Денсаулық сақтау педагогикасы және оны жүзеге асыру технологиялары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе

І. Денсаулық сақтау педагогикасы және оны жүзеге асыру технологиялары

1. 1. Денсаулық сақтау педагогикасы, денсаулық сақтау технологиялары туралы түсінік

1. 2. Бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісінде қолданылатын денсаулық сақтау технологиялары

ІІ. Бастауыш мектеп жағдайында денсаулық сақтау технологияларын падалану мүмкіндіктері

2. 1. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда денсаулық сақтау технологияларын қолдану ерекшеліктері

2. 2. Денсаулығын сақтау технологияларын қолдану арқылы оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың тиімділігін тәжірибеде зерттеу.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Қосымша

Кіріспе

Қазіргі уақытта әлеуметтік экономикалық даму кезеңінде денсаулық сақтаудағы жеке тұлғаның рөлі көтерілуде. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдаған "Қазақстан - 2030" жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда денсаулықты сақтаудың маңызы туралы және салауатты өмір сүру салтын дамытудың қоғам үшін аса қажеттігі туралы айтып өткен болатын [1] .

Қазақстан Республикасының мемлекеттік құжаттарында: Қазақстан Республика Ата заңы, "Білім туралы" Заңында, "Білім" атты мемлекеттік бағдарламада жас ұрпақтың денсаулығын сақтау мен нығайту бойынша белсенді іс-шаралардың қажеттігі мен мемлекеттік маңызды басымдылық ретінде көрсетілетіндігі жайдан емес.

Көптеген ғалымдар денсаулық тұлғаның барлық мүмкіндіктерінің ашылуының шарты болып табылады, ол баланың жас кезінен бастап қаншалықты денсаулығын сақтауға бейімделген және салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастырғанына байланысты деп қарастырады. Ал Г. С. Акиева, Г. Д. Алимжанова, А. В. Ахаев, Е. Д. Даленов, А. С. Иманғалиев, Ж. О. Жилбаев, т. б. бұл мәселені тұлғаның физикалық, психикалық және әлеуметтік сәттілігіне байланысты қарастырады [2-5] .

Денсаулық дегеніміз - аурулардың жоқтығы ғана емес, ол физикалық шынығудың белгілі бір деңгейі, психикалық және физикалық сәттіліктің негізі.

Денсаулықты сақтау мен қайта қалпына келтіру әр адамның өзіне байланысты. Ол оған әрекеттенгенде ғана (өз балаларын да үйрету қажет) жетеді. Жасалатын әрекет саналы түрде, өз сұранысын қанағаттандыру үшін жасалу қажет. Денсаулықты сақтау үшін салауатты өмір салтына оң ықыластың болғаны жөн. Бұл ретте оқушы тұлғасы ең құнды дүние болып табылады.

Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша адам денсаулығы 52% оның өмір сүру тәртібі мен жағдайына байланысты екендігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының оқушыларды дәрігерлік тексеруден өткізген нәтижесі бойынша 44, 8% балалардың ауру екендігі, олардың ішінде 35%-ы үнемі дәрігерлік бақылауда болу керектігін көрсетті [6] .

БҰҰ-ның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша денсаулық дегеніміз - адамның дене бітімінің кемістігінің жоқтығы мен аурулардың болмауы ғана емес, оның физикалық, рухани және әлеуметтік жағдайының сәтті болуы.

Денсаулықты сақтау мектептің оқу үрдісінің бір нышаны болып келеді. Ол денсаулық сақтау технологияларында, денсаулық сақтау ортасын құруда, мұғалімдердің оқушының денсаулық мәдениетін қалыптастыру мақсатында медицина қызметкерлерімен, әлеуметтік педагог, психологтармен бірлескен әрекеттерінде көрініс беруде. Десек те, мұғалімдер денсаулық сақтау технологияларын үнемі қолданбайды. Оқушыларда өз денсаулығына деген аса қамқорлық қалыптаспаған, көпшілігінің денсаулықты сақтау туралы білімдері төмен, өз денсаулығын сақтаудың қарапайым біліктері мен дағдылары қалыптаспаған.

Соңғы кезде денсаулықты қалыптастыру факторының ең негізгісі салауатты өмір салты екендігін көптеген педагогикалық, психофизиологиялық, медициналық зерттеулерде, атап айтсақ Р. И. Айзман, В. Ф. Базарный, И. И. Брехман, Э. Н. Вайнер, Э. М. Казин, В. В. Колбанов, А. Г. Комков, Г. А. Кураев, Ю. П. Лисицын, Н. К. Смирнов [7-10], т. б. ғалымдардың еңбектерінде атап көрсетіледі.

Денсаулық мәселелері ғылыми әдебиеттерде кең қарастырылған. Адам денсаулығына байланысты фундаменталды мәселелер Н. М. Амосов, П. К. Анохин, Г. А. Апанасенко, К. И. Адамбеков, Р. М. Баевский, И. И. Брехман, В. П. Казначеев, Э. М. Казин, Г. А. Кураев, Ю. П. Шорин, А. Г. Шурина, [11-13] т. б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.

Денсаулықтың жоқтығы адамның өмір сүру әдебіне байланысты, денсаулықтың құнын санат түрде қабылдамайды, сондықтан да сәтсіздікке ұшырайды. Денсаулықты бұл тұрғыда талқылау ашық ақпараттық - профилактикалық мәселеден санитарлық - гигиеналық, әлеуметтік - медициналық, психофизиологиялық факторлары ескерілген оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруды қарастыратын педагогикалық мәселеге айналады. Денсаулық мәселелерін білім беру жүйесінде қарастырған ғалымдар: Р. И. Айзман, Е. А. Бабенкова, М. М. Безруких, Г. К. Зайцев, Н. А. Заруба, В. В. Колбанов, О. А. Никифорова, Н. К. Смирнов, В. Д. Сонькин, Л. Г. Татарникова, В. И. Ярославцева.

Денсаулық ұғымының мұғалімдер мен оқушылардың денсаулығына байланысты қатынасының маңызы зор, себебі білім беру мекемелері баланы әлеуметтендіру бойынша маңызды буын, ол жерде өзге де құндылықтармен бірге, денсаулықтың құндылығын игереді, өз денсаулығы мен өзге қоршаған адамдар денсаулығын сақтау мотивін қалыптастырады.

Ғылыми мәліметтерге сүйенсек, қазіргі оқушылардың денсаулық жағдайына орай, білім берудің денсаулық сақтауын парадигмасын жүзеге асыру қажеттігін көрсетеді. Денсаулық сақтаушы білім беру жүйесі білім беру мекемелерінде оқушының денсаулығын сақтау мен дамытуды қамтамасыз ететін қолайлы денсаулық сақтау ортасын құруды талап етеді. Оқушының оқу мен тәрбиесін денсаулық сақтау тұрғысынан ұйымдастыру дегеніміз - оқушының рухани және физикалық сәтті жағдайын қорғауға бағытталған психо-педагогикалық және санитарлық-гигиеналық негіздеріне сүйенген салауатты өмір салтының принциптерін жүзеге асыру.

Оқу үрдісін денсаулық сақтау тұрғысынан ұйымдастыру оқушыда денсаулықты сақтау мен нығайтуға тұрақты сұранысты тудырады. Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерде оқушы денсаулығын сақтау мәселесінің өзекті екендігін көрсетеді. Еліміздің әр аймағында жүргізілген оқушы денсаулығы жағдайына жасалған талдау мәліметтері мектеп бітіргенге дейін дені сау балалардың көрсеткіші төмендей беретіндігін көрсетті, оның себебі оқушы үшін қолайлы жағдай жасалмайтындығы мен мектеп басшысы мен мұғалімдердің оқушы денсаулығына аса мән бермейтіндігін айтады.

Мәселенің шешу жолдары ретінде М. Б. Антропов, И. А. Аршавский, Н. Д. Гравская, С. П. Летунов, Р. Е. Мотылянская, В. П. Филин, Н. А. Фомин, т. б. ғалымдардың еңбектерінде мектептегі сауықтыру мен алдын алу жұмыстарының медициналық, биологиялық, гигиеналық бағыттары қарастырылған.

Әдебиеттерге жолдау нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу үшін мазмұны мен тұжырымдамалық негізіне маңызды өзгерістер жасауы керектігі байқалады. Осы себепті де мәдениеттің барлық байлығын меңгерген, үйлесімді, адамгершілікті, өз қызығушылығын мемлекет мүддесімен ұштастыра алатын тұлға тәрбиелейтін ізгілікті мектеп құру көздейді. Осы бағыттағы жаңашылдықтар оқушы денсаулығын сақтайтын, нығайтатын және дамытатын, ұжым алдында тұлғаның мүддесін қорғайтын, ынтымақтастық педагогикасы арқылы дамитын болады.

Сондай-ақ әдебиеттерге талдау дені сау ұрпақ тәрбиелеуде әлеуметтік орта сұранысы мен жалпы білім беретін мектептегі оқу-тәрбие жұмыстары денсаулық сақтау жүйесі жасалмағаны арасында қайшылықтар бар екендігін көрсетеді. Бұл қайшылықты жою үшін мәселені шешу жолын өзгерту қажет: оқытудың денсаулық сақтау технологияларын ендіру. Мәселенің шешімі табылмауы себепті, қоғамның сұранысы мен денсаулық сақтау технологияларын ендіретін ғылыми негізделген бастауыш сынып әдістемесі жоқтығы, арасында қайшылық бар. Осы мәселеге орай, дипломдық жұмыстың тақырыбы: "Бастауыш мектеп жағдайында денсаулық сақтау технологияларын қолданудың ерекшеліктері" деп анықталады.

Зерттеу мақсаты: бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісіне денсаулық сақтау технологияларын ендіруді теориялық негіздеу және оларды ендіру жолдарын көрсету.

Зерттеу нысаны: бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісі.

Зерттеу пәні: бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісіне денсаулық сақтау технологияларын ендіру жолдары

Зерттеудің жетекші идеясы: бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда денсаулық сақтау технологияларын қолдану:

а) оқушылардың денсаулығының жалпы жағдайын жақсаруына алып келеді;

ә) оқушылардың салауатты өмір сүруге сұранысы мен құндылықтық бағытталуын ынталандырады;

б) мектепте және мектептен кейінде салауатты өмір сүрудің біліктері мен дағдыларын қалыптастыру жағдайын қамтамасыз етеді.

Зерттеу мақсаты мен жетекші идеясына жету үшін мынадай міндеттер белгіленеді:

  1. Психо-педагогикалық әдебиеттер мен мектеп жұмысын талдай отырып, оқу мекемелерінде денсаулық сақтау ортасын құрудың негізі жолдарын анықтау;
  2. Бастауыш сыныптағы әрбір оқушының дені сау болып, толыққанды білім алуы мен дамуын қамтамасыз ететін оқушы әрекетін ұйымдастырудың жағдайын анықтау;
  3. Бастауыш мектеп оқушыларына арналған денсаулық сақтау технологиясын ендірудің тиімді жолдарын анықтау.

Зерттеудің әлеуметтік негізін "денсаулық", "денсаулық сақтаушы орта", "денсаулық сақтау технологиялары" ұғымдарының мәнін философиялық, психологиялық, медициналық және педагогикалық аспектері бойынша теориялық негізін ашу; тұлғаны жан-жақты және үйлесімді дамыту туралы ілім немесе тұлғалыққа бағытталған әрекет теориясы; жүйелік-тұтастық теориясы тұрғысынан, тұтас педагогикалық үрдіс теориясы құрайды.

Алға қойылған міндеттер мен ұсынылған болжамдарды тексеру үшін зерттеудің мынадай әдістері қолданылды: теориялық - зерттеу мәселесін философиялық, психо - педагогикалық, әлеуметтік, тарихи, медициналық әдебиеттерде, ресми құжаттарда берілуін талдау және зерттеу; эмпирикалық - бақылау, әңгімелесу, сауалнама алу, жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің озық іс-тәжірибесін зерттеу және жинақтау, мектеп құжаттарын зерттеу, педагогикалық экспериментті ұйымдастыру және өткізу.

Зерттеу базасы: Шымкент қаласының №38 мектеп-гимназиясы. Тәжірибелік жұмыстың әр түріне 4 бастауыш сынып мұғалімдері, 48 оқушы қатысты.

І. Денсаулық сақтау педагогикасы және оны жүзеге асыру технологиялары

1. 1. Денсаулық сақтау педагогикасы, денсаулық сақтау технологиялары туралы түсінік

Қазақстан Республикасының бүгінгі күнгі білім беру тұжырымдамасы мен білім беру жүйесін реформалаудың негізгі бағыттарындағы оқыту үрдісінің педагогикалық технологиялары ретінде және денсаулықты сақтауды ұйымдастырудағы жаңалық ретінде оқу - тәрбие үрдісіне денсаулық сақтау технологиялары енгізілуде. Оқыту мазмұнына жаңалық ендіру оқу үрдісіне қатысушылардан үлкен күш пен еңбекті талап ететін үрдіс. Ол өз кезегінде физиологиялық шаршау мен психоэмоциялық артық жүктеме түріндегі ағзаның функционалдық ахуалының әр түрлі ауытқуларын тудырады. Сол себепті де оқушыларда созылмалы аурулар, психиканың бұзылуы және стресстік жағдайлар көп болады. Сондықтан болар арнайы мамандандырылған мектептерде жалпы білім беретін мектептерге қарағанда оқушылар көп ауырады [6, 12] .

Педагогика ғылымына «технология» ұғымы ХХ ғасырдың 60-жылдарында ене бастады [14, 15] . Қазіргі уақытта «технология» ұғымына бастапқы затты түрлендіріп күтілген параметрлерді алу үшін қажетті әдістердің жиынтығы деп түсінік береді. Денсаулық сақтау технологияларында күтілетін параметрге адамның (бала, жасөспірім, ересек адам) физикалық, психологиялық, әлеуметтік жағдайының сәтті болуы жатады. Ал педагогикалық технологиялар күтілген параметрлерге жетуді жеңілдететін біршама талаптарға жауап береді. Технологиялардың негізгі ерекшелігі соңғы нәтижені алдын - ала болжай алады.

Технологияда мақсат негізгі компонент ретінде қаралады және оған жету деңгейін анықтай алады. Технология алға қойылған мақсатқа жетудің барабар құралдарын қолдана отырып, оқу - тәрбие үрдісінің құрылымын анықтауға мүмкіндік береді. Барабарлық (адекваттық) дегенді педагогикалық технологиялардың оқушылардың жас ерекшелігіне, олардың физикалық, психоэмоциялық жай - күйіне сәйкес келуі деп түсіну керек. Сонымен бірге қалыптасқан педагогикалық жағдайға педагогикалық технология қолданатын денсаулық сақтау тәсілдерінің сәйкес келуі.

Соңғы кезде дәстүрлі сыныптық-сабақ жүйесінде оқу үрдісін ұйымдастырудың кейбір жақтарының кемшіл тұстары ашылуда. Сол себепті де оқытудың тиімділігін арттыратын қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды іздеп табу аса маңызды міндеттердің бірі.

Технология дегеніміз - білім беру үрдісіне қажетті әдіс - тәсілдер жүйесі және техникалық және адами ресурстарды пайдалана отырып оқытуды жетілдіре отырып білімді меңгерту.

Білім беру технологияларының жіктелуінде «денсаулық сақтау технологиялары» деген ұғым жоқ. Себебі, ол нақты бір технология түрінде болмайды. Десек те, «денсаулық сақтау технологиясы» ұғымы білім беру мекемесінің оқушы денсаулығын қалыптастыру, сақтау және нығайту бағытындағы барлық жұмыстарын біріктіреді [16] .

Бүгінгі мектептің мақсаты - оқушыны өмірге дайындау. Оқушының мектепте алған білімі - оның болашақ өміріне қажетті, қолданылатын білім болуы қажет. Бұл мақсатқа оқушы мен мұғалім денсаулығын көздейтін оқу - тәрбие үрдісін ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін жинақтаған денсаулық сақтау педагогикасы арқылы жете алады. Мұғалім педагогиканың соңғы жаңалықтарын біле отырып, оқушы, ата - ана, медицина қызметкерлері мен өз әріптестерімен бірлесе отырып, өз жұмысын бүкіл педагогикалық үрдістің қатысушылары денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағыттап жоспарлайды.

Денсаулық технологиясы деген бірегей технология жол. Ол тек білім беру үрдісінің міндеттерінің бірі ретінде көрінуі мүмкін. Ол оқу үрдісінің медицина-гигиеналық бағыты (педагог - медицина қызметкері - оқушының тығыз байланысы жүзеге асатын), дене шынықтыру - сауықтыру бағыты (дене шынықтыру сабақтарына ерекше назар аударатын), экологиялық (табиғатпен үйлесімді қарым-қатынас жасау) және тағы басқа да болуы мүмкін. Тек оқытуды кешенді түрде қарастырғанда ғана оқушы денсаулығын қалыптастыру мен нығайту міндеттері шешілуі мүмкін [7, 3] .

Денсаулық сақтау технологиялары көптеген педагогтарға белгілі психологиялық - педагогикалық әдіс - тәсілдер, технологияларды, мәселені шешу жолдарын жинақтайды және соған қоса мұғалімнің өзін-өзі үнемі жетілдіруге ұмтылысы қажет.

Сауықтыру педагогикасының негізгі артықшылықтары мынада:

  • дені сау бала - практика жүзінде жетуге болатын бала дамуы;
  • сауықтыру дегеніміз емдеу - профилактикалық шаралардың жиынтығы емес, баланың психофизиологиялық мүмкіндігін дамыту формасы;
  • жеке-дара саралап оқыту дегеніміз - оқушыны сауықтыра дамыту жұмыстарының негізгі құралы [7, 23] .

Денсаулық сақтау технологияларының мақсаты - оқушының мектепте

жүрген кезінде денсаулығын сақтау, оның денсаулығын сақтау туралы білім, білігі мен дағдыларын қалыптастыру, алған білімдерін қолдана білуге үйрету. Барлық денсаулық сақтау технологияларының негізгі ерекшеліктері - оқушылар денсаулығын үнемі экспресс - диагностикадан өткізіп, бақылап отыру және ағзаның қалыпты дамуын бақылап, оқушы денсаулығы туралы қажетті қорытындылар (оқу жылының басы мен аяғында) жасап отырады.

Кез-келген білім мекемелерінің негізгі қызметі денсаулық сақтау технологиялары негізінде оқушыны салауатты өмір сүруге дайындау [16, 20] .

Сонымен денсаулық сақтау технологияларын ендірудегі мақсат - денсаулық сақтау жөніндегі мұғалімнің білімін жетілдіру, оқушының дене шынықтыру жаттығулары мен салауатты өмір сүру салтының денсаулық сақтауды ұйымдастыру - сауықтыру әдістемесін жетілдіру.

Денсаулық сақтау технологиясы мұғалімнен . үлкен кәсіби біліктілікті (оның білімі, білігі, мәдениеті, оқушыға деген ізгілікті қарым - қатынасы, оқытудың жеке тұлғалыққа бағытталған жүйесінде жұмыс істей білуі) қажет етеді. Мақсатқа жету мен оң нәтиже алу үшін технологиялық амалдар мен денсаулық сақтаушы әрекеттер жасалу қажет.

Денсаулық сақтау технологияларын талдау жасаудың мақсаты - пәнінің мазмұнын игертуге қажетті психологиялық қабілеттердің кешенін анықтау. Оқушының сенсомоторлы, перцептивті, интеллектуальды (көрнекі - образды) және эмоциялық, қызмет түрі пәнді игеру кезінде өзгеріске түседі: мақсат мотивке, амал - әрекетке айналуы мүмкін. Сондықтан негізгі және өзгерген түрдегі әрекеттерді ажырата білу керек [17, 18] .

Денсаулық сақтау технологияларының жалпы құрылымы мен жүргізілу барысын біле отырып, денсаулық сақтаудың негізгі мәселелерін шешуді жүзеге асыруымыз қажет. Бұл денсаулық сақтау технологияларының маңызды бірінші қадамы деп ойлауға болады. Екінші қадам оқушы мен педагог арасында сенімді қарым-қатынас орнату деп түсіну қажет, яғни оқушыны технологияның субъектісі деп қарау қажет.

Бұл жерде мұғалім мен оқушы қарым - қатынасы тек мәлімет алмасу ғана деп түсінбеу керек. Оқушыны «мен» тұрғысында дамыту сапалы даму деңгейін береді, осы тұрғыда дамыту оны нағыз субъект ретінде дамуын көздейді.

Қазіргі заман мұғалімі денсаулық сақтау жүйесіндегі мектепте жұмыс істеу үшін әдістемелік дағды мен технологиялық біліктіліктің «педагогикалық минимум» деңгейімен қамтамасыз етілуі қажет. Оқушыларға денсаулық сақтаудың негіздерін білдіре отырып, салауатты өмір сүруге қызығушылығы мен сұранысын туғызу қажет [19] .

Демек, денсаулық сақтау технологиялары дегенде оқу - тәрбие үрдісінде ұтымды пайдаланып жүрген, педагогикалық ұжым меңгерген оқушы мен олардың ата - аналар үшін оқытуда және күнделікті тұрмыста пайдалану деп түсіну керек.

Оқу - тәрбие үрдісіне денсаулық сақтау технологияларын жасау мен ендіруде ғалымдар мынадай бағыттарды ерекше көрсетеді:

а/ оқушы ағзасын шынықтыруға негізделген оқу пәндерін тереңдетуге технологиялық жоспарлар жасау;

б/ оқушы қатысатын дене шынықтыру, спорттық секция мен мектептен тыс спорттық ұйымдардағы денсаулық сақтау компоненттерін жетілдіру;

в/ оқытудың мазмұнын оқушы денсаулығын сақтау технологияларына бейімдеу (оқушының дем алысын, денсаулығын қалпына келтіруге бағытталған жаңа режимде жұмыс жасау, оқушылардың дұрыс тамақтануы, витаминді тамақтануы, дәрігерлік - гигиеналық қамсыздандыру)

г/ оқушының ортасы мен мектептің медико-биологиялық ресурстарын денсаулық сақтау мақсатында тиімді қолдану.

Мұғалімнің алдында жеке - тұлғалық ерекшеліктері бойынша әр түрлі құрамды оқушылар болады. Олардың әр бірінің деңгейіне сәйкес оқу - тәрбие үрдісін ұйымдастыру мұғалімнен үлкен психологиялық - педагогикалық, кәсіби - педагогикалық біліктілікті қажет етеді.

Қазіргі заманғы адамға жалпы мәдениеттік маңызы бар қасиеттер қажет. Қазіргі тұлғада жүйелі ойлана алу, өз білімін өзі толтыра алу, оны өзі мен өзгенің қажетіне жұмсай білу сияқты қасиеттер қажет немесе Әл-Фараби сөзімен айтқанда «Тәрбиесіз берілген білім - әлемді бүлдіреді».

Қазіргі заманғы білім беру жалпы мәдениеттілік деңгейге жетуді ізгілікті оқыту арқылы жүзеге асыруға болады деп ойластырады. Ізгілікті тұрғыдан оқыту дегеніміз - әрбір адам бірін-бірі қайталамайтын жеке тұлға, оның өз өмір жолын таңдауға еркі бар, өзінің табиғи қабілеттерін дамытуға құқығы бар, өзінің «мені» бар. Өз қызығушылығы мен сұранысы және мақсаттары бар деп қарау қажет. Оқыту жүйесі тұлғаның еркін дамуымен, оның физикалық, интеллектуалдық, эмоционалдық, моральдық-еріктік және құндылық қабілеттерінің үйлесімді дамуы үшін бүкіл адамзат цивилизациясының мәдени жетістіктері негізінде дамуы жүзеге асу үшін жағдай жасайды.

Ізгілікті оқыту принципі жүзеге асу үшін оқу-тәрбие үрдісі жеке-тұлғалыққа бағытталуы қажет. Бұл деген сөз әрбір оқушының табиғи болмысы, жеке қабілет ерекшелігі, қызығушылығы мен сұраныстары мен икемділіктері негізінде білім берудегі жетістігі қамтамасыз етілуі қажет. Мұның мәнін американдық психолог Джон Дьюи сөзімен айтсақ: «Бала барлық нәрсенің орталығы, басы және соңы». Бұндай оқытуды жүйесімен қамтамасыз ету үшін, бір жағы оқушының тұлғалық параметрлерін дамыту, екінші жағынан оқытудың балама форма, әдіс, бағдарламаларын таңдау мүмкіндігін дамыту керек. Ол үшін оқу мекемелерінің оқу жоспарының жылжымалы бөлігін дамыту қажет.

Денсаулық сақтау технологияларының негізгі міндеті - оқушының еңбегі мен демалыс режимін ұйымдастыру, оқушының бүкіл оқу үрдісі барысында қажуы мен зорығуының алдын алу үшін жағдай жасау. Олардың алдын алу шаралары туралы сөз ету үшін жұмысқабілеттілік, қажу, зорығу ұғымдарына түсінік беріп өтелік [20-23] .

Жұмысқабілеттілік дегеніміз - адамның өз күшін аз шығын жасай отырып, берілген жұмысты сапалы, әрі тиімді орындай білу қабілеті.

Оқу үрдісі барысында жұмысқабілеттілік белгілі бір заңдылыққа сүйенген толқынды өзгеріске түседі. Сабақ басында оқушының жұмысқа қабілеттілігі аса жоғары болмайды, ол біртіндеп көтеріледі. Бұл кезең ену фазасы деп аталады. Бұл кезеңде біріншіден, іс-әрекетті жүйелік және гуморалдық басқаруға дайындау, екіншіден, біртіндеп іс-әрекеттердің стреотипінің қалыптасуы, үшіншіден вегативті қызметтің қажетті деңгейге жетуі жүзеге асады. Балаларда үлкендерге қарағанда ену фазасы әлдеқайда қысқа немесе жылдам өтеді, бұл олардағы жүйке жүйесінің қозуының жоғарлығы мен функционалды белсенділігімен түсіндіріледі [20] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Денсаулық сақтау технологияларының мақсаты мен оқу-үрдісіндегі маңызы
Сауықтыру жаттығулармен айналысатын адамдар үшін медициналық бақылау
Жасөспірімдердің денсаулық сақтау технологияларын оқыту үдерісінде қалыптастыру
Дене жаттығуларының сипаттамасы
Бастауыш мектепте медициналық технологияларды қолдану ерекшеліктері
Тәрбие технологияларының жіктелуі
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың мазмұны мен ұйымдастыру формалары
Дене шынықтыру және спорт педагогикасы
Сатылай оқыту технологиясы
Оқытудың дәстүрлі технологиялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz