Абай өлеңдері мен қара сөздерінің өзге тілдердегі тәржімасы
КІРІСПЕ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4
I ТАРАУ
Абай өлеңдерінің орыс және ағылшын тілдеріне тәржімелену
ерекшеліктері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
II ТАРАУ
Абай қарасөздерінің орыс, ағылшын тілдеріне аударылу
сипаты. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 22
ҚОРЫТЫНДЫ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 39
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . 42

Қазақтың ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы осы күнгі Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі), Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау болысы) Шыңғыс тауында дүниеге келген. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген руынан тарайды.
Абай әуелі ел ішіндегі дін мектебінде оқып, ауылдағы молдадан хат таниды. Он жасқа келгенде Семей қаласына келіп, оқуға түседі. Семейдегі алғашқы оқытқан молдасы - Ғабүлжаппар деген татар. Одан кейін Ахмет Риза медресесіне түседі. Абай осы медреседе үш жыл оқиды. Өзі тұстас үлкен-кіші балалардың барлығынан санағұрлым зейінді, ұғымтал және ерекше ықыласты болған. Дәрісте арабша кітапты молдасының бір оқып, бір-ақ рет түрікшеге аударып берген сөздерін кітапқа қарамай жатқа айтып шыға алатындай зерек болады. Дін сабақтарымен қатар, шығыстың ұлы классиктері Науаи, Физули, Саади, Хафиз, Шамси, Сайхали, шығармаларын оқып танысады. Оларды араб, парсы, шағатай, түрік тілдерінде оқыған. Соларға еліктеп бала ақын “Изузи Раушан”,“Физули, Шамси, Сайхали” өлеңдерін жазып, алғашқы ақындық жолын бастайды.
Ахмет Риза медресесінде оқып жүрген кезінде Абай Семейдегі Приходская школада үш ай орысша оқиды. Жасы он үшке келгенде, мұсылманша үш жыл, орысша үш ай оқумен Абайға ары қарай оқудың есігі жабылады. Әкесі Құнанбай Абайды оқудан шығарып алып, ел басқару жұмысына қосады. Әке еркімен ел ісіне жастай араласқан Абай тез есейіп, балалықтан ерте арылып, жастайынан ел ішіндегі әңгіме, сөз өнерін, билердің шешендік сөздерін бойына сіңіре береді. Кезі келгенде экспромотты өлең, қалжың сықақ, тіпті кейде ел жұмысына араласқан шешендердің өзін мүдіртіп кетуге тырысады.
Абай Құнанбайұлының жас кезіндегі алғаш өз жанынан суырып салып айтқан өлеңі - “Кім екен деп келіп ем түйе қуған” деп аталатын бір ауыз шумақтан тұрады. Оны ақын он жасында бір әйелге ауызша айтқан. 1864 жылы он тоғыз жасында “Әліп-би” өлеңін жазады. Мұнан кейінгі өлеңдерінің жазылу мерзімі 1870 жылдан басталады. 1884 жылдардан бергі өлеңдерінің жылдары үзілмейді. Әсіресе, көп жазған жылдары – 1886, 1889, 1895 жылдар. 1886 жылы 17 өлең, 1889 жылы 27 өлең (оның 8-ін орысшадан аударған), 1895 жылы 13 өлең жазған.
Абайдың ғылымға, өлең жазуға белсене кірісуі қырық жасынан бері қарай. Оған дейін білім іздеуден қол үзбегенмен, өлеңді тиіп-қашып ғана жазып келсе, қырық жасынан бастап шығармашылыққа түгелдей берілді. Өз айналасындағы ру тартысынан, ескіліктен, надандықтан жеріне бастаған дана ақын өз елін ел етуді ойлайды да, осының жолын іздейді. Ақын солардың барлығына қаламмен күрес ашу деген қорытындыға келеді.
Қазақтың әлеуметтік өміріндегі ескі феодалдық көзқарасқа қарсы күрес ашып, бұл жөнінде көп өлеңдер жазған жылдары 1886 жылдардан басталады. “Ғылым таппай мақтанба”, “Жасымда ғылым бар деп ескермедім”, “Интернатта оқып жүр” тәрізді, оқу, өнер, адамгершілікке үндеген, “Қалың елім, қазағым”, “Байлар жүр жиған малын қорғалатып”, “Адасқанның алды жөн” сықылды әлеумет өмірінің әр түрлі жақтарына өлеңдері де осы жылдары шығарылған.
Ел арасындағы дау-шар, әр түрлі ру тартысы тәрізді әңгімелерден аулақтап, орыс мәдениетін зерттеп, оны өз халқынын пайдасына асыруға күш салуы, шығармашылыққа берілу, халықтық ірі-ірі мәселелерді көтеріп, өзі айтқандай “Әкесінің ұлы болмай, адамның ұлы болуы” жұрт алдында оның беделін, даңқын бұрынғыдан да күшейте түседі.

1. Абай және қазіргі заман: зерттеулер жинағы. – Алматы: Ғылым, 1994. – 336 бет.
2. Абай. Энциклопедия. – Алматы: “Қазақ энциклопедиясының” Бас редакциясы, Атамұра. – 1995. – 720 бет.
3. Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. 1 – том. – Алматы: Жазушы, 2003. – 296 бет.
4. Абай (Ибрахим) Кунанбаев. Избранное / Перевод с каз., – Москва: Худ. лит., 1970. – 272 бет.
5. Abai. Book of words. - Semei: Abai international club, 2005. – 184 p.
6. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. 2 – том. – Алматы: Жазушы, 2005. – 336 бет.
7. Абай (Ибрахим) Кунанбаев. Избранное / Перевод с каз., комментарий А. Кодара. - Алматы: Ана тілі, 1996. – 224 с.
8. Кунанбаев Абай. Избранное. Перевод с каз. / Сост М. Магауина, Вступит. статья М. Ауэзова; Послесл. М. Каратаева. – Москва: Худ. лит., 1981. – 223 с.
9. Сильченко М. С. Творческая биография Абая. - Алма-Ата: Издательство Академий наук Казахской ССР., 1957 – 294 с.
10. Абай Кунанбаев. Безветренной ночью луна... / Перевод с каз. М. Султанбекова. - Семипалатинск: Обл. типогр., 1992. – 28 с.
11. Левый И. Искусство перевода / Перевод с чешского и предисловие Вс. Росселса. - Москва: Прогресс, 1974. – 398 с.
12. Жұмалиев Қ. Абай Құнанбаев // Жұмалиев. Қ. XVIII – XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті. - Алматы: Мектеп, 1967. – 436 бет.
13. Сүйіншалиев Х. Ж. Абай Құнанбаев // Сүйіншалиев Х. Ж. XIX ғасыр әдебиеті / Қазақ әдебиетінің тарихы. - Алматы: Ана тілі, 1992. – 360 бет.
14. Әуезов М. Абайдың қара сөздері // Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. 20 – том. - Алматы: Жазушы, 1985 – 496 бет.
15. Абай. Книга слов. Поэмы. / Перевод с каз. К. Серикбаевой, Р. Сейсенбаева. - Алма-Ата: ЕЛ, 1992. – 272 с.
16. Абай. Стихи. Слова назидания. - Москва: Русская книга, 2003. – 240 с.
17. Абай Кунанбаев. Собрание сочинений в одном томе / Вступит. слова Л. Соболева; Предисловие М. Ауэзова. – Москва: Гос. издат. лит., 1954. – 413 с.
18. Тарақов Ә. С. Аударма психологиясы және мәдениеті: Оқу құралы. - Алматы: Қазақ университеті, 2005. – 60 бет.
ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. – Алматы: Ана тілі, 1995. – 272 бет.
2. Абай тағылымы: Әдеби-сын мақалалар мен зерттеулер / Құраст. Н. Ғабдуллин. – Алматы: Жазушы, 1986. – 432 бет.
3. Сыздықова Р. Абай шығармаларының тілі. – Алматы: Қазақ ССР-ң “Ғылым” баспасы, 1968. – 334 бет.
4. Қабдолов З. Көзқарас: Талдаулар мен толғанстар. – Алматы: Рауан, 1996. – 256 бет.
5. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1999. – 581 бет.
6. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. – Алматы: Мектеп, 1973. – 212 бет.
7. Мұқанов С. Абай Құнанбаев // Мұқанов С. Жарқын жұлдыздар. Таңдамалы шығармалар; Он алтыншы том. – Алматы: Жазушы, 1980. – 416 бет.
8. Сыздықова Р. Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы. - Алматы: Қазақ ССР-ң “Ғылым” баспасы, 1970. – 173 бет.
9. Мырзахметов М. М. Абайтану тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1994. – 192 бет.
10. Нұрқатов А. Абайдың ақындық дәстүрі. Монография. – Алматы: Жазушы, 1966. – 348 бет.
11. Сыдиықұлы Қ. Сарқылмас қазына: Зерттеулер мен толғаныстар. – Алматы: Жазушы, 1996. – 192 бет.
12. Көркем аударманың кейбір мәселелері. Мақалалар жинағы / Құраст. Қ. Жармағамбетов. – Алматы: Қазмемкөркәдеббаспасы, 1957.- 172 бет.
13. Жекеева К.О. Көркем аударма және әдеби байланыстың кейбір мәселелері // Парасат парызы. - Қарағанды, 2006. - 98 бет.
14. Хайрулин Р. Аударма сипаты. – Алматы: Қазақстан, 1976. – 118 бет.

Мазмұны
Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4
I ТАРАУ
Абай өлеңдерінің орыс және ағылшын тілдеріне тәржімелену
ерекшеліктері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
II ТАРАУ
Абай қарасөздерінің орыс, ағылшын тілдеріне аударылу
сипаты. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 22
ҚорЫтынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 39
Пайдаланылған Әдебиеттер тізімі. . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . .
. . . . . . 42
Реферат
Жұмыстың тақырыбы: Абай өлеңдері мен қара сөздерінің өзге тілдердегі
тәржімасы.
Жұмыстың көлемі: 43 бет
Пайдаланылған әдебиеттер саны: 32
Жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытынды
бөлімнен тұрады.
Жұмыстың әдістемесі: салыстырмалы талдау әдісі.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Абай өлеңдері мен қара сөздерінің орыс
және ағылшын тілдеріне аударылған шығармаларды зерттеп, зерделеу. Алға
қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді:
- ақынның қоғамдық, адамгершілік, әлеуметтік жағдай, өмір шындығы мен заман
шындығын бейнелеудегі шығармашылық тұрғысы мен ұлттық ойлау даралығын
тәржімеде берілу жолдары;
- ақынның өлеңдері мен қара сөздерінің аудармаларының сапасын саралау;
- аудармадағы жетістіктер мен қателіктерді көрсету;
- түпнұсқа мәтінімен орысша және ағылшынша тәржімелерді қатар салыстыру.
Жұмыстың мазмұны: Абай өлеңдері мен қарасөздерінің және оның орыс,
ағылшын тілдеріне аударылған шығармалар арасында ақын стилі мен өзіндік
даралығы салыстырма талдау нәтижесінде бағаланды. Жұмыстың бірінші тарауы
ақын поэзиясының өзге тілдерге тәржімелену ерекшеліктеріне арналған. Заман
бейнесі мен сол заманның адамының бейнесін суреттейтін Абай өлеңдерін орыс
және ағылшын тілдеріне аударылу сапасы туралы айтылады. Жұмыстың екінші
тарауы ақын Абайдың адамгершілік, өмір, дін, оқу, ғылым, өнер сияқты
мәселелер жайында жазылған қарасөздерінің өзге тілдерге тәржімелену сипаты
туралы айтылған. Аудармашылардың жеткен жетістіктері мен жіберген
қателіктері мысалдар арқылы көрсетілген. Ақынның шығармаларын өзге тілдерге
аудару барысында тәржімеде қазақ ұлтына тән сөздерге дұрыс балама табылмай,
транслитирация әдісімен аударылған сөздер де кездеседі. Осы бітіру
жұмысымызда Абай шығармаларын өзге тілдерге аудару барысында ақын тіліндегі
ұлттық бояуды, түпнұсқаның ойын, мән-мағынасын тәржімеде дәлдікті,
нақтылықты сақтап беру қажеттілігі туралы айтылған.
Жұмыстың қорытындысы: Абай шығармаларын орыс тіліне М. Петровых, Ә.
Қодар, М. Сильченко, К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаев, С. Санбаев,
В. Шкловский, және ағылшын тіліне Р. МакКейн сынды аудармашылар
тәржімелеген. Осы аудармашылардың ішінен К. Серікбаева мен
Р. Сейсенбаевтың тәржімелері жақсы деңгейде шыққан деуге болады.
Алайда, ол аудармашылардың тәржімелері Абай деңгейінде жасалмаған. Абайдың
ақындық даралығын, стилін еш аудармашы жеткізе алмаған.
Кіріспе
Қазақтың ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы осы күнгі Шығыс
Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі), Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау
болысы) Шыңғыс тауында дүниеге келген. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай
деген руынан тарайды.
Абай әуелі ел ішіндегі дін мектебінде оқып, ауылдағы молдадан хат
таниды. Он жасқа келгенде Семей қаласына келіп, оқуға түседі. Семейдегі
алғашқы оқытқан молдасы - Ғабүлжаппар деген татар. Одан кейін Ахмет Риза
медресесіне түседі. Абай осы медреседе үш жыл оқиды. Өзі тұстас үлкен-кіші
балалардың барлығынан санағұрлым зейінді, ұғымтал және ерекше ықыласты
болған. Дәрісте арабша кітапты молдасының бір оқып, бір-ақ рет түрікшеге
аударып берген сөздерін кітапқа қарамай жатқа айтып шыға алатындай зерек
болады. Дін сабақтарымен қатар, шығыстың ұлы классиктері Науаи, Физули,
Саади, Хафиз, Шамси, Сайхали, шығармаларын оқып танысады. Оларды араб,
парсы, шағатай, түрік тілдерінде оқыған. Соларға еліктеп бала ақын “Изузи
Раушан”,“Физули, Шамси, Сайхали” өлеңдерін жазып, алғашқы ақындық жолын
бастайды.
Ахмет Риза медресесінде оқып жүрген кезінде Абай Семейдегі Приходская
школада үш ай орысша оқиды. Жасы он үшке келгенде, мұсылманша үш жыл,
орысша үш ай оқумен Абайға ары қарай оқудың есігі жабылады. Әкесі Құнанбай
Абайды оқудан шығарып алып, ел басқару жұмысына қосады. Әке еркімен ел
ісіне жастай араласқан Абай тез есейіп, балалықтан ерте арылып, жастайынан
ел ішіндегі әңгіме, сөз өнерін, билердің шешендік сөздерін бойына сіңіре
береді. Кезі келгенде экспромотты өлең, қалжың сықақ, тіпті кейде ел
жұмысына араласқан шешендердің өзін мүдіртіп кетуге тырысады.
Абай Құнанбайұлының жас кезіндегі алғаш өз жанынан суырып салып айтқан
өлеңі - “Кім екен деп келіп ем түйе қуған” деп аталатын бір ауыз шумақтан
тұрады. Оны ақын он жасында бір әйелге ауызша айтқан. 1864 жылы он тоғыз
жасында “Әліп-би” өлеңін жазады. Мұнан кейінгі өлеңдерінің жазылу мерзімі
1870 жылдан басталады. 1884 жылдардан бергі өлеңдерінің жылдары үзілмейді.
Әсіресе, көп жазған жылдары – 1886, 1889, 1895 жылдар. 1886 жылы 17 өлең,
1889 жылы 27 өлең (оның 8-ін орысшадан аударған), 1895 жылы 13 өлең жазған.
Абайдың ғылымға, өлең жазуға белсене кірісуі қырық жасынан бері қарай.
Оған дейін білім іздеуден қол үзбегенмен, өлеңді тиіп-қашып ғана жазып
келсе, қырық жасынан бастап шығармашылыққа түгелдей берілді.
Өз айналасындағы ру тартысынан, ескіліктен, надандықтан жеріне бастаған
дана ақын өз елін ел етуді ойлайды да, осының жолын іздейді. Ақын солардың
барлығына қаламмен күрес ашу деген қорытындыға келеді.
Қазақтың әлеуметтік өміріндегі ескі феодалдық көзқарасқа қарсы күрес
ашып, бұл жөнінде көп өлеңдер жазған жылдары 1886 жылдардан басталады.
“Ғылым таппай мақтанба”, “Жасымда ғылым бар деп ескермедім”, “Интернатта
оқып жүр” тәрізді, оқу, өнер, адамгершілікке үндеген, “Қалың елім,
қазағым”, “Байлар жүр жиған малын қорғалатып”, “Адасқанның алды жөн”
сықылды әлеумет өмірінің әр түрлі жақтарына өлеңдері де осы жылдары
шығарылған.
Ел арасындағы дау-шар, әр түрлі ру тартысы тәрізді әңгімелерден
аулақтап, орыс мәдениетін зерттеп, оны өз халқынын пайдасына асыруға күш
салуы, шығармашылыққа берілу, халықтық ірі-ірі мәселелерді көтеріп, өзі
айтқандай “Әкесінің ұлы болмай, адамның ұлы болуы” жұрт алдында оның
беделін, даңқын бұрынғыдан да күшейте түседі.
Қазақтың ұлы ақыны Абайдың зор еңбегінің бірі – жастарды, әсіресе,
болашақ ел өмірімен байланысты ақын-жазушыларды тәрбилеу. Орыс, шығыс,
батыс елдерінің мәдениетіне сүңгіп, түбінен керекті маржанын теріп ала
білген ақын және елін өнер-білімге үндеп, жастарды оқуға сүйрейді.
Балаларын орысша мектептерде оқытып, олардың жоғарғы дәрежелі білімі бар
адам болуларын талап етті. Адамгершілік, жақсы мінез-құлыққа тәрбиеледі.
Ақындарына өзі тақырып беріп, әр халықтың өмірінен поэмалар жаздырып, өзі
олардың сыншысы болды.
Қазақ халқының жаңа әдебиетінің, әдеби тілінің негізін салушы, қазақтың
өлең құрылысын бұрынғы қалпынан өзгертіп, әлденеше жаңа түр кіргізуші,
өзінің даңқты ұлы еңбектерімен қазақ халқын басқа елдердің мәдениетімен
қоян-қолтықтастыруға басшылық еткен, елін мәдениет, білім, өнерге шақырып,
сол жолда бойындағы бар асылын аямай жұмсай біліп, кейінгі ұрпаққа үлгі
өнеге қалдырған қазақтың ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1904 жылы 23-
інші маусымда дүниеден өткен.
Кемеңгер ақын Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы мұралары туралы алғашқы
жазба деректерді “Дала уалаяты” газетінен табамыз. “Дала уалаяты” газетінің
1889 жылғы жетінші және он екінші сандарында Абайдың “Жаз” және “Болыс
болдым мінекей” атты екі өлеңі шықты. Бұл екі өлең Көкбай атымен
жарияланды. Абай шығармашылығы жайындағы алғашқы ғылыми ой-пікірлер де XX
ғасырдың басында туған. Бұл салада Ә. Бөкейхановтың “Киргизский край” (1903
ж.) атты кітаптағы мақаласында келтірілген деректер мен “Семипалатинский
листок” газетіндегі (1905 ж.) өмірбаянын айтсақ та болады. Алайда,
Абайтанудың бастаушысы болған бұл автордың еңбектері мен соған жалғас
жазылған Қ. Ысқақовтың, А. Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың мақалалары соңғы
кезге дейін ғылыми айналымға кірмей жабық күйінде қалып келді. Ал, совет
тұсында Абайтану ісін негіздеп, ғылыми жүйеге түсірген – М. О. Әуезов.
Осы кісінің ұзақ жылдық еңбегінде де бағаланған, бағаланбай сынға ұшыраған
ой-пікірлері аз емес. Бұл салада Ы. Мұстанбаевтың, Ғ.
Тоғжановтың, С. Қабыловтың, Қ. Жұбановтың, Б. Кенжебаевтың,
С. Мұқановтың, Қ. Жұмалиевтің, Е. Ысмайловтың, З. Ахметовтың,
Қ. Мұхамеджановтың, тағы да басқа абайтанушылардың еңбектерін атап
көрсетуге болады. [1, 17]
Абай шығармалары шетел оқырмандарына да таныс жеке өлеңдері көптеген
елдердің тіліне аударылып, бірнеше рет жеке кітап болып басылған. Ақынның
шығармалары орыс, чех, қырғыз, моңғол, қарақалпақ, түрікмен, молдован,
азербайжан, украин, араб, белорус, латыш, ханжу, грузин, француз, неміс,
ағылшын тілдеріне аударылған.
Ақын шығармаларын орыс тіліне аударған ақын-жазушылар: М. Петровых, Д.
Бродский, П. Карабан, А. Жовтис, А. Гатов, В. Звягинцева,
Вс. Рождественский, Ю. Нейман, Л. Озеров, П. Шубин, А. Штейнбергер,
М. Замаховская, М. Тарловский, К. Липескеров, А. Арго, О.
Румер, Л. Руст, Л. Шифферс, А. Глоба, Г. Пагирев, Л.
Пеньковский, А. Старостин, С. Ботвинник, М.
Зенкович, В. Бугаевский, М. Касаткин, А. Ничай, В.
Державин, С. Липкин, Е. Винокуров, В. Шкловский, М. Луконин,
Л. Кривощеков, А. Семенов, В. Антонов, Д. Рябуха, Роом, С. Санбаев,
Р. Сейсенбаев, К. Серікбаева, Ә. Қодар, М. Сұлтанбеков; сондай-
ақ В. Бугаевский “Әзім әңгімесін”, А. Глоба
“Ескендір”, “Масғұт” дастандарын, В. Шкловский қара сөздерін, Л.
Соболев “Отыз жетінші” сөзін аударған. [2, 459] Ағылшын тіліне Р.
МакКейн аударған.
Біздің ұсынылып отырған “Абай өлеңдері мен қара сөздерінің өзге тілдерге
тәржімасы” атты бітіру жұмысымызда, негізінен, ақынның орыс және ағылшын
тілдеріне аударылған өлеңдері мен қара сөздері салыстырыла талданды. Қолда
бар материалдарды мүмкіндігімізше пайдалана отырып, өзіміздің хал-
қадерімізше зерттеу жүргіздік, ой пікірімізді дәлелдеуге күш салдық.
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Соңында
пайдаланылған әдебиеттер тізімі бар.
I ТАРАУ
АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ОРЫС ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНЕ ТӘРЖІМЕЛЕНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Поэзия аудармасы - өте қиын да жауапкершілігі зор шығармашылық іс, әрі
үлкен өнер. Поэзия аудармасында сөзді, тіркесті өлең жолдарын бастапқы
мағынасын сақтау негізінде түрлі тәсілдермен аударуға болады. Поэзия тілі
оқырманға түсінікті, айқын түрде жетуі тиіс. Поэзияны аудару үшін ақындық
айрықша талант, шындалған шеберлік қажет. Ақынның ойлау жүйесін, бейнелеу
үлгілерін, поэтикалық стильдік мәнерін дәл жеткізу үлкен талантты талап
етеді. Егер проза аудармада бір сөзді артық қосып жіберу немесе мәтін
мағынасына үйлеспейтін тіркестерді араластыру сөйлем құрылысын өзгертіп
жіберуі мүмкін болса, поэзия аудармасында да артық қолданылған сөз немесе
дұрыс аударылмаған өлең жолы поэзияның ішкі мағынасын, ырғағын, жалпы
мазмұнын өзгертеді. Поэзияда ақынның болмыс бітімі бейнеленеді, өзінің ойы,
жан дүниесі, сыры сипатталады. Ол өз туындысының лирикалық кейіпкерлеріне
айналады. Ақынның поэтикалық образдармен, метафораның, халық тілінің бар
байлылығымен, терең жан дүниелік толғаныспен, сұлу сезіммен, шалқар
шабытпен жазған поэзиясының басқа елдің поэтикалық тілінде жеткізу үлкен
шығармашылық іс. Аудармашы ақынның өлеңдегі айтар ойын, көңіл күй сезімін,
әр сөзінің астарындағы мағынаны айқын аңғара білуі керек.
Поэзия аудармасын өзіне тән қатал заңы бар. Оған кез-келген аудармашы
бара бермейді. Аудармашының іске әбден төселіп, соған құштарлықпен берілген
талант қана қиындығына төзе біледі. Аудармашы талантты ақын болуымен бірге,
аударма жасайтын тілді және өзінің ұлттық тілін шебер менгерген филолог
маман болуы керек. Аудармашы аударылатын поэзиядағы ұлттық дәстүрге, оның
тілі мен мәдениетіне тереңдеп енген сайын ақын өлеңдерінің құпия сырларын
аша түседі. Аудармадағы ең қиын абыройлы міндеттің бірі - поэтикалық
көркемдікті жеткізу. Талантты аудармашы поэзияның көркемдік құндылығын жан
жүрегімен ұғынады, түпнұсқаның түрі мен мазмұнының бірлігін сақтап,
поэтикалық қуатын толық дәрежеде жеткізеді. Поэзия аудармашысы сол ұлттың
тілін білуімен қатар өлең құрылыстың ерекшелігін жақсы менгеруі тиіс. Кейде
аудармашы аударма заңдары мен ережелерін жан-жақты білгенімен, тәржімеде
айтарлықтай табысқа жете алмауы мүмкін.
Өлең сөзді аударуда аудармашы өз ойын автордың ойымен астастыра,
жарыстыра отырып, өзінің ақындық қиялына мейлінше ерік береді. Бұл ерік,
әрине, оның түпнұсқадан алшақтатпай, қайта, керісінше, оған мейлінше
жақындата түсуге тиісті. Олай болмаған жағдайда аудармашы ақынның аудармасы
түпнұсқадан алшақтап, мазмұн жағынан да, пішін жағынан да мүлде басқа
туынды болып шығады.
Түпнұсқадағы жекелеген ерекше ұғымдарды, түсініктерді басқа тілде
жеткізу аудармашыдан терең білімді, үлкен еңбекті және ақындық талант пен
шығармашылық шеберлікті талап етеді. Түпнұсқада көрініс тапқан өмір
шындығының мәнісін, ақынның ойлау даралығын, стилін, тіл ерекшелігін білу –
аудармашы үшін ең басты шарт. Алайда, шынайы аудармашыға білім сенімді
көмекші болғанмен, мандайдан тер ағызғандай адал да тиянақты еңбек, нағыз
шығармашылық еңбек жоқ жерде айтрлықтай нәтиже болмайды. Терең білім
тиянақты еңбекпен, ал білім мен еңбек ақындық талантпен, шығармашылық
шеберлікпен ұштасқанда ғана аударма түпнұсқа деңгейінде, не соған жақын
деңгейде көтеріледі.
Абай Құнанбайұлының өлеңдері жанрлық ерекшеліктеріне қарай түрліше
көркемдік бейнелеу құралдарының қызметімен ерекшеленеді. Қайсыбір жанрдағы
өлеңдер тобында көркемдік бейнелеу құралдары күрделі, ұлттық реңі бай болып
келсе, енді бір жанрлық топтағы өлеңдерінің тілі қарапайым, нақты. Алғашқы
жанрлық топтағы өлеңдерді басқа тілге аудару аудармашыдан үлкен еңбекті,
көп ізденісті талап етсе, кейінгі топтағы өлеңдерді аудару едәуір жеңіл.
Алайда, аудармашылық шеберлігі кемел жетілген аудармашылар үшін де Абайдың
өлеңдерін тәржімелеу, Абаймен ақындық жарыстыра отырып тәржімелеу оңай
емес. Бұған Абай өлеңдерінің аудармалары толық негіз бола алады.
Абай Құнанбайұлының “Жасымда ғылым бар деп ескермедім” өлеңін М.
Петровыхтың орыс тіліне және Ричард МакКейннің ағылшын тіліне тәржімелеген
аудармаларымен салыстырып көрейік:
Түпнұсқа:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?
Адамның бір қызығы – бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.
Өзім де басқа шауып, төске өрледім,
Қазаққа қара сөзге дес бермедім.
Еңбегіңді білерелік еш адам жоқ,
Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім. [3, 45]
Орысша аудармасы:
Я презрел познание, юноша пустой.
Видел пользу в нем, но шел стезей другой.
Возмужал — наука из-под рук ушла.
Поздно к ней ты устремился, разум мой!
Кто повинен, что остался я ни с чем?
Смолоду учась, я был бы не такой!
Из людских отрад одну зовут — дитя
Обучение детей - наш долг прямой.
Сына отдал в медресе: "Учись, родной!"
Цель не в том, чтобы достался чин большой.
Сам к высотам я стремился всей душой.
В красноречии мне уступал любой.
Но ведь некому здесь оценить мой труд...
Под конец я предпочел всему покой . [4, 38]
Ағылшынша мәтіні:
When I was young I didn't give much thought to
knowledge,
I saw the use, but didn't test it out.
When I grew up, I didn't know how to latch onto it.
I stretched out my hand to it very late.
Who should I blame that I was left with nothing?
If I'd striven in time would I be like this now?
Children are one of the joys of life.
I'm not against teaching children.
I put my son in the madrasah, so that he could
acquire knowledge
and not so that he could gain favour and status.
I myself strove to better myself
In the field of rhetoric I was second to none among the Kazakhs.
But no one can value your works,
and so I preferred in everything the peace of solitude. [5, 21]
Аудармашы М. Петровых тәржімесінде Абайдың өлеңі едәуір өзгерістерге
ұшыраған. Дегенмен, аудармашы ақын өлеңінің мазмұнын, оның сезім сырын,
ақынның көңіл күйін жіті танып, толық және дұрыс жеткізген. Түпнұсқаның әр
сөзін, әр тармағын терең түсіну, соның нәтижесінде өлеңнің мәнін, рухын
ұғыну аудармашыны жалаң жадағай аударудан сақтандырып, тиісті шығармашылық
табысқа жеткізген. Тәржімешінің басты жетістігі – өлеңнің мазмұнын, ішкі
эмоциялық байлығын орыс тілінде белгілі дәрежеде дұрыс бере білуінде. Әйтсе
де, аудармшы бұл жерде де өз тарапынан өзгертулер жасаған. Абай осы
өлеңінде өзінің ғылым жолын жастай қумағанына, ержеткен соң іздегенде ғылым
жеткізбей кеткеніне өкініш білдіріп, сол өкінішін сыр қылып толғайды.
Аудармада ақынның осы сыры қосымша желілермен толықтырылған. Түпнұсқада
істің, құбылыстың иесі ақынның өзі болса, аудармада ғылымға кеш ұмтылған
ақын емес, оның ақыл-ойы болып шыққан.
Түпнұсқадағы “түспеді уысыма”, “қолымды мезгілінен кеш сермедім”,
“қолымды дөп сермесем, өстер ме едім” деген сөз тіркестерін өзге тілдерге
аудару қиын. Тұрақты тіркес дәржесінде пайдаланылған мұндай тілдік
құралдардың мазмұнын тәржімеші орыс тіліне қарапайым, тура мағынадағы
тілдік құралдардың тобы арқылы аударған. Өлеңнің мазмұндық желісі де осы
бағытта тәржімеленген. Бірақ та, ол түпнұсқаның мағыналық құрылымына,
тақырыбы мен идеясына, ондағы мінез табиғатына мүмкіндігінше терең
бойлаған. Соның нәтижесінде аудармашы түпнұсқаны сөзбе-сөз немесе жолма-жол
аударуға бармай, оның мазмұны мен мағынасын терең жеткізуге жол тапқан.
Сонымен қатар, ол түпнұсқаның пішініне тән ерекшеліктерді де сақтауға күш
салады. Аудармада жекелеген сөздер мен сөз тіркестерінің, кейбір
аударылмай, өзгерістерге, толықтыруларға түскендігіне қарамастан,
аудармашының шеберлігі, түпнұсқаның әлеуметтік эмоциялық мазмұнына адалдығы
ойдағыдай деңгейде көрініс табады.
Абайдың бұл өлеңі ағылшын тілінде көркемдігін, әуезділігін жоғалтқан.
Аудармашы осы өлеңді жай, қарапайым тілмен тәржімелеген. Және де
түпнұсқадағы кей сөздерді өз мағынасынан бұрмалап, басқаша аударған.
Түпнұсқадағы “Ержеткен соң түспеді уысыма, Қолымды мезгілінен кеш
сермедім” дегенді ағылшынша “When I grew up, I didn't know how to latch
onto it. I stretched out my hand to it very late ” , яғни, “Мен
өскенімде, оны қалай алуды білмедім. Мен оған қолымды кеш создым” деп
берген. Бұл жерде аудармашы “сермеу” дегеннің орнына “созып” деп қате
жіберген. Осы бір ғана сөз өлеңнің сол екі тармағының мазмұнын бұзып, мәнін
кетіріп тұр. Түпнұсқадағы “шен” сөзін аудармада “favour and status” деп
берген, оны қазақшаласақ “ықыластық және мәртебе” болып шығады. Жалпы
алғанда ол сөздер түпнұсқа мазмұнын ашып тұр. Әйтсе де, қазақша сөздің
ағылшынша өз нақты баламасымен, яғни, “rank” деп аударуы керек еді деп
ойлаймын. Аудармашының тағы бір жіберген қателігі мынада: аудармашы ақынның
“Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім” дегенін “and so I preferred in
everything the peace of solitude” деп тәржімелеген. Аударманы қазақшаға
қайтадан тәржімелесек “енді мен бәрінен де жалғыздықты тандадым” болып
шығады. Ақын өлеңінде жалғыздық туралы әңгіме болып отырған жоқ, тек
тыныштық туралы. Ал, аудармада бір өзінің жалғыз қалғанын тілеп отырғандай
болып көрінеді. Ағылшын тілінде оқитын оқырман бұл өлеңнін осы тармағының
мағынасын дұрыс түсінбей, және де осы өлеңді жазған ақынды ғылымнан да,
айналасындағы адамдардан да айырылып қалған деп ойлауы әбден мүмкін.
Дегенмен, аудармашы Абайдың бұл өлеңінің кей сөздерін дұрыс тәржімелемесе
де, әуезділігін, ырғағын кетірсе де, жалпы мағынасын берген деп есептеймін.
Ақын Абай заманның, заманның адамының образын жасауда кейде қарама-қарсы
сипаттағы істі, қарама-қарсы құлықтағы адамдардың ісін өзара қабаттастыра,
жарыстыра суреттейді. Бұл тәсілдің ерекше жарқын көрініс тапқан үлгісі -
“Күшік асырап, ит еттім” өлеңі.
Күшік асырап, ит еттім,
Ол балтырымды қанатты.
Біреуге мылтық үйреттім,
Ол мерген болды, мені атты. [6, 46]
Осы төрт жолды өлеңнің әр тармағында бай мазмұн, терең ой жатыр. Төрт
тармақтың әрқайсысында белгілі бір нақты іс сипаты көрініс тапқан.
Екіншіден, әр екі тармақтағы хабар белгілі бір тиянақталған, аяқталған ойды
білдіреді. Абайдың осы өлеңіндегі әр тармақтың астарында үлкен мән, терең
мағына бар. Ақын өз заманы мен сол заманның адамы жайлы негізгі шындықты
осындай образды ой, ойлы сурет арқылы бейнелеп көрсетеді. Осы төрт тармақты
өлеңді орыс тіліне бірнеше аудармашы тәржімелеген. Аудармшы А. Глоба бұл
өлеңді былайша аударған:
Я вырастил пса из щенка, -
Он мне ногу раз прикусил.
Обучил я когда-то стрелка, -
Он меня чуть не подстрелил. [4, 212]
Етектен тарту, балақтан ілу, балтырдан алу, балтырды қанату – бұлардың
бәрі де мағынаға бай. Ақын өз өлеңінде белгілі заманның басты шындығын,
басты әлеуметтік құқын ұлттық тілдің өрнектері арқылы танытады. Аудармада
түпнұсқаның мұндай ерекшеліктері кең ашылмаған. Бірінші тармақ мағыналық
жағынан түпнұсқаны дәл жеткізгенімен, екінші тармаққа келгенде, аудармашы
өз тарапынан “раз” деген артық сөз қосқан. Келесі екі тармақ төмен деңгейде
аударылған. Түпнұсқадағы әр сөз, әр ой нақты, болған іс болғандай
тұжырымды, тиянқты айтылған. Аудармада ондай нақтылық пен айқындылық,
тұжырымдылық пен тиянақтылық жоқ. Түпнұсқада “мені атты” деп нақты айтылса,
аудармада “мені атып жібере жаздады” деген сияқты болымсыз ой ұсынылады.
Түпнұсқаның көркемдік байлығы мәтіннің ішкі өзегіндегі, контекстегі мағына
арқылы ашылады. Аудармада ондай ішкі мән, мәтіннің астарындағы мағына
ашылмаған.
Бұл өлең Ә. Қодар аудармасында мынадай болып берілген:
Щенка, обучая, я вырастил пса,
Меня укусил он мгновенно.
Кого-то стрелять научил я и сам
Стал первою жертвой мергена. [7, 54]
Тәржімеде ақын өлеңінің негізгі мазмұны сақталған. Бірақ та, аударма
өзінің көркемдік табиғаты жағынан түпнұсқамен теңесе алмайды. Аударманың
бірінші тармағындағы күшікке қатысты “обучая” сөзі артық қосылып, қате
аударылған. Орыс тілді оқырман үшін бұл айтарлықтай кемшілік болмауы
мүмкін. Бірақ, ақын “үйреттім”, “оқыттым” деп отырған жоқ, “асырадым” деген
ойды айтып отырғанын естен шығармау керек. Бұл ретте А. Глоба түпнұсқаға Ә.
Қодардан әлдеқайда жақын және оның осы аядағы мазмұнын дұрыс берген. Сондай
олқылықтар Ә. Қодар аудармасының екінші тармағынан да көрінеді. Одан “ол
мені әп-сәтте қауып алды” деген ой туады. Бұл, әрине, ақынның “Ол
балтырымды қанатты” деген ойына балама бола алмайды. Түпнұсқадағы ой да,
сөз де қанатты, бейнелі және нақты. Ал, аудармадағы ой мен тіл тұрмыстық
қалыпта айтылған, нақты емес, жалпы сипатталған. Тәржімеде өлеңнің ұлттық
бояуы мен нақышы сейіліп кеткен. Кейінгі екі тармақтың аударылу дәрежесі де
осы секілді. Аударманың соңғы тармағындағы “мергеннің бірінші құрбаны
болдым” немесе “мергеннің құрбандығына бірінші болып ұшырадым” дегендей
ойлар да түпнұсқаның шырайын аша алатын аудармашылық ізденіс қатарына
жатпайды.
Тәржімеші А. Жовтис Абайдың осы өлеңін орыс тілінде былай берген:
Собаку я выкормил из щенка, -
И зубы ее испытал.
Меткости я обучил стрелка, -
И сам мишенью стал. [8, 141]
Түпнұсқадағы “Ол балтырымды қанатты” деген тармақтың мағынасын
аудармадағы “зубы ее испытал” деген жол дәл жеткізіп тұр деп айтуға
болмайды. Өйткені бұл жерде лексикалық сәйкестік толық сақталып тұрған жоқ.
Мұның үстіне аударма тармақты жеке алып пайымдағанда, онда түпнұсқадағы
мазмұн да жоқ секілді көрінеді. Аударма тармақтан қазақша ойға қонатын ұғым
“оның тісін байқадым, сынадым” сияқты болып шығады. Бұл тармақты өлеңнің
мәтіні, контексін мағына мен тұтастыққа алып қарағанда, түпнұсқа мазмұнын
жеткізудің аудармашы үшін оңтайлы, орайлы жолы осы екені аңғарылады.
Өлеңнің келесі екі тармағының аударылу дәрежесі туралы да осыны айтуға
болады.
А. Жовтис жасаған тәржіме ақынның поэтикалық ойлау даралығын, оның
ұлттық ерекшелігін мүмкіндігінше дұрыс және көркем жеткізеді деп пікір
түюге болады. Бұдан аудармашының түпнұсқаның мазмұнын, ол мазмұнды жеткізіп
тұрған тілдік бенелеу құралдарының қызметін жете танығаны ғана емес,
сонымен қатар оның талант тереңдігі, ақындық ойлау кемелдігі көзге түседі.
Аудармашының еңбегін жоғары көркемдік деңгейге көтеріп тұрған факторлардың
қатарында оның ақындық ойлау тереңдігімен бірге зерттеушілік зерделігі де
бар. Аудармашының шығармашылық қиялына қанат бітірген де осы екі ерекшелік
болса керек. Оның нәтижесінде ғана тәржімеші түпнұсқаға әрі қазақтың
көзімен, әрі орыстың көзімен, танымымен қарай алған. Қазақ тілі мен орыс
тілі арасындағы жақындық пен алшақтықты және поэтикалық ерекшеліктер
сипатын жете білу ғана аударманы осындай биікке көтере алады.
Осы төрт шумақты Абай өлеңі ағылшын тіліне былай аударылған:
I brought him up from a puppy to a dog –
he bit me on the leg.
I taught someone how to shoot –
and he cunningly shot me down [5, 20]
Аударманың бірінші тармағы мынадай : “I brought him up from a puppy to a
dog”. Ол тармақты қазақшаласақ, мынандай болып шыға келеді: “мен оны
асырап, күшіктен ит еттім”. Бір көзбен қарағанда дұрыс аударылған тәржіме
сияқты. Алайда, бұл жерде екпін “оны” деген сөзге түсіп, оқырман бұл өлеңді
нақты біреу туралы екен деп ұғынуы мүмкін. Және де соңғы тармақты тәржімеші
“ол қулықпен мені атты” деп берген. Ол да бір қателік. Себебі, түпнұсқада
қулық туралы еш нәрсе жоқ, ол жерде ақын өзі біреуге мылтық атып
үйреткендігі және сол үйренген адамы мерген болып, өзін атқандығы туралы ой
жатыр. Ал, аудармада ол үйренуші адам өзінің үйретушісін әдейі, қулықпен
атты деп берілген. Осы тәржіме өлеңнің мазмұнын, астарындағы ойын ашпай,
бұрмалап жіберген, көркемдігінен айырған.
Абайдың адам мен заман бейнесін жасаудағы шын шеберлігін танытатын
өлеңдерінің бірі - “Байлар жүр жиған малын қорғалатып”. Бұл өлеңде ақын өз
заманының терең шындығын, сол заман шындығынан туып жатқан адам сырын, адам
құлқын үлкен шеберлікпен, шыншылдық таныммен суреттейді:
Байлар жүр жиған малын қорғалатып,
Өз жүзін, онын беріп, алар сатып,
Онын алып, тоқсанын дәме қылып,
Бұл жұртты қойған жоқ па құдай атып?- [3, 50]
деген өлең жолдарында суреттелген өмір шындықтарында терең сыр бар.
Берілген жолдардың сөзбе-сөз тәржімесін М. Сильченко мынадай түрде жасаған:
Баи живут, оберегая накопленный скот,
Сам бай дает десят голов, наровит взять сто,
Добыв десят, надеется на девяносто
Уж не богом ли предназначено это народу? [9, 64]
Бай үшін осында көрсетілген сол құлық түгелдей лайықты екенінде сөз жоқ.
Қалай болса да, мал тауып, байлығына байлық қосқысы келмейтін бай болған
емес, болмақ та емес. Аудармадағы мұндай қасиеттер байдың қандайының бойына
лайықты болғанмен, Абай суреттеп отырған байдың сипаты мүлде бөлек. Ақын
өлеңінде екі тұлға қатар көзге түседі. Оның бірі - өз жүзін онын беріп, өзі
сатып алып отырған бай. Өз малын өзімдікі дей алмай, өз малына өзі билік
ете алмай, қу мен алаяққа он беріп, жүзді сақтап қалып отырған байдың
бейнесі өлең жолдарынан анық елестейді. Өлеңдегі екінші тұлға – байдың
жүзінің онын алып, енді қалған тоқсанынан дәме қылып отырған аларман. Мұның
да бейнесі толық. М. Сильченко осы екі тұлғаның екі түрлі мақсаты мен ісін
бір ғана адамның, байдың, бойына жинақтап, соның бейнесін нақтылайды да,
одан алып отырған, алған үстіне ала беруге дәме етіп отырған қанағатсыз
аларманның бейнесін ұмыт қалдырады. Бұл, сірә, аудармашының өлең мәтінін
жете түсінбегендігінен болуы керек.
М. Зенкевич бұл өлең шумағын түпнұсқаға мейлінше жақын аударған:
Бай живет и охраняет свой скот,
Десят подари – сотню бережет.
А тот, кто добудет десят голов
И девяносто в придачу уврет. [8, 33]
Әр тармақ, әр сөз деңгейінде талдау жасағанда да аудармашының түпнұсқа
мазмұнын еш өзгертпей, оның мазмұны мен пішініндегі келісімді де сақтай
алғадығына көз жеткізе аламыз. Сөйтіп, өлеңдегі адам да, заман да аудармада
өз сипаттарымен еркін және толық көрініс табады. Байдың ісі мен күйі
қаншалықты анық берілсе, оның малынан дәме етіп жүрген алаяқ аларманның
жағдайы да дұрыс ашылған. Түпнұсқаға адалдық аудармашылық өнердегі
шынайылық пен шыншылдық ақын өлеңінің аудармасы түпнұсқамен етене
жақындатып, ақынның талант табиғатын, ақындық ойлау даралығын мейлінше дәл
тануға жол ашады. Өлеңнің бастапқы шумағын аударуда осындай ерекше зерде,
үлкен ізденіс көрсеткен тәржімеші кей тұстарда мұнысынан жаңылып қалғандай,
түпнұсқа мазмұнын сақтауды міндет етпей, еркіндікке жол береді:
У богатого исстраи сила вся,
Обманщик избит,но не перевелся.
Чтобы честного человека травить,
Наготове любой держит злого пса. [8, 33]
Аударманың алғашқы тармағы түпнұсқаның “Күшті жықпақ, бай жеңбек әуел
бастан” деген тармағымен мағыналас бола алмайды. Түпнұсқада соншалықты
анық, түсінікті айтылып тұрған ойдың аудармашының қалайша дұрыс түсіне
алмағанына таң болмасқа шара жоқ. Ақын екі түрлі адамның тұлғасын
көрсеткен. Оның бірі – күшті, екіншісі – бай. Бұл екі тұлғаның әрқайсысына
тән іс нәтижесі бар: бірі жықпақ, екіншісі жеңбек. Екі түрлі тұлғаны және
олардың әрқайсысына тән осындай іс нәтижесін көрсетпеген жағдайда, ақынның
айтып отырған ойы сұйылып шыға береріне сөз жоқ. Бұларды көрсетуді
аудармашы міндетті санамаған жағдайда, ол ақын ойына тең түсер, онымен
тектес басқа ойды ұсынуға тиісті еді. Тәржімеші басқа ойды ұсынбады деуге
болмайды, бірақ сол ұсынып отырған ойы түпнұсқа мазмұнымен еш үйлеспейді,
түпнұсқа беретін мазмұннан әлдеқайда кедей, ажарсыз.
Шумақтың кейінгі екі тармағы түпнұсқа табиғатын біршама дұрыс жеткізеді.
Онда да түпнұсқадағы эмоциялық реңкке ие болып тұрған “жаны аяулы жақсы”
туралы ұғым түсіп қалған. Мұның өзі де аударманың эмоциялық мазмұнын сырт
қалдарып, түпнұсқаның тек нақты мазмұнын ғана беріп отырғанын байқатады.
Ақын өлеңнінің бірінші шумағын Р. МакКейн былай аударған:
The beys live in worry, protecting their wealth.
They buy, knocking off ten percent.
Those whom heavenly retribution has hit,
having accepted the ten, hanker after the ninety percent. [5, 24]
Өлең мағынасы тәржімеде түпнұсқаға лайықты етіп берілген. Бірақ та,
өлеңнің алғашқы тармағында аудармашы нақтылықты сақтамай, қате аударған.
Онда аудармашы былай деген: “The beys live in worry, protecting their
wealth”. Осы аударманы керісінше қазақшаға тәржімелеп көрейік: “Байлар
өздерінің байлығын қорғап, мазасыз өмір сүруде” деген болып шығады.
Түпнұсқада нақты мал туралы айтылса, аудармада жалпы байлық туралы айтқан.
Және де өлеңдегі “байлар” деген сөзді аудармада “beys” деп тәржімелеп,
кітаптың соңынан “Орталық Азияда, жер және қара мал иеленуші бай” деп
түсініктеме берген. Негізінен, “бай” сөзінің ағылшынша өз баламасы бар.
Тәржімеде сол баламаны қолдану керек еді. Бұл шығарма да алдыңғылары сияқты
аударма тілінде көркемдігін жоғалтқан. Бірақ та, түпнұсқа мазмұнын
көрсеткен деуге болады.
Айтылған жайлардың бәрі аудармашының түпнұсқа табиғатын, әсіресе,
шығармасы аударылып отырған ақынның талант даралығын, ақындық әлемін,
поэтикасын жете тану немесе тани алмау жағдайымен тікелей байланысты.
Ақынның айтып отырған ойын білу және оны аудармада жеткізу, негізінен, екі
түрлі деңгейде жүзеге асырылады: түпнұсқаның негізгі мағынасын, онда
тұжырымдалған нақты мәліметті, хабарлай айтылған ойды дұрыс жеткізу керек.
Сонымен бірге, өлеңнің көркемдік мәні ақынның тек өзіне ғана тән поэтикалық
машығы мен мәнері бар. Оны аудармада таныта білу, жеткізе білу тағы бар.
Қайсыбір тұстарда ақынның поэтикасына тән нәзік белгіні немесе бір нәзік
бояуды өзгертудің өзі түпнұсқаға тән қасиетті арзандатып, ақынның
поэтикасын мүлде ажарсыздандырып жіберуі мүмкін. Түпнұсқаның жалпы мазмұнын
аударып баяндау мен оның поэтикасын сақтап аудару, аудармада ақынның
поэтикасын кестелей білудің екі басқа шығармашылық құбылыс екендігінде дау
жоқ. Ал, бұл мәселе - өте күрделі, танымға да, талантқа да үлкен сын.
Ақындығы келісті, талантты, білімі де, тәжірибесі де мол аудармашының өі
түпнұсқа авторының поэтикасын, оның даралығын жете тани бермеуі, таныса да
жете бағалай алмауы ғажап емес. Түпнұсқаның сыртқы сипатын, ондағы сөздің
лексикалық мағынасын тану және оны дәл аудару бір басқа да, солардың
бірлігі мен тұтастығы, келісімі мен жарасымынан және қызметінен туындайтын
поэтикалық мән бір басқа.
Ақынның адамдық қасиет, адамшылық іс туралы ойлары “Сенбе жұртқа, тұрса
да қанша мақтап” өлеңінде бейнеленген.
Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап [6, 13]
Осы шумақтың алғашқы екі тармағында бір тақырыптық желі бар. Ол жұртқа
сенбеу және оның себебі туралы. Соңғы екі тармақтағы тақырыптық желі -
өзіне сену, оның нәтижесі туралы ой. Ақын өзіңе сен дегенде кісінің
бойындағы үш қасиетті - “ыстық қайрат”, “нұрлы ақыл”, “жылы жүректі”
негізге алып отыр. Сол үш қасиеттің біреуі – ақыл – өлеңде анық көрсетіліп
тұр және оған еңбек қосылады. Еңбек – қайраттың қызметі. Олай болса, ақын
ақыл мен қайратты қатар ала отырып, “өзің” деген ұғымның астарында
“жүректі” мезгеп отырған болуы керек. Осындай іргелі, күрделі, терең ой
желісіне құрылған өлеңнің орыс тілінде бірнеше аудармасы бар. Олар – А.
Гатовтың, Ә. Қодардың, М. Сұлтанбековтың тәржімелері. Үш аудармашының
таным сипаты, шығармашылық ерекшеліктері, шеберлік үлгілері әр түрлі. А.
Гатов өлеңнің бастапқы шумағын былай аударған:
Разным людям не верь, что тебя вознесут, -
Ведь они же коварно тебя предадут.
Верь себе! И опора и счастье твое –
Это лишь неразлучные разум и труд. [4, 196]
Түпнұсқадағы серпін, қимыл-қозғалыс, ойдың әрекетшілдігі аудармада
біршама берілген. Жұртқа сенбеу, өзіңе сену туралы тақырыптық желі
сақталған. Олардың себебі де, нәтижесі де ашылған. Алайда өлеңнің бір
жолынан екінші жолына жалғасып, дамып жатқан желілі ойдың тұтастығы қатты
әлсіреген. Өлеңде ақыл мен еңбектің қызметі нақты суреттелген болса,
аудармада ол жоқ, еңбек пен ақыл сүйеніш пен бақытқа баланған. Осы өлең
жолдарында еңбек пен ақылдың сипаты емес, нақты қызметі бағалы. Ақынның
“алып шығар” деген қимыл-қозғалысқа, серпінге толы сөзін аудармашы қимыл-
қозғалыссыз “опора и счастье” деп берген. Олай беруі ақын өлеңінің
контексіндегі ақыл, қайрат, жүрек туралы ұғымды мүлде бүркеп тастаған.
Ақынның дәл осы өлең арқылы айтайын деген ойы белгілі дәрежеде көркем түрге
иеленіп, орыс тіліне бірсыдырғы аударылған.
Осы өлеңін алғашқы шумағын Ә. Қодар орыс тілінде былай берген:
Пусть хвалят люди, верить не резон.
Ты жди подвоха, если вознесен.
Поверь в себя, тебе помогут дружно
Твой труд и ум твой, взявшись с двух сторон [7, 37]
Аудармада алғашқы екі тармақ түпнұсқаның алғашқы екі тармағының мазмұнын
жартылай берген. Екінші тармақтың мағынасы ашылмай, басқаша сипат алған.
Кейінгі екі тармақтың мағынасы да өзгеріп, артық сөздерге орын берілген.
Түпнұсқадағы “Өзіңе сен, өзінді алып шығар” деген ойға қосымша, үстеме
мағына қосылып, екінші жағынан, ақынның өз ойы көмескілене түскен.
Аудармашының “помогут дружно” дегені түпнұсқадағы нақты айтылған ойды
өзгертіп, нақтылықтың орнын жалпылық сипат басқан. “Помогут дружно”
тіркесі түпнұсқадағы тікелей нәтижелі стиль көрсететін тіркестердің ұғымын
жеткізе алмайды. Оның үстіне аударманың өлең сөз сияқты төгіліп тұрмағаны
оны түпнұсқаның ырғақ, ұйқас жүйесімен салыстырғанда айқындала түседі.
М. Сұлтанбековтың тәржімесінде мазмұндық нақтылық, дәлдік басым. Әр
тармақтың көтеріп тұрған мазмұны, атқаратын қызметі бұл жерде нақты
сақталған. Шумақтың жалпы мазмұндық бітімінде де тұтастық бар:
Сколько б тебя не хвалили – не верь,
Хитрость таится в хвалебной молве.
Веру в себя укрепляй, чтоб вдвоем
Разум и труд выводили на свет [10, 25]
Соңғы екі тармақтың синтаксистік құрылымы түпнұсқадан мүлде алшақ. Бұл
алшақтық өз кезегінде түпнұсқадағы ой жүйесінің құрылымындағы алшақтыққа
алып келген. Соған байланысты ақынның айтып отырған ойы да жүйелі қалпын
сақтай алмаған. Аудармадағы мағынаны қазақ тілінде былай баяндауға болады:
ақыл мен еңбек екеуі жарыққа алып шығу үшін өзіңе деген сенім арттыр. Бір
ұғымды екінші бір ұғымның орындалуының шарты етіп көрсету түпнұсқа
жүйесіндегі бірден бірге дами ұласып жатқан ой ағынының еріксіз үзік-үзік
болып шығуына себепкер болған.
Өлеңнің түйінді мәні соңғы шумақта жинақталған:
Қайғы келсе, қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан – шын асыл, тастай көрме [6, 13]
Өлеңнің бастапқы шумағы секілді мұнда да қимылды, қозғалысты білдіретін
сөздердің қатары көрініп тұр. Ақынның әр сөзінде бір әрекеттің сыры бар,
бір қызметтің қыры бар. Бұл шумақта ақын жүрекке сүңгу, жүректің түбін
көзде туралы ой тастайды. Бұл жерде ақын жүректің қасиеті мен қызметі,
ондағы махаббат, мейір, рахым туралы айтып отыр. Өзге тілді оқырман үшін
де, түпнұсқаның аудармадағы көркемдік қасиеті үшін де өлеңнің осындай
мәнінің тәржімеші тарапынан ерекше көрсетілуі аса бағалы. Енді осы шумақтың
А. Гатов аудармасына назар аударайық:
Если горе придет, то спины не сгибай!
Если явится радость, достойно встречай!
Загляни в свое сердце и там, в глубине,
Отыскав жемчуга, береги, не бросай! [4, 196]
Түпнұсқа мен аударманы әр тармақ деңгейінде жеке-жеке және тұтас шумақ
деңгейінде салыстырып қарағанда, тағы да көңіл қуантып, көзді сүінтетін
көркемдік биігін көре қою қиын. Ақын келер қайғыға байланысты екі ғибрат
айтады: біріншісі – қарсы тұру, екіншісі – құлай бермеу. Аудармада бұл екі
әрекеттің кейінгісі бар да, бастапқысы жоқ. Ақын ойының серпіні, қуаты
осылайша аудармада жойылып кеткен. Өлеңнің екінші тармағындағы ой да өзінің
қуатынан, серпінінен ажырап, түпнұсқаның жалпы мазмұнын ғана жеткізе алған.
Тармақтағы “қызықпа”, “оңғаққа ерме” екі түрлі мағынаға ие болғанымен екеуі
қатарласа, бірін-бірі толықтыра, дамыта келіп, ақын ойының серпінін, қуатын
танытады. Аудармада бұл екі түрлі мағынадан туып, “дұрыстап қарсы ал”
(достойно встречай) деген сияқты қарапайым, поэтикалық қуат аз, әлжуаз
ақылға айналып кеткен. “Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме” және “Если
явится радость, достойно встречай” – бірі түпнұсқа, бірі аударма екі тармақ
арасында басқа да мағыналық алшақтық бары байқалады.
Ақын өлеңінің түйіні соңғы екі тармақта. Түпнұсқаның түйінді ойы
аудармада толық емес. “Сонан тапқан – шын асыл, тастай көрме” дегеннен
ақынның шын тілегі, көңіл күйі аңғарылады. Мұндағы ақынның айтып отырған
“асылы” – асыл тас емес. Мұндағы асыл – жүректің асыл қасиеттері. Аудармашы
жүректің асыл қасеттерін білдіретін “шын асылды” “жемчуг” ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz