Үмбетей жырау



Қандай да болмасын ақынды, я жазушыны зерттеу, тану үшін ең алдымен... оның атын білу керек. Ақынның не бары 5—6 әріптен құралған есімін дұрыстап оқи алмай тұрып, онын, творчествосы төқірегінде пікір қозғауға талпынсақ қайдан барып шықпақпыз? Біз еткен тарауда Шалкиіздің ғайыптан «Шәлгезге» айналып кеткені жайлы айтқан едік. Бұл — қазақ әдебиетінің тарихындағы жалқы оқиға емес. Шалкиізбен салыстырғанда күні кеше ғана өткен Үмбетей жырау да өзінің ұлы ұстазының кебін құшыпты; кейбір зерттеушілердің еркімен оның есімі Үмітай-га айналдырылды. Үмітай — әйел аты екенін еске ал-сақ, бұл «түзетудің» сорақылығы тіпті айқындала түседі. Үмбетейдің Үмітайға (кейбіреулер тіпті Үмітей деп жазады) қалай айналып кеткенін түсіндіру қиын: бізге белгілі мәліметтердің бәрінде де,— жыраудың Бөгембай өлімін Абылайға естірту жырының үзіндісі басылған «Таң» журналында да, әдебиет институтының қолжазба қорындағы шығармаларында да,— Үмбетей деп жазылған, орыстар айтпақшы, черным по белому...
Үмбетей мен Бұқар жырау екеуі жақын дос болыпты. Үмбетей Бұқарды қадір тұтып қатты сыйлайды екен.
Ел әңгімесі былай дейді: Үмбетей Бұқарды әлденеше рет қонақ етіп, өзінің ыкыласын білдірген екен, ақыры кезек Бүқарға да жетіпті. Алайда Бұқарекеңнің зайыбы қараулау адам болса керек. Үмбетей барғанда оң кабақ таныта қоймайды. Тіпті ауырған болып жатып қалады. Мұны аңғарған Үмбетей аялдамапты. Үйден шығып бара жатқанда Бұқарға қаратып айтқан сөз:
«Үй сыртында ақра тау, Панасы жок болса, Бұл шіркіннің несі тау. Кетеген болса түйең жау, Тебеген болса биең жау, Ұрысқақ болса ұлың жау, Керіскек болса келінің жау. Үйіңдегі ұлың жаман болса, Есіктегі құлмен тең, Қойныңдағы қатының жаман болса, Қаңтардағы мұзбен тең. Қай сорлынын, қатыны Күндіз ауру, түнде сау».

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҮМБЕТЕЙ ЖЫРАУ

Қандай да болмасын ақынды, я жазушыны зерттеу, тану үшін ең
алдымен... оның атын білу керек. Ақынның не бары 5—6 әріптен құралған
есімін дұрыстап оқи алмай тұрып, онын, творчествосы төқірегінде пікір
қозғауға талпынсақ қайдан барып шықпақпыз? Біз еткен тарауда Шалкиіздің
ғайыптан Шәлгезге айналып кеткені жайлы айтқан едік. Бұл — қазақ
әдебиетінің тарихындағы жалқы оқиға емес. Шалкиізбен салыстырғанда күні
кеше ғана өткен Үмбетей жырау да өзінің ұлы ұстазының кебін құшыпты; кейбір
зерттеушілердің еркімен оның есімі Үмітай-га айналдырылды. Үмітай — әйел
аты екенін еске ал-сақ, бұл түзетудің сорақылығы тіпті айқындала түседі.
Үмбетейдің Үмітайға (кейбіреулер тіпті Үмітей деп жазады) қалай айналып
кеткенін түсіндіру қиын: бізге белгілі мәліметтердің бәрінде де,— жыраудың
Бөгембай өлімін Абылайға естірту жырының үзіндісі басылған Таң журналында
да, әдебиет институтының қолжазба қорындағы шығармаларында да,— Үмбетей деп
жазылған, орыстар айтпақшы, черным по белому...
Үмбетей мен Бұқар жырау екеуі жақын дос болыпты. Үмбетей Бұқарды қадір
тұтып қатты сыйлайды екен.
Ел әңгімесі былай дейді: Үмбетей Бұқарды әлденеше рет қонақ етіп,
өзінің ыкыласын білдірген екен, ақыры кезек Бүқарға да жетіпті. Алайда
Бұқарекеңнің зайыбы қараулау адам болса керек. Үмбетей барғанда оң кабақ
таныта қоймайды. Тіпті ауырған болып жатып қалады. Мұны аңғарған Үмбетей
аялдамапты. Үйден шығып бара жатқанда Бұқарға қаратып айтқан сөз:
Үй сыртында ақра тау, Панасы жок болса, Бұл шіркіннің несі тау.
Кетеген болса түйең жау, Тебеген болса биең жау, Ұрысқақ болса ұлың
жау, Керіскек болса келінің жау. Үйіңдегі ұлың жаман болса, Есіктегі
құлмен тең, Қойныңдағы қатының жаман болса, Қаңтардағы мұзбен тең. Қай
сорлынын, қатыны Күндіз ауру, түнде сау.
Осы қыска өлеңнен-ақ Үмбетей шығармашылығынын сыр-сыпаты жайында
біршама мағлұмат алуға болады.
Жыраудың философиялық-дидактикалық сарындағы толғау жырлары
сақталмаған. Біздің түсінігіміздегі Үмбетей бейнесі Бөгембай батырдың
есімімен байланысты. Жыраудын, даңқын шығарған да осы туындылары.
Үмбетейдің Бегембайға қатысты екі ұзақ жыры бар: мұның біріншісі —
Бегембайды жоқтау да, екіншісі — Бөгембай өлімін Абылайханға естірту.
Қанжығалы Бегембай батырдың аты кімге болмасын жақсы таныс. Ол —
Жонғарға қарсы күрестің қаһарманы, әлуетті батыр, атақты қолбасы, еліне
еткен қызметі арқасында жүрт сүйіктісіне айналған қазак халқының ардагер
ұлдарының бірі.
Үмбетей даңқы әкесі Алатаудай Ақша батырдан асып болат туған
Бөгембайдың өшпес образын жасады.
Баян Аула, Қызыл тау, Абыралы, Шыңғыс тау Қозы-Маңырақ, Қой-Маңырақ,
Арасы толған көп қалмақ, Қалмақты қуып қашырдың, Қара Ертістен еткізіп,
Алтай тауға_ асырдың, Ақ Шәуліге кос тігіп, Ауыр қол жиып алдырдың,
Қалмаққа ойран салдырдың, Қабанбай мен Бөгембай Арғын менен найманға
Қоныс қылып қалдырдың.
Осы аталып отырған жерлер ұзаққа созылған күрестерден соң Жоңғар
тауларынан шыққан ойрат тайпалары басып алған қазақтың байырғы мекендері
болатын. XVIII ғасырдың орта шенінен бастап бұл қоныстар қайтадан қазаққа
өтті. Осы жеңісті жорықтар кезінде қазақ қолының басында жүрген батырлардың
бірі Бөгембай еді. Тек бұл ғана емес. Бөгембай — Жоңғарға карсы күрестің
қиын күндерінде, қазақтар ауыр жеңілістерге ұшырап, Сайрам, Түркістан,
Ташкенттердің бірінен сон, бірінен айрылғанда, Ақтабан-шұбырындыға ұшырап,
атамекенінен босқан кездерде еңсесі түспеген, жүрегі шайлықпаған санаулы
ерлердін, бірі еді. Бұл кезде Бөгембай қалмақтарға қарсы күресті
ұйымдастырушылардың бірі болды. Үш жүздің хан, сұлтандары бір сәт мәмлеге
келіп, бас қосып, жоңғарға қарсы соғысты қайта ашқанда, ол алдыңғы сапта
шапты. Қазақтардың 1728, 1730 жылғы жеңісті жорықтарында Бегембайдың
атқарған ролі ерекше.
Сондықтан дүшпанға қарсы оқ атқан, үрей болған қалмақты талкандаған,
Қолтығы ала бұғының Пәйкесіндей Бөгембай, Жалаң қия жерлерден
Жазбай түсіп түлкі алған, Білегі жуан бүркіттің Тегеурініндей
Бөгембай,—
дүниеден кешкенде Үмбетей жырау көзінін, жасын кел қылады, батырдың
өлімін аза тұтады, оның тірісінде халқына еткен қызметін еске алып,
марқұмды мадақтайды.
Бегембай қабірінің басында жоқтау жырын айтқан соң, жырау батырдың
аманатын орындауға Абылай ханның ордасына барады, ел сүйіктісінің өлімін
хабарлайды.
Бұл жыр естірту түрінде келеді. Бұрын қазаны естіртудің езі өнер
болғаны мәлім. Әдетте естіртуші қайғылы хабарды бірден тоқ еткізбей,
әңгімені алыстан орағытып бастайды, алдымен тұспалдап сөйлеп, қара ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үмбетей жыраудың творчествосы
Үмбетей жырау Тілеуұлының (1706-1778 жж) өмірнамалық кезеңдері
Үмбетей жырау шығармашылығы
Үмбетейдің ақындық өнерінің қазақ әдебиетіндегі алатын орны
Үмбетей жырау поэзиясын оқыту
Қазақ хандығы кезіндегі жыраулар
XIX ғасыр өлең жырларындағы абылайхан
Жыраулық пен ақындық поэзиясының даму жолдары
Асан қайғының шығармаларының зерттелуі
Жыраулар шығармашылығы
Пәндер