Абылай (Әбілмансұр)



I Кіріспе

II Негізгі бөлім
2.1. Абылай (Әбілмансұр) тұлғасының қалыптасуы
2.2 Абылай ханның Қазақ хандығын біріктіруі
2.3. Абылай ханның саясатындағы гео саяси және әскери стратегиялық факторлар
2.4. Абылайдың өлімі мен мәңгілігі

III Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер
Болашаққа тағылым боллу үшін өткен жолымызды зерделегеніміз абзал.Ол үшін бүгінгі ұрпақ ата тек сабақтастығын қаз қалпында,кәусар күйінде білуге тиіс,тек қана шындық айтылуы керек.Әсіресе,тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның нарықтық көшу жағдайлары,оның негізгі кезеңдері,жаңа экономикалық саясатты қалыптастырудағы қиыншылықтар мен қайшылықтар, еліміздің әлеуметтік экономикалық және мәдени дамудағы кейінгі жылдардағы қол жеткен табыстары,тәуелсіз Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы алып отырған орны мен рөлі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1997 жылдан бергі Қазақстан халқына Жолдаулары және т.б. еңбектерінің маңызы зор.
Қазақ халқы өзінің жерін,елін,тәуелсіздігін сақтап қалу жолында талай қуғын сүргіндерден өтіп, «ат ауыздығымен су кешкен,ер толарсақтан саз кешкен» замандарды өткерген.Қазақтың кең байтақ,қазыныға бай жеріне,берекелі еліне сырттан кім көз алартпады дейсіз.Жайылымдық жер,жазиралы алқаптар мен сан тарау сауда жолдары үшін болған қақтығыстар үздік создық жалғаса келе ондаған жылдарға созылған соғыстарға айналғаны тарихтан мәлім.Солардың бәрінде қазақ халқының «мың өліп,мың тірілгенін»,тарихи тағдырдың тұшысынан гөрі ащысын көп татқанын жақсы білеміз.
Сан ғасырлық тарихымыздың асыл қазыналары түгел ашылды,жұмбақтары тұтас шешілді деу асылық болар.Түгенделмеген дүниеміз,қалпына келтірілмеген қатпарлы тарихи шындықтарымыз әлі де қаншама.Егемен ел болып,еңсе көтергелі бері ғасырлар ауқымына жүк боларлық қыруар шаруа атқарылса да рухани кемелдікке қол жеткізу үшін алдағы уақытта да тынымсыз ізденіс,тыңғылықты зерттеулер біп сәтке толастамайды деп ойлаймыз.
Елімізге қатысты маңызды оқиғалар мен тарихы жөніндегі зерттелген,ғылыми ақпараттық айналымға түскен деректерді мүмкіндігінше мол қамтуға тырыстық.Тарих тәжірибесі ұрпақтардың кешегісі мен бүгінгісінің ең сүбелі,нағыз прогресшіл қасиеттерін бірін бірін жалғастыратын өмір эстафетасы.Бүгінде Қазақстанның толыққанды тәуелсіз мемлекет болған жағдайында тарихымызды білу,қазақ халқы жинақтаған бай тәжірибені игеру,жаңа ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеуде,олардың белсенді өмірлік айқындамасын қалыптастыруда мейлінше маңызды.Тарихқа,тарихи бастауларға,тәжірибеге біз қаншама терең үңілсек,қоғамдағы қазіргі жағдайды соғұрлым жақсы түсінетін,білетін боламыз.
1) Қазақ ССР тарихы. Бес томдық.Т.2. Алматы,1980

2) Аманжолов К.Р Түркі халықтарының тарихы:оқу құралы. 2-Ші бас.2- Ші кітап.Алматы:Білім,2002.

3) Аманжолов К.Р,Тасболатов А.Б. Қазақстанның әскери тарихы.Алматы:Білім,1999.

4) Аманжолов К.Р Түркі халықтарының тарихы:оқу құралы. 2-Ші бас.1- Ші кітап.Алматы:Білім,2002

5) Аманжолов К.Р Түркі халықтарының тарихы:оқу құралы. 2-Ші бас.3- Ші кітап.Алматы:Білім,1999.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

2.1. Абылай (Әбілмансұр) тұлғасының қалыптасуы

2.2 Абылай ханның Қазақ хандығын біріктіруі

2.3. Абылай ханның саясатындағы гео саяси және әскери
стратегиялық факторлар

2.4. Абылайдың өлімі мен мәңгілігі

III Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Болашаққа тағылым боллу үшін өткен жолымызды зерделегеніміз абзал.Ол үшін
бүгінгі ұрпақ ата тек сабақтастығын қаз қалпында,кәусар күйінде білуге
тиіс,тек қана шындық айтылуы керек.Әсіресе,тәуелсіздік жылдарындағы
Қазақстанның нарықтық көшу жағдайлары,оның негізгі кезеңдері,жаңа
экономикалық саясатты қалыптастырудағы қиыншылықтар мен қайшылықтар,
еліміздің әлеуметтік экономикалық және мәдени дамудағы кейінгі жылдардағы
қол жеткен табыстары,тәуелсіз Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы алып
отырған орны мен рөлі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
1997 жылдан бергі Қазақстан халқына Жолдаулары және т.б. еңбектерінің
маңызы зор.

Қазақ халқы өзінің жерін,елін,тәуелсіздігін сақтап қалу жолында талай қуғын
сүргіндерден өтіп, ат ауыздығымен су кешкен,ер толарсақтан саз кешкен
замандарды өткерген.Қазақтың кең байтақ,қазыныға бай жеріне,берекелі еліне
сырттан кім көз алартпады дейсіз.Жайылымдық жер,жазиралы алқаптар мен сан
тарау сауда жолдары үшін болған қақтығыстар үздік создық жалғаса келе
ондаған жылдарға созылған соғыстарға айналғаны тарихтан мәлім.Солардың
бәрінде қазақ халқының мың өліп,мың тірілгенін,тарихи тағдырдың тұшысынан
гөрі ащысын көп татқанын жақсы білеміз.

Сан ғасырлық тарихымыздың асыл қазыналары түгел ашылды,жұмбақтары тұтас
шешілді деу асылық болар.Түгенделмеген дүниеміз,қалпына келтірілмеген
қатпарлы тарихи шындықтарымыз әлі де қаншама.Егемен ел болып,еңсе көтергелі
бері ғасырлар ауқымына жүк боларлық қыруар шаруа атқарылса да рухани
кемелдікке қол жеткізу үшін алдағы уақытта да тынымсыз ізденіс,тыңғылықты
зерттеулер біп сәтке толастамайды деп ойлаймыз.

Елімізге қатысты маңызды оқиғалар мен тарихы жөніндегі зерттелген,ғылыми
ақпараттық айналымға түскен деректерді мүмкіндігінше мол қамтуға
тырыстық.Тарих тәжірибесі ұрпақтардың кешегісі мен бүгінгісінің ең
сүбелі,нағыз прогресшіл қасиеттерін бірін бірін жалғастыратын өмір
эстафетасы.Бүгінде Қазақстанның толыққанды тәуелсіз мемлекет болған
жағдайында тарихымызды білу,қазақ халқы жинақтаған бай тәжірибені
игеру,жаңа ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеуде,олардың белсенді өмірлік
айқындамасын қалыптастыруда мейлінше маңызды.Тарихқа,тарихи
бастауларға,тәжірибеге біз қаншама терең үңілсек,қоғамдағы қазіргі жағдайды
соғұрлым жақсы түсінетін,білетін боламыз.

Абылай тұлғасының қалыптасуы.

Қарапайым адамның өмірінде екі негізгі кезеңі болады:өмірге келу және
өмірден кету уақыты.Ханның өмірінде бұл екі кезеңіне билік етудің басы мен
соңын белгілейтін екі кезең қосылады.

Абылай 1711 ж. Көркем Уәлі атағы бар Түркістан қаласының билеушісі Уәли
сұлтанның отбасында дүниге келген.Абылайдың әкесі де,атасы да Шыңғысханның
ұрпағы болғанымен,құқықтарын иелене алмай,хан бола алмады.Аңыздар бойынша
Төле бидің малын бағып жүрген Әбілмансұр атақты қазақ батырлары Қабанбай
мен Бөгенбайдың көздеріне түседі де әскерге кетеді.Жоңғарларға қарсы
күресте қазақ әскерлері қатарына алынады.Оның атақты істерінің бірі Қалдан
Цареннің асырап алған баласы,Шарышпен жекпе жекке шыққаны.Қақтығыстың
алдында қазақ әскерінің қолбасшылары жоңғар батырын жеңетін батырды
іздеді.Әбілмансұр өз еркімен жекпе жекке шығады. Абылай,Абылай деп ұран
салып,ол жауға шауып,ақыры Шарышты жер қаптырды.Қазақтар үлкен маңызды
жеңіске жетті.Әбілмәмбет хан Әбілмансұрды щақыртып, сен кімсің?деп
сұрайды.Өз тарихын айтып бергеннен кейін,өз атын,шыққан тегін елге
танытып,Абылай Орта жүзге сұлтан ретінде оралды.

XVII ғасырда 40 жылдарында Абылай сұлтанның негізгі қыстаулары
Есіл,Көкшетау өңірінде болатын.Тұрақты қоныстары Ертіс
маңайында,Тарбағатай,Маңырақ тауларының өңірінен қазіргі Шығыс Қазақстан
Зайсанға дейінгі аумақта таралған.

XVIII ғасырдың 60 жылдарында сұлтанның жерлеріне Көлсары батырдың Есіл
бойындағы қоныстары және Қабанбай батырдың Көкшетау маңындағы жерлері
қосылған.Билігі көп таралмаған Әбілмәмбет қонысы Түркістанға жақын
орналасқан.Әбілмәмбет ханның жерлеріне Барақ сұлтаннаң қоныстары
қосылған.Сонымен,Қазақстаннаң Оңтүстік жағының басым бөлігі Орта жүздің
басшыларының қол астында болды,сондықтан олар Қоқан аймақтарына жақын
орналасқан халықтардың тағдыры үшін жауапты болған.

Абылай хан өзінің мемлекеттік билігін Шыңғыстау және Қызылжар (Петропавл)
бекінісіне жақын орналасқан Көкшетау көлдерінің өңіріндегі рулық қоныстарда
жүргізді. Орта ордасы Тянь Шань тауларынан Каспий теңізіне дейін таралған
жерлерде көшіп қонып жүрді,сол жерден Еуропа мен Қытай арасын жалғайтын
Жібек Жолының саудагерлерінен алым

салықтарды алып отырды.Бұл дәрежеге Абылай өзінің аталары сияқты негізінен
суық қару және күшпен емес,ақыл мен мәмлегерлік арқылы жетті.

Орта Орданың саяси географиясы ерекше болған.Солтүстік Шығыста Ресей
империясы,Оңтүстікте Қытай империясы орналасқан.Орта Азиядағы барлық сол
кезеңдегі мемлекеттер сияқты Абылай хан Ресейге ерекше назар аударды.1745
жылы мамырда Ұлытауда Жошы ханның мазары маңында өткен құрылтайдың
нәтижесінде сұлтан Абылай Орта жүздің ханы болып сайланды.Таққа
отырғызғанда көне дәстүр бойынша Абылайды ақ киіздң үстіне отырғызып,төрт
жақтан төрт рудың атақты қайраткерлері үш рет ХАН! ХАН! ХАН! деп
ұрандап,көтерді.Бұл дәстүр салтанатты,ресми түрде басталып,үлкен тоймен
аяқталды.

Орта ғасырлық кезеңдегі хан билігі жалпы сөзбен: Хан өзінің қол астындағы
халықтың анасы есебінде сүйіп,қорғау керек,ал халық өз кезегінде өзінің
ханын әкесіндей сыйлау,керек. Нақты айтқанда хан билігі бірнеше
міндеттерді атқаруымен және билігі бір құқықтарымен анықталатын.Олар кем
дегенде бесеу еді: 1)Хан бүкіл қазақ руларының жоғарғы басшысы есебінде
хандықтардың бүкіл аумағында билік ету құқығын иеленді,яғни ұлыстардың
жерлерінің бәріне билік етті.Сонымен қатар,ханның ең басты міндеті сыртқы
жаулардан мемлекетті қорғау. 2)Әскердің жоғарғы басшысы ретінде хан соғысты
ашу және бейбітшілікті жариялау құқығын иеленді.3)Мемлекеттің сыртқы саясат
бағытын анықтау,шет мемлекеттерге елшіліктерді жіберу және қабылдау құқығын
иеленді. )Қазақ әдет ғұрып құқығының қайнар көзі Жеті жарғыда осы ханның
құқығымен жоғары би ретінде өкілеттіктері тікелей көрсетілген.Жоғары би
есебінде ханның адамды тірі қалдыруға немесе өлтіруге құқығы болды. )Хан
қоғамның барлық мүшелері үшін міндетті құқық шарттарын шығаруы қоғамдық
құрылысты және тәртіпті сақтаудың негізгі көрінісі болып табылады.

Тарихи деректер бойынша,қазақ даласы хандарының көптеген
көмекшілері,кеңесшілері,әскери басшылары,сонымен қатар ханнаң отбасын және
мүлігін қорғауды қамтамасыз ететін жатақтар мен күнделікті қара жұмысшылары
болған.

Абылай өз кезеңіндегі өте білімді және жоғары беделді тұлға еді.Ол
Түркістан қаласының маңындағы Қарнақ медресесінде білім алды.Абылай
қалмақ,маньчжур тілін және жазуын білген.Оның жаңында үнемі
түрік,қытай,орыс тілдері ммен жазуларын білетін тілмаштар болған Абылай

өте жоғары рухани дамыған тұлға еді,ло қазақ халқының тарихын,көршілердің
өзара қарым қатынастырының сипатын жақсы білген.Шығыстағы жеңістерден кейін
көптеген Орта Азиялық билеушілер Абылайды екі миллион шақырым аумағы бар
мемлекеттің дербес билеушісі деп таныды.Осыны ескере отырып,Ауған билеушісі
Ахмет шах өз елшілігін жіберген.

Өз замандастарының айтуы бойынша Абылай аласа бойлы болса да,өте күшті адам
еді.Шоқан Уәлихановтың мәліметі бойынща Абылайдың он екі әйелі,отыз баласы
және қырық қызы болған.Балалардың барлығы саясатпен тікелей
айналысты,олардың ішінде көптеген жетістіктерге ие
болғаны:Уәли,Шыңғыс,Тоғұм,Рүстем,Ес ім,Әділ,Қасым еді.Олардың әр қайсысы бір
бір руды билеген.

Жоғарыда айтылғандай,Абылай ханның айналасында көптеген сол замандағы
атақты адамдар болды,Қазыбек би,Төле би,Әйтеке би ханның ойларын іске
асырып,кеңес берген.Олардың ішінде әйгілі ақын жыраулар:Бұқар
жырау,Ақтамберді,Үмбетай,Көтеш,Шал сияқты ақын жыраулар.Олар өз
шығармаларында сол заманның ағымын жырлаған.Солардың арасында Абылайдың аты
жырға айналып,аңыз болды.

Өмірінің соңғы жылдарын Абылай Түркістанда өткізді.Рухани өмірінде ислам
ережелерін берік ұстағандықтан өмірінің соңғы кезеңін киелі Қожа Ахмет
Яссауи кесенесі маңында өткізуді қалап,Түркістан қаласында тұрған.

Қайтыс болардың алдында айналасына мемлекетің әр саласын басқаратын өзінің
жақын уәзірлерін жинап алып,үш жүз өкілдерінің қатысуымен қазақ халқының
біртұтастығын сақтауды уағыздаған.

Абылай ханның Қазақ хандығын біріктіруі.

Абылай хан Қазақ хандығын ақыл парасатымен біріктірді:қазақ даласындағы
саяси,әлеуметтік,халықтың жағдай жіне орталықтандырылған күшті билігінің
жоқтығы,үш жүздің атақты батырларын,Шыңғыс ханның ұрпағы Абылай сұлтаннаң
басшылығына көніп,оның қол астына енуіне мәжбүр етті.Абылай сұлтанға
бірінші болып достық ықыласын білдіреген найман руынан Қаракерей Қабанбай
батыр.Содан соң басқа сұлтандар оны бүкіл Қазақ халқының ханы ретінде
таныды.Найман руының және олардың одақтастары меркіттердің,уақ және
қоңыраттарды Абылай сұлтаннаң қол астына енуі Қазақ даласындағы бүкіл
саяси,әскери және экономикалық

жағдайды өзгертті.Сұлтаннаң қарамағына елу мыңнан астам адамнан тұратын
мықты әскери жасақтар енді.Осыдан кейіе Абылай Қазақ даласындағы ең ірі
және атақты тұлғаға айналып,қазақ халқын біріктіріп,қазақ хандығын қайта
құруға толық мүмкіндік алды.Сұлтан Абылай бұл мүмкіндікті толығымен
пайдаланды: )Ол арғындардың және оларға қосылған қыпшақтардың басшысы
Бөгенбай батырмен кездесті.Бөгенбай батыр да,Қабанбай батыр
сияқты,Абылайдың билігін таныды.Абылай Орта және Кіші жүздің батырларымен
келіссөз жүргізіп,оларды да өзіне қаратып алды.Осыдан кейін атақты батыр
Шақшақұлы Жәнібекпен келісуі оңайға түсті.Абылай хан Жоңғарлармен соғысудың
ерте екендігін жақсы түсініп отырды.Оның алдында күшті әскерін құрып,қазақ
халқының өмір сүру деңгейін көтеру міндеттері тұрды.Ең алдымен мемлекеттің
құқықтық негіздерін анықтау қажет болды.Бұл мақсатта Абылай Жеті Жарғы
ережесі мен бірге Шыңғысханның Билік және Жасақ заңдарын қайта енгізді.
Билік хандықтағы билік жүйесін анықтады,ал Жасақ Шыңғысхан тұсындағыдай
жүз мың адамнан тұратын әскер құруға мүмкіндік берді.

Абылайдың алдында тұрған ең басты міндеттердің бірі жоңғар шапқыншылығының
нәтижесінде өз тұрғылықты жерінен,малынан айырылып,ауыр жағдайда қалған
қазақ халқының экономикалық жағдайын көтеру болып табылды. 1744 жылы Абылай
арғын,қыпшақ,найман,керей руларына Ұлы жүздің коңырат,меркіт руларынан
көптеген малын бергізіп,оларға мал союдың белгілі бір мөлшерін бекітіп
қойды.Соның нәтижесінде 1744-1745 жылдар аралығында бұл рулардың мал
басының саны көбее түсіп,олардың жағдай жақсарды.Осылай,жойылуға жақын
тұрған халық мемлекет болып,қайта құрылып,әлемде өз орнын иемденді.

Қытаймен сауда қатынастарының кеңеюі байқалды.Қазақтар Құлжаға
Үрімші,Қашқарға мал айдап,ол жақтан жібек,кілем,ыдыс,шай әкелді.Ресеймен
сауда қатынастары өте жоғары дамыды.Бір Орынбордан ғана алпысынщы жылдардың
бірінші жартысында жыл сайын жүз мың пұт ұн сатылып алынып,оның орнына жүз
елу мың қой айдалды.

Абылайдың бастамасы мен ұшыр мен зекеттің басқа әрбір отбасының кірісінің
жиырмадан бір бөлігі хан отбасын және жүз басшыларын қажеттіліктерін
қамтамассыз ету мақсатына жұмсалды. XVIII ғасырдың 60-70 жылдарда уақытша
таныштықтан кейін Түркістан қаласында сауда орталығы ашылып,қайта
өрлеп,өркендеді.Сауда керуендері,ежелгі Жібек

жолымен Қазақстанның оңтүстік қақпасынан өтіп осы қалада жиі
тоқтады.Түркістан қаласы,Жетісудың,Батыс Қытайдың,Ресейдің саудагерлерін
тартатын үлкен ірі қалаға айналды.

Абылай Түркістанда орныққаннан кейін өз халқының пайдасына алым салымдарды
төлеткізіп,Қоқан бектерінің шапқыншылығынан қорғайтын Хан қорғаны сынды
атақты бекініс салғызды.Бұл бекіністің қалдықтары әлі күнге дейін осы
адасның ескерлігінің ескерткіші ретінде сақталынған.Абылайдың қарамағында
жақсы қаруланған,нақты қауіп төнген кезінде тез жиналатын азиатта түрдегі
әскері болды.Олар қырғыз манаптарымен,қоқан бектерімен күресте ерекше көзге
түсті.XVIII ғасырда 60-70 жылдарда көршілес аймақтардағы жаулармен күресте
Абылайдың әскерімен Ресейді және Цинь империясын қоспағанда тең қарсыластар
болған жоқ.

Бай малын сақтайды,батыр халқын сақтайды деген халық мақалындай.Абылайдың
билік ету кезеңінде халықтың әлеуметтік жағдайы жақсы болды.Абылайдың билік
құрған кезеңін Қазақстан тарихының алтын ғасыры деп сипаттауға болады.

Ойраттармен күреске белсене үлес қосқан ақын Тәттіқара Үмбетей Абылайды
Туа біткен батыр деп санады.Абылайдан Жоңғарлар да,Қырғыздар да
Қарақалпақтар да,Өзбектер де қорқатын және оны сыйлайтын.Ол мықты әскери
басшы болған.Осындай жолдармен талантты сардар Абылай қолындағы бар
мүмкіндікті пайдаланып,халықтың мүдделерін қорғап,жүздердің саяси
біртұтастығын сақтады.Үш жүздің тағдырын шешетін жағдайларын Абылай өз
руының,өзінің жеке мүдделерінен жоғары бағалаған,күрделі халықаралық
жағдайлардағы Абылайдың саяси көрегендігі,алыстан болжайтындығы,оны басқа
Шыңғысханның ұрпақтарынан жоғары тұрғызды және көптеген аса қауіпті
жағдайлардан сақтады.

Абылайханның жаңадан еңгізген билік ету тәсілдерінің бірі жеке таңдамалы
әскері төлеңгіттерді күшейту.Әрқашанда хандардың жеке күзетшілері
болған,сол себептен де Абылайханның өте күшті және көп адамдардан тұратын
жеке таңдамалы әскері болған.Ол әскерді басқару үшін арнайы ережелер
енгізілген.Тұрақты әскері бірте бірте қазақ жасағын
құрады.Бөгенбай,Қабанбай,Баян,Өтеге н,Наурызбай,Жәнібек тағы басқа батырлар
әр қайсысы он мың адамнан тұратын бірлестіктерді

басқарған.Батырлардың қатарына атақты рулардың ғана емес,әскери іспен
кәсіби түрде айналысатын қарапайым адамдар да қосылған.Олар көбінесе басқа
міндеттерді атқарған:саяси қайраткерлерді көршілес мемлекеттерге іс сапарға
өзімен бірге апарды,ал кейбір кездерде олар өздері де саяси өкілдер ретінде
қатысты.

Абылайдың тұсында билікті орталықтандыру деңгейі жоғары дәрежеге
жетті.Бірақ Абылайдың билік ету ерекшелігі ол өте қатал билеуші болған
жоқ.Оның барлық ойларымен істері қазақтардың өзіндік әрекет етуіне,бастарын
біріктіруіне және руларының жақындасуына бағытталған.

Әбілмәмбет ханның ханға лайық қасиетін сыйлап,Абылай ол қайтыс болғаннан
кейін ғана жалпы қазақ хандығының тағына отырды және Әбілхайырдың баласы
Әбілфейізге қолдау көрсетті.Бұл Қазақстанның Оңтүстік аймақтарында Абылай
ханның билігін күшейтті.Ұлы жүз билеушісі Төле бимен жасалған іске
келісімдерге сүйеніп,үйсіндердің өтінішін қанағаттандырып,Абылай оларға
билік жүргізү үшін өз баласы Әділді жіберді.

Кіші жүздегі қиын жағдайды түсініп,Абылай Нұралы ханмен тұрақты қарым
қатынастарды мақтай отырып,Орынбор әкімшілігі алдында оған қолдау көрсетті.

Басқыншылармен күресте және ішкі саясат жүргізуде Абылай атақты
қайраткерлер Шақшақұлы Жәнібек,Бөгенбай батыр,Қабанбай сынды батырлардың
көмегін пайдаланған.Халық аңыздары Абылайдың жетістіктерін сол адамдармен
байланыстырады.Ш.Уәлихановтың еңбегінде және Ресей құжаттарында Кіші жүзден
Көлсары,Құреке,Қожахмет,Өтеген,Ес ет,Бөгенбай,сіогелі руынан
Тілеуке,Қарақалпақ,Шапырашты Наурызбай батырларының да есімдері орын
алды.Ханның балалары Уәли,Тоғұм,Рүстем,Шыңғыс,Әділ,Қасым ,Сүйік өте маңызды
рөл атқарды.Осындай қазақ мемлекетін нығайтуға үлес қосқан адамдардың
тізімі ғана ханның ерекше ұйымдастырушылық таланты жайында түсінік береді.

Көзі тірісінде әулиелердің қатарына қосылған Абылайханның есімі халық
есінде бірліктің,біртұтастықтың көрінісі ретінде сақталып қалды.Одан
кейінгі жылдарда ханның ұрпақтары Ресей империясынан қазақтардың негізгі
байлығы жерін күш қолдану арқылы тартып алумен күрес жүргізгенде,бұл жердің
біртұтастығына Абылайханның тұсында мекендеген

және көршілес мемлекеттерге таңылғандығын,сонымен қатар патша өкіметінің
әскери отаршылық саясатының теріс әсеріне көз жеткізіп отырды.

Ханның шөбересі Кеңесары Қасымұлы I Николайға жолдауында қазақ жерлерін
жаулап алуды және қазақтарды орналастыру үшін территорияны кеңейтуді
тоқтатуды сұрайды: Сіздің ата бабаларыңыздың туысында және біздің атамыз
Абылайдың тұсында халық арасында тыныштық және біртұтастық сақталған
қазіргі заманда көптеген кері өзгерістер көрініс алуда... делінген.

Абылайхан көрші Ресейдің жауы болған жоқ.Оның ішкі саясатында да,қос
азаматтық еңгізі саясатында да орыстарға қарсы әрекеттер жасалынған жоқ.

Абылай ханның саясатындағы гео саяси және әскери
стратегиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абылай хан драмасының тарихи - фольклорлық негіздері
Абылай хан жайында
Абылайдың шайқастары
Абылай хан туралы
Абылай хан өмірбаяны
Абылай хан(1711-1781)
Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы
Абылай (Әбілмансұр) хан өмірі
Абылай хан туралы ақпарат
Абылай хан - тарихи тұлға
Пәндер