Журналист – жол басшы


Мазмұны
К І Р І С П Е . . . 3
І ТАРАУ
Журналист - жол басшы . . . 5
- Журналистика әлеміне алғашқы қадам . . . 6
2. 2. Студент - шығармашылық ізденіс жолында . . . 7
ІІ тарау
Журналист шеберлігінің негізі - тіл, стиль, тақырып . . . 19
1. 1. Студент «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының «Сырға» бағдарламасында . . . 26
2. 2. Жақсы жазу - жақсы ойлаудың белгісі . . . 28
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы . . . 30
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 32
Сілтемелер көрсеткіші . . . 33
К І Р І С П Е
Ақпарат әлемінің төресі - журналистика
Қазір әлемдегі билік даму шегіне жеткен темір қарудың, қара алтын - мұнайдың, тіпті ядролық бомбаның да қолында емес, ақпараттың қолында. Сондықтан да болар, соңғы уақытта адамзат баласының білім деңгейінің өсуімен қатар, ақпаратқа деген сұранысы да ұлғаю үстінде. Мәселен, ХХ-шы ғасырдың 70-ші жылдары адамдардың ақпаратқа деген сұранысы 10 жылда бір рет екі есеге көбейіп отырған. 80-ші жылдары 5 жылда екі рет, ал 90-шы жылдардың соңына қарай әр жыл сайын адамзат баласының ақпаратқа деген қажеттілігі арта түсуде. Бұл - адамның ақпаратсыз күн кешуі мүмкін емес екеніне тағы бір дәлел. Ақпаратқа деген қажеттілік адамзатпен бірге туып, бірге жасап келеді. Қоғам дамуының әртүрлі сатысында хабар таратудың әдіс-тәсілдері де әртүрлі болды. Алаңға, не биік мінберге шығып, халық алдынша патша жарлығын оқыған жаршылар, елшілер, жаушылар мен жорықшылар, үңгірлер қабырғасындағы белгілер - ақпараттарды жаһанға жария етудің жолдары болды. Сондай-ақ, көне түркілерден қалған «Қашық жердің хабарын керуен келтірер» дегенінен ақпарат тарататудың тағы бір көне үлгісін көруге болады. Осы ретте бір сәтке ғаламдық техниканың бұзылуына байланысты Жер шары ақпаратының құрсауда қалып қойғанын елестетіп көріңізші. Ауа райынан, жол қатынасынан хабар беретін соңғы ақпараттарсыз, экономикалық, қоғамдық-саяси оқиғалар жайындағы жаңалықтарсыз қалай өмір сүруге болады? Қазіргі уақытта журналистика халық үшін мәнді ақпараттың бұлағы ғана емес, ол адамның сана сезіміне әсер етуші, елдің тұрақтылығын сақтаушы негізгі күштің біріне айналды. Демек, журналистика жалпы адамзаттық құндылықтарды негізге алғанда ғана міндет биігінен көріне алады. Демократиялық қоғам ақпаратсыз өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан, қай қоғамда, қай мемлекетте болмасын мемлекет ақпараттық саясаты БАҚ-тың өсуіне кедергі келтірмей, керісінше онымен ашық қызмет етеуі керек.
Кез-келген мамандықтың өзіндік ерекшелігі, қыры мен сыры, жемісі, адамға, қоғамға тигізер пайдасы әртүрлі екендігі ақиқат. Оған қоса адамның белгілі бір кәсіпке не еңбекке икемі, бейімі болуы, тек білімі болып қана қоймай, өзі таңдаған мамандығын сүюі шарт. Сонда ғана әрбір маман өз саласының көсегесін көгерте алары сөзсіз. Бұл туралы Әбу Насыр әл-Фараби: «Адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса, білгір, шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істемек те содан рахат табу, соның рахатын көру - біздің мақсатымыз» деп жазған екен. Журналистикада да дәл сондай. Өйткені, ойыңды дәл, анық, көркем жазып, мәселені өзекті етіп көтеріп, қалың бұқараның санасына әсер ету - қиынның қиыны. Сондықтан да, адамдар журналистерді қоғамдық пікірді қалыптастырушы, билік пен бұқараны жалғастырушы «алтын көпір», «идеология майданының белсенді жауынгері»\С\ ретінде таниды. Осы ретте сөзімнің аяғын ақпараттар әлемінің төресіне айналаған журналистика жайындағы профессор Н. Омашевтың пікірімен қорытындыласам:
«Журналистика - қазір бағы жанып тұрған мамандық, бұл салаға сіңірген еңбек бірнеше есе боп қайтады. Біздің ерекшелігіміз де, құдіреттілігіміз де, қиыншылығымыз да сонда. Өйткені, журналистің жетістігін де, кемшілігін де халық біледі». \1\
Жұмыстың мақсаты:
Курстық жұмысымның негізгі мақсаты - газет-журнал бетінде жарық көрген өзімнің шығармашылығымды объективті талдау, ғылыми құндылығымен таныстыру. Сын көзімен баға беріп, кейбір тақырыптар турасында жинақталған ойларымды айту. Қалайша өстім, қалам тербеу тәсілімнің даму барысы, ақпаратты өңдеу, жинау, салыстыру, талдау, сараптау, анықтау, пысықтау тәсілдерін қалай пайдаландым, соларға жауап беру.
Тақырыптың зерттелу деңгейі:
Курстық жұмысымның тақырыбы өз шығармашылығым туралы болғандықтан, жұмыстың субъективті екенін ескерту шарт. Менің алдымда да журналистика факультетінің түлектері арасында өз шығармашылығын зерттегендер болған. Мен де сол дәстүрді жалғастыра отырып, өз шығармашылығымды көбіне сын тұрғысынан бағалауды жөн деп санаймын.
І ТАРАУ
Журналист - жол басшы.
Журналистика мамандығы туралы әркім әр түрлі пікірде. Біреулер мұны кәсіп десе, енді біреулер өнер дейді. Ғылыми тұжырмға келе қоймаған екі ұдай пікірдің қайсысын мойындаған абзал. Меніңше, бұл - өнер. Өнер болғанда да, өнер атаулының - киелісі. Өйткені, «Сөз өнері - дертпен тең», деп ұлы Абайдың өзі ұлықтады емес пе? Журналист болу үшін сөзге шешен, тілге ділмар, ойға бай, тапқыр әрі көреген болуың керек. Мұндай қасиет кез-келген жұмыр басты пенденің бойынан табыла бермейді. Сондықтан да, атам қазақ «Би болмасам да, би түсетін үйім болсын» деп армандаған. Қазіргі өлшеммен қарасақ, бұрын бабаларымыз би деп санайтын тұлғаларды бүгінгінің тілімен журналистер деп айтуымызға болады.
«Башқұрт халқының «Егер алдыңа айқын мақсат қойсаң, ауыр жұмыс үстінде де жаның жай таппақ» деген тамаша нақылы бар. Қайсібір ретте осы нақыл журналистер қауымына арнайы айтылған секілді. Өйткені, журналист үнемі алға қарап, алысты көздеп, кешеден бүгінді, бүгіннен ертеңді ілгері сапқа қойып, айды алқымдап, жылды желкелеп дегендей, тыным таппай, дамыл көрмей жүретін «халық» екеніміз анық». \2\
Бір мәселені әр журналист әр түрлі жазады. Одан шығудың жолдарын әрқилы етіп ұсынады. Содан болар, адамдар жазу өнері қалыптасқан, әрбір сөзі діттеген жеріне дөп тиетін журналистерді «дуалы ауыз» деп санайды. Ал, дала өркениеті бойынша өткен замандарда «дуалы ауыз» деп, ханға да, қараға да діл шешім айтатын би-шешендерді айтқан. Мен де осындай зор халықтық құрметті иеленуді өзіме мақсат тұтамын.
«Журналист - өз есімін тарихқа жазып қалдыратын мамандық иесі. Журналистің әрбір хабар-ошарынан бастап, көлемді туындылары мерзімді баспасөз бетінде жариялануы арқылы газет-журнал тігінділері негізінде мұрағаттарда сақталып, келер ұрпаққа аманат етіледі. Ал, оның салмағын таразылап, шынайы бағасын беру - ертеңгі күн еншісінде». \3\
Қоғамда болатын әрбір оқиға адамдардың санасында сансыз сұрақтардың туындауына жол ашады. Ал, ол сұрақтардың жауабын кім береді? Кім оқиғаны таразылап, шындыққа негізделген пікір айтады? Әрине, журналист. Сондықтан да, Мамандықтар ішіндегі ең шоқтығы биік, беделді де белгілісінің бірі - журналистика дер едім. Биік болатын себебі, оның объектісі күйкі тірліктің құлы емес, халық қамы, ұлт мүддесі, беделді болатын себебі - оның жазған мақалаларын халық оқитындықтан. Журналист кез-келген ортада халық атынан сөйлеуші, халықтың жоғын жоқтаушы. Журналист - жол басшы!
1. 1 Журналистика әлеміне алғашқы қадам.
«Мен қалай жаза бастадым?». Қолына қалам ұстаған қай қаламгердің болмасын жазғандарынан осы сұрақ төңірегіндегі ойын кездестіру қиын емес. Мәселен, Бейімбет Майлин өзінің жазуға деген құштарлығын кәрі шешесінен күнқұрғатпай еститін өлеңмен байланыстырса\4\, Жүсіпбек Аймауытов: «Ең алғашқы хабарым «Қазақ» газетіне басылды. Міне, сол хабардың басылуы - қалам ұстауыма үлкен себеп болды» \5\ деп жазады. Ал, Шерхан Мұртаза Ғабит Мүсіреповтың шығармашылық бастауын былай деп жазады: «Өзінің шығармашылық ұлы жолын қыздардың альбомына өлең жазудан бастаған Ғабең - бұл күнде академик жазушы» \6\. Сәкен Сейфуллин өзінің «Мен қалай жаздым?» атты мақаласында өзі туралы: «Бала күнімде ауылда естіген ертегі, жырлар қиялыма тізбектелді. Оған Ыбырай ұстаның өлең жазу шеберлігі қосылып, менің шығармашылығымның бастауы болды» \7\ деп жазады. Ал мен қалай жаза бастадым? Менің де жазуға деген құштарлығыма бала күнгі кітап оқуға деген құмарлығым мен өз әулетімізден шыққан жазушы ағама еліктеуім себеп болды. Сондай-ақ, әр ұлттың өзіне ғана тән мәдениеті, салт-дәстүрі, әр тілдің өзіне ғана тиесілі - ерекше «даусы» болады. Біреулер айтарын небәрі екі беттік газетке жазса, енді біреулер қабат-қабат беттерден тұратын баспасөзді өз қоғамының үні ретінде жарыққа шығарады. Алайда, өз мамандығына берілген қай журналистің де қашанда ұмтылар биігі - ниеті мен іс-әрекетіне деген адалдық. Ол бір ақ мақсатқа қызмет етеді - оқырман үшін жазылатын таза шындық. Журналистикаға әлеміне тән осындай ортақ мақсаттар мен көзқарас, пікірлер мені «Журналист» атты белді де беделді мамандыққа келуіме түрткі болды.
«Мықты маман боламыз!». Мектеп қабырғасында жүріп жазған қысқа хабар түріндегі бұл мақаланы - менің журналистика әлеміне аяқ басқан тұстағы тырнақалды туындым десе де болады.
Мақала мәтіні баспасөз бетіне шыққан материалдарымның ксерокөшірмелік тігіндісінде ұсынылды. \29. 04. 2003 ж\
Тақырыбы: «Мықты маман боламыз»
№ 1 мәтін.
* * *
Мектеп бітірер жылы түлектер арасында өткен мамандық таңдау кеші туралы жазылған бұл шағын хабар Панфилов аудандық білім бөлімінің ақпараттық әдістемелік жаршысы «Мұғалім» газетінде жарық көрген болатын.
Мектеп қабырғасында жүріп жазған келесі шағын ақпарат «Біз қазақша сөйлейміз» атты тақырыппен Панфилов аудандық «Жаркент өңірі» газетінде «Тіл - ұлт тірегі» атты айдармен жарық көрген болатын.
Мақала мәтіні ксерокөшірме түрінде.
Тақырыбы: «Біз қазақша сөйлейміз» \18. 05. 2003ж\
№ 2 мәтін
Мұнда «Қорғас» кеденінің ұжымының іс-қағаздарын ана тілімізде жүргізіп, кеден қызметкерлері өзара қазақ тілінде сөйлесуге бастама көтерген кеден апталығы туралы сөз болған.
Мақала ксерокөшірме ретінде ұсынылды
Тақырыбы: «Атам туралы шығарма жазу - оңай, әрі қиын болды». \23. 06. 2003ж\
№ 3 мәтін
Бұл талапкер кезімде Республикалық басылым - «Жас Алаш» газетіне жарыққа шыққан тұңғыш туындым еді. Жиырмасыншы ғасыр басында ұлт көсемі деп танылған Міржақып Дулатовтың қызы - Гүлнар Міржақыпқызының өткен өмірі туралы әңгімесі оқырман үшін қызықты болары сөзсіз. Сондықтан, мақаланың басында Гүлнар Міржақыпқызының әңгімесін өзі әңгімелеп берген күйінде жеткіздім. Әжейдің әңгімесін әрі қарай жалғастырған немересі Мадиярдың ойын беруде мынандай тәсілді пайдаланыптым: «Гүлнар әже әңгімесін тәмамдап, немересіне сүйсіне қарады». Сол кездегі деңгейіммен салыстырсам, мұны ұтымды қолданған тәсіл деп айтуға тұрарлық. Тақырып ретінде «Атам туралы шығарма жазу - оңай, әрі қиын болды» деген Мадиярдың сөзін алдым. Д. Рендальдің «Газет мақаласының басты міндеті - ол оқырманға бұрын естімеген тың жаңалықты жеткізу» \8\ десе, осы мақаланы жазу барысында сол міндеттен шыға білгенім қуантады. Тұңғиығы терең журналистика әлеміне бастаған алғашқы қадамдарым осы мақалаларыммен тығыз байланысты.
2. 2. Студент - шығармашылық ізденіс жолында .
«Бір кітап жазу үшін басқадай мың жарым кітап оқуың керек» деген екен француз жузышысы Флобер. Өсіріп те айтқан болар. Бірақ, мейлінше мол оқу қажет. Ізденіске шек қойма дегені - ақиқат. Қаламды серік еткен кез-келген шығармашылық адам шығармашылық деңгейдің биігіне жету үшін талай ізденістерден өтері анық. Теориялық білімі мен өмірлік тәжірибесінде көрген, білгенін ұштастыра білу де үлкен жетістік. Ұшқыр қиял да артықтық етпейді. Бұл жайында Әзілхан Нұршайықов: «Жазушының қиялы мен сезімі жүйрік болса, оның тілі де шешен болмақ. Қиялсыз қызыл тіл сайрамайды» \9\ деген.
Шығарма дүниеге келу үшін авторда ең алдымен белгілі бір оқиғаға немесе құбылысқа, қоғамдағы өзгерістерге деген өзіндік көзқарасы, пікірі болуы керек. Сол көзқарас пен пікірді қоғам санасына жеткізу, оқырманға ой салдыру үшін - жазу өнерінің әртүрлі әдіс-тәсілдерін меңгеру, меңгеріп қана қоймай, оны өзі жазған шығармасы арқылы көрсете білуі қажет. Ал, бұл жерде публицистикалық шығарманың тартымды да тиянықты, өткір де өзекті, қызықты да көркем болуы үшін оның жанры мен қолданған өзіндік стилі де көп рөл атқарады.
«Публицистикалық стильде көркем сөз тәсілдерінің барлығы - тұрақты сөз тіркестері, мақал-мәтелдер, афоризмдер пайдаланылады. Мұнда сонымен қатар тілдің эмоцианалды элементтері және сөзді образды қолдану сияқты әдеби стиьлге тән жақындығын көрсетеді. Ал, оның фактіні толық және логикалық жүйелі баяндау тәсілі жағынан ғылыми стильге жақын екені байқалады». \10\
Стильдің негізінен 5 түрі бар:
- Ауызекі сөйлеу стилі;
- Кітаби-жазба стиль;
- Ғылыми стиль;
- Публисицтикалық стиль;
- Көркем әдебиет тілінің стилі. \11\
Грек философы Аристотель стильдің табиғатын сақтау үшін төмендегі бес шартты ұсынған:
- Жалғаулық пен демеулікті дұрыс қолдану;
- Алыстан орағытып түсіндірем демей, айтайын деген ойын діл айту;
- Екіұшты мағыналы сөздерді қолданудан сақтану;
- Сөздердің «мужской, женский, средний род» деп аталынатын текстерін дұрыс қолдана білу;
- Әңгіме көп адам не бір адам туралы ма, соны аңғартатын сан есім жалғауларына сақ, мұқият болу.
«Белгілі бір шығарманың, материалдың өзіне ғана тән, өзін ғана ерекшелендіріп тұрған құрылымдық-композициялық, тілдік-стильдік, тағы да басқа белгілер жиынтығы оның жанрын айқындайды». \12\
Менің шығармашылық ізденіс жолымның бастауында тырнақалды туындыларымның дені қай жанрда болды? Осыған тоқтала кетсем. Журналистика факультетінің студенті атанған алғашқы жылдан бастап-ақ мен Республикалық «Жас Алаш» газетінде қызметке орналасып, қаламымды ұштай бастадым. Бұл мен үшін күнделікті факультеттегі ұстаздарымнан алған теориялық білімімді тәжірибе жүзінде іске асыруыма үлкен септігін тиігізді. Сол кезеңде жазылған шығармаларымның жанрлық жағынан дені - проблемалық мақалалар. Атап айтқанда, әлеуметтік және отбасы проблемалары, ғасыр дертіне айналған нашақорлық туралы да біраз мақалаларым жарық көрді. Қызметке кіріскендегі ең алғаш жарияланған мақалама тоқталсам.
Мақала мәтіні ксерокөшірмеде.
Тақырыбы: «Жоғары білім беруде жүйе бар ма?»
№ 4 мәтін
Университет қабырғасындағы тырнақалды туындымды талдамас бұрын, мақала жанрының теориялық анықтамасын айта кеткен жөн. Себебі, әуелі жанр туралы айтпай, стиль туралы сөз қозғау мүмкін емес.
«Мақала - газет-журналдардың идеялық-саяси деңгейін аңғартатын жанр. Оның міндеті - белгілі бір проблема жөнінде кең түрде, жүйелі пікір қозғау, күн тәртібіне мәселе қойып, оны саяси жағынан қарастыру, талдау, аргументтер келтіре отырып, белгілі бір қағида, теорияларды нақты факті, деректермен дәлелдеу, жинақталған ой айту». \13\
Мақаланың ең басты талабы - проблема көтеріп қана қоймай, одан шығу жолдарын ұсыну. Олай болса, алғашқы «Жоғары білім беруде жүйе бар ма?» деген мақаланың тақырыбы-ақ мәселенің өзекті екенін аңғартады. Мақалада негізінен жоғары білім беру саласындағы проблемалар, атап айтқанда білімді маман даярлаудағы мемлекеттік ұсыныс пен сұраныс арасындағы сәйкессіздік туралы сөз болған. Қолында бір емес, екі дипломы бар жастардың жұмыссыз жүргені нақты фактілермен келтірілген. Цифрлық, деректік мәліметтер де жоқ емес. Десек те, мен ғалым, теоретик, белгілі қоғам қайраткері Темірбек Қожакеевтің мақаланың табиғатын ашу үшін оның өзіндік белгілері мынандай деп көрсеткен сөздерін әрқашан темірқазық етіп ұстануды жөн деп білемін. Олар мыналар:
- Ойды жалпыдан жалқыға қарай өрбіту;
- Фактілік материалдар жасаған түйін, қорытындының мысалы, дәлелі үшін пайдаланылады;
- Теориялық қағидаларға нұсқау, директиваларға, жалпы ағым-бағдарға байланысты жазылады;
- Авторға мақала жазу үшін теориялық дайындық, саяси білім қажет;
- Мақала жинақталған ойдың молдығымен, терең ойлар айтумен ерекшеленеді. \14\
Мақаланың бірінші белгісі - ойды жалпыдан жалқыға қарай өрбіту екенін аталмыш мақалада ескергендігім қуантады. Оны мына азат жолдардан байқаймыз:
«Рас, шаруашылықты да, экономиканы да, білімді де, денсаулықты да барлығын игеріп отырғандар жоғары білімділер. Бірақ, осы бізде жоғары білімді мамандар дайындау бір жүйеге түсірілген бе? Ол қалай реттеледі? Сұранысқа байланысты ма, әлде қалта біле ме?» \ 15\.
Міне, бұл мақаланың мәселені жалпылап суреттеп көрсетуі. Енді жалқыға көшу тұсын келтіре кетейік:
«Қолында бір емес, екі дипломы барлардың да базарда сауда жасап тұрғанын көрдік. Шемішке сатып, кемпір-шалдың «кейпіне түскен» азаматтікі бейшаралық шығар. Ал, үлкен базардағы ақшалы, дүниелі, дипломды ағайындардікі не тірлік? Мұндай жағдайлар, әрине, тек Алматыда ғана емес, Қазақстанның барлық жерінде бар. Әсіресе, жаз айларында оқуын бітіріп. Диплом алған жас мамандар ауылда да, қалада да жұмыс іздеп сарылып жүреді. Ойлап қарасақ, мұндай жағдайдың жоғары оқу орындарында мамандар даярлаудағы сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігінен туындайтынын анықтау қиын емес». \17\
Міне, мәселенің жалқы, жекелеген фактілерден тұратын тұсы.
Фактілер мен қорытындыларға, мысалдарға сүйену керек деген екінші талапты да осы мақалаға қойып көрелік. Бұл проблемалық мақала болғандықтан, құр деректер ғана емес, цифрлар, нақты аргументтермен қоса, мамандар айтқан теориялық дәлелденген пікірлер де ескерілді. Мұны мақаланың мына бөлігінен көруге болады:
«Мәселен, мәліметтерге қарағанда, жыл сайын 5 мыңға жуық жас маман «кеден ісі» мамандығымен оқу бітіреді екен. Ал мемлекеттік сұраныс бұдан әлденеше есе аз». \18\
Немесе:
«Ал, Алматы қалалық Еңбек, жұмыспен қамтамассыз ету және халықты әлеуметтік қорғау департаментінен тапқан мәліметіміз мынау болды: 2003 жылы Алматы қаласы бойынша 2244 жоғары білімді жұмыссыз маман тіркелген». \19\
Сондай-ақ :
«Елімізді басқарып отырған министр, әкімдердің мамандықтары жөніндегі журналистік зерттеуге («ЖА», 13 желтоқсан, 2003 ж) үңілсек, Ауыл шарушылығы министрі А. Есімов - инженер-механик; Көлік және коммуникациялар министрі Қ. Нағманов - байланыс жолдары инженері, құрылысшы; Алматы облысының әкімі Ш. Құлмаханов - инженер- құрылысшы; «Бутя» фирмасының президенті Б. Әбілов - тау-кен инженері екенін көреміз. Тізім осылай жалғаса береді, сол себептен де мақала тақырыбы «Елімізді инженерлер басқарып отыр» деп қойылған. Осы келтірілген кестені барлық мектепке көрнекі оқу құралдарымен қатар іліп қойған жөн шығар. Қазір әлемде физика, математика, инженер-механик секілді ескілі-жаңалы мамандардың қаны жерге тамбай тұр». \20\
«Мақалада салмақты пікір, қорытындыланған ой, биік идея жату керек десек, бұл үшін журналист-автор өмірдің өзін көруге, ондағы оқиға, құбылыстардың куәсі болуға, тиісті адамдармен жүздесіп, сөйлесуге қажетті факті, деректерді жинауға міндетті». \21\ Сондықтан, мақалада цифрлар, аргументтер және мамандардың пікірлерімен қоса, мақаланың жазылуына түрткі болған дипломды жұмыссыздардың өздерінің де пікірлері берілген. Бұл әу баста проблеманың неден туындағанын, жұмыссыздыққа не себеп болғанын жұмыссыз адамның өз аузынан есту арқылы проблеманы шешу жолдарының бірін болса да білуге септігін тигізері анық. Мәселен, сол пікірлердің бірін қарастыра кетсек:
«Мәдина Мұхтарханның да екі дипломы бар екен: «Диплом алған соң өз мамандығым бойынша университетке орналастым, - дейді ол. Бірақ, айлығым қанағаттандырмай, саудамен айналысуға бел будым. Құдайға шүкір, қазіргі айлық табысым бұрынғы айлығымнан екі есеге көп десем де болады». \22\
Профессор Т. Қожакеевтің мақалаға қоятын үшінші талабы - теориялық қағидаларға нұсқау, директивалар, жалпы ағым-бағдарға байланысты жазылу керектігі. Енді осы талаптың мақаладағы көрінісін іздеп көрейік. Директивалық сарынды мақаланың мына жолдарынан айқын көруге болады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz