Қазақ ұлттық киiмдері



Қазақтың ұлттық киiмдері 3
Айырқалпақ 3
Бөрік 4
Жаулық 5
Күпі 5
Күрте 5
Қамзол 6
Қолғап 6
Малақай 7
Мәсі 7
Саптама етік 8
Сәукеле 9
Тақия 9
Тон 10
Шапан 11
Шекпен 11
Ішік 12
Тымақ 14
Күпі 14
Тон 15
Қамқа тон 15
Жақы 15
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИIМДЕРІ - қазак халқының қол өнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Оның бір ұшығы туысқан Орта Азия халықтарының және орыс халқының қол өнерімен де ұштасып жатыр. Қол өнерінің басты бір саласы - киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың үлттық киімдері әлі де аз емес. Олардың кейбіреулерін ескінің көзі қарттар күнделікті киіп жүрсе, енді біреулерін қыз ұзату, келін түсіру тойларында ойын-сауыққа пайдаланады (қалыңдыққа сәукеле кигізу), сондай-ақ көпшілігі театрлардың арнаулы заказы бойынша тігіліп жүр.
Айырқалпақ - ерлердің киізден тігілген жеңіл бас киімі. Айыркалпақ жұқа етіп басылған ақ киізден тігіледі. Ол негізгі екі бөліктен құралады. Олар - қалпақтың төбесі және етегі (кейде қайырмасы деп те айтады). Калпақтың төбесі төрт сайдан (бөліктен) тұрады. Шебер пішілген төрт қиынды киізді арасына қара барқыттан сыздык салып, қайып тігеді. Сонда қалпақтың төбесі күмбез тәріздес болып шығады. Қалпақтың етегі жалпақтығы төрт елідей етіп, дөңгелектеп қиып алынған ақ киізден жасалады да, оны жоғарғы бөлік-тің (төбе) етегіне сыздық салып қондырады. Сәнді болу үшін, қалпақтың қайырмасының астыңғы жағы кейде қара барқытпен көмкеріледі. Қалпақтың төбесіне қара не басқа түсті шашақ тағып, төбесінің төрт сайы өр түрлі жібек жіптермен кестеленеді. Ак киізден тігілген айырқалпақ әрі жеңіл, әрі салқын, әрі сәнді болып келеді. Соңгы кезде жергілікті өнеркәсіп орындары айыр-қалпақты әр түсті киізден жасап шығарып жүр.
Байпақ — жылылық үшін етіктің, мөсінің ішінен киетін киізден тігетін аяқ киім. Қыста киетін байпақтың киізі қалың, ал жаз да киетін байпактын киізі жұқа болады. Байпақ тігудің екі тәсілі бар. Оның бірі, табанын бөлек салып ұлтарып тігу; екіншісі, тұтастай қусырып тігу. Байпақтың тігісі аякқа батпау үшін оны сыртынан тігеді. Тігуге түйе немесе қой жүнінен иірілрен шуда жіпті пайдаланады.
Жүннен тоқылатын байпақтардың қонышы қысқа болады. Ерте кезде оны шұлгау орнына киіз байпақтың ішінен кию үшін де пайдаланған. Қазіргі кезде бәтеңкенің қысқа қонышты етіктің, мәсінің ішінен киеді. Байпак түйе жүнінен, қой жүнінен, ешкінің түбітінен тоқылады. Мүндай байпақтар әрі жылы, әрі жеңіл. әрі жүмсақ болады.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Баяндама

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИIМДЕРІ.

МАЗМҰНЫ

Қазақтың ұлттық киiмдері 3

Айырқалпақ 3
Бөрік 4
Жаулық 5
Күпі 5
Күрте 5
Қамзол 6
Қолғап 6
Малақай 7
Мәсі 7
Саптама етік 8
Сәукеле 9
Тақия 9
Тон 10
Шапан 11
Шекпен 11
Ішік 12
Тымақ 14
Күпі 14
Тон 15
Қамқа тон 15
Жақы 15

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИIМДЕРІ - қазак халқының қол өнері көне заман
тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Оның бір ұшығы
туысқан Орта Азия халықтарының және орыс халқының қол өнерімен де ұштасып
жатыр. Қол өнерінің басты бір саласы - киім тігу. Ерте заманнан күні
бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қол өнерінің озық үлгісі
ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе
жатқан қазақтың үлттық киімдері әлі де аз емес. Олардың кейбіреулерін
ескінің көзі қарттар күнделікті киіп жүрсе, енді біреулерін қыз ұзату,
келін түсіру тойларында ойын-сауыққа пайдаланады (қалыңдыққа сәукеле
кигізу), сондай-ақ көпшілігі театрлардың арнаулы заказы бойынша тігіліп
жүр.

Әйел костюмi; қыз бешпеңтi; жiгiт костюмі; бөрік; шекпен; қаптамалы
шапан; кемер белдік; тоқыма шалбар; көк сауыр етік; түлкі бөрік; тері тон;
былғары етік; кестелі қызыл шапан; кемер белдік.

Айырқалпақ - ерлердің киізден тігілген жеңіл бас киімі. Айыркалпақ
жұқа етіп басылған ақ киізден тігіледі. Ол негізгі екі бөліктен құралады.
Олар - қалпақтың төбесі және етегі (кейде қайырмасы деп те айтады).
Калпақтың төбесі төрт сайдан (бөліктен) тұрады. Шебер пішілген төрт қиынды
киізді арасына қара барқыттан сыздык салып, қайып тігеді. Сонда қалпақтың
төбесі күмбез тәріздес болып шығады. Қалпақтың етегі жалпақтығы төрт елідей
етіп, дөңгелектеп қиып алынған ақ киізден жасалады да, оны жоғарғы бөлік-
тің (төбе) етегіне сыздық салып қондырады. Сәнді болу үшін, қалпақтың
қайырмасының астыңғы жағы кейде қара барқытпен көмкеріледі. Қалпақтың
төбесіне қара не басқа түсті шашақ тағып, төбесінің төрт сайы өр түрлі
жібек жіптермен кестеленеді. Ак киізден тігілген айырқалпақ әрі жеңіл, әрі
салқын, әрі сәнді болып келеді. Соңгы кезде жергілікті өнеркәсіп орындары
айыр-қалпақты әр түсті киізден жасап шығарып жүр.
Байпақ — жылылық үшін етіктің, мөсінің ішінен киетін киізден тігетін
аяқ киім. Қыста киетін байпақтың киізі қалың, ал жаз да киетін байпактын
киізі жұқа болады. Байпақ тігудің екі тәсілі бар. Оның бірі, табанын бөлек
салып ұлтарып тігу; екіншісі, тұтастай қусырып тігу. Байпақтың тігісі аякқа
батпау үшін оны сыртынан тігеді. Тігуге түйе немесе қой жүнінен иірілрен
шуда жіпті пайдаланады.
Жүннен тоқылатын байпақтардың қонышы қысқа болады. Ерте кезде оны
шұлгау орнына киіз байпақтың ішінен кию үшін де пайдаланған. Қазіргі кезде
бәтеңкенің қысқа қонышты етіктің, мәсінің ішінен киеді. Байпак түйе
жүнінен, қой жүнінен, ешкінің түбітінен тоқылады. Мүндай байпақтар әрі
жылы, әрі жеңіл. әрі жүмсақ болады.
Бөрік - қазақтың ертеден қалыптасқан үлттык бас киімі, оны бағалы аң
терісінен жөне жас төлдің елтірісінен тіреді. Оның жаздық және қыстық
түрлері болады. Терінің түріне қарай бөрік әр алуан аталады. Құндыз бөрік,
сусар бөрік, кәмшат бөрік, жанат бөрік, түлкі бөрік, елтірі бөрік, т. б.
деп аталады. Оны ерлер де, қыздар да киеді. Бөріктің төбесі көбінесе алты
сай (қиық), төрт сай болып келеді. Оны тіккенде алдымен өлшеп алып, жұқа
киізден төрт не алты сай етіп пішеді. Әр сайдың төбеде түйісетін ұштары үш
бұрыш тәрізді, етек жақтары тік төрт бұрыш болады. Осы қиындылардың бір
бетіне шүберектен астар, екі арасына жұқа матадан бидай шүберек салып, жиі
етіп сыриды. Одан соқ жеке-жеке сайларды біріне-бірін өбістіріп ішінен де,
сыртынан да жөрмеп тігеді. Оның сыртын асыл матамен (барқыт, пүліш, қамқа,
т. б.) тыстайды. Бөріктің іші сай болса, оның тысы да сонша сай болады.
Будан кейін бөріктің төбесінің етегін жай матамен астарлап тігеді де
төменгі жағын төрт елідей терімеи (қылшығын сыртына қаратып) көмкереді.
Бұрын қыздар киетін төбесіне үкі, жібек шашақ тағып, зер жіппен, жібек
жіппен кестелеген, меруерт, маржан тізбелер, алтын, күміс түйме қадаған.
Кейде бөріктің етегін жауып түратындай етіп айналдыра зер не жібек шашақтар
үстаран. Бөрікті қазак халқы сияқты қарақалпақ, қырғыз, башқүрт, татар,
үйғыр т. б. халықтар да киеді.
Жаулық - әйелдердің бас киімі. Оны ақ түсті матадан немесе ақ жібектен
тігеді. Жаулықты кимешектің сыртынан тартады. Ол тарту тәсіліне қарай
қарқара, күндік деп аталады. Жаулық тұтас енімен алынған, кейде ен жарма
(бір жарым ен) матадан ұзындығын бір жарым-екі метрдей етіп қиып алып,
шеттері жіңішке ғана бүгіліп жасалады. Қарқара тартқанда әйелдер жаулықтың
бір ұшын желке тұсына келтіре сәл шығарып қояды да, қалған бөлігін
кимешектің сыртынан айналдыра, шашын көрсетпей жауып тұрарлықтай етіп
орайды. Жаулықтың ұзыңдырына байланысты қарқараның биіктігі де әртүрлі
болып келеді. Күндік жаулық кимешектің сыртынан жартылай оралып, тартылады.
Күндік жаулық тартқан әйел күнге қарсы жүргенде күндіктің маңдайындағы үш
бұрышты қаттаманы еңкейтіп түсіріп қояды. Оның желке тұсында қарқара
жаулығынан гөрі ұзындау, етегі әйелдің арқасын жауып тұрады. Күндік
жаулықты үш бұрышты қаттама шыққан жерінен жөне өйелдің желкесіне келетін
тұсынан түйреуішпен түйреп бекітеді. Қазақстанның әр облыстарында
жергілікті қалыптасқан дәстүрге қарай жаулықты әр түрлі үлгіде тартады.
Жаулықты қазір ескінің көзі -өжелер болмаса, жастар тартпайды.
Күпі - матамен тыстап, ішіне түйенің, қойдың жабағы жүнін салып
тігетін үлттық сырт киім. Күпі өрі жеңіл, өрі жылы болғандықтан, оны ерлер
де, әйелдер де, балалар да кие берген. Әйелдер күпісінің жағасы кестеленіп,
жеңіне құндыз салынып сәндеп тігілетін. Ол әсіресе жазғытұрғы және күзгі
қара суықта киюге қолайлы. Күпіге тартатын жүнді жылы суға жуып кептіреді
де, бетіне бидай шүберек салып көктейді.
Күпінің тысына барқьіт, мәуіті сияқты әрі мықты, әрі қалың, өрі кір
көтеретін бір түсті мата пайдаланылады. Шапан сияқты күпінің де екі өңірі,
артқы бойы, екі жеңі және жарасы болады. Күпінің ең алдымен тысын пішіп
алады да, оған жүнді салып, бидай шүберекпен бірге көктеп тігеді. Күпінің
тысын машинамен не қолмен, ал арасына салган жүнін бидай шүберек жағына
келтіріп, жіңішке шуда жіппен не жуан мақта жіппен тігеді. Одан соң оның
тысын кигізіп астары мен тысын қосып айналдыра бір тігіс жүргізеді. Күпіге
көбінесе матадан қайырма жага не тік жага салынады.
Күрте - жеңсіз жеңіл киім. Онда жең де, жаға да болмайды. Күрте екі
өңірі мен артқы бойдан түрады. Ұзындыры шалбардың ыш-қырынан аспайды.
Күртені мақта не жүн тартып та, теріні матамен тыстап та тігеді. Астарына
кез келген мата жарайды. Әйелдер киетін күртеге атлас, шағи сияқты жібек
тектес маталар, ал ерлер киетін күртеге барқыт, мәуіті секілді әрі мықты,
әрі қалың бір түсті мата пайдаланылады. Тері күрте тігу үшін суыр, борсық,
қарсақ, түлкі сияқты аңдардың терісі мен қозының, лақтың елтiрісі, кейде
тіпті қойдың терісі, қылшығынан тазартылған ешкі түбіті пайдаланылады.
Ісмер ең алдымен күртенің тысын өлшеп алады да, одам соң сол матаға шақтап
теріні пішеді. Ол үшін теріні алдымен құрап күрте шығатындай етіп алады.
Оның тігісін тақыр жағына келтіріп, жөрмеп құрайды. Пішілген теріге жұқа
матадан бидай түберек көктеп, терінің өзiн жеке тігеді. Одан кейін сыртын
матамен тыстайды да, шүберекті тысына айналдыра жапсырады. Күртені мақта не
жүн тартып тіккенде ең алдымем тысы мен астарын пішіп алып, астарлық
қиындының үстіне мақтаны не жүнді біркелкі етіп тартады. Ең соңында
күртенiң екі өңірі мен артқы бойын құырайды.
Күртені айналдыра басқа матамен, кейде сол тыстық матаның қиығымен
әдіптейдiы. Күрте - әрі кеудеге суық өткізбейтін жылы, әрі ықшамды киім.
Күртені жейде не көйлектің сыртынан, бешпенттің ішінен киеді.
Қамзол (камзол)— әйелдер ұлт киімінің бір түрі, оны көйлек сыртынан
киеді. Ол барқыт, пүліш, мақпал сияқты асыл, сапалы кездемелерден тігіледі.
Қамзолды кей жерлерде жеңсіз бешпент немесе көзекей деп те атайды.
Қамзолда жең де, жаға да болмайды және де екі өңірі тек тыс пен астардан
тұрады. Қамзолдың астары үшін көбінесе атлас, шағи, торғын пайдаланылады.
Оның екі өңірі біріне-бірі сәл жетпей тұратындай етіп тігедi. Сондықтан,
түйме орнына қамзолдың алдына зергерлер әшекейлеп жасаған, алтын, күміс
жалатып, асыл тастан көз орнатқан қаусырма қадалады. Қамзолдың желкесінен
бастап екі өңіріне және етегіне айналдыра алтын оқа басады не зер тігеді.
Кейде құндыз бен түлкінің кара пұшпағымен әдіптейді.
Қыздар мен жас келіншектер киетін қамзол өте-мөте сәнді болады. Оның
екі омырауына алтын, күміс жалатқан қозалар, шарбақ түймелер, меруерт,
маржандар тағылады. Кейбір жерлерде күміс теңгелерді тесіп тағып қояды.
Қазiргі кезде жергілікті өнеркәсіп орындары барқыт пен пүліштен сәндеп
тіккен қамзол шығаратын болды.
Қолғап - қолға киетін киім. Ол қолды суықтан, жүмыс кезінде
жарақаттанудан сақтайды. Қолғап тігілу, тоқылу үлгісіне қарай бес саусақты,
үш саусақты, тұйықбас деп, ал тігілетін материалына қарай тері қолғап,
жарғақ қолғап, тоқыма қолғап, брезент қолғап болып бөлінеді. Тері қолғап
койдың боялған терісінен тігіледі. Егер тері боялмаса, онда оның сыртын
матамен тыстайды. Тері қолғапты көбінесе тұйықбас етіп, жарғақ қолғап тықыр
теріден астар салып, көбіне бес саусақ түрінде тігіледі. Тоқыма қолғап
түйенің, қойдың жүнінен, ешкінің түбітінен тоқылады. Тоқыма қолғап бес
саусаңты да, үш саусақты да (бас бармақ пен сұқ саусақ жеке), тұйықбас та
болады. Катты қайырым жұмыс істейтін адамдарга брезент колғап керек. Ол
тұйықбас болады. Қазіргі кезде жеңіл өнеркәсіп орындары қолғаптың алуан
түрін шығарады.
Қолғаптың ең байырғы түрінің бірі — құс-бегiлер қолына киетін Биял
ай. Биялай түйенің мойнақ терісінен, бұғы, бұлан секілді аңдардың, өгіздің
қалың мойын терісінен сірідей тігіледі. Бүркіттің тегеуіріні басқа теріні
тесіп кетеді. Биялай да қолғаптың тұйықбас түріне жатады.
Малақай (құылақшын) - ерлердің салқында киетін бас киімі. Оны құндыз,
бұлғын, сусар, жанат, түлкі, қарсақ, суыр т. б. аңдар мен құлын, бұзаудың
терісінен, қозы мен лақтың елтірісінен тігеді. Малақай маңдайдан, екі
құлағы мен төбесінен және артқы құлағынан тұрады. Малақайдың төбе-сін екi
түрлі тәсілмен пішеді. Бірінші теріні төрт не алты сай (қиық) етіп пішіп
алады да, біріктіріп құрайды. Оның сайларының түйісетін ұштары үшкіл болады
да, етек жағы тік төрт бүрыш тәрізді болып келеді. Содан кейін оның етегін
тік төрт бұрыш пішінді ұзыншақ етіп қиып алып, қусырып тігеді, оған
дөңгелек төбе қондырылады.
Малақайдың маңдайы оның екі қүлағының арасына
дөл келетіндей төрт бұрыш пішінді болады. Артқы
құлағының биікгігі маңдайының биіктігінен сөл
кемдеу, кейде бірдей етіп алынады. Оның ұзындығы
екі құлақтың арасына дәл сиып тұрарлықтай болуға
тиіс. Малақай тіккенде теріге өлшеп пішілген
астарға мақта не жүн тартып, екінші бетіне бидай -
шүберек салып сыриды.
Мұның сыртынан терімен тыстап астары мен тері тысын бір-біріне тігіп
жапсырады. Тігіп болған соң қалыпқа кигізіп кереді. Малақай әрі жылы, әрі
сыпайы бас киім. Малақайды ерлермен бірге әйелдер де киеді.
Мәсі - аяқ киімнің бір түрі, оны былғарыдан, шегіреннен, құрамнан
тігеді. Мәсінің сыртынан кебіс не ластық (галош) киіледі. Көбінесе мәсінің
қонышы астарланып, көмкеріледі. Ал ұлтаны жалаң қабат болады. Ол тарамыснен
ішкі жағынан жөрмеп немесе жара шаншып өбістіре тігу арқылы ұлтарылады.
Етікші мәсі тіккенде ең алдымен мәсінің басын, қонышын жұқа былғарыдан,
ұлтанын қалың былғарыдан пішіп алады. Одан соң тігісін ішіне қаратып, басын
қондырады. Осыдан кейін мәсінің қонышын тігеді. Мәсінің қонышын қусырғанда
тігістің арасында жіңішке сыздық салады.
Мәсі - әрі жеңіл, әрі жұмсақ аяқ киім. Ол әсіресе тазалық үшін аса
қолайлы. Соңғы жылдары жергілікті кәсіпорындар мәсіні көптеп шығаратын
болды. Аяқ киімнің бұл түріне деген сұраныс жылдан - жылға көбейе түсуде.
Саптама етік - ішіне киізден астар салып, былғарыдан тігілетін жылы
аяқ киім. Ол, негізінен, қыс бойы далада қызметте болатын малшыларға,
механизаторларға, аңшыларға қолайлы. Саптама етік жылқының, сиырдың
терісінен иленген былғарыдан, көннен тігіледі. Ол түзу табан және қисық
табан болып келеді.
Оның өкшесі аласа, қонышы тізені жауып
тұрарлықтай ұзын болады. Ал басының ойындысын
қонышының ойындысына дәл келтіріп, тігісін ішіне
қаратып қос тарамыспен тігеді. Басын кондырған
соң оның қонышын қусырады. Етіктің қонышын
қусырғанда етік жылы әрі берік болу үшiн тігістің
арасына жіңішке былғары таспадан сыздық салып,
қос тарамыспен жиі етіп тігеді.
Етіктің басы қондырылып, қонышы қусырылып болғаннан кейін етікті
қалыпқа тартады. Ол үшін ең алдымен қалыпқа өлшеп жұқа былғарыдан іштік
немесе ішкі ұлтан қиып алып, оны ағаш шегемен қалыптың табанына бірнеше
жерден шегелеп бекітеді. Етік басының сіріөкше деп аталатын бөлігіне жұқа
былғарыдан астар салып, екі арасына қайыңның тозынан не қатты сіріден қос
астар салып қабаттап қайып тігеді. Бұдан соң етіктің басын қалыпқа кигізіп,
жіңішке тарамыспен оның шетін іштікке айналдыра көктейді. Етіктің табанына
суық (ызғар) өтпеу үшін ішкі ұлтан мен сыртқы үлтанның арасына бірнеше
қабат көн салады. Қос ұлтан салынып болған соң сыртқы ұлтанды шегелейді.
Ұлтан қопарылмау үшін етіктің үзеңгілігіне дейінгі бөлігіне шеге екі қатар
қағылады да, үзеңгілігінің тұсынан бастап өкшесіне дейін бір-ақ қатар
қағылады. Саптама етіктің өкшесі аласа болады. Өкше тозбау үшін, оған нәл
қағады. Саптама етікті әдетте кең етіп тігеді. Күннің райына қарай етікті
бір байпақпен де, қос байпақпен де киеді.
Сәукеле - әйелдің бас киімі, оны ұзатылған қыздар және оның жанына
еріп жүретін кұрбылар киген. Сәукеленің негізгі бөліктері - тәж, төбе,
құлақбау және артқы бойы. Сәукеленің төбесі қиық конус тәрізді болып
келеді. Оның төбесінде Тәж деп аталатын жартылай дөңгелек айдары болады.
Оны асыл тас, алтын, күміс, меруерт, маржанмен өрнектеп, алтын жіппен
әшекейлейді.
Сәукеленің төбесінің биіктігі екі сүйем, кейіде
одан да биік болады. Сәукелені өлшеп пішіп алып,
ішіне астар, сырт жағына бидай шүберек ұстап жиі етіп
сыриды. Одан соң оның сыртын қамқа, дүрия, торғын
сияқты асыл матамен тыстайды. Сәукелені әшекейлеу
үшін оның тысының сыртынан зер жіптен тоқылған
оқаларды белдеулеп басады. Оның етегін мақпалмен не
қара барқытпен әдіптеп көмкереді. Ал мандай тұсына
зер не жібек шашақтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқы ұлттық киімдері
Қазақ халқының ұлттық киімдері - киім үлгілері
Қазақтың ұлттық киімі бас киім
Қазақтың ұлттық киімі
Қазіргі киім үлгілеріне ою-өрнектерді әсемдеп безендіру
Әйел киімдері
Киімнің негізгі түрлері
Ұлттық киімдер
Қазақ халқының ұлттық бас киімдері
КОСТЮМ ХАЛЫҚТЫҚ СӘНДІК ӨНЕРІНІҢ БІР БӨЛІГІ
Пәндер