Еңбек стажы



Еңбек стажы.
Еңбек стажының түсінігі, түрлері және оларға енетін кезеңдер.
Жалпы еңбек стажы
Арнайы еңбек стажы
Еңбек стажы – бұл зейнетақы төлеу кезінде есепке алынатын жұмыс пен өзге де қызмет кезеңдерінің қосынды ұзақтығы. Алайда, еңбек стажы тек ұзақтығымен ғана емес, сонымен қатар жұмыстың сипатымен және еңбек қызметі өткен жағдайлармен де (зияндылық, қауіптілік және т.б.) сипатталады.
Еңбек қызметінің ұзақтылығына және сипатына қарай еңбек стажы жалпы, арнайы және үздіксіз болуы мүмкін. Еңбек стажын бұлайша түрлерге бөлу зейнетақының әртүрлі түрлерін тағайындауға сай келеді. Әрине, қазіргі заманғы жағдайларда үздіксіз стаж өзініңбұрыеғы мәнін жоғалтты, бірақ, жалпы және арнайы еңбек стажының рөлі өсті, себебі жалпы негіздер бойынша жасына байланысты зейнетақыны тағайындау кезінде жалпы еңбек стажы талап етіледі, ал жеңілдікті жағдайларда зейнетақы тағайындау үшін арнайы еңбек стажы талап етіледі.
Жалпы еңбек стажы – бұл жұмыс орнына, уақытына және орын алған үзілістерге қарамастан адамның бүкіл өміріндегі еңбек қызметінің жалпы (жиынтық) ұзақтығы. Жалпы еңбек стажының маңызы өте зор. Ол әрбір қызметкерді зейнетақылық қамсыздандырудағы басты жағдай болып табылады. Тағайындалатын зейнетақылардың мөлшері оның ұзақтығына тәуелді болады.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Еңбек стажы. Еңбек стажының түсінігі,
түрлері және оларға енетін кезеңдер.

Еңбек стажы – бұл зейнетақы төлеу кезінде есепке алынатын
жұмыс пен өзге де қызмет кезеңдерінің қосынды ұзақтығы. Алайда, еңбек стажы
тек ұзақтығымен ғана емес, сонымен қатар жұмыстың сипатымен және еңбек
қызметі өткен жағдайлармен де (зияндылық, қауіптілік және т.б.)
сипатталады.
Еңбек қызметінің ұзақтылығына және сипатына қарай еңбек стажы
жалпы, арнайы және үздіксіз болуы мүмкін. Еңбек стажын бұлайша түрлерге
бөлу зейнетақының әртүрлі түрлерін тағайындауға сай келеді. Әрине, қазіргі
заманғы жағдайларда үздіксіз стаж өзініңбұрыеғы мәнін жоғалтты, бірақ,
жалпы және арнайы еңбек стажының рөлі өсті, себебі жалпы негіздер бойынша
жасына байланысты зейнетақыны тағайындау кезінде жалпы еңбек стажы талап
етіледі, ал жеңілдікті жағдайларда зейнетақы тағайындау үшін арнайы еңбек
стажы талап етіледі.
Жалпы еңбек стажы – бұл жұмыс орнына, уақытына және орын алған
үзілістерге қарамастан адамның бүкіл өміріндегі еңбек қызметінің жалпы
(жиынтық) ұзақтығы. Жалпы еңбек стажының маңызы өте зор. Ол әрбір
қызметкерді зейнетақылық қамсыздандырудағы басты жағдай болып табылады.
Тағайындалатын зейнетақылардың мөлшері оның ұзақтығына тәуелді болады.
Арнайы еңбек стажы – бұлбелгілі бір жағдайлардағы (ауыр, зиянды,
қауіпті және т.б.), белгілі бір лауазымдардғы, белгілі бір табиғи-климаттық
жағдайлардағы, радиоактивтік ластауға ұшырағанаумақтардағы және жасына
байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақылармен
жеңілдетілген қамсыздандыруға жататын кезеңдердегі жұмыстың ұзақтығы.
Арнайы еңбек стажы жұмыстың жалпы стажынан ажыратылады. Арнайы еңбек
стажының жеңілдетілген жағдайларда, еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін
зейнетақылар тағайындауда маңызы зор. Зейнетақыға шығудың мейлінше
жеңілдікті жағдайлары жер астында, зиянды еңбек жағдайларында, ыстық
цехтарда жұмыс істеген тұлғалар үшін белгіленеді.
Үздіксіз еңбек стажы – бұл қызметкеддің бір жұмыстан екінші сіне
ауысқан кездегі үзіліс заңдарда белгіленген мерзімдерден аспаған және
қызметтен босату қызметкердің кінәсынан болмаған жағдайда үздіксіз еңбек
қызметінің ұзақтығы. Алайда, қазіргі кезде үздіксіз еңбек стажы
зейнетақылар тағаындау кезде үлкен рөлді иеленбейді.
Еңбек стажына енетін жұмыс кезеңдері.
Зейнетақы тағайындау үшін еңбек стажы есептеу кезінде мыналар есепке
алынады.
1) еңбек шарты (келісім-шарт) бойынша жеке және заңды тұлғалар ақы төлейтін
жұмыс;
2) әскери қызмет;
3) құқық қорғау органдарындағы қызмет;
4) мемлекеттік қызмет;
5) кәсіпкерлік қызмет;
6) І-топтағы, ІІ-топтағы жалғызілікті мүгедекке және өзгенің жәрдем
көрсетуіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ 80 жасқа
толған қарт адамдарға күтім жасаған уақыт;
7) Атом сынақтары, экологиялық апаттар салдарынан зардап шеккен не иммундық
тапшылық вирусын жұқтырған не ЖҚТБ- мен ауратындарға, 16 жасқа дейінгі
мүгедекке күтім жасаған уақыт;
8) Жұмыс істемейтін анасының жас балаларды бағып-күткен, бірақ әрбір баласы
3 жасқа толғаннан аспайтын жалпы жиынтығы 12 жыл шегіндегі уақыт;
9) Қылмыстық жауапкершілікке негізсіз тартылған және қуғынсүргінге
ұшыраған, бірақ кейін ақталған азаматтардың қамауда болған, бас
бостандығынан айыру және жер аудару орындарында жазасын өтеген уақытты;
10)еңбекке жарамды азаматтардың бұрынғы КСРО-ның уақытша оккупацияланған
аумағында және Ұлы Отан соғысы кезеңінде өздері басқа мемлекеттердің
аумағына золықпен апарылған адамдардың (жасына қарамастан) сонда болған,
фашистік концлагерьлерде (геттоларда және соғыс кезеңінде мәжбүрлеп
ұстайтын басқа да орындарда ұсталған уақыты), егер аталған кезеңдерде бұл
адамдар Отанға қарсы қылмыс жасамаса;
11) жұмыс істемейтін соғыс мүгедектердің және оларға теңестірілген
мүгедектердің мүгедек болған уақытты;
12) бұрынғы кеңес мекемелерінің,Казакстан Республикасы мекемелері мен
халқаралық ұйымдардың қызметкерлері әелдерінің (жұбайларының) шетелде
тұрған кезеңі,брақ жалпы алғанда 10 жыдан аспауға тиіс:
13) афицерлік құрамындағы адамдар,прапорщиктер,мичмандар және мерзімнен
тыс атқаратын әскери қызметшілер әйелдердің мамандығы бойынша жұмысқа
орналасу мүмкіндігі болмаған жерлерде жұбайларымен бірге тұрған кезеңі,
бірақ 10 жылдан асуыға тиіс;
14) Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегі жоғары
және арнаулы орта оқу орындарында, училищелерде, мектептерде және кадрлар
даярлау, біліктілігін арттыру және қайта мамандандыру курстарында,
аспирантурада, докторантурада және клиникалық ординатурада, сондай-ақ
күндізгі жоғарғы және орта діни оқу орындарында оқу;
15) әскерилендірілген күзетте, арнаулы байланыс оргондарында және кен-
құтқару бөлімдерінде олардың ведомстволық бағыныстылығына және арнаулы
немесе әскери атағының болуына қарамастан;
16) әлеуметтік сақтандыруға қаржы төлеген жағдайда өзге де жұмыс.
Стаж – еңбек қызметінің іс жүзіндегі ұзақтығымен, яғни қызметкер
жұмысқа алынған күннен бастап жұмыстан босатылған күніне (қандай да бір
негіздермен жеке еңбек шартының бұзылуы) дейін есептеледі. Алайда, заңдарда
стаждың жеңілдетілген жағдайда да есептелетін кездері көзделген. Орталықтан
зейнетақы тағаындау үшін еңбек стажын жеңілдікпен есептеу кезінде мыналар
да есепке алынады:
1) ұрыс қимылдары кезеңінде майдандағы әскер құрамындағы, оның ішішде
әскери борышын өтеу кезіндегі әскери қызмет, сондай-ақ ұрыс қимылдары
кезеңінде партизан отрятары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орташа шамалар
Кәсіптік білім беру және оның тиімділігі
Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің ұйымдық құрылымы
Қазақстандағы зейнетақымен қамсыздандыру саясаты
Еліміздің үдемелі индустриялық-инновациялық даму жолы
Зейнетақы жайлы
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру құқығы түсінігі
Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығында еңбек стажы
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының ұғымы
Пәндер