Әлемнің жеті кереметі туралы



Мысыр пирамидалары
Галикарнас кесенесі
Артемида ғибадатханасы
Александрия маягы
Семирамиданың аспалы бағы
Зевс мүсіні
Родос алыбы
Әлемнің жаңа жеті кереметі анықталды
Эйфель мұнарасы
Мұнараның салынуы
Жеті кереметтің ең ежелгісі де, әрі біздің бүгінгі дәуірімізге жеткені де – осы Мысыр пирамидалары. Пирамидалар Нілдің солтүстікбатыс жағалауындағы сансыз қабірлер мен ғибадат-ханалар тұрғызылған өлілер қаласының үстіне салынды. Пирамидалардың ең көнесі – 5000 жыл бұрын тұрғызылған Джосер пирамидасы. Сәулетшісі ежелгі Египетте дәрігерлік, фило-софиялық және ғылыми еңбектерімен танылған Имхотеп атты шебер еді. Джосер пирамидасы – көп сатылы құрылыс. Сансыз басқыштар арқылы аспанға өрлей береді. Мұның идеясы перғауындардың жердегі қарапайым халықтан биік, құдіретті екенін бар әлем-ге паш ету еді. Қаншама қажырлы еңбек пен адам өмірі жұмсалған бұл құрылыс Хеопс, Хефрен және Микрен пирамидаларымен жалғасын тапты.
Көлемі жағынан ең үлкен пирамида – Хеопс пирамидасы. Бүкіл жиған-тергеніне көзінің тірісінде Хеопс перғауын 20 жыл ішінде осы пирамиданы салдырды. Биіктігі 147 метр, әр қырының ұзындығы 232 метр бұл құрылысқа 2,5-3 тонналық 2 миллион 300 мың тас блоктары қолданылды.
Галикарнас кесенесі
Кіші Азиядағы шағын қа-лалардың бірі Галикарнас-тың әкімі патша Карий Мавсол б.з.д. 351 жылы дүние салады. Патша мұрагерле-рі жер-жерлерден әйгілі құ-рылысшы, қолөнершілерді шақыртып, патшаның зиратын тұрғызады. Кесене салу ісінде шығыстың құрылыс стилі (көп қырлы пирамидалар) мен гректің ионикалық стилі байланыстырылған. Кесене екі қабаттан тұрады, биіктігі 40-45 метр. Ол тек биіктігімен емес, грек еліне белгілі Скопас, Леохар, Бриансид, Тимофей секілді әйгілі мүсіншілердің қолынан шыққан әр алуан мүсіндер арқылы көркемделуімен де ерекшеленеді. Мавзолей шамамен алғанда 1800 жыл сақталып келді. Ағылшын археологы Ч.Т.Ньютонның айтуынша, ХV ғасырда крестшілер мавзолейді бұзып, оның құрылыс материалдарын Эгей теңізінде қасиетті Петр сарайын (қазіргі Түр-кияның Бодрум қаласы) са-луға пайдаланған.
Мавсол патша мен оның әйелі Артемисаның табыттары, мүсіндері және басқа дүниелері қазір Лондондағы Британ мұражайы мен Ыстамбұлдың археологиялық мұражайында сақтаулы.
Артемида ғибадатханасы
Ғибадатхана гректердің аңшылық құдайы болған Артемида құрметіне б.з.д. VII-VI ғасырларда Эфес жерінде салынған. Херсифрон атты сәулетші ғибадат-хананы сол кездегі құрылыс әдістерінің бірі – ионика ордерінің стилімен тұрғыз-ған болатын. Құрылыстың сәтті шыққаны соншалық, Грекияның түкпір-түкпірінде осы ғибадатханаға стиль жағынан ұқсас құрылыстар да салына бастады. Алайда Артемида ғибадатханасының ғұмыры ұзаққа бармады. Біздің заманымызға дейінгі 356 жылдың 21 шілдесінде атаққа шөлдеген есер Герострат деген біреу түн ішінде ұрланып келіп, сәулетті сарайды өртеп жібереді. Аңыздар желісі бойынша, Ескендір Зұлқарнайын дәл осы ғибадатхана жалын құ-шағына оранған түні өмірге келеді. 25 жылдан кейін Ес-кендір патша ғибадатхананы қайта тұрғызуға әмір береді. Сәулетші Дейнократтың басқаруымен салынған жаңа құрылыс алғашқы ғибадат-хананың жобасын сақтаған-мен, одан сәл биіктеу болатын. Ғибадатхананың ауданы 110х55 метр, құрылысты қоршап тұрған бағаналардың биіктігі (барлығы 127) 18 метр болған. Артемида сарайы мәрмәр тастармен әшекей-ленген. Әйгілі грек шеберлері құрылысқа белсенді түрде ат салысқан: бағаналарды безендіру жұмысымен Скопас айналысса, ғибадатхана ішіндегі картиналар Апеллес суретшінің қолынан шыққан. Қаладан қасиетті орынға қа-рай арнайы порт салынған. Бұл ғибадатхананың да ғұ-мыры ұзаққа барған жоқ. III ғасырда, дәлірек айтсақ, 263 жылы Кіші Азияға басып кірген гот тайпалары ғибадатхананы қиратып кетеді. 1869 жылы ағылшын археологы Дж.Т.Вуд жүргізген қазба жұмыстары кезінде ғибадатхана болған жерден тірек тақталар мен сарайға әкелінген біраз нәрселер та-былған.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Әлемнің жеті кереметі
Олар – ақыл-ойдың алып ескерткіштері

Мысыр пирамидалары
Жеті кереметтің ең ежелгісі де, әрі біздің бүгінгі дәуірімізге жеткені
де – осы Мысыр пирамидалары. Пирамидалар Нілдің солтүстікбатыс
жағалауындағы сансыз қабірлер мен ғибадат-ханалар тұрғызылған өлілер
қаласының үстіне салынды. Пирамидалардың ең көнесі – 5000 жыл бұрын
тұрғызылған Джосер пирамидасы. Сәулетшісі ежелгі Египетте дәрігерлік, фило-
софиялық және ғылыми еңбектерімен танылған Имхотеп атты шебер еді. Джосер
пирамидасы – көп сатылы құрылыс. Сансыз басқыштар арқылы аспанға өрлей
береді. Мұның идеясы перғауындардың жердегі қарапайым халықтан биік,
құдіретті екенін бар әлем-ге паш ету еді. Қаншама қажырлы еңбек пен адам
өмірі жұмсалған бұл құрылыс Хеопс, Хефрен және Микрен пирамидаларымен
жалғасын тапты.
Көлемі жағынан ең үлкен пирамида – Хеопс пирамидасы. Бүкіл жиған-
тергеніне көзінің тірісінде Хеопс перғауын 20 жыл ішінде осы пирамиданы
салдырды. Биіктігі 147 метр, әр қырының ұзындығы 232 метр бұл құрылысқа 2,5-
3 тонналық 2 миллион 300 мың тас блоктары қолданылды.
Галикарнас кесенесі
Кіші Азиядағы шағын қа-лалардың бірі Галикарнас-тың әкімі патша Карий
Мавсол б.з.д. 351 жылы дүние салады. Патша мұрагерле-рі жер-жерлерден
әйгілі құ-рылысшы, қолөнершілерді шақыртып, патшаның зиратын тұрғызады.
Кесене салу ісінде шығыстың құрылыс стилі (көп қырлы пирамидалар) мен
гректің ионикалық стилі байланыстырылған. Кесене екі қабаттан тұрады,
биіктігі 40-45 метр. Ол тек биіктігімен емес, грек еліне белгілі Скопас,
Леохар, Бриансид, Тимофей секілді әйгілі мүсіншілердің қолынан шыққан әр
алуан мүсіндер арқылы көркемделуімен де ерекшеленеді. Мавзолей шамамен
алғанда 1800 жыл сақталып келді. Ағылшын археологы Ч.Т.Ньютонның айтуынша,
ХV ғасырда крестшілер мавзолейді бұзып, оның құрылыс материалдарын Эгей
теңізінде қасиетті Петр сарайын (қазіргі Түр-кияның Бодрум қаласы) са-луға
пайдаланған.
Мавсол патша мен оның әйелі Артемисаның табыттары, мүсіндері және басқа
дүниелері қазір Лондондағы Британ мұражайы мен Ыстамбұлдың археологиялық
мұражайында сақтаулы.
Артемида ғибадатханасы
Ғибадатхана гректердің аңшылық құдайы болған Артемида құрметіне б.з.д.
VII-VI ғасырларда Эфес жерінде салынған. Херсифрон атты сәулетші ғибадат-
хананы сол кездегі құрылыс әдістерінің бірі – ионика ордерінің стилімен
тұрғыз-ған болатын. Құрылыстың сәтті шыққаны соншалық, Грекияның түкпір-
түкпірінде осы ғибадатханаға стиль жағынан ұқсас құрылыстар да салына
бастады. Алайда Артемида ғибадатханасының ғұмыры ұзаққа бармады. Біздің
заманымызға дейінгі 356 жылдың 21 шілдесінде атаққа шөлдеген есер Герострат
деген біреу түн ішінде ұрланып келіп, сәулетті сарайды өртеп жібереді.
Аңыздар желісі бойынша, Ескендір Зұлқарнайын дәл осы ғибадатхана жалын құ-
шағына оранған түні өмірге келеді. 25 жылдан кейін Ес-кендір патша
ғибадатхананы қайта тұрғызуға әмір береді. Сәулетші Дейнократтың
басқаруымен салынған жаңа құрылыс алғашқы ғибадат-хананың жобасын сақтаған-
мен, одан сәл биіктеу болатын. Ғибадатхананың ауданы 110х55 метр, құрылысты
қоршап тұрған бағаналардың биіктігі (барлығы 127) 18 метр болған. Артемида
сарайы мәрмәр тастармен әшекей-ленген. Әйгілі грек шеберлері құрылысқа
белсенді түрде ат салысқан: бағаналарды безендіру жұмысымен Скопас
айналысса, ғибадатхана ішіндегі картиналар Апеллес суретшінің қолынан
шыққан. Қаладан қасиетті орынға қа-рай арнайы порт салынған. Бұл
ғибадатхананың да ғұ-мыры ұзаққа барған жоқ. III ғасырда, дәлірек айтсақ,
263 жылы Кіші Азияға басып кірген гот тайпалары ғибадатхананы қиратып
кетеді. 1869 жылы ағылшын археологы Дж.Т.Вуд жүргізген қазба жұмыстары
кезінде ғибадатхана болған жерден тірек тақталар мен сарайға әкелінген
біраз нәрселер та-былған.
Александрия маягы
Фарос аралының шығысын-дағы Египеттің эллиндік орталығы Александрия
қала-сының маңында орналасқан. Қала атын әлемге танытқан Фарос маягы біздің
заманы-мыздың III ғасырында салынды. Тұтастай мәрмәр тастан қашалған, асқан
шеберлікпен қаланған маяктың биіктігі – 150 метр. Сол заманда бұдан биік
құрылыс жоқ еді. Бүкіл грек әлеміндегі мұндай үлкен көлемдегі құрылыстың
авторы – Книдтен шыққан Сострат. Мәрмәрдан соғыл-ған құрылыстың бір қабырға-
сына ол: Книдтен шыққан Дексифананың ұлы Сострат, бұл құрылысты
теңізшілерді құтқарушы құдайларға арнадым, - деп ойып жазған. Оның үстіне
саз балшықтың жұқа қабатымен патша Птоломей Состердің жорық жырынан үзінді
келтірген. Уақыт өте келе сылағы түсіп қалған соң, ұлы инженердің аты
белгілі болады. Маяк құрылысын салу кезінде Александрия ғалымдары ойлап
тапқан құрылғылар пайдаланылған. 120 метрлік үш қабатты мұ-нараның төменгі
қабаты төрт қырдан тұрады. Бұл төртеуі төрт бағытқа – батысқа, шығысқа,
солтүстікке және оңтүстікке қараған. Екінші қабаттың сегіз қыры сегіз
жақтан соққан жел бағыты-на ыңғайластырылған. Үшінші қабатта биіктігі жеті
метр Посейдон мүсіні мен күмбез арасын жалғаған шырақ тұр. Металл
айналардың күрделі жүйесі шамның шырағын ұлғайтып, жарқырата түседі. Бұл
теңіз кеңістігін бақылауға мүмкіндік берді. Бұл ғажайып құрылыс ХIV ғасырға
дейін сақталып келген.

Семирамиданың аспалы бағы
Тигр және Евфрат жарыса аққан қос өзен аңғарын жайлаған Месопотамия өз
қойнауында талай кереметті жасырды. Тарихы бай Шумер мен Аккад мәдениетінің
керемет туындысы – Вавилон патшасы Навуходоносордың (б.з.д. 605-562)
сүйікті жары Семирамидаға арнап салдыр-ған аспалы бағы. Оның тарихы былай
еді: кәмелетке толған Навуходоносор патша алыстағы тау елі – Мидияның
ханшасы Шамурматқа (грекше Семирамида) құда түсіп үйленеді. Сүйікті жарымен
бірге Вавилон шаһарына оралады. Бірақ көркіне ақы-лы сай ассириялық ханша
сол елге келгелі бір жадырап күлмейді, ешкіммен сыр ашып сөйлеспейді. Жатса-
тұр-са елін, жерін аңсайды. Көк шалғын желектері мен хош иісті райхан
гүлдерін, кәусар бұлақ суларын сағынады. Ал Вавилон шаһарында аңызақ жел
мен аптап ыстықтан өзге ештеңе жоқ. Күндіз де ыстық, түнде де ыстық.
Қайткенде сүйіктімнің бабын табам деп көп ойланған патша туған жерін көз
алдына келтірем деп, айрықша әсем бақ салуды бұйырады. Сөйтіп, патша
сарайының кең ауласында кірпіштен әсем террасалар орнатылады. Кірпіш үстіне
жанартаудың лавасын құйып, оның үстіне қорғасын плиталар қояды, оған қоса
құнарлы май то-пырақ төгіледі. Құнарлы то-пыраққа әлемдегі бар әдемі жасыл
желекті отырғызады. Мыңдаған құлдар күн сайын төменнен жоғарыға су айдап,
жасанды тоғандарды толтырады. Бақшаның беті солтүстік батысқа қарайды,
күнбатыстан соққан самал жел Семирамида ханшайымның жабырқаған көңілін
жадыратады...
Вавилонның құлдырауынан кейін су тасқыны бүкіл елді шайып кетеді.
Кейіннен 1898 жылы Роберт Кольдевейдің қазба жұмыстарының нәти-жесінде
аспалы бақтың қал-дықтары Ирактағы Хилла қа-ласынан табылады.
Зевс мүсіні
Әлемнің жеті керемет-терінің бірі – Зевс мүсіні Олимпия қаласының орта-
лық алаңындағы Зевс ғиба-датханасында болған. Оны әйгілі грек мүсіншісі
Фидий піл сүйегі мен алтынды қиыстырып жасаған. Мүсіннің биіктігі 17 метр.
Кейіпкердің бір қолында жеңіс құдайы Никаның шағын мүсіні, ал екінші
қолында алтын мен піл сүйегінен жасалған қасиет-ті қыран бейнеленген ұзын
балдақ бар. Құдайлардың құдайы Зевстің отырған орын-тағының арқасы мен аяғы
піл сүйегінен жасалған әр алуан өрнектермен әдіптеліп қана қоймай, онда
Олимп құдайларының бейнелері алтынмен безендіріліп салын-ған екен.
Балдақтың төменгі жағында әйгілі суретші Панэн шығармалары мен билеп жүрген
Никалар бейнеленген. Еденге қара көк элевсин тастары төселген. Піл сүйегін
құрғап кетуден сақтау үшін зәйтүн ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Айша бибі мазары
Әлемнің жеті кереметі туралы ақпарат
Әлем халықтарындағы жеті саны
Әлем кереметтері
Өнер кереметі
Египет пирамидалары
Домбыра құрылымы
Әлемнің жеті кереметтері
Әлемнің көне жеті кереметі
Қазақстанның жеті кереметі
Пәндер