Ақтөбе қаласындағы демалыс пен туризмнің дамуы


ЖОСПАР
Кіріспе . . . 3
1 АҚТӨБЕ қаласындағы демалыс пен туризмнің дамуының алғышарттары
1. 1 Табиғи компонентердің және жеке обьектілердің сипаттамалары . . . 5
1. 2 Табиғи ландшафттардың туристтік атрактивтілігі бойынша аудан территориясын аймақтандыру . . . 11
2. 2006-2008 жж. арналған Ақтөбе облысында туристік саланы дамытудың өңірлік бағдарламасы
2. 1 Қаланың туристік инфрақұрылымын және туристік саланың қазіргі жағдайын талдау . . .
2. 2 Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері . . .
2. 2. 1 Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері . . .
2. 2. 2 Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер . . .
3 Ақтөбе қаласындағы іскерлік туризмнің қазіргі жағдайы және оның болашағы
3. 1 Дамытуға қолайлы іскерлік туризмнің түрлері . . .
3. 2 Ақтөбе қаласындағы іскерлік туризмнің болашағы . . .
Қорытынды . . .
Қолданылған әдебитетер тізімі . . .
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі . Туризм - экономиканың, мемлекет пен қоғам дамуының маңызды факторы болып табылады. Туризмді дұрыс жолға қоябілу қыруар пайда табуға жол ашады. Қазақстанның туризмін экономиканың басымдылыққа ие саласы ретінде қарастыруға болады. Республикада туризм мен спортты дамытудың мемлеккеттік бағадарламалары қабылдануда. Шетел тәжірибесінен белгілі болғандай егер мемлекет тарапынан дұрыс және тиімді саясат жүргізілетін болса туризм өзін өзі қамтамасыз ететін және де бұл нарықтың белгілі бір дәрежеде дамуына әкелетін жүйеге айналады. Бүкіл дүниежүзілік туристік ұйымының маркетингтік қызыметтері зерттеулерінің мәліметтері бойынша Ақтөбе облысында туризмді дамытудың мүмкіндіктері мол. Менің курс жұмысымның тақырыбы Ақтөбе облысының туризмінің қазіргі жағдайы мен болашағын ашып көрсету. Ақтөбе облысының туризм жағдайы даму үстінде. . Облыстың туризмі Ақтөбе обылысының әкімшілік тарапынан қолдау табуда. Облыста туризмнің дамуына көптеген мүмкіншіліктер бар. Олар табиғи рекреациялық ресурстар, тарихи-мәдени ескерткіштер. Бүгінгі күні туризмнің инфрақұрылымы, сервис деңгейі нашар дамыған, екінші буындағы білікті туристік кадрлар жетіспейді, автомобиль жолдарының, көптеген мәдениет және тарих ескерткіштерінің қанағаттанғысыз жағдайы, батыстық туристің біздің өлке туралы хабарының аздығы, туризмнің негізгі көрсеткіштерін есептеу әдістемесінің жетілмегендігі, облыстың кейбір аудандарындағы экологиялық жағдайдың қолайсыздығы.
Шыны керек, туризм индустриясын дамыту сан-салалы жұмыстарды жолға қоюдан басталады. Ең бірінші біз өз өңірімізді шетелдіктерге барлық жағаынан таныстыруымыз керек. Олардың қызығушылығын тудырып, туризмды дамыту туралы жаңа бағыттар ашу керек. Сондықтан біз облыстағы инфроқұрлымды дамытуымыз керек және туристік объектілерді тарихи және мәдени ескерткіштерді, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануымыз қажет. Қазіргі таңда Ақтөбе облысында туризімнің қарқынды дамуына бағытталған, тиімді бағдарламалар жасалынып, әрі біртіндеп атқарылуда. Осы курс жұмысымда мен Ақтөбе облыстық түризімнің қазіргі жағдайы және болашағы, оның дамуының ерекшеліктері, мәселелері мен оларды шешу жолдарын қарстырдық. . Ал Ақтөбе облысы болса қазіргі туристердің барлық сұраныстарын қанағаттандыра алатын, ерекше туристік мүмкіншілігі бар орталық болып дамып, жетіле алады. Өйткені облыстың басқа аймақтармен салыстырғанда төмендегідей өзіндік ерекшелігі бар, олар: Экономика салаларының дамуы; тарихи-мәдени ескертіштердің ерекшеліктері; Мұражайлардың, мәдени-көңіл көтеру орындардың, этнографиялық жүйелердің болуы. Сонымен Ақтөбе облысы қазіргі кезде мықты туризм инфраструктурасын дамытуға арналған барлық ресурстар мен факторларға ие. Осылардың барлығы облыста туризм саласының қарқынды дамуына өте үлкен ықпал етеді.
Мен осы тақырып бойынша курс жұмысымда алға қойған мақсатым мен міндетім Ақтөбе облысының туризмінің қазырғы мәселелерін зерттеп туристік индустриясының дамуына аз да болса үлесімді қосу. Тақырып бойынша жұмыс істеу барысында біршама мәліметтер жинақтап оларға талдау жүргізіп, тақырыпты өздеңгейімде ашып жаздым деп ойлаймын. Осы курс жұмысым үш бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде Ақтөбе облысының туристік географиясы мен аудандар бойынша туристік рекреациялық мүмкіншілігін қарастырдым, екенші бөлімде облыстың әлеументтік-экономикалық жағдайына талдау жасадым, үшінші бөлім ең маңызды бөлім болып табылады, себебі мұнда облыстың туристік инфрақұрлымына және дамуға қолайлы туризм түрлері мен оны дамытуына жаңа бағыттары талдау жасалып ұсынылған. Ақтөбе облысы болашақта ел іші - сыртындағы туристерді баурайтын туристік орталыққа айналу үшін инфрақұрылымды, қызмет көрсету деңгейін жоғарлату қажет. Мысалы, туризм саласында инвеситициялық саясат қалыптастырып, облыстағы туризм инфрақұрылымының нашар дамығанын және қаржының шектеулілігін ескере отырып инвеситициялар және жеке капитал тарту есебінен саланы қарыжыландыру мәселесін шешу керек және де облыс ішінде кәсіптік маман даярлау қажет.
Бітіру жұмысының мақсаты- Ақтөбе қаласындағы іскерлік туризм даму мысалында Қазақстан туризмінің перспективаларын анықтау.
Аталған мақсаттарға жету үшін автор алдына келесі міндеттерді қойды:
- Ақтөбе қаласындағы демалыс пен туризмнің дамуының алғышарттарын қарастыру;
- 2006-2008 жж. арналған Ақтөбе облысында туристік саланы дамытудың өңірлік бағдарламасының мәнін түсіну;
- Ақтөбе қаласындағы іскерлік туризмнің қазіргі жағдайы және оның болашағын анықтау.
Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі. Бітіру жұмысында автор шетелдік, ресейлік және посткеңестік, отандық зерттеушілердің еңбектерін пайдаланды . . .
Бітіру жұмысының жазылуы барысында оқу-анықтамалық әдебиет ретінде талқыламалық-анықтамалық сөздіктер, топтамалар қолданылды . . .
Бітіру жұмысының деректік негізін маңыздылық деңгейі мен тақырыптық негізі бойынша үш топқа бөлуге болады: . . .
Деректердің бірінші тобын Қазақстан Республикасының заңнамалық құжаттары кұрайды:
Деректердің екінші тобын статистикалық мағлұматтар құрайды:
Деректердің үшінші тобын интернет құжаттары құрайды.
Бітіру жұмысының әдістемелік негізін хронологиялық, тарихи, салыстырмалы-сараптамалық, индуктивті, дедуктивті әдістер құрайды.
Бітіру жұмысының құрылымы кіріспе, үш тараудан, қорытынды, қолданылған деректер тізімі және қосымшадан тұрады.
2 Ақтөбе облысының демалысты және туризмді дамытудың алғышарттарына мінездеме беру.
2. 1 Демалысты және туризмді дамытудың табиғи алғышарттары .
Ақтөбе облысының территориясы кейбір физикалық-географиялық ерекшеліктеріне қарамастан (шұғыл континентті климаты, судың тапшылығы, аринді типті ландшафттардың болуы, жердің жазықтығы), үзілістік іс-әрекеттердің әр-алуан түрлері мен формаларының дамуына үлкен мүмкіндік береді.
Ақтөбе облысы Қазақстанның солтүстік-батысында, 45 о 10 / -51 о 20 / солтүстік ендік және 53 о 35 / - 64 о 15 / шығыс бойлық аралығында орналасқан. [65] Оның территориясы оңтүстіктен солтүстікке қарай 700км, шығыстан батысқа қарай 800км жерді алып жатыр. Ақтөбе болысының жалпы көлемі 300, 6 мың км 2 (немесе Қазақстан территориясының 11%-ын алып жатыр) . Солтүстігінде облыс Ресейдің Орынбор облысымен, шығысында - Қостанай және Қарағанды облыстарымен, оңтүстік-шығысында- Қызылорда облысымен, оңтүстігінде үлкен Арал теңізімен шайылып, Өзбекстанмен, батысында- Манғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарымен шектеседі. Сонымен қоса Ақтөбе облысы- Шығыс бөлігін снауға ламай, солтүстігі мен оңтүстігінде ТМД елдерімен, тағы республиканың саяси-экономикалық аудандарымен тығыз байланысты, Қазақстанның жалғыз облысы болып саналады.
Еуразияның ең тереңдігінде орналасқанымен, Ақтөбе облысы жердің екі бөлігінде шоғырланған- Еуропада және Азияда. Қазақстан аумағында тағы осы жер бөліктерінің шекарасы Орал тауларынан, Ембі өзенінен және Каспий теңізінің солтүстік бөлігінен өтетіні бізге мәлім. Оның орналасқан жерінде алғашқыдан-ақ геологиялық, геоботаникалық және басқа да ерекшеліктерін алдын ала белгіледі.
Негізінен Ақтөбе облысынында туризмнің және демалыстың қарқынды дамуына, оның көлемі, географиялық орны және солтүстігі мен оңтүстігінде көршілес мемлекеттермен шекарасының көптігі әсер етеді.
2. 1. 1 Жеке объектілері мен периодтық компоненттерінің мінездемесі.
Ақтөбе облысының қазіргі жер бедері үстірт зоналарының, таулы жерлердің, қара топырақты алқаптардың және біршама жазық аймақтардың алмасуымен бірге Қазақстанның таулы-жоталы жазықтықтарын алып жатыр. Облыстың солтүстік және орталық аймақтары неғұрлым жоғары орналасқан (300-600м), ал батыс және оңтүстік-шығыс жерлері керісінше төмен (100-200м) болып келеді. Облыстың территориясының орташа биіктігі- теңіз деңгейінен 250-300м бола тұрып, жер бедері әр түрлі және бөлшектелген: горизонталь бойымен 2-5км/км 2 және вертикаль бойымен 20-50м [67] . Биік тауы Мұғалжардағы Үлкен Боқтыбай (657м), аласа тауының биіктігі -Үстірттің етегі (18м) . [65]
Мұғалжар тауынан Орал тауының оңтүстігіне дейін және Ор-Іле жотасы, Батыс Қазақстанның кембриға дейінгі заманындағы метаморфтық тау жыныстары мен палеозой кезеңіндегі магмалық, кембри мен перм кезеңдерін қоса алғандағы тау жыныстары алып жатыр.
Мұғалжар тау жүйесі өзімен бірге, Ор өзенінің с. е 48 о дейін созылып жатқан аласа тау жоталарын қамтыған. Таудың оңтүстік жағында Дәутау(619м), Айрық немесе Екі Бауыры(634м), Бершоғыр(638м), және бүкіл Батыс Қазақстандағы ең биік шыңы Үлкен Боқтыбай(657м) орналасқан.
Таудың жер бедері жоталы-тізбекті Ембі өзенінің жоғарғы ағысына дейін, Ор өзені мен Ырғыздың да ағыстарына дейін созылып жатыр. Ақтөбе облысының жоғарғы аймақтары Батыс Қазақстанның, палеозойдың соңғы кезеңінен бастап бір де бір рет су астында болмаған жалғыз аймақ. Осы да басқа да көптеген факторлар бұл жердің ерекше әр-түрлі геологиялық-геоморфологиялық объектілердің қалыптауына ықпал еткегдігі бізге мәлім. Мысалы: Шуылдақ палеовулкандық кратер, Тікбұтақ жырасы т. б.
Организмдердің қалдықтары белгілі бір мерзімдегі, белгілі бір аумақтағы тіршіліктің өркендеп дамуына үлкен ықпалын тигізетінін білеміз. Мысалы: Мұғалжардың батыс жағындағы құмдарында көптеген кесірткелердің алуан түрлерін байқауға болады. Тағы бір мысал Раманкөл және Ор өзенінің жағалауында көптеген субтропиктік зоналардың өсімдіктері табылған: лавр, фикус, грек жаңғағы, магнолий секілді. Бұл өсімдіктер шөлді жердің кішігірім оазистарында өсіп жетілді жеуге болады.
Ор-Ілек жотасы, Ілек және Ор өзендерінің ортасында орналасқан. Жотаның орталық жағы биік үстіртті, орташа биіктігі 350-500м, арғы жағында біршама аласарып отырантын алқапты алып жатыр. Орал өзенінің сол жақ саласы мен Тереклі өзенінің оң жақ саласында Тереклі Тауы орналасқан. Жақсы-Қарғалы өзенінің жоғарғы ағыстарының ауданы Қарғалы таулары деп аталады. [68] . Мұндай биіктік аймаққа негізінен үш пейзажқұрушы фактор әсер ете алады: үстірттің бөлшектілігі, территориянвң бос және орманды болуы. Ор-Ілектің батысы мен басқа да аймақтары тізбектік үстірттер мен және ландшафттармен сипатталады. Үстірттің құрылымында, Шілісай өзені аймағында гипстік үңгірді көруге болады (Жақсы Қарғалы өзенінің оң жақ жағалауы), шұңғырдың түбінен беткейіне дейін кристалдық гипспен қапталған. И. А Костанье 1916ж өз зерттеулерінде бұл құбылыс туралы айтып өткен. [69]
Табиғаттың сирек туындылары- рифтер, әктасты балдырлар Ақтасты өзенінің аймақтарында кездеседі (Жақсы Қарғалының сол жақ жағалауы) және Жақсы Қарғалы өзенінің оң жақ жағалауында да. Геолог Р. А Сегединов басқа да геологиялық объектілерді анықтап сипаттаған [70] .
Әр-түрлі табиға және жасанды тастар нағыз табиғатты сүйетін адамдарды таңғалдырады. Геолог Б. Е Мелецкийнің [71] айтуы бойынша, Ақтөбе облысының яшмаларының ерекше сапасы Ордың және Оралдың белгілі яшмаларынан кем емес. Ор-Ілек жотасында орналасқан Анастасъевтің туған жеріндегі яшмалардың түрлі-түстілігі неғұрлым танымал болып келеді. Соңғы жылдары тастарды құрметтеушілер арасында үлкен атаққа ие болған Шандинскідегі агттардың пайда болуы, олар Ор-Ілектің жоғарғы жоталарында және Мұғалжардың оңтүстік-батысында бар. Оралдың маңындағы жон Ақтөбе облысының батыс аймақтарын алып жатыр, оның үсті бөктерлі-құламалы, көптеген кішігірім өзендермен және сайлармен бөлшектелген. Сондықтан беткейдің орташа қалыңдығы 2-5 км/км 2 . Орташа көлемінің вертикалды бөлшектенуі 20-50м-ге дейін тебіренеді. Абсолюттік биіктігі солтүстік-шығысында 350м-ден, батысы мен оңтүстік батысында 80-100м-ге дейін жетеді. Жонның ерекшелігі ландшафттың құрылысы мен үстірттің сипаттамасы бойынша анықталады.
Жонның бірінші ерекшелігі- турткулдардың(жазық шыңдардың қалдықтары) бар болуы. [67] . Турткулалар мұз басу кезінде пайда болды. Жылы сулардың күшті ағыстары Орал маңының жазықтарына бет бұрғанда, жерді шайып және бөлшектеп жіберген болатын. Жердің неғұрлым берік және тығыз аймақтары шайылу кезінде өзгеріске ұшырап әлсіреп, өзіне тән ерекше формаларына ие болды. Сарықобда және Қарақобда өзендерінің арасында Ұйташ атты үшкір шыңды турткулалардың көпшілігі шоғырланған. Байсары және Бесоба тауларының турткулалары да қызықтырады.
Жонның екінші ерекшелігі- бор құрамдас таулардың, жоталардың, үстірттектес жоталардың болуы. Академик Чибилев Орал маңы жонын «ақ горнизондар әлемі» деп атаған, өйткені Қазақстанның бір-де бір жерінде осындай бор құрамдас аумақтар жоқ. Орал маңы жерлерінде Үлкен Қобды жағалауындағы Шаңғырау, Үіл, Ақтолағай өзендерінің, ембінің оң жақ саласында көптеген қызықты бор құрамдас объектілерді көруге болады. Ақтолағай аймағы облыстың ең таңғалдырарлық жерлерінің бірі. Геолог Р. А Сегединнің айтуы бойынша ағынды сулар, күшті желдер жонды бөлшектетіп тастайды және оның орнында биік күн көзіне шағылысып тұратын ақ қалдықтары қалған, олар Үндістанның экзотикалық сарайларын еске түсіреді дейді. [70]
Үшінші ерекшелігі- бірнеше жүз м тереңдікке 1-2км орналасқан күшті тұздардың арқасында, тұзды тектоникалардың ландшафттарының құрылуы мен дамуына әсер етеді. Тұзды структуралардың морфоструктуралары ландшафттардағы өздеріне тән ерекше формалардың жер бетіне шығуына ықпал етеді. Орынбордағы Орал тауында ьабиға қорлардың көптеген ескерткіштері тұзды тектоникамен байланысты екендігін көрсетеді.
Жонның төртіншң ерекшелігі-бұл ауданның өзендерінің ұзын және ерекше болып келуі. Каспийдің трансгрессиялық замандарында теңіз өзендерінің ағысы бойымен терең жерлеге дейін барып, түбінде теңіздік және құрлықтық қалдықтарын қалдырған.
Сонымен, Орал маңы жонын геологиялық-геоморфологиялық ескерткіштердің мұражайы деп атауға болады.
Ақтөбе облысының оңтүстік-батысындағы Үстірт жоны өзінің биік жарлы-шыңдарымен шектеледі. Жонның морфоструктурасы орташа тығыздалып бөлшектенген 5-10 км/км 2 , бөлшектенідің тереңдігі- 2-10 м-ге дейін барады. Жонның беті жазық, түзу, эррозиядан сақталған. Үстірттің кейбір аймақтарында красттық формадағы рельефттер дамыған: үңгірлер, лйыстар (Сам) айналасында кішкене құм алаптары, сортанды шұңғымалар (Асмантай) кездеседі. [74] Шыңдардың үстірттері оның геологиялық құрылымымен байланысты. С. В. Викторовтың болжамы бойынша, шыңдардың құрамында балшықтың, құмның, әр-түрлі механикалық құрылғыдағы бор құрамдас заттардың болуы, қоршаған ортаның ерекше шұбарлануына әсер етеді.
Облыстың ең батысында орналасқан Каспий маңы ойпаты үстірттік анықтама бойынша абсолюттік биіктігі-100м-ден төмен мінсіз жазықтардан тұрады. Горизонталь бойымен бөлшектенудің орташа тығыздығы- 20-5км/км 2 , вертикальдық бөлшектену тығыздығы- 20м-ге дейін жетеді. Бұл жердің территориясы ертеде теңіз түбі болған, нәтижесінде Орал маңы жонынан ағып келетін аллювилі өзендермен толтырылған.
Тұзды торғай жоны Мұғалжар тауының шығысында орналасқан. Жонның Ақтөбелік бөлігі Ұлықаяқ өзенінің жоғарғы ағысында шектеліп, 100-350м абсолют биіктікте тербеледі. Горизонтальдың орташа бөлшектенуі- 2-5км/км 2 , кейбір аймақтарда 10-25км/км 2 . Жонның қырларын 0, 1-2км/км 2 -қа дейін қатты тілімделіп, тұзды қалдықтардың шыңдарына айналған. Жонның вертикаль бөлшектенуі- 5-10м.
Торғай жонымен Үстірт жонының арасында Тұран ойпатының морфологиялық көрсеткіштері орналасқан: Горизонталь бойымен тығыздығы- 2-5км/км 2 , вертикаль бойымен- 10-20м.
М. В. Новоточинның байқауынша, [76] Үлкен және кіші құмдар мен ойпаттың басқа да аймақтарындай, өзіне деген үлкен қызығушылықты арттырып отыр.
1913ж Шалқартеңіз көлінің солтүстігінде геологтар ірі сүтқоректілердің сүйегін, сонымен бірге мүйізі жоқ мүйзтұмсұқтың, биіктігі -7м индрикотерияның да қалдықтары табылған. [68] Ақтөбе облысы- бұл жануарлардың қалдықтары бірінші болып табылған жер саналады. Шалқартеңіз көлінің шығысында 5000 жыл бұрын үлкен Жаманшын метеориті құлап жарылғандығы туралы дерке бар. Қазіргі кезде метеорит құлаған орны диаметрі- 6, 5-7км үлкен шұңғыр түрінде танылады. Кратердің ерекше құрылымы тұқымдардың күйіп балқуына әсер етеді. Күйген кезде қызарып, шынылар мен шлақтар (импактиттер) тығыз және бытыраңқы болады. [77]
Сонымен, Ақтөбе облысы территориясындағы ойпаттар мен жондардың алмасуы, спорттық-денсаулықты дамыту мамандарының жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызады. Бұл мақсатта, тереңдігі мен тығыздығының бөлшектенуінің ішінде ең қолайлыларын анықтап алу керек. Соның өзінде Жаманшын кратері Ақтолағай, Ақшатау, Бершоғыр таулары секілді бөліктері туризмнің дамуына үлкен қызығушылық туғызып отыр.
Ақтөбе облысының климатының сібір, арктикалық, континетті және тропиктік ауа массалары, ауа райының жиі ауысуына ықпалын тигізеді. Облыстың жзалпы сипаттамасы оның географиялық жағдайына қатысты: қысы суық, ызғарлы, жазы ыстық, көктемгі мерзімі қысқа, атмосфералық жауын-шашын аз түседі. Қаңтардың орташа температурасы солтүстігінде-15, 1 о С, оңтүстігінде-15, 5 о С, Шілденің орташа температурасы солтүстігінде- +22 о С, оңтүстігінде- +25, 8 о С. Ауа тмпературасы абсолюттік минимумы-47 о С дейін жетеді (Мұғалжарда), ал басолют максимумы- +45 о С (Ырғыз тауында) . Облыс территориясының жылдық орташа жауын-шашын мөлшері солтүстіктен оңтүстікке 330-дан 130мм ауысады. Желдің орташа жылдық жылдамдығы- 3, 5м/с-нан 6м/с-на дейін.
Туризммен демалыс орындарының аймақтық дамуынаң негізгі қозғаушы ресурсы- климат болып табылды. Климаттың теориялық және физиологиялық классификациясының әдісін И. С. Кандрор, Д. М. Демин және Е. М. Ратнер ойлап тапқан. Рекреациянвң дамуындағы ауа райының типтерін анықтау үшін, Н. А. Данилованың методикасы қолданылады. [43] Сонымен қатар климаттың сәттілік дәрежесі жайлы күндер санымен анықталады. Оған: комфортты, салқын субкомфотты, ыстық субкомфортты күндерді жатқызамыз.
Ауа райының ең жайлы типі- ол рғзаның термоқадағалағыш кернеудің минималды шартында, рекреациялық шынығуына мүмкіндік беретін климат. Субкомфортты ауа райында: ыстық, салқын кездерде, жазғы туризм мен демалыс орындары шектеледі. Ыстық ауа райында ең жақсы жылу сезімділігі өзен жағалауларында, көлдерде, су қоймаларында байқалады. Ал салқын ауа райының артықшылығы- денсаулықты жақсарту үшін рекреациялық жаттығулары, мысалы: велосипед тағы да басқа туризм түрлері. Рекреациялық мақсаттарда белгілі бір туристтік кез болатын ауа райын бағалау қажет. Белгілі бір айлар мен жылдардың орташа есеппен алғанда әр -қалай мінездеме беру қажет. [78] Жылы ауа райының ұзақ мерзімге созылу кезінде, демалыс орындары мен туризм қажет ететіні, орташа күнделіктік температура- 10 о С-22 о С [44] және жел жылдамдығы. Сонымен қоса, адам ағзасына зиян келтіретін метеорологиялық элементтер мен атмосфералық құбылыстар ауа райының сәттілігін анықтауға үлкен назар аударуда. Мысалы: ұзақ және қатты жауын-шашын, тұман тағы да басқалары. [79, 80] Зерттеу жұмыстары кезінде, ондаған жайлы күндердің ішіндегі бір-екі жайсыз күндер туристтердің назарына түспейтіндіктен, санауға алынбай жайлы ауа райының қатарына кіргізілген болатын. Ал ұзақ дискомфортты ауа райының арасында бір-екі жайлы күндерді керісінше өзгеріс туғызбағандықтан санауға алмаған. Сондықтан зерттеулер нәтижесінде екі көрсеткішке ие болған: 1-жайлы күндер саны; 2-сәтті ауа райының ұзақтығы. (1-кесте) . Ақтөбе облысының туризммен жазғы демалыс үшін :
1-кесте: Жылдық жайлы күндкр саны мен жайлы ауа райының ұзақтығы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz