”Библиотекарь” программасы



І. Кіріспе
Есептегіш машинаның шыққан жылдары
ІІ. Негізгі бөлім
Delphi.дің 7 версиясымен танысу
Delphi . де бағдарламалау
Delphi аймағы
Delphi 7 версиялы программаның басты терезесі
Құрал саймандар батырмалары
Негізгі терезе
ІІІ. Қорытынды
Есепті қорытындылау
Пайдаланылған әдебиеттер
1950-жылдардың басында жарыққа шыға бастаған негізгі өңдеу құралы – бірінші буын ЭЕМ-дерінің ішкі құрылымы элементтері жеке бөлшектерден дайындалған электрондық-логикалық схемаларға негізделген болатын. Бұл бөлшектің негізгілері вакумдық электрондық шамдар еді. Мұндай компьютерлердің көлемі үлкен, сенімділігі жоғары емес, тездік жылдамдықтары бір секундта 5-6 мың қарапайым операция шамасынан аспайтын (екі санды қосу, көбейту не символдарды салыстыру сияқты бір әрекет қарапайым операция деп аталады да, оны орындайтын команда машиналық команда деп аталды. Оның үстіне, мұндай машиналар үшін құрылатын программалар машиналық командалардан тұратын да, программалау жұмысы көп еңбекті қажет еткен. Ал, ЭЕМ-нің өзі тек есептеу жұмыстарын жүргізу үшін пайдаланған).
Транзисторды ойлап шығарғанға байланысты, 50-жылдардың соғы кездері техникалық негіздері түгелдей алмастырылған, негізгі элементтері жартылай өткізгішті транзисторлардан тұратын екінші буын ЭЕМ-дері жарыққа шықты. Мұндай элементтер машинаның әрекет тездігін және сенімділігін елеулі түрде арттыруға мүмкіндік береді. Екінші буын машиналарының сырт аумағы, масасы, энергия пайдалану шамасы көп төмендегендіктен, олардың өзіндік құны да бірінші буын машиналарына қарағанда көп төмендетілді. Оның үстіне, бұл ЭЕМ-дерде жоғарғы деңгейлі (Алгол, Фортран, Бейсик, т.б) программалау тілдерінде операторлардан тұратын программалармен жұмыс істеу мүмкіндігі туды.
1. Халықова К.З., Тұрғанбаева А.Р. Программалау тілдерін оқыту: Оқу құралы.-Алматы,2005.
2. Камардинов О. Информатика. Оқу құралы. Алматы: «Қарасай» баспасы, 2006.
3. Халықова К.З., Паскаль тілінде программалау: Оқу құралы. – Алматы: АГУ им. Абая, 2002.
4. Культин Н. Delphi. Программирование на Object Paskal. Санкт-Петербург, 1998.
5. М. Фленов. Библия Delphi. Санкт-Петербург, 2004.
6. Орлик С.В Секреты Delphi на примерах. М.:Бином, 1996

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Ақпараттық жүйелер кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: ”Библиотекарь” программасы

Орындаған: Шарипова Г.
ИС-
304к
Тексерген:
Қырғызбаева Б.

Алматы – 2006ж
Мазмұны
І. Кіріспе
Есептегіш машинаның шыққан жылдары
ІІ. Негізгі бөлім
Delphi-дің 7 версиясымен танысу
Delphi – де бағдарламалау
Delphi аймағы
Delphi 7 версиялы программаның басты терезесі
Құрал саймандар батырмалары
Негізгі терезе
ІІІ. Қорытынды
Есепті қорытындылау
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
1950-жылдардың басында жарыққа шыға бастаған негізгі өңдеу құралы –
бірінші буын ЭЕМ-дерінің ішкі құрылымы элементтері жеке бөлшектерден
дайындалған электрондық-логикалық схемаларға негізделген болатын. Бұл
бөлшектің негізгілері вакумдық электрондық шамдар еді. Мұндай
компьютерлердің көлемі үлкен, сенімділігі жоғары емес, тездік жылдамдықтары
бір секундта 5-6 мың қарапайым операция шамасынан аспайтын (екі санды қосу,
көбейту не символдарды салыстыру сияқты бір әрекет қарапайым операция деп
аталады да, оны орындайтын команда машиналық команда деп аталды. Оның
үстіне, мұндай машиналар үшін құрылатын программалар машиналық
командалардан тұратын да, программалау жұмысы көп еңбекті қажет еткен. Ал,
ЭЕМ-нің өзі тек есептеу жұмыстарын жүргізу үшін пайдаланған).
Транзисторды ойлап шығарғанға байланысты, 50-жылдардың соғы кездері
техникалық негіздері түгелдей алмастырылған, негізгі элементтері жартылай
өткізгішті транзисторлардан тұратын екінші буын ЭЕМ-дері жарыққа шықты.
Мұндай элементтер машинаның әрекет тездігін және сенімділігін елеулі түрде
арттыруға мүмкіндік береді. Екінші буын машиналарының сырт аумағы, масасы,
энергия пайдалану шамасы көп төмендегендіктен, олардың өзіндік құны да
бірінші буын машиналарына қарағанда көп төмендетілді. Оның үстіне, бұл ЭЕМ-
дерде жоғарғы деңгейлі (Алгол, Фортран, Бейсик, т.б) программалау
тілдерінде операторлардан тұратын программалармен жұмыс істеу мүмкіндігі
туды.
Информация өзінің хабары мен мазмұны арқылы сипатталатындығы және
хабар жіберушіден қабылдаушыға материалды – энергетикалық (электр, жарық,
дыбыс және т.с.с сигналдар) түрінде берілетіндігі белгілі. Хабарды қабылдау
қабылдаушының жағдайын сипаттайтын қандай-да бір шаманың уақытқа байланысты
өзгерісімен тікелей байланысты. Демек, информациялық хабарды информациялық
процесс жүретін физикалық ортаның материалдық – энергетикалық параметрлерін
уақытқы байланысты өзгертетін Х(t) функциясымен бейнелеуге болады. Осы
функция үздіксіз де (мысалы, уақытқа байланысты өзгеретін дененің
жылдамдығы, ауаның температурасы және электр тогының күші сияқтылар),
үздікті де (мысалы, уақытқа байланысты белгілі бір қатынас тіліндегі
таңбалар тізбектері немесе дыбыстар тіркестері арқылы құрылатын сөздер мен
сөйлемдер) болуы мүмкін. Үздіксіз функциялар арқылы бейнеленетін хабар –
аналогты сигнал, ал үздікті функциялар арқылы берілетін хабар – дискретті
сигнал деп аталады. Адамның сезім мүшелерінің мүмкіндігі шектеулі
болғандықтан үздіксіз информацияны дискретті түрде қабылдайды.
Ең алғаш ДЭЕМ тек сандық информацияларды өңдеу, яғни ғылыми-
техникалық, соның ішінде көбінесе математикалықесептерді шешу үшін ғана
қолданылған. Сондықтан оның атындағы дискреттік деген сөздің орнына
цифрлық деген анықтауышты пайдаланып, цифрлық есептегіш машина (ЦЕМ) деп
аталып кетті.
Қазіргі кезде ЦЕМ арқылы информациялардың кез келген (сандық,
символдық, локикалық) типін өңдеуге, яғни әр түрлі (ғылыми-техникалық,
экономикалық мәтіндерді түрлендіру, бір тілден екінші тілге аудару,
басқару, жасанды зерде және т.б.) есептерді шешуге болады. Оның себебі,
бұларда информацияларды өңдеу және сақтау үшін екі тұрақты жағдайлары бар
физикалық құрылғылар қолданылады. Бұл жағдайларды “ 0 ” және “ 1 ”
цифралырымен белгілейді. Сондықтан өңдеуге қажет информациялар және оларға
қатысты алгоритмдер “ 0 ” және “ 1 ” – ден тұратын тізбектер арқылы
берілуі керек. Ал қандайда болмасын алгоритмдік тілде жазылған алгоритмді
және кезкелген таңбалардың тізбектері арқылы берілген өңдеуге қажет
информацияларды мазмұндарын өзгертпей “ 0 ” мен “ 1 ” –ден тұратын
тізбектер арқылы кескіндеуге болады(бір ғана мазмұн әртүрлі хабар арқылы
беріледі). Яғни, ЦЕМ әмбебап есептегіш (өңдегіш) құрал болады. Біздің
қарастыратынымыз тек ЦЕМ.
Ең алғаш 1946 жылы АҚШ ғалымы Джон фон Нейман әмбебап ЦЕМ жасаудың
негізгі принцииптерін жариялады. Осы принциптерді толық жүзеге асырып
жасалынған ең бірінші ЦЕМ “EDSAC” деген атпен 1949 жылы Англияда Кембридж
университетінде жасалынды. Бір жылдан кецін 1950 жылы “EDVAC” атты әмбебап
ЦЕМ АҚШ-та шықты. Бұл елдерде оларды ағылшын тілінде компьютер деп атады.
Сондықтан осы терминді автомобиль деген термин сияқты қазақ тіліне
өзгертпей ендіріп қолдануымыз керек. Бұрынғы Кеңес одағында ең бірінші
МЭСМ деген компьютердің жасалуы 1947 жылы басталып 1951 жылы аяқталды,
1952-1953 жылдары келесі “БЭСМ - 1” компьютері жасалынды.
Алгоритмнің “ 0 ” мен “ 1 ” – ден тұратын тізбектер арқылы
кескінделуін программа деп атайды. Ал ондағы нұсқаулар мен амалдарды
бұйрықтар дейді. ЦЕМ орындай алатын барлық бұйрықтар жиынын машиналық тіл
деп атайды. Қазіргі машиналық тілдің әліпбилері тек “ 0 ” мен “ 1 ” – ден
“” ғана құрылады.

Delphi-дің 7 версиясымен танысу
7 түрінің (версиясы) ерекшелігі: бұның алдындағы версиялардың(түрі)
мүмкіншіліктері мұнда жоқ болып шығады.
Delphi-дің 7 түрі(версиясы) алдындағы 6 түрі(версиясы)-нің
бағдарлама жасаудың тілімен және интеграциялық ортасы мен қатты ұқсас. Оның
ерекшелігі – интернет жүйесіне бағдарлама жасауды жеңілдету үшін жаңа
технологияларды енгізу. 7 версияның тағы да ерекшелігі – автоматтандырылған
бағдарламаны жасау CASE атты құрал, басқаша айтқанда Modal Moker.
Modal Moker.құарлы барлық жұмысқа да ыңғайлы. Мысалы ол компьютерде
жұмыс жасаған адамға мағыналы мысалдарды орындай отыруға көмектесіп, өзі
басқа қара жұмысты орындап отырады.
Интернетке арналған қосымша технологиялары да әлдеқайда өзгерген.
Intra Web бөлшектері арқылы қосымша көмек сұрамайтын жаңа технология
дайындауға болады.
Кроссплатформалық көмекшіні жасауды одан әрі жеңілдету үшін Delphi
7 мен Kylix 3 арналған тіл айырмашылығы жойылған.
VCL және CLX жүйесінің жұмысын жеңілдеткен кезде VCL-дан Quick
Report, Past Net бөлшектері жойылып кетті.
Бірнеше өзгерістерді есептемегенде 7 версияның ең басты ерекшелігі
– кроссплатформалық көмекші құралдардың жақсы деңгейде ұсталуы және де CASE
құралдарын енгізу туралы.
VCL бағдарламасын жасаудағы 26 орнында 325 бөлшектер орналасқан.
Delphi бағдарлама жасаудың біріңғай жүйесі болып келеді. Басқа да
өзіне сәйкес жүйе сияқты Delphi жаңадан бағдарлама жасауға арналған. Delphi
жүйесінің өте бір жақсы екі ерекшелігі бар, олар: ол жасаған бағдарлама тек
қана Windows арқылы жұмыс жасап тұрмайды, ал өзі бағдарламаны түзетіп
жасаудың инструменттер түріне жатады (RAD).
Delphi жүйесі Visual Basic тілінен айырмашылығы қатал түрдегі
біріңғайлылығы. Бұл ерекшелік компиляция жасалынып жатқанда ақ,
компеляторға көптеген қателерді тауып беруге көмек береді. Бұл жүйе өзінің
көрсеткіштері арқылы СОМ түрлері және технологияларымен жедел түрде
байланыса алады. Ал Visual Basic пен Java жүйелері СОМ технологиясымен
жұмыс жасағанда онымен жәй әрі кештеу байланысады.
Айта кету керек: Delphi жүйе түрлері(версиясы)нің мүмкіншіліктері
мол: рет саны бойынша ең төмеңгі түрі(версиясы)нің жұмысын, ең биікітегісі
де жасай алады, бірақ қарсы түрде олай бола алмайды.

Delphi – де бағдарламалау
Windows операциялық жүйеде Паскаль, Си және т.б. тілдерді
қолданып программа құру – оңай жұмыс емес. Delphi пакетінде Windows – тін
ерекшеліктеріне аса мән бермей программа құруға болады. Бұл оның тағы бір
жетістігі.
Кейінгі кездегі дамып келе жатқан визуалды программалау
программаның текстін қолдан жазғанның орнына программалау пакетінің
ішіндегі дайындықтарын қолдануды қолдайды, ол дайындықтардын тек қана
кейбір параметірлерін керек бойынша өзгертіп немесе модификациялай қажет.
Delphi пакеті қиын программаларды программалаудың қарапайым және
әрлеу әдістерімен құруға арналған.
Программамен жұмыс істегенде екі екі стадияға бөлуге
болады. Бірінше стадия – жобалау стадиясы. Бұнда программа бөлек құрама
бөліктерден құралады да оған қажетті параметірлерімен мінездемелер
белгіленеді. Дәл осы стадияда әлі программа жұмыс атқарғанға дейінгі
нәтижелерін көруге болады және визуалды программалаудың әдістері
қолданылады. Екінші стадия – программаның жұмыс атқару стадиясы және
аралық, үшінші стадияны бөліп қарастыруға болады. Бұл стадияны – тексеру
стадиясы деп атаймыз. Тексеру кезінде программаның қателіктерін, дұрыс
жұмыс атқарылуын қарастырады.

Жобалау стадиясында бірнеше файлдар құрастырылып қолданылады.
Негізгі бөлігі жоба (Borland\Turbo Pascal – да бұл бөлік программа деп
аталған). Жоба орналасқан файл *.dpr кеңейтілуімен. Әдеттебұл бөлік бүкіл
программаның жинақтауыш бөлігі болып келеді, бірақ керек жағдайда өзіне
қажетті өзгертулер енгізуге болады.
Программаның жұмыс істеу стадиясында әртүрлі динамикалық кітапханалы
файлдарды (DLL – Dynamic Link Library) қолданылуы мүмкін, кеңейтілуі *.dll.
Программаның жұмыс істеу барысында әртүрлі текстік немесе текстік емес
файлдарды қолданылуы мүмкін, мұнда қажетті мәліметтер орналасады.
Delphi – дің жұмыс барысында жоғарыда айтылған файлдардан басқа керк
жағдайларда ресурсты файлдар құрастырылады, кеңейтілуі *.res – бұл жоба
үшін, ал *.dfm – файлдың модулі үшін және *.dcr – компонент кітапхасының
элементтері үшін.

Delphi аймағы
Delphi 7 версиялы программаның басты терезесі
Delphi – де дайын бөліктерді біріктіру арқылы программа құруға
болады және осы құрылған программаны тексеруге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында ұлттық республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйе (РАБИС) программасын құру және оны таратудың мәселелері
Ақпараттық қауіпсіздік туралы түсінік
ЕУРОПА ДЕРЖАВАЛАРЫНЫҢ ДИПЛОМАТИЯСЫ ЖӘНЕ ОСМАН ИМПЕРИЯСЫНДАҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСТЕР
AD – AS үлгісі туралы ақпарат
Кітаптарды халықаралық стандартты нөмірлеу
Қазақстанның ең ірі жазушыларының шығармасы
Оқу залының жұмысын жеңілдететін автоматты басқару жүйесін жасау атты дипломдық жұмысқа арналған патенттік-ақпараттық зерттеулер
Халықаралық төлемдер түрлері
Прагматонимдер
Шала туылған нәрестелердегі ретинопатия ауруы
Пәндер