Жер құқығы қатынастар


Жоспары
І Кіріспе бөлім
Жер құқығы қатынастар
ІІ Негізгі бөлімі
1. Жер құқығы қатынастарының дамуы және оның түрлері.
2. Жер құқығы қатынастарының объектілері
3. Жер құқығы қатынастарының субъектілері
1. Жер құқығы қатынастары
«Құқықтық қатынас» түсінігі «Құқық» және «қатынас» түсініктерін, яғни, құқық нормаларымен реттелген қатынастарды білдіреді. Жер құкығы қатынастары - бұл оқу пәнінің және жер құкығы ғылымының институты. Олар жер құкығының жалпы және ерекше бөлімдерінде көрініс табады және де олардың негізгі мазмұнын кұрайды. Заң әдебиеті мен заңдарда «жер құқығы қатынастары» түсінігінің әртүрлі анықтамалары кездеседі. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20-маусымдағы Жер кодексіне сәйкес, жер құқығы қатынастары - бұл жерге меншік құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын басқаруға, жекелеген субъектілерге жер учаскелерін бекітіп беруге байланысты жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі Құқықтық қатынастар (ҚР ЖК 12-бабының 10-тармағы) . Мұндай анықтама жер кұкығы қатынастары обьек-тілерінің шеңберін тарылтады. Себебі, жер құқығы қатынастары жер туралы заңнаманың «Қазақстан Республикасының жер қоры», «жерге меншік құқығы», «жер пайдалану құқығы», «сервитуттар», «жер қорын мемлекеттік басқару», «жерді қорғау», «меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғау», «жекелеген жер санаттарының құқықтық режимі»және т. б нормаларын қамтиды.
2. Жер құқығы қатынастарынын дамуы және онын түрлері
Жер құқығының теориясында жер құқығы қатынастары ерекше орынды иеленген. Себебі, олар жер құқығы пәнінің саласына кіретін қатынастарды құқықтық реттеудің жағдайын көрсетеді.
Жер құқығының мұндай маңызды институтының түсінігі мен кұрылымын зерттеу құқық теориясындағы көкейкесті мәселелерінің қатарына жатады. Оның ғылым саласы және оқу пәні ретіндегі жер құқығы үшін ғана емес, тәжірибе үшін де маңызы зор.
Жер кодексі, ең алдымен, жер қатынастарын реттеудің міндеттерін және жер туралы заңнаманың кағидаларын анықтаған (ҚР ЖК 4, 5-баптар) . Мұнда жер құқығының қайнар көздері ретіндетек Жер кодексі мен оған сәйкес нормативтік актілер ғана емес, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен баска да кұқықтық актілері жатқызылган. Бұл жер қатынастарының заңнаманың басты нормаларымен және құқықтағы түбегейлі өзгерістермен, соның ішінде, Қазақстан Республикасындағы жер реформасы туралы зандарымен тығыз байланысты екендігін көрсетеді.
Жер құқығы қатынастары қатысушысының (субъектісінің) әрекеті, әрекетсіздігі, жүріс-тұрыстары реттеуші және қорғаушы құқықтық қатынастардың пайда болуына әкелуі мүмкін.
3. . Жер құқығы қатынастарынын объектілері
Қазақстан Республикасының Жер кодексі жер қатынастары объектісінің анықтамасын қарастырады, оған сәйкес жер қатынастарынын объектісі дегеніміз Қазақстан Республикасының аумағының шегіндегі бүкіл жер, онда не орналасканына және олардың жекелеген субъектілерге бекітіліп берілуінің құқықтық негіздеріне қарамасған жекелеген жер учаскелері, сондай-ақ жер учаскелері мен жер үлестеріне құқықтар (ҚР ЖК 12-бабының 22-тармағы) .
Бұл анықтамада жер қатынастары жер құқығы қатынастары ретінде қарастырылған, себебі, оларда жер мен жер учаскелерінің құқықтық жағдайы және олардың жекелеген субъектілерге бекітіліп берілуі, жер пайдалану құқығы және жер үлестері көрініс табады.
Жоғарыда біз атап өткеніміздей, жер барлық жер құқығы қатынастарынын объектісі болып табылады. Алайда, жер құқығы қатынастарынын объектісі болып таза табиғи түрдегі жер емес, жердің бекітілген құқықтық режимі табылады. Сол себепті де, жер құқығы қатынастарынын объектісі болып Қазақстан Республикасындағы барлық жерлерге бекітілген құқықтық режим табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шеқарасынын шегіндегі барлық жерлер меншіктің, жер пайдаланудың, басқарудың және қорғаудың түрлеріне карамастан жер қорын құрайды. Қазақстан Республикасындағы барлық жерлерді біртұтас жер қоры ретінде танудың заңды негізі болып Қазақстан Республикасы Конституциясындағы ереже табылады, оған сәйкес «Республиканын егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағынын тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін камтамасыз етеді» (ҚР Конституциясының 2-бабы) .
4. Жер құқығы қатынастарынын субъектілері
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 12-бабының 38-тармағына сәйкес, жер құқығы қатынастарынын субъектілері - жер құқығы қатынастарына қатысушылар болып табылатын және соған орай құқықтары бар әрі осы құқық қатынасында міндеттер атқаратын жеке және заң ды тұлғалар , сондай-ак мемлекеттер.
Жер құқығы қатынастарындағы құқық субъектіліктің негізгі белгілері болып мыналар табылады:
1) субъектінің жер құқығы қатынасына қатысуы;
2) осы құқықтық қатынаста құқықтар мен міндеттерді иеленуі. Құқық субъектіліктің мұндай белгілерінен мынадай қорытынды
шығады: жер құқығы қатынастарының субъектісі болып кез келген тұлға емес, тек жер заңдарына сәйкес белгілі бір құқықтар мен міндеттерге ие немесе жер құқығы қатынастарына қатысумен байланысты құқықтарға ие тұлгалар ғана табылады. Заң жер құқығы қатынастарындағы құқық субъектіліктің басқа белгілерін атамайды. Жоғарыда атап өткеніміздей, жер құқығы қатынастары институты - бұр күрделі институт, ал оның субьектілерінің құқықтары мен міндеттері бірдей емес. Олардың бұл құқықтық қатынастардағы құқықтары жер мен жер учаскелерінің кұқыктық режиміне сәйкес ерекшеленеді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
1. Қазақстан Республикасының Жер құқығы
Ә. С. Стамқұлов, Г. Ә. Стамқұлова Алматы 2004ж
2. Қазақстан Республикасының Жер Кодексі Алматы 2003ж
3. Земельное право РК (общая часть) А. Х. Хаджиев Алматы 2001ж
Жоспар
І Кіріспе бөлімі
Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылық.
ІІ Негізгі бөлім
1. Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықтың жалпы ережелері.
2. Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықтың түрлері.
3. Жер зандарын бұзғаны үшін жер-құқықтық жауаптылық.
1. Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылық.
Заңды жауаптылықты құқықтық қатынастарда өз жүрыс-тұрысының тек он салдарын алу максатында субъектінің өз міндеттеріне қатысты жауапкершілікті қатынасы ретінде түсіндіруге болады. Заңды жауаптылық заңнамада көзделген рұксат етілмеген әрекеттерді тыйымдарды жасағаны және өз міндеттерін заңға сәйкес орындауга тиіс субъектінің кері, негативтік жүріс-тұрысы үшін белгіленген мемлекеттік мәжбүрлеудің шарасы ретінде де қарастырылады. Сол себепті, бұл заңды жауаптылык абстрактілік емес кұбылыс, ол тек заңнамадағы құқық бұзушылықтармен ғана байланыста болады.
Біз жер туралы заңнама саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жауаптылыкты қарастырамыз.
Жер туралы заңнама - бұл жерді меншік құқығының, жер пайдалану құқығынын объектісі ретінде де, мемлекеттік басқару мен қорғаудың объектісі ретінде де нысаналы пайдаланумен байланысты құқықтық қатынастар кешенін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Жер туралы заңнаманың нысандары болып Жарлык, Заң Және ҚР Жер кодексі табылады.
2. Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықтың жалпы ережелері.
Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықты қолданудың міндетті шарты болып қүқық бұзушылыктың Қазақстан Республикасының басқа да заңнамаларының нормаларымен емес, тек жер туралы заңнаманың нормаларымен байланысы табылады. Сондыктан, жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықтың шектері ҚР Жер кодексінін нормаларымен шектеледі. Сол себепті де, ҚР Жер кодексінің 168-бабында көзделгендей, жер заңларынын бұзылуына кінәлі жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіле нген тәртіппен жауапты болады.
ҚР Жер кодексінде бұл сұрактарға жауап жок. ҚР 1995 жылғы
22-желтоксандағы «Жер туралы» жарлықтың 118-бабына сәйкес,
лауазымды түлғалар және азаматтар жер туралы заңнаманы бұзғаны
және ж ер ресурстарына зиян келтіргені не зиян келтіруге нақты қ ауіп
төндіргені үшін заңнамада белгіленген тәртіпте тәртіптік, материал-
дык, әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тартылады: жер
заңдарын бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар осы құқық бұзушылықтың
нәтижесінде келтірілген зияннын орнын толтыруға міндетті. Тәр-
тіптік, әкімшілік не қылмыстық жауаптылыққа тарту кінәлі тұлғалар-
ды келтірілген зиянның орнын толтыру міндетінен босатпайды.
3. Жер заңдарын бұзғаны ұшін заңды жауаптылықтың түрлері.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz