Акциялар мен облигациялар түрлері



1. Акциялар түрлері

2. Облигациялар түрлері

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Акция – үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз. Акция қоғам шығаратын және орлардың түрлері мен категорияларына қарай акционердің дивиденд алуға, қоғамды басқаруға қатысуға және қоғам таратылған жағдайда оның қалған мүліктерінің бір бөлігін иемдену құқығын куәландыратын бағалы қағаз. Ол иемденушісіне қоғам капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқығын береді. Қоғам қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады, яғни акция – қолдану мерзімі шектеусіз бағалы қағаз. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционер оны екінші нарықта сатуына болады.
Акцияда жазылған сома оның көрсетілген(номинал) құны деп аталады. Көрсетілген құн қоғамның жарғылық капиталының бір акцияға шаққандағы бағасын білдіреді. Алайда, акцияны шығарған қоғам оның нақты бағасы қандай болатынына кепілдік бермейді. Нақты бағаны тек нарық айқындайды. Нарықтағы акцияны сатып алу-сату бағасын акцияның бағамы(курсы) деп атайды. Бұл баға акцияда жазылған бағадан өзгеше: ол көрсетілген құннан жоғары да, төмен де болуы мүмкін. Демек, акцияның эмиссиялық және нарықтық бағасын, сондай-ақ дивиденд мөлшерін анықтау үшін оның көрсетілген құны бағдар тәрізді болады. Қоғам таратылған жағдайда акционерлерге тиесілі оның мүлкінің үлесі акцияның номиналы мен санына пропорционалды есептеледі
Акционерлік қоғам құрылғанда оның акциялары жарғылық оның акциялары жарғылық капиталға қосқан салымына тең көлемде құрылтайшылар арасында орналастырылады. Сөйтіп акция:
• Жаңадан акционерлік қоғам құрып, оның жарғылық капиталын қалыптастырғанда;
• Меншікті акцияландырғанда, яғни кәсіпорынды акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда;
• Қоғамның жарғылық капиталын қосымша молайтқанда шығарылады.
Жарғылық капитал деген шығарылған акциялардың бастапқы жиынтық құны. Ол, өз кезегінде, айналымдағы капитал (жай және артықшылықты акциялар) және қоғамның портфелінде қалған бағалы қағаздар болып бөлінеді. Оларды қоғам кез-келген уақытта өз ойынша пайдалана алады.
Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капиталын ұлғайту және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден-бір түрі.
Акция бір жағынан, бір акционерден басқаға беру тәсілі бойынша атаулы және иесі ұсынушы болып екіге бөлінсе, екінші жағынан, қоғамды басқаруға қатынасу құқығы бойынша – жай және артықшылықты акция деп те екіге бөлінеді. Қоғам тек өзінің жартысында бекітілген акцияларды ғана шығара алады.
- «Современные фондовые рынки», Рубцов Б.Б.

- «Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі», Көшенова


- www.rfca.kz

- «Шет елдер қор нарығы»,

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. Акциялар түрлері

2. Облигациялар түрлері

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Акциялар түрлері

Акция – үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз. Акция
қоғам шығаратын және орлардың түрлері мен категорияларына қарай акционердің
дивиденд алуға, қоғамды басқаруға қатысуға және қоғам таратылған жағдайда
оның қалған мүліктерінің бір бөлігін иемдену құқығын куәландыратын бағалы
қағаз. Ол иемденушісіне қоғам капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне
заң жүзінде меншік құқығын береді. Қоғам қанша уақыт жұмыс істеп тұрса,
акция да сонша уақыт қолданылады, яғни акция – қолдану мерзімі шектеусіз
бағалы қағаз. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін.
Акционер оны екінші нарықта сатуына болады.
Акцияда жазылған сома оның көрсетілген(номинал) құны деп аталады.
Көрсетілген құн қоғамның жарғылық капиталының бір акцияға шаққандағы
бағасын білдіреді. Алайда, акцияны шығарған қоғам оның нақты бағасы қандай
болатынына кепілдік бермейді. Нақты бағаны тек нарық айқындайды. Нарықтағы
акцияны сатып алу-сату бағасын акцияның бағамы(курсы) деп атайды. Бұл баға
акцияда жазылған бағадан өзгеше: ол көрсетілген құннан жоғары да, төмен де
болуы мүмкін. Демек, акцияның эмиссиялық және нарықтық бағасын, сондай-ақ
дивиденд мөлшерін анықтау үшін оның көрсетілген құны бағдар тәрізді болады.
Қоғам таратылған жағдайда акционерлерге тиесілі оның мүлкінің үлесі
акцияның номиналы мен санына пропорционалды есептеледі
Акционерлік қоғам құрылғанда оның акциялары жарғылық оның акциялары
жарғылық капиталға қосқан салымына тең көлемде құрылтайшылар арасында
орналастырылады. Сөйтіп акция:
• Жаңадан акционерлік қоғам құрып, оның жарғылық капиталын
қалыптастырғанда;
• Меншікті акцияландырғанда, яғни кәсіпорынды акционерлік қоғам
ретінде қайта құрғанда;
• Қоғамның жарғылық капиталын қосымша молайтқанда шығарылады.
Жарғылық капитал деген шығарылған акциялардың бастапқы жиынтық құны.
Ол, өз кезегінде, айналымдағы капитал (жай және артықшылықты акциялар) және
қоғамның портфелінде қалған бағалы қағаздар болып бөлінеді. Оларды қоғам
кез-келген уақытта өз ойынша пайдалана алады.
Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капиталын ұлғайту
және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден-
бір түрі.
Акция бір жағынан, бір акционерден басқаға беру тәсілі бойынша атаулы
және иесі ұсынушы болып екіге бөлінсе, екінші жағынан, қоғамды басқаруға
қатынасу құқығы бойынша – жай және артықшылықты акция деп те екіге
бөлінеді. Қоғам тек өзінің жартысында бекітілген акцияларды ғана шығара
алады.
Атаулы акция – иесі міндетті түрде қоғамның реестрінде тіркелуі тиіс
акция. Акционерлер кітабында оны қанша және қай уақытта алғандығы туралы
жазылған акция иесі ғана акционер деп есептеледі.
Ұсынушы акциясы – иесінің аты-жөні қоғам кітабында тіркелмеген акция.
Кітапта ұсынушы акциясының жалпы саны ғана көрсетіледі.
Қоғамға басқару жағынан қолында атаулы акциясы бар акционерлер
қолайлы. Себебі ол акционерлік капиталдың және бағалы қағаздардың
қозғалысын, сонымен қатар бағалы қағаздардың кейбір акционерлердің қолында
шоғырлануын, олардың бұл мемлекеттен кеткенін реттеп және бақылап отыруға
мүмкіндік береді. Акционерлердің көзқарасы тұрғысынан қарағанда, әсіресе,
қысқа мерзімді мүддені көздеген акционерлер ұсынушы акциясын қолдайды.
Себебі еш жерде тіркелмеген бұндай акцияларды екінші нарықта еркін сатуға
болады. Ал атаулы акцияны еркін қолма-қол ақшаға айырбастауға
болмайтындықтан олардың өтімділігі акционерлерге кейбір жағдайда қолбайлау
туғызады.
Акцияның осы екі түрін айналымға түсіру жолдары да әртүрлі:
Біріншіден, сату механизмі бойынша. Атаулы акцияның иесі оларды
қоғамнан сатып алғанын куәландыратын барлық акция саны толтырылған бір
сертификат алады. Бұл акцияларды сатқанда сертификаттың сырт жағында екі
жақтың қолы қойылған индоссамент белгісі қойылады. Содан соң
акционерлердің тізіміне өзгеріс енгізу үшін сертификат қоғамға жіберіледі.
Содан кейін ғана акциялардың жаңа иесі акцияларға жаңа сертификат алады.
Ұсынушы акциясын сатқанда оны иемденушілер тікелей, яғни қолма-қол
сатып алушыға береді.
Екіншіден, акцияның осы екі түрінің жаңа данасын(тиражын)
иемденушілер құқығын белгілеу тәртібі де әртүрлі. Бұл туралы атаулы акция
иесі қоғамнан хабарландыру хат алса, ал ұсынушы акциясына бұндай механизм
жүруі мүмкін емес. Ұсынушы акциясыснда кесіп алатын купоны(талоны) болады.
Соны толтырғаннан кейін қоғамға жіберіп, өзінің меншік құқығын іске
асырады.
Үшіншіден, ұсынушы акциясының номиналы тым жоғары болмайды, бірақ ол
өте көп тиражбен шығарылады, ал атаулы акцияның номиналы әртүрлі мөлшерде
бола береді.
Қоғамды басқаруға қатынасу құқығы бойынша акция жай және артықшылықты
болып бөлінеді.
Жай акцияларды иеленушілердің қоғамның түсірген пайдасының мөлшеріне
байланысты дивиденттер алу құқығы, жиналыстарда дауыс беру арқылы қоғамды
басқаруға қатысу құқығы және қоғам жабылып қалған жағдайда несие
берушілермен есеп айырысқаннан кейін мүліктің бір бөлігін алу құқығы бар.
Құқықтар акция мөлшеріне сәйкес көлемде жүзеге асырылады.
Әрбір жай акция өз иесіне бір дауыс үлесін береді. Әйтсе де жай акция
дивиденд алуға кепілдік бермейді. Себебі дивиденд қоғамның шаруашылық
нәтижесіне байланысты беріледі. Дивиденд қоғамның таза пайдасының бір
бөлігі, басқаша айтқанда, дивиденд төлеу пайданың салық төлегеннен қалған
қалдығын бөлуге негізделген. Дивидендтің мөлшеріне күшті өзгерістердің әсер
етуі кездейсоқ жәйт емес.
Жай акцияны иеленушілердің өкілеттіктері:
1. Директорлар кеңесін сайлауға дауыс беруге және сол кеңеске өзі
сайлануға құқылы. Директоратқа сайланғанда кейбір қоғамның жарғысында кей
жағдайда мүлік цензі көрсетіледі, яғни үміткердің қолындағы жай акцияның ең
төменгі қажетті мөлшері көрсетілуі тиіс.
Директорлар кеңесі жылдық балансты және таза пайданы бөлу жобасын
дайындайды. Табысты бөлу – қоғам меншігін оның акционерлері арасында
дивиденд ретінде үлестіру деген ұғым.
2. Дивиденд алу құқығы. Дивиденд мөлшері қоғамның жылдық қаржы
айналымына байланысты анықталады. Оны тоқсан сайын (әрбір үш айда бір)
төлеуі мүмкін, Дивидендтің бірнеше түрі бар:
• Қолма-қол төленетін дивиденттер. Бұл табысты бөлудің ең кең
тараған түрі. Ол бір жай акцияға есептеліп төленеді;
• Мүліктік дивиденттер. Бұл табысты бөлудің мүліктік формасы
акционердің қолындағы акция санына пропорционалды анықталады.
Қоғам дивидендтің бұл типін әдетте өзі жабылу кезінде қолданады;
• Акция формасындағы дивиденттер. Бұл қосымша акциялар акционерлер
арасында акционерлердің қолындағы бұрынғы акция санына
пропорционалды бөлінеді. Дивиденд төлеудің бұл түрі қоғамның
өзін-өзі қорғап қалуын қамтамасыз етеді.
Қолма-қол төленетін дивидендтер баланстың активі мен пассивін және
қолма-қол ақша қаражаты қозғалысы ведомостын тексергеннен кейін ғана жүзеге
асырылады. Дивиденд дұрыс төленбеген жағдайда қоғам жауап беруге міндетті.
Дивиденд акционер табысының тек бір ғана бөлігі. Оның екінші бөлігі акция
бағасының өзгеруіне байланысты қалыптасады.
3. Жай акция бойынша меншік құқығын басқаға беру деген акционер
өзінің акциясын я сатып, я сыйға беріп, я өсиетке қалдырып жүзеге асыруы.
Сонымен қатар акция банктен несие алғанда кепілдікке де беріледі.
4. Қоғамдағы акционерлердің мүліктік мүддесін қорғауға дауыс беру
құқығы. Бұған, мысалы, жаңа бағалы қағаздар шығару, қоғамның актиатерінің
бір бөлігін сату сияқты мәселелер жатады. Активтер болып қоғамның барлық
қозғалмайтын және қозғалатын меншігі: жер, құрылыс, мүлік, қолма-қол қаржы
және с.с. есептеледі.
5. Қоғамның қаржылық есебін тексеру құқығы, мысалы, акционерлердің
реестрін тексеру.
6. Шектеулі міндет құқығы. Қоғам банкротқа ұшырағанда акция сатып
алуға шығарған акционердің ақшасын қайтаруға кепілдік берілмейді.
7. Қоғам жабылған кезде оның активінің бір бөлігін алу құқығы, яғни
жабылу дивидендін алу мүмкіндігінің болуы.
Қоғамның міндеттерін өтеу тәртібі бойынша, ең алдымен қоғам
мемлекеттің және адвокаттардың, содан соң белгілі-бір тәртіппен өзіне несие
берушілердің, ал ең соңында артықшылықты акция иелерінің және жай акция
иелерінің талабын орындайды.
Директорлар кеңесі, жоғарыда айтып кеткеніміздей, қоғам
акционерлерінің жылма-жыл өтетін жалпы жиналысында сайланады. Дауыс берудің
екі әдісі болады. Тікелей дауыс беру – ол жай көп дауыс алу деген ұғым. Ол
әрбір акционердің қолындағы акция санына тең дауыс беру. Сонымен қатар,
дауыс беруде сенімхатты да пайдалануға болады. Акционерлердің жиналысында
біреудің акциясы негізінде басқа біреу сенімхатпен дауыс беруіне
өкілеттілік алады.
Әрбір қоғам (егер ол оның жарғысына қарсы болмаса) А және Б
сериялы жай акцияларды шығара алады. Әлбетте, А сериялы акция қоғам
құрылтайшыларына, яғни оның жарғысына қол қоюшыларға, ал Б сериялы басқа
инвесторларға тиесілі. А сериялы ақцияны иемденушілердің үлкен құқығы
және көптеген дивиденд алатын мүмкіндігі бар. Бұл мүмкіндік тәуекелдікке
берілген төлем тәрізді. Б сериялы акция акционерлерге дауыс құқығын
бермейді. Көптеген қоғамдар жай акцияның номинал құнын бекітеді. Ол бір
акцияға шаққандағы жарғылық капиталдың мөлшерін көрсетеді. Номинал құны
акцияның нарықтық бағасының одан әрі қозғалысына ешқандай әсер етпейді. Ол
акцияны тек алғашқы орналастырғанда ғана маңызды роль атқарады. Номинал
құны – ол акцияның эмиссиялық бағасы.
Егер акция көпшілікке сатылып кетсе, онда оның бағамын сатуға
қатысқан барлық инвесторлар қалыптастырады. Акцияның нарықтық бағасын
сатушының төмендеткен төменгі бағасы мен сатып алушының төлейтін жоғары
бағасы анықтайды. Акцияның нарықтық бағасы сұраныс пен ұсыныс негізінде
айқындалады.
Акцияның эмиссиялық және нарықтық бағаларынан басқа, оның баланстық
бағасы да болады. Акцияның баланстық бағасы – қаржылық есептің құжаттары
негізінде анықталып, бухгалтерлік немесе кітаптық баға деп аталады. Ол
активтің таза құнын орналастырылған акция санына бөлгенге, немесе бір
акцияға келетін акционерлерге тиесілі капиталдың көлеміне тең.
Қоғам жай акцияның номиналын көрсетпей де шығаруға құқығы бар. Онда
ол нарықтық бағаммен сатылады. Бұл жағдайда акцияның сертификатында
қоғамның капиталы бірнеше үлеске бөлінгені көрсетіледі. Қоғам жабылғанда
бұл акциялар акционерлерге активтің белгілі-бір бөлігін алуға кепілдік
береді.
Артықшылықты (немесе преференциалды) акциялар – меншік туралы ерекше
сертификат. Олар қоғам түсірген пайданың деңгейіне қарамастан өз иесіне
белгіленген мөлшерде неғұрлым нақты дивиденд төленуін қамтамасыз етеді.
Преференциалды акция дауыс құқығын бермейді. Ол – дауыссыз бағалы қағаз.
Осыған байланысты берілетін артықшылықтар дауыс құқығы жоқтығының орнына
төлеу ретінде жүреді. Алайда, артықшылықты акция иемденуші – акционерлер
қоғамды жабу туралы шешім қабылдайтын болғанда ғана жалпы жиналысқа дауыс
беру құқығымен қатыса алады.
Артықшылықты акция иемденушісінің мүддесін қорғау үшін акцияның осы
түрі бойынша дивидендтер басқалардан бұрын төленеді. Сондықтан бұл
акциялардан гөрі жай акция иемдену қауіптілеу. Артықшылықты акциялар
номинал құны көрсетілген және көрсетілмеген болып екіге бөлінеді. Бірінші
жағдайда дивиденд акцияның номиналына байланысты процент түрінде
есептеледі. Ал номиналсыз артықшылықты акциялар сирек кездеседі, оларда
дивидендтің нақты ақшалы мөлшері көрсетіледі. Акция номиналының оның
нарықтық бағасына әсері жоқ.
Жай акция бойынша төленетін дивидендтер сияқты артықшылықты акция
бойынша да дивидендтер ағымдағы жылда түскен таза пайданың бір бөлігінен
төленеді. Қоғам бұл акцияның бірнеше сериясын шығаруы мүмкін. Әрбір
сериясының әртүрлі көлемдегі артықшылығы бар. Олар әр сериялы акцияның
сертификатында көрсетіледі.
Егер қоғам артықшылықты акциялардың бір емес көп сериясын шығаратын
болса, онда оның біреуін бірінші артықшылықты деп, ал келесісін – екінші
артықшылықты деп анықтауы керек. Сондықтан осы акциялардың тек бір
сериясының ғана басқа серияларынан гөрі артықшылығы мол болады. Ол
артықшылық әртүрлі тәсілдермен: дивиденд төлегенде, активтерді бөлгенде
немесе осы екі жағдайды қоса алғанда жүзеге асырылады.
Артықшылықты акциялардың өзі бірнеше түр тармағына: қатысушылар және
қатыспаушылар, кумулятивтік және кумулятивтік емес, айырбасталатын және
айырбасталмайтын болып бөлінеді. Артықшылықты акциялардың аталған түрлерін
шығару қоғамның жарғысында қарастырылады. Акция иемденушілердің
артықшылықтарды пайдалану мүмкіндіктері де әртүрлі болады. Атап айтқанда:
• Үстеме пайданы бөлуге қатысу;
• Хабарланып, бірақ төленбеген дивиденд алу мүмкіндігіне келешекте
қатысу;
• Акцияны басқа түріне айырбастау мүмкіндігі.
Қатысушылар артықшылықты акциясы өз иемденушісіне үстеме пайданы
бөлуге қатысуға мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, қоғам жарғысында жай
акция бойынша төленетін дивидендтің көлемі белгіленген, ал пайда одан
жоғары болса, онда ол артықшылықты акция бойынша төленетін дивидендтің
мөлшерін жоғарылатады. Олардың арасындағы арақатынасын қоғамның директорлар
кеңесі белгілейді.
Қатысушылар артықшылықты акциясы – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағалы қағаздар нарығы. Қазақстан Республикасындағы даму серпіні
Қазіргі экономикадағы бағалы қағаздар нарығының ролі
Бағалы қағаз деген не?
Еліміздегі жаңа дамып келе жатқан бағалы қағаздар рыногының кемшіліктері және осы проблемалармен қалай күресу
Корпоративтік бағалы қағаздар портфелін басқару
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗ ТҮРЛЕРІ
Бағалы қағаздардың түсініктемесі
Корпоративтік бағалы қағаздар
Құнды қағаздар
Бағалы қағаздар рыногы, онын мәні және негізгі белгілері
Пәндер