Адвокатураның құқық қорғау қызметі



I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім:

1.Адвокатура ұғымы және міндеттері. Адвокатураның ұйымдық құрылуы.

2.Адвокаттар көрсететін заң көмегінің түрлері.

3.Адвокаттың құқықтары мен міндеттері.

4.Адвокаттық қызметті ұйымдастыру.

III.Қорытынды бөлім

IV.Паидаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасының 1995 жылы қабылданған Конституциясында жарияланған әрбiр азаматтың бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Осыған орай 1997 жылы 5 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының адвокаттық қызметi туралы» Заңы қабылданды. Бұл заңның негiзгi мақсаты адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және бiлiктi заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етiлген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған. Адвокатура қылмыстық iстер бойынша, әкiмшiлiк басқа да iстер бойынша өкiлдiк ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мен iске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегiнiң өзге де түрлерiн көрсету жөнiндегi адвокаттардың қызметiн ұйымдастырады.
Қазақстан мемлекетi өз азаматтарының белгiлi бiр iс әрекетiнiң заң жүзiндегi мүмкiндiктерiн таниды және оларға кепiлдiк бередi. Адам мен азамат құқығы – Қазақстан Республикасы Конституциясының iргелi категориясы, ол адамды қазақстандық қоғамның ең жоғарғы құндылығы ретiнде орнықтырады.
Қазақстан азаматтары өз құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтiн әдiстермен қорғауға құқығы бар. Қазақстан азаматтары ғана емес, сонымен қатар, Қазақстан аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ басқа елдiң азаматтығы бар шетелдер Қазақстан аумағында құқықтары мен бостандықтарына қысым жасалған болса, олар өз құқықтары мен бостандықтарын қорғауды сұрай алады.
Адвокат – қорғаушы қызметтiң өзiне тән стилi мен шеберлiгiн меңгерген маман болып қалыптасқан адам. Мұның өзi жұмыс сапасына, қызмет тактикасына, қорғауды тиiмдi жүргiзуiне әсер етедi.
Адвокаттың қылмыстық iске қатысуын курстық бiтiру жұмысымның тақырыбы етiп алуымның себебi, қылмыстық iс жүргiзуге заңи көмек беруге араласушы адвокат-қорғаушы үшiн заңи көмек беру еңбек қызметiнiң негiзгi түрi, кәсiбi.
Қазiргi кезеңде заң мен қоғам адвокат – қорғаушыдан жай заң көмегiн көрсетудi ғана емес, қылмыстық iс бойынша қорғаудың нәтижелiлiгiн талап етедi
Адвокатураның негізгі ұйымдық-құқықтық нысаны – адвокаттар алқасы – білікті заңгерлердің кәсіби ұйымы. Оның міндеті жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету , құқықтар мен заңды мүдделерді , заңдылықты сақтау мен нығайтуға , сондай-ақ заңдарда көзделген кейбір өзге міндеттерді атқаруға жәрдемдесу болып табылады.
Адвокаттар алқасы адвокатураның шынайы өзін-өзі басқаруын, адвокаттардың кәсіби шеберлігін , олардың құқықтық және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге көмектеседі.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.

2. «Адвокаттық қызмет туралы» ҚР-ның Заңы

3. ҚР-ның Қылмыстық іс жүргізу кодексі.

4. ҚР-ның Азаматтық іс жүргізу кодексі

5. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім).

6. 1999 жылғы 1 шілдедегі №409-I Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім).

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Заң факультеті

Тақырыбы: Адвокатураның құқық қорғау қызметі.

Орындаған: Ералиев Д.Е.
401 топ
Тексерген: Алимкулов Е.Т.

Алматы 2011

Жоспар:

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім:

1.Адвокатура ұғымы және міндеттері. Адвокатураның ұйымдық
құрылуы.

2.Адвокаттар көрсететін заң көмегінің түрлері.

3.Адвокаттың құқықтары мен міндеттері.

4.Адвокаттық қызметті ұйымдастыру.

III.Қорытынды бөлім

IV.Паидаланылған әдебиеттер

I.Кіріспе

Қазақстан Республикасының 1995 жылы қабылданған Конституциясында
жарияланған әрбiр азаматтың бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Осыған
орай 1997 жылы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасының адвокаттық қызметi
туралы Заңы қабылданды. Бұл заңның негiзгi мақсаты адамның өз құқықтарын,
бостандықтарын сотта қорғауға және бiлiктi заң көмегiн алуға мемлекет
кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды
етiлген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған. Адвокатура қылмыстық
iстер бойынша, әкiмшiлiк басқа да iстер бойынша өкiлдiк ету, сондай-ақ
азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мен iске
асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегiнiң өзге де түрлерiн көрсету
жөнiндегi адвокаттардың қызметiн ұйымдастырады.
Қазақстан мемлекетi өз азаматтарының белгiлi бiр iс әрекетiнiң заң
жүзiндегi мүмкiндiктерiн таниды және оларға кепiлдiк бередi. Адам мен
азамат құқығы – Қазақстан Республикасы Конституциясының iргелi категориясы,
ол адамды қазақстандық қоғамның ең жоғарғы құндылығы ретiнде орнықтырады.
Қазақстан азаматтары өз құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы
келмейтiн әдiстермен қорғауға құқығы бар. Қазақстан азаматтары ғана емес,
сонымен қатар, Қазақстан аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамдар, сондай-
ақ басқа елдiң азаматтығы бар шетелдер Қазақстан аумағында құқықтары мен
бостандықтарына қысым жасалған болса, олар өз құқықтары мен бостандықтарын
қорғауды сұрай алады.
Адвокат – қорғаушы қызметтiң өзiне тән стилi мен шеберлiгiн меңгерген
маман болып қалыптасқан адам. Мұның өзi жұмыс сапасына, қызмет тактикасына,
қорғауды тиiмдi жүргiзуiне әсер етедi.
Адвокаттың қылмыстық iске қатысуын курстық бiтiру жұмысымның тақырыбы
етiп алуымның себебi, қылмыстық iс жүргiзуге заңи көмек беруге араласушы
адвокат-қорғаушы үшiн заңи көмек беру еңбек қызметiнiң негiзгi түрi,
кәсiбi.
Қазiргi кезеңде заң мен қоғам адвокат – қорғаушыдан жай заң көмегiн
көрсетудi ғана емес, қылмыстық iс бойынша қорғаудың нәтижелiлiгiн талап
етедi
Адвокатураның негізгі ұйымдық-құқықтық нысаны – адвокаттар алқасы –
білікті заңгерлердің кәсіби ұйымы. Оның міндеті жеке және заңды тұлғаларға
заң көмегін көрсету , құқықтар мен заңды мүдделерді , заңдылықты сақтау мен
нығайтуға , сондай-ақ заңдарда көзделген кейбір өзге міндеттерді атқаруға
жәрдемдесу болып табылады.
Адвокаттар алқасы адвокатураның шынайы өзін-өзі басқаруын,
адвокаттардың кәсіби шеберлігін , олардың құқықтық және әлеуметтік
қорғалуын қамтамасыз етуге көмектеседі. Жеке адамның құқығын қандайда бір
қол сұғушылықтан қорғау, заңдылық үшін күрес және сот төрелігіне көмектесу-
двокаттық қызметке үлкен саяси-әлеуметтік маңыз береді.
Адвокатураның өзіне жүктелген мақсаттар мен міндеттерді қаншалықты
тиімді атқаратындығы белгілі бір дәрежеде әрбір азаматтың ғана емес, сондай-
ақ жалпы қоғамның құқықтық қорғалу дәрежесіне де байланысты.Қазақстан
Республикасындағы адвакатура адамның өз құқықтарын,бостандықтарын сотта
қорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және
Қазақстан Республикасының Конститутсиясымен баянды етілген құқығын жүзеге
асыруға жәрдемдесуге арналған.
Адвакатура қылмыстық істер бойынша қорғау, азаматтық, әкімшілік,
қылмыстық және басқа да істер бойынша өкілдік ету, сондай-ақ азаматтардың
құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мен іске асыруға
жәрдемдесу мақсатында заң көмегінің өзге де түрлерін көрсету жөніндегі
адвокаттардың қызметін ұйымдастырады.
Адвокаттық қызмет шеңберінде адвокаттар көрсететін заң көмегі
кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды.

II.Негізгі бөлім

1.Адвокатура ұғымы және міндеттері. Адвокатураның ұйымдық құрылуы.
Шетел терминдерінің қазіргі сөздігінде “Адвакатура” термині 1. ұйымды
адвакаттар алқасын, немесе 2.адвокат қызметін білдіреді.Заңи әдебетте және
қолданыстағы заңнамада адвакатураның нақты анықтамасы жоқ. Адвакатураның
негізгі ұйымдық құқықтық нысаны нақ осы адвакаттар арқасы болып табылады.
Және сондықтан “Адвокаттық қызмет туралы ” Қ.Р. заңында адвокаттар
алқасының адвокаттарының түбегейлі ұйымы екендігі айтылған.Алайда бұл
адвокатураның Қ.Р. Адвокаттар одағы,Адвокаттар халықаралық одағы Қазақ
филиялы сияқты өзгеде нысандарының бар екендігін жоққа шығармайды. Ал
болашақта белгілі бір міндеттер мен мақсаттарды алдына қоятын басқада
адвокаттар бірлестігі құрылуы мүмкін. Адвокаттар алқасы заңды және жеке
тұлғаларға білікті заң көмегін көрсету,адвокаттардың құқықтары мен заңды
мүдделерін білдіру және қорғау үшін, жоғарыда аталған Заңда белгіленген
өзге де білдіру міндеттерді атқарау үшін құрылған адвокаттардың комерциялық
емес,тәуелсіз,кәсіби,өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйым
болып табылады.Заңда адвокаттар алқасы қоғамдық ұйым ретінде аталмаған.
Алайда оның нақ осы қоғамдық үйымға тән белгілері бар. Бұл:
1.кәсіби ұйымды құрған тұлғалардың теңдігіне негізделген,тиісті
ретпен ресімденген мүшеліктің болуы. Адвокаттар алқасы жоғарғы заң білімі
бар және біліктілік емтиханын тапсырған және адвокаттық қызмет жүргізу
құқығына лицензия алған ҚР азаматтары қатарынан құрылады. Алқаға ерікті
мүшелік туралы пайымдау біршама даулы пікірді туғызады. Бір жағынан,алқа
құрамына ешкім зорлықпен қабылданбайды, Екінші жағынан-онда адвокаттар
алкасын таңдау құқықғы жоқ.Өткені облыс аумағында бір ғана алқа жұмыс
істейді. Алайда істің мәні басқада –қолданыстағы заң бойынша алқа мүшесі
болмай адвокаттық қызметпен шұғылдануға тиым салынады.Алқа мүшелігіне
қабылдау және одан шығаруды сайланбалы алқа органы –адвокаттар алқасының
төралқасы жүргізеді. Әрбір адвокат алқаның толық мүшесі және “Адвокаттық
қызметі туралы”Заңның 14-15 баптарында қарастырылған құқықтары мен
міндеттемелердің жиынтығына ие болады.
2.Қоғамдық ұйым мүшелерінің оның мүліктік негізін жасауға
материалдық қатысу тек кіру және мүшелік жарына түрінде ғана жүргізілмейді.
Адвокатурада ұйымның мүліктік негізін құруға арналған қаражат, өз
қорларынан заң консультацияларын аударған сома және адвокат кеңселері
азаматтар мен ұйымдарға заң көмегін көрсеткен үшін алған төлемнен құрылады.
3.Алқа мүшелерінің өз ұйымының ісін басқаруға, алқа бас
орғандарын сайлауға, оның басшысы органдарының қызметін бақылауға қатысуын-
осының барлығы тәуелсіз және өзін-өзі басқаратын қоғамдық ұйым ретінде осы
құқықтық институттың ерекшелігін көрсетеді. Қазақстан заңнамасында
ассоциация нысанындағы мекеме,қоғамдық бірлестік.акционерлік қоғам, қор
заңды тұлғалар бірлестігі сияқты комерциялық емес,ұйымның осындай
нысандарына және заңнама актілерінде қарастырылған өзге де нысандардың
қызметіне рұқсат етіледі.Қолданыстағы заңнама комерциялық емес ұйымның
басқа да ұйымдық-құқықтық нысанында құрыла алатындығын анықтайды.Бұл
нысанға адвокаттар алқасы,аудиторлар алқасы,пәтер иелерінің коперативтігі
және өзге де комнрциялық емс ұйымдар жатады.”Қоғамдық бірлестіктер туралы
”ҚР. заңына сәкес ҚР. қоғамдық бірлестіктер болып саяси партиялар,кәсіптік
одақтар және өздері қойған мақсаттарға жету үшін ерікті негізде
құрылған,қолданылымдағы заңнамаға қайшы емес,азаматтардың өзге де
бірлестіктері танылады.Бұл маңызды принципті қағида.Осы көзқарастардың
болуына Алматы қалалық сотының конституциылық кеңесте”Адвокаттық қызмет
турлаы” Заңның 20 бабы 3 тармағы екінші абзацының конституциялық еместігін
мойындау туралы тапсырған ұсынымды айғақ болады.Алайда Конституциялық кеңес
мыналар арқылы тапсырылған өтінішпен келіскен жоқ:
1.адвокаттар алқасына мүшелік міндетті болып табылады, оның үстіне
адвокаттар қызметі лицензияландыруға жатады.
2.Мемлекет адвокаттар алқасының мүшелеріне ҚР ҚІЖК-де қарастырылған
жағдайда қылмыстық процеске қатысуды, істердің кейбір санаты бойынша тегін
заң көмегін көрсетуді жіктейді.
3.Құрамдық бірлестіктерге қарағанда адвокаттар алқасында жеке және
заңды тұлғалар да кіре алады.
Адвокаттар алқасын қоғамдық бірлестік нысанындағы комерциялық
емес,ұйым ретінде тану облысы, Республикалық маңыздағы қала мен Астана
аумағында бірнеше алқа құруға мүмкіндік берер еді. Ол адвокаттық қызметпен
айналысқысы келген кез келген адамға өз таңдауымен адвокаттар алқасының
әкімшіліктік-аумақтық бөлініске сәйкес кіруге құқық берер еді. Бірнеше
алқаның болуы мыналарға мүмкіндік береді:
1. заң көмегін көрсету сапасын көтеруге;
2. азаматтар мен ұйымдарға нақты алқаны өз қалауымен таңдауға;
3. заң көмегі үшін төлем көлемін азайтуға;
4. халық арасындағы құқық білімін насихаттауды кеңейтуге және т.б.;
Жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсете ,сот,мемлекеттік және
басқа органдар мен ұйымдар және азаматтармен қарым-қатынаста өкілдікпен
қорғауды жүзеге асыру,сот төрелігін жүзеге асыру саясушы тараптардың бірі
ретінде қатыса отыра,адвокаттар ақы алады.Оның бір бөлігін алқа қызметін
қолдауға жұмсайты.Яғни,олар атқарған қызмет-комерциялық әрекет емес.
Адвокаттар алқасы құрылу және жұмыс істеу әдісі бойынша мемлекеттік
органдарға тәуелсіз өзге ұйымдық-құқықтық нысанындағы кәсіби бірлестікке
жатады.Әділет органдары адвокаттық қызметпен шұғылдану құқықғы үшін
лицензия беруі тиіс.
Бұл адвокаттардың тиісті лауазымдық міндеттемесін атқаратын қызметшілер
екенің білдірмейді.
1.Адвокаттар мемлекеттік органдарда қызмет атқармайды, яғни мемелкеттік
қызметте жоқ. Олар адвокаттар алқасы мен шарт жасамайды.
2.мемлекетік қызетшілер қызметтік міндеттемені орындайды, мемлекеттің
немесе оның орғанының атынан және тапсырмасы бойынша әрекет етеді. Бұл
қағида ешбір жағдайда да адвокаттарға қолданылмайды.
Олар азаматтар мен ұйыымдарға заң көмегін көрсетеді, өз атынана сөз
сөйлейді және азаматтар мен мемлекеттік органдарға қатысты мемлекеттік-
биліктік өкілеттіліктер жүктелмеген.
3. Адвокаттар өз міндеті үшін мемлекеттік қызметшілер сияқты
мемлекеттен сыйақы алмайды.Заңнамада азаматтарға тегін көмек көрсететін
жағдайдың өзінде адвокат еңбегі заң консультациясының немесе адвокат
кеңсесінің қаражатынан, ал егер адвокат клиенті процесті жүргізген орган
немесе сот қаулысы негізінде төлемнен босатылса, онда республика бюджеті
қаражатынан бөлінеді.Заң консультацияларында меңгерушінің кесімді жалақы
алуы да, мұнда да жалақы сол көздерден төленгендіктен істің мәнін өзгерте
алмайды.
“Адвокаттық қызмет туралы”1997 ж.5-желтоқсандағы ҚР Заңының 1-ші
бабына сәйкес адвокатураның негізгі міндеті азаматтар мен ұйымдарға заң
көмегін көрсету болып табылады. Бұл көмекті көрсетудің сан алуан түрлері
бар,Алайда, құқықтық көмек беруді, әртүрлі заң құжаттарды құрастыруды және
заң көмегінің басқа түрлерін қызмет көрсетумен толық теңестіруге
болмайды.“Заң қызметін көрсеру” термині сонымен қатар адвокаттардың
сезіктілер мен айыпкерлерді қорғаушы,азаматтық жауапкер ретінде алдын ала
тергеумен сотқа қатысуы кезіне қолданылмайды. Бұл-“қызмет көрсету
емес”,қайта азаматтар құқығы мен заңды мүддесін қорғаудың,сот төрелігіне
жәрдемдесудің бір түрі.Азаматтар мен ұйымдарға көрсетілетін өзге де заң
қызметі де, олардың құқықғы мен мүддесін қорғауға және заңдылықты сақтау
мен ниғайтуға бағытталған.ҚР дамуында саяси және құқықтық жүйе институты
ретіндегі адвокатураның орны құқық ролінің сапалы артуымен, мемлекеттік
және қоғамдық өмірдің құқықтық негізін нығайтумен тікелей
байланысты.Әлеуметтік басқару саласы әкімшілік басқарумен салыстырғанда
құқықтық әдісті қолдануды талап етеді. Мемлекет халыққа заң көмегімен
қызметтер саласынада құқықтық реттеуден бас тарта алмайды.Осыған
байланысты адвокаттардың азаматтардың ұйымдағы көрсететін заң қызметімен
әлеуметтік және саяси маңызы артады. Көрсетілген көмектің қазіргі деңгейі
өз көлемінің сапасы бойынша адвокатура алдында тұрған міндеттерге жауап
бермейді.Адвокатураның соншалықты жұмыс бастылығында және заң көмегіне
халықтың осы отырган сұранымын қанағаттандыра алмайтындығындығында,бұл
көмек сапасының және көлемінің қазіргі талаптарға сәйкес болуы үшін қажетті
құқықтары мен өкілеттіктерінің жоқтығында ғана емес.
ҚР Конс-ң талаптарына сәйкес нарық экономикасының тереңдеу
жағдайында адвокаттар ұйымы мен қызметін реттеуге арналған адвокатура
туралы қолданымдағы заң қазіргі уақытта жетілдіруге қажет етеді. Уақыт пен
практика талаптарына қарай адвокаттық қызметті реттейтін ҚР заңнамасына
өзгерістер мен толықтырулар ұсыныс жөнінде даярлау қажет.Адвокаттар алқасы
заңға сәйкес құқықтық құралдар мен азаматтар құқығын заңмен қорғаудың сан
алуан түрлерін көрсету үшін құрылған және әрекет ететін білікті
заңгерлердің кәсіби ұйымы болып табылады.Заң шығарушы адвокаттар алқасының
азаматтар мен ұйымдарға заң көмегін көрсететігін, олардың құқықтары мен
заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететіндігін,атаумен шектелмейді.
Адвокатураның ҚР-да адамның өз құқықтарын,бостандықтарын сотта қорғауға
және білікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және ҚР Конс-мен
баянды істелген құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу керектігі аталып
өтіледі.Адвокатураның алдында міндеттердің былайша қойылуының көптеген
мәселелерді дұрыс түсіну мен шешу үшін ерекше маңызы бар.

2.Адвокаттар көрсететін заң көмегінің түрлері.
1.Заң көмегін көрсете отырып, адвокаттар;
1)шешілуі кәсіби заң білімдерін қажет ететін мәселелер бойынша
консультатциялар , түсіндірмелер, кеңестер мен жазбаша қорытындылар береді;
2) талап қою арыздарын, шағымдар мен құқықтық сипаттағы басқа
құжаттарды жасайды;
3) анықтау, алдын ала тергеу органдарына, соттарда, мемлекеттік және
өзге де органдарда ұйымдарда және заңды тұлғалардың өкілдігі мен оларды
қорғауды жүзеге асырады.
2.Адвокаттар заңдарда тиым салынбаған өзге де заң көмегін көрсетеді.
3.Көмек сұрап келген адам адвокатты таңдап алуға ерікті, бұған адвокат
оған тегін зағ көмегін көрсету үшін сондай-ақ, егер қорғалушы өзіне адвокат
таңдап алмаса немесе таңдалмаса, оның қатысуы мінднтті болатын қылмыстық
істер бойынша қорғаушы ретінде тағайындалатын жағдайлар қосылмайды.
4.Қылмыстық істер жөніндегі кәсіби қорғауды тек адвокаттар ғана жүзеге
асырады.
Адвокаттар көрсеткен көмекке ақы төлеу, қорғау және өкілдік етумен
байланысты шығындарды өтеу көмек сұрап келген адаммен адвокат жасасатын
жазбаша келісімде белгіленеді.
Келісім жасасу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген
тәртіппен жүзеге асырылады.
2.Заңдарда көзделген жағдайларда, адвокат көрсеткен заң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адвокатураның құрылу сатылары
Адвокатураның дамуы мен құрылуы
Адвокатура мен адвокаттық қызметтің түсінігі мен маңызы
Адвокатура және адвокаттық қызметтің түсінігі және ұйымдастыру қызметінің негізгі қағидалары
ҚР адвокатура қызметінің құқықтық негіздері
Қоғамдық өкіл ретінде
Адвокаттық қызметінің ұйымдық нысаны
Ежелгі замандағы адвокатура институтының қалыптасуы мен даму тарихы
Адвокаттар алқасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі
Адвокаттық қызметі
Пәндер