Азаматтық сот ісін жүргізуге адвокаттың қатысуы: проблемалық мәселелері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І . Азаматтық іс жүргізу қатынастары

1.1. Азаматтық іс жүргізу ұғымы және құқығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. АІЖҚ қатысушылар және оларды топтастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
1.3. Әділсотты жүзеге асыруға ықпал етуші тұлғалар ... ... ... ... ... ... ... ... .34

ІІ . Азаматтық іс жүргізуге адвокаттың қатысуы

2.1. АІЖ бойынша адвокаттың азаматтық істі қозғау
сатысындағы қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49
2.2. Адвокаттардың азаматтық істі сотта қарау сатысына қатысуы ... ... ... ... .51
2.3. Адвокаттың азаматтық іс бойынша кеңес беру қызметін
құқықтық реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53
2.4. АІЖ бойынша адвокаттардың азаматтық іске қатысуы
проблемаларын жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..61

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...64
Еліміз өзгерістер алдында, демократиялық реформалардың жаңа кезеңіне аяқ басқалы тұр.Сондықтан біз одан әрі жүретін реформалар пайдасына таңдау жасауымыз қажет. Қазақ ұлтының кешегісін түгендеп, ертеңін екшейтін заман туғалы қашан.
Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының аясын зерттеуді Қазақстандағы заң білімінің тарихынан бөліп қарауға болмайды.
Ғылыми зертеудің қайсысы болмасын, ұқсастық пен айырмашылықтарды саралап, жинақтауды талап етеді. Зерттелетін объект белгілі бір уақыт аралығын қамтитын болса, оны топтастыру да белгілі бір кезеңге сай жүргізіледі. Осы тұрғыдан келгенде Қазақстандағы заң білімінің дамуы барысын мынадай 5 кезеңге бөлуге болады: көне дәуірдегі заң білімі , дербес Қазақ хандығының заң білімі, патшалық Ресейдің отары болған кездегі заң білімі, социалистік заң білімі, ұлттық заң білімі.
Қазақстандағы заң білімі мен құқықтану, оның ішінде азаматтық іс жүргізу құқығы ерекше тарихи сипатқа ие десек қателеспейміз. өйткені, Қазақстан ұзақ жылдар бойы өзге мемлекеттің құрамына еніп, яғни оның құрамдас бөлігі болып саналады. Соның салдарынан заң білімі мен құқықтануы өз тізгініне өзі ие бола алмағаны да түсінікті. Ұлттық юриспруденцияға ең алдымен бөгде елдің ғылымы дәрежесіне көтерілу міндеті тұрды. Міне, сондықтан да ұлттық азаматтық іс жүргізу құқықтың ғылыми тұрғыдан дамуы орыс азаматтық құқығының тағдырымен тығыз байланысып жатыр. «діліне жүгінсек, орыс цивилистикасы өзінің ықшамдылығымен, керметтей қарапайымдылығымен азаматтық іс жүргізу құқығының теориясын сомдап береді. Дәл қазір де ол ұлттық цивилистиканы азаматтық іс жүргізу құқығының билік шынына көтеруде оң әсерін тигізуде. Егеменді Қазақстанға бүгінгі талапқа толық жауап беретіндей азаматтық құқық ғылымын қалыптастыру өзекті мәселе болып отыр.
Тарихқа жүгінсек, қазақ халқы өз алдына ел болып, дербес мемлекет құрғалы бірнеше күрделі заң жинақтарын қабылдаған. Мұндай заң құжаттары туралы сөз болғанда алдымен XVI ғасырдың бірінші ширегіндегі Қасым хан (1551-1520 ж.ж.) дәуірінде қабылданған "Қасым ханның қасқа жолын" жатқызуға болады. XVI ғасырдың аяғында XVII ғасырдың басында "Есім ханның ескі жолы" деп аталатын заңдар жинағын (1548-1928 жж.) билік құрған Есім хан шығарғаны тағы да белгілі. XVII ғасырдың аяғында XVIII басында Тәуке хан тұсында (1680-1718 жж.)атақты "Жеті жарғы" қабылданды. Бұл құжат аты айтып тұрғандай жеті саланы, атап айтқанда, жер дауын, жесір дауын, құн дауын, бала тәрбиесі мен неке қатынасын, қылмысқа жауапкершілікті, ру аралық дауды, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін қамтиды.
1. ҚР Конституциясы 1995.30.08. 1998ж. 7-қазандағы 18.05.2007 №284-1 ҚР Заңымен енгiзiлген өзгерiстермен толықтырулар
2. ҚР «Адвокаттық қызмет туралы» заңы 05.12.1997 ж.2004 жылғы 10 маусымдағы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген
3. ҚР АIЖК 1999 жылы 13 шiлде. 8 шілде 2005 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген
4. ҚР ҚIЖК 13.12.1997ж. 24.12.2001 жылы өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген.
5. Государстенная программа правовой реформы в РК (основные направление). Собрание актов президента РК и правительства РК №9. 1994.
6. ҚР "Лицензиялау туралы" заңы. 17 сәуiр 1995 жыл.
7. ҚР "Адвокатура туралы" ережесі. 13.11. 1980 ж. (салыстырмалы түрде).

2. Арнайы әдебиеттер.

1 Жұмағұл Темiрғали. Адам құқығын қорғауда қордаланған қиындықтар. 14 қараша 2002 жыл
1. АрсентьевО.В. Адвокатура и Нотариат в РК г. Костанай. 1998.
2. Булгакбаев.А.В. Советское адвокатура. Алма-Ата.1982.
3. Қазақ ССР-нің АІЖК 301-б. 1986 ж.
4. Бусленко.Н.И. Адвокат: вопросы и ответы. Ростов-на Дону. 1996.
5. Чертков. В.Л. Дела гражданские (Записки адвоката) М. Росийское право. 1992.
6. Бусленко Н.И. Адвокат: Вопросы и ответы. Ростов на Дону.1996.
7. Кожевников А.В. Адвокат – представитель потерпевшего, гражданского истца, ответчика в советском уголовном процессе. Автореферат канд.дисерт. канд.юрид.наук. Свердловск.1974.
8. Правила профессиональной этики адвокатов принятое решением Алматинской городской коллегий адвокатов. 20 августа 1998 года.
9. Сотов.П.В. Каменецский.Р.А. Адвокатура и нотариат. Учебно-практическое пособие. 2000.
10. Л.М. Звягинцева, М.А. Блюхина, И.К. Решетпикова Доказывания в судебной практике по гражданским делам. М.: 2000
11. Тыныбеков.С.Т. Организационные формы и деятельность адвокатуры в РК. Алма-Ата. Қазақ университетi. 1997
12. Шаламов.Н.Б. История советской адвокатуры. М. 1939
13. АрсентьевО.В. Адвокатура и Нотариат в РК г. Костанай. 1998.
14. Гаврилов С.Н. Адвокат в уголовном процессе. М.1996.
15. Сотов.П.В. Каменецский.Р.А. Адвокатура и нотариат. Учебно-практическое пособие. 2000.
16. Тыныбеков С.Т. организационные формы и деятельность адвокатуры в Республике Қазахстан. Алматы. Қазақ университеті, 1997.
17. Бусленко.Н.И. Адвокат. Вопросы и ответы. Ростов на Дону 1996
18. ҚР «Адвокаттық қызмет туралы» Заңы 5.12.1997 жыл.
19. Адвокаттар алқасының Жарғысы 1998 жылы 1 қаңтарда тiркелген.
20. ҚР «Адвокаттық қызмет туралы» Заңы 5.12.1995 жыл.
21. Чертков. В.Л. Дела гражданские (Записки адвоката) М. Росийское право. 1992.
22. Бусленко Н.И. Адвокат: Вопросы и ответы. Ростов на Дону.1996.
23. Кожевников А.В. Адвокат – представитель потерпевшего, гражданского истца, ответчика в советском уголовном процессе. Автореферат канд.дисерт. канд.юрид.наук. Свердловск.1974.
24. Правила профессиональной этики адвокатов принятое решением Алматинской городской коллегий адвокатов. 20 августа 1998 года.

Азаматтық сот ісін жүргізуге адвокаттың қатысуы: проблемалық мәселелері

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І . Азаматтық іс жүргізу қатынастары

1.1. Азаматтық іс жүргізу ұғымы және
құқығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...6
1.2. АІЖҚ қатысушылар және оларды
топтастыру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...18
1.3. Әділсотты жүзеге асыруға ықпал етуші
тұлғалар ... ... ... ... ... ... ... ... ..34

ІІ . Азаматтық іс жүргізуге адвокаттың қатысуы

2.1. АІЖ бойынша адвокаттың азаматтық істі қозғау
сатысындағы
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...49
2.2. Адвокаттардың азаматтық істі сотта қарау сатысына
қатысуы ... ... ... ... .51
2.3. Адвокаттың азаматтық іс бойынша кеңес беру қызметін
құқықтық
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..53
2.4. АІЖ бойынша адвокаттардың азаматтық іске қатысуы
проблемаларын
жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .57

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .64

Кіріспе

Еліміз өзгерістер алдында, демократиялық реформалардың жаңа кезеңіне
аяқ басқалы тұр.Сондықтан біз одан әрі жүретін реформалар пайдасына таңдау
жасауымыз қажет. Қазақ ұлтының кешегісін түгендеп, ертеңін екшейтін заман
туғалы қашан.
Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының аясын зерттеуді Қазақстандағы заң
білімінің тарихынан бөліп қарауға болмайды.
Ғылыми зертеудің қайсысы болмасын, ұқсастық пен айырмашылықтарды
саралап, жинақтауды талап етеді. Зерттелетін объект белгілі бір уақыт
аралығын қамтитын болса, оны топтастыру да белгілі бір кезеңге сай
жүргізіледі. Осы тұрғыдан келгенде Қазақстандағы заң білімінің дамуы
барысын мынадай 5 кезеңге бөлуге болады: көне дәуірдегі заң білімі[1],
дербес Қазақ хандығының заң білімі, патшалық Ресейдің отары болған кездегі
заң білімі, социалистік заң білімі, ұлттық заң білімі.
Қазақстандағы заң білімі мен құқықтану, оның ішінде азаматтық іс
жүргізу құқығы ерекше тарихи сипатқа ие десек қателеспейміз. өйткені,
Қазақстан ұзақ жылдар бойы өзге мемлекеттің құрамына еніп, яғни оның
құрамдас бөлігі болып саналады. Соның салдарынан заң білімі мен құқықтануы
өз тізгініне өзі ие бола алмағаны да түсінікті. Ұлттық юриспруденцияға ең
алдымен бөгде елдің ғылымы дәрежесіне көтерілу міндеті тұрды. Міне,
сондықтан да ұлттық азаматтық іс жүргізу құқықтың ғылыми тұрғыдан дамуы
орыс азаматтық құқығының тағдырымен тығыз байланысып жатыр. діліне
жүгінсек, орыс цивилистикасы өзінің ықшамдылығымен, керметтей
қарапайымдылығымен азаматтық іс жүргізу құқығының теориясын сомдап береді.
Дәл қазір де ол ұлттық цивилистиканы азаматтық іс жүргізу құқығының билік
шынына көтеруде оң әсерін тигізуде. Егеменді Қазақстанға бүгінгі талапқа
толық жауап беретіндей азаматтық құқық ғылымын қалыптастыру өзекті мәселе
болып отыр.
Тарихқа жүгінсек, қазақ халқы өз алдына ел болып, дербес мемлекет
құрғалы бірнеше күрделі заң жинақтарын қабылдаған. Мұндай заң құжаттары
туралы сөз болғанда алдымен XVI ғасырдың бірінші ширегіндегі Қасым хан
(1551-1520 ж.ж.) дәуірінде қабылданған "Қасым ханның қасқа жолын" жатқызуға
болады. XVI ғасырдың аяғында XVII ғасырдың басында "Есім ханның ескі жолы"
деп аталатын заңдар жинағын (1548-1928 жж.) билік құрған Есім хан шығарғаны
тағы да белгілі. XVII ғасырдың аяғында XVIII басында Тәуке хан тұсында
(1680-1718 жж.)атақты "Жеті жарғы" қабылданды. Бұл құжат аты айтып
тұрғандай жеті саланы, атап айтқанда, жер дауын, жесір дауын, құн дауын,
бала тәрбиесі мен неке қатынасын, қылмысқа жауапкершілікті, ру аралық
дауды, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін қамтиды.[2]
Бұл заң құжаттарының бәрі де сол заманның қажеттілігінен дүниеге
келгені сөзсіз. өкінішке орай, мәселенің байыбына бармай тұрып, Қазақстанда
құқықтық мәдениет болғанына күмән келтірушілер де кездеседі. Тіпті әлі
күнге дейін кейбір бұқаралық ақпарат құралдары мен академиялық еңбектерде
ұлттық құқықтың кенже қалғанын дәлелдеп бағуға тырысушылық байқалады,
тегінде құқықсыз мемлекет болуы мүмкін емес, өйткені, онсыз жария-
құқықтықты реттеу мүмкін еместігі түсінікті жәйт.
Кезінде Ресейдің отары болған Қазақстанда арнайы жоғары заң білімін
беретін оқу орындарының неліктен болмағанын тәптіштеп айтып жатудың өзі
артық болар. Ол кезде қазақтар үшін жоғары білім алу таптық және топтық
тұрғыдан алғанда мүмкін емес-тұғын. Сонымен қатар талапкердің оқуға қыруар
қаржы жұмсау керектігі тағы да қолын байлайды. Мәселен, орыс университетіне
түсу үшін 25 сом жарна талап етілді, содан кейін лекция тыңдауға, сынақ,
емтихан тапсыруға және тағы да басқа төлемдер төлеу керек болды. Тек
ауқатты адамдардың балалары ғана Ресей университеттерінде заң білімін ала
алды.
Осы арада мына бір жағдайды айта кеткен жөн, Қазақстан Ресейге отар
болуды бастаған, яғни 1731 жылғы 19 ақпанынан-ақ патшалық Ресей қазақтардың
құқықтық жүйесіне өзінің заңның енгізуді қолға алды.[3] Қазақтардың әдет-
ғұрып құқықтарын қалайда өзгертуге патша өкіметі жанын салып бақты, сөйтіп
орыс мемлекетінің құқық нормалары оның орнын біртіндеп баса берді. Ақырында
отаршылдық саясат өз дегенін істеп, айтқанға көндіріп, айдауға жүргізе
білді. Дейтұрғанмен қоғамның құқық өмірінің кейбір салаларында орыс заңы
мен қақатардың әдет-ғұрып құқықтары тоғысты. Демек қазақтардың әдет-ғұрып
құқықтарын түбірімен өзгертемін деген патша өкіметінің пиғылы жүзеге аса
қойған жоқ, соған байланысты Қазақстанда екі құқық жүесі де қолданылып
келді.
Қазақстанның тәуелсіздігінің қалыптасу үрдісі, әртүрлі билік
тармақтарының өкілеттілігін кеңейту және олардың қызметін жетілдіру,
заңдарды түбегейлі жаңарту, сот реформасы және азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын сотпен қорғауды күшейту, тиімді анрықты экономика құру,
қазақтсандық кәсіпкерлерді қорғау, қылмыспен күресу, осының бәрі сайып
келгенде заңымыздың кәсіби деңгейге көтеруді талап етеді.
Бүгінде заңгерлікке әлеуметтік тұрғыдан өзгеше маңыз берілуіне
байланысты ол беделді мамандыққа айналды. Оған күнделікті өмірде әркім де
көз жеткізгендіктен, талдап, түсінідіріп жатуды артық деп ойлаймыз.
Елімізде жүзеге асып жатқан заң жүйесіндегі игі өзгерістер заң тәжірибесін
қайта қарауды талап етеді. өкінішке орай, құқықтық жүйедегі алғашқы
қадамдар тағдыры – білім беру сапасына, кадрларды кәсіби даярлау деңгейіне
қатысты екендігін естен шығарып алатынымызды жасыруға болмас.
Болашақта қазақстандық құқықтық білім беру бағдарламасы әдістемелік
жағынан да ойластыруды талап ететін болады. Қазақстандық құқықтық білім
беру саласын "еуропалық", "англо-американдық" жаққа бұрып қана қоймай,
әлемдік тәжірибеге бетбұрыс жасату мәселесін естен шығырмаған жөн,
дейтұрғанмен құқықты оқытуда ұлттық құқықтық жүйе басым түсе беруіне мән
берілуі керек. Сондықтан да құқықты оқытуды мемлекеттік тілде жүзеге
асыруға көңіл бөлудің орын ерекше.

І . Азаматтық іс жүргізу қатынастары

1.1. Азаматтық іс жүргізу ұғымы және құқығы

Азаматтық іс бойынша адвокаттардың қатысуына кіріспес бұрын азаматтық
іс жүргізу қатынастарына жалпы түсінік бере кетпесек, бұл тақырыпты
түсінуді кеңірек қамту қиынға соғады. Сонымен, Азаматтық іс бойынша сот
әділеттілігін жүзеге асыру мемлекеттік іс жүргізу қызметінің күрделі түрі.
Азаматтық процессуалдық қатынас идеологиялық ерікті қатынас. Азаматтық
процессуалдық құқық қатынасының сот өндірісіне, прокурор, мемлекеттік
басқару органның ұйымы, мекеме, бірлестік, азаматтың және соттың арасында
пайда болған процессуалды құқық қатынасының реттелуі жатады. Азаматтық
процессуалдық қатынас мүдделі жақтардың арасында пайда болмайды. Арадағы
қатынас материалдық құқықпен реттеледі. Мысалы: талапкер және жауапкер
арасындағы қатынас, яғни сатып алу, сату шарты, айырбастау, жалға алу және
жалға беру жағы басқа шарттар, азаматтық құқықпен реттеледі.[4]
Көптеген жағдайларда азамат немесе заңды тұлға өздерінің құқықтарын
қорғауға тура келетін жағдайлар болады.
Мысалы: әкесі өзінің кәмелетке келмеген балаларын материалдық жағдаймен
қамтамасыз етпейді, аурухана басшылығы аурудың өсиетін куәландырудан бас
тартады, кәсіпорын басшылығы кәсіподақ ұйымының келісімін алмай
қармағандағы қызметкерді жұмыстан шығарады, т.с.с. көптеген жағдайлар
өмірде кездеседі.
Мұндай жағдайларда мүдделі тұлғалар өздерінің бұзылған құқықтарын іс
қозғап, қалпына келтіре алады. Осылайша нақты процесс бойынша іс қозғалады,
яғни онда даулы істі шешетін сот, істі қозғайтын талапкер (талапкерлер) іс
бойынша жауап беретін жауапкер (жауапкерлер) басқа мүдделі адамдар, сондай-
ақ куәлар, сарапшылар, аудармашы, мамандар қатысады.
Бұл жағдайда біздің процесс дегеніміз өте тар мағынадағы сөз болып
отыр. Ол нақты түрде былай болады, өйткені оған тиісті сот қатысады, оның
өтетін орны, мерзімі белгілі сатыда көрсетіледі. Оның қатысушылары жеке-
дара, ал олардың құқықтық қатынастары тиісті оқиғаға, әрекетке сай құқық
нормаларымен реттеледі.
Қанша азаматтық іс болса, сонша азаматтық процесс бар. Сонымен қатар,
азаматтық процесті кең көлемде алып қарау керек, өйткені азаматтық
құқықтарды сот арқылы қорғауды қамтамасыз ету – қоғаммен тығыз байланысты
әлеуметтік көрініс болып табылады.
ҚР Конституциясы бойынша ҚР-ның ең қымбат қазынасы адам және адамның
өмірі, құқықтары мен бостандықтары болғандықтан олардың азаматтық істі сот
арқылы қорғалуы өте маңызды болып табылады.
ҚР Конституциясының 13-бабының 2-тармағында азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарының сотпен қорғалуына кепілдік беретін маңызды демократиялық
бастаулар орнықтырылған.
Шынында, көрсетілген сот қорғаулары заң бекіткен, арнайы тәртіппен
өтеді, яғни Конституциямыздың 75-бабында сот билігінің сот ісін жүргізудің
азаматтық қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге
асырылатыны белгіленген.
"Сот өндірісі" термині, азаматтық процесс ұғымымен ұштасып жатыр.
Процесс жайлы сөз қозғағанда алдымен азаматтық процессуалдық құқық
нормаларымен бекітілген соттың азаматтық істі қарау және шешу тәртібін айту
керек. Сондай-ақ азаматтық процесс сот әділдігінің бір бөлігі, яғни сот
органдарының нақты өздеріне тиісті құқықтық сұрақтарды шешіп оларды белгілі
бір жеке тұлғаларға мемлекеттік мәжбүрлеуді құқық негізінде қолданып іске
асыру әрекеттерін айтамыз.
Осы көзқарас бойынша азаматтық процесс, яғни азаматтық іс жүргізу – бұл
азаматтық іс жүргізу әрекеттерінің және осы әрекеттер жүзінде іс жүргізу
құқықтық қатынастарының пайда болуын айтамыз. Бұл әрекеттер әділсотты
жүзеге асыратын сот арқылы іске асады, сондай-ақ қарауға тартылған басқа
субъектілер арқылы жүзеге асады.
Сонымен, азаматтық іс жүргізу азаматтық процессуалдық әрекеттерді іске
асыру тәртібін анықтайды, яғни бір жағынан заң бекіткен сотың әрекетінің
тәртібі болса, екінші жағынан іске тартылған тараптардың іске қатысу
тәртібін белгілейді. Бұл процесске деген көзқарас, осы тәртіпті бекітетін
процестің нормативті-құқықтық негізінде жасалады.
Іс жүргізуді бастау үшін, мүдделі тұлға талап беру керек, яғни шағым не
арыз беру керек. Бұл бірінші процессуалдық іс жүргізу әрекеті өзінен кейін
бір емес бірнеше құрамды әрекеттерді тудыруы мүмкін. Азаматтық іс жүргізу
заңы бойынша судья азаматтық істі қозғай алады немесе заңды негіздер болған
жағдайда іс қозғаудан бас тарта алады. Заң судья мен іске қатысушыларға сот
әділдігін жүзеге асыру үшін кең көлемде мүмкіндіктер берген. Сот арқылы
тараптар арасындағы шартқа қатысты құжаттар алдыру, сұрату, жауапкердің
мүлкіне сай арест салу, сот ұйғарымына жеке шағым келтіру, сараптама
тағайындау, сотың біреуіне отвод беру, істі қысқарту туралы ұйғарым шығару,
т.б. әрекеттер, яғни іс жүргізу әрекеттері азаматтық процесстің, яғни
азаматтық іс жүргізудің құрылымын құрайды.
Азаматтық іс жүргізу әрекеттерінің ерекшеліктері мынада:
Іс жүргізу әрекеттерінің мазмұны яғни оның іске асуы не іске аспауы
мүмкіндігі заңмен белгіленген. Мысалы: талапкер мен жауапкердің жалған
жауап беруі жайлы жауапкершілікке тартылуына ескерту беруге болмайды. Ал
қылмыстық іс жүргізу заңы бойынша ол міндетті. Ал азаматтық іс бойынша бұл
заңда көрсетілмеген. Керісінше, сот ондай жауапкершілікті куәлерге,
сарапшыларға, аудармашыларға ескертуге міндетті. Егер бұл заңмен бекітілген
ережені бұзған сот жұмысы өрескел қателік болып саналады.[5]
Процессуалдық іс жүргізу әрекеттері тәртіп бойынша заңда тікелей
көрсетілген кезекпен немесе нақты іс бойынша процестің даму логикасынан
шығады.
Сонымен АІЖК 17 бөлімі "Сот талдауы" атты 17 бөлімінде процессуалдық іс
жүргізу әрекеттерінің өту тәртібі мен іске асу кезектері анық көрсетілген.
АІЖК 180 бабында сот мәжілісінің ашылу тәртібі көрсетілген, АІЖК 181 бапта
процесске қатысушыларды тексеру тәртібі көрсетілмесе, ал 182-бапта сот
мәжілісіне іске қатысушылар мен өкілдердің келмей қалу салдары көрсетіледі.
Тек осы әрекеттерден кейін ғана сот келесі қадам жасайды: төрағалық етуші
істің мән-жайын баяндайды, тараптар мен үшінші тұлғалардың түсініктері
тыңдалады, куәлар мен сарапшылардан жауап алынуы және де басқа дәлелдемелер
зерттеледі.
АІЖК кейбір нормалары кейбір жағдайларда өтуге тиісті іс жүргізу
әрекеттерін нақты рет-ретімен көрсетеді. Мысалы: 211 бап сот жарыссөзінің
кім-кімнен кейін сөйлейтіні нақты тәртібі бар. Ол заңда былай көрсетіледі:
1. Сот жарыссөздері іске қатысушы адамдар мен өкілдердің сөздерінен
тұрады.
2. Алдымен талап қоюшы және оның өкілі, ал содан соң – жауапкер мен
оның өкілі сөз сөйлейді. Басталып кеткен процесте даудың нысанасы бойынша
дербес талаптар қойған үшінші тұлға мен оның өкілі тараптар мен олардың
өкілдерінен кейін сөз сөйлейді. Даудың нысанасы бойынша өз бетінше талаптар
қоймаған үшінші тұлға мен оның өкілі талап қоюшыдан немесе үшінші тұлға
іске өзі қатысатын жақтағы жауапкерден кейін сөз сөйлеәді.
3. Прокурор, мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының, ұйымдардың өкілдері және басқа адамдардың құқықтарын,
бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінген
азаматтар жарыссөздерінде соңынан сөз сөйлейді.
Көрсетілген норма соңына дейін іс жүргізу әрекетінің кезекпен өтетінін
реттейді.
Егер судья заңда көрсетілмеген бұл іс жүргізу әрекеттерінің реттік
тәртібін бұзатын болса, оның бірінші кәсіби қателігі болып саналады, яғни
бұл мүдделі тұлғалардың құқықтарына өрескел нұқсан тигізіп, өз биліктерін
асыра пайдалану болып табылады. Бірақ өкінішке орвй практикамызда "жасырын
сотқа дейін дайындық" деген атпен кең тараған кейбір соттардың істі
қозғамай жатып, АІЖК 160, 167 баптарында көрсетілген дайындық процесін
жүргізіп жіберуі көптеп кездесет.
Судья үшін мұндай заңсыздыққа бару, яғни іс жүргізу реттік кезектік
тәртібін бұзу, істі заң талап еткен мерзімде бітіру үшін керек болады, яғни
заң бойынша 1-ай мерзім.
Ал мүдделі тұлғалар үшін судьяның мұндай әрекеті күрделі қиындықтарға
жолықтыруы мүмкін, мысалы: талаптың кері күші тоқтамай жүре береді, егер
судья іс қозғаймын дегенше талап мерзім бітсе, ол мүдделі тұлға талапкердің
құқығын таптаған болар еді.
3. Юридикалық зардаптардың тууы жасалған процессуалдық әрекеттердің
нақты (результаты) қорытындысының болуы. Талап қою және істі қозғау
талапкер үшін іске қатысушылар құрамына кіруі (АІЖК) және заң бөлген
құқықтарға ие болуы. Талапкермен қатар жауапкер үшінші тұлғалар үшін де
міндетті. Юридикалық зардаптар процессуалдық әрекеттерге қатысты басқа
ситуацияларда да басталады.
4. процессуалдық әрекеттер заңда көрсетілген процессуалдық формада іске
асады. Процессуалдық форма анықтамасы өте күрделі. Бұл сұраққа қарама-қарсы
пікірлер көптеп кездеседі.[6]
Оның үстіне азаматтық іс жүргізу формаларының белгілерін айта кеткен
маңызды:
а) азаматтық іс жүргізу формасының маңызды белгісі азаматтық
процессуалдық құқық нормаларымен бекітілген талаптар жүйесі болып табылады.
Бұл талаптарға процесстегі іске қатысушылар тобы, қызметінің тәртібі,
әрекеттерінің мазмұны мен мәні, және оларды жасау не жасамағаны үшін
жауапкершілігі жатады.
б) іс жүргізу формасы сот қызметіне қатысу үшін міндетті тұлғалар
тізімі берілген заң бойынша көрсетілген тұлғалардан басқа ешкім іс
жүргізуге қатысушы бола алмайды. Кез келген іске қатысушы онда өзінің жеке
орны бар, талапкердің, жауапкердің, эксперттің, куәнің т.б. Бұлардың
ешқайсысы бірден екі орын ала алмайды немесе бір уақытта.
в) сот шешімі азаматтық іс бойынша сот бекіткен процессуалдық формада
фактілерге жағдайларға негізделуі керек, АІЖК бойынша заңға қайшы алынған
кез келген дәлелдемелердің күші болмайды және сот шешімінің негізі ретінде
алынбайды делінген.
г) іске мүдделі тұлғалар тікелей өзі не өкілдер арқылы іс қарауға
қатысуға құқық алады.егер іске мүдделі адамдардың жауаптары тыңдалып
талықлап болса, заң ол іс бойынша шешім шығаруға рұқсат бермейд.
АІЖ құқығы сотпен азаматтық істерді қарау тәртібін анықтайтын құқық
саласы болып табылады, яғни азаматтық іс бойынша сот әділдігін жүзеге
асыру, сонымен қатар сот қаулыларын күштеп орындату тәртібін қарастырады.
АІЖ құқығының пәні болып процессуалдық құқықпен реттелетін азаматтық
сот өндірісінің, яғни соттың және басқа да іске қатысушылардың қызметі
болып табылады.
АІЖ құқығының әдісі: императивті, диспозивті әдіс. Бұл жерде
басқарушылық қатынас мүдделі тұлғаның бостандығымен және тек құқықтармен
ұштасып жатады.
Құқық реттеу әдісі 2 түрлі жағдаймен байланысты:
1) АІЖ-ң р.бмен.
2) Міндетті және шешуші субъектілері ретінде соттың қатысуы, мемлекет
атынан шешім қабылдауы.
Бұл, шешім қажетті жағдайларда күштеп орындауға жатады. АІЖ құқығы
басқа құқық салаларымен құқықтық қатынаста болады. Ең алдымен ол
материалдық құқықпен байланысты, яғни азаматтық құқық, отбасы құқық
қатынастардан туындайтын дауларды күштеу арқылы орындау формасы болып
табылады. Еңбек міндеттерді орындату егер де аталған құқықтық қатынастар
бойынша заңдылықты бұзулар кездессе және олар ерікті түрде орындалмаса.
Азаматтық процессуалдық құқықтың реттеу пәні ретінде соттың және іске
қатысушылардың қызметін атасақ, азаматтық құқығы субъектілердің жағдайына
басқарушылық және бағыныштылық қатынасымен реттелетінін көреміз. Құқық
қорғау органдары пәнімен азаматтық іс жүргізу құқығының ара-қатынасы
біріншісінде құқық қорғау органының жүйесі және осы органның сот әділдігін
жүзеге асыру саласындағы құзыретін оқытады, ал 2-де осы нақты азаматтық іс
жүргізудің тәртібі және формасы оқытылады. Қылмыстық іс жүргізу құқығымен
көптеген принциптің ұқсастығымен дәлелдеу саласындағы ұқсастықпен, көптеген
институттың бірдейлігімен ара-қатынастарын көреміз, сонымен қатар қылмыстық
және азаматтық процесстер істің жылжып дамуына байланысты бірдей сатылардан
өтеді, яғни соттың 1-ші инстанциясында іс қараудан бастап шешімі шыққанға
дейін қылмыстық іс бойынша үкім шыққанға дейін.
Апелляциялық, қадағалау сияқты және тағы басқа қосымша сатылардан да
өтуінен көреміз.
Қорыта айтқанда, процессуалдық іс жүргізу формасын сақтау – сот
әрекетінің конституциялық элементінің ажырамас бір бөлігі.
Азаматтық процессуалдық құқық қатынасында субъективтік құқық пен
міндеттерге байланысты болады. Іс-әрекет заңдық айғақпен байланысты.
Азаматтық процессуалдық құқық қатынасында әділетті орган, билік етуші
орган – сот болып табылады. Ал әкімшілік және қаржылық құқық қатынасында
мемлекеттік басқарушы орган болып есептеледі.
Процессуалдық қатынастар заңдық іс-әрекеттерді орындаудан басталады
және соған байланысты болады әкімшілік және қаржылық басқару функциясын іс-
жүзіне асырумен байланысты болады.
Процессуалдық құқық пен міндеттер өзара байланысты мәнде болады.
мысалы, сот, азаматтық іс өндірісін қабылдады, оған енді жауапкерлердің
тартуы мүмкін және жауапкер жағындағыларды шақыруы мүмкін. Жауапкер
жағындағылар сотқа дәлелдеме алып келуі керек. Ол өз мүддесін қорғауы үшін
адвокат жалдауы мүмкін. Азаматтық істің пайда болуына азаматтық
процессуалдық қатынастың жиынтығы болады. ол 4 топқа бөлінеді.
1. Соттың 1-ші инстанциясымен азамат, мекеме, бірлестік, мемлекеттік
ұйымның прокурор арасындағы қатынас.
2. Соттың 2-ші инстанциясымен іске қатысушы тұлғалар арасындағы
қатынас.
3. Соттың сот қаулыларын қайта қарау бойынша іс жүргізумен соттың істі
дұрыс шешуі үшін мүдделі субъектілердің арасындағы қатынас.
4. Соттың жоғары тұрған және төмен тұрған сот органдары арасындағы
қатынас.
Азаматтық процессуалдық құқық қатынасының объектісі - бұзылған құқықтар
мен мүдделерді қалпына келтіру туралы даулар. Оның пайда болу себебі, ол 2
бөлінеді.
1. Жалпы объектісі – сотпен шешілетін азаматтық іс барлық процессуалдық
байланыстардың пайда болуы жатады.
2. Арнайы объекті – әрбір құқық қатынасының мәніне байланысты, яғни
соттың талапкермен қарым-қатынасы объекті ретінде талапкердің құқықтық
мүддесі. Ал жауапкермен құқық қатынасында, жауапкердің құқықтық мүддесі
объекті болып табылады.
Азаматтық процессуалдық құқық қатынасының субъектілері.
Субъекті түсінігі – азаматтық процессуалдық құқық та кең түсініктемені
қажет етеді. Азаматтық процестегі субъекті нақты процессуалдық құқықты
қолданады және сәйкес келетін субъективтік міндеттерге ие болады.
Азаматтық процесс – азаматтық құқықта құқық қатынасына түспей-ақ
субъекті болуға болады. мысалы, кез келген азамат, құқы бұзылса сотқа оны
қорғау туралы талап арыз жаза алады. Яғни процессуалдық құқық субъектісі
сотқа қатыспас бұрын сотпен процессуалдық құқық қатынасы пайда болмас бұрын
құқық субъектісі бола алады.
Субъектілер процессуалдық роліне байланысты 3 топқа бөлінеді.
І. Азаматтық процессуалдық құқық қатынасының 1-ші тобындағы
субъектілер. Оған барлық соттар жатады – олар әділеттікті жүзеге
асырушылар. Олар 2-категорияға бөлінеді. 1) соттарға, бірінші инстанциядағы
соттар; 2) 2-ші категориядағы соттарға апелляциялық сатыдағы және қадағалау
тәртібімен іс жүргізу сатысы жатады. Олар азаматтық сот өндірісінде бақылау
функциясын атқарады.
Соттың өкілеттігі екі түрге бөлінеді.
1) Пәндік.
2) Функционалдық.
Пәндік – азаматтық істің сотқа жататындығы.
Функционалдық – азаматтық істі қарау іс-әрекеті жатады. Онда дәлелдеме
жинау, сотқа шақыру тағы басқа өкілеттік кіреді.
Сот органының өкілеттілігіне – судья, сот орындаушысы, сот секретары
орындайтын іс-әрекеттерде жатады.
1-ші инстанциядағы соттағы азаматтық істі судьяның жалғыз өзі немесе
судьялар алқасымен біріге қарайды.
Облыстық сатыдағы тәртіпте істі қарағанда соттың алқасы құрамда кемінде
3-мүшесі біріге отырып қарайды.
Сот орындаушысы – соттың атынан іс-әрекет етеді. Соттың шешімін,
ұйғарымын, қаулысын мәжбүрлеу түрінде орындатады.
Сот мәжілісінің секретары – соттағы құқықпен міндеттердің іс жүзіне
асуына хаттама жүргізуге міндетті болады.
ІІ. Азаматтық процессуалдық құқық қатынасының 2-ші тобындағы
субъектілер олар іске қатысушылар. Олардың құқықтық жағдайлары 2 белгімен
көрсетіледі.
1. Азаматтық істі заңды мүддесі бар азаматтар.
2. Материалды құқықтық және процессуалдық құқықтық мәселе бойынша
соттың қарауындағы іске қатысушы басқа да тұлғалардың қатысуы.
Талапкер – құқы мен мүддесін қорғауды соттан талап ететін азаматтық сот
процесінің басталуына себепші тұлға, істі мүддесі бар тұлға, өзі немесе
прокурор, ал заңда көрсетілген жағдайларда мемлекеттік басқару
органдарының, мекеме, ұйым және басқа да қоғамдық ұйымдар, жеке азаматтық
бастауы мен іс қозғалады. Талапкер (истец) сөзі искать іздені, ол іздеу
деген сөзден шыққан.[7]
Жауапкер – талапқа жауапты, яғни талапта көрсетілгендей құқықты бұзушы
тұлға. Көптеген жағдайларда жауапкердің әрекетінен талап беріледі.
(белгіленген мерзімде қарыздың төленбеуі, авторлық құқыққа келтірілген
зиянның орны толтырылмауы тағы басқа).[8]
ІІІ. Азаматтық процессуалдық құқық қатынасының 3-тобындағы субъектілер
әділеттікті іс жүзіне асырушыларү олар іске қатыспайды. Соттың іс
қызметінің дамуына ат салысады, көмектеседі. Оларға – эксперт, маман,
куәгер, аудармашылар, мүлікті қорғаушылар, соттың шешімінің іс жүзіне
асырушылар тағы басқа тұлғалар жатады. Бұлар азаматтық процессуалдық
құқықта субъектілердің ерекше тобы. Сотқа дәлелді мәселелерді алып келетін,
яғни дербес талап қоятын жақтар. Олар сотқа қатыспайды, бірақ нақты
жағдайлар талап етілседе сотқа қатысушылар болып табылады.
Азаматтық процессуалдық құқықтағы субъектілер құқық қабілетімен және
әрекет қабілетімен тығыз байланысты болады.
Құқық қабілеті – дегеніміз белгілі бір құқыққа ие болу қабілеті.
Материалдық құқық субъектілері болып табылатын азаматтар мен ұйымдар
үшін азаматтық іс жүргізу құқығы мен міндеттерін ие болу қабілеттілігі.
Бірдей дәрежеде танылады.
Әрекет қабілеттілік 18-жасқа толғандарға және ұйымдарға толық көлемде
болады.
14 жастан және 18 жасқа дейінгілер әрекет қабілеті толық емес ішінара
деп табылады. Олардың құқықтарымен, заңмен қорғалатын мүдделерін сотта
олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері қорғайды. Кейбір жағдайда
кәмелетке толмағандарды немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған
азаматтардың өздерін тартуға міндетті.
3. 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың сондай-ақ әрекет қабілеті
шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен
қорғалатын мүдделерін сотта олардың заңды өкілдері қорғайды.
4. Заңда көзделген жағдайларда материалдық құқық қатынасын және тапқан
табысына билік етуге байланысты мәмілелерден туған істер бойынша 14-18
жасқа дейінгілер сотта өз басын қорғауға құқығы бар.
АІЖҚ сот әділдігін жүзеге асыру аумағында қоғамдық қатынастарды
реттейтін жеке құқық саласы. Басқа құқық салалары сияқты азаматтық іс
жүргізу құқығы өзінің азаматтық іс жүргізуді яғни азаматтық сот өндірісін
реттейтін құқық нормаларынан тұрады.
Бір кездері Ресей профессоры Н.Б. Зейдердің айтқан көзқарастары бойынша
азаматтық іс жүргізу құқығының пәні барлық юридикалық әрекеттерді жүзеге
асыратын: арбитраж, нотариат, аралық, жолдастық т.б. осындай заң бойынша
азаматтық істерді шешетін заң органдарының әрекеті деген сұрақ төңірегінде
(активті) түрде талас жүрген болатын.
Бұл идеяны В.Н. Щеглов, И.А. Жеруолис, Н.Е. Арапов сынды ғалымдар
қолдаса, ғалым А.А: Добровольскийдың айтуы бойынша, бұндай "Зейдерацияға"
қарсы шыққан ғалымдар көптеп болды, А.А. Мельников, И.И. Авдиенко, М.С.
Шакарян, И.А. Чечина, Д.М. Чечот сынды ғалымдардың пікірінше, құқықты
қорғаудың бүкіл формаларын бір азаматтық процестің "жалпы шатырының" астына
біріктіру, теория бойынша дұрыс емес болса, практика жүзінде болашағы жоқ
мәселе. Шын мәнінде Зейдердің бұл идеясы құқық шығармашылығында қалай
пайдалану керектігін көзге елестету қиын. Бұл дегеніміз барлық құқық қорғау
органдары үшін азаматтық, еңбек, отбасы, әкімшілік т.б. құқық қатынастарын
реттейтін бір азаматтық іс жүргізу кодексін шығару ма. бІр АІЖК яғни 1
құқықтық нормамен сот, арбитраж, аралық сот, нотариат, т.т. органдардың
әрекетін реттеу керек деген сөз өйткені тәрізді сұрақтарды көпт тудырады.
Өткені жоғарыда көрсетілген органдар біртекті емес. Олардың арасында сот
әділдігін мемлекет атынан жүзеге асыратын органмен қатар, мүдделі
адамдардың өзі әрекет ететін қоғамдық құрылымдар бар. Нотариат, АХАЖ,
юриспруденция.
Қазірдің өзінде мемлекеттік арбитраж таратылып, арбитраждық сот құрылып
арбитражды іс жүргізу кодексі шығып олардың барлығы таратылды, сондықтан
олардың барын бір АІЖК-не біріктіру деген сөз АІЖК жылына бір емес бірнеше
рет өзгерту деген сөз.
2. Азаматтық іс жүргізу жүйесі әдеттегідей 2 бөліммге жалпы және ерекше
бөлімге бөлінеді.
Жалпы бөлім өзінің құрамына АІЖК-нің жалпы ережелер. Яғни 1-бап бойынша
Азаматтық іс жүргізу заңдарымен реттелетін қатынастарды; 2-бап ҚР азаматтық
сот ісін жүргізуде басымкүші бар құқықтық нормаларды қолдану, АІЖ заңының
уақыт жағынан қолданылуы айтылса 2-тарауында Азаматтық сот ісін жүргізудің
міндеттері мен принциптері қарастырылған бұл жерде сот талдауының, яғни іс
жүргізу не процесс принциптері тікелей ауызша және үзіліссіз АІЖК-нің 17-
тарауында қарастырылғанымен ол жалпы ережелерге кіреді. Сондай-ақ жалпы
ережелерге ведомствалық бағыныстылық және соттылық, іске қатысушылардың
құқықтық жағдайы. өкілдердің қатысуы, дәлелдемелер және дәлелдеу міндеті,
сондай-ақ сот талдауы кезіндегі тараптардың бірқатар әрекеттері кіреді.
Жалпы бөлім сонымен бірге сот шығындарын, сот айыпақылары сот мезімдерін
қамтиды.
Ал Азаматтық іс жүргізудің Ерекше бөлімі азаматтық іс сатылары,
Азаматтық істі І-инстанцияада қозғау, сотқа қарауға дайындау, сотта қарау,
апелляциялық соты, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істі қайта қарау және
орындау өндірісі жатады, сондай-ақ ерекше бөлімге шетелдік тұлғалар және
азаматтығы жоқ адамдардың қатысатын азаматтық істері мен шетелдік ұйымдарға
қойылатын тараптар бойынша істер.
Азаматтық іс жүргізудің әдісі басқа құқық салаларының әдісінен көп
ерекшелік жоқ. өзі методика –әдіс дегеніміз – ғылым қандай тәсілмен,
амалмен зерттеу жүргізеді? – деген сұраққа жауап береді.
АІЖ – ең маңызды әдіс азаматтық іс жүргізу құқығындағы нормалар
мазмұнын, оларды қолдану практикасында қоғамдық қатынастарға әсерін,
қайшылықтарды, белгілі қорытындыларды зерттеу болып табылады.
Басқа құқық салаларына қарағанда АІЖ құқық нормаларының әрекет ету
шеңберін салыстырмалы түрде зерттеуге болады.
Азаматтық құқықтық қатынастағы заем шарты мен сату-сатып алу шарты
барлық басқа шарттарын бірін-біріне қолданып не болмаса біреуі арқылы
барлық шарттың қолдануәдісін біле алмаймыз. Ал АІЖ құқығында белгілі бір
уақыттарда қаралған барлық сот істерінің дәл есебін білуге болады. Осы есеп
бойынша оларға әлеуметтік әдіс жүргізуге мүмкіндік береді.
60-жылдардың екінші жартысында процесс С.М. Пелевин профессор В.А.
Ядовтың басшылығымен Ленинградтағы қалалық сотта некеден ажырасқан ерлі-
зайыптылардан анкета арқылы алған сауал қорытындысы бойынша басым көпшілігі
шындарынын айтпайтынын білген, яғни күрделі некеден ажырасу процесі бос,
жай алдамшы ретінде өтетіндігін білгендіктен ғалымдар, бүкіл некеден
ажырасу процесін соттан алып жартысын азаматтық хал актілер органында яғни
ЗАГС-те қалдыруды сұраған.
1968 ж. көктемде шыққан неке және отбасы құқығында ЗАГС-те некені бұзу
мүмкіндігі қарастырылмаған еді, тек Ленинград мемлекеттік университетінің
АІЖ кафедрасының жүргізген сауалнамасының қорытындыларымен және оған
түсіндірмелерін зерттей отырып жобаға некені Азаматтық хал актілерін бұзу
органдарында яғни ЗАГС-те бұзу процесурасын кіргізді.
Процессуалдық іс жүргізу пәні – сотта процессуалдық жекелеген
нормалардың басқалай қызықты құралдармен зерттелуі болып табылады.
1985 жылдың соңынан бастап, спирт ішімдіктерін асыра пайдаланғандардың
әрекет қабілеттілігін шектеу туралы істер саны көбейіп кетті.
Бұл сол кездегі партия басшысының "құрғақ заң" деген принципіне
негізделген еді. Осы АІЖК 258-262 баптарының нормалары практикада
қолданудағы қорытындысын зерттеу мақсатында сол кездегі аспирант, қазір
Ресейдің заң ғылымының кандидаты Ломонованың басшылығымен студенттер тобы
осы іс бойынша шешімнің орындалуын зерттейді. Осы іс бойынша 1000 іс
алынып, 1986 жылы олардың барлығының адресі тұрақты мекен-жайы бойынша
әрекет қабілетін шектеген азаматтардың жанұяларына барып жағдайларымен
танысты. Сонда 56 % әрекет қабілеттілігі шектелген азаматтарға қорғаншы
тағайындалған да қалған 44 % -ті қорғаншысыз қалған. Оның үстіне 6 ай
мерзім өткен соң көпшілігі қорғауындағы азаматтарды бақылап отырудан бас
тартып, еңбек ақыларын өздері алу және жарату құқықтарын қайта өздеріне
беруді сұраған. Осы зерттеулерлен кейін-ақ тез арада, Азаматтардың әрекет
қабілеттілігін шектеу туралы баптың қоллданылуы қысқарды.[9]
Азаматтық іс жүргізу нормалары сондай-ақ тарихи түрде ғылыми зерттеліп
қолданылуы мүмкін.

1.2. АІЖҚ қатысушылар және оларды топтастыру

Азаматтық іс жүргізу қатынастарының пайда болуының үш алғышарты бар.
Олар:
1) Азаматтық іс жүргізу құқығының нормалары;
2) іс жүргізу құқық қатынасына қатысушылардың құқық субъектілігі;
3) заңдық фактілер.
Азаматтық іс жүргізу құқық қатынасының нормалары дегеніміз – тиісті
құқықтық актілер негізінде мемлекет бекіткен және санкциялаған міндетті
заңды ережелер. Оны орындамау мемлекет бекіткен және қамтамасыз еткен
жауапкершілікке әкеліп соғады. Азаматтық іс жүргізу құқығының нормалары
азаматтық іс жүргізу қатынастарының пайда болуының негізгі шарты болып
табылады.
Іске қатысушылардың құқық субъектілігі олардың құқық қабілеттілігі мен
әрекет қабілеттілігінен тұрады. Іс жүргізу құқық қабілеттілігі дегеніміз
заң бойынша процессуалдық құқықтарға ие болып, процессуалдық міндеттер
атқаруы. Әрекет қабілеттілік – субъектінің өз әрекеттерімен процессуалдық
құқықтар атқарып және процессуалдық міндеттер атқаруы.
Азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілігі – яғни азаматтық іс жүргізу
құқықтары мен міндеттеріне ие болу қабілеттілігі материалдық құқық
субъектілері болып табылатын барлық азаматтар мен ұйымдар үшін бірдей
дәрежеде танылады. Ол азаматтық құқықтық қабілеттелікпен тығыз байланысты,
бірақ оған бағынышты емес. Мысалы, азаматтық құқық қабілеттілік мынадай:
Азаматтардың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны
жүзеге асыруға оларды орындауға қабілеттілігі (азаматтың әрекет
қабілеттілігі) кәмелетке толғанда яғни он сегіз жасқа толғаннан кейін толық
көлемінде пайда болады.
Ал АІЖК құқық қабілеттілікте азаматтық сот өндірісінде тек қана
азаматтық істер ғана емес, сондай-ақ әкімшілік, еңбек, неке, отбасы, салық,
мемлекеттік және басқа қатынастарды қарайды. Азаматтық құқық үшін өазірде
субъектілер: ҚР азаматтары, шетел азаматтары, және азаматтығы жоқ адамдар,
сондай-ақ заңды тұлғалар, ҚР және шетелдің.
Азаматтық құқық сияқты АІЖ құқығы да азамат туғаннан бастап қайтыс
болғанда аяқталады. Ал заңды тұлғаларда тіркелген кезден емес, яғни
материалдық құқықтың субъектісі болғаннан бастап пайда болады. Ал енді бұл
іс жүргізу құқық қабілеттілігі тек қана тараптарға, яғни талапкер мен
жауапкерге ғана қалданыла ма жоқ іс жүргізудің басқа субъектілері сот
прокурор, сот өкілдеріне де қолданыла ма деген сұрақ әлі даулы мәселе
күйінде қалып отыр.[10]
Азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі.
Сотта құқықтарын өз іс-әрекеттерімен жүзеге асыру және міндеттерін
орындау, іс жүргізуді өкілге тапсыру қабілеттілігі (азаматтық іс жүргізу
әрекет қабілеттілігі) он сегіз жасқа толған азаматтарда және ұйымдарда
толық көлемде болады.
Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-
ақ әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын,
бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың ат-аналары
немесе өзге де заңды өкілдері қорғайды, алайда сот мұндай істерге кәмелетке
толмағандардың немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың
өздерін тартуға міндетті.
Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекет
қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын
және заңмен қорғалатын мүдделерін сота олардың заңды өкілдері қорғайды.
Заңда көзделген жағдайларда, азаматтық, отбасылық, еңбек,
кооперативтік, әкімшілік және өзге де құқық қатынастарынан және тапқан
табысына немесе кәсіпкерлік қызметтен түскен кірістеріне билік етуге
байланысты мәмілелерден туындайтын істер бойынша он төрт жастан он сегіз
жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың өз құқықтарын және заңмен қорғалатын
мүдделерін сотта өз басы қорғауға құқығы бар. кәмелетке толмағандарға көмек
үшін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерін мұндай істерге қатысуға тарту
соттың қалай шешуіне байланысты.
Біздің азаматтық құқықта 16-жасқа толған азаматты еңбек шарты бойынша
жеке еңбек ашртымен немесе кәсіпкерлікпен айналысса ата-ана, асырап
алушылары, қорғаншы, қамқоршы органдардың келісімімен толық әрекет
қабілеттілікке ие бола алады. Оны эмансипация дейміз. Бізде бұл тек неке
және отбасы заңдарында кездеседі.
Оны яғни әрекет қабілеттілігі жартылайдан толыққа ата-аналарының
келісімімен қорғаншы қамқоршы органдардың шешімімен танылады. Егер ондай
келісім болмаса соттың шешімімен.
Азаматтық заңдар бойынша азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық
құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер
жасап, оларды орындауға қабілеттілігі.
Сонымен, 14 пен 18 жас арасындағы кәмелетке толмағандардың дәне әрекет
қабілеттілігі шеектелгендердің құқықтарын азаматтық іс бойынша сотта
олардың заңды өкілдері қорғайды.
Егер іс қозғау барысында тараптардың бірі кәмелетке толмаған болса
немесе әрекет қабілеттілігі шектелген болса сот олардың өкілдерімен бірге
өздерінде іске қатысуға шақыра алады. Өйткені оларсыз өкіл бітімгершілікке
келе алмайды, талапты мойындай немесе одан бас тарта алмайды.
Бірқатар құқықтық қатынастарда мысалы еңбек қатынасындағы зиян келтіру
мәселесі бойынша кәмелетке келмегендер өздерінің құқықтары мен міндеттерін
өздері қорғай алады. Мысалы, әкімшілік бастамасымен жұмыстан шыққан 17
жасар кәмелетке толмаған жасөспірім, қайтадан жұмысқа алу туралы талапты
сотқа өзі қоя алады. Бұл жағдайда сотқа заңды өкілді шақыру –шақырмау,
соттың өзінің қарауына байланысты болады.
16 жасқа келіп некеге отырған азамат толық әрекетке қабілетті деп
саналғандықтан ол жасөспірім ол некені кейін жарамсыз деп тануды немесе
некеден ажырату туралы талапты өзі қоя алады, сондай-ақ балаға алимент
өндіріп алу туралы істерді қарағанда, мүлікті бөлу жайлы істерді талапты
өзі береді және басқа мысалы Тұрғын үй қатынастарынан туындайтын істер
бойынша да ол талапты өзі қоя алады.
Әрекет қабілеттілігі толық емес, яғни 15 жасқа келмеген немесе заң
бойынша әрекет қабілеттілігін шектеген азаматтардың атынан олардың заңды
өкілдері қорғайды.
Кей жағдайда әрекетке қабілетсіз тұлға өзі істі қозғауымен әрекет
жасайды, сот арызды қозғалыссыз қалдыра тұрып, оның заңды өкілдерін іске
қатысуға қамтамасыз етеді.
Заңды фактілер – объективті жағдайлардың азаматтық іс жүргізу құқық
қатынастарының пайда болуы, өзгеруі, және тоқтатылуымен байланысын айтамыз.
Ол оқиға немесе әрекет болуы мүмкін.
Оқиғаны азаматтық іс жүргізу қатынасын тудырушы факт есебінде қарауға
болмайды. Ол тек азаматтық іс жүргізу қатынастарды тудыратын әрекеттердің
пайда болуына негіз, сілкініс қана болады. Мысалы, бір тараптың қайтыс
болуы істің тоқтатылуына әкеп соқтыруы мүмкін. Бірақ тек ол өзінен өзі
тоқтамайды. Соттың қайтыс болу фактісін негізге ала отырып жасаған
әрекетімен тоқталады. Заңды фактілердің айырмашылығы бір ғана факт
жеткіліксіз болады да "заң құрамының" яғни фактілертобынан, оның ішінде
кемінде бір әрекет сот әрекетінен тұруы керек. Мысалы, Азаматтық іс жүргізу
құқық қатынасы сот талапкер қатынасының артына бірден екі әрекет жасалады.
Талапкердің талап арыз беруі, соттың арызды қабылдау және кері қайтару
әрекетін тудырады.
Бірде-бір іс жүргізу әрекеті соттың әрекетінсіз тууы мүмкін емес,
өйткені азаматтық іс жүргізу құқық қатынасының арнайы субъектісі сотсыз
бірде-бір әрекет заңды бекімейді. Сондай-ақ заңды фактілердің ерекшелігі
олардың кезекпен реттілікпен жүзеге асуы. Мысалы, сот пен үшінші тұлғаның
не болмаса сот пен жауапкердің қатынасы тумайды, егер сотпен талапкердің
қатынасы болмаса.
Қорыта келгенде, Азаматтық іс жүргізу қатынастарында барлық уақытта екі
субъекті болады. Оның бірі барлық уақытта сот болғандықтан, азаматтық іс
жүргізу қатынастарын сотсыз елестету мүмкін емес. Іс жүргізу әдебиеттерінде
басқа іске қатысушылар, сотсыз қатынасқа түсуі мүмкін делінген.[11] Бірақ
бұл көзқарас, пікір бізге қолданылмайды.
Сот іс жүргізу процесіне басшылық жасайды. Іске қатысушылардың
әрекеттеріне бағыт береді. Олардың құқықтары мен міндеттерінің орындалуын
қамтамасыз етеді, биліктік сипатқа ие қаулы шығарады, және бұзылған
құқықтар мен мүдделерді қалпына келтіру үшін материалдық-құқықтық дауды
шешеді.
Осылармен қатар, азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынасы 3 элементтер
тұрады. Олар: 1) құқық қатынасының субъектісі; 2) құқық қатынасының
объектісі және 3) құқық қатынасының мазмұнынан тұрады.
Азаматтық іс жүргізу қатынасының барлық субъектілерін үшке бөлеміз. 1)
әділсотты жүзеге асырушы соттар; 2) іске қатысушы тұлғалар (тараптар,
үшінші тұлғалар, прокурор және т.б.); 3) әділсотты іске асырушы тұлғалар
(куәлар, сарапшы, аудармашылар).
Сонымен қатар, азаматтық істе іске қатысушылардың ішінде өкілдер ерекше
орын алады.
Ал азаматтық іс жүргізу қатынасының объектілері материалдық-құқықтық
дау болып табылады.
Азаматтық іс жүргізу қатынастарының мазмұнына іске қатысушылардың
субъективті құқықтары мен міндеттерінен тұрады.
Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының субъектілерінің екінші тобын
іске қатысушылар құрайды. Заң бойынша олар: 1) тараптар; 2) үшінші
тұлғалар; 3) прокурор; 4) мемлекеттік органдар; 5) жергілікті өзін-өзі
басқару органдары, ұйымдар; 6) басқа тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық және
мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін жеке азаматтар; 7) ерекше іс жүргізу
тәртібімен қарайтын істер бойынша мәлімдеушілер мен мүдделі адамдар іске
қатысушы тұлғалар болып танылады.
Іске қатысушы тұлғалар маңызды комплексті бірқатар іс жүргізу
құқықтарына ие екенін және басқа субъектілерге қарағанда ерекше жағдайда
екенін көруге болады. Азаматтық іс жүргізу заңы іске қатысушылардың
пайдаланатын құқықтар құрамын АІЖК 47-бабында толық көрсеткен. Ең алдымен
олар істегі барлық материалдармен таныса алады. Олар материалдардан
көшірмелер, үзінділер жазып ала алады. Олар тек өздерінің материалдарынан
ғана емес, прокурордың, мемлекеттік басқару органдарының ұсынған
құжаттарынан да ала алады. Айтқандай сот өкілі заң көнсультациясының берген
ордері мен сенімхат негізінде осы әрекеттерді ешқандай арнайы сенімхатсыз
өзі жасай береді. Бұл оның өкіл ретіндегі өзінің процессуалдық құқығы болып
саналады.
Іске қатысушы тұлғалар сот талдауына да белсенді қатысады. Олар сот
құрамына қарсылық білдіреді. Яғни сот, прокурор, сот хаттамасына, кез
келген уақытта дәлелдемелер ұсынуға, іске қатысушы басқа тұлғаларға
сұрақтар беруге, куә мен әкспертке іс бойынша өздеріне белгілі болған іске
маңызы бар мән-жайларды айтып түсініктер беруіне құқықтары бар. Тараптар
мен үшінші тұлғалардың түсініктемелері тексеруге және басқа жиналған
дәлелдемелер мен қатар бағалауға жатады.
Іске қатысушылар сондай-ақ ұсыныс беруге, дәлелдеме талап етуге,
сараптама тағайындауға, талапты қамтамасыз етуге істі кез келген уақытта,
шешім шыққанға дейін тоқтатуға ұсыныстар беруге, жасауға құқықтары бар.
Сот процесі кезінде іске қатысушы тұлға сотқа жазбаша ауызша
түсініктемелер беруге, сот талдауы кезінде барлық сұрақтар бойынша өз
болжауларын келтіруге, басқа тұлғалардың ұсыныстары, болжауларына, ойларына
қарсылықтарын білдіруге құқықтары бар. Сондай-ақ соттың шешіміне шағым
келтіре алады. Тағы басқа іс жүргізу барысында көптеген құқықтарға ие
болады.
Азаматтық іс жүргізу Заңында іске қатысушы тұлғалар барлық іс жүргізу
құқықтарын адал пайдаланып, іс жүргізу міндеттерін атқару керек
делінген.[12]
Әрбір істе талап өндірісіне барлық уақытта кемінде 2 тарап қатысады.
Талапкер - өз мүдделерін немесе талап қойылған мүдделерді көздеп талап
қоюшы азаматтар мен заңды тұлғаларды айтады.
Талапкер сөзі орысша "истец" яғни "искать" іздеу, яғни қорғануды іздеу
мағынасында қазақша талапкер, яғни бұзылған құқығын талап ету табу деген
мағынаны білдіреді. Талапкер қоятын тарапты активті яғни белсенді деп атау
қолданады. Өйткені талапкердің өз құқығын қорғау белсенділігі арқасында
азаматтық іс қозғалады. Бірақ барлық уақытта талапкердің белсенділігі
болмайды. Өйткені :
1. Әрбір адам бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын,
бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін заңның
белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. Мемлекеттік органдар, заңды
тұлғалар немесе азаматтар заңда көзделген жағдайларда өзге адамдардың
немесе адамдардың белгісіз бір тобының құқықтарын және заңмен қорғалатын
мүдделерін қорғау туралы сотқа арыз беріп жүгінуге құқылы.
2. Прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және
азаматтардың, заңды тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттік
мүдделерді қорғау үшін талап қойып (арыз беріп) сотқа жүгінуге құқылы.
3. Ешкімге өзінің келісімінсіз ол үшін заңда белгіленген соттылығын
өзгертуге болмайды. Жоғары тұрған соттың өзінен төменгі соттың жүргізетін
ісін тараптардың келісімінсіз алып қоюға және оны өзінің іс жүргіузіне
қабылдауға құқығы жоқ.
4. Егер заңға қайшы келсе немесе әлдекімнің құқығын және заңмен
қорғалатын мүдделерін бұзса, сотқа жүгінуге құқығынан бас тарту жарамсыз
болады.
Сөйтіп осындай жағдайда мүдделі тұлға сотқа шақырылып, іске талапкер
ретінде қатысуды ұсынады.
Жауапкер - өздеріне қуыным талабы қойылған азаматтар мен заңды
тұлғаларды айтамыз.
Көптеген жағдайларда талаптың қойылу себебі жауапкердің әрекеті не
әрекетсіздігі болады. Мысалы: белгіленген мерзімде қарызды өтемеу,
авторлық құқықты иелену залал келтіру.бірақ кей жағдайларда жауапкер
талапркедің құқығы мен мүддесіне нұқсан келетін ешқандай әрекет жасамайды.
Мысалы, қауіпті жағдайдың иесі, болады немесе жасы жетпеген мұрагер, яғни
өсиетті жарамсыз деп тану туралы талап қойылған жауапкер болып табылады.
Жауапкер даулы материалдық құқықтық қатынастың обективті субъектісі
ретінде пассивті тарап деп танылады.
Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адвокаттың азаматтық процеске өкіл ретінде қатысу мәселелері
Адвокаттың сот процесіне қатысуы
Өкіл мен сот
Азаматтық іс жүргізудегі адвокатура ролі және адвокаттық қызмет
Азаматтық істерді жүргізудегі өкілдік етуде адвокатураның атқаратын қызметі
Азаматтық іс жүргізудегі адвокат қызметінің құқықтық мәселелері
Адвокатура ұғымы және міндеттері мен адвокатураның ұйымдық құрылуы
Адвокаттың азаматтық-құқықтық дауларға қатысуы
Азаматтық іс жүргізудегі адвокаттың құқықтық жағдайы
Сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар
Пәндер