Ғұмар Қарашев
Кіріспе
1. Ғұмар Қарашевтың қоғамдық.саяси
және құқықтық көзқарастарының
қалыптасуы
1.1. ХІХ ғасырдың соңы . ХХ ғасырдың бас кезеңіндегі Қазақстанның экономикалық, саяси.құқықтық және рухани жағдайы
1.2. Ғұмар Қарашевтың өмірі мен қызметі
ІІ тарау. Ғұмар қарашевтың құқықтық көзқарастары
2.1. Әйел құқы және бостандығы хақындағы ойлары
2.2. Дін және шариғат заңдарына көзқарастары
2.3. Ғұмар Қарашевтың еңбектеріндегі әділсот, құқық.бұзущылық және адам құқы мәселелері
Қорытынды

Жетпіс жыл бойы тарих, саяси-құқықтық ілімдер тарихи ғылымы, большевиктердің идеологиялық паранозимінің қыспағында болып, таптық бағалау қағидасы негізінде жалған мағынада жазылды, келер ұрпақтың санасын, рухани өмірін коммунистік режимге қажетті идеялармен уландырды. Соның нәтижесінде тарихи-құқықтық ғылым, өтірік мағынамен жазылды. Егемендіктің туын ұстап, дербес мемлекет құру сәті ғана, есімдері тарих беттерінен өшіп қалған саяси-құқықтың ой-пікірдің қайраткерлерін толыққанды мағынада зерттеуге мүмкіндік беріп отыр.
Тіпті, Кеңес дәуірі кезеңінде жарық көрген шығармаларда қазақ халқының батырлық пен ақындық дәстүрге бай тарихы, саяси және қайраткеріміз жағымсыз кейіпке суреттелінеді. Қоғамдық-саяси және құқықтық ой-пікірдің ойшылдары мен қайраткерлері “тек қана бай-феодалдарды мадақтап, хандардың қанішерлік, басқыншыл және заңсыздық әрекеттерін уағыздаумен шұғылданды” деген пікірді халық санасында қалыптастыруға барлық күшін, бүкіл таптық идеологиясын жұмсап бақты. Ал, олардың шын мәнінде халықтың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін және ағартушылық саласында өлшеусіз қызметтері саналы түрде бұрмаланып қана қоймай, оларға “ұлтшыл”, “пантюркист”, “панисламист”, “буржуазияны жақтаушы”, “үстем тап өкілі”, “бай-феодалдардың құйыршықтары” сияқты айдарлар тағылды. Осының салдарынан, ұлы даланың бүкіл бай рухани қазынасы “керексіз”, “ескі” деп жарияланды. қазақ халқы жетпіс жыл бойы большевиктердің сандырақ идеолгиясымен уландырылды. Соның нәтижесінде, Қазан төңкерісіне дейінгі мерзімде ғұмыр кешкен ұлы ойшылдардың еңбектерін оқуға, зерттеуге тыйым салынады, тіпті есімдерін атаудың өзі қылмыс санатына жатқызылды. Еңбектері еш, өмірлері сор, өшіп барып, қайта халыққа оралған қайраткерлерді зерттеу, насихаттау – тәуелсіздіктің басты міндеттерінің бірі.
Ғұмар қарашев туралы зерттеулер осы күнге дейін жоққа тән. оның шығармашылығын зерттеуге, тіпті атын атауға Кеңес өкіметі барлық Алаш Орда қайраткерлеріне сияқты қатаң тыйым салды. Соның нәтижесінде оның есімі жас ұрпаққа жабулы қазан күйінде қала берді.
Ғұмар Қарашевтың әлеуметтанулық көзқарастарын зерттеуге тоталитарлық жүйе кезеңінде қалам тарқандардың сапында Ғ.С. сапарғалиев пен М.С. Дүйсенов болды. олар екеуі бірігіп, 1971 жылы “Социологическая мысль в Казахстане в конце ХІХ – начале ХХ веков” деп аталатын еңбекті жарыққа шығарған еді. Өкінішке орай, ол зерттеу коммунистік-тоталитарлық жүйе тарапынан тәркіленіп, жойылды, кітапханаларда қазір кездеспейді. бірақ, кітаптың бір ғана данасы кітап авторы Ғ.С. Сапарғалиевтың қолында сақталып қалған екен.

Жетпіс жыл бойы тарих, саяси-құқықтық ілімдер тарихи ғылымы,
большевиктердің идеологиялық паранозимінің қыспағында болып, таптық бағалау
қағидасы негізінде жалған мағынада жазылды, келер ұрпақтың санасын, рухани
өмірін коммунистік режимге қажетті идеялармен уландырды. Соның нәтижесінде
тарихи-құқықтық ғылым, өтірік мағынамен жазылды. Егемендіктің туын ұстап,
дербес мемлекет құру сәті ғана, есімдері тарих беттерінен өшіп қалған саяси-
құқықтың ой-пікірдің қайраткерлерін толыққанды мағынада зерттеуге мүмкіндік
беріп отыр.
Тіпті, Кеңес дәуірі кезеңінде жарық көрген шығармаларда қазақ
халқының батырлық пен ақындық дәстүрге бай тарихы, саяси және қайраткеріміз
жағымсыз кейіпке суреттелінеді. Қоғамдық-саяси және құқықтық ой-пікірдің
ойшылдары мен қайраткерлері “тек қана бай-феодалдарды мадақтап, хандардың
қанішерлік, басқыншыл және заңсыздық әрекеттерін уағыздаумен шұғылданды”
деген пікірді халық санасында қалыптастыруға барлық күшін, бүкіл таптық
идеологиясын жұмсап бақты. Ал, олардың шын мәнінде халықтың бостандығы мен
тәуелсіздігі үшін және ағартушылық саласында өлшеусіз қызметтері саналы
түрде бұрмаланып қана қоймай, оларға “ұлтшыл”, “пантюркист”, “панисламист”,
“буржуазияны жақтаушы”, “үстем тап өкілі”, “бай-феодалдардың құйыршықтары”
сияқты айдарлар тағылды. Осының салдарынан, ұлы даланың бүкіл бай рухани
қазынасы “керексіз”, “ескі” деп жарияланды. қазақ халқы жетпіс жыл бойы
большевиктердің сандырақ идеолгиясымен уландырылды. Соның нәтижесінде,
Қазан төңкерісіне дейінгі мерзімде ғұмыр кешкен ұлы ойшылдардың еңбектерін
оқуға, зерттеуге тыйым салынады, тіпті есімдерін атаудың өзі қылмыс
санатына жатқызылды. Еңбектері еш, өмірлері сор, өшіп барып, қайта халыққа
оралған қайраткерлерді зерттеу, насихаттау – тәуелсіздіктің басты
міндеттерінің бірі.
Ғұмар қарашев туралы зерттеулер осы күнге дейін жоққа тән. оның
шығармашылығын зерттеуге, тіпті атын атауға Кеңес өкіметі барлық Алаш Орда
қайраткерлеріне сияқты қатаң тыйым салды. Соның нәтижесінде оның есімі жас
ұрпаққа жабулы қазан күйінде қала берді.
Ғұмар Қарашевтың әлеуметтанулық көзқарастарын зерттеуге тоталитарлық
жүйе кезеңінде қалам тарқандардың сапында Ғ.С. сапарғалиев пен М.С.
Дүйсенов болды. олар екеуі бірігіп, 1971 жылы “Социологическая мысль в
Казахстане в конце ХІХ – начале ХХ веков” деп аталатын еңбекті жарыққа
шығарған еді. Өкінішке орай, ол зерттеу коммунистік-тоталитарлық жүйе
тарапынан тәркіленіп, жойылды, кітапханаларда қазір кездеспейді. бірақ,
кітаптың бір ғана данасы кітап авторы Ғ.С. Сапарғалиевтың қолында сақталып
қалған екен. Бұл зерттеуде, М.С. Дүйсенов жазған тарауда, негізінде
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың пәлсапалық көзқарастарына талдау жасалынған, ал
Ғұмар қарашевтың есімі бірнеше беттерде ғана атүсті аталып кеткен.1
Ғұмар қарашевтың шығармашылығын зерттеу қажеттігі туралы тұңғыш рет
баспасөз бетінде белгілі философ, ғалым, сыншы Рүстем Жанғозин көтерді. Ол,
тоталитарлық-коммунистік идеологияның үстемдігі және тыйым салған
әркеттеріне қарамастан, 1987 жылы Ғұмар Қарашевты ақтап, халықпен қайта
табыстыруды батыл түрде мәселе етіп көтерді. Атап айтқанда, “Литературная
газетада” ол былай деатап көрсетті: “Қолжазба қорында көптеген эпостық
аңыздар сарыла күтіп жатуда. Жоғары әсері сезімдікпен және көңіл-ой
ашықтығымен ерекшеленетін Шәкәрімнің, Ғ. қарашев және М. Жұмабаевтың
ақындық мұралары осы уақытқа дейін үнсіз өз тағдырын күтіп ақталмады және
азаматтық құқын алмады. Ал осы уақытта басқа ақындар өздерінің жинақтарын,
олардың “сапалы” өлеңдерімен асығыс толтыруда. Алайда, осы уақытқа дейін
кейбір жауапты шенеуніктер, өткен кезеңнің әдеби жетістіктеріне
сенімсіздікпен алдын болжай алмайтын менсінбеушілік танытуда”.
Тек 1989 жылы ғана демократияның әсерінен оның есімі қара тізімнен
сызылған, оған тағылған айыптар жоққа шығарылып халқымен қайта табысты.”2
Тек содан кейін ғана, Ғұмар Қарашев туралы баспасөз беттерінде мақала
көлемінде материалдар беріле бастады. Негізінде бұл мақалалар әдебиетшілер
мен журналистер арқылы басылды және негізінде халықты оның ғұмырлық жолымен
шағын көлемде таныстырды.3
Осы кезеңде Ғұмар қарашевтың атқарған қызметіне, саяси көзқарастарына
аз да болса сәуле түсірген зерттеушілер Р. Жанғожин және С. Созақбаев
болды. Олар кең көлемде жазылған мақалаларына тұңғыш рет оның жаңа деректер
негізінде шығармашылығ зерттеп, пәлсапалық, саяси-құқықтық көзқарастарын
зерттеудің методологиялық негізін қалады.4
1994 жылы әдебиеттанушы ғалым Қ. Сыдиықов “Ғылым” баспасынан “Заман”
деген атпен Ғұмар қарашевтың біршама еңбектері мен өлеңдерін жеке кітап
етіп бастырып шығарды. Бұл жұмыс, қайраткердің мұрасын зерттеушілерге үлкен
көмек болғанын атап кеткен жөн.1
Сол автор өзінің “Халқымен қайта табысқан” деген зерттеулер мен
толғаныстарында, бұрын есімдері аталмаған қайраткерлермен қоса, Ғұмар
Қарашевтың шығармашылығына әдебиет саласының маманы тұрғысынан талдау
жасады. Зерттеуші еңбегінде Ғұмар қарашевты ақын, публицист, ойшыл,
ағартушы ретінде ғана көрсете білді.
1. Ғұмар Қарашевтың қоғамдық-саяси
және құқықтық көзқарастарының
қалыптасуы
1.1. ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың бас кезеңіндегі Қазақстанның
экономикалық, саяси-құқықтық және рухани жағдайы
ХІХ ғасырдың соңы –ХХ ғасырдың бас кезеңіндегі Қазақстанның
экономикалық және әлеуметтік –саяси дамуының өзіне тән ерешеліктері болған
еді. Бұл кезеңінде Қазақстанның барлық аумағы Ресей империясының құрамына
еніп, оның аймақтағы ажырамас бөлігі ретінде танылғандықтан “ішкі отары”1
мәртебесіне ие болды. Осыған байланысты көшпелі қазақ қоғамының ғасырлар
бойы қалыптасқан экономикалық, саяси-құқықтық құрылымы өзерекшеліктерінен
ажырап, капиталистік қатынастардың ықпалын біртіндеп сезе бастағаны анық
байқалды. Орыс көпестері мен буржуазиясы қазақстанды және оның жергілікті
халықтарын ашық тонаудың жемтігіне айналдырды. мысалы көпестер 5 тиын
тұратын құмыраны 80 тиын, сапасыз теріден жасалған киімдерді жарты қойға
сатуда күнделікті өмірдің экономикалық талабына айналдырған.2
Жергілікті халық арасынан шыққан алыпсатарлар мен саудагерлер орыс
буржуазиясының өндірістік тауарларын тарату қызыметімен шұғылданады, үй
өнеркәсібі мен жергілікті қолөнердің дамуына үлкен кері әсерін тигізді.
Олардың нарық пен мыңдаған ұсақ шаруашылықтың арасында алыпсатарлық ролін
атқарулары, жергілікті халықты қанаудың нағыз құралы болды. Сауда
орындарына Ресейден алынған тауарларды таратудың нәтижесінде, жергілікті
қолөнершілердің жасаған бұйымдары мүлдем құнсызданып, олардың
шаруашылықтары құлдырау процесіне жиі ұшырап отырды.3
Қазақстанның экономикалық жағдайының дағдарысқа ұшырауының негізгі
себептерінің бірі – жердің тарылуы болды. Кейбір деректерге жүгінетін
болсақ, Ресей имеприясының жаулап алу саясатының нәтижесінде, 1917 жылға
дейін қазақ халқының 45 миллион десятина шұрайлы жері оның тікелей
пайдалануына тартып алынып4 қазақтар мен орыс офицерлеріне, орыс
мұжықтарына тегін үлестіріп берілді. Патша өкіметінің қазақ жерін тартып
алу саясаты, қазақ халқының экономикалық мүддесін ескермей, іс жүзіне
асырылып отырды. Ата-баба жерлерінен күштеп қуылып көшірілген жергілікті
халық, шөл және шөлейт, тақыр жерлерге ығыстырылуының нәтижесінде, олардың
тұрмыстық жағдайлары нашарлап, жаппай қырылу қаупіне әкеп соқтырды. Ал, жер
аударушылардың құқықтары болса, қазақ халқының мүдделерінен ашық түрде
жоғары қойылды. мысалы, “уақытша ереженің 230-шы параграфы мынандай норманы
бекітті: “Орыс қоныстанушыларына жеңілдіктер беріледі”1.
“Уақытша ереже” қазақ даласында заң жүзінде, орыс қоныстанушыларының
санының өсуіне де тікелей ықпалын тигізді. Кейбір деректерге жүгінетін
болсақ, тек 1896-1910 жылдар аралығында Ресейдің орталығы мен оңтүстігінен,
Қазақстанға 294 мыңнан астам адам көшіп келген болса, ал 1906-1910 жылдары
олардың саны 770 мыңнан асқан.2
Патша өкіметі Қазақстанда жазалау, қуғынға салу саясатын іс жүзіне
асыруда асқан бассыздық пен заңсыздық әрекеттерін танытты. 1891 жылы
наурыздың 25-ші жұлдызында қабылданған ереженің 17-ші бабаы, генерал-
губернаторға “саяси сенімсіз” танытқан адамдарды тергеусіз, соттың
үкімінсіз 5 жылға дейін жер айдап жіберуге құқық берді. Аталмыш норманы
отарлық әкімшілік 1905 – 1907 және 1916 жылдарда пәрменді түрде пайдаланып
отырды. Соның нәтижесінде, демократиялық бағыт ұстап, қазақ халқын отарлық
және ұлттық езгінің тепкісінен арашалауға ат салысқан, жаңа қалыптасып келе
жатқан қазақ зиялылары қуғынға ұшырады. атап айтқанда, Ахмет Байтұрсынов,
Алихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Жақып Ақпаев, Көлбай Тоғысов, Бақытжан
Қаратаев, Жанша Сейдалин, Наурызбай Таласов, Мәмбетәлі сердалин, Барлыбек
Сыртанов, А. Кенжин, Шәймерден Қосшығұлов сияқты көптеген алаш зиялылары
сот үкімінсіз бақылауға алынып, қуғынға ұшырады.3
тіпті, орыс әкімшіліктерінің барлық сатыларындағы шенуніктерді, өз
тарапынан ойына келген тәртіптерді орнатуды іс жүзіне асырып отырды. Қазақ
ұлтының құқымен санаспай, бүкіл халықтың арнамысын таптайтын әркеттерді
заңдастырып, ұлы державалық шовинизмді ашықтан-ашық асқақтатуды саясаттың
ең негізгі өзегі ретінде танып бақты. мысалы, жетісу облысының кейбір уезд
бастықтары, қазақтар – орыс офицерлері мен шенеуніктерін кездестіргенде,
міндетті түрде аттан түсіп, бас киімін шешіп, иілуге міндетті деген
нұсқаулар шығаруға дейін барған. Верный қаласының ресторандары мен көпшілік
орындарының есігінде, немесе маңдайында: “Иттер мен қазақтарға тыйым
салынады” деген жазуларды ілуді дәстүрге айналдырған.
Қазақстанның саяси-құқықтық дамуын зерттеген ғалым Қ.Ә. Жиренчин,
патша өкіметінің Қазақстанға енгізген реформаларына мынандай баға береді:
“әкімшілік реформалар отаршылдық басқару жүйесін жетілдіруде мәжбүрлеу
аппараттарын жаңа тарихи жағдайларға бейімдеуге бағыттаған... жергілікті
әкіимшілік, самодержавиеге толық тәуелді және жалпы мүдделер мен
жеңілдіктіге байланыстылығы бола, қазақстанда оның саясатының жол басшысы
болды. Бірақ, Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық, табиғи жағдайларының
өзіндік ерекшеліктері және елдің саяси орталықтан шалғай орналасуы
жергілікті билік жүргізу әрекеттеріне үкімет тарапының қадағалауынан,
белгілі бір қиындықтар тудырды...
Самодержавиенің дәйектілікпен бекітіліп жатқан Қазақстанды басқару
жүйесі, өлкенің әлеуметтік-экономикалық дамуына кері әсерін тигізді. Зорлық-
зомбылық құралы болғандықтан, қазақстанның экономикалық дамуына қатты кері
әсерін бере отырып, оның қалыптасуына бөгет жасады”.1
Қорыта айтқанда, Ресей империясының саяси-құқықтық әдістері арқылы
қазақ жерін отарлау әрекеті патша өкіметіне жергілікті халықты ұлттық
езгіге салуға, құқықтары мен бостандықтарын аяққа таптауға мүмкіндік беріп,
отаршылдардың ғасырлар бойы қалыптасқан “бөліп ал да, билей бер” қағидасын
іс жүзіне асыру болды.
Міне, Қазақстанның осындай экономикалық, саяси-құқықтық жағдайларында
қайраткер Ғұмар қарашевтың қоғамдық-саяси және құқықтық көзқарастары
қалыптасқан еді.
1.2. Ғұмар Қарашевтың өмірі мен қызметі
Бізге жеткен деректерге қарағанда, Ғұмар Қарашев 1876 жылы қазіргі
Батыс қазақстан облысының Бөкей ордасының Қырқұдық ауылында кедей шаруаның
отбасында дүниеге келген.2 Сол аймаққа сапармен барып, өлкені өз көзімен
көрген орыс зерттеушісі А. Поленов Ғұмар қарашевтың туып өскен өлкесіне,
оның сол кездегі өмір-салты мен тыныс-тіршілігіне мынандай сипаттама
береді: “Самара губерниясында орналасқан азғантай елді мекендер шеараға
жақын орналасқан. қырғыздардың “шектен” жиі өтулеріне мұқтаждық жоқ,
өйткені барлық күнделікті қажеттіліктерін орданың солтүстік бөлігіндегі
Таловка елді мекенінде қанағаттандырады. осы жерден Самара губерниясы Бөкей
ордасының солтүстігімен сауда қатынастары жасалады және барлық іс-
әрекеттері осы таловкаға шоғырланды.
медресені ойдағыдай аяқтаған Ғұмар қарашев ендігі уақытта өзі алған
білімінің негізінде, 1902-1910 жылдары аралығында, Тіленшісай деген жерде
жадитшілік негізінде шәкірттерді оқыту ісін қолына алады. Ол оу процесін
тек қана Құран, иманшарт, әптиек сияқты исламның діни догмаларын оқып
үйренуден басқа оқушыларға қазақша, орысша және татарша оқуды үйретіп,
жағрафия, тарих сияқты ғылымдардан мағлұмат берген. қазақ қайраткерінің
мұндай “жағымсыз” әрекеттеріне жергілікті дін өкілдері қарсы болып “ислам
дінін бұзып, қазақ балаларын орыс қылды” деген айып тағып, байбалам
салады”.1 Молдалардың Ғұмар қарашев туралы қоғамдық пікір туғызғанына
қарамстан, халық оның бастаған ісіне әділ бағасын береді, оқытуды
жалғастыра беруін қалайды. 1921 жылы Ғұмар қаршевтың жаңаша оқу саласында
жасаған реформаторлық әрекеттері туралы М. Тұрғынбай деген қайраткер былай
деп жазды: “Ғұмар бірінші адам қызметінде қазақ елін қате сезім, нашар
әдеттен құтқармақ болды. имам, шайқы соқыр молдалардың жолдары, істері қате
екенін, әулиелік деген сөз, дене азып, жан қиналған соң пайда болған қияли
дерт екенін, осы күндегі мұсылманның ісін пайғамбар заманындағы
мұсылмандыққа жақын келмейтінін сол “Өрнек” кітабында айтып шығады.2
1095-1907 жылдарда Ресейде болған бірінші Орыс төңкерісі Ғұмар
Қаршевтың қоғамдық-саяси көзқарастарына мол әсерін тигізді. патша
өкіметінің барлық аймақтарда еркін ой мен революциялық көзқарастағы
адамдарға қарсы қуғынға салу саясатын жүргізіп жатқан әрекеттері, оның
монархиялық режимге деген наразылығын күшейте түседі. Бұл туралы 1932 жылы
тұңғыш рет Сәбит Мұқанов былай деп жазды: “1905 жылы Омардың пікіріне үлкен
өзгеріс туады. Бұл өзгеріске себеп, 1905 жылы болатын төңкеріс. Бұл
төңкерістен Омар хабардар болады. Өйткені, ишан болғанымен, Омар
құлшылықтан басқаны білмейтін ишан болмайды. Ол арабтың, түріктің газет-
журналдарын оқумен қатар, татар тілінде шығатын “Уақыт”, “Тәржіман”
ұрандарына ол осы газеттер арқылы түсінеді...3
1905-1907 жылдар аралығында төңкерістік қозғалыстардың Ғұмар
қаршевтың саяси қайраткер ретінде қалыптасуына тигізген ықпалы туралы,
ағылшын зерттеушісі Томас Виннер 1958 жылы жарық көрген “Орта Азия
әдебиеті” деген еңбегінде де жақсы баяндайды. Атап айтқанда, ол былай деп
жазды: “1905 жылғы саяси толқулар оның өмірге деген көзқарастарын түбегейлі
өзгертіп, ол орыс төңкерісшілерінің мұрат мақсатына еліктеп, ел арасында
насихат жұмысын жүргізе бастады.
Кейінірек Ғұмар қараш бар күш-қуатын поэзияға арнап, еңбектері қазан,
Уфа және т.б. үлкен қалалардағы татар газеттерінде жарық көре бастады. Оның
поэзиясы Сұлтанмахмұт Торайғырдың поэзиясы сияқты – саяси және әлеуметтік
мазмұнға толы”.1
1911-1913 жылдарда Ғұмар Қарашев Е. Бұйрын, Б. Қаратаев, Ш. Төкеев,
С. Меңдешев, М, Шомбалов сияқты озық-ойлы қазақ зиялыларымен бірге
жалпыұлттық, демократиялық және ағартушылық-реформаторлық, ал кейбір
тұстарымен төңкерістік бағыт танытқан “Қазақстан” қазетін шығаруды қолға
алады. Газеттің ресми редакторы, қайрткер Елеусін Бұйрын болмағанымен,
Ғұмар Қарашев қазақша басылатын материалдарды сараптаушы болғанын және оған
басшылық жасағанын аңғарамыз. Олай дейтін себебіміз: біріншіден “Қазақстан”
газетінің тұңғыш санынан бастап, бұл басылым тоқтағанға дейінгі сандарының
бәрінен де Ғұмар қарашевтың жазған басмақалалары, публицистика, өлең,
әңгіме очерк, сықақ әңгімелері өз атымен ғана емес, көбі “Оразақай”,
“Қазақ”, “Қазақаев”, сияқты лақап аттармен беріліп отырған.
Екіншіден, Орда қаласында 1911 жылы мамырдың 27-ші жұлдызында
“Қазақстан” газетінің 2-ші номері шыққанда, әуелі басмақаладан бұрын
басылған Қазақстанның 2 нөмері кешігіп шықты. шығарушылардың не халде
болғаны... өздеріне аяң. Қайғылы күндердің, ұйқысыз түндердің талайы бастан
көшті. Алдарында тар жерлер, тайғақ кешулер жатыр. Алайда шығарушылардың
келешектегі қиындықтарға қашуға жатыр. Алайда шығарушылардың келешектегі
қиындықтардан қашуға ойлары жоқ”,2 деп жариялаған. Осының өзінен-ақ Елеусін
Бұйрынның “Қазақстан” газетінің редакторы да, шығарушысы да жалғыз өзі
болмағынан анық байқатады. Үшіншіден, 1911 жылдың жаз айларында “Қазақстан”
газетін шығарып тұрған “Чайная типография А.Н. Щелковой” баспаханасының
түрлі құрал-жабдықтары жеткілікті болмағандықтан, бұл газет шықпай тоқтап
қалады. Газеттің шығуына қажетті құралдарды іздеп табу және әкелу үшін,
Ғұмар Қарашев пен Елеусін Бұйрын екеуі ұзақ сапар шегіп, тіпті Баку
қаласына дейін барады. Ғұмар Қарашев бұл шаһарда өзіне бұрыннан жақсы таныс
отставкадағы генерал Зейнелғабиден Тафиевтен “Қазақстан” газетін көмек
көрсетуді өтінеді, ол 1000 рубль ақша береді. Осы бакуге барған сапары
туралы Ғұмар қаршев “Баку” атты очеркінде былай деп жазды: “Былтыр, 1911
жылы, зауза жұлдызының бас күнінде “Қазақстан” газетін атқа мінгізіп, адам
ету қайғысында, адамдар арасында етілген бір қаулы бойынша, баку қаласында
болған елден екеу шықтық... Еріккен екі тентек елден шығып кетті” деушілер
көп болса да шын көңілдермен:
“Қайырлы сапарлары болып, жеңіл барып, ауыр қайтқай”1 – деп те
тілеген адамдардың болғанын атап көрсетеді. Е. Бұйрынның әйелі Ұмсын былай
деп естелік айтқан: “Елеусін мен Ғұмар да ақылдарынан адасты, орысша оқимыз
деп дінді бұзды,” – деп біздерге айтқанда, надандығымызбен газеттің мән
жайын түсінбегендіктен, өз басым талай жанжал жасадым. Өйткені мекен жайын
жазып, жазушыларға жіберетін газетті баспаханадан поштаға апарып тапсыратын
мен едім. Елекеңе бір күні тиіскенімде: “Осы өзің газет-газет деп үйдің,
жан ұяның қамын ойлауды қойдың. Бізді борыш басып кетті. Бұлай үй-ішінің
қамын ойламайтын болсақ, не үшін әйел алдың? Мені әуреге салмай өзіңмен
өзің сыбай-салтан жүрмейсің бе?” – дегенім әлі есімде. Елеусін маған күліп,
жан-жағына қарап тұрып: “Жігіттер, надан әйел алмаңыздар, надан әйел
жансерік бола алмайды екен. Халыңтың мұңынан, мүддесінен өзінің ішіп-жеп,
киіп көлбектенгенін артық санайды”, - деп артын қалжыңмен аяқтады.2 Бұл
мәлімет те, Елеусін Бұйрын мен Ғұмар Қарашев “Қазақстан” газетін шығаруда
бірдей қызмет атқарғанын анық байқатты.
Ғұмар Қарашев “Қазақстан” газетінің бірінші санында, баспасөздің
ағартушылықты дамытуда, ұлт санасын тереңдетуге атқаратын роліне ерекше
тоқталып, “Газет деген не зат?” деген мақаласында: “Қазақ халқына... басшы
табылар ма? бірен-саран болған-білген басшы адамдар шыға қалса да, ол
әркіммен бірге жүре алмайды. Енді қалай етпек керек?” – деп халыққа ой сала
келе, қоғамдық өмірдің тамырының соғуына баға беруінен басқа, халықтардың
тыныс-тіршілігінен хабардар болуға шақырады. “Дүниеде адам баласын бірінен-
бірін үйренуге қой; бізге керек былайғы, өзіміөзен ілгері халықтарға көз
жіберіп, солардың үлгі алуға. Оларда бүгін емес, көптен-көп жылдардан бері
газет басылып, елдердің арасына тегіс шашылып оқып, жақсы менен жаманды
айырып, түзу бағытқа жөн тарту басталған. Ақыл иесі адамдардың бір ауыз
сөзі, екі-үш күнде елінің басынан аяғына оралып, тыңдалып болады. Пайдалы
істі ынтымақпен істей қойысады. Зарарлы істің зарарын күн ілгері біліп,
сақтанысады. бізде олай емес, елдің бір шетінде бүлікшілік болып, жау орнап
жатса, екінші бетінде одан хабары жоқ, ойын – күлкіменен өмірлерін өткізіп
жатады,3 – деп Ғұмар Қарашев болашақ бірлік, тәуелсіздік үшін, өнері мен
ғылымы дамыған өркениетті елдердің саяси, мәдени, құқықтық даму
тәжірибелерінен сабақ алып. көшпелі өмірге де газет арқылы жаңалық ендіруді
үлкен саяси мәселе деңгейіне көтереді, оған зор үміт артады. “Қайғыны,
шаттықты бірге, ортақ көрмеген соң, - деп жалғастырады Ғұмар Қарашев өз
ойларын, - бізде ынтымақ жоқ, ынтымақ болмаған соң күш-қуат та жоқ. Бізді
бір ниет, бір тілекке жиятұғын зат – газет! Со себепті газет біздің
басшымыз! Газет біздің достар алдында – көркіміз! Дұшпандарға қарсы
құралымыз! Газет біздің білмегенімізді көрсететін - ұстазымыз! Газет біздің
қараңғыда жарық беріп, тура жолға салатын шам-шырағымыз! біз қазақ
балаларына бұның қадірін біліп, ортамызда жанған бір шамның сөнбеуіне
тілекші болу – аз ақшаны аямай жазылып алып, оқу парыз”1.
1913 жылы Ғұмар Қарашев Ахмет Байтұрсыновтың басшылық етуімен
шығарған “Қазақ” газетін аса қуанышпен қабылдап, оның қазақ халқының ұлттық
санасының оянуына және саяси мәселелерді бағалауда орасан зор роль
атқаратынына сеніммен қарап, бұл басылымның бүкіл қазақ жұртына идеология
болатынына ерекше ілтипат білдіреді. Осы мазмұндағы саяси көзқарасын ол
“Сүйінші” деп аталатын өлеңінде білдіріп, былайша баяндайды:
Көңіл мерген, жүрек сұм,-
Бір жақсылық біліп тұр.
Ақшыл тісі ақсиып,
Келген жерден күліп тұр.
Киіз ойлы қазаққа –
“Қазақ” атты ұл туды.
Сүйінші қазақ, сүйінші!
Ием тірек беріп тұр.
Ием берсе кем бермес –
Кем беруді жол көрмес.
Мол бермесе ұл бермес,
Жүрек сезіп, сеніп тұр.
Өмір-бауын берік етіп,
Ел ұлтына көрік етіп,
Мұрадан “нампе” “ерік” етіп –
Берер кезі келіп тұр.
Тарыққанда тапқаның,
Зарыққанда татқаның,
Аспандағы айқын нұр,
Алабыңа еніп тұр.
Алатау мен Ыстық көл.
Сарыарқа мынау жазық шөл,
Еділ, Жайық арасы
Аралап хабар беріп тұр.
Ұран салып, үй тігіп,
Бас қосуға шақырып,
Болашақ кеше болғанда,
Құлағын салып, түріп тұр.
“Қазақ” атты ұл туды,
Түндік ашты күн туды.
Сүйінші қазақ, сүйінші,
Міне көзің көріп тұр.1
Ізденіс барысында біз Семей губерниялық революциялық комитеті шығып
тұрған газеттен, оның 1917 жылдарда Уфа қаласында діни қызмет атқарғанын
аңғарамыз, сол газетте мынадай мәлімет бар: “Ғұмар 17-ші жылда Уфадағы
муфтидің бір қазысы болып тұрды. жалшы қазақ тобына Ғұмар баяндама жасап,
дін мекемесі қазаққа айрықша көрілуіне лайықтауы; Сол жалпы қазақ тобынан
кейін Уфадан өз еліне қайтты”.2
Ғұмар Қарашев 1917 жылғы ақпан төңкерісін жылы шыраймен қабылдап, ақ
патшаның тақтан құлағанын барлық қазақ зиялылары сияқты қуанышпен қарсы
алады. Демократия, ұлттық ояну, бостандық, теңдік идеясы – отар болып
келген қазақстанды азаттық жолына толық шығаруына сеніммен қарады.
дегенімен де Ғұмар қарашев, “осы аралықта пайда болған қос өкіметтің
саясатын жете түсінбейді. қазақ қоғамының барлық озық-ойлы азаматтары Ахмет
Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Әлихан Бөкейханов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек
Аймауытов сияқты ірі тұлғаларды “Алаш” туының астына бірігуін қолдайды”.3
ІІ тарау. Ғұмар қарашевтың құқықтық көзқарастары
2.1. Әйел құқы және бостандығы хақындағы ойлары
Ғұмар қарашевтың саяси-құқықтық көзқарастарында әйел құқы, әйел
бостандығы ерекше күн тәртібінде тұрған көкейтесті мәселе ретінде көрініс
береді. Оның пікірінше, әйел құқы аяққа тапталған қоғамда, мемлекетте,
жалпы саяси бостандықтың болуы мүмкін емес. Сондықтан бұ мәселені шешепеген
мемлекет өзін өркениеттік дәрежедегі қоғам деп санауды ешбір өлшемге
симайды. “Тумыш” жинағында ол, қазақ қоғамындағы әйел құқының,
бостандығының жалпы әлеуметтік тұрмыста алатын ролі хақында былай деп ашына
жырлайды:
Кебір жан санға әйелді есептемес,
Хақы бар нендей үлкен оны білмес.
Атына ашуланса қатын соғар,
Бейне бір оны күңнен артық көрмес.
Жұмсайды отқа, суға, күл-көмітке,
Үстіне оңды киім алып бермес.
“Киім әпер, үстім тозды” деп айтарға,
Қорқады оның соңы бір төбелес.
Бұлайша әйел алып ғұмыр сүру
Айуандық, адамға лайық емес.
Білмеген қолындағы гауһар қадірін
Одағы бір айуан жөнге жүрмес
Ері - қанат, әйел құйрық, бірігісіп,
Күнелту жөн дегенім бұл бір кеңес.
Күнелту жөн болған соң бірігісіп,
Қалайша лайық болар күнде егес?!
Күнелтсе екі зайып фақрана
Сын тағып һешкім де оны жөнсіз демес.1
Ойшылдың мұндай пікірлері, Айбайдың қазақ қоғамындағы әйелдің орны
мен ролі туралы айтылған көптеген ой-толғамдарымен үндес. Салыстырмалы
дәреже негізінде талдау жасап қарасақ, Ғұмар қарашевқа абайдың әйел құқын
қорғау идеясы үлкен әсер еткені анық байқалады. Абай бір өлеңінде былай
жазады:
Кәрі, жас дәурені өзге тату емес,
Епке көнер ет жүрек сату емес.
Кімде-кім үлкен болса екі мүшелі,
Мал беріп, алғанымен, қатын емес.
Есерлер жас қатынды тұтады екен,
Жас қайғысын білдірмей жұтады екен.
Ортасында бұлардың махаббат жоқ,
Тұсап қойып қашырар бұқа ма екен?
Бай қартайса, малына берер шылбыр,
мал өмірді жаңғыртпас, құдай ұрғыр.
Біреудің қызын алып малға сатып,
Баяғыны іздеген қандай құрғыр?
қатыным, қалай демес ақсақал бай,
Сонымен дос болып жүр апырым-ай!
Қу қатының майысса, мәз боласың,
Шайтанның шәкіртінің қылығын-ай!
Кінәсіз бәйбішемен болады араз,
жастың көңілі жылымас, ол өзіне аз,
Біреуі – көк балдырған, бірі - қурай,
Бір жерге қосыла ма қыс пенен жаз.
Үнем болмас құйрықты бұлаңдатқан,
Сауырсына шапақтап, сүйреп жатқан.
Екі көңіл арасы – жылшылық жер,
Оны қайтып қосады ол антатқан?1
Ғұмар Қарашев өзінің діни білім алғанына қарамастан, қазақ халқының
арасында кең тараған және ұлттың намысын қорлайтын, әйел құқын аяққа
таптайтын әдеттік құқықтың көп әйел алушылық институтына қарсылық
көзқарасын білдіреді. Ел арасында көп әйел алушылық тыйылмай, оның ойынша
қазақ халқы Европа мәдениетіне көтеріле алмайды, өркениеттік жолға түсуі де
екі талай. Осы мағынадағы ойларын ол былайша сездіреді: “Төрт қатынды бір
жолы алып, екіншісін жіберіп отырған хазіретті көріп, біліп пе едіңіз?
Өйткені, олардың ұялатын, қысылып-қымтырылатын шамасы жоқ...”.2 осылай дей
келе, Ғұмар Қарашев көп әйел алушылық институтының жетім балалардың
көбеюіне әкеп соқтыратынына аянышты көзбен қарайды. тіпті, бұл
көріністердің саяси мәні бар екеніне тоқталады. ол өзінің “Әйелдер хақында”
деген еңбегінде осы мәселелерге нақтылы тоқталып, ой-тұжырымдарын былайша
сездіреді: “Қазіргі уақытта ауқатты адамдар көп әйел алады. Егде тартқан
шағында халі келмей, бір-бірін басқара алмайды. Сүйтіп, бала-шаға иесіз
қалады. Құранда рухани һәм материалдық жағынан мүмкіндігі болғанда ғана көп
әйел алуға болады дейді. Әйтпесе, бала-шаға мен әйелдердің обалына қалады...
тас жүректерді де ерітетін, рахымсыз көздерге жас келтіретін қайғылы
халдердің бәріне де, біз Русия мұсылмандарының қатын-қыз әлемінде ұшырадық.
Аянышты оқиғалар әр кісіге де белгілі. Бұл жөнінде көп жазылды. сол
халдерді жазушылардың қаламынан әйелдердің көз жасы сорғалағандай. бұл
жайларға газет, журнал беттерінде де кең орын берілді. Аш, жалаңаш жетім-
жесірлердің аһ ұрған зарлары ақын, жазушылардың қаламына ілікпей қалған
жоқ”.1
Осыған қоса, Ғұмар Қарашев көп әйел алушылықтың қоғамға жағымсыз әсер
беріп, ұрпақ тәрбиелеуге орасан зор нұқсан келтіретінін дәлелдеп, Европа
мәдениетінде қалыптасқан адал ниетпен, махаббатпен қосылып, моногамиялық
некенің адалдық негізде қалыптасуына көксейді. “Аға тұлпар” жинағында былай
деп жазды:
Біздің елдің байлары
Қатын жию баққаны.
Екеу жетпей, үшті алар.
Басқа елде адамдық
Адалдық етпек жұртына.2
Тағы бір айта кететін мәселе, жас қыздарды олардың келісімінсіз малға
сату. Ғұмар қарашев бұл мәселені де әйел құқын қорлау деп санап, онымен
күресуге шақырады. шын мәнінде 13-15 жастағы қыздарды қалың малға 70-80
жастағы шалдарға беру, қазақ қоғамының ең жағымсыз, дөрекі жақтарын
айқындап көрсеткендік еді. Себебі, қайсібір қоғамды алып қарасақ,
өркениеттің деңгейі әйелге деген көзқараспен бағаланатын хақ. Соны ескерген
Ғұмар Қарашев былайша өз ойын білдіреді:
Болыстықтың жолына
Жүздеп, мыңдап шашылып,
Жылай кеткен мал құрсын.
Бұған жалғас алпыста
Он бес жасар қыз алып,
Сорға шыққан шал құрсын.3
Ғұмар Қарашев, қазақтың әдеттік құқықтық әйел затын аяққа тапталуының
негізгі себептеріне көңіл аударады. Ғасырлар бойы қалыптасып, құқық
нормаларына айналған әмеңгерлік, көп әйелалушылық, қалың малға қызды сату
сияқты институттарды бір күнде жою әрине мүмкін емес еді. Сонымен қатар,
әдеттік құқық салары ХХ ғасырдың басында, Ресей империясының жасаған
құқықтық реформаларымен шиеленіске түсіп, заңсыздық пен бассыздық орнауымен
әйел құқық одан әрі таптауына жол ашқан еді. Мұндай жағымсыз көріністерді
көптеген қазақ зиялылары дер кезінде байқап, өз пікірлерін ортаға салды.
Мысалы: “Айқап” журанлының төңірегінде топтасқан жанша Сейдаллин, Бақытжан
Қаратаев, Серәлі Лапин, Досым Аманшин сияқты қайрткерлер осындай құқықтық
ваккум мен дағдарыстан шығу үшін, қазақ қоғамына “әдеттік-құқықтық жүйенің
орнына тез арада шариғат нормаларын енгізуді өмір талабы ретінде таныды.
Ондағы басты мақсат-қазақ халының жаңа кезеңде, өзінің гумманистік,
қауымдық, әдеттілік сияқты дәрежелерінен айырылып жағымсыз қасиеттердің
(пара алу, өтірік айту арқылы кінәсіз адамды орыс ұлықтарына ұстап беру,
партияға бөліну, халық арасынан суырылып шыққан билердің беделін түсіру,
шен, атақ үшін ұлт мүддесін сату т.б.) кең өріс жая бастағанына тосқауыл
болатын, қоғамдық сананы, ұлтты біріктіріп, бір тудың астына топтастыратын,
демек трайбализмді тежеп, әрі халыққа идеология болатын шариғатқа бас ұру
болды”.1
Ойшыл өзінің әйел құқын қорғау туралы көтерген пікірлерінде, білім
саласында да теңдік болуын жақтайды. Өркениеттік мемлекеттерде еркек пен
әйелдің тең дәрежеде білім алуы нағыз демократиялық сипаттың белгісі. білім
алмаған әйел надандық санатында қалып қойып, ұрпақ тәрбиелеу ісіне өлшеусіз
нұқсан келетінін дәлелдейді:
Ол елдің әйелі де надан емес,
һәр заттың оқуымен жөнін көрген.
Білуге өнері артық болғаннан соң,
Дүниеда рахаттылықпен ғұмыр сүрген.
“Оқыту қыз баланы сиымсыз” деп,
Ер болсын, әйел болсын, білім білсін,
Жолды не бұ заманда олар білген.
Қай елдің ұлы-қызы болса надан,
Сол елдің ырысы қайтып, бағы сөнген.
Надандық қайыры жоқ о бір кесір,
Бұ сөзге мойын қояр, бойын ұсынар,
Ақтарып тарихтың жүзін көрген.1
Қорыта айтқанда, Ғұмар қарашев қазақстанның саяси-құқықтық ой-
пікірінде әйел құқық, бостандығы және оның теңдігі туралы құнды пікірлер
айтып, қазақ әйелінің аянышты халінің нағыз жанашыры ретінде көрінді. Оның
әйел құқы қорғаудың нағыз кепілдігі болатын, неке туралы заң кодексін
қабылдау идеясы қазіргі тәуелсіз қазақстан Республикасында іс жүзіне асуда,
ал Конституциямызда әйелдің саяси, әлеуметтік, экономикалық салаларда тең
құқықлық дәреже мәртебесіне ие болуы нақтылы нормалармен бекітілген.
2.2. Дін және шариғат заңдарына көзқарастары
Ғұмар Қарашев арнайы, жоғарғы дәрежеде діни білім алған қайраткер.
Осыған байланысты, оның саяси-құқықтық көзқарастарында дін және шариғат
заңдары ерекше орын алған. бір ерекшілік: Ғұмар қарашевтың қоғамды
өзгертуге бағытталған идеялары діни қағидаларымен және шариғат
заңдарының: адамгершілік, гуманизм, қамқорлық, сүйіспеншілік, пендеге
қиянат жасамау сияқты қағидаларына негізделген негіздеген және оның барлың
қимыл-әрекеті сол қасиетті ұғымдарды насихаттау ісіне бағытталған. Оның
пікірінше, қазақ қоғамына шариғат заңдарын сіңіру, орнықтау арқылы көшпелі
халықты имандылыққа балауға болады. Бұл жерде, Ғұмар қарашев қазақ халқының
кейбір жағымсыз, шаманизмнің талаптарына ой-санасы маталған еліне шариғат
заңдарын енгізу тиімді нәтиже беретінін тілге тиек етіп, былай деп атап
көрсетті: “Қайдағы бір ескі ырым-сырымға сыйыеып, дін жасау лайықсыз.
Қайталап айтамын, ақиқат дін еш адамның жебеп-желеуіне мұқтаж емес, ал
діннің өзі адамдарды дұрыс сақтай алады, дұрыс жолға бағыштайды, дәлелдеген
шындық. Құранды осылай айтылған.”2
Қазақ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz