған.
Баспа кітапқа жол салу тарихын зерттегенде кездемеге нақыш түсіруді де
еске алмай кетуге болмайды. Ертедегі Шығыс елдері тақтайға бедерлі ою
жасап, оған бояу жағып, мықтап керілген матаға таңбасын түсіреді екен.
Кейін матаға нақыш, бедер түсіру Еуропаға ауысқан. Дәл осы принцип
граверленген, оймаланған ағаш тақтайшалар арқылы сурет, мәтін басу негізіне
алынған. Бұл тәсілді ксилография деп атайды. Мәтін не суреттің бедері
оймаланған тақтаға бояу жағылады, оның үстіне суланған қағаз төселеді,
бұдан соң тері не жылқы қылы салынған мата қалташасы көмегімен қағазды
тақтаға қысып, оттиск яки таңба алады. Ағаш тақтайшалардан алғаш басылым
сурет, мәтін түсіру Қытайда VII ғасырда басталған. Қытай мен Жапонияда
ксилографиялық баспа әжептеуір өрістеген. Одан шыққан басылым үлгілері күні
бүгінге дейін сақталған. Ол үлгілердің жасалу мерзімін мамандар VIII
ғасырға жатқызды. 1
Бірақ бұл тәсілдер қолжазба кітапты ауыстыра алмады. Күн өте қолжазба
кітап қоғам дамуының былайғы қажеттеріне жарамай қалды. Таралымының
аздығы, қолмен көшірудің ұзақ мерзімге созылатындығы, көшірушінің бәрі
бірдей сауатты, жеткілікті ыждахатты бола бермейтіндіктен сапаның
төмендейтіндігі, қате көптігінен кей қолжазба кітапты оқу оңайға
соқпайтындығы, бағасының удай қымбаттылығы – осының бәрі қосылып келіп
адамзатты бұл тығырықтан шығу жолын жатпай-тұрмай іздестіруге мәжбүр етті,
іздеген табады. Ақыры, кітапты ел игілігі етудің жолы табылды. Дүниеге
баспа кітап келді.
Баспа кітап адамзат рухани әлемінде үлкен революциялық өзгеріс жасады.
Жазба қазынасының өрісін басып көрмеген дәрежеде кеңейтті.
Баспа кітап дүниеге келгеннен бергі жерде адамзат қарыштап алға басты.
Бір елдің табысы екінші елге баспа кітап арқылы тезірек жететін болды.
Кітап көпшілік игілігіне айналды. Әлеуметтік маңызы артты. Ол бұдан былай
ат төбеліндей азшылықтың игілігі болудан қалды.
Осындай ұлы жетістіктер үшін адамзат кімге борышты ? Оның есімін
білмейтіндер кемде-кем. Ол – XV ғасырдың тамаша перзенті немесе өнертапқышы
Иоганн Гутенберг (1406-1468) Гутенбергтің ерлігінің мәнісін айту деген сөз
– ойлап тапқан өнерінің сырын айту деген сөз.
Полиграфиялық процесс белгілі бір баспа формасын, пішінін мәтін не
суретті бұлардың таңбасын түсіретін материалға, айталық қағаз бетіне
көшіруді көздейді. Бұлайша таңба түсіру түпнұсқаны айнытпай қайталайтын
форма бейнесін көптеп, көбейтіп басып шығаруға жағдай жасайды.
Пішіннің таңба түсетін шығыңқы және түспейтін ақтаңдақ, ойық
учаскелері болады. Таңбасы түсірілген участокке тиісті баспаханалық бояу
жағылады да, қысым күшімен қағазға басылады. Ойық тұстарға бояу жұқпайтыны
түсінікті. Таңба түскен қағаз оттиск деп аталады.
Баспаның бұл түрін шығыңқы баспа (высокая печать) дейміз. Бұл тәсіл
Гутенбергке дейін көп уақыт бұрын, ертерек замандарда ашылған.
Шығыңқы баспа формасын жасауға ағаш формасы жұмсалды. Ұшы өткір металл
сайманы көмегімен түсірілуге тиісті форма ойып, қашап түсірілетін. Мұндай
тәсілді ксилография немесе ағаш графюрасы деп атайды.
Сөйтіп, баспа кітапқа баратын жолда алғашқы адым жасалды.
Шығыңқы баспа тәсілін атақты өнертапқышы Гутенберг қағаз материалдың
өзгешеліктеріне қарай ыңғайлап, жетілдіріп, баспа станогын жасады. Май
сығу, шарап жасау ісінде қолданылатын станоктардың да тиімді жерлері
пайдаланылды.
Гутенбергтің негізгі табысы бұл емес, басқа тәсіл. Атап айтқанда –
терім формасынан мәтінді жаңғыртып көбейту тәсілін ойлап тапты. Осы тәсіл
арқасында, біріншіден, баспа формасын жасау жұмысы әлдеқайда жеңілдеді. Бұл
форма алдын-ала терілген элементтерден – литералардан түзілетін болды.
Және литера материалын бір ғана баспа формасын жасауға ғана емес, түрлі –
түрлі басқа да формалар жасауға, сөйтіп ұзақ уақыт пайдалануға болады.
Гутенберг бір емес, әлденеше жаңалық ашқан. Бас кезінде шрифтілерді
ағаштан жасап көрген. Бірақ оның беріктігі қандай екендігі белгілі.
Гутенберг шрифті металдан құйды. Арнайы баспаханалық құйма ойлап тапты.
Ойндағысын жүзеге асыру үшін металдарды әр түрлі қасиеттеріне қарай
пайдаланды. Бір метал қатты, екіншісі жұмсақ. Алдымен болаттан басында
шығыңқы бедері бар (әріп не тыныс белгісі) модель не пуансон жасайды. Бұдан
соң темір пуансонды жұмсақ көнбіс метал мысқа таңбасы түсетіндей етіп
үстінен басады. Сөйтіп матрица жасалады. Матрица таңба түскен соң ойық боп
шығады. Сол ойыққа оңай балқитын қорғасын мен қалайының құймасын әкеп
құяды. Литера осылай жасалады. Басында айнадағыша көрінетін теріс әріпі бар
таяқша – литераны кассаның тиісті ұяларына орналастырып ал да керек сөзіңді
теруге кіріс. Теріп болған соң баспа станогына апарып, терімнің үстіне
қағаз қойып, қалағаныңша таңба (оттиск) ала бер. 1
Баспа кітап – күллі баспасөз атаулының атасы. Газет, журналдардың
шығуы жылжымалы литерасыз, баспаханасыз бояу мен баспа пресінсіз мүмкін бе
еді? Газет Еуропада Гутенбергтің “В4-2” деп аталатын “Інжіл”кітабынан
кейін, 18 ғасырдың басында пайда болды. Ресейде алғашқы баспа газет
“Ведомости” Петр І тұсында, 1702 жылы дүниеге келген. Қазақ баспасөзінің
тұңғышы “Түркістан уалаятының газеті” 1870 жылы шықса, қазақ тіліндегі
алғашқы кітаптар 19 ғасырдың басында бой көрсете бастады.
Әр беті 42 жолдан тұратын Гутенберг кітабынан соң (1445 жылдың шамасы)
1465 жылы кезінде осы неміс өнертапқышына қаражатпен көмектескен Фуст
деген кәсіпкердің баспаханасынан атақты Цицеронның кітабы жарық көрді. Міне
сол қос басылымнан бастап адамзат мәдени өмірі күрт өрге басты, ертдегі
философтардың, ақын, жазушылардың, шешендердің, дәрігер, заңгер,
тарихшылардың еңбекетрі жаңбырдан кейінгі көктей қаулады. Ол еңбектер енді
қалың ел игілігіне айналды. Оған кітаптың қысқа мерзімде және арзан бағамен
шығуы көп ықпал етті. Енді бұрын 2-3 кітап сатып алатын қаражатқа тұтас
кітапхана құрастыруға мүкіндік туды.

І ТАРАУ. БАСПАХАНАДАН БАСТАУ АЛАМЫЗ.

1.1. Кітап басу ісі кеше және бүгін

Қазақтар өзге де түркі халықтары тәрізді Орта Азия мен Қазақстанды
арабтар жаулап алғаннан бергі жерде оқу, жазуларында араб графикасын
пайдаланғаны белгілі. Араб графикасы негізінде басылым шығару жөніндегі
алғаш әрекет иесі — Петр 1 патша. Осы патша ағзамның тікелей бүйрығымен
Түрік атындағы жорық баспаханасы ұйымдастырылады. Жорық баспаханасына
князь Д. К. Кантемир жетекшілік етеді. Бұл баспахана ұлы Петрмен бірге су
жолымен Астраханьға дейін барғаны белгілі. Кейін XVIII ғасырдың сексенінші
жылдары араб шрифтілері Ресей Ғылым академиясы баспаханасында пайда болады.
1777 жылы Москва университетінде татар класы ұйымдастырылады. Осыған
байланысты араб шрифтісін құю кажеттілігі туады. Араб шрифтісі ол кезде
негізінен мұсылман бодан бұқарасы арасында әкімшілік шараларын жүргізуге
арналды. Бір көңіл аударарлык нәрсе, мұсылмандар арасында колжазба күйінде
оқылып жүрген Құран тасқа басылып, Сібір бұратаналарына, соның ішінде
қазақтарға үлестіріледі Дін исламды енгізу дала тағылары қырғыздарды
ауыздықтауға құрал есебінде жұмсалады. Бұл жөнінде 1782, 1794, 1797 жылдары
арнайы Жарлықтар (Указдар) шығарылады. Алайда XVІІI ғасырда Ресейде араб
графикасы негізінде кітап шығару тиісті өріс ала алмады. Тіпті XIX ғасырдың
бастапқы бес жылының өзінде небары алты кітап қана басьп шығарылды.
ХIХ ғасырда мұсылмандық кітап басылымы, яғыни араб шрифтісі бойынша
кітап басу орталығы Қазан шаһары болды. Әуелі Азия, содан кейін Қазан
университеті баспаханалары бүкіл ғасыр бойы шығыс губернияларының
барлығының баспа кітап хақындағы зәріуліктерін өтеді.Дәл сондай заказдар
Орынбор генерал – губернаторынан түсіп отырған. Бара – бара жергілікті
жерлердің өзіне баспахана ұйымдастыру қажеттігі туды. Қазақ даласының
көптеген сұлтан правительдерімен хат жазасып тұру, басқа да бұратаналармен
байланысу керектігі бұған әбден көз жеткізді. Ақыры, генерал губернатор
Сухтеленнің сұрауы бойынша Орынбор қаласындағы әскери баспаханаға араб
шрифтілері жеткізіледі. Бұл баспахананың араб бөлімшесіне терімшілік
жұмысқа орынбордың Неплюев әскери училищесінде оқып жүрген Мұхамет Гирей
Бекчурин шақырылады.
Мұның үстіне, араб шрифтісін теру өнеріне жетігу үшін және корректура
ісін атқаруға Қазан университетінің баспаханасына Неплюев әскери
училищесінің татар тілінен сабақ беретін оқытушысы Мартемьян Иванов іс
сапармен жөнелтіледі.
1832 жылғы қаңтарда Шығыс баспаханасы ашылды.Оның алғаш шығарған
басылымы “Наставления местным и дистаночным начальникам оренбургских
линейных киргиз” деп аталады. Біраз уақыттан соң Шығыс баспаханасы қажетті
жабдықтармен, шрифтілермен толық қамтамасыз етіліп,араб алфавитіне қанағат
тұтарлық кітаптар шығарды.
Қазақ кітап басылымының өз тарихы XIX ғасырдын бас кезінен басталады.
Бірінші казақ баспа кітабы Қисса-и Сей-фүлмүлік деген атпен Азия
баспасынан 1807 жылы шықты. Бұл қазақ, шағатай, татар тілдері аралас шығыс
аңызына құрылған ғашықтық дастан еді. Сол жылы Қазан гимназиясының
баспаханасы саналатын Азия Қазан университетінің карамағына берілді.
Міне, осы университет баспаханасынан өткен ғасырдың бірінші жартысында
оншақты аталым қазақ кітабы жарық көрді. Бұлар негізінен шығыс және қазақ
фольклорының үлгілері, патша үкіметі мен гу-берниялык әкімшіліктің ресми
жарлықтары мен қаулыларыныа тәржімалары еді.
ХIХ ғасырдың бірінші жартысында Қазандағы орыс жекеменшік
баспаханаларында араб шрифтілері пайда болды. Сөйтіп бірте – бірте шығыс
мұсылман халықтарының ұлттық кітап басылымы қалыптасты. Татар баспагерлері
орыс жекеменшік баспаханаларының қуаттылықтарын белсенді түрде жемісті
пайдаланып, татар және қазақ тілдерінде кітап шығару жөнінде заказдарды
бірінен соң бірін тоғытты да отырды. ХIХ ғасырдың орта кезінен бастап,
жоғарыда айтылғандай, Қазан бүкіл Ресей империясы жерінде шығыс тілдерінде
кітап басудың бас орталығына айналды. Осы жетекшілік қызметін Қазан 1917
жылға дейін сақтап келді. Мұнда кеңес өкіметі орнағанға дейін қазақ баспа
кітаптарының үштен екісіне дейіні жарық көрді. Олардың титул беттерінде он
алты Қазан баспаханаларының маркалары басылған.
Бұл баспаханаларды бас – басына атағанда, төмендегідей тізім
түзіледі: Қазан университетінің қазыналық баспаханасы, орыс жеке меншік
бапаханалары: Наследники М. А. Чирковой, Н. П.Коковин, Г. М. Вечеслав, Б.
Л. Домбровский, И. Н. Харитонов, Н. М. Чижова, Еремеев- Шашабрин
баспаханалары. Татар жеке меншік баспаханаларынан Торговый дом братья
Каримовы, Магариф, Шараф, Урнияк, Умид, Миллят және басқа да
баспаханалар ерекше көзге түсті. Жалпы алғанда Қазанда 700 аталымнан аса
(қайта басылғандарын қоса есептегенде) қазақ кітабы жарық көрді. Бұлардың
379 – ның тиражы 2 млн. 2 мың 590 дана.
Көп жылдар бойы біз казақ баспа кітабы 1917 жылға дейін негізінен
Қазақстаннан тыс жерлерде шықты деп жазып келдік. Мұның шындыққа жататын
жері де, оған сыя бермейтін жағы да бар. Көп кітабымыздың жаңа Қазанда
басылғанын айттық. Сонымен бірге және бір факті жеріне жеткізіле айтылмай
келеді. Қазақ басылымдарын шығару жөнінде Қазаннан соңғы екінші орын
Орынбордікі. Міне, бұл ақиқат елеп ескерілмеді.Оған себеп – Орынбор
салынғанынан бастап көп жылдар бойы әкімшілік жағынан Қазақстанға қарап
келді де, 1925 жылы Қазақстанның астанасы статусынан айырылғаннан кейін
Ресей федерациясы құрамына кірді. Қазір де солай. Оған ешкімнің дауы жоқ.
Біздің Қазақстанда шыққан шықпағаны туралы сөз қозғағанда, шындықты
бұрмаламай турасынан айту керектігі. 1917 жылға дейін Қазақстанның өз
жерінде де қазақ кітаптары басылып тұрды дей келе, Орынбор, Омбы қалаларын
атай кетсек, еш сөкеттігі болмауға керек. Сонымен бірге қазақ
басылымдары Орал, Алматы (Верный) жане Семей қалаларында да азды-көпті
шықты.
Орынбор қаласының баспаханаларында шамамен 86 кітап және кітапша қазақ
тілінде жаряланды. Бұған қоса Уфа қаласында қазақ кітабының жиырма,
соншамасы Ташкенде басылды. Біраз қазақ басылымдары Тройцк, Астрахань,
Петербург секілді қалаларда жарық көрді. Кітаптарды, кітапшаларды, жарнама
проспектілерін және басқа әртүрлі тақырыптағы баспа өнімдерін қоса
есептегенде, ревалюцияға дейінгі қазақ басылымдарының жалпы саны 970 аталым
құрайды.
Орынборда қазақ кітап шығарған алғашқы баспахана — Б. Бреслин
баспаханасы. Мұнда 1908 жылға дейін 14 басылым, негізінен оқу құралдары
жарық көрді. Екі тілді сөздіктер, орыс-қазақ мектептеріне арналған
оқулықтар. Алғашқы Краткий русско-киргизский словарь 1898 жылы
жарияланып, бес жыл өткен соң қайта басылды. Барлық басылымдар орыс
алфавиті негізінде шығарылды. Баспагерлік саясат патша үкіметінің
евразиялык елдерінің бәрін орыстандару жөніндегі үлкен саясатқа қызмет ете
бастады. 1898-1908 жылдары мұнда В. В. Катаринскийдін Первоначальный
учебник русского языка для киргизов, М. Ронгинскийдін Букварь для
киргизских аульных школ, А. К Алекторовтың Киргизская хрестоматия, Ы,
Алтынсариннің Киргизская хрестоматиясының екінші басылымы (бірінші
басылымы сияқты православиелік миссионерлік қоғамның айдарымен шықты) жарық
көрді.
Орынбордағы және бір баспахана П. Н. Жаринов деген кісінің атымен
аталған. Қазақ тілінде мұнда Егіншінің қызмет көлігі жайында деген
кітапша шығарған. Көмекші құрал есебінде шыққан И. Попов дегеннің бұл
шығармасын баспаға ұсынушы — Қазан мал дәрігері институтының 4 курс
студенті Мұса Жасмағамбетов делінген.
1900 жылы Орынборда Г. И. Кәрімовтың баспаханасы ашылды. 1902 жылдан
бастап бұл кәсіпорында басқару ісі оның ұлы Мұхамметфаттихтың қолына
көшеді. Кәрімовтердің Орынбор баспаханасында жиырма алты аталым қазақ
кітабы жарық көрді. Бұлар негізінен көркем әдебиет және фольклор
шығармалары, азын-аулақ оқу кұралдары еді.
Кәрімовтер шаруаға тиімді практикалық мәні бар әдебиет шығаруға
бірінші боп кірісті. Атап айтқанда 1903 жылы Насихат буюруны, қалай сауда
ету жайында, үй салуға көмекші құрал: Біздің үйлеріміздің хақында. Үйді
қалай салу жайында деген кітаптар, зингер іс тігіу машиналарын жасайтын
кампанияныің жарнамаларын жасайтын, т. б, басқан.
1906 жылы М. Кәрімов өз баспаханасын Кәрімов – Хұсайынов және К0
атты серіктестікке береді. Ресми түрде баспахана қожайыны аталмаса да, іс
жүзінде оны бүдан бұлай да басқара береді. Кәріиов – Хұсайынов және К0
серіктігі 1914 жылдан бері қарай Г. Г. Хұсайынов және К0 деп атала
бастады.
Кәрімов-Хұсайынов және Ко атты айдармен 13 қазақ кітабы жарық көрді.
Репертуары сан алуан: көркем әдебиет, оқулықтар, санитарлық ағарту
кітапшалары, діни-уағаз мазмұнды кітапшалар. Бір көңіл аударатын жәйт —
мұнда Шәкәрім Құдайбердиевтің Мұсылманлық кітабы (1911, 1000 дана),
Түрік, қырғыз, қазақ және ханлар шежіресі (1912, 1000 дана) кітаптары,
Ахмет Байтұрсыновтың Оқу құралы (1912, 2000 дана, 1914, 5000 дана),
Міржақып Дулатовтың Оқу құралы. Қираат кітабы (1914,3000 дана) атты
шығармалары жарық көрді.
1909 жылы Орынборда Вакт газетінің баспаханасы ашылды. Бұл
баспаханада 1910 және 1915 жылдардын аралығында қазақ тілінде жеті кітап
пен кітапша, жарнамалық басылымдар шықты. Төрт басылымның таралымы 13000
данаға жетті. Қазақ әдебиетінің, жалпы ұлттық өміріміздің тұтас бір дәуір
басы — Міржақып Дулатовтың атақты Оян, қазақ! (1910) атты кітабы дәл осы
Вакт баспаханасынан шыққан. Тиражы 3000 дана. 1911 жылғы қараша айында
автор үстінен сот ісі қозғалып, кітапша өзіне арест жариялайды, яғни оны
сатуға тиым салынды. Осы баспаханада Н. Сағдиевтьң әлеуметтік өткір мәнді
Семипалат облысы Өскемен уезіне қараған қазақларның ашлықтан зарлыктары
деген өлең кітабы басылып шықты. 1915 жылы мұнда және бір қызғылықты
басылым — Мұхаметжан Сералиинің Ашық хаты басылды. Кітапты портретпен мың
дана мөл-шерінде бастыруға заказ беруші — Қайырбай Муратов.
1906 жылдан бастап Орынборда тағы да бір баспахана жұмыс істей
бастады. Дин ва мағишат (Дін және өмір) деп аталатын болған. 1907 жылдан
1916 жылға дейін 12 қазақ басылымын шығарды.Солардың сегізінің тиражы 17000
дана болды. Репертуары сол кездердің дәстүрі бойынша: поэзия, оқулықтар,
діни уағыз әдебиет, салт өлеңдері шығармалары болып келеді. Алайда 1911
жылы репертуардың жаймашуақ толқыны күрт көтеріледі: мұнда Ахмет
Байтұсыновтың “Маса” өлеңдар жинағы шығады. Бұдан соң Міржақып Дулатовтың
Есеп құрылы (1914, 1915, 3000 данадан) және Терме (1916,15000 дана) үш
кітабы жарық көрді. Айта кетуге тұрарлық нәрсе, бұған дейінгі
көрсеткіштердің бір де бірінде бұл жайында мағылұмат берілмеген. Мәселен,
Ахмет Байтұрсыновтың ревалюцияға дейін өз кітаптарын шығарумен қатар, басқа
авторлардың кітаптарының шығарушысы болғанын білетіндер көп емес. Атап
айтқанда, ол Дин ва мағишат баспаханасынан Ғұмар Қарашаевтың Аға тұлпар
кітабын бастырып шығарған.
Омбыда қазақ-орыс және орыс-қазақ сөздіктері екі-үш дүркін шығарылған.
ХIХ ғасырдың аяғы, ХХ ғасырдың басында Ташкенде жиырмаға жуық қазақ
басылымдары жарық көрген. Көбінесе бұлар Гулям Хасан Гарифджановтың
баспаханасында шықты. Қазақ және шығыс фольклоры үлгілерінен өзге, төлтума
шығармалардан жарық көргендерінен А.Ғұмарұлының Жатпа, қазақ атты кітабы
көңіл аударады.
Қазақ кітаптары Орал, Алматы, Семей калаларында да шыға
бастады. Бұл қалаларда жарық көрген кітаптардын жалпы жиыны — 19 аталым.
Оның екеуі Оралда, бесеуі Алматыда және он екісі Семейде шыққан. Алматыда
1901 жылы шыққан тұңғыш баспа кітабы Д. Корольковтың Борьба с саранчой
деп аталады. Оны қазақ тіліне Шегіров деген кісі аударған. 1911 жылы
Дүйсебай Шұманакұлының Хаж сапары (Алматы уезнің үлкен Алматы елінің биі
Дүйсебай Шұманақұлының жұртқа айтқан өсиеті) деген кітап шықты. 1912 жылы
М. И. Обуховтың жеке меншік баспаханасынан Русско-киргизский словарь на
семиреченском киргизском наречии. Вьш. 1, издание книжного магазина К. А.
Смолова в г. Верном) деген кітап жарық көрді.
1913 жылы Жетісу әскери губернаторы А. Микулдиннің Романдар әулетінің
300 жылдығына арналган кітапшасын қазақ тіліне аудартып шығартады. Сол жылы
Тоқаш Бокин кұрастырған Русско-казахский словарь атты кітап жарық көрді.
Орал қаласында революцияға дейін, яки 1905, 1911 ,1912 жылдары
Обращение депутатов от Уральской и Тургайской областей о проблемах религии
и землепользования, а также предложения по ним, Меры борьбы с заразными
болезнями домашних животных деген кітаптары және Елеусін Бұйриннің Ызың
атты өлеңдер жинағы жарияланды.
1912 жылы Семейде тұңғыш ұлттық баспахана ашылды. Оны ұйымдастырған
ағайынды Сұлтан, Садық және Хасан Нығматуллиндер жаңа кәсіпорынның атын
Жәрдем деп атайды. Бұл баспахана 12 кітап және кітапша басьп шығарды.
Бұлардың арасында Тайыр Жомартбаевтың Қыз көрелік және Балаларға жеміс,
Шәкәрім Қүдайбердиевтің Еңлік-Кебек, Қазақ айнасы шығармалары бар. 2
Республикалық газет-журнал “Дәуір” баспасының тарихы. "Дәуірдің"
іргетасы сонау 1932 жылғы 9 мамыр күнгі БКП(Б) Қа-зақстан өлкелік
комитетінің қаулысы негізінде каланған болатын. Осынау арнайы баспаның
мақсаты - газет-журналдар мен басқа да әдеби шығармаларды басып шығару еді.
"Дәуір" баспасы Горький және Пролетар көшелері (қазіргі Жібек жолы мен
А.Нүсіпбаев) қиылысындағы ескі мекеме үйіне орналасты. Дәл осы ескі үйде
1918 жылы қалалық "Заря свободы" газетінің тұңғыш нөмірі жарық көргенді.
Бұл күнде сол ескі үйдің орнында тек Қазақстан ғана емес, бүкіл Орта Азия
мемлекеттері бойынша ірі полиграфиялық кәсіпорын саналатын "Дәуір"
баспасының өндіріс корпусы бой көтерген. Бүгінгі жетістіктердің бәрі сол
ескі үйден бастау алған. Бұл не сонда кездейсоқтық па, әлде тағдыр ма?
Зандылық, әрине. Ой еркіндігі мен сөз шындығы бірлескен ұлы идея осылайша
"Дәуір" баспасында жүзеге асырылды. Miнe, осы идея жолында баспаның алғашқы
жұмысшылары трактор моторымен іске қосылатын басу машиналарында тәулік бойы
жұмыс істеді. Стереотиптерді қолмен құйып, тапшы қағаздардың әрбір парағын
үнемдеді. Бірақ қаншама қиындық болса да баспа оқырмандарға газет-
журналдарды дер кезінде басып шығарып отырды. Мемлекетте қарап қалған жоқ,
жаңа құрылған баспаның тсх-никалық базасын нығайту үшін қолдан келгенше
көмек көрсетті. 1936 жылы баспада мынадай дүние-мүлік болыпгы: I - ГАЗ
автомашинасы, торы азбан ат (12 жасар) — I, торы азбан ат (4 жасар) - 1,
күймелі арба - 1, шана - 1 және 1 - жазу машинкасы. Бірақ, бұлар сол кезде
үлкен байлық еді ғой.
Ұлы Отан соғысы басталған алғашқы күндері-ақ бәрі өзгерді. Ер-
азаматтар соғысқа кетті. Станок тетіктерінде қарт кісілер мен әйелдер,
жасөспірімдер қалды. Тағы да тәулік бойы тегін жұмыс істеуге, жоспарды
асыра орындауға тура келді. Жұмысшылар майдан үшін, әскери ұшақтар жасау
үшін еңбек ақыларымен көмек берді. Газет шығару тоқтаған жоқ, өйткені,
баспасөз адамдар бойына жеңіске деген сенім үялатты...
Соғыс та бітті, баспа қайта жарақтандырылып, жаңа техникалар сатып ала
бастады. Мықты мамандар да жеткілікті еді. Дегенмен, құрал-жаб-дықтардың
жетіспеуі қолбайлау болды. Газет-журналдар бірнеше күнге кешігіп шығып
жүрді. Өйткені, орталық басылымдардың матрицаларын сол кездері ұшақпен
Мәскеуден алдыратын еді. Осындай қиындықтан баспаны фототелеграф құтқарды.
Ал, сексенінші жылдары баспада офсеттік тәсілмен жылдам басатын машиналар
пайда болды. Олар тәулік бойы жүздеген мың тираждык, газеттерді еркін басып
үлгеретін.
Республикалық "Дәуір" газет-журнал тарихын еліміз полиграфиясында
технология мен техниканың XX ғасырдағы даму тарихы десе де болғандай.
Өйткені, осы аралықта бұл баспа қарапайым машинадан және әріпті қолмен
теруден бастап бүгінгі заманғы жетілгсн компьютер техникасына, жоғары және
терең басудан — офсеттік басуға дейін жетіп отыр. Бүгінде соны
техникалармен жарақтанған "Дәуірдің" өнімдері европалық технологиялық
стандартқа пара-пар. Бүл техникалар тек сапалы өнім шығарып қана қойған
жоқ, сонымен қатар баспаханадағы жылдар бойы шешімі табылмай келе жатқан
экология мәселесін де түпкілікті шешіп берді. Мұның өзі жұмыс-шылар
денсаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отыр.
Материалдарды теру мен қаптау, ақ-қара және түрлі-түсті түпнұсқа-ларды
өңдеу процестері қазіргі бағдарламаларды пайдалана отырып компьютсрмен
атқарылады. Баспада роліктік Goss Communiti Rockwell, Heidelberg және КВА -
Planeta сияқты жетілген басу машиналары бар. Журнал және кітап өнімдерін
әзірлеу ағылшындық Salbi қондырғысы арқылы жүзеге асырылады. Германиядан
шыкқан тігу-кесу желісі де қолымызды ұзартты.
"Дәуір" баспасының тарихы -техникалар мен әртүрлі кезеңдердің ғана
тарихы емес, ол — адамдар тарихы. "Дәуір" дәліздері бізді күнде ертемен
қарсы алып, кешкісін шығарып салады. Олар бәрін көрді, естіді, куә болды,
бірақ, үндемейді. Ақырын құлақ түріп тыңдасаңыз, әріден, алдымен еміс-еміс
естілген дүріл біртіндеп ұлғая түседі. Ия, бұл — газет цехының гүрілі,
өйткені, онда газеттерді басу басталып кетті...3
“Атамұра корпорациясы” ЖШС-нің полиграфкомбинаты. Қазақстан
Республикасы "Ата-мұра корпорациясы" ЖШС-нің Поли- графкомбинаты
Республикада кітап және басқа да түрлі түсті баспа өнімдерін басып шығаруға
арналған қуатты кәсіпорын құру туралы шешім қабылдануына орай 1945 жылы
дүниеге келді. Қырқыншы жылдардың аяғына қарай комбинаттың қаусап, тозығы
жеткен ескі ғимараты қайта жөндеуден өткізіліп, онда кітап түптеу цехы, құю
цехы, басу цехы, монтаждау цехы және басқа цехтар мен қоймалар
орналастырылады.
Полиграфкомбинат 1948 жылдың өзінде-ақ 50 млн. баспа табақтан астам
кітаптар мен кітапшалар, 11 млн. баспа табақтай түрлі түсті кітап өнімдерін
басып шығарды.
50-жылдары кәсіпорынның куатын арттыру мақсатымен полиграф-комбинатта
бірқатар техникалық шаралар іске асырылды: көнерген машиналар жаңа "Н-4"
және "Н-5" машиналарымен, құю машиналары бір түсті және екі түсті офсеттік
машиналармен ауыстырылды. Офсеттік цехтағы өндірістік технология түбірімен
өзгерді: басу формасын қолмен дайындау жұмысы фотомеханикалық тәсілмен
әзірленетін болды. Түптеу цехындағы қолмен істелетін жұмыстар
механикаландырылды. Форзац жапсыратын автомат-машина, 18 секциялы баспа
табаққа бояу машинасы, беттерді тізу-тігу, мұқаба әзірлеу, блокқа келтіру
және басқа да машиналар іске қосылды.
1970 жылдан бастап Полиграфкомбинат шығарған өнімдер саны мен сапасы
жағынан Республика полиграфияларының көшбасшысына айналды. Ол шығарған
фотоальбомдар, кітаптар, буклеттер одақтық және халықаралық көрмелер мен
жәрмеңкелерде бірнеше рет дипломдарға ие болды.
1998 жылдың ақпанынан бастап Полиграфкомбинат жауапкершілігі шектеулі
серіктестік (ЖШС) түрінде "Ата-мұра" корпорациясының құра-мына енді. Осы
уақыттан бастап комбинаттың жаңа даму кезеңі басталды. Қазіргі кезде
кәсіпорын осы заманғы әлемдік полиграфия жабдықтарымен жарақтандырылған
үлкен өндіріс орнына айналды. Басу цехында көп түспен басу жұмысы төрт
бояулы КВА RAPIDA-104, бес бояулы КВА RAPIDA-105 машиналарының көмегімен
гибридті бояулар және УФ аталатын лак арқылы іске асырылады.
Түптеу цехы жоғары өнімді жабдықтармен жарақтандырылған. Кітап
блоктарын дайындау жұмысы "Sig-loch-Stahl" жүйесі арқылы, мүқаба дайындау
ВДМ-60 және "Kolbus" машиналары арқылы, алтындап басу "Kolbus" және "AM1GO"
тігіссіз түптеу машиналары арқылы жүзеге асырылады.
Бүгінде Полиграфкомбинат жоғары сапалы көркемсурет альбомдарын,
оқулықтар, көркем әдебиеттер, арнаулы басылымдар мен анықтамалықтар, ашық
хаттар, жарнамалар, журналдар, конфеттер, торттар және тағы басқаларға
қораптар басып шығарумен айналысады.
Қазақстан Республикасы "Атамұра корпорациясы" ЖШС-нің Поли-
графкомбинатың бүгінде баспа-полиграфия саласының білікті маманы Ыдырыс
Тоқталыұлы Бегалиев басқарады. Полиграфкомбинаттың негізі қаланған 1945
жылдан бері оны көптеген білгір маман кадрлар басқарып, өз үлестерін қосты.
Солардың ішінен М.Т.Күзембаев пен М.О.Андосовтардың еңбегін зор ілтипатпен
атап айтуга болады. М. Т. Күзембаевтың Полиграфкомбинат 36 жыл бойы
басқаруы — кейінгі ұрпаққа өшпес өнеге.
Қазір Полиграфкомбинат әлемдік ең үздік техникалармен жарақтанды-
рылған іргелі кәсіпорынға айналды.3
“Кітап” фабрикасының тарихы. "Кітап" фабрикасы 1974 жылдың қаңтар
айында Алматы қалалық № 2 баспахананың негізінде құрылды. Жаңа мекемеде
жұмыс
істеуге білікті мамандар қажет болды. Сатымбек Омарұлы өзі Ресейдің
ірі полиграфиялық мекемелерінде: Калинин, Чехов, Ярославль
полиграфкомбинаттарында болып, сол жақтан білікті мамандарды шақырды және
олардың тұрғын үй мәселелерін бірден шешіп беріп отырды.
"Кітап" фабрикасы өндіріс қуатын арттыра түсті: кітап блоктарын жіппен
тігусіз бекітетін автоматтандырылган жүйесі орнатылды. Фототеру, офсетті
басылым қарқынды дамыды. Жастарға баса назар аударылды. 472 орындық жастар
жатақханасы салынды. Жұмыс істеуге және ЖОО-да оқуға барлық жағдайлар
жасалды.
"Кітап" фабрикасы — Сатымбек Омарұлы Төлешевтің еңбегінің жемісі. Ол
республикадағы кітап өнімдерін өндіру ісіндегі ең ірі көшбасшыға айналды.
"Кітап" фабрикасында басылған кітаптар жыл сайын Мәскеуде өтетін
халықаралық жәрмеңке көрмелерде дипломдар мен марапат қағаздарына ие
болды.
1976 жылы "Кітап" өндірістік бірлестігі кұрылды. Оның құрамына төрт
мекеме: Кітап фабрикасы, полиграф-комбинат, жедел басу және билет-бланктар
басу баспаханасы, мектеп дәптерлері мен тұрмыстық қағаздар баспаханасы
кірді. Кітап фабрикасы бірлестіктегі бас мекемеге айналды.
Нарықтық экономикаға көшу кезеңінде 1976 жылдан 1991 жылға дейін өмір
сүріп келген "Кітап" бірлестігі де өзгерістерге ұшырады. 1991 жылдан бастап
барлық жеке өндірістік құрылымдарға айналды. Үкіметтің қаулысымен Кітап
фабрикасының бұрын офсетті цех орналасқан ғимаратында бағалы қағаздар цехы
ашылды.
Цехтың ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының IIрезиденті
Н.Ә.Назарбаев қатысты. Бағалы кағаздар цехы күні бүгінге дейін осы
ғимаратта жұмысын жалғастырып жатыр. 1994-2001 жылдары "Кітап" фабрикасында
цехтар қайта жабдықтаудан өтіп, жаңа техника мен технологияға көшті.
Теру цехы толық, компьютерлендірілген және фотошығару мен басу
үлгілерінің жаңа заманғы жабдықтарымен жабдықталған.
Басу цехында "Planeta" неміс фирмасының жоғары жылдамдықты машинасы
орнатылған. Басу паркінің жылдық куаты — 240 млн.
Түптеу цехында "Колбус" фирмасының "Компакт — 2000" желісі орнатылған.
Желінің жылдық қуаты жылына 2 млн. дана кітап.
"Кітап" фабрикасының тұңғыш директоры Төлешев Сатымбек Омарұлы —
көптеген полиграфист мамандар тәрбиелеп, үлкен өмірге жолдама берді.
"Кітап" фабрикасының атымен адамзаттың рухани құндылығы кітап шығару
жолында еңбек еткен көптеген жандардың тағдыры мен байланысты.
2001 жылы "Кітап" фабрикасының негізінде екі ірі полиграфиялық мекеме
"Кітап" фабрикасы мен газет-журналдар баспасын қосу арқылы "Республикалық
"Дәуір" өндірістік-баспа кешені" ЖШС құрылды.3
Оқушы дәптерлерін және қағаз бұйымдарын шығаратын баспахана.
Алматыдағы № 2 баспахана кәсіпорнын үлкейту жөніндегі үкімет қаулысы
шыққаннан кейін, ол кәсіпорын Кеңес Одағының Батыры Митин атындағы
артельмен біріктіріледі. Митин артелі дәптер және ақ қағаз өнімдерін
дайындайтын. Біріктіру 1964 ж. цех деңгейінде өтті. Артель мен № 2
баспахананың біріктірілуі ақ қағаз өнімдерін шығарудың дамуы мен ұлғаюына
зор ықпал етті. Мектептік және қалың дәптер өнімдерінің көптен шығуына бес
ЛТА-ны орналастыру үшін салынған жаңа ғимараттың ықпалы зор болды.
Саластырып қарасақ: Егер артель бұған дейін жылына 15 млн. мектеп
дәптерін және 1 млн. қалың дәптер шығарған болса, жаңа заман құрал-
жабдықтарын пайдалану мен өндіріс аймағының кеңейтілуі, өндіріс
процестерінің механикаландырылуы жылына 90 млн. мектеп және 14 млн. қалың
дәптер, 3.5-4,0 млн. күнделік дәптерін шығаруға мүмкіндік берді.
Сурет дәптерлерінің де шығарылымы көбейді.
Мектеп өнімдерін шығарудың дамуы — дәптер өндірісінен қалған кағаз
қалдықтарынан блокнот, жазу кітапшалары, альбомдар, канцелярия-лық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сандық басып шығару ерекшеліктері
Кітап шығару
Баспахананың жалпы сипаттамасы
Кітап – халық тәрбиешісі
Мерзімді басылым - журнал өнімін шығаратын баспахана
Италияның кітап басу ісінің шығу тарихы
Италия әдебиетінің басу ісінің шығу тарихы
Тмд елдеріндегі кітап басып шығарудың дәстүрлі әдістері
Кітап форматы мен терім алаңы
Қазақ зиялыларының ағартушылық қызметі
Пәндер