Оқытушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытудағы өзіндік оқытудың тәсілдері



КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қазақ тілін мультимедиалық бағдарламалық қорлар арқылы оқытудың теориялық негіздері
Қазақ тілін оқытуды ақпараттандырудың зерттелуі мен өзекті мәселелері
Қазақстандық.сингапурлық жоба бойынша дайындалған мультимедиалық оқыту бағдарламасының мазмұны мен өзіндік ерекшеліктері
Орыстілді топтарда қазақ тілін мультимедиалық бағдарламалық қорлар арқылы оқытудағы тілдік білім берудің мақсаты мен нәтижелері
Қазақ тілін оқыту үрдісінде мультимедиалық бағдарламалық қорларды қолданудың психологиялық, педагогикалық мәселелері
Гуманитарлық колледждердің орыстілді топтарында қазақ тілін мультимедиалық бағдарлама арқылы оқытудың әдістемелік негіздері
Коммуникативтік сөйлесім әрекетінің түрлерін меңгертудің интерактивті әдістері
Гуманитарлық колледждердің орыстілді топтарында жүргізілген оқыту эксперименті және оның нәтижелері
Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған еңбектер тізімі
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Дүниежүзілік ақпараттық білім беру кеңістігінің құрылуымен, әлемдік ғаламдану процесінің жеделдеуімен байланысты егеменді еліміздің білім беру жүйесін модернизациялау бағытында ауқымды іс-шаралар жүргізіле бастады. 1997 жылы 22-қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың №3645 жарлығымен Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасы бекітілгеннен бастап, еліміздегі ақпараттандыру үрдісі жүйелілік, жоспарлылық, осы бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының тұжырымдамалық негізделуі және кезең-кезеңмен жүргізілуі принциптері негізінде жүзеге асырылып келеді. Республикамыздың көрнекті ғалымдары Г.Қ.Нұрғалиева, С.С.Құнанбаева, Ж.А.Қараев, Е.К.Балафанов, Ж.С.Сарыпбеков, Е.Ы.Бидайбеков, М.З.Изотов, Б.А.Қойшыбаев, Е.У.Медеуов және т.б. оқу үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, компьютерді қолданудың көкейтесті мәселелеріне қатысты іргелі зерттеулер жүргізді.
Сонымен қатар, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесінің өсуімен, қоғамдық рөлінің артып, әлеуметтік қызметі аясының кеңеюімен байланысты орыстілді аудиторияларда қазақ тілін оқытуды оңтайландыру мен қарқынды ету қазіргі заманғы білім беруді ақпараттандыру мен модернизациялау жағдайындағы басым бағыттардың біріне айналып отыр. Бұл маңызды мәселені шешу мұғалімге, оның оқытудың мақсаттары мен шарттарына сай жаңа технологиялар мен әдістемелерді қолдана білуіне тікелей байланысты. Яғни, бүгінгі таңда қазақ тілі пәні оқытушыларының кәсіби құзырлылығы құрылымынан оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологиялары ерекше орын алады. Соңғы жылдарда орыстілді сыныптар мен топтарда қазақ тілін оқытуда жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, электрондық, мультимедиалық бағдарламалық өнімдерді қолдану мәселелеріне қатысты арнайы ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізіліп (Г.Бектұрованың, К.Мухлистің, Ә.Құрышжанованың, С.Дүйсенованың зерттеулері), электрондық оқу құралдары мен мультимедиалық бағдарламалық өнімдерді жасауға жете көңіл бөліне бастады. Ұлттық ақпараттандыру орталығының базасында орыстілді сыныптар мен топтарда қазақ тілін оқытуға арналған мультимедиалық бағдарламалар мен электрондық оқулықтар дайындалды. Дегенмен, педагогикалық тәжірибеде дайындалған ақпараттық электрондық, мультимедиалық өнімдердің орыстілді топтарда қазақ тілін оқытуда қолданылуының білім берудің талаптарына, қазақ тілін оқытудың мақсаттарына, жинақталған тәжірибеге және қазіргі заманғы педагогикалық ғылымның даму деңгейіне сай еместігі байқалады. Себебі бұл сала бойынша қазақ тілі пәні оқытушыларының ақпараттық-кәсіби құзырлылығы төмен деңгейде, солай бола тұра, оларды даярлау, осы сала бойынша кәсіби біліктіліктерін көтерудің қалыптасқан бірізді жүйесі нақтыланбаған; орыстілді сыныптар мен топтарда қазақ тілін оқытуда мультимедиалық бағдарламалық өнімдер мен электрондық оқу құралдарын қолдану арқылы оқушыларға сөйлесім әрекетінің түрлерін кешенді түрде меңгерту мәселелерін қарастырған іргелі зерттеулер жоқтың қасы.
1 Қазақ тілін оқытуда оқушылардың танымдық және ақыл-ой белсенділігін арттыру жолдары // «Қазақстан мектебі» журналы. -2003. -№1. -24-29-б.
2 Педагогикалық үрдісті басқаруды технологияландырудағы мұғалімнің шығармашылық қызметі // Білім беру жүйесінде адам ресурстарын дамытуды басқарудың қазіргі заманғы тенденциялары: халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. -Алматы: ҒПКБАРИ, 2005.
-60-66-б.
3 Мұғалімнің ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру: электрондық оқу құралдарын дайындаудың жаңа мүмкіндіктері // Мектеп информатикасы: іс-тәжірибе, проблемалары және келешегі: халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары.
-Алматы: ҒПКБАРИ, 2005. -50-54-б.
4 Әдістемелік қызмет мектебі – кәсіби даярлықтағы білім беруді арттыру көзі // Біліктілікті арттыру жүйесі және XXI ғасыр білімі: халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. -Алматы: ҒПКБАРИ, 2005. -40-43-б.
5 Кәсіби қазақ тілін оқыту арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби коммуникативтік құзырлылығын дамыту // Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарихы, бүгіні және болашағы: республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. -Семей: М.Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжі, 2006. -30-38-б.
6 Обучение казахскому языку. Учебное пособие. -Алматы: Ғылым, 2005. 235 б.
7 Ы.Алтынсарин әңгімелерінің мәтіндері арқылы орыс сыныптарындағы қазақ тілі сабақтарында оқушылардың сөйлеу тілін дамыту // Ыбырай Алтынсарин – қазақ рухани мәдениетінің көрнекті қайраткері: республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. -Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2006. -93-98-б.
8 Мұғалімнің ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру // Қазақстан және ТМД елдеріндегі білім беруді ақпараттандырудың IY халықаралық форумының ғылыми мақалалар жинағы. -Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігі, 2006. -233-237-б.
9 Қазіргі заманғы білім берудің негізгі мәселелері // Аманжолов оқулары – 2007: халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары.
-Өскемен: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, 2007. -265-267-б.
10 Ақпараттық технологиялардың дидактикалық мүмкіндіктері мен білім беруді ақпараттандырудың қазіргі жай-күйіне шолу // «Ұлт тағылымы» журналы. -2007. -№ 1. -84-91-б.
11 Қазақ тілін оқытуда қолданылатын мәтіндер, мәтінмен жұмыс түрлері // «Ұлағат» журналы. -2007. -№ 2. - 96-101-б.
12 Оқушының зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдары // «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы. -2007. -№ 4. - 116-120-б.
13 Қазақ тілін өзге тіл ретінде оқытудың мақсаттары мен міндеттері // «Кәсіптік мектеп» журналы. -2007. -№3. -9-11-б.
14 Ақпараттық технология // «Дала» халықаралық журналы. -2007. -№4.
-28-б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Оқытушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытудағы өзіндік оқытудың
тәсілдері

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Дүниежүзілік ақпараттық білім беру
кеңістігінің құрылуымен, әлемдік ғаламдану процесінің жеделдеуімен
байланысты егеменді еліміздің білім беру жүйесін модернизациялау бағытында
ауқымды іс-шаралар жүргізіле бастады. 1997 жылы 22-қыркүйекте Қазақстан
Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың №3645 жарлығымен Орта білім беру
жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасы бекітілгеннен бастап,
еліміздегі ақпараттандыру үрдісі жүйелілік, жоспарлылық, осы бағыттағы
ғылыми-зерттеу жұмыстарының тұжырымдамалық негізделуі және кезең-кезеңмен
жүргізілуі принциптері негізінде жүзеге асырылып келеді. Республикамыздың
көрнекті ғалымдары Г.Қ.Нұрғалиева, С.С.Құнанбаева, Ж.А.Қараев,
Е.К.Балафанов, Ж.С.Сарыпбеков, Е.Ы.Бидайбеков, М.З.Изотов, Б.А.Қойшыбаев,
Е.У.Медеуов және т.б. оқу үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды, компьютерді қолданудың көкейтесті мәселелеріне қатысты
іргелі зерттеулер жүргізді.
Сонымен қатар, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесінің
өсуімен, қоғамдық рөлінің артып, әлеуметтік қызметі аясының кеңеюімен
байланысты орыстілді аудиторияларда қазақ тілін оқытуды оңтайландыру мен
қарқынды ету қазіргі заманғы білім беруді ақпараттандыру мен
модернизациялау жағдайындағы басым бағыттардың біріне айналып отыр. Бұл
маңызды мәселені шешу мұғалімге, оның оқытудың мақсаттары мен шарттарына
сай жаңа технологиялар мен әдістемелерді қолдана білуіне тікелей
байланысты. Яғни, бүгінгі таңда қазақ тілі пәні оқытушыларының кәсіби
құзырлылығы құрылымынан оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологиялары
ерекше орын алады. Соңғы жылдарда орыстілді сыныптар мен топтарда қазақ
тілін оқытуда жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, электрондық,
мультимедиалық бағдарламалық өнімдерді қолдану мәселелеріне қатысты арнайы
ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізіліп (Г.Бектұрованың, К.Мухлистің,
Ә.Құрышжанованың, С.Дүйсенованың зерттеулері), электрондық оқу құралдары
мен мультимедиалық бағдарламалық өнімдерді жасауға жете көңіл бөліне
бастады. Ұлттық ақпараттандыру орталығының базасында орыстілді сыныптар мен
топтарда қазақ тілін оқытуға арналған мультимедиалық бағдарламалар мен
электрондық оқулықтар дайындалды. Дегенмен, педагогикалық тәжірибеде
дайындалған ақпараттық электрондық, мультимедиалық өнімдердің орыстілді
топтарда қазақ тілін оқытуда қолданылуының білім берудің талаптарына, қазақ
тілін оқытудың мақсаттарына, жинақталған тәжірибеге және қазіргі заманғы
педагогикалық ғылымның даму деңгейіне сай еместігі байқалады. Себебі бұл
сала бойынша қазақ тілі пәні оқытушыларының ақпараттық-кәсіби құзырлылығы
төмен деңгейде, солай бола тұра, оларды даярлау, осы сала бойынша кәсіби
біліктіліктерін көтерудің қалыптасқан бірізді жүйесі нақтыланбаған;
орыстілді сыныптар мен топтарда қазақ тілін оқытуда мультимедиалық
бағдарламалық өнімдер мен электрондық оқу құралдарын қолдану арқылы
оқушыларға сөйлесім әрекетінің түрлерін кешенді түрде меңгерту мәселелерін
қарастырған іргелі зерттеулер жоқтың қасы.
Орыстілді топтарда қазақ тілін оқытуда оқушыларға сөйлесім әрекетінің
түрлерін қатысымдық мақсатта меңгерту – қазіргі заманғы
лингводидактикадағы өзекті мәселенің бірі. Қазақ тілін оқытуда
мультимедиалық бағдарламалық өнімдер мен электрондық оқу құралдарын
қолданудың әдістемелік мәселелерін осы аталған мәселемен байланыста
қарастыру өте маңызды. Сондықтан зерттеу жұмысында тілді шетел тілі ретінде
оқыту мәселелерін зерттеген ғалымдардың (Е.И.Пассов, Э.П.Шубин,
Н.Д.Гальскова, Н.И.Гез), оқу қазақ тілінде жүретін сыныптар мен топтарда
орыс тілін оқытудың әдістемелік мәселелерін қарастырған зерттеушілердің
(А.А.Чингисова, К.Н.Булатбаева, С.К.Мизамбеков, т.б.), орыстілді, өзгетілді
аудиторияларда қазақ тілін оқыту мәселелерін зерттеген ғалымдар мен
әдіскерлердің (Ф.Ш.Оразбаева, Қ.Қадашева, Р.Ә.Шаханова, Ж.Н.Сүлейменова,
К.Жақсылықова, Б.Ш.Мешімбаева, М.Мұқамбетқалиева, т.б.) ой-пікірлері мен
тұжырымдары да басшылыққа алынды.
Осы саладағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын саралай келе, зерттеулердің
барлығы дерлік жалпы орта білім беретін мектептердің орыс сыныптары мен
жоғары оқу орындарының орыстілді аудиторияларындағы қазақ тілін оқытуды
жетілдіру бағытында жүргізілгендігін байқадық.
Аталған мәселелерді есепке ала отырып, зерттеудің өзекті мәселесі
айқындалды: гуманитарлық колледждердің орыстілді топтарында қазақ тілін
мультимедиалық бағдарламаны қолданып оқыту арқылы оқушыларға сөйлесім
әрекетінің түрлерін бір-бірімен байланыста, кешенді меңгерту үрдісін
ұйымдастырудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдерін іздестіру.
Зерттеу нысаны – гуманитарлық колледждердің орыстілді топтарында қазақ
тілін мультимедиалық бағдарламаны қолданып оқыту арқылы бірінші курс
оқушыларының (негізгі білім базасында қабылданған) қатысымдық
құзырлылықтарын дамыту.
Зерттеу жұмысының пәні – гуманитарлық колледждердің орыстілді
топтарында қазақ тілін мультимедиалық бағдарламаны қолданып оқыту арқылы
оқушыларға сөйлесім әрекетінің түрлерін бір-бірімен байланыста меңгерту
әдістемесі.
Зерттеу жұмысының мақсаты – гуманитарлық колледждердің орыстілді
топтарындағы қазақ тілін оқыту үрдісінде мультимедиалық бағдарламаны
қолдану арқылы оқушылардың сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша қатысымдық
құзырлылықтарын дамытудың тиімді әдістемесін ғылыми-теориялық тұрғыда
негіздеу және тәжірибеде қолдануға дайындау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- қазақ тілін оқыту үрдісін ақпараттандырудың зерттелуіне талдау
жасау және оның өзекті мәселелерін анықтау;
- орыстілді топтарда қазақ тілін оқыту үрдісін сандық
интерактивтік мультимедиалық білім беру қорлары негізінде ұйымдастырудың
педагогикалық, психологиялық мәселелеріне талдау жасау;
- Merits бағдарламасы бойынша жасалған мультимедиалық оқыту
бағдарламасының мектеп тәжірибесінде қолданылуын, жетістіктері мен
кемшіліктерін саралап, талдау;
- гуманитарлық колледждердің орыстілді топтарында қазақ тілін
мультимедиалық бағдарлама арқылы оқыту жағдайында оқушыларға сөйлесім
әрекетінің түрлерін бір-бірімен байланыста, кешенді меңгертудің
интерактивті әдіс-тәсілдері мен формаларын іздестіру;
- сабақтың мультимедиалық бағдарламасыз өткізілетін кезеңдеріне
арналған коммуникативтік-интерактивтік жаттығулар кешенін дайындау;
- гуманитарлық колледждердің орыстілді топтарында қазақ тілін
мультимедиалық бағдарлама арқылы оқытудың әдістемелік жүйесі мен
үлгісін (моделін) жасау;
- гуманитарлық колледждердің орыстілді топтарында қазақ тілін
мультимедиалық бағдарлама арқылы оқыту әдістемесінің ұтымдылығын
тәжірибелік оқыту арқылы дәлелдеу.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы. Гуманитарлық колледждердің
орыстілді топтарында қазақ тілін мультимедиалық бағдарлама арқылы оқыту
жағдайында қысқа уақыт ішінде оқушыларға сөйлесім әрекетінің түрлерін бір-
бірімен байланыста, кешенді түрде меңгертуге болады. Оқыту үрдісінің
тиімділігі төмендегідей шарттар орындалған жағдайда артады:
- оқушылардың мультимедиалық бағдарламамен өзіндік жұмысын қазақ
тілін оқыту үрдісіне кіріктіру; сабақта мультимедиалық бағдарламаны
қолданудың кезеңдерін анықтау; оқытудың интерактивті әдістерін іріктеу;
сабақтың мультимедиалық бағдарламасыз өткізілетін кезеңдеріне арналған
коммуникативтік-интерактивтік жаттығулар кешенін дайындау; жаттығулардың
мазмұнын мультимедиалық бағдарламадағы оқу мәтінінің мазмұнына
сәйкестендіру;
- оқушылардың компьютерде мультимедиалық бағдарламамен жұмыс
жасауға даярлығын; оқытушылардың оқу үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды, мультимедиалық бағдарламалық өнімдер мен электрондық оқу
құралдарын қолдануға байланысты кәсіби және ақпараттық-коммуникациялық
құзырлылығын қамтамасыз ету.
Зерттеудің жетекші идеясы. Орыстілді топтарда қазақ тілін оқытуда
мультимедиалық бағдарламаны қолдану оқушылардың тілдік және сөйлесімдік
дағдылары мен біліктерін дұрыс қалыптастырып, дамытуға, коммуникативтік
құзырлылықтарын жетілдіруге септігін тигізеді.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері ретінде түрлі ғылымдар
кешенінде қалыптасқан қағидалар алынды: педагогикалық жүйелерді құрылымдау
теориясы, білім беру үрдісінің тұтастығы теориясы; жеке тұлғаны дамытуды іс-
әрекеттік тұрғыда қарастыру теориясы; оқыту және таным психологиясы;
проблемалық-дамыта және белсенді оқытудың интерактивті әдістері; қазақ тілі
мен орыс тілін, шетел тілдерін өзге тіл ретінде оқыту мен меңгертудің
қазіргі заманғы теориялары мен тұжырымдамалары; адамның компьютермен өзара
қарым-қатынасының психологиялық аспектілері; білім беруде компьютерлік
жүйелерді, сандық мультимедиалық білім беру қорларын қолданудың
интерактивті әдістері мен тәсілдері.
Зерттеу әдістері: кәсіби педагогика мен психология бойынша
қазіргі заманғы ғылыми әдебиеттерге, тілді өзге тіл ретінде оқыту мен
білімді меңгертуге, компьютерлік коммуникативтік лингвистикаға, оқыту
үрдісінде сандық интерактивтік мультимедиалық білім беру қорларын,
компьютерлік технологияларды қолдануға байланысты жазылған арнайы
әдебиеттерге теориялық талдау жасау; ғылыми болжам жасау және жобалау,
диагностикалық сипаттау; логикалық-гносеологиялық әдістер (бақылау,
тәжірибені зерттеу, педагогикалық эксперимент); диагностикалық әдістер
(тестілеу, сауалнама алу); қазақ тілін мультимедиалық бағдарлама арқылы
оқыту жағдайындағы оқушылардың коммуникативтік сөйлесім әрекетінің түрлері
бойынша дағдылары мен біліктерін бақылау әдістері; оқушылардың оқу іс-
әрекетіне психологиялық-педагогикалық және диагностикалық-статистикалық
талдау жасау; оқу экспериментінің нәтижелеріне сандық және сапалық талдау
жасау.
Зерттеудің негізгі кезеңдері. Зерттеу жұмысы М.Мәметова атындағы
Қызылорда гуманитарлық колледжінде және Ұлттық ақпараттандыру орталығында
кешенді ғылыми зерттеу ретінде жүргізілді.
Зерттеудің бірінші кезеңінде (2000-2003) шетелдердің және
Қазақстанның оқу орындарында оқыту үрдісінде, оның ішінде, тілдерді оқытуда
компьютерді қолдану тәжірибелері зерттелді, педагогикалық және әдістемелік
ғылыми әдебиеттер талданды; тәжірибелерді қорытындылау, жалпылау
негізіндегі материалдар жинақталды; тілдерді өзге тіл ретінде оқытудың
отандық және шетелдік озық тұжырымдамалары анықталды; оқушылардың сөйлесім
әрекетінің түрлері бойынша дағдылары мен біліктерін қалыптастырудың қазіргі
заманғы озық әдістемелері мен әдіс-тәсілдері зерттеліп, талданды;
компьютерлік оқыту жағдайындағы педагогикалық жүйені жобалаудың теориялық
және практикалық мәселелері қарастырылып, зерттеудің ғылыми болжамы
жасалды.
Екінші кезеңде (2003-2005) ғылыми зерттеудің, эксперименттің
жоспары жасалды; республика мектептерінде жүргізіліп жатқан қазақстандық-
сингапурлық жоба негізінде дайындалған мультимедиалық оқыту бағдарламасын
сынақтан өткізудің қорытындылары мен нәтижелері, оқу үрдісін
ұйымдастырудағы кемшіліктер мен жетістіктер талданды; талдау нәтижесіне
сүйене отырып, гуманитарлық колледждердің орыстілді топтарында қазақ тілін
мультимедиалық бағдарламаның көмегі арқылы оқытудың әдістемесі жасалды; оқу
үрдісінде мультимедиалық бағдарламаны қолданудың кезеңдері анықталды;
сабақтың мультимедиалық бағдарламасыз өткізілетін кезеңдерінде оқушылардың
сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша дағдылары мен біліктерін дамытып,
жетілдіруге арналған тапсырмалар мен жұмыс түрлері, коммуникативтік-
интерактивтік оқу жаттығуларының кешенді жүйесі дайындалды; жұмыс оқу
бағдарламасы жасалды. Осы жұмыс оқу бағдарламасының негізінде дайындалған
әдістемелік үлгі бойынша байқау сабақтары өткізіліп, орыстілді топтарда
қазақ тілін оқытуда мультимедиалық бағдарламаны қолданудың психологиялық-
педагогикалық қағидалары анықталып, қазақ тілін оқыту үрдісінде компьютерді
қолданудың кезеңдері мен ерекшеліктері нақтыланды.
Зерттеудің үшінші кезеңінде (2005-2008) орыстілді топтарда қазақ
тілін оқытуда мультимедиалық бағдарламаны қолдану жағдайында оқу үрдісін
технологияландыруға байланысты оқытушыларға арналған әдістемелік нұсқаулар
әзірленді. Оқыту эксперименті жүргізіліп, оның нәтижелеріне талдау жасалды,
зерттеу және оқыту эксперименттерінің қорытындысы бойынша тиісті ғылыми-
әдістемелік тұжырымдар жасалды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық құндылығы:
- қазақ тілін мультимедиалық бағдарлама арқылы оқыту үрдісінде
оқушылардың сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша (тыңдалым, айтылым, оқылым,
жазылым, тілдесім) тілдік және коммуникативтік дағдылары мен біліктерін
қалыптастырудың, дамытудың әдістемелік негіздері ғылыми тұрғыда
дәйектелді;
- қазақ тілін оқытуда мультимедиалық бағдарламаны қолданудың
кезеңдері мен жолдары тілдік материалдармен жұмыс жасаудың кезеңдеріне
(тілдік дағдыларды қалыптастыру кезеңі, тілдік дағдыларды жетілдіру кезеңі,
тілдік біліктерді дамыту кезеңі) қатысты анықталды;
- қазақ тілін мультимедиалық бағдарламаны қолданып оқытуда
оқушылардың мультимедиалық бағдарламамен өзіндік жұмысы және тілдік тілдік
серіктестер тобындағы жұмыстары арқылы оларға сөйлесім әрекетінің түрлерін
меңгертудің интерактивті әдіс-тәсілдері анықталды;
- сабақтың мультимедиалық бағдарламасыз өткізілетін кезеңдерінің
(тілдік дағдыларды қалыптастыру кезеңі, тілдік дағдыларды жетілдіру кезеңі)
мақсатына сай қажетті оқу материалдарын дайындаудың ғылыми негіздемесі
жасалып, коммуникативтік-интерактивтік оқу жаттығуларының кешенді жүйесі
ұсынылды;
- гуманитарлық колледждердің орыстілді топтарында қазақ тілін
мультимедиалық бағдарлама арқылы оқытудың әдістемелік үлгісі жасалып,
дайындалған практикалық-бағдарлы әдістемелік үлгінің негізінде қазақ тілін
мультимедиалық бағдарлама арқылы оқытуда оқушыларға сөйлесім әрекетінің
түрлерін кешенді меңгертудің, қатысымдық құзырлылықтарын дұрыс
қалыптастырып, дамытудың тиімділігі эксперимент арқылы дәлелденіп,
көрсетілді.
Зерттеудің практикалық маңызы. Қазақ тілін оқытуда
мультимедиалық бағдарламаны қолданудың кезеңдерін анықтауға, сабақтың
мультимедиалық бағдарламасыз өткізілетін кезеңдері үшін қажетті
жаттығуларды дайындауға, оқытудың интерактивті әдіс-тәсілдерін анықтауға
байланысты диссертацияда берілген тұжырымдарды және дайындалған
коммуникативтік-интерактивтік жаттығулар кешенін орыстілді сыныптар мен
топтарда қазақ тілін оқытатын мұғалімдердің пайдалануына болады. Сондай-ақ,
зерттеу нәтижелерін орыстілді сыныптар мен топтардағы қазақ тілін
мультимедиалық бағдарламалық өнімдер мен электрондық оқу құралдарын
қолданып оқытудың әдістемелік мәселелерін зерттеуші магистранттар,
аспиранттар мен ізденушілер де пайдалана алады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
- гуманитарлық колледждердің орыстілді топтарында қазақ тілін
оқытуда оқушылардың сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша тілдік және
коммуникативтік дағдылары мен біліктерін мультимедиалық бағдарламаны
қолдану арқылы тиімді қалыптастырып, дамытуға болады;
- сабақтың тілдік дағдыларды жетілдіру кезеңінде оқушылардың
танымдық қызметін олардың мультимедиалық бағдарламамен өзіндік жұмысы
ретінде ұйымдастыру арқылы тыңдалымдық, айтылымдық, оқылымдық, жазылымдық
дағдыларын жетілдіруге болады және сабақтың келесі кезеңіндегі тілдік
орталардағы интерактивті тілдесім әрекетін жүзеге асыру үшін қажетті
алғышарт жасалады;
- оқушылардың сөйлесім әрекетінің түрлерін бір-бірімен
байланыста, кешенді түрде тиімді меңгеруі қазақ тілін оқыту үрдісінде
мультимедиалық бағдарламаны қолданудың кезеңдерін дұрыс анықтаумен,
сабақтың мультимедиалық бағдарламасыз өткізілетін кезеңдеріндегі оқыту
мазмұнының мультимедиалық бағдарламаның мазмұнына бейімделуімен,
дайындалған коммуникативтік- интерактивтік жаттығулардың мазмұнымен және
сипатымен тікелей байланысты; коммуникативті, интерактивті және
шығармашылық сипатта дайындалған жаттығулар кешені оқушылардың тілдік
ортадағы белсенді оқу әрекетін тудырады, тілдесімдік біліктерін жетілдіріп,
тілдік және қатысымдық құзырлылықтарын дамытады;
- оқушылардың сөйлесім әрекетінің тілдесім түрі бойынша
біліктерін, яғни, қатысымдық құзырлылықтарын дамытып, жетілдіру белгілі бір
тілдік ортада ғана тиімді жүзеге асырылады. Сондықтан, қазақ тілін
мультимедиалық бағдарлама арқылы оқытуда сабақтың мультимедиалық
бағдарламамен өзіндік жұмыстан кейінгі кезеңін оқушылардың тілдік
серіктестер тобындағы (ұжымындағы, жұбындағы) өзара интерактивті іс-әрекеті
ретінде ұйымдастырудың маңызы зор;
- оқушылардың тілдік және қатысымдық дағдыларын олардың өзіндік
жұмысы арқылы, ал тілдесімдік-қатысымдық құзырлылығын тілдік серіктестер
топтарындағы өзара белсенді әрекеті арқылы дамытуда қазақ тілін
мультимедиалық бағдарлама арқылы оқытуға негізделген интеллектуалды-
дамытушы және тұлғалық-бағдарланған мультимедиалық ақпараттық технологиялар
өте маңызды болып табылады.
Зерттеу жұмысының жарияланымы. Зерттеу жұмысында қарастырылған
негізгі мәселелер бойынша 14 материал баспадан шықты. Оның алтауы
халықаралық, екеуі республикалық ғылыми-практикалық конференция
материалдарының жинақтарында, алтауы республикалық ғылыми-әдістемелік
журналдарда жарияланды. Ғылым баспасынан орыстілді топтарда қазақ тілін
оқытуға арналған оқу құралы жарық көрді.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертация жұмысы кіріспеден, екі
бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Зерттеу жұмысының Қазақ тілін мультимедиалық бағдарламалық
қорлар арқылы оқытудың теориялық негіздері деп аталатын бірінші бөлімінде
қазақ тілін оқытуды ақпараттандырудың зерттелуі мен өзекті мәселелері,
қазақстандық-сингапурлық жоба негізінде дайындалған мультимедиалық оқыту
бағдарламасының мазмұны мен өзіндік ерекшеліктері, орыстілді топтарда қазақ
тілін мультимедиалық бағдарлама арқылы оқытудағы тілдік білім берудің
нәтижелері, қазақ тілін оқыту үрдісінде мультимедиалық бағдарламаны
қолданудың психологиялық, педагогикалық мәселелері қарастырылды.
Қазақ тілін оқытуды ақпараттандырудың зерттелуі мен өзекті
мәселелері деп аталатын бөлімшеде қазақ тілін оқытуды ақпараттандыруға
байланысты шетелдік және отандық зерттеулерде қарастырылған негізгі
мәселелер талданып, тиісті қорытындылар мен тұжырымдар жасалды.

Тілдерді оқытуды ақпараттандыруға байланысты зерттеулерге сүйене
отырып, орыстілді топтарда қазақ тілін оқытудағы мультимедиалық ақпараттық
қорлар мен электрондық оқу құралдарының негізгі қызметтерін жіктеп
көрсеттік:
1) мультимедиалық ақпараттық қорлар оқу материалын қөрнекі түрде
ұсынудың, әртүрлі ақпараттарды алудың және талдаудың құралы бола алады;
2) мультимедиалық қорларды қолдану арқылы танымдық міндеттер мен
тілдік оқу жағдаяттары негізінде ойлауды дамытуға; оқу материалын меңгеруге
байланысты танымдық қызметті ұйымдастыруға; оқушылардың сөйлесім
әрекетінің оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым түрлері бойынша тілдік және
коммуникативтік дағдылары мен біліктерін және лексика-грамматикалық
дағдыларын қалыптастырып, жетілдіруді ұтымды ұйымдастыруға болады;
3) мультимедиалық қорлар оқушылардың өзіндік жұмысын тиімді
ұйымдастыру мен басқарудың құралы бола алады. Зерттеу жұмысында
мультимедиалық ақпараттық қорлардың бұл аталған ерекшеліктері мен
қызметтері ғылыми негізде дәйектеліп, нақты мысалдар арқылы дәлелденді.
Шетелдік және отандық педагогикалық, әдістемелік тәжірибелер
көрсеткендей, мультимедиалық бағдарламаларды тілдерді оқытуда қолдану
оқушылардың тілді үйренуге деген қызығушылығын, құштарлығын арттыру үшін
ерекше жағдай туғызады. Оқытуда мультимедиа құралдарын қолдану дидактиканың
негізгі қағидаларын кешенді түрде іске асыру үшін өте қолайлы. Экрандағы
сөздердің қимыл-қозғалысы, түрлі-түсті графикалық бейнелер, аудиовизуалды
көрнекіліктер, бейнеқатар, бейнефильм, диктордың даусы – мұның барлығы
оқушының белсенділігі мен жоғары мотивациялық қызығушылығын тудырып, саналы
түрде, өз бетінше ешқандай қорқынышсыз еркін жұмыс істеуіне, сөйтіп, оқу
үрдісінің тиімді ұйымдастырылуына оң әсер етеді.
Мультимедиалық оқыту өзінің икемділігімен және вариативтілігімен
де тиімді: оқытуды әр түрлі формада (өз бетінше, мұғалімнің басшылығымен)
ұйымдастырудың, тіл үйренушінің тілді меңгеру деңгейі мен жеке
қызығушылықтарын, ерекшеліктерін ескере оқыту мүмкіндігі зор. Тіл үйренуші
үшін ең жақсы жазылған дәстүрлі оқулықтан гөрі мультимедиалық оқу
бағдарламалары мен электрондық оқу құралдары арқылы тілді меңгеру әрі
қызықты, әрі ыңғайлы. Әрине, мультимедиалық оқу бағдарламаларының,
электронды оқу құралдарының сапасы туралы мәселенің маңызы өте зор,
сонымен бірге мультимедиалық оқыту жағдайындағы оқытушының рөлін де жоққа
шығаруға болмайды. Тілді мультимедиалық оқытуда мультимедиалық оқу
бағдарламаларының сапасы, олардың оқу мақсаттарына сәйкестігі, оқу
үрдісінде (аудиторияда, аудиториядан тыс), сабақта мультимедиалық
бағдарламаны қолданудың кезеңдерін, оқытушының рөлін анықтау мәселелері
өте маңызды. Сабақта тіл үйренушілердің коммуникативтік дағдылары мен
біліктерін қалыптастыру мен дамытуды компьютерге біржолата сеніп тапсыруға
болмайды, сондықтан мультимедиалық оқыту жағдайында оқыту үрдісін басқару
мен технологияландырудағы оқытушының жаңаша рөлі мен қызметін анықтаудың
маңызы зор. Оқытушының көмегінсіз, кеңесінсіз, оқытушының оқу үрдісін
коммуникативтік тұрғыда ұйымдастыра және басқара алу құзырлылығынсыз
қажетті коммуникативтік дағдылар мен біліктерді қалыптастыру, дамыту мүмкін
емес. Сондай-ақ нақты коммуникативтік серіктессіз тілдік ортаны
қалыптастыру мүмкін емес, ал тілдік орта болмаған жағдайда коммуникативтік
дағдылар мен біліктер де қалыптаспайды. Зерттеу барысында мультимедиалық
оқыту жағдайындағы компьютер мен білім алушының арасындағы диалогтық
серіктестік пен тілді оқытудағы коммуникативтік серіктестік деген
ұғымдардың ара жігі ажыратылып көрсетілді. Диалогтық серіктестік –
мультимедиалық оқыту жағдайында барлық пәнді оқытуға қатысты дидактикалық
ұғым, ал коммуникативтік серіктестік – тілді оқытудағы негізгі ұғымдардың
бірі. Компьютерлер мен компьютерлік, мультимедиалық бағдарламалардың
қазіргі техникалық, дидактикалық мүмкіндіктері жағдайында компьютердің
диалогтық серіктес бола алатындығын, ал компьютер мен тіл үйренушінің
коммуникативтік серіктес болу мүмкіндігі шектеулі екендігін ескере отырып,
шынайы коммуникативтік серіктес оқытушының өзі және оқытушының
ұйымдастыруымен, басқаруымен құрылған коммуникативтік серіктестер жұбы
немесе тобы бола алады деген тұжырым жасадық. Тілді оқытуда тіл үйренуші
мен оқытушының, оқушы мен оқушының арасындағы шынайы тілдесімнің,
коммуникативтік қарым-қатынастың маңызы өте зор. Ал грамматикалық және
тілдік дағдыларды қалыптастыруды, сөйлеудің эталондық үлгілері арқылы
сөйлеу дағдыларын қалыптастыруды белгілі дәрежеде компьютерге сеніп
тапсыруға болады. Сонымен бірге, тіл үйренушілердің тыңдалымдық,
айтылымдық, оқылымдық және жазылымдық дағдылары мен біліктерін
қалыптастыру мен жетілдіруде, лексика-грамматикалық дағдылар мен біліктерді
сөйлесім әрекетінің жазылым түрі арқылы дамытуда, тіл үйренушінің ойлау
қызметін қарқынды етуде мультимедиалық бағдарламалардың атқарар қызметі
зор.
Орыстілді топтарда қазақ тілін мультимедиалық бағдарлама арқылы
оқыту үрдісін ұйымдастыруда тілді оқытудың және нақты сабақтың мақсат-
міндеттеріне сәйкес сабақта компьютерді қолданудың кезеңдерін дұрыс
анықтаудың, оқушылардың мультимедиалық бағдарламамен өзіндік жұмысын дұрыс
ұйымдастырудың, оқушылардың тілдік серіктестер тобындағы жұмысы кезеңінде
орындалатын жаттығулар мен тапсырмалардың түрлерін мақсатқа сай дұрыс
іріктеп, дайындаудың маңызы өте зор.
Зерттеу жұмысының Қазақстандық-сингапурлық жоба бойынша
дайындалған мультимедиалық оқыту бағдарламасының мазмұны мен өзіндік
ерекшеліктері деп аталатын бөлімшесінде Ұлттық ақпараттандыру
орталығында дайындалған орта мектептердің орыстілді сыныптарына арналған
мультимедиалық оқыту бадарламасының мазмұны мен өзіндік ерекшеліктеріне
талдау жасалды.
Қазақ тілі бойынша дайындалған мультимедиалық бағдарламалардың
мазмұны білім берудің мемлекеттік стандарттарына және типтік оқу
бағдарламаларына сәйкес әзірленген. Оқу материалдарын құрылымдау тақырыптық-
модульдік негізде құрылған, бұл оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру
үшін өте оңтайлы. Бұл бағдарламалар Елтану, Тұлғааралық қарым-
қатынастар, Әдет-ғұрыптар, мерекелер, Өнер, Саяхат, Салауатты өмір
салты, Ғылым және техникалық прогресс сияқты тақырыптар жүйесін
қамтиды. Әрбір тақырып бойынша Тыңдалым, Айтылым, Оқылым, Жазылым,
Грамматика, Сөздік және Жетістіктерді тексеру модульдері бар.
Ғылыми-танымдық мәтіндерге байланысты берілген лексика-
грамматикалық тапсырмалардың әр алуан түрі, оқушылардың монологтық және
диалогтық сөйлеуін жетілдіруге бағытталған жаттығулар коммуникативтік,
тілдік дағдыларды тиімді қалыптастыруға ықпал етеді. Мультимедиалық
бағдарламалардың негізгі ерекшелігі сөйлесім әрекетінің тыңдалым, айтылым,
оқылым, жазылым түрлерін кешенді түрде, бір-бірімен байланыста меңгертуге
бағытталғандығында. Яғни, әрбір модуль сөйлесім әрекетінің түрлерін
меңгертуге байланысты берілген интерактивті жаттығулар мен тапсырмаларды
қамтитын кіріктірілген кешен болып саналады. Бұл модульдер мынадай
жұмыстардың түрлерін қамтиды: тыңдалым – мәтінді бейнеқатардың көмегімен
есту арқылы қабылдау, түсіну; оқылым – мәтінді тікелей оқу, мәтін
мазмұнының негізінде оқушының жадын, логикалық ойлау дағдыларын дамытуға
бағытталған жаттықтырушы жаттығуларды орындау; жазылым – сөйлемдер
құрастыру, суреттер бойынша мазмұндама жазу, диктант жазу; айтылым – мәтін
мазмұны бойынша берілген суреттердің атауын дыбыстау, диалогпен жұмыс,
өзінің диалогын құрастыру және өз даусын таспаға жазу, т.б. .
Мәтіндерді оқуда және сұрақтарға ауызша жауап бергенде, оқушының
өз даусын жазуы, оны өзінің тыңдауы, диктордың – тілді тасымалдаушының
сөзімен салыстыруы және лайықты қорытынды жасай білуі өте маңызды.
Оқытушының да басқа оқушыларға кедергі жасамай, белгілі бір оқушының
компьютеріне қосылуға, оның іс-әрекетін бақылауға, жауабын тыңдауға немесе
онымен диалогқа түсуге мүмкіндігі болады.
Грамматика модулі теориялық және практикалық бөлімдерден
тұрады. Модульдің теориялық бөлімі визуалдық құралдардың (анимациялық
кестелер, суреттер, сызбалар, т.б.) көмегі арқылы ұсынылған грамматикалық
ережелерден, практикалық бөлімі оқушылардың жазу, байланыстырып сөйлеу
дағдылары мен біліктерін дамытуға арналған жаттығулар кешенінен тұрады.
Сөздік модулі оқу материалын аудиовизуалды берудің көмегі
арқылы оқушыларды жаңа сөздермен таныстыруға, жаңа сөздерді дұрыс айту
және оларды түрлі грамматикалық құрылымдарда дұрыс қолдана білу
дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Сөздік модулімен жұмыс жасау
оқушылардың сөздік қорын байытып, лексикалық дағдыларын дамытады.
Әрбір модульде ойын элементтерін енгізу арқылы әзірленген
анимациялық жаттығулар бар. Жаттығулардың мазмұнына ойын элементтерін
енгізу, оларды анимациялық түрде беру оқушылардың мотивациялық
қызығушылығын тудырып, белсенділігін арттырады.
Жетістіктерді тексеру модулінде оқушылардың теориялық және
практикалық материалдарды меңгеруінің негізінде алынған дағдылары мен
біліктерін тексеру жүргізіледі. Оқушылардың оқу жетістіктері мен
нәтижелерін тексеру лексика-грамматикалық тест тапсырмаларының көмегімен
және түрлі тақырыптарға шығарма, диктант жұмыстарын жазғызу арқылы
жүргізіледі, оларды оқытушы желілік технологияның көмегімен өз
компьютерінде тексере алады.
Бірінші бөлімнің үшінші бөлімшесінде (Орыстілді топтарда қазақ
тілін мультимедиалық бағдарламалық қорлар арқылы оқытудағы тілдік білім
берудің мақсаты мен нәтижелері) шетелдік және отандық зерттеушілердің
өзгетілдік білім берудің нәтижелері жайлы ой-пікірлеріне толық талдаулар
жасалды.
Шетел тілдерін оқытудың теориялық, әдістемелік мәселелерін
зерттеуші ғалымдар Н.И.Гез бен Н.Д.Гальсковалардың зерттеулерінде тілдік
білім беру ұғымының көпжақтылығы туралы айтылып, олар тілдік білім
беруді
1) құндылық; 2) процесс; 3) нәтиже; 4) жүйе ретінде қарастыруды
ұсынады.
Ғылыми зерттеулерге талдау жасау барысында тілдік білім берудің
нәтижесі үш деңгейде анықталатындығына көз жеткіздік: 1) жеке-тұлғалық; 2)
қоғамдық-мемлекеттік; 3) жалпыөркениеттік.
Тілдік білім беру нәтижесінің жеке-тұлғалық деңгейі тіл
үйренушінің тілдік білім беру үрдісінде меңгерген білім, білік,
дағдыларымен анықталады. Бұл жағдайда нәтиже тілді қарым-қатынас құралы
ретінде меңгерудің сандық және сапалық сипаттамалары тұрғысынан анықталады.
Лингводидакт-ғалымдардың пікірлерін негізге ала отырып, Тіл үйренушінің
өзге тілді үйренудегі негізгі межесі не болмақ, ол қандай білім, білік,
дағдыларды меңгеруі тиіс? деген мәселелерге байланысты мынадай тұжырымға
келдік: Өзге тілді меңгеру дегеніміз – сол тілде сөйлей, оқи, жаза және
тыңдай білу, бұл жағдайда тілді меңгерудің негізгі ұстанымы тілдік нақтылық
емес, әңгімелесушілердің бірін-бірі өзара түсінуі болып табылады. Яғни,
гуманитарлық колледждердің орыстілді топтарында қазақ тілін өзге тіл
ретінде меңгертудің негізгі шарттарының бірі – тіл үйренушілердің өздерінің
тілдік тәжірибесін еркін, ешқандай қорқынышсыз қолдана алатындығына
сенімділік сезімі. Бұл шартты қазақ тілін оқытуда мультимедиалық
бағдарламаны қолдану арқылы қамтамасыз етуге болады.
Тілдік білім беру нәтижесін қоғамдық-мемлекеттік деңгейде елдегі
болып жатқан әлеуметтік-экономикалық жаңарулардың маңызды резерві ретінде
қарастыруға болады. Қазіргі уақытта қазақ тілі – Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тілі. Қазақ тілінің бұл мәртебесі жыл өткен сайын биіктеп, беки
түсуде. Қазақ тілінің қоғамдық өмірдегі қолданылу аясы да бірте-бірте кеңіп
келеді. Соған орай, орыстілді топтарда қазақ тілін оқытуды осы тұрғыдан
қарастырудың да маңызы өте зор.
Тілдік білім беру жалпыөркениеттік деңгейдегі нәтиже ретінде
білім алушыда (тіл үйренушіде) өмірге деген жаңа көзқарасты қалыптастыруды,
экологиялық, ақпараттық мәселелерге толы өмірде өмір сүре және жұмыс істей
білуге даярлығы мен қабілеттілігін қалыптастыруды, ұжым өкілдерімен түрлі
формаларда қарым-қатынас жасай білуді жүзеге асыруды, осы қарым-қатынас
барысында алынған ақпараттарды өңдей білу және қажетті шешім қабылдай
білуді жүзеге асыруды, оны бәсекеге қабілетті жан-жақты дамыған жеке тұлға
ретінде қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Бірінші бөлімнің төртінші бөлімшесінде (Қазақ тілін оқыту
үрдісінде мультимедиалық бағдарламалық қорларды қолданудың психологиялық,
педагогикалық мәселелері) сандық интерактивтік мультимедиалық білім беру
қорларының түрлері, оларды қазақ тілін оқытуда қолданудың психологиялық,
педагогикалық мәселелері, дәстүрлі оқыту мен сандық интерактивті
мультимедиалық білім беру қорларын қолданып оқытудың ерекшеліктері мен
айырмашылықтары сараланып, сандық интерактивті мультимедиалық білім беру
қорының бірі ретіндегі мультимедиалық бағдарламаны қазақ тілін оқытуда
қолдануға қатысты маңызды тұжырымдар жасалып, мультимедиалық оқытудың
артықшылықтары көрсетілді.

1-кесте – Дәстүрлі оқыту үлгісі мен мультимедиалық бағдарлама
арқылы жаңаша оқыту үлгісінің салыстырмалы сипаттамасы

Негізгі Дәстүрлі оқыту үлгісі Мультимедиалық бағдарлама
сипаттамалар арқылы жаңаша оқыту үлгісі
1 2 3
Оқу бағдарламасында Оқушының оқу қызметін оның
Оқыту мақсаты белгіленген білім көлемінтанымдық қызметі негізінде
меңгертуге бағытталған ұйымдастыру, білім алуға
оқыту нәтижесі үйрету
Дайын білімді енжар Белсенді, білімді өзі іздеп
Оқушының рөлі алушы, оқыту үрдісінің табушы, оқу үрдісінің
объектісі субъектісі
Оқыту үрдісін, оқушының
Оқытушының рөлі Жетекші, оқыту үрдісінің танымдық қызметін
субъектісі, білім көзі ұйымдастырушы, кеңесші,
менеджер
Аудио, визуалдық, графикалық
Білімді ұсыну Дайын күйінде, үлгі көрнекіліктер мен
формалары бойынша, сөздік әдістер интерактивті әдістер арқылы
мен мәтіндік формалар (ойын, проблемалық әдістер,
арқылы өзіндік жұмыс, жоба қорғау,
т.б.)
Білімді бақылауға Алынған білімді нақты және
Білімді қолдану дайындық мақсатында, жаңа жағдайларда қолданбалы
типтік үлгідегі тұрғыда пайдалану
тапсырмалар мен
жаттығуларда қолдану
1 2 3
Оқушының өзіндік жұмысы және
Оқу қызметінің Фронтальді және жеке оқу қызметін ұйымдастырудың
басым формасы жұмыстар ұжымдық, топтық, жұптық
формалары
Оқушы мен компьютердің,
Оқытудың негізгі Сөздік әдістері оқытушы мен оқушының, оқушы
әдіс-тәсілдері мен оқушының өзара әрекетіне
негізделген интерактивті
әдістер мен тәсілдер

Зерттеу жұмысының екінші бөлімі Гуманитарлық колледждердің
орыстілді топтарында қазақ тілін мультимедиалық бағдарлама арқылы
оқытудың әдістемелік негіздері деп аталады.
Коммуникативтік сөйлесім әрекетінің түрлерін меңгертудің
интерактивті әдістері деп аталатын бөлімшесінде мультимедиалық
бағдарламада қарастырылған жаттығулар мен тапсырмаларды орындау барысындағы
интерактивті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары оқу орындарында шетел тілін оқытудың алғашқы сатысында білімді меңгеру тәсілі ретінде тыңдап түсінуді үйрету
ТІЛ ҮЙРЕТУДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ
Оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастырудың педагогикалық шарттары
ШЕТ ТІЛ ЕКІ ШЕТ ТІЛІ
АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ЕРКІН СӨЙЛЕУДІҢ МАҢЫЗЫ
Болашақ педагог маман тұлғасын заманауи ақпараттық құралдар көмегімен дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Біліктілікті арттыру жүйесінде шетел тілі мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін дамытуды теориялық – әдіснамалық тұрғыда негіздеп, мәселені тиімді шешудің педагогикалық шарттарын анықтау
Сандық интерактивтік мультимедиалық білім беру қорлары
Педагогикалық технологияға педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың әдістемлік құралы
Шет тілін оқытудың жалпы әдістемесінің құрылымы, мақсаты және мәні
Пәндер