Айналым капиталы


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Қазақстан эканомикасының барлық салаларында нарықтық қатынастарға негізделіп жүргізілген реформалар тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталғандықтан, қазіргі уақытта ҚР-ның эканомикасының алдындағы маныздылығы өте жоғары мідеттердің бірі соңғы жылдары өз уақытында жасалынған құрылымдық реформалардың және тиімді жүргізілген экономикалық реттеудің арқасында қол жеткізілген макроэкономикалық көрсеткіштерге тұрақтылық және жаңа сапалық сипат беру. Сондықтан да ҚР Президентінің «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына арнаған 2007 жылдың 28-ақпанындағы дәстүрлі Жолдауында «экономиканы әр тараптандыруға бағытталған индустриалды-инновациялық стратегияны іске асыру қажет» деп айқындалып беруі бекер болмаса керек.

Қазіргі кезде біздің мемлекетіміз бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікке қарымы мол басым салаларды, яғни отандық өндірісті дамытуға кірісе бастады. Ал отандық өндірісті, сол арқылы отандық өнімдердің ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекелестік қабілеттілігің дамытудың маңызды шарттарының бірі кәсіпорынның тиімі және бәсекеге қабылетті қызмет етуін қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі нарықтық жағдайда тек мынандай ғана кәсіпорын өміршен және бәсекеге қабылетті бола алады, егер де ол нарық талабын аса сауаттылықпен және компоненттіліктен анықтайтың, сұраныс талабың қанағаттандыратын өнімдерді өндіруді ұйымдастыратын және білікті қызметкерлерге жоғары табыспен, ең соңында, көп пайда табуды қамтамасыз ете алатын болса. Ал бұндай нәтижеге қол жеткізу үшін кез келген кәсіпорын ең алдымен өзінің шаруашылық-экономикалық қызметін дұрыс ұйымдастыра алуы және болашақ кезеңге нақты жоспарлар жасай білуі керек. Ал кәсіпорынды тиімді басқарудың ең басты шарттарының бірі - ол оның қызметін кешенді, әрі терең талдау. Сонымен қатар, кәсіпорын тиімділігін көтерудін бірден бір жолы - кәсіпорын қызметін жан- жақты талдау болып табылады.

Қоғамда кәсіпорынның шаруашылық-әкономикалық қызметін талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындайды: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің, екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес. Қай уақытта болмасын бұл өте маңызды.

Қазыргі қоғамның әміршілдік-әкімшілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік (иесіз) меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық және жауапкершіліксіздікті іскерлік, басқарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен алмастыру -нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері. Нарықтық экономика оған қатысушылардың бәрінен ой жүйесі мен өзгеше іс әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда, материалдар мен шикізаттың корларының қисапсыз жұмсалуы, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды. Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу келмеске кетеді. Осы жағдайда, үйлесімді шешімдер қабылданып және материалдық, еңбек және қаржы ресустарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағыттатыны белгілі.

Сонымен, қазіргі кезде кез-келген кәсіпорыннан шаруашылық-экономикалық қызметінің нәтижесі мен жалпы жағдайына сапалы талдау жүргізу және оны бағалау талап етіледі. Бұған қоса, мемлекетіміздің Бүкіләлемдік сауда ұйымна кіру қарсаңында, яғни отандық өндіріс орындары мен кәсіпорындардың өндірген өнімдері халқаралық сапа талаптарына сай, жоғары бәсекеге төтеп беру қажеттігін ескере отырып, кәсіпорын қызметіне талдау жүргізу және талдаудың тиімді әдістерін қолдану -бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі, десек артық айтпағанымыз.

Бүгінгі күнде еліміздің алдындағы басты мақсат әлемдегі бәсекеге барынша қабылетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстанда барлық заңнамаларын ДСҰ-ның міндетті келісімдерінің нормаларымен сәйкестендіру, сонымен қатар барлық заңды тұлғалардың қаржылық есептемесін халықаралық стандарттарға көшіру қажет. Ағымдағы активтердің аудиті мен талдауының маңыздылығы ұйымда өнім өндіріп, жұмыстар орындау мен қызмет көрсеткенде арта түседі және бәсеке-қабылеттілікке әсер етеді, себебі субъект қандай да бір қызмет түрімен айналысқанда да өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына кіретін материалдық шығындар қатысады. Өзіндік құнның төмендеуі кәсіпорынның қаржылық нәтижесін жақсартып, нәтижесінде тауарлар мен қызметтердің бәсеке қабылеттілігіне әсерін тигізеді.

Активтердің құрамы мен қалыптастыру көздері құрылымының серпінің талдау олардың абсолюттік және салыстырмалы өсуінің немесе азаюының мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді, белгілі бір күнге активтерді қалыптастыру көздерінің бар-жоғын және белгілі бір мерзім ішінде олардын серпінінің өзгеруін қарап отыруға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі активтердің қалыптастыру көздеріндегі өзіндік капиталдың үлесіне тәуелді. Сондықтан, активтерді қалыптастыру көздері шектеледі және мемлекеттік кәсіпорын активтерінің қай бөлігі өзіндік капиталдын есебінен, қайсысы - міндеттемелер есебінен қалыптастырылаты-ны анықталады. Осы дипломдық жұмысты жазудағы автордың алға қойған басты мақсаты ағымдағы активтердің қызмет саласындағы аудитты жүргізу және оны талдауының ролін анықтау.

Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін дипломдық жұмыста келесідей міндеттер қойылған;

  • Айналым капиталының аудит жүргізу ерекшеліктерін қарастыру;
  • Айналым капиталының аудитін жүргізу міндеттерін анықтау;
  • ТМҚ мен дебиторлық борыштарға талдау жүргізу;
  • Ақша қаражаттарының құрамы мен құрылымын талдау.

Аудит пен талдаудың объектісі «Қазақтелеком» АҚ.

1. Айналым капиталының теориялық аспектілері

1. 1Айналым капиталының түсінігі және маңызы.

Кәсіпорынның іс әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт - қолда бар айналым қаражаттарының (айналым капиталы) болуы. Айналым қаражаттары - бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым қаражаттарының мәні - ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық рөлімен анықталады. Айналым қаражаттарының өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезенде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құның тікелей дайын өнімге апарады.

Айналым қаражаттарының құрылым деп барлық жиынтығындағы олардың бөлек элементтерінің арақатынасын атайды. Кәсіпорындарындағы айналым қаражатының құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды мәселерінің бірі болып саналады. Себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын қызметінің не ол, не бұл мезетіне сипаттайды. Мысалы, дебиторлық берешек үлесінің шамадан тыс артуы. Қоймадағы дайын енімдер, аяқталмаған өндіріс, кәсіпорынның қаржы жағдайының нашарлағанын білдіреді. Дебиторлық берешек осы кәсіпорындағы айналымнан оқшауландырылған қаражатты және оларды дебиторлық пайдалануын, өзінің айналымдағы борышкерлерді сипаттайды. Аяқталмаған өндіріс үлесінің артуы, қоймадағы дайын өнімдер айналымдағы айналым қаражатының оқшауланғанын, сату мөлшерінің, сонымен бірге пайданың да азаюын көрсетеді. Сондықтан, кәсіпорында айналым қаражатының құрылымын оңтайландыру және олардың айналымын арттыру басты мақсатқа айналғаны жөн.

Кәсіпорындарда айналым қаражатының құрылымы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалымен өзгеріп отырады. Әрбір нақты кәсіпорында айналым қаражатының шамасы, олардың құрамы мен құрылымы өндірістік сипаты мен күрделілігіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және т. б. байланысты болады.

Түрлі салаларда айналым қорларының үлес салмағы әр түрлі. Мысалы, ауыр өндіріс кәсіпорындарында жеңіл өндіріс кәсіпорнына қарағанда ол төмен. Кәсіпорынның тұрақтылығы - айналым қаржыларының қажетілігіне, олардын құрамы мен құрылымына, олардын қалыптастыру көздеріне (баланстын пассив бөлімі) және оларды басқаруына байланысты болады.

1-сурет. Айналым қаражатының құрамы мен құрылымы

Өндіріс тиімділігін арттырудың елеулі резервтері құрамына шикізат пен негізгі материалдар, отын, қосалқы материалдар, тез тозатын аспаптар және басқа да еңбек заттары кіретін айналым қорларын орынды падаланудың есебінен өндіріс шығындарын одан әрі төмендетуден табылады.

Өндірістің нәтижелігін арттыру жөніндегі шараларды белгіленген кезде кәсіпорындардың өндіріс процесінің маңызды заттық элементі болып табылатын өндірістік айналым қорларын тиімді пайдалануға кәсіпорын ұжымдарының айрықша назар аударғаны жөн.

Айналым қаражаттары үнемі қозалыста болады. Бір өндірістік кезең аралығында олар үш сатыдан (өзінің нысаның өзгертіп) тұратын ауыспалы айналым жасайды. Бірінші сатыдан кәсіпорын ақша қаражаттарын еңбек заттарын (айналым қорларын) сатып алу үшін шарттарды төлеуге жұмсайды. Бұл сатыдан айналым қорлары айналыс аясынан өндіріс саласына өтеді.

Екінші сатыда алынған айналым қорлары өндіріс процесіне тікелей өтіп, әуелде өндіріс босалқы қорларына және шала фабрикаттарға, содан соң аяқталған өндіріс процесі -дайын өнімге (тауар нысананы) айналады.

Үшінші сатыда дайын өнім сатылады, нәтижесінде айналым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясына, қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар жаңадан еңбек құралдарын алуға жұмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады. Бірақ, айналым қорлары бірінші сатыдан екінші сатыға жүйелі түрде өтеді дегенді білдірмейді. Керісінше, олар бір мезгілде айналымның барлық үш сатысында да белгілі орында болады. Бір нәрсенің әрбір мезеті сатып алынады, өндіріледі, сатылады және қайтадан сатып алынады. Нақ осы жағдай өндірістің үздіксіздігін, тоқтаусыздығын және өндірілген өнімдерді сатуды, қамтамасыз етеді. Сонымен, бұдан ескеретін жай -әрбір сатыдағы айналым қаражаттарының тұрған уақыты бірдей емес. Ол өнімнің тұтынушылық, технологиялық және оны өндіру және сату ерекшеліктеріне байланысты.

Ауыспалы айналым қаражаты мына тәсілмен шығады:

А -Қ . . . Д -А 1 ,

Мұнда А -шаруашылық субъектілерін авансылаудағы ақша қаражаттары;

Қ -өндіріс құралы;

Ө -өндіріс;

Д -дайын өнім;

А 1 -өнімді сатудан түскен және өзіне қосылған пайданың ақша қаражаттары.

Шаруашылықты жүргізудегі нарықтық жүйе жағдайында кәсіпорын эканомикасын дамытуда оны айналым қаражаттармен оңтайлы қамтамасыз етудің төтенше маңызы бар.

Айналым қаражаттарының айналымдылығын сипаттайтын бірнеше көрсеткіштер болады. Олардын ішіндегі ең қарапайымы айналым қаражатының айналымдылығының коэффициенті. Ол мына формуламен анықталады:

Қак=Өк/Ок

Мұнда Өк-белгілі бір кезеңде өткізілген өнімнің құны (өнімді өткізуден алынған түсім),

Ок - сол кезендегі айналым қаражатының орташа қалдығы.

Егер де өткізуден алынған түсім бір жылға есептелгенде, онда айналым қаражатының орташа қалдығы дасол жылға алынады.

Кезекті айналым қаражаттарын анықтау - айналым капиталын тиімді пайдалану копшілігінде олардын қажетілігін дұрыс анықтау болып табылады. Себебі, өндірістің осы көлемінде жоспарланған пайданы оң төменгі мөлшердегі шығынмен табуға үлкен ықпалын тигізеді. Айналымқаражатының төмендетілген мөлшері кәсіпорынның тұрақсыз қаржы жағдайына, өндіріс процесінің іркілісіне әкеліп соғады. Осының салдарынан өндірістің көлемі мен пайдасы төмендейді. Осы кезекте айналым қаражатының көтерінкі мөлшері кәсіпорынның өндірісті ұлғайту үшін күрделі қаржы шығынын жұмсау мүмкіндігі төмендейді.

Кәсіпорында айналым қаражатының қажеттілігін анықтау кәсіпорынның өндіріс жоспары және өндіріс шығынының сметасымен үйлестіру керек. Мұнда қажетті мөлшерде өнімнің нақтылы түрлерін және оларды белгілі мерзімде шығаруды негіздеу қажет. Кәсіпорынның жеке айналым қаражатының қажетілігін есептеген кезде мыналарды еске алған жөн. Жеке айналым қаражаттары өндірістік бағдарламаны орындауда тек негізгі өндірістік қажеттілікті өтеу ғана емес, сонымен қатар, кәсіпорынның негізгі қызметіне жатпайтын қосалқы және көмекші өндірістер, тұрғын үй, комуналдықжәне т. б. шаруашылықтар және дербес баланста тұрмайтындар да өтелуі қажет.

2 -сурет. Қор қайтарымының өсу факторлары

Өндірілген өнімді (көрсетілген қызмет, орындалған) өткізу, қоймадағы дайын өнімдердің қорлануы жөніндегі мәселелерді жеткілікті, терең пысықтауы төмен болуы мүмкін. Бірақ та, кез клген жағдайда алдағы кезде межеленген сату болжамы болу керек. Олай болмаған күнде шығарылған өнімдер қоймада ұзақ жатып қалады және ақшалай қаржыларының едәуір бөлігі айналымнан орнықтылығына әсер етіп, оның банкротқа ұшырау мүмкін.

1. 2 Ұйымның есеп саясаты

«Қазақтелеком» АҚ-ның (әрі қарай «қоғам») Есеп саясаты Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» туралы заңына және Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес әзірленген.

Есеп саясаты - бұл қаржылық есеп беруді құру және оны дайындау барысында қоғаммен қолданылатын спецификалық принціптердің, негіздердің, жағдайлардың, ережелердің жиынтығы.

Тауарлық материалдық құндылықтардың есебі.

Қолдану аясы

Есеп саясатының бұл бөлімі қосалқы бөлшектерді, материалды түгендеуді және тағы басқа тауарлық материалдық құндылықтар есебінің негізгі принціптері мен процедураларын анықтаудан тұрады. Қорлар есебінің негізгі мәселесі ол актив түрінде танылып және өндіріс процесінде пайдаланылуы бойынша келесі кезендерге апарылатын тиісті шығындарды тануға дейін шығындар көлемін анықтау болып табылады.

Анықтамасы: Қорлар - бұл активтер: қоғамның қалыпты қызметіндегі болған жағдайда сатуға арналған, өндірістік процесте немесе қызмет көрсету кезінде материалдар мен шикізат түрінде қолданылады.

Тауарлық материалдық қорларды сатудын таза құны - бұл қоғамның тұрақты қызметіндегі активті сатуға байланысты шығындарды және тағы басқа шығындарды шегергеннен күтілетін сатудын бағасы.

Қорларды бағалау: Қорлар мүмкін таза сату құнымен және өзіндік құнының ең төменгі мөлшерімен бағаланады. Таза сату құнына дейін және қорлардың жойылуын есептен шығарылу сомалары есепті кезеңнің шығыстарына жатқызылады. Тауарлық материалдық құндылықтардың өзіндік құны сатып алуға кеткен барлық шығындардан тұруы керек. Қорлардың сатып алу шығындарына: сатып алу құны, импорттық төлем, транспорттық шығындарға және активті сатып алуға байланысты тағы басқа шығындар. Сауда женілдіктері және осыған ұқсас баптарды активті сатып алу шығындарын анықтау барысында шегеріледі. Тауарлық материалдық қорлардын өзіндік құның бағалауы орташа құн әдісі арқылы жүргізіледі. № 23 ҚЕХС - на «қаржыландыру бойынша шғындар» егер ТМҚ несие арқылы сатып алынса, несиеге байланысты шығыстар кезең шығыстарына жатқызылады, қорлардын бастапқы құнына құнында есептелінбейді. № 21 «валюта бағамдары өзгерісінің ықпалы» сәйкес теріс курстық айырма тауарлық материалдық құндылықтардың өзіндік құнына қосылмай, кезең шығыстарына жатқызылады.

Түгендеу

Қоғам тауарлық материалдық қорлардын жоспарлы түгендеуін жылдың 1-қазан күніне байланысты жүргізеді. Түгендеу қоға белгілеген ережелерге сәйкес жүргізіледі. Түгендеудің нәтижелері келесідей есепке алынады: Пайда болған артық шыққандар олардын пайда болу себептері мен уақытына байланысты тауарлық материалдық қорлар шоты дебиттеліп, ал артық шыққандар басқа да табыстар шоты болып кредиттеледі, өйткені кірістелген артық шыққандар(излишки) қоғамның басқа да табыстары болып табылады. Қоғамның қызметкерлеріне тауарлық материалдық құндылықтардың сатылу тек қоғам немесе филлиал басқармасының жазбаша үкімі арқылы жүзеге асырылады, сатылуы есептік бағадан төмен емес.

Төлеу мерзімі 360 күнге және одан да көп күндерге дейінгі шоттар: дебиторлық борыш сомасынан - 70%

Бухалтерлік есепте дебиторлық борыш шоттарының дәлелдігіне, сомалардын дұрыстығы мен толықтылығына жыл сайын қазанның 1- не қоғам жоспарлы түгендеу жүргізеді. Дебиторлық борыш сомаларының дұрыстығы мен негізділігіне түгендеу квартал бойынша 1- қантарға, 1 - сәуірге, 1 - шілде күндерінде дебиторлық борышқа түгендеу қоғам бекіткен ережелеріне сәйкес жүргізеді. Жоспарлы түгендеу нәтижелерінің құжаттары тиісті тұлғалармен қол қойылып, ол құжаттар күмәнді дебиторлық борыш шотына бухгалтерлік жазулары үшін негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасының занына сәйкес мерзімі біткен дебиторлық борыш күмәнді болып табылады және ол құрылған резерв арқылы есептен шығарылады. Егер құрылған резерв бойынша қаражаттардың жетіспеушілігі болса, онда ол кезең шығыстарына апарылып, табыстар меншығыстар есебіне көрсетіледі.

Кез келген дебиторлық борыштың есептен шығарылуы қоғаммен бекітілген процедураларға сәйкес жүргізіледі. Баланстан шығарылған төленбейтін дебиторлық борштардыңесебі баланстан тыс 007 «төлем қабілеттілігі жоқ дебиторлардың қарызың шығысқа есептен шығарылуы» шотында жүргізіледі.

Егер осы төленбейтін дебиторлық борыштын төленуі жағдайы болса:

  • Егер дебиторлық борыштың есептен шығарылуы мен борыштың қайтарылуы бір есепті кезеңде болса, онда бұрын есептен шығарылған дебиторлық борышға «сторно» жасалады.
  • Егер дебиторлық борыштың есептен шығарылуы мен борыштың қайтарылуы әр түрлі есепті кезендерде болса, онда қайтарылған дебиторлық борыш табысдеп танылады.

Қоғам ақша қаражаттары қозғалысының есебін ҚЕХС - ның талаптарына сәйкес дайындайды және оны әр есепті кезең үшін өз қаржылық есебінің құрамдық болігі ретінде ұсынады.

Ақша қаражаттары - бұл кассадағы қолма-қол ақщалар, есеп айырысу шотындағы ақшалар, талап етуге дейінгі депозиттер.

Ақша қаражаттарының қозғалысы - ақша қаражаттары ағымның түсуі мен шығысы.

Негізгі қызмет - қоғамға негізгі табыс әкелетін қызмет, инвестициялық және қаржылық қызметтен бөлек басқа да табыстар.

Инвестициялық қызмет- ақша эквиваленттеріне байланысты емес айналымнан тыс активтердің сатылуы мен сатып алынуы.

Қаржылық қызмет - қоғамның тартылған және меншікті капиталдарда өзгеріс туғызатын қызмет.

Қазақстан Республыкасында, ТМД елдері мен шет елдерде телекоммуникациялық компаниялардың көбісі өз қызметін жүргізе отырып, ақша қаражаттарының ағымын ұсыну үшін тура әдісті қолданады.

1. 3 «Қазақтелеком» АҚ-ның техника-экономикалық көрсеткіштері.

"Қазақтелеком" АҚ-ның қызметіне мінездеме.

"Қазақтелеком" АҚ-мы (бұдан әрі Компания) 1994 жылдың маусым айында Ұлттық комнания болып құрылды, және 1996 жылдың ақпан айында Ашық Акционерлік қоғам болып өзгертілді. (2004 ж наурыз айынан Акционерлік қоғам) . Компанияның орналасқан, тіркелген және қызметне асырып жатқан жері Қазақстан Республикасы.

Компанияның заңгерлік мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 01. Астана қаласы, Абай көшесі 31.

Республиканың телекоммуникациялық рыногында көшбасшы орынды иеленеді, түрлі байланыс қызметтер буынын көрсететін орталықтар желісі кеңінен тараған. Олардың қатарында дәстүрлі телефония және телеграф қызметтері, деректер беру мен Интернет қызметтері, интеллектуалдық (зияткерлік) және спутниктік желілер және көптеген басқа қызметтер бар. Компанияның Орталық офисі Қазақстанның елордасы - Астана қаласында орналаскан.

Компанияда 33 мыңнан астам адам еңбек етеді. "Қазақтелеком" компаниясының еліміздің әрбір облысында аймақтық бөлімшелері бар.

Компанияның клиенттері шамамен екі жарым миллион жеке және заңды тұлғалар болып табылады.

"Қазақтелеком" халықаралық оператор ретінде алыс шетелдердің 154 операторымен жәие ТМД мен Балтық елдерінің 23 операторымен тығыз ынтымақтастықты жүзеге асырады. Казақстандықтарды әлемнің 230-дан астам елімен байланыстырады.

"Казақтелеком" - бүгінгі таңда тұрақты және игі беделі жыл сайын "үлкен төрттік" аудиторлары тарапынан расталып отыратын бизнес-бағытталған компания. Компания ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды жаңғырту жөнінде белсенді жұмыстар жүргізеді және жаңа технологиялар енгізу мен телекоммуникациялық қызметтердің аймақтық рыногын калыптастыруды,

бірыңғай ақпараттық кеңістік құруды және Қачақстанның халықаралық телекоммуникация рыногындағы ұстанымын арттыруды қамтамасыз етеді.

Компанияның акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне және "көгілдір фишкалар" мемлекеттік пакеттерін жүзеге асыру бағдарламасына енген.

Fitch халықаралық рейтингтік агенттік "Қазақтелекомға" жергілікті және шетелдік валюта бойынша "ВВ" деңгейіндегі ұзақмерзімдік корпоративтік несиелік рейтинг тағайындады. Компанияның рейтингтік келешегін агенттіктер "тұрақты" деп бағалады.

Компания бизнес жобаларымен қатар ауылдық елді мекендерді телефон байланысымен қамту және мектептерді Интернет желісіне қосу жөнінде әлеуметтік міндеттерді шешеді.

Озық телекоммуникациялық технологияларды енгіэу сапа менеджменті жүйесіне басты рөл берілетін басқару технологияларымен тиімді үйлеседі. Өткен жылы компания филиалдарын сертификаттау үдерісі табысты аяқталды. "Қазақтелеком" компаниясының клиентпен тікелей қатынас жүргізетін барлық филиалдары ІSO 9001:2001 халықаралық сапа стандартына сәйкестікке сертификаттау аудитінен табысты түрде өтті.

Қазақстанның жетекші байланыс операторының табысты қызметіне лайықты баға берген «Euromoney» халықаралық баспа үйі 2005 жылы "Қазақтелекомды" ТМД-дағы үздік телекоммуникациялық компания ретінде таныды.

"Қазақтелеком" бүгінгі таңда - телекоммуникациялқ бірегей қызметтер көрсететін және икемді тарифтік саясаты мен сервистің тиісті сапасымен ерекшелелетін компания.

Клиенттерге қызмет етудің және көрсетілетін қызметтерінің сапасын арттыру, олардың түрлерін кеңейту компанияны дамыту саясатының негізгі алғышарттары болып табылады. Бұл мәселелер әсіресе байланыс рыногында ырықтандыру үрдістерін тереңдету және бәсекелестіктің артуы жағдайында,

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорындағы айналым капиталдарының тиімділігін арттыру
Корпорацияның айналым капиталы туралы
ААҚ «Тұк казхром» кәсіпорынның экономикалық қызметін талдау
Айналым капиталының қалыптасу көздері
Айналым капиталы түсінігі
Кәсіпорынның айналым капиталын жетілдіру жолдары
Айналыс қорлары
Кәсіпорынның айналым капиталын бағалау
Кәсіпорынның айналым капиталын басқару
Кәсіпорын капиталының құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz