Экологиялық саясат туралы ақпарат



БК «БЕККЕР ЖӘНЕ К 0 » ЖШС .нің ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
Республикалық Экологиялық Партия
Саяси жағдай
Экологиялық қылмыспен күрес
Заңнаманы экологияландыру
Экономикалық жүйе
Әлеуметтік даму
Қоғамның рухани және интеллектуалды дамуы
Мемлекеттің сыртқы саясаты және ұлттық қауіпсіздігі
Экологиялық заңнаманы қолдану бойынша судьялар мен үкіметтік емес ұйымдарға арналған тренинг
Экологияның экономикалық және саяси мәселелерді шешудегі орны
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қоршаған ортаға кері әсер етуді болдырмау мақсатында БК «Беккер және К°» ЖШС мынанадай шешім қабылдады: ИСО 14001:2004 халықаралық стандарт талаптарына сай экологиялық менеджмент жүйесінің ережелеріне сәйкес ендіру. Осыған байланысты біз мынандай шараларды қолданамыз, онда қоршаған ортаны ластауыштардың ықпалын бақылау жасауды қарастырады. Осындай ықпалдардың бірі қаптамадан қалатын қалдықтар болып табылады.
Өндіру мен тарату процесінде біздің компания қаптамалау мен қаптаудың келесі түрлерін қолданады: қағазды, полиэтиленді пакеттер, қағаз немесе картон қораптар, таза және жасанды қаптар, сыраға арналған бөтелкелер мен бөшкелер және т.б.
Қаптаманы қолданудың көптеген пайдалы жақтары бар: бұзылудан сақтайды, өнімді тарату мен сақтауды, тасымалдауды жеңілдетеді. Бірақ осы пайдалы жақтары қаптаманы пайдаға асыруда дұрыс жүрмеген жағдайда кері нәтиже береді. Қаптаманың қалдықтары – қоршаған ортаға кері әсер ететін салмақты фактордың бірі, ол күн сайын молая береді, содан жойылмаған пакеттер, қораптар, банкалар мен бөтелкелер өзінің астына бізді ертең басып қалмас үшін біз оларды дұрыс пайдаға асыруымыз керек.
Қолданылған қаптаманы дұрыс қолдану мен пайдаға асыру арқылы сіз біздің қаламыздың көшелерін ретте ұстап және оны келесі ұрпаққа таза, көрікті етіп сақтауға септігіңізді тигізесіз.

Сіздер қолданған қаптаманы арнаулы қоқыс контейнеріне лақтырып, ал шыны ыдысты оны қабылдайтын жерге өткізуді сұраймыз.

Табиғат санасыз пайдалануды ұнатпайды, және ол үшін адамдарға апатты зілзаламен жауап қайтарады. Экологиялық апат болмас үшін және өзімізді, жақындарымызды, табиғатты қорғау үшін, бізге ойлану керек сияқты

БК «БЕККЕР ЖӘНЕ К 0 » ЖШС -нің ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТЫ

Компания сыра, ет, нан, кондитерлік және аспаздық, өнімдерді өндіру мен тарату іске асырады, мейрамханалық қызмет көрсетеді.
БК «БЕККЕР ЖӘНЕ К 0 » ЖШС -нің ЭКЛОЛГИЯЛЫҚ САЯСАТЫ МЫНА ПРИНЦИТЕРГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН:
• Табиғатты қорғау қызметінің мәдени құндылығын сезіну, өндірістік және экологиялық мәселелерді шешуде әлеуметтік әрі моральдық жауапкершілікті сезіну;
• Қоршаған ортаға кері әсерін болдырмау;
• Үздіксіз бақылаумен өз экологиялық көрсеткіштерін жақсарту.
Берілген принциптерге қол жеткізу мыналар арқылы жүзеге асады:
• Атмосфералық ауаға қалдықтарды шығаруды азайту;
• Өндірістік ағын судағы ластайтын заттарды құрамын азайту;
1. «Экология және қоршаған ортаны қорғау» Ұ.Б.Асқарова (Алматы, 2007).
2. Оспанова Г.С., Бошатаева Г.Т. Экология. Алматы, 2002 ж.
3. Бессонова В.П. Влияние загрязнения среды тяжелым металлами на гормональные и трофические факторы в почках кустарниковых растений //Экология, Алматы.1993 г.

Экологиялық саясат

Қоршаған ортаға кері әсер етуді болдырмау мақсатында БК Беккер және
К° ЖШС мынанадай шешім қабылдады: ИСО 14001:2004 халықаралық стандарт
талаптарына сай экологиялық менеджмент жүйесінің ережелеріне сәйкес ендіру.
Осыған байланысты біз мынандай шараларды қолданамыз, онда қоршаған ортаны
ластауыштардың ықпалын бақылау жасауды қарастырады. Осындай ықпалдардың
бірі қаптамадан қалатын қалдықтар болып табылады.
Өндіру мен тарату процесінде біздің компания қаптамалау мен қаптаудың
келесі түрлерін қолданады: қағазды, полиэтиленді пакеттер, қағаз немесе
картон қораптар, таза және жасанды қаптар, сыраға арналған бөтелкелер мен
бөшкелер және т.б.
Қаптаманы қолданудың көптеген пайдалы жақтары бар: бұзылудан сақтайды,
өнімді тарату мен сақтауды, тасымалдауды жеңілдетеді. Бірақ осы пайдалы
жақтары қаптаманы пайдаға асыруда дұрыс жүрмеген жағдайда кері нәтиже
береді. Қаптаманың қалдықтары – қоршаған ортаға кері әсер ететін салмақты
фактордың бірі, ол күн сайын молая береді, содан жойылмаған пакеттер,
қораптар, банкалар мен бөтелкелер өзінің астына бізді ертең басып қалмас
үшін біз оларды дұрыс пайдаға асыруымыз керек.
Қолданылған қаптаманы дұрыс қолдану мен пайдаға асыру арқылы сіз біздің
қаламыздың көшелерін ретте ұстап және оны келесі ұрпаққа таза, көрікті етіп
сақтауға септігіңізді тигізесіз.

     Сіздер қолданған қаптаманы арнаулы қоқыс контейнеріне лақтырып, ал
шыны ыдысты оны қабылдайтын жерге өткізуді сұраймыз.

     Табиғат санасыз пайдалануды ұнатпайды, және ол үшін адамдарға апатты
зілзаламен жауап қайтарады. Экологиялық апат болмас үшін және өзімізді,
жақындарымызды, табиғатты қорғау үшін, бізге ойлану керек сияқты

БК БЕККЕР ЖӘНЕ К 0 ЖШС -нің ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТЫ

Компания сыра, ет, нан, кондитерлік және аспаздық, өнімдерді өндіру мен
тарату іске асырады, мейрамханалық қызмет көрсетеді.
БК БЕККЕР ЖӘНЕ К 0 ЖШС -нің ЭКЛОЛГИЯЛЫҚ САЯСАТЫ МЫНА ПРИНЦИТЕРГЕ
НЕГІЗДЕЛГЕН:
• Табиғатты қорғау қызметінің мәдени құндылығын сезіну, өндірістік және
экологиялық мәселелерді шешуде әлеуметтік әрі моральдық
жауапкершілікті сезіну;
• Қоршаған ортаға кері әсерін болдырмау;
• Үздіксіз бақылаумен өз экологиялық көрсеткіштерін жақсарту.
Берілген принциптерге қол жеткізу мыналар арқылы жүзеге асады:
• Атмосфералық ауаға қалдықтарды шығаруды азайту;
• Өндірістік ағын судағы ластайтын заттарды құрамын азайту;
• Энергиялық қорды тиімді қолдану;
• Өндірістік шуылдың деңгейін төмендету.
Кәсіпорын басшылығының міндеттері:
• Қоршаған ортаны қорғау мәселесі бойынша нормативті талаптар мен соған
сәйкес заңдарды ұстану;
• Қорды жинақтау мен қоршаған ортаға әсер етуді төмендетуді қамтамасыз
ететін әдістер мен технологияларды енгізу;
• Өндірістік процесті оптимальдау жолымен қоршаған ортаға әсер етуді
төмендету;
• Экологиялық саясатты тарату үшін қажетті қор бөлу, экологиялық
менеджмент жүйесін жақсарту және қызмет ету;
• Шығарылатын өнімнің адам өміріне, денсаулығына сондай-ақ қоршаған
ортаға қауіптөндірмейтіндігіне жауапкершілікті түсіну және білім
деңгейіне артыру мақсатында кәсіпорын қызметкерлердің кәсіби
шеберлігін үнемі көтеру және оқыту;
• Экологиялық менеджмент жүйесін оның жарамдылығын сәйкестілігін және
нәтижелілігін қамтамасыз ету мақсатында талдау.
KazTransCom АҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
KazTransCom АҚ телекоммуникациялық қызмет көрсету саласында
өз қызметін жүзеге асыра отырып, қоршаған ортаға өз ықпалын жағымсыз
салдарын мүмкіндігінше азайтуға және алдын алуға ұмтылады. Біз
қызметкерлердің, клиенттердің, бизнестегі серіктестердің және тұрғындардың
өмірі мен жұмысының жоғарғы сапасын қамтамасыз ету үшін деңсаулығы пен
экологиялық қауіпсіздік саясатын жүргіземіз.

KazTransCom АҚ келесі бағыттар бойынша экологиялық саясатты: 
- Табиғи ресурстарды ұдайы өндіру және тиімді пайдалану; 
- Қоршаған ортаның сапа нормативтерін сақтау, жобалау сатысында және өндіру
үдерісінде жарамсыз экологиялық қырларын төмендету, бақылау және алдын
алуды; 
- Аз әрі қалдықсыз технологияларды пайдалануды; 
- Қауіпті қалдықтарды залалсыздандыру және кәдеге жарату, қоршаған ортаны
жақсартуды; 
- Мүдделі тараптарды саясат талаптары туралы хабардар ету
және ынтымақтасуды; 
- Қоршаған ортаны қорғау бойынша жасалатын іс шаралар нәтижесін үнемі
жақсартуды іске асырады.

Саясат мақсатына ойдағыдай қол жеткізу келесі шаралар арқылы қамтамасыз
етіледі: 
-  өндірістік қызметін Қазақстан Республикасында қолданыстағы мемлекеттік,
халықаралық, жергілікті, корпоративтік заңнамалық талаптарға және басқа да
нормативтік талаптарда пайдаланатын Экологиялық кодекске сәйкес іске
асыру; 
- Қоғамның қоршаған ортаны басқару жүйесіне қызметкерлерді оқыту
және тарту, олардың экология қауіпсіздігіндегі ролі мен жауапкершілігін
арттыру; 
- өз міндеттемелерін орындағанда қоршаған ортаға зарарлы шығарымдарды
шектеу және қысқарту бойынша қабылданатын саясат пен шаралардың дербес
және бірлестірілген тиімділігін арттыру мақсатында басқа мүдделі
тұлғалармен ынтымақтасу. Біз саясат пен шараларды үйлесімдіру жолдары мен
тәсілдерін қарастыруға әзірміз; 
- жаңа және жаңартылған энергия қуат түрлері мен жандандырылған экологиялық
қауіпсіз технологияларды енгізуге және кең пайдалануға жәрдемдесу; 
- Қоғам объектілеріндегі аумақты көгаландыру және пайдаланған жердің орнын
толтыру; 
- энергия қуатты пайдалану тиімділігін арттыру; 
- қоршаған ортаға KazTransCom АҚ көліктерінен шығарымдарды шектеу
жәненемесе қысқарту бойынша іс шаралары; 
- өндірістің барлық деңгейлерінде жобалау және құрылыс кезеңін қоса ала
отырып, өндірістік қызметтің қоршаған ортаға зиянды әсерін алдын алу,
бақылау және мониторингтеу; 
- экологиялық қауіпті оқиғаларын жою кезінде және экологиялық апатты алдын
алу жағдайларында байланыс қызметін үздіксіз ұсыну; 
- өндірісте сертификатталған жабдықты пайдалану ; 
- табиғи ресурстар шығынын мониторингтеу, табиғи ресурстар өнімдері мен
материалдарын үнемдеу бойынша іс шаралар дайындау және орындау; 
- қоршаған орта менеджмент жүйесінің тиімділігін мен нәтижелігін арттыру
және оны үнемі жақсарту.

2009 — 2010 ж. KazTransCom АҚ келесі мақсаттарды анықтады: 
- техникалық және технологиялық сапа байланыс көрсеткішті 1 деңгейінде
ұстау; 
- Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес,
қауіпті қалдықтар төлқұжатын құрастыру; 
- қалдықтарды (жарамсыз қағаздар, пайдаланған автошиналар, майлар,
аккумуляторлар, металл сынығы, сынап қосылысты қалдықтар және т.б.) кәдеге
жаратуға келісімшарт жасау ұзарту; 
- қоршаған ортаны басқару бағдарламасын орындау KazTransCom АҚ
басшылығы экологиялық саясаттын іске асыруын өз жауапкершілігіне алады,
міндетті түрде мақсаттарды орындауға және KazTransCom АҚ барлық
қызметкерлерін оны орындауға шақырады.

ЭКОЛОГИЯ – ҮШІНШІ МЫҢЖЫЛДЫҚ САЯСАТЫ
“Менің Қазақстаным” Республикалық Экологиялық Партияcының
Бағдарламасы
Қазақстан Республикасы
Астана қаласы
Кіріспе
XX ғасырдың екінші жартысында халық санының күрт артуы салдарынан,
үдермелі индустрияландыру және қарқынды көші-қон нәтижесінде қоғам мен
табиғат арақатынасында сапасы жағынан елеулі өзгерістер жүріп өтті,
антропогендік қысымнан экологиялық жүйелер өздігінен тазалану мен қалпына
келуге бейімділігінен айырыла бастады. Оның салдарынан биосферадағы зат
айналымы бұзылды, қазіргі және болашақ ұрпақ денсаулығы қатерге тігілді.
Қоғам және табиғат жүйесіндегі қарама-қайшылықтардың артуы оның
мазмұнын әлеуметтік-экономикалық жағдай ретінде сезінуге мәжбүрледі және
қазіргі кездегі ғаламдық мәселелермен бір қатарға қойды. Сонымен қатар,
Экология ұғымы өзінің бастапқы мағынасынан айтарлықтай кеңейді.
Экология ұғымына мұндай тұрғының салдары ретінде адамның ажыратылмайтын
құқықтары: өмір сүру мен әділеттілікке деген құқықтар жан мен тәннің
тазалығымен байланыстырылды. Табиғат заңдылықтарын сақтауды біріктіретін
қоршаған орта экологиясы ұғымымен қатар, қоршаған ортамен үйлесімділікті
білдіретін жан экологиясы және тән экологиясы ұғымдары қалыптасты.
Жан экологиясы адамның ішкі дүниесінің табиғи заңдылықтарға қарама-
қайшы ойдардан арылуын, қоршаған ортамен толықтай үйлесімге келуді, біздің
Ғаламшармен бірлестігімізді сезінуімізді, адамның рухани өсуіне, көңіл-
күйдің көтерілуіне, салауатты өмір сүруге ұмтылуға, өзін-өзі тәрбиелеп
жетілдіруге бағыттауға әсер ететін ғарыштық қуатпен нәзік байланысты
ұғынуға, адамгершілік пен ақыл-ойдың тазалығына әкелетін ұғым болып
қалыптасты. Жан экологиясы тұтастай алғанда, сыртқы ортаның күштеу әсерінен
қорғалуы тиіс адамның ішкі дүниесінің құндылығын, байлығын, әдемілігін,
әсемдігін көрсетеді. Сыртқы ортаның тазалығын сақтап, қорғау адамның ішкі
дүниесін ақыл-ой, мүдде – қызығуларын тазалаудан, тән сұлулығынан
туындайды.
Тән экологиясы организмді, денені таза экологиялық ортада шыңдауды
білдіреді. Салауатты өмір сүру шарттарын дамыту: тамақтану мәдениеті, дене
шынықтыру, дене гигиенасы мен зиянды әдеттермен күрес тән экологиясының
негізі. Осы үрдістерді сақтаған жағдайда ғана болашақ ұрпақ денінің сау
болуын қамтамасыз етуі мүмкін.
Осылайша, жан мен тәнді, содан соң біздің аумағымызды, атмосферамызды,
суымыз бен топырағымызды тазарту керек. Тек осылай ғана Қазақстан
азаматтартарының рухани-адамгершілік өзіндік тазаруын іске асыруға болады.
Біз уақыт пен кеңістікте өмір сүреміз және осы екі маңызды даналық
ұғымдардың әсерін сезінеміз. Сондықтан біз басты ісіміз ретінде экология
туралы қамқорлықты, өзіміз тұратын кеңістік туралы қамқорлықты таңдауға
міндеттіміз!
Қазір Қазақстаннның алдында адам мен табиғаттың қарым-қатынасының
жаңа деңгейіне өту қажеттілігі – экологиялық қоғам құру қажеттілігі тұр.
Адам мен табиғаттың үйлесімді арақатынасында адамның шаруашылық іс-әрекеті
нәтижесінде табиғаттың азып-тозуының алдын алатын іс-шаралар алдыңғы
қатарда болуы тиіс.
Қылмыстың шегі мен ұлты жоқ. Біз оған жақсылықтың салтанат құруына
деген сенім мен Қазақстан халықтарының өзара қолдауын қарама-қарсы қоюға
тиіспіз. Экологиялық мәдениет қалыптасқан ортада адамгершілік пен имандылық
тұғырлары нық орналасқанын, мұндай қоғамда жемқорлық пен қылмысқа орын
жоқтығын атап өту керек.
Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы төрт негізгі: әлеуметтік,
экономикалық, саяси, экологиялық бағыттарға негізделеді. Елдегі әлеуметтік
ахуал мен экономикалық жағдай тұрақтанып жатса, экологиялық ахуал керісінше
нашарлап келеді. Осыған орай, Қазақстан Республикасында экологиялық ахуалды
жақсарту үшін барлық күштерді шоғырландыру қажеттілігі туындап отыр.
Республикалық экологиялық партияның негізгі мақсаты – адамды, оның жаны мен
тәнінің тазалығын, Қазақстан азаматтарының қазіргі және болашақ
ұрпақтарының өмірі үшін игілікті қоршаған ортаны құруды қорғау.
Экологиялық жағдайлардың жақсаруы қоғамдық процеске қатысушылардың мүдделер
тепе-теңдігінің ескеріле отырып, Қазақстанның жан-жақты дамығанын
көрсететін болады.
Қоғамдық еңбектің бөлінуі, нарықтың өркендеуі, шетел компанияларының
тікелей және жанама қатысуы, тұтыну мен өндірістің бөлінуінің бәрі өнімді
(атап айтқанда – алғашқы шикізатты) өндірудің бір жерде іске асырылып, ал
оларды тұтыну мен пайдалану басқа жерде жүзеге асырылуына әкелді. Оның
салдарынан, алғашқы шикізат немесе өнім өндіретін және қайта өңделетін
жерлерде экологиялық жағдай нашарлайды. Шаруашылықтың нарықтық жүйесі
өздігінен игіліктерді әділетті түрде тарата алмайды. Әлеуметтік-
экономикалық зерттеулер көрсеткендей, қоғамдық және саяси институттар
өндіріс пен қоғам мүдделерінің осы арақатынасын, компаниялар мен аймақтар
арасындағы табыс алу процесін реттеулері тиіс.
Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау күрделі әрі аса өзекті
мәселелердің бірі. Қазақстанның тарихи табиғи жағдайлары жағымсыз әсерлерге
қарсы тұра алмады, бұл орны толмас салдарға әкеліп отыр. Тың және тыңайған
жерлерді игеру, топырақтың жалпы эрозиясына әкелді, Семей полигонында
ядролық қаруды сынау – табиғатты радиоактивпен ластандырды, су ресурстарын
есепсіз пайдалану – Арал көлінің толық дерлік жойылуына әкелді.
Қазақстанның ұлан-ғайыр аумағын қамтыған экологиялық ахуал сын сызығына
жетті, бұл адам денсаулығының ғана емес, ұлттық ген қорының да бұзылуына
(нашарлауына) әкелетіне сөзсіз.
Қазақстан Республикасындағы қазіргі экологиялық ахуалды талдау, біздің
ұлттық байлығымыз: мұнай ресурстары мен жер асты пайдалы кені
азаматтарымызға зиян келтірудің орнына, олардың игіліктеріне қызмет
ететіндей бағытта мемлекет пен қоғам тарапынан нақты негізделген тұғырнама
жасау қажеттілігін көрсетті.
Республикалық экологиялық партия Қазақстанның болашағы үшін, болашақ ұрпақ
үшін қоршаған орта жағдайын жақсарту, елдің табиғи байлығын ұтымды және
тиімді пайдалану, кәсіпорын мүддесі мен тұтыну және адам өмірі мен елдің
болашағы арасындағы тепе-теңдікті ұстануды қолдайды. Осыған байланысты
Республикалық экологиялық партия билікке жетелейтін белсенді және мақсатқа
сай саяси әрекеттерді қолдайды. Біз саяси мақсаттар мен міндеттерді іске
асыруға және іс жүзіндегі жұмыстарымыз арқылы билікке баруа әзірміз.
Республикалық Экологиялық Партия:
• табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мақсатында өндірісті
экологияландыруды және Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы үшін
экономиканы экологияндыруды;
• Қазақстан Республикасы ұлты мен ұрпағының дені сау болуы үшін қоғамды
экологияландыруды;
• табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғауды ұтымды басқару мен реттеу және
қоршаған ортаны қорғау үшін заңдарды экологияландыруды;
• үкіметтік дәрежеден бастап, жергілікті деңгейге дейін атқарушы
органдардың барлық құрылымдық бөлімшелерінің іс-әрекеттерін экологияндыру
қағидасын ұстану жолымен Үкіметті экологияландыруды қолдайды.
• Республикалық Экологиялық Партия - өзінің негізгі міндетін Қазақстан
халқына абыроймен қызмет ету санайтын мемлекетті қолдайды.
Осы бағдарламамен Республикалық Экологиялық Партия өзекті экологиялық
мәселелерді шешу, мемлекеттің саяси өмірінде бірлестіктер мен жергілікті
өзін өзі басқарудың рөлін арттыруға әсер ететін экологиялық саясатты,
экологиялық білім беруді дамыту жолдарын ұсынады.
Саяси жағдай
Республикалық Экологиялық Партия мемлекеттің экологиялық саясатының
дамуындағы маңызды мәселелердің бірі ретінде азаматтық жауапкершілік және
бірлестіктер мен саяси
партиялар рөлінің артуын қарастырады.
Экологиялық саясат пен оның рөлінің артуы қазақстандық патриотизм, қоғамдық
келісім мен саяси тұрақтылыққа, ел экономикасының тұрақты дамуына, күрделі
экологиялық міндеттерді демократиялық әдістермен шешуге негізделуі тиіс.
Республикалық Экологиялық Партия өздерінің мақсаттары мен міндеттерін
сапалы түрде жүзеге асыру үшін мыналарды қажет деп санайды:
• Қазақстанның экологиялық дамуының кешенді бағдарламасын әзірлеу;
• жергілікті күрделі экологиялық мәселелер мен қойылған міндеттердің
шешімін көрсету мақсатында жүргізілетін бастапқы экологиялық зерттеу өткізу
құралы ретінде экологиялық қор құру;
• мемлекеттік биліктің өкілетті органдарына сайлаудың жария тетіктерін
құру;
• төрешілдік және парақорлық көріністерін құқық бұзушылық жауапкершілігін
күшейту жолымен ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлердің
жалакыларын біртіндеп жоғарлату жолымен де жою;
• биліктің өкілетті органдарының депутаттарын қайта шақырып алу туралы,
партиялық тізім бойынша сайланатын Парламент депутаттарының санын көбейту
туралы заң қабылдау;
• әртүрлі әлеуметтік топтар мүдделеріне қатысты маңызды мемлекеттік
бағдарламалар мен шешімдер әзірлеуге қатысуға баламалы жобалар жасауға және
тәуелсіз қоғамдық сараптамалар жүргізуге үкіметтік емес ұйымдар мен
институттарды кеңінен тарту;
• мемлекеттік органдарға дербестік және тәуелсіздік беру жолымен олардың
өкілеттіктері мен міндеттерінің нақты бөлінуін қарастыратын шынайы
тетіктерді енгізумен билікті ары қарай жергіліктендіру;
• мемлекеттік билік тарапынан қысым жасауды шектеу мақсатымен БАҚ қызметін
реттейтін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар
енгізу.
Экологиялық қылмыспен күрес
Қылмыстық - құқықтық нормалардың заңдық негізін экологиялық қылмыстың
жауапкершілігін реттейтін мақсаттар, атап айтқанда, Қазақстанда
азаматтардың денсаулығы мен өмірі үшін қолайлы қоршаған ортаны қорғау
құрайды.
Экологиялық қылмыспен күрестің өзектілігі табиғи байлықтың тозуына, флора
мен фаунаның азуына, халық денсаулығының нашарлауына және басқа әлеуметтік
қауіпті салдарларға әкелетін әлеуметтік – қауіптің жоғары дәрежесімен
негізделеді.
Экология саласында қылмыспен күресті күшейту үшін партия мынаны қажет деп
санайды:
• Қазақстан Республикасы заңнамаларында бекітілген қоршаған табиғи ортаға
немесе адам денсаулығына елеулі залал тигізетін экологиялық құқықтық
тәртіп, қоғамның экологиялық қауіпсіздігін орындамайтындарға бағытталған
ескерту және алдын алу сипатындағы шешуші шаралар қолдану;
• су ресурстарын, атмосфераны, жер мен оның қойнауын пайдалану ережелерін
қылмыстық бұзу үшін орнын толтыру сипатындағы – төлемақы санкцияларын
жоғарылату жолымен, қылмыстық жауапкершілікті күшейту;
• халықаралық экологиялық стандарттарды енгізу;
• қоршаған ортаны қорғау бойынша бақылау функцияларын мемлекеттің табиғат
ресурстарын шаруашылықта пайдалануды ұйымдастыру функцияларынан болу;
• экологиялық заңды бұзатын кәсіпорындар мен жеке тұлғалар үшін олар
тигізген зиянның тәуелсіз сараптамасын жүргізу арқылы, бекітілген
нормативтерден артық деңгейде айыптарды бекіту;
• Республика аумағында басқа елдердің ядролық қару қалдықтарын көмуге жол
бермеу;
• сынау және әскери полигондардың салдарынан Семейде, Аралда, Балқаш
ауданында жинақталған экологиялық апаттың тарихи қалдықтарын жою жөніндегі
мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру;
• ұлттық парктердің желісін оларды қолданудың тәртіптерін нақты анықтаумен
кеңейту: барлық орман қорын қорық аймағы жариялап, онда жеке меншіктегі
құрылысқа жол бермеу;
• су ресурстарын пайдалану тәртібін реттеу, шөлге айналумен күрестің
мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыру;
• қоршаған ортаның ластандырып шаруашылық жүргізетін субъектілердің
келтірген зиянының орнын толтыру мақсатымен олардың міндетті жарнамаларынан
мемлекеттік емес қалпына келтіру (орыны толтыру) қорын құру.
Заңнаманы экологияландыру
Заңнаманы экологияландыру қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудегі
экожүйелік қағиданы есепке алу үшін Қазақстан Республикасының заңын
жүйелендіру мен жетілдіруді талап етеді.
Заңдардың көбі өзара байланысты және біреуін өзгерту екіншісін өзгертуді де
талап етеді, бұл еңбекті шығындаумен қатар экологиялық заңнама жүйесін
бұзады, құқықтық кесімдік актілердің арасында қайшылықтар туындатады.
Республикалық Экологиялық Партия заңды экологияландыруға белсенді араласады
және экологиялық ақпарат, экологиялық сақтандыру, экологиялық аудит,
экологиялық білім мен насихат, қалдықтар туралы заңнамалық актілерді және
осы тұрғыдағы жинақталған құжат Экологиялық кодексті әзірлеу қажет деп
санайды.
Заңнаманы ары қарай реформалауды олардың пәрменділігін жоғарлатуға және
оларды жүйелендіруге бағыттау қажет. Осы тапсырманы экологиялық заңнаманың
кодификациясы шеше алады:
• іс-әрекет күші бар заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, іс-
әрекет күші бар заңдар негізінде жаңа нормативтік құқықтық актілер
қабылдау, экологиялық құқықтық салада кемшіліктердің орнын толтыру және
түзету;
• экологиялық заңнаманы үйлестіру, оны халықаралық экологиялық нормаларға,
Қазақстан Республикасы қол қойған мемлекетаралық келісімдерге
сәйкестендіру;
• ұлттық заңнаманың барлық саласын экологияландыру, оларды экологиялық
нормативтік құқықтық актілермен сәйкестендіру, табиғатты қорғау мүдделерін
жаңа заң мен құқытық - кесімдік актілерді қабылдауда міндетті түрде есепке
алу.
Экономикалық жүйе
Партияның басым міндеті мемлекеттің тұрақты дамуы үшін экологиялық
талаптарды сақтау негізінде Қазақстан экономикасын дамытуға белсенді
араласу болып табылады.
Қазақстан Республикасында экологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты
қоршаған ортаға әсер ететін экономиканың теріс шарттарына қатысты
мәселелерді қайта қарау қажет.
Республикалық Экологиялық Партия өзінің қызметінде елдің экономикалық
дамуындағы экологиялық құрамға басты назар аударады және мыналарды қажет
санайды:
• экологиялық бақылауды стратегиялық жобалауда тұжырымдалатын процеске
қатысушылардың экономикалық бастамаларын қолдау жолымен отандық экономиканы
дамыту;
• жерді ұтымды және экологиялық тепе-теңдікте пайдалануды, өндірісті
қауіпсіз, қауіптілігі аз экологиялық таза өнім өндіруге көшіруді барынша
қолдау, қаржылық-экономикалық ынталандыру және салықты жеңілдетіп салу;
• көмірсутек шикізаттарын ұтымды пайдалануды есепке ала отырып жер қойнауын
пайдаланушылармен келісім-шарт жасасу;
• жер қойнауын пайдалану үшін жасалатын келісім шартты жариялы бәсеке
түрінде жасау;
• табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласына қоршаған ортаға,
мемлекет азаматтарының мүліктері мен денсаулығына келтірілетін зиянның
орнын толтыруға бағытталған міндетті экологиялық сақтандыруды енгізу;
• табиғат ресурстарын пайдаланатын компания иелерінің қызметінде жариялықты
қамтамасыз ету және елден шикізат ресурстарын төмен бағамен сыртқа шығаруға
жол бермей, трансферттік бағаларға бақылау жүйесін қатаңдату;
• ресурс пен қуатты үнемдейтін технологияларды әзірлеуді және енгізуді
ынталандыру;
• табиғи ресурстарды қалдықсыз пайдаланатын немесе қалдықты аз шығаруды
қамтамасыз ететін өндірістік кешенді қалыптастыру;
• қалдықты пайдаланудың тұйық циклін құру мақсатында қайтарылған
ресурстарды кеңінен пайдалануды ынталандыру.
Республикалық Экологиялық Партия Қазақстанның ДСҰ-на кірудегі кедендік
саясат аясындағы мәселелерді шешу барысында мынадай шараларды ұсынады:
• шикізат ресурстарын шығаруға байланысты бақылау жүйесіне бағытталған
экономикалық басымдықты құру;
• мемлекеттің ішкі нарық қажеттіліктерін қанағаттандыруды есепке ала отырып
отандық өндірушілердің экспорттық бағытының рөлін арттыру.
Ауыл шаруашылығы саласында Республикалық Экологиялық Партия несиелер мен
инвестициялар ағымын қамтамасыз ету, қоршаған ортаға әсер ететін
антропогендік шарттарды есепке ала отырып, ауыл шаруашылығы өндірісін
ұлғайту қажет деп санайды.
Республикалық Экологиялық Партия табиғатты пайдалану жүйесін үнемі
жетілдіру қажет деп санайды.
Әлеуметтік даму
Қоғам денсаулығын сақтау партия қызметінің басым бағыты болып табылады.

Республикалық Экологиялық Партия Қазақстан Республикасы азаматтарының өмір
сүру әлеуметтік деңгейін арттыруды қарастырады.
Осыған байланысты партия мемлекеттік органдар азаматтардың мүдделерін
қорғау жөнінде мынадай шараларды қабылдауы тиіс деп санайды:
• өндірісті көтеру негізінде кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күресу
бойынша тиімді саясатты жүзеге асыру, тоқтап тұрған кәсіпорындарды қайта
қосу, шағын және орта бизнесті дамыту, қосымша жұмыс орындарын ашу
барысында тиімді саясатты жүзеге асыру;
• экологиялық қауіпті аудандарда тұратын азаматтарды әлеуметтік қорғау;
• қоршаған ортаға радиоактивті және улы қалдықтарды тастаудан (шығарудан)
бас тарту;
• қоршаған ортаны қорғау технологиясы мен әдістерді жаңғырту үшін шет
елдермен тығыз қарым-қатынаста болу;
• қолайсыз экономикалық және экологиялық жағдайда тұрып жатқан топтарға
жекелеген көмек көрсету.
Біз халықтың әлеуметтік қорғалмаған жігіне – кедей азаматтарға,
зейнеткерлерге, мүгедектер мен жалғыз басты аналарға үнемі зейнетақы мен
жәрдем ақыны көбейтуге, оралмандарға қатысты мемлекеттік саясатты тұрақты
жүзеге асыруды қолдаймыз.
Жұмысшыларды әлеуметтік қорғау саласында:
• төтенше табиғи, техногендік және экологиялық қауіпті жағдайларда қауіпсіз
өмір сүруді және мұндай жағдайлардың алдын алу қызметтерін қамтамасыз
етудің мемлекеттік жүйесін құру;
• нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде экологиялық қауіпті өндірісте
жұмыс істейтін жұмысшыларды қолдаудың жеңілдіктер түрін қарастыратындарын
жетілдіру;
• еңбек міндеттерін орындау барысында жұмысшының денсаулығы мен өміріне
келген қауіпке жұмыс берушінің міндетті экологиялық сақтандыруды енгізуіне
жағдай жасау;
• елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың мониторинг жүйесін жақсарту,
эпидемия, жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі тиімді шараларды жақсарту;

• тұрғын жайды экологияландыру;
• табиғи ресурстарды пайдаланумен және қоршаған ортаны қорғаумен байланысты
азаматтардың білім дәрежесін арттыру.
Ана болу мен мүгедектерді қорғау бағдарламасын дамыту мақсатында:
• Қазақстан Республикасының экологиялық апатты аумақтарында туылған және
тұратын әйелдерді заңмен қорғау жөнінде шаралар қабылдау;
• экологиялық апаттар салдарынан мүгедек болған азаматтардың жәрдемақысын
арттыруға әсер ету;
• мүгедектерді қоғамға бейімдеу және оларды сауықтыру үшін жағдайлар жасау.

Экологиялық білім беру өз мақсаты ретінде қоршаған ортаға деген жастардың
жауапкершілігін қалыптастыруды және оны қоғамға, оның ішінде табиғатты
қорғау қызметіне тартуды алға қояды. Партия жастардың экологиялық
қозғалысын ұйымдастыруды және оларды жан-жақты қолдауды жүзеге асырады.
Республикалық Экологиялық Партия барлық мүдделі мемлекеттік емес ұйымдарды
өзара мүдделес мәселелер бойынша бірлесе жұмыс істеуге шақырады, нақты заң
жобаларын әзірлеуде, талдауда, бақылауда қатысуды ұсынады.
Қоғамның рухани және интеллектуалды дамуы
Евразиялық бір кіндік, мәдениеттер синтезі тұрақты даму саясатының
маңызды нәтижесі болды.
Мәдениеттің көп ұлттылығы және дінаралық келісім тұрақтылық шарты болып,
басқа елдермен достастықтың басты шартына айналды.
Республикалық Экологиялық Партия мына шаралар қажет деп санайды:
• азаматтардың жалпы мәдениеті мен білімін дамыту, азаматтарда жоғары
рухани және ұждан құндылықтарын қалыптастыру, ұлттық мәдени мұраларды
сақтау және дамыту;
• экологиялық мәдениетті адамды тәрбиелеу;
• ұрпақтардың рухани сабақтастығын қалыптастыру;
• қазақстандық партриотизмді қалыптастыру;
• салауатты өмір салтын насихаттауды ынталандыру;
• мемлекеттік стратегияны рухани және патриоттық дәстүрде тәрбиеленген
қоғамдық интеллект пен менталитетті дамытуға бағыттау;
• қазақ тілін дамыту және оны қоғам өмірінің барлық саласында пайдалану
жөнінде үйлесімді және тиімді саясатты жүргізу.
Республикалық Экологиялық Партия Қазақстанның ұлан-ғайыр байтағында тұратын
халық үшін тән табиғатпен үйлесімдікті, бейімделудің жоғары түрін,
табиғатына тән елшілікті қалыптастыруды ұсынады.
Мемлекеттің сыртқы саясаты және ұлттық қауіпсіздігі
Мемлекеттің халықаралық деңгейдегі қызмет натижелерін бағалай отырып
Республикалық Экологиялық Партия елдің ұлттық мүдделеріне негізделген
көпбағытты сыртқы саяси стратегияны қолдайды.
Сонымен қатар, Республикалық Экологиялық Партия елдің ұлттық мүдделеріне
негізделген нақты сыртқы саясатты жүргізу қажет деп санайды.
Партия қызметінің бұл саладағы негізгі бағыттары:
• қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;
• Қазақстанға шетел инвестицияларының ағынын ұлғайту және озық
демократиялық, индустриалды дамыған мемлекеттермен байланысты күшейту үшін
игілікті жағдайлар құру;
• Қазақстан экономикасын елдегі ұлттық және тарихи ерекшеліктерді есепке
ала отырып, ресурстық қор мен әлеуетті мүмкіншіліктерді ескере отырып,
әлемдік экономикалық жүйеге жақындастыру, интеграциалауға әсер ету;
• экологиялық, саяси және экономикалық тәуекелділікті ғаламдық сақтандыру
институтын, аймақтық қауіпсіздікті сақтау және тұрақты дамыту қорларын
құру;
• халықаралық қауіпсіздікті бекіту және бейбітшілікті қолдау, экологиялық
және экономикалық мәселелерге, халықаралық терроризммен, ұйымдасқан
қылмыспен және наркобизнеске байланысты қауіпсіздікке ғаламдық қатерді
тежеу болып табылады.
Біз, ұлттық мүдделерге сәйкес елдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз
ету мен сыртқы саясатты жүзеге асыру жөніндегі қызметтің тиімділігін
жоғарыда келтірілген шараларды жүзеге асыру арттырады деп санаймыз.

Экология

ГТЖ экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Компанияның қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметі 2007 ж. қаңтарда ҚР
Үкіметінің қаулысымен бекітілген жаңа ҚР Экологиялық кодексіне және:
• қоршаған ортаға зиян келтірмей тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз
ету;
• табиғатты қорғау шараларын орындау;
• энергия ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық саясат
Экономикалық функция - барлық мемлекеттерге тән функция
Көлемді Орталық Азия жобасының саяси - экономикалық мәні терең
Экологиялық туризм дамуында Қазақстанның ерекшеліктері
Әлеуметтік саясат не үшін керек? (әлем және ҚР тәжірбиесі)
Жаhандық проблемалар және заманауи саясат
Қазақстан және Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы
Жаһандану процесі және оның Қазақстанға ықпалы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУДАҒЫ PR-ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Демократиялық мемлекеттің құрылыс формасы мен режим
Пәндер