Алматы ежелгі қазақ даласы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... бет
Негізгі бөлім
I.Тарау Алматы ежелгі қазақ даласы.
1.1 Алматы атауы қайдан шыққан? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... бет
1.2 Алматы сақ және ғұндардың мекені ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... бет
1.3 Алматы . XIII ғасырдағы теңге сарайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..бет
1.4 Алматы аумағындағы орта ғасырлық қала орындары ... ... ... ... ... ... ... ... .. бет
1.5 Кейінгі орта ғасырлардағы Алматы аймағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .бет
ІІ.тарау Алматы. жаңа дәуірде.
2.1 Көне Алмату қаласының орнында. Верный бекінісі ... ... ... ... ... ... ... ... . бет
2.2 Ауыл еді астана болды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. бет
2.3 Егеменді Алматының қоғамдық.саяси өмірі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .бет
ІІІ.тарау Алматы ірі туризм орталығына айналу мүмкіндігі бар қала ... ... ... ... бет
3.1 Алматы аумағындағы археологиялық ескерткіштер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..бет
3.2 Табиғатымен тамсандырған . Алматы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..бет
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... бет
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... бет
Қысқартылған сөздер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...бет

Өзектілігі: Жетісу дегенде ақбас айбынды таулар мен сайын дала, көгілдір көлдер мен арынды өзендер, таңғажайып арналар мен садрқымалар көз алдыңа келеді. Сұлулығы көз қызықтырып, байлығы таңдай қаққызған жер жантанаты бұл.
Жетісу жерін мекендеген көне тайпаларды бұл өңірдің ғажайып табиғаты ғана емес, жанға ауа райы тәнті еткені сөзсіз. Жылдарды ғасырларға алмастырған зымыраған уақыт көшімен бірге бір кездері гүлденіп-көркейген қалалардың іргесі сөгіліп, бір халықтың орнына екіншілері пайда болып жатты. Алайда олар тарих құрдымына біржола сіңіп, жер бетінен із-түзсіз жоғалып кеткен жоқ. Ежелгі қалалардың, тұрмыс заттары мен қару-жарақтардың, теңгелер мен зергерлік бұйымдардың қалдықтары қадым замандардың көзіндей боп бүгінгі күнге жетті. Алматы қаласының тарихы да ХІХ ғасырда Кіші Алматы өзенінің жағасында бой көтерген орыс бекінісінен әлдеқайда әрі, көне замандардан тамыр тартады.
Алматы – Қазақстан Республикасының ірі саяси, ғылыми, мәдени, қаражат және өнеркәсіп орталығы. Қаланың қалыптасуы мен оның мәдениетінің ғасырлар қойнауындағы дәстүрі бар. Алматы өзінің дамуында жобалаудың, сәулет ерекшелігінің, өмір дағдысы жағынан белгілі бір кезеңдерден өтті. Әрбір соңғы кезең бұрынғы кезеңнен сол дәуірдің рухын, талғамын, тұрмысын, экономикалық және техникалық мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін айқындайтын материалдық қызметтің нәтижелерін өзіне мұра етіп қалдырып отырды. Әрбір тарихи кезең қалаға өзіндік жаңа леп әкелді.
Қазіргі Алматы аумағындағы ең көне елді – мекен б.д.д. VI-III ғасырларды меңзейді. VII-X ғасырларда бұл жерде шағын елді-мекендер болған. Олардың бірі Алмата (Алматы) деп атаған. XI-XIII ғасырларда елді-мекендер шағын қалаға айнала бастайды.

1. «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия. Алматы,1998/ 277 бет.
2. Almaty - 2000.Золотая книга. Алматы «Қайнар» 2000.
3. С.Иманғалиев., Тобаяқов Б. Алматы көшелері – Улицы Алматы – The streets of Almaty. – Алматы, 2001.
4. Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Алматы,2002.
5. «Алматы» энциклопедия. Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 1996.
6. Наш город - Алматы 2005. Справочник. ТОО «ПЛЮС Реклама», 2005.
7. Алматы – қоғамдық-саяси журнал. №1 / 07.2001.
8. Қаба Ә. Талайларды жалындырған, сағындырған Алматы.../ «Жас Алаш», 2002. 10 тамыз.
9. Салқынбек Д. Алматының 2500 жылдық тарихы бар//. «Жас Алаш».-2003.-20 желтоқсан.
10. Ажарлы Алматы, аяулы Алматы: Ертең – қала күні//Алматы ақшамы. – 2003. – 1 қазаң.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . бет
Негізгі бөлім
I-Тарау Алматы ежелгі қазақ даласы.
1. Алматы атауы қайдан шыққан?
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . бет
2. Алматы сақ және ғұндардың
мекені ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... бет
3. Алматы – XIII ғасырдағы теңге
сарайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...бет
1.4 Алматы аумағындағы орта ғасырлық қала
орындары ... ... ... ... ... ... ... ... ... бет
5. Кейінгі орта ғасырлардағы Алматы
аймағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..бет
ІІ-тарау Алматы- жаңа дәуірде.
1. Көне Алмату қаласының орнында- Верный бекінісі
... ... ... ... ... ... ... ... . бет
2. Ауыл еді астана
болды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... бет
3. Егеменді Алматының қоғамдық-саяси
өмірі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..бет
ІІІ-тарау Алматы ірі туризм орталығына айналу мүмкіндігі бар
қала ... ... ... ... бет
3.1 Алматы аумағындағы археологиялық
ескерткіштер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...бет
3.2 Табиғатымен тамсандырған –
Алматы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...бет
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . бет
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... . бет
Қысқартылған сөздер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... .бет
Кіріспе
Өзектілігі: Жетісу дегенде ақбас айбынды таулар мен сайын
дала, көгілдір көлдер мен арынды өзендер, таңғажайып арналар мен
садрқымалар көз алдыңа келеді. Сұлулығы көз қызықтырып, байлығы
таңдай қаққызған жер жантанаты бұл.
Жетісу жерін мекендеген көне тайпаларды бұл өңірдің ғажайып
табиғаты ғана емес, жанға ауа райы тәнті еткені сөзсіз.
Жылдарды ғасырларға алмастырған зымыраған уақыт көшімен
бірге бір кездері гүлденіп-көркейген қалалардың іргесі сөгіліп,
бір халықтың орнына екіншілері пайда болып жатты. Алайда
олар тарих құрдымына біржола сіңіп, жер бетінен із-түзсіз
жоғалып кеткен жоқ. Ежелгі қалалардың, тұрмыс заттары мен
қару-жарақтардың, теңгелер мен зергерлік бұйымдардың қалдықтары
қадым замандардың көзіндей боп бүгінгі күнге жетті. Алматы
қаласының тарихы да ХІХ ғасырда Кіші Алматы өзенінің
жағасында бой көтерген орыс бекінісінен әлдеқайда әрі, көне
замандардан тамыр тартады.
Алматы – Қазақстан Республикасының ірі саяси, ғылыми, мәдени, қаражат
және өнеркәсіп орталығы. Қаланың қалыптасуы мен оның мәдениетінің ғасырлар
қойнауындағы дәстүрі бар. Алматы өзінің дамуында жобалаудың, сәулет
ерекшелігінің, өмір дағдысы жағынан белгілі бір кезеңдерден өтті. Әрбір
соңғы кезең бұрынғы кезеңнен сол дәуірдің рухын, талғамын, тұрмысын,
экономикалық және техникалық мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін айқындайтын
материалдық қызметтің нәтижелерін өзіне мұра етіп қалдырып отырды. Әрбір
тарихи кезең қалаға өзіндік жаңа леп әкелді.
Қазіргі Алматы аумағындағы ең көне елді – мекен б.д.д. VI-III
ғасырларды меңзейді. VII-X ғасырларда бұл жерде шағын елді-мекендер болған.
Олардың бірі Алмата (Алматы) деп атаған. XI-XIII ғасырларда елді-мекендер
шағын қалаға айнала бастайды. XVI ғасырда Жоңғар шапқыншылығынан кейін көне
қала орнында кішкене ғана қалашық қалған. Жаулап алушыларға қарсы тұруға
ұмтылған Ұлы жүздің қазақ рулары 1845 жылы Ресейдің қол астына қарады. Оның
қоныс тепкен аумағы (оңтүстікте іле өзеніне дейін) Ресей империясының
құрамынакірді. Іленің барлық аймағын империяға қарату үшін 1848 жылы Үлкен
орда (Ұлы жүз) қазақтары жанынан пристав лауазымы тағайындалды. 1853 жылы
шілдеде Ресей Іле өңіріне Үлкен орда қазақтары жанындағы пристав майор
М.Д.Перемышльскийдің басшылық етуімен отряд жөнелтті. 1854 жылы 4 ақпанда
бұл ауданда әскери бекініс салуға шешім қабылданды. Көктемде Кіші Алматы
өзенінің сол жақ бетінде майор М.Д. Перемышльскийдің отряды әскери инженер
Л.И.Александровскийдің жетекшілік етуімен іле бекінісі салуға кірісті.[1]
Бекіністің аумағына бейберекетсіз көп бұрышты саз балшықтан салынған
қабырға (қорған) тұрғызылды және Кіші Алматы өзенінің суы толтырылған
айнала ор қазылды. Бекініс қабырғасының ішінде офицерлердің үйлері,
солдаттардың казармасы, шағын ағаш шіркеуі, әскер абақтысы мен қоймалар
болды.[2]
1855 жылдың ортасында Ресейдің оңтүстік губернияларынан шаруалардың –
қоныс аудурушылардың бірінші легі, келді. Олар бекініс жанынан Үлкен
Алматы станциясының негізін қалады. Күзде қоныс аударушылардың – сібір
казактарының, сондай-ақ Семейден татарлардың лек-легімен келуіне байланысты
Кіші Алматы станциясы мен Татар слободасы пайда болды.
1867 жылы 11 сәуірде Ресей империясы Министрлер Кабинетінің Жарлығы
шығып, сол бойынша Верный бекінісі қала мәртебесіне ие болады. [3] 1867
жылы 11 шілдеде Жарлықпен орталығы Верный қаласы болып табылатын жетісу
облысы құрылды.[4]
Біріақта облыс орталығы болған қала құрылысы әлі де тұрғызу керек еді.
Бұл үшін Жетісу облысының әскери губернаторы Г.А.Колпаковскийдің
бұйрығымен 1867 жылы 19 қазанда Верный қаласының құрылысын салу жөнінде
Комитет құрылады. 20 қазанда Комитеттің бірінші мәжілісі болып, онда
болашақ қаланың орнын-Үлкен станицадан оңтүстікке қарай Кіші Алматы өзені
бойымен шарап заводына дейін, батысында Үлкен Алматы өзеніне дейінгі
аралықта таңдау туралы мәселесі талқыланады.[5]
Кейінірек жоспарға Үлкен және Кіші станицалар, татар слободасы, бекініс
енгізіледі. Болашақ қаланың алаңдары мен бағы (паркі) айқындалды. Верный
қаласын кірпіштен қалауға бұйрық берілді. Ол Ресейдің кірпіштен салынған
губерниялық қалаларына ұқсауы тиіс болды.
Өлкетанушы В.Н.Проскуриннің мәліметтері бойынша Ресей мемлекеттік
тарихи мұрағатында Бекітілген жоспардан артығы әлі күнге болған емес
деген белгі қойылған 1884 жылғы алдына ала орналасу барысын көрсететін
Жетісу облысының Верный облыстық қаласының нақты орналасу жоспары
сақталыпты. Осы жоспар 1885 жылы 25 мамырда жасалған Верный қаласының
жоспары туралы түсіндірме жазбасымен қоса Алматы қала құрылысын жүргізу
тарихы жөніндегі кешенді құжат болып табылады, оған 1868 және 1884
жылдардағы Верный қаласын дамытудың екі бас жоспарының болуы дәлел бола
алады.[6]
Қаланың жаңа бөлігі пайда болған сәттен бастап оның аумағын кеңейту
батыс жағынан басталды (1887 жылғы жер сілкінісіне дейін), кейін оңтүстік-
батыс бағытқа (қазіргі Мақатаев және Пушкин көшелеріне) қарай қанат жайды.
XIX ғасырдың 80-ші жылдарының аяғына таман әкімшілік-қоғадық орталық
қазіргі 28-гвардияшыл-панфиловшылар паркі (бұрынғы қалалық зират) ауданында
болды. Айналасына неғұрлым ірі ғимараттар: әскери губернатор үйі, офицерлер
жиналысы өтетін үй (қазіргі халық саз аспаптары мұражайы), қоғамдық жиналыс
үйі (қазіргі қуыршақ театры) және т.б. орналасты. Осы ғимараттардың бәрі де
өзінің әсемдігімен ерекшеленеді, олардың бірқатары классикалық сәулет
үлгісімен безендірілген (1887 жылғы жер сілкінісіне дейін болған әскери
губернатордың үйі). Жер сілкінісінен кейін қала құрылысын жаңа жерден салу
туралы ұсыныстар аз түскен жоқ. Іле өзені жағалауында тиісті топографиялық
зерттеулер жүргізілді. Бірақта билік басындағылар бұл жобадан бас тартты.
Бұдан кейінгі құрылыстар жер сілкінісіне төтеп беретін жағдайларды есепке
алу арқылы жүргізілді. Үйлер негізінен бір қабатты етіліп ағаштан салынды.
Бұл жылдары көшелерін көркейту бойынша бірінші рет ауқымды жұмыстар
қолға алынды.
XX ғасырдың бірінші онжылдығында қаланың орталық бағында А.П.Зенковтың
жобасымен және жетекшілік етуімен қаланың көрікті орнына айналған
кафедральды собор салынды.[7]
Жазушы Юрий Домбровский осы собор туралы былайдеп жазады:
...Еңсесі биік, көп күмбезді, әшекейлі, түрлі-түсті, ғажайып ернеулі,
бүрмелі темір шатырлы, қоңыраулы, басқыштардың тұтастай жүйесі қойылған-
баспалдақтары бар, өтпелі жолдары мен галереялары орналасқан ол, тіпті
Верныйдағы ең күшті жер сілкінісінен кейін Зенковтың тамаша сарайларының
бірде бірі бұзылмаған болса, соның бірі еді. Құрылыстың ағаштан салынуы
сәулет шеберінің мерейін өсіре түсті. Зенковтың ең керемет туындысы –
Кафедральды Соборда – тіпті әйнектің өзі сынбай қалды емес пе.
1910 жылы 22желтоқсанда (ескі есептеу бойынша) Верныйда тағы да жер
сілкінісі болды. Соның салдарынан 616 тұрғын үй толықтай қирап, 300
құрылыс бүлінді. Олардың ішінде бірінші болып Верный балалар үйі (қазіргі
Алматы медициналық колледжі) қалпына келтірілді.
Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатында XIX ғасырдың
аяғында XX ғасырдың басында Верный көшелерінде тұрған маңызды әкімшілік
және ең ірі ғимараттар бейнеленген карта-схема сақталған. Сол кездің тұрғын
үйлері мен қоғамдық құрылыстарының сақталғаны өте аз. Қазіргі кезге дейін
Верный қаласының жоспары сақталып қалды. Оны 1910 жылы К. Богданович, И.
Карк, Д. Мушкетов Геологилық Комитет Еңбегіне қосымша ретінде жасаған екен.
Картада қалаға қатысы бар 43 көшенің атауы көрсетілген, Үлкен Алматы
станциясының 8 көшесінің атауы көрсетілген.
Қаланың шығыс жақ шетінде Побережная көшесі Кіші Алматы өзені бойымен
созылып жатты. Батыста қаланы Гончарная көшесі тұйықтады. Оңтүстігінде
шекара бойымен Магистраль (Головной) арық көшесі орналасты және оның
қасында Арычная көшесі болды. Солтүстігінде Ташкент аллеясы тұйықтады.[8]
Кеңес өкіметі орнаған соң Алматының жаңа дамуы басталды. 1912 жылы 14
наурызда Верный қаласын Алма-Ата деп атау туралы Декрет шықты. 1927 жылы 3
наурызда Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Кеңесі
Қазақстан астасын Қызылордадан Алматыға көшіру туралы қаулы қабылдады.
Республика астанасының көшуі қала құрылысына қатысты мәселені ілгері
жылжыта түсті.
1930 жылдардың басында Алматыда құрастырмалы құрылыстың өзіндік
ықпалымен ірі қоғамдық ғимараттар салынды. Бұл сәулетші М.Я. Гинзбургтің
жобасымен тұрғызылған Үкімет үйі (қазір өнер Академиясы), сәулетші Г.Г.
Герасимотың нұсқасындағы Бас почта ғимараттары еді.
30-шы жылдардың екінші жартысынан бастап сәулетшілер орыстың
классикалық мұрасы мен қазақтың ұлттық сәулет өнерін қолдануға мән бере
бастады. Сәулетшілер үшін бұл қала шығармашылық ізденіс кезеңі болады.
Бұл кзде тұрғызылған ғимараттардың ішінен біз жаңа сәулет үлгілерін
кездестіреміз. Көп бағаналы қалқалар, маңдайшалар, әсем ернеулер қоғамдық
және тұрғын үйлер сәулетіне енгізілді.
1933-1941 жылдар ішінде ескі бір қабатты үйлер орнына Алматы сәулетін
түбірімен түрлендіріп жіберген жаңадан көптеген ірі құрылыстар бой көтерді.
1941 жылы қарашада Опера және балет театырының құрылысы аяқталды. Театрдың
сәулетінде классикалық мұра дәстүрі пайдаланылды. Қазақтың ұлттық
нақыштарын қолданған ғажап безендірулер жасалды.
Сол кезеңнің құрылыстары қаланың сәулет бейнесін қалыптстыруда өзінің
оң ықпалын тигізді. [9]
Ұлы Отан соғысы жылдарында соғыс қажеттеріне орай құрылысқа тежеу
салынып, оның көлемі едәуір қысқартылды.
Соғыстан кейінгі жылдары құрылыс қайтадан кеңінен қанат жая бастады.
Тап содан бұрынғы кездегідей классикалық сәулет пен халық сәулет өнерінің
тәсілдері мен түрлері, сондай-ақ ұлттық айшықтар (жаңа Үкімет үйі, Ғылым
Академиясының бас кешені, Қазақ тұтынушылар қоғамы ғимараты, аэровокзал
және т.б.) қолданылды.бұл уақытта Алматыда қаланы безендіру ісінің жаңа
кезеңі басталады: алаңдарда, бақтарда азамат соғысы және Ұлы Отан соғысы
батырларының (А.Иманов пен С.Д. Луганскийдің) ескерткіштері қойылды.
50-ші жылдардың ортасында сәулетшілер жобалау тәсілдерін қайта қарауда
айтарлықтай жұмыстар атқарды. Сол кезде тұрғызылған Орталық стадион,
Қазақстан (Жетісу)қонақ үйі, Әуезов атындағы драма театры (Жас
көрермендер театры) қазіргі заман талаптарына айтарлықтай жауап беретін
құрылыстарболды. Бұл құрылыстар өздерінің сәулет үлгісі мен жобалау
тұрғысынан, құрылыстық түрі жағынан озық үлгіге жатады әрі сәнді де
салтанаттты көрінеді.
Сәулет өнерін одан әрі дамытудың негізі сәулет-құрылыс элементтерін
мейлінше өндіріске лайықтап, үндестікті тиімді түрде жетілдіре түсу,
қаланың табиғаты мен ауа райына сәйкес ең жақсы деген үлгі – сәулет
шешімдерін іздеу болып табылады.
Қаланың сәулетін дамыту 60-80 жылдары бүкілодақтық көлемде сәулетті
шығармашылықпен дамытуға деген жалпы құлшыныспен байланыстыруға болады.
Бірақта алматылық сәулетшілердің сол кездегі шығармашылығы тек Алматы
объектілеріне ғана тән өрнек пен тәсілге бағытталды. Сәулетшілер халық
сәулет өнерінің озық дәстүрлерін шығармашылықпен игеріп, олардың тәсілдері
мен үлгілерін алып, ұлттық қолданбалы және декоративтік өнер элементтері
менсыр-сымбатын пайдаланды. Ғимараттың қабаттарын көбейту, жобалауды
неғұрлым ұтымды жасау, сәулет үлгілерінің нақтылығы мен жаңалығы болу
қазіргі жағдайға тән. [10]
Қала көшелері мен алаңдарының кескін-келбетін қалыптастыруда
монументальды мүсін өнері мен басқа да декоративтік өнер түрлерінің алатын
орны ерекше. Алматы бақтарында революционерлердің, жазушылардың, ақындардың
ескерткіштері қойылған. Монументальды өнердің жаңа түрлері – мемориальды
ансамбль (Даңқ мемориалы) пайда болды. Бұл жылдар ішінде ескерткіштердің
тағы бір түрі – кесенелер тұрғызу қолға алынды: оған мемлекет, ғылым,
әдебиет және өнер қайраткерлері жерленген жерде монументальды ескерткіштер
жатады.
60-80 жылдары қала құрылысын жүргізуде айтарлықтай жұмыстар атқарылды,
оған мысал ретінде қала құрылысы жүйелерін, сәулет ансамбльдерін
қалыптастыру және бірқатар таңғажайып құрылыстардың бой көтеруін айтуға
болады. Академия алаңы Ш.Уәлиханов ескерткіші арқылы біртұтас сәулет
көркіне бөленіп, өз мән-мағынасына толық сай болып тұр. В.И.Ленин атындағы
Сарай (қазіргі Республика Сарайы) мен 25 қабатты Қазақстан қонақ үйі
айналасындағы құрылыстармен, Абай ескерткішімен ажарланып, қаланың ең
көрікті жеріне айналды.
Абай даңғылының Көктем өзенімен түйісер тұста орналасқан Цирк ғимараты,
Неке сарайы, Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік Өнер мұражайы, қазақтың
М.О.Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық драма театрының ғимараты қала
құрылысының маңызды бөлігі болып табылады. Абай даңғылының оң жақ бетінде
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің ғимаратымен (қазіргі Алматы
қаласының әкімшілігі) үндескен Республика алаңын – қаланың дәл ортасындағы
сәулет өнерінің ғажайып үлгісі десе болғандай. [11]
1991 жылы Кеңес Одағы ыдырап, Қазақстан Республикасы егемендік алған
соң Алматы қаласының дамуында жаңа кезең басталды.
1995 жылы қаланың үш ірі құрылысы аяқталды: Республика Президентінің
Резиденциясы, Марко Поло Рахатпалас отель, Анкара қонақ үйлері. Қаланың
бет-бейнесін ажарландыра түсуде мүсін өнері айтарлықтай рөл атқарады.
Қаланың бас алаңында – Республика алаңында Тәуелсіздік Монументі, Достық
даңғылында – Жамбыл Жабаевқа ескерткіш, Сәтпаев пен Байтұрсынов көшелері
қиылысында – Қ. Сәтпаевқа ескерткіш. Достық даңғылы мен Шевченко көшесі
қиылысында Т.Шевченкоға ескерткіш, 2-Алматы темір жол станциясы вокзалының
алдындағы алаңда Абылай ханға ескерткіш және т.б. орнатылды.
1997 жылы 20 қазанда еліміздің астанасы Астана қаласына көшіруге
байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Алматы қаласының мәртебесі
және оның алға қарай дамуы бойынша шаралар туралы Жарлыққа қол қойды,
соған сәйкес Алматы республикалық маңыздағы қала болып табылады. 1998 жылы
1 шілдеде Қазақстан Республикасының Алматы қаласының ерекше мәртебесі
туралы Заңы қабылданып, 2003 жылы 10 ақпанда Президенттің Алматы қаласын
дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы №1019
Жарлығы шықты, мұның өзі қаланың одан әрі дамуының кепіліне айналды.
Алматыда құрылыс салудың қарқынды жүруі, қайта жаңарту мен қала құрылысын
жүргізуді дамыту қалаға қайталанбас көрік беруде. Құрылыстардың басым
бөлігі өз ерекшелігімен тамсандырады және де олар мемлекет қорғайтын
ескерткіштер қатарына жатады.
Қазіргі таңда Алматының бас жоспарында орталықтағы тарихи сәулет
аймағын сақтау бойынша жеке жобалар жасалып, қорғалатын аймақтың нормалары
мен үлгілерін дәлдей түсуге байланысты жұмыстар жалғасып, қайтап қалпына
келтіру шаралары қолға алынатын болады. Бұл тарихи, сәулет, монументальды
өнердің жекелеген ескерткіштерін сақтап қалуға мүмкіндік жасап қана қоймай,
Алматының өзіндік бет-ажарын сақтауға да әсер етеді.
Зертттелу
деңгейі: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ?
Дерек көздері: ХVI ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген
мемлекет қайраткері, Ұлы моғолдар әулетінің негізін салушы
Захириддин Мұхаммед Бабырдың шығармасында мынадай деректер
келтірілген: Ферғана – бесінші климат белдеуінде орналасқан
аймақ, өңделіп-айдалған жерлермен, шығысында – Қашқармен, батысында
- Самарқандпен, оңтүстігінде Бадахшан таулармен шектеседі. Бұрын
солтүстігінде Таразкент кітабында аталған Алмалық, Алмату
және Янғы тәрізді қалалар болғанымен, оларды моғолдар
қиратып-талқандаған, қазір ол жерлерде елді мекен атымен
жоқ. Қирап-бүлінген қалалардың қатарында болашақ Верный
бекінісінің орнында қоныс тепкен, Алмату деген көне атқа
ие ортағасырлық қала аталады.
Алмалық аймағына қатысты аса қызғылықты көне деректі
Рашид-ад Диннің (1274-1318) атақты Жами ат тауарих еңбегінің
Оғыз хан туралы тарауынан табуға болады. Шамамен Х-ХІІ
ғасырларда болған оқиғаларды баяндай отырып, таризшы
Оғыз ханның өзінің кезекті жорығы кезінде Алатаг (Алатау)
пен Алмалық өңіріне дейін жеткенін, Аққайя мекенінде
ардагер сарбаздармен жүздесіп, жолыққанын жазады. Алмалық
атауын географиялық тұрғыдан Іле Алатауының бөктерінен, Алматы
аймағынан іздеген жөн тәрізді. Ақыр соңында, көне теңгелерді
зерттеу нәтижесінде Алматы қаласының тарихы жөнінде
жаңа деректерге қол жетті. 1979 жылы бұрынғы Алматы шекара
училищесінің территориясынан екі күміс теңге табылды. Сыртқы
түрі, көлемі және соғылу тәсілі жағынан олар ХІІІ
ғасырдың соңғы ширегі мен ХІV ғасырдың басында, Масұд бек
жүргізген ақша реформасы кезінде Орта Азия мен Шығыс
Түркістан қалаларында шығарылған теңгелерді еске салады. Олар
Шағатай мемлекетінің 12 ақша сарайында теңгелер арқылы
бұрыннан жақсы таныс Шағатай таңбаларымен қатар
орналастырылған, 1271-1272 және 1306-1307 жылдар аралығы деген
датамен белгіленген. Осы айғақтың негізінде шығыстанушы,
нумизмат В.Н. Настич бұл теңгелердің Жетісуда соғылғаны және ХІІІ
ғасырда қазіргі Алматы территориясында теңге сарайының
болғандығын жорамалдайды. ХІІІ ғасырда қазіргі Алматы бұрынғы
Алматудың орнында ірге тепкен елді мекен.
Жазба деректердің мәліметтері, табылған теңгелер мен басқа
да археологиялық айғақтарға сүйене отырып, көне замандарда
Алмату аталған қазіргі Алматы қаласының іргетасы Х-ХІ
ғасырларда қаланған, оның тарихы кемінде 1000 жылды қамтиды.
Ал Алматы өңірінің ортағасырлық қалалар көтергеннен 3000
жыл бұрын көшпелі тайпалардың қоныс-тұрағы болғаны – тарихи
шындық.
Бұл жұмыстың басты мақсаты – Алматы қаласының мәдениетімен
тарихын, әдет-ғұрпымен дәстүрін таныстыру, сонымен қатар Алматы қаласының
бүгінгі күнгі өркендеуі, саяси-әлеуметтік дамуы, тағы да сол сияқты
туризм орталығына айналдыру мәселесін қолға алу болып келеді.
Бұл жұмыста әртүрлі анықтамалар, газет-журналдар, жылнамалық
көрсеткіштер, ғылыми мақалалар және де интернеттегі баспа жайылымдарды
қолдандым.
І-тарау Алматы ежелгі қазақ даласы.
1.1 Алматы атауы қайдан шыққан?
Өткен заманда (біздің дәуірдің VI-VII ғасырында) қазіргі оңтүстік
астананың жерінде Алматы, Алмалы, Алмалық дейтін елді қоныстармен қалалар,
Алма-Арасан-Алмалы қайнар Алма кеш, Алмалы өткел деген сайлар, өзектер
болған. Қаламыздың қазіргі Алматы деген аты сол ежелгі аттарының бірі.
Жетісуды көне дәуірден қазақтың ірі тайпаларының бірі-үйсіндер
мекендеген. Оған кіретін көптеген рулардың ішінде атақты Шапырашты руы да
бар. Аса қадірлі әрі халқына танымал қайраткер, журалист-жазушы, Қазақ КСР-
ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, республиканьң халық депутаты
Балғабек Қыдырбекұлының мәліметі бойынша Шапыраштының шөбересі Арланның
Алма және Алша дейтін екі ұлы болған. Үлкен ұлы Алма осы жүрген Шапырашты
тайпасының 32-ші атасы болып саналады. Ол еш жерге көшпей және
тәуіпшілікпен айналысқан. Алма атамыз екі өзеннің-Алмалы өзені мен Аюлы
өзендерінің құйылысында Қарағайлы өзенінің бойын мекендеген. Кеменгер әулие
қарт (біз үшін Алма-Ата) Аюлы өзенінің төменгі жағынан жасыл көл орналасқан
асуға дейін жеміс ағаштарын отырғызған. Ол кезде көне Алматының төңірегінде
өзендер мен көлдер болған.
Алматының "Алма-Ата" деген атауы осы қасиетті бабамыздың құрметіне
берілген сияқты. "Алма Арасан" деген атаудьң өзі осы Алма Атамыздың
есімімен,ол кісінің тәуіптілігімен байланысты тәрізді. Аңыздарға қарағанда
ол кісі өсімдікгердің 1500 түрінен дәрі әзірлеген көрінеді.
Қазақ жерін жаулап алған патша билеушілерің тарихта, ұлттық
белгілерде, бұған қоса этимологияда шаруасы болған жоқ. Сөйтіп ескі
атауларын шетінен өзгертті. 1854 жылы салынған алғашқы бекіністі, содан
кейін қаланы Верный деп атады. Оның ежелгі Алматы атын, сол аттас өзеннің
бойында тұрғанын да елеген жоқ.
Алматыны кезінде неге Верный деп атаған?-деген сауалға келетін болсақ
оның мынандай түсінігі бар. Өлкенің сол кездегі генерал-губернаторы
Г.К.Гасфорттың Вера, Надежда, Любовь және София дейтін 4 қызы болыпты-мыс.
Құдіретті губернатор баяғыдан Алматы, Есік, Қаскелең, Талғар деп аталып
келе жатқан мекендерге бекіністер салып, стансалар құрмақ, оларға өз
қыздарының атын қоймақ болады.
Сөйтіп оларға Верино, Надежино, Любовино жөне Софийская деген атаулар
береді. Николай I патшаға Верино деген атау ұнамайды да оны сызып тастап,
үстіне "Верный" деп жазады. Қаланың аты мен қыздарының атгарымен аталған
стансалар Совет үкіметінің алғашқы жылдарына дейін сақталды.
Сөйтіп, бұл қалаға 1921 жылы өзінің ежелгі аты қайтарылды.
Алматы деген орыс құлағына жақсырақ, сұлуырақ естілуі үшін Алма-Ата
болып өзгеріп шыға келгенге ұксайды. Қаланың атын тілдің фонетикасы
бойынша ғана емес, Алматы шын мәнінде алмалы өлке болған соң да, әсіресе
алмалардың атасы апорт өсетіндіктен де солай өзгерткен болуы керек деп
болжаймыз.
Ал, 1993 жылы, Конституция бойынша оңтүстік астана орысша да, қазақша да
Алматы болып жазыла бастады.
1.2 Алматы сақ және үйсіндердің мекені.
Өткен дәуірде Алматының маңы шөбі қалың, өзен аңғары мал жаюға қолайлы
аймақ болды. Алматының біздің жыл санауымызға дейінгі VII-III ғасырларда
сақтардың мекені болғандығына ешкім дау айта алмайды.
Археологтар тапқан ескі заман ескертіштерімен тарихи қүжаттар әуелден-ақ
бұл жерлерді көшпелі және жартылай көшпелі отырықшы тайпалар мекендегеніне
дәлел болады. Оның ішіндегі ежелгі ескерткіштердің ең сүбелісі-сақ
тайпаларының бейіттері (б. з. б. VI-III ғғ).
Археолог-ғалымдардың дәлелдеуінше, бейіттердің салынғанына 2,5 мың жылдан
астам уақыт өткен. Яғни осы өңірде тіршілік сол уақыттан бері бар деген
сөз. Бейітгердің ішіндегі ең ірілерінің биіктігі-20 метр, аумағының
диаметрі-100 метр шамасында. Олардың көпшілігі Үлкен Алматы, Кіші Алматы,
Есентай, Ақсай өзендерінің бойынан табылған. Қазіргі кезде ол бейіттердің
көбі жойылып, тұрғын үйлердің астында қалған. Тек кейбіреулері көбінесе
қаланың солтүстік батыс жағындағылары ғана сақталған.
Бейіттер-біртұтас архитектуралық құрылыстар, олар табытты бөлмелерден,
тас дуалдардан, жер астындағы жолдардан, үймелерден құралған. Бейіт
үймесінің түрі келте конус сияқты. Үйменің жоғарғы қабаты-тастақ, орта
қабаты-топырақ пен ұнтақ тас, төменгі қабаты-жұмыр тас. Оның астында бөлме
мен коридор бар: Тянь-Шань шыршасынан салынған бұл қабірге сақтар өлген
адамдар, кейде олармен бірге аттарында көмген.
Бөлменің оңтүстік және батыс жақтарына ыдыстар қойылған, ал солтүстік
жағына өлген адамның денесі орналастырылған. Табылған молалардың көбі
ертеде талан-таражға ұшыраған. Қала тұрған жерде бейіттерден басқа, жай
қабірлерді қазу, кездейсоқ түрде табылмалар мен қоймаларға кездесу
нәтижесінде сақ қолөнершілерінің бұйымдары ашылды, ол бұйымдар: темір
пышақтар, қанжарлар, қола түйреуіштер, барыстың басы бейнеленген
білезіктер, ақық моншақтар, қоладан тығынша түрде үш тілді етіп құйылған
жебе істіктері, саз балшықтан жасалған ыдыстар, қола қазандар, құрбандық
шаралар мен шырақшамдар, орақтар, келілер, тас кетпен шоттар. Сақтар
негізінде мал өсірумен шұғылданған және олардың бүл кәсібі көшпелі
тұрмыспен байланысты болды: алайда табыттардың ағаштан жасалуына қарағанда,
олар қыстайтын жерлерінде күрделі тұрғын үйлер сала білген.
Сақтар дәуірінен көптеген обалар сақталып қалынған, солардың ішінде,
сақ патшалары "әулетінінің аумақты оба-қорғандары бар". Күні кешеге дейін
мұндай қорғаңдар Верныйдың бір қабатты үйлерімен қатар өмір сүріп келеді,
бірақ олардың бәрі жойылып, орнына Алматының зәулім үйлері салынып
кетгі.Тек бірлі-жарым қорғандар ғана сақталған. Қаланың шет аймақтарында,
атап айтқанда, қаланың шығыс жағында үш қорғаннан тұратын бір топ ескерткіш
сақталған.
Мұндай қорғандарда сақтың белгілі адамдары асыл киімдерімен, алтын
әшекейлермен, бедерлі белдіктермен, қаруы-жарағымен, асыл тастарымен, үй
бұйымдарымен, қыш және ағаштан жасалған ыдыстарымен қоса жерленген.
Сақтардың өз көсемдерін қандай салтанатпен жерлегендерін Алматыдан 50
шақырым жердегі Есік қорғанынан алынған материалдар анықтайды. Қорғанның
диаметрі 60 метр, биіктігі-6 метр. Топырақ үйінді астында екі қабір-орталық
жөне іргелес қабірлер бар. Орталық қабір тоналған да, іргелес қабір өз
орнында. Бұл қабірде басын батысқа беріп, шалқасынан жатқан 17-18 жастағы,
бойы-165 см болған мәйіт жерленген.
Ол басына 200-ден астам алтьш әшекеймен безендірілген шошақ төбелі биік
тымақ киген. Мойнына таққан бұралған алтын алқаның ұшында жолбарыс бастары
бедерленіп салынған. Осы киімдері мен қару-жарағына және обадан бетінде
жазуы бар күміс тостағанның табылуы сақтардың әлеуметтік-экономикалық
дамудың жоғары дәрежеде болғандығын дәлелдейді.
Сақтарға байланысты кездейсоқ табылған жәдігерлердің арасынан қола
шамшырақтарды, күміс шырағдандарды, темірден жасалған қазандар мен құрбан
шалатын үстелдерді айтуға болады.
Алматы шеңберінің кездейсоқ табылғаны мүндай олжалар тұтас коллекция
құрайды. Ол қазандардың көпіпілігі шырақ көздерімен қатар орналастырылып,
жалпы қауымдық немесе тайпалық салтанаттар өткізуге арналса керек.
Ғұрыптық ескерткіштер қатарына құрбандық сәкісі деп аталатындар да
жатады. Ол төртбұрышты немесе дөңгелек үстел түрінде мыстан немесе қоладан
жасалады. Құрбандық сәкісінің сирақтары жануарлардың аяқтары түрінде
жасалып, бет тақтайлары атты адамның, адамдар мен жануарлардың бейнелерімен
әшекейленеді. Арнайы әдебиеттерде әсіресе Верный қаласының маңынан табылып,
В.С.Стрелков жариялаған "Жетісулық алтарь" деп аталатын ескерткіш кеңінен
әйгілі болды. Ол төрт сирақты аласа үстел. Үстелдің бет тақтайының ернеуіне
қанатты барыстың 25 мүсіні салыныпты.
Тағы бір осындай құрбандық сәкісі Алматыда, ашылып қалған қорғаннан
табылды. Ол төрт бұрышы, конус түріндегі тұғыры бар үстел жасалған. Оның
төртбұрышындағы қанатты барыстың бейнелері бекітелген. Дөңгелек таба
түғырына бекітілген құрбандық сәкісі де көпке мәлім. Табанының жиектеріне 7
жолбарыстың мүсіні салынған, ал ортасында екі түйенің бейнесі бар. Қазір
белгілі болып отырғандай, қазандар, құрбандық сәкілер мен қоладан жасалған
өзге де ғұрыптық бұйымдар сақтардың өзгеше бір храмдары мен қасиетгі
орындарының бөлшектері болып табылады.
Егер сақтардың тұрмысын сөз қылғанда, оларда отырықшылықтың белгісі болды
деп болжам жасауға ғана болатын болса, олардың орнын басқан үйсін тайпалары
өздерінің түпкілікті мекендерінде егіншілікпен шүғылданды.
Алматы ірге тасы әуелі сақтар заманында қаланып, біздің дөуірімізге
дейінгі ІІІ-ІІ, біздің дәуіріміздің V-VІ ғасырына дейін өмір сүрген
үйсіндердің тұсында кәдімгі Ұлы Жібек жолымен түйе, қашыр керуені апталап
аялдайтын, халқы қолөнермен, әсіресе алтынмен аптайтын зергерлік өнерімен,
егіншілік, мал шаруашылық, бақшалық кәсібімен шұғылданатын мол тұрғындары
бар абатқа айналған.
Үйсін мемлекеті қытайлар "Үсун-го" деп атаған. Ол үйсін мемлекеті деген
сөз. Үйсін мемлекеті Алматы секілді көптеген қалалармен қоса қазіргі
Қарқара өңірінің Құмтекей деген жерінде "Шығу" деп аталған шахар орнатты.
Оны астана етгі.
"Үйсіндер күшті халық болған. Олардың әміршілері қытай принцессаларына
үйленіп отырған. Бұл жерлерді үйсіндер жеті ғасыр биледі. Бұл жерлерде
үйсіндердің Чыгу деген астанасы, Мыңбұлақ қаласы, солтүстк және оңтүстік
Хинлос, Сүйечан, Гун-юе ордалары мен басқа Дуль қалалары болған. Қазірде ол
қалаларды табу мүмкін емес, өйткені олардың орны жаңсақ көрсетілген" деп
жазды ұлы жаһанкез, ғұлама ғалым Шоқан Уәлиханов.
Қытай тілімен аталап, жазылған осы орда қалалардың біреуі Алматы
болуы да мүмкін-ау деп пайымдасақ, ол да шындықтан алшақ кетпесе керек.
Археологиялық жолмен табылған орақтарға, келілерге және қарапайым суару
жүйелеріне қарағанда, ертедегі үйсіндер егіншілікпен жақсы таныс болған.
Егінші үйсіндер мекендерінің бірі Алматының оңтүстік жағындағы Таулы
қырат совхозының жерінен табылды. Мекендерді зерттегенде археолгтар өзен
құмы араластырылып, саз балшықтан жасалған құмыралар мен тостағандарды
тапты.
Үйсін уақытына жататын өте белгілі олжалардың бірі Алматының жанынан
табылған "Қарғалы диадемиясы". Ол Іле Алатауындағы Қарғалы шатқалындағы
2300 метр биіктіктен жұмбақ жағдайда табылды. Бұл екі бөліктен тұратын Ұзын
алтын тілік. Ұзындығы 35 см, ені 4,7 см. Тілікте -еркек пен ұрғашы
маралдардың тұлғалары өрілген өсімдікті оюлар бар да орталарында алтын құс
тұр, үстінде әйел отырған қанатты жолбарыс: әрі қарай тұғырда тұрған
қанатты ат, арқасында әйел отырған айдаһар, оның астында құс, тағы да
тұғырдағы қанапы ат, ұшып бара жатқан құс, әйел мінген тау ешкісі, ою мен
құс, үстіне әйел отырғызған арқар бейнелері салынған. Осынау тұтас
композицияны үш түрлі бөлікке ат мүсіндері бөліп тұрғандай. Осының
ортасында айдаһар, оның екі қапталында бір-біріне қарама-қарсы тұрған
жануарлар бейнеленген. Жануарлардың көздеріне асыл тастар орнатылған,
денелері көгілдір ақық таспен әшекейленген.
Диадеманы тұңғыш зертгеген А.Н. Бернштамның болжамы бойынша ол шаман
дініндегі әйелдің тәжі болған, жасалу мерзімі біздің дәуірімізге дейінгі I
ғасырдағы біздің дәуіріміздің II ғасырының орталығы.
Ол сонымен қатар диадемадағы суретгің түпкі мазмұнында Иран мен Қытайдың
наным-сенімінің ықпалы да деп шамалайды.
Алайда жаңадан жүргізілген зерттеу жұмыстары суреттің мәнін түсініп,
олардың шығу төркінін айқындауға, тұтас мағынасын ашуға мүмкіндік берді.
Қарғалы зираттарының дәуірі анықталды. Диадемада бейнеленген суреттің өзі
Европа мен Азияға кең тараған құдай ана мен жемістілік құдайы Диониске
табыну салтымен байланысты. Гректің наным сенімдері шығыс халықтарының
көктемгі күнмен теңеулерінде атап өтілетін наурыз сияқты аса маңызды
мерекесімен жақсы үйлеседі. Қарғалы диадемасында Дионистік той-думан
бейнеленген. Дионис мұнда қабылан үстінде салынған, аракідік жолбарысқа да
отырғызып бейнелейді. Дионистік наным сенім бойынша ең басты жануарлар бұғы
мен ешкі, аю болып табылады. Диадемада бейнеленген су құстары аққу,
қаздар жемістілік, құнарлықтың белгісі ретінде көрінген. Қарғалы
диадемасында сонымен қатар дүниенің үш саласы бейнеленген. Олар диадема
бейнеленген өмір бәйтеректің тамыры жалғасатын жерасты тіршлігі: адамдар
мен жануарлар өмір сүретін жер бетніндегі тіршілік және құдайлар мен құстар
мекені-аспан тіршілігі. Тұғырдағы, дәлірек айтқанда, тау шыңындағы тұрған
ат бейнесі күннің символы ретінде, ерекше бір образдардың Жетісу маңындағы,
нақтылап айтсақ, Алматы маңындағы көпшелілердің идеологиясына енуіне Ұлы
Жібек жолы бойындағы байланыстар мүмкіндік туғызды.
Алматы қаласының территориясынан кездейсоқ табылған археологиялық
ескерткіштер де жеткілікті. Мәселен, Алматы қаласындаға Восточная
көшесіндегі №2 үйден ерте көшпенділер дәуіріне жататын үш аяқты, биіктігі
44 ені 35 см 2 мыс қазандық табылған. Сондай-ақ, бұрынғы Дұнған мен Пастер
көшелерінің қиылысынан Орта ғасырларға жататын ұзындығы 55 см, ені 8см
тұратын саз балшықтан жасалған су құбыры, XIII-XIV ғасырға жататын күміс
шағатай тиындары да табылған. Бұндай мысалдарды жүздеп келтіруге
болатындықтан, екі-үшеуіне ғана тоқталып отырмыз Алматы қаласына тиісті
археологиялық ескерткіштер туралы мәліметтерді Археологаческая карта
Казахстана деп аталатын еліміздің ғалымдар шығарған көлемді еңбектен
алдық. Сонғы жылдары Алматы қаласында қаншама жаңа құрылыстар салынды. Сол
құрылыстарды жүргізу барысында құрылысшылар кездейсоқ көптеген ерте дәуірге
жататын археологиялық ескерткіштерге кезіккенін баспасөз беттерінен оқып
жатырмыз.
Әрине, Алматы қаласынаң тарихы көне дәуірмен шектеліп қалған жоқ. Ғалым
Байзақ Қожабекұлы XVI ғасырда жазылған, орта ғасырлардағы үлкен
туындылардың бірінен саналатын, шығыстың талантгы жазушысы, ақын, мемлекет
қайраткері Мұхаммед Бабырдың Бабырнама деген еңбегінде және тарихшы ғалым
Мұхаммед Хайдар Дулатидің Тарих-и-рашиди деген еңбегіне сүйене отырып,
Алматы қаласының тарихына байланысты: Бабыр Бабырнама: Ферғананың
солтүстігінде Алматы, Алмату, сондай-ақ, кітаптарда Отырар аталып жүрген
Янги секілді қалалар болғанымен, Моғол мен Өзбектің шапқыншылығынан кейін
бұл қалар жермен-жексен болып, тіпті жұртында елдімекен де қалмады, -
десе, Мұхаммед Хайдар Алматыны Моғолстандағы ең жұмақ жер деп жазғамен,
елдімекен деп қана өте шығады деп жазды Қожабекүлы Б.
Сөйтіп, қазіргі Алматының орнында ежелден қала болғаны тарихқа, тарих
арқылы белгілі болып отыр.
Сонымен, археологаялық олжалар Алматының тарихын едәуір ұзартып, оны
Шығыстың көне қалаларының қатарына қойды.
1.3 Алмату- орта ғасырлардағы қала орны.
Қала маңы тарихының келесі дәуірі феодалдық заманына жатады, ол кезде
Жетісу Батыс Түркі және Қарлұқ қағанаттарына, содан кейін Қарахан
мемлекетіне енді. Бұл мемлекет құрамаларда үйсіндер, түргештер, қарлұқтар,
чигилдер, яғмалар көп рөл атқарды, кейін олар қазақ халқының құрамына
қосылды. Қарлұқтар тұсында Іле-Алатауы бөктерлерінде және тау өзендері
аймақтаркнда егінші отырықшылар мекендері мен қалалар пайда болды.
Мекендер түпкілікті қыстауларда, қалалар көшпелі ақсүйектердің тұрағы
ретінде қалыптасты.
Әдетте тұрақтар ең қолайлы жерлерде керуен жолдарының тараптарында
орналасты. Бірте- бірте олардың маңына қолөнершілер, көпестер орнықты,
сөйтіп ол тұрақтар тек әкімшілік орталығы ғана емес, әрі қолөнер және
сауданың шоғырланған жері болып қалаға айналды.
VIII-X ғасырда Алматының орнында бірнеше кішігірім елді мекендер болды.
Солардың бірі ежелгі заманда- ақ Алматы деп аталды. Бұл күнде олардың бәрі
жойылған немесе биік үйлердің астында қалған. Бірақ 20 жылдарда олардың
қалдығын көруге болатын еді. Оларды алғаш 1938 жылы өлке танушы Б.Н.
Дублицкий зерттеген. Тау қыратындағы (Горный Гигант) қазба жұмысы
жүргізілген төбе үстіне кейін үйлер түрғызылған, Төбенің көлемі 140x150,
солтүстік батыс қабырғасынан тік бұрышты алаңша (85х40м) қосылған. Биіктігі
0,5-0,7м келетін қабырғамен қоршалған, бұрыштарында дөңгелек мұнаралары
болған. Үстінен жиналған ыдыс сынықтары X-XII ғасырға жатады. Осындай
құрылыс орны Ботаника бағының орнында да болған.
Ол жерден 1969 жылы бірнеше құмыралардан, сырлы сапты аяқтардан және
үлкен хумнан тұратын көмбе табылды. Табылған ыдыстар XI-XII ғасырға жатады.
Шекарашылар мектебінің территориясында жүргізілген
құрылыс жұмыстары кезінде орта ғасыр ұстаханасының орны
ашылған.
XII ғасырдағы теңгелер осы ескі қала орнымен тығыз
байланысты.
Ақша сарайының болғандығы бұл жерде X-XII ғасырда Жетісуда маңызды рөл
атқарған экономикальгқ және саяси орталық болған қаланың орналасқанын
сөзсіз дәлелдейді.
XII ғасырдың басында, бүкіл Жетісу сияқты, Алматы аймағында
монғолдардың жаулап алуы өндіргіш күштердің дамуына, егінші-отырықшылық пен
қала мөдениетінің болашағына зиянды әсер етгі. Іле алқабында көрнекті
қалалар, монғол шапқьшшылығына дейін солардың қатарына жатқан Алмату
(Алматы) қаласы да құлдырап кетті, кішкене қалашықтар, мекендер қаңырап
қалды.
Захириддин Бабур шығармасында: Ферғана- бесінші ықылымдағы уалайат -
деп жазған Бабырнамада. Егіншілікпен айналысатын өлкелермен шекаралас
жатыр. Шығысында Қашқар, батысында Самарқан, түстігінде Бадаһшан
шекарасындағы таулармен шектеледі. Ал оның терістігінде Алмалық, Алмату,
сондай- ақ кітаптарда Отырар деп аталып жүрген Янги секілді қалалар
болғанымен, моңғол мен өзбектің шапқыншылығынан кейін бұл қалалар жермен -
жексен болып, жұртында елдімекен де қалмаған.
Мінеки, Бабырнамадага аталмыш дерек тарихта Алмалық, Алмату деген
қалалардын болғанын анықтайды және ол басқа аймақта емес, қазіргі Алматының
орналасқан жерімен сәйкес келеді.
Ш.Уалиханов Орта ғасырда Қазақстан аумағында
отырықшы -лықтың дамығанын әсіресе Іле аңғарында отырықшылықтың қатты
дамығанын Алмалық шаһарының, Қоңқай, Қайнақ және қазіргі Алматы қалалары
Ұлы Жібек Жолының бойындағы сауда және керуен бекеті міндетін атқарғанын
өзінің Жоңғар очерктері атты еңбегінде атап өтеді. XIV ғасырдағы
оқиғаларды баяндайтын деректерде Алматы Алмалық деп аталады. Бұл атау Шараф
ад- Дин Иезди шығармасында кездеседі. Иезди 1390 жылы Әмір Темірдің
Моғолыстанға жорығын баяндаған тұста айтқан. Темір әскерінің жорығы
Ыстықкөлден өтіп, одан тау жолы арқылы Арджату мен Алматыға соғып, Іле
бойлап Қараталға бет алғанын тізбектей жазған. Демек, Алмалық түріндегі
Алматы қаласының бұдан кейінгі тағдыры белгісіз.
XV ғасырда өмір сүрген Асанқайғы бабамыздың екі Алматы қалашығын
жазғанда, бабамыздың желмаяға мініп, желе жортып Алатауға да келгені еске
түседі, Бабамыз Үш Алматыны да қимай кетіп барамын Алмасы- жүректей,
сарымсағы- білектей... деген екен.
XVI ғасырдың аяғында ежелгі қала шаруашылығы төмендеп кетті. Оның аман
қалған кішкене бөлшегіне Ұлы жүздің Дулат руына жататын қазақтар
қоныстанды.
Дегенмен, қала қирағанмен, тіршіліктің түбегейлі тоқтамағаны шындық.
Ендеше, ондай болатын болса, Алматының тарихын беріден бастауға ешқандай
қисын жоқ.
II тарау Алматы жаңа дәуірде
2.1 Көне Алмату қалашығының орнында - Верный бекінісі
Алматының кейінгі тарихы Ұлы жүздің оңтүстік аймақтарының Ресейге
қосылуымен баянды ету мен шекаралық аудандарды нығайту, орталық саясатын
күштеп енгізу мақсатымен бұл жерлерде әскери отрядтар орналастырды. Іле
сырты өлкесінде Россияның позициясын нығайтуда тірегі болған Алатау, Қапал,
Сергиополь, Лепсі бекіністері салынды. Бүкіл Іле сырты өлкесін Россияға
бағындыру үшІн және оны игеруге қажетгі жағдайлар жасау үшін өлкеде ірі
әскери бекініс салу ұйғарылды.
Верный бекінісі осы көне Алмату қалашығының орнында қаланды. 1854 жылы
4 ақпанда Инженерлер департаментіндегі баяндамасында Николай І-ші
Бекіністі Верный деп аталуына келісемін- деп жазған.
1854 жылы толық құрылыс жұмыстарымен өтті. Алғашқы объектілері
казармалар, оқ-дәрілер мен қару-жарақ қоймалары және әскери азық- түлік
дүкендері болды. 1854 жылдың күзіне қарай Верныйдың алғашқы тұрғындары
казармалар мен ағаш үйлеріңде қоныс тепті. Бекіністі салуда
Перемышельскийдің отрядына қазақ халқы едәуір жәрдем көрсетті. Міне осы
оқиғаны бетке ала отырып, Караван газеті тереңге бойламай, тарихты қолдан
жасауға, Верный бекінісінің салынуымен Астана тарихын таразылайды.
Яғни тоқ етерін айтқанда, Қазақстан Республикасының оңтүстік астанасын
тұрғызған қазақтар емес, казактар болып шығады.
1855 жылдың жаз аяғында қамалға Батыс Сібірден алғашқы жүз казак
отбасымен қоныс аударушылар келіп жетті. Қыс жақындап қалғандықтан, олар
күз бойы уақытша жер үйлерді ғана салып үлгерді. Болашақ станицға қаланың
оңтүстік батыс аймағынан жер бөлініп, инженер Александровский ол жерлерді
көшелер мен кварталдарға бөлген. Көшелер тұрғылықты жердің жер бедеріне,
басым желдің соғу бағытына қарай ескеріліп, оңтүстіктен солтүстікке,
шығыстан батысқа бағытталып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz