ҚР-ғы Ұлттық Банктің ақша-несие саясаты


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І Ақша-несие саясатының теориялық негіздері
1. 1 Ақща-несие саясатының экономикалық мәні және оны
жүргізу құралдары . . . 6
1. 2 Ақша-несие теориясы негізінде экономиканы реттеу . . . 12
1. 3 Шетел елдерінің ақша-несие саясатын жүргізудегі
тәжірибесі . . . 18
ІІ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие
саясатына талдау
2. 1 Қазақстан Республикасы банк жүйесінің даму эволюциясы . . . 22
2. 2 Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын реттеу механизмі . . . 37
2. 3 Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының
негізгі даму кезеңдері . . . 46
2. 4 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің негізгі даму
бағыттары . . . 48
ІІІ Қазақстан Республикасында ақша-несие саясатының
даму келешегі
3. 1 Ақша-несие саясатының проблемалары . . . 56
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 62
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 64
КІРІСПЕ
Экономиканы дүниежүзілік тәжірибеде пысықталған классикалық теорияларға сүйенетін мақсатты салық-бюджет және ақша-несие саясатын жүргізумен реттеу экономикалық өзгерістер барысында белгіленген оң өзгерістерге қол жеткізуге жекелеген салалардағы өндірістік құлдырауын тоқтатуға, инфляциялық болжауды төмендетуге, қайта қаржыландыру мөлшерін оң шамаға шығаруға, ақша-несие және қаржы-бюджет жүйелерінің қызметін тұрақтандыруға, бюджет тапшылығының ауқымын ауыздықтауға мүмкіндік берді.
Еңбек өнімділігінің төмен деңгейі, еңбекке қабілетті халықтың көпшілігі жұмыспен қамтылмаған, шығарылған өнімнің басым көпшілігі бәсекеге қабілетсіз, халық шаруашылығы салаларының импорт жеткізілімдерінен едәуір тәуелділігі және т. б. орын алған жағдайда ұлттық валютаның белгіленген бағамы экономиканы қазынашылық және ақша -несие жағынан реттеу үшін ұлттық ақшаның дүниежүзілік нарықтағы нақты құнын көрсетпеуінен қолайсыз болады. Үкімет көпшілікті жұмыспен қамтуға және экономикалық өсуге бағытталған тәуелсіз экономикалық саясатты жүргізуге мүмкіндігі болмайды.
Төлем балансының тапшылығы ұзақ уақыт сақталған жағдайда, Үкімет қаржы қорларын жоғалтуы мүмкін. Тіркелген ұлттық валюта бағамы баланстағы туындайтын үйлесімсіздіктерді пайдалануы, ықтимал ірі алтын-валюта резервтерінің болуын талап етеді. 1998 жылы дүниежүзілік нарықтағы және Ресей экономикасындағы экономикалық жағдайдың нашарлау жағына қарай күрт өзгеруі, тіркелген ұлттық валюта бағамының өзінің тіршілік етуге жарамсыздығын көрсетті. Қазақстан экономикасы өз валютасының тұрақтылығын қолдау үшін алтын-валюта қорларының едәуір мөлшерін жоғалтты.
Үкіметтің саясаты бюджет тапшылығы мен салықтардың мөлшерлемелерін көзделген деңгейде сақтау арқылы экономиканы тұрақтандыруға бағытталған болатын. Салықтық-бюджеттік реттеу әлсіз болса да жиынтық кірістің өсуін ынталандыруды негізге алған. Ақша-несие саясатының рөлі айырбастау бағасының жарияланғанмен тепе-тең сәйкестігін қамтамасыз ету үшін ақша ұсыныстарын реттеумен шектелген еді.
Несие ұйымдарын ынталандыру мен олардың экономиканың нақты секторымен өзара іс-қимыл жасауын қолдау мәселелері ҰБ тарапынан тікелей реттеу аясынан шығарылып, ақша нарығының өтімділігін басқару қиындады, ашық нарықта ломбардтық несиелеу және РЕПО мәмілелері, коммерциялық банктерге күндік қарызбен “овернайт” несиелерін беру сияқты классикалық операцияларды жүзеге асыру қиындады.
Осымен бірге, Үкімет жұмыссыздықты азайтудан ұлттық валютаның құнсыздауымен күресуді маңыздырақ деп санап, тіркелген айырбастау бағамы қолданылған жағдайда, инфляцияны ауыздықтау мен инфляциялық болжамды төмендетуде едәуір нәтижелерге қол жеткізді.
Баланстағы тепе-теңсіздік кезінде орын алатын ұлттық валюта бағасының ауытқуына сыртқы қаржыландыру көздерін тартпай-ақ түзету жасалады. Осы мақсаттарға Халықаралық Валюталық Қор несиелерін қарызға алу, қосымша валюта мен алтын резервтерін жасау қажет болмайды.
Еркін айырбас режиміне көшкен кезде ұлттық валюта құнсызданғаннан кейін, шетелдік нарықтағы ұлттық тауарлар арзандап, бұл өз кезегінде экспорт мөлшерінің қалпына келуіне және импорттың кемуіне, елге еркін айырбасталымды валюта ағымының артуына ықпал етті.
Еркін өзгермелі ұлттық валюта бағамы жағдайында Үкімет елдің экономикалық ахуалына, сыртқы экономикалық қатынастарына, валюта резервтеріне, берешектерге, тауарлық және қаржылық ағындардың серпініне тікелей ықпал етуге мүмкіндік алды.
Сонымен бірге, Қазақстан экономикасында бірқатар дағдарыстық жағдайлар соңына дейін әлі де жойылмай келеді. Экономиканың кейбір салаларында өндірістің құлдырауы тоқтатылмады, салық салу және бюджеттік кірісті арттыру проблемалары орын алуда, мемлекеттік ішкі және сыртқы қарыздар мөлшері өсуі жалғасуда және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздік табалдырығының мағынасына жақындады, өндірістік салаға берілетін несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелер жоғары болып қалуда, шаруашылық етуші субъектілердің инвестициялық белсенділігі тиісті деңгейде емес және т. б. Мұның барлығы ақша-несиелеуді реттеу жөніндегі шаралар бюджеттік шығындар мен салық салуды басқару жөніндегі мемлекеттік шаралармен тығыз байланысты болу керектігін дәлелдейді.
Дүниежүзілік тәжірибеде және экономикалық әдебиетте мемлекеттің нарықтық қатынастардың даму жағдайындағы қазынашылық және ақша-несиелік саясаты мен осы процесте туындайтын проблемалар жеткілікті толық пысықталып жарияланды. Экономиканы салық - бюджеттік және ақша-несиелік реттеу мәселелері А. Смит, Д. Рикардо, Дж. М. Кейнс, М. Фридмен, И. Фишер, А. Лаффер, Р. Модельяни, сияқты көптеген экономист ғалымдардың еңбектерінде қаралған. Ауыспалы кезең жағдайындағы Қазақстанның қаржы-бюджет саясаты теориясы мен тәжірибесінің әр түрлі аспектілерін отандық экономист ғалымдар У. А. Баймұратов, А. К. Қошанов, Н. К. Мамыров, К. Н. Нәрібаев, А. Ш. Нұрсейітов, Д. К. Қабдиев, П. С. Пасаченко, К. О. Оқаев, К. Б. Бердәлиев,, У. М. Ысқақов, Н. Н. Хамитов ашты.
Жұмыстың тақырыбы “ҚР-ғы Ұлттық Банктің ақша-несие саясаты. ”
Жұмыс ақша-несие саясатының мәні мен қазіргі кезеңдегі оның даму проблемаларын айқындауды мақсат тұтады.
Қойылған мақсатқа байланысты мына міндеттер белгіленді:
- Бұл тақырып бойынша экономикалық әдебиетті зерделеу және талдау:
- Ақша-несие саясатын басқарудағы зерделеу әдістерін таңдау;
- Ақша-несие саясатының негізгі сипаттамалары мен өлшемдерін зерделеу;
- Банк ісінің теориялық негіздерін қарау;
- Ақша жүйесінің негізгі сипаттамалары мен қазіргі заманғы өлшемдерін және ұйымдастыру тетігін дамыту деңгейін зерделеу;
- Ақша-несие саясатының негізгі проблемаларын және оларды жою жолдарын айқындау.
Зерттеу объектісі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады. Осы жұмыстың нысанасы ақша-несие саясаты дамуының банктің іскерлік белсендігімен өзара байланысы болып табылады.
Зерттеу әдістері:
• шолу-талдау;
• математикалық-статистикалық;
• қадағалау;
Жұмыста жұмыс жазылған сәттегі ақша-несие саясатының қолданылатын нақты нормалары мен нормативтері келтірілген.
Ақша-несие саясаты жүйесін қалыптастыру мен жұмыс істеу мәселелері Қазақстан Республикасында қолданылатын заңдармен тығыз байланыстырып қаралған.
І АҚША-НЕСИЕ САЯСАТТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Ақша-несие саясатының экономикалық мәні және оны
жүргізу құралдары
Нарықтық экономикаға көшу мен ақша-несие саласында мемлекеттік саясат рөлінің белсенділеуі ақша мөлшерінің баға деңгейіне әсер етуін күшейтті, сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі ақша теориясы мәселелеріне мүдделіліктің артуына ықпал етті. Баға деңгейін белгілеу мен өндіріс тиімділігін өзгертуде ақша мөлшерінің артықшылығын мойындау, айналымдағы ақшаның сандық теориясының негізгі мазмұнын құрайды.
Ақшаның осындай әсері американдық экономист И. Фишердің ақша теориясының неоклассикалық бағытының бөлігі болып табылатын айырбасты теңестіруде келтірілген:
MV= PQ, (1)
мұндағы
M-айналымдағы ақша мөлшері немесе ақша ұсынысы;
V-ақша айналымының жылдамдығы;
P- тауарлық мәмілелер бағасының орташа деңгейі;
Q- тауарлық мәмілелердің мөлшері (ұлттық өнім) ;
Іс жүзінде бағалардың өзгеруі айналымдағы ақша мөлшерімен ғана емес, сондай-ақ тауарлар бағасының өзгеруімен де байланысты (өндіріс шығындары) .
Ақша мөлшері теориясының тұжырымдамасы ақша айналымы жылдамдығының тұрақты шамасы (V) мен тауарлық мәмілелер саны (Q) үшін дұрыс болып табылады, ол іс жүзінде болуы мүмкін емес. Сандық доктринасының басқа өкілі (кембридждік) ағылшын экономисі А. Пигу ақша ұсынысының мына формуласын ұсынады) :
M=K x P x T, (2)
мұндағы
- ақша мөлшері;
K - ақшалай нысанда иеленгісі келетін жылдық кіріс үлесі;
P - баға деңгейі;
К- өндірістің нақты мөлшері;
Экономистер ұзақ жылдар бойы экономикалық өсу факторларына ықпал ететін ақша-несие саясатының тұжырымдамаларына қатысты пікір таластыруда.
Нарықтық экономика іштей тұрақсыз өзгермелі жүйе болып табылады, мемлекеттік реттеуге онда негізгі рөл берілген. Реттеушілер қатарында мемлекеттің монетарлық саясаты маңызды орын алады; ақша ұсынысындағы өзгеріс инвестициялық сұраныстың өзгеруіне әкеліп соқтырған пайыздық мөлшерлеме деңгейінің өзгеруінің себепкері болып табылады, ал мультикативтік әсер арқылы атаулы жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) өзгереді.
Кейнсиандық теорияның негізгі теориялық теңдеуі мынадай:
ЖҰӨ=С+1+G+NX, (3)
Мұндағы
С- халықтың тұтыну шығындары;
1- инвестициялар;
G- тауарлар мен қызметтер сатып алуға арналған мемлекеттік шығындар;
NX- таза экспорт;
Кейнсиандықтар мемлекеттік реттеу процесінде тоқыраған экономиканы тұрақтандыру ісінде бюджеттік саясатқа, салық жүйесі мен мемлекеттік шығындар құрылымының өзгеруіне негізгі маңыз береді. Олардың түсінігінше өндірістің құлдырау, жұмыссыздық пен инфляция жағдайында монетарлық саясаттың макроэкономикалық салдары көп мәнді. Кейнсиандық тұжырымдаға сәйкес нақты пайыздық мөлшерлемесінің деңгейін төмендетумен (инфляция пайызы шегерілген пайыздық мөлшерлеме) монетарлық саясатты ынталандыру ақша ұсынысын көбейтеді және инвестициялық сұранысты арттыруға жетелейді.
Осыған байланысты ЖҰӨ мультипликациялық тиімділігі артады. Өндірістің құлдырауы тоқтап, жұмыссыздық азаяды, халықтың кірісінің артуы үшін жағдайлар жасалады. Ақша ұсынысы артқанда, олардың қысқа мерзімді артықшылығы пайда болады. Халық артқан ақша запастарын тауар сатып алуға немесе банктердегі салымдарда жинақтайды. Ақша сұранысы артып, тиісінше бағалар да өседі. Халық пен фирмалардың шоттардағы қолма-қол ақшанысың мөлшері де артады. Егер ақша ұсынысын азайтса, онда пайыздық мөлшерлеменің өсуімен тепе-теңдік белгілінеді.
Монетаризм нарықтық экономика - өзін-өзі реттеуге қабілетті іштей тұрақты жүйе деген сенімге негізделген. Ол инвестициялар мен ЖҰӨ арасындағы емес, айналымдағы ақша жиыны мен нарықтық ЖҰӨ арасындағы тығыз байланысқа негізделеді. Осы бағыттың бас теоретигі М. Фридмен мемлекет айналымдағы ақша жиынының негізделген тұрақты өсуін қолдауға негізделген “ұзақ мерзімді тепе-теңдік монетарлық саясаттың ақша тәртібін” алдыға тартады. М. Фридменнің теңдеуі бойынша осындай өсу шамасы:
∆M=∆Р+∆Y (4)
мұндағы
∆M- ақша өсімінің орташа жылдық қарқыны, ұзақ мерзімді пайызы;
∆P - болжалды инфляцияның орташа жылдық қарқыны, ұзақ мерзімді пайызы;
∆Y - ЖҰӨ өсімінің орташа жылдық қарқыны, ұзақ мерзімді пайызы;
Қазіргі заманғы сандық теория классикалық канондарды жетілдірді. Теориялық ақша үлгілері синтетикалық нысанды иеленді, оларға екі теорияға тән мемлекеттік ақша-несие саясатындағы элементтері де Үкіметтің айналымдағы ақша мөлшеріне әсер ететін саясаты Республиканың ақша-несие саясатындағы монетарлық тұжырымдама ережелері өтпелі кезеңнің экономикасының ерекшеліктеріне орай ішінара іске асырылған болатын (мысалы, ақша жиыны төмендегенде төленбеген ақшаның өсуі) .
Екі деңгейлі банк жүйесі болған кезде орталық банк ақша мультипликаторларының тетігін немесе екінші деңгейдегі банктер жүргізетін ақша аударымдарының эмиссиясын (қайталама эмиссия) қадағалауды жүзеге асырады. Әкімшілік-әміршілдік экономика жағдайында ақша рөлі өнім шығарудың әртүрлі шығындар жиынтығына (материалдар, амортизация, еңбекақы және т. б. ) бағынысты болады. Ақшаның басымды есептік және бақылау рөлі “қысымға түскен инфляцияны” жасыруға, тұтынушылық тауарлар тапшылығында әркелкі бағалар белгілеуге және ресурстарды өтімсіз тауарларға шашырауға ықпал етті. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңсіздік ара қатынасында нұсқаумен белгіленген бағалар негізсіз тұрақты болып қалды.
Ақша айналымының жылдамдығы төмендеді, жинақтаулардың нақты сектордан алып-сатарлық сипаттағы сипаттағы қаржы операцияларына өту процесі жеделдетілді.
Дүниежүзінің 83 елінде инфляция мен айналымдағы ақша мөлшерінің байланысын зерделеу айналымдағы ақша мөлшері мен инфляция жылдамдығының арасындағы жоғары деңгейдегі тәуелділікті айқындады.
Дүниежүзілік экономикалық тәжірибеде ақша-несие саясатын реттейтін әртүрлі құралдар пайдаланылады:
ашық нарықтағы яғни, құнды қағаздар нарығында операциялар;
есептеу мөлшерлемесі саясаты, яғни, екінші деңгейлі банктердің орталық банктен қарыздары бойынша пайыздарын реттеу;
міндетті резервтер нормативінің өзгеруі.
Ақша-несие саясатының басқарушы құралдары: қайта қаржыландырудың пайыздық мөлшерлемесі, қысқамерзімді теңге несиелері және үш айлық мекамдар бойынша сияқы мөлшерлемесі ақша эмиссиясын бақылау кезінде Ұлттық банктің монетарлық процесі тетігінің негізін құрайды.
Орталық банк осындай құралдардың жәрдемімен тікелей және Қаржы министрлігімен келісім бойынша осы кезеңдегі монетарлық саясатқа сәйкес пайыздық жағдайларды, ақша нарығындағы ұсыныс мөлшерін қалыптастырады.
Осы үшін ол қайта қаржыландыру мен ашық нарықтағы операцияларда өзінің пайыздық мөлшерлемелерін өзгертеді, ақша нарығында басқыншылық сәті туралы шешім қабылдайды. Экономиканы қаржы сілкіністеріне неғұрлым шыдамды етуге тырысу, оның икемділігін және нарықтық қатынастарға оның бейімделуін арттыру банк жүйесін дамытудың негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Экономикалық саясат теориясына сәйкес, өтпелі экономика кезеңінде монетарлық саясат ақшаның тауарлық бағасына әсер ететін ақша, несие және валюта саясатының өлшем жүйесінің тепе-теңдік сипатын білдіреді. Ақша-несие және бағам саясаты қол жетіскен құралдар тізбесінде көрсетілген барлық шешімдер ақшаның тауарлық бағасына әсер етеді. Ақшаның тұрақтылығын реттеу нарық жағдайларына макроэкономикалық құралы, екі каналды ақша эмиссиясы (ақша жиыны) мен ақша айналымының жылдамдығы арқылы ақшалай қаржылардың айналым саласын бақылауды күшейту құралы болып табылуда.
Іс жүзінде ақша және несие саясатының қарама-қайшылығы, ақшаның тұрақтылығын және экономиканы дамуын реттеуді теңгеруге тиіс.
Ақша-несие саясаты мемлекеттік жалпы экономикалық саясат бөлігін, оның элементерінің (өнеркәсіптік, құрылымдық, сыртқы сауда, қазынашылық және басқа да саясат түрлерімен қатар) бірін білдіреді және үкіметтің басымдықтарымен және мақсаттарымен тікелей белгіленеді. Әдетте, экономикалық өсу тұрақтылығы, жұмыссыздықтың төмен деңгейі, бағалардың тұрақтылығы, тұрақты төлем балансы осындай түпкілікті мақсат болып табылады.
Әртүрлі ақша түрлері ретінде белгілі ақша агрегаттары М 0 , М 1 , М 2 және т. б. түсініледі. Олардың мазмұнын егжей-тегжейлі қарайық:
М 0- айналымдағы банкноттар (орталық банк шектерінен тыс) және орталық банктегі екінші деңгейлі банктердің шоттарындағы қаржылар. Бұл ақша базасы немесе орталық банктің ақшалары.
М 1 - халықтың қолындағы кез-келген ақша белгілерінің мөлшері мен кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың кассаларындағы қаржылар.
М 2 - М 1 барлық құрамдастары және араласқан пайдалану режимді заңды және жеке тұлғалардың депозиттері, халықтың, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың жедел салымдары, банк жинақтау сертификаттары, еркін айналымдағы займдардың облигациялары, банк резервтері.
М 4 - М 1 басқа халыққа, банктерге, кәсіпорындар мен ұйымдарға тиесілі шетел валютасындағы қаржылар.
М 1 және М 2 ақша жиынының бірдей көрсеткіштері болып саналады. М 4 соңғы көрсеткіші жеке де, сондай-ақ өндірістік тұтынудағы тауарлар мен қызметтерге барынша жоғары төлемге қабілетті жиынтық сұранысын сипаттайды.
Осы ақша агрегаттарының, біз көріп отырғандай, өтемпаздықтарының әртүрлігімен, яғни, олардың қолма-қол ақшаға жеңіл айналып кетуімен ерекшеленеді. Тиісінше, ақша қажеттілігі туралы айтқан кезде қазіргі заманғы жағдайларда, олардың жалпы мөлшерін ғана емес, әртүрлі ақша түрлерінің арасындағы ара қатынасты және трансакциондық іс-қимылдарда оның мұқтаждығына сәйкес олардың осы жерде (аймақта) болуы ескеріледі. Сондықтан орталық банктің жоғарыда атап өтілген бас функциясы- айналымын реттеу жалпы мөлшерді ғана емес, сондай-ақ ақша түрлері арасындағы ара қатынасты қадағалауды көздейді. Іс жүзінде кез-келген қазіргі заманғы мемлекет үшін ақша эмиссиясын және ақша айналымын реттеу елдегі жиынтық ақша жиынының бірнеше аса маңызды көрсеткіштерінің жобаланған және нақтылы мөлшерін талдау, бақылау, салыстыру қажеттілігін білдіреді. [2, 128б. ]
Осы ақша-несие құралдарына қысқаша сипаттама берейік:
Ресми есеп мөлшерлемесі - орталық банктің мөлшерлемесі, ол бойынша банк вексельдерді санайды немесе соңғы сатыдағы несиелер ретінде енінші деңгейлі банктер мен несие мекемелеріне несие береді. Орталық банк ресми есеп мөлшерлемесін жоғарылатып немесе төмендетіп, екінші деңгейлі банктердің мүмкіндіктеріне несие алу үшін олардың клиенттеріне ықпал етеді, бұл өз кезегінде экономикалық өсуге, ақша жиынының артуына, нарық пайызының жоғарылуына әсер етеді. Орталық банктің ресми есеп мөлшерлемесінің өзгеруі нарықтық пайыздың тиісті өзгерістерін туындата отырып, төлем балансы мен валюта бағамының жай-күйінде білінеді. Мөлшерлеменің артуы елге қысқа мерзімді шетел капиталының тартылуына ықпал етеді, осының нәтижесінде төлем балансы жанданады, тиісінше, шетелдік валютаның бағамы төмендеп, ал ұлттық валютаның бағамы көтеріледі. Мөлшерлеменің төмендеуі кері нәтижелерге әкеліп соқтырады
Ашық нарықтағы құнды қағаздармен жүргізілетін операциялар- орталық банктің қысқа мерзімді операцияларды қоса алғанда, кейін кері мәміле жасай отырып, коммерциялық және қазынашылық вексельдерді, мемлекеттік облигациялар мен өзге де құнды қағаздарды сатып алу-сату жөніндегі операциялары. Орталық банктің мұндай іс-қимылдары екінші деңгейлі банктердің қызметіне олардың қолда бар ресурстар мөлшері арқылы әсер етеді. Егер орталық банк ашық нарықта құнды қағаздарды сатса, ал екінші деңгейлі банктер оларды сатып алады, онда соңғылардың ресурстары мен тиісінше олардың клиенттерге несие беру мүмкіндіктері сарқылады. Бұл айналымдағы ақша жиынының қысқаруына және несие пайызының артуына әкеліп соқтырады. Орталық банк нарықта екінші деңгейлі банктерден құнды қағаздар сатып ала отырып, оларға қосымша ресурстар ұсынады. Несие беру жөніндегі олардың мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ашық нарықтағы операциялар банк ресурстарын, пайыздық мөлшерлемелердің және мемлекеттік құнды қағаздарды реттеуге және соңғы есепте ақша нарықтағы сұраныс пен ұсыныстарды реттеуге ықпал етеді.
Міндетті резервтер- банктер мен несие мекемелерінде орталық банктің талабы бойынша, әдетте, пайызсыз шотта ашылған несие ресурстарының бөлігі. Екінші деңгейлі банктерге олар өздерінде сақтайтын міндетті резервтер нормасын арттыра немесе төмендете отырып, орталық банк банктер мен несие мекемелерінің несиелеу мен депозиттік эмиссияны жүзеге асыру мүмкіндіктерін шектейді немесе кеңейтеді.
Міндетті резерв нормасының өзгеруі екінші деңгейлі банктердің несие ресурстарына, олардың несие беру мүмкіндіктеріне елеулі әсер етеді. Норманы арттыру екінші деңгейлі банктердің несие беруге арналған өздерінің ресурстарының бөлігімен пайдалана алмауын білдіреді. Нәтижесінде банк несиесі мен айналымдағы ақша жиыны да қысқарады, банк несиелері бойынша пайыздар өседі. Банк резервтері нормаларының төмендеуі банк несиелері мен ақша жнынының өсуіне және нарықтық пайыздың төмендеуіне жетелейді.
Міндетті резервтер едәуір шамада әкімшілік тұтқаны білдіреді. Бірқатар елдерде олар толықтай жойылған немесе олардың мөлшері елеулі түрде төмендетілген. Кейбір елдерде қызмет бабын теріс пайдалануға жол бермеу үшін осындай резервтердің ең жоғары мөлшерде заңнамада белгіленеді.
Осы негізгі құралдардан басқа дүниежүзілік банк тәжірибесінде орталық банктердің ақша-несие саясатының басқа құралдары кең танымал, жақсы пысықталып және кеңінен пайдаланылады. Оларды қайсыбір елдің нарықтық немесе өтпелі экономикалық нақты жағдайында өтімдірек пайдалану туралы сөз қазғалады. Оларды қысқаша сипаттап өтейік.
- Капиталдар нарығын бақылау- акциялар мен облигациялар шығару тәртібі, сырттан қарыз алу шектерін белгілеу және т. б.
- Нарықтарға қол жеткізу- жаңа банктер мен несие мекемелерін, оның ішінде шетелдіктерді ашуды реттеу.
- Валюта басқыншылығы- ақша бірлігіне сұраныс пен ұсыныс мөлшеріне ықпал ету үшін едәуір мөлшердегі валюта сатып алу-сату.
- Шектеу (таргеттеу) - ақша жиыны көрсеткштерінің өсуінің мақсатты болжалын белгілеу.
- Мемлекеттік құнды қағаздарға инвестициялау нормалары-мемлекеттік қарызды тұрақты орналастыру мен алып-сатарлық операцияларды шектеу мақсатында банктер, несие мекемелері үшін белгіленеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz